ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ


- Тақырып 16. ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстан мәдениеті
2. Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастауы
3. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
4. Ағарту ісінің дамуы
5. XX ғасыр басындағы қазақ мәдениеті
6. Қайталауға арналған сұрақтар
7. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма
8. Әдебиеттер тізімі
1. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ І ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ
Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму барысына әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениетінің жаңа сипат алуына барынша әсер етті.
ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда оқыту негізінен шәкірттерге «Шариғат-ұл-Иман» (мұсылман дінінің ережелері), «Әптиек» (құранның жетіден бір бөлігі) сияқты діни бағыттағы кітаптарды, ислам дінінің қағидаларын үйретуге бағытталады. Әрі медреселерде орыс тілін, арифметикалық 4 амалын үйретті, жағрапия пәнінен де мәлімет беретін болды.
Бекіністер мен қалалардың сауда орталықтарына айналуы арнайы тілмаштар даярлайтын оқу орындарын ашуды қажет етті.
ХІХ ғасырда ашылған оқу орындары
1837
1844
Орынбор
Орынбор
Сібір кадет корпусы
Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды
Қазақ әдебиеті мен мәдениеті
ХІХ ғ. бірінші жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым: еңбекші қалың бұқара мүддесін білдірген ақындар, суырып салма жыршылар мен ірі феодалдардың, ақсүйектердің мүдделерін жақтаған ақындар қалыптасты.
Материалдық мәдениет: киіз үй, ағаштан (бөрене) салынған бір не бірнеше бөлмелі үйлер, ат-әбзелдері, қару жарақтар (сауыт, қалқан, найза, мылтық), тұрмыс заттары. Дамыған қолөнер салалары: тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл, сүйек және мүйіз өңдеу. т. б.
Түйін: Бұл мектептер мазмұны жағынан орыс-қазақ достығына жаңа сипат берді. Мұғалімдердің, қаражаттың жетіспеуі, сабақ оқытатын үйлердің талапқа сай келмеуі т. б. себептер орыс тілді мектептердің кең тамыр жоюына мүмкіндік бермеді.
2. ҚАЗАҚСТАНДЫ ОРЫС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЙ БАСТАУЫ
Қазақ өлкесін кешенді зерттеудің алғашқы бастамасын М. В. Ломоносов есімімен байланысты. Ол өлкенің гоеграфиялық картасын жасауды ұйымдастырды. Қазақ тарихы, лингвистика, экономика, этнография бойынша ғылыми ізденістер жүргізілуіне жағдай жасады.
1848-49
1848-49
Г. С. Карелин
А. Бутаков
Каспий теңізіне экспедиция жасады.
Арал теңізіне экспедиция жасады.
Олар Сырдария өзенінің жағалауларын суретке түсірді. Арал теңізі мен Сыр суының тереңдігін анықтады, картада белгіледі.
3. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ. МӘДЕНИЕТТЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР
Шоқан Уалиханов (1835- 1865) Мұхаммед - Қанапия 1847 жылы
12 жасар Шоқан Сібір Кадет корпусына оқуға түседі. (Омбы) 1853ж бітірген соң корнет атағын алады. 22 жасында Орыс географиялық қоғамына толық мүше болып қабылданды. 1860 жыл - Петербургте ержүрек жиһанкез және Орта Азия халықтарын зерттеуші ретінде құрметтеліп, орденмен марапатталды.
Г. У. Гасфорт экспедициясына қатысып, Жетісу, тарбағатай, Іле өңірі, Орталық Қазақстанды аралады. 1856 ж - Қытайға барып келіссөз жүргізді.
1857 ж - Алатау қырғызы сапарында қырғыз эпосы - манасты жазып алды. .
1858-59 жж - Қашхар саяхаты. «Алты шаһар немесе Қытай провинциясы шығысындағы алты қала жағдайы» еңбегін жазды.
1864 ж - М. Г. Черняев әскери экспедиция құрамында Әулиеата бекінісін алуға қатысады.
Еңбектері: «Даладағы мұсылмандық туралы», «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы туралы», «Қытайдағы дүнгендер көтерілісі»
Қолөнер, ауыл шаруашылық мектептерін ұйымдастырды. 1887 жылы Ырғыз қаласында қазақ қыздарына арналған мектеп - интернат ашты. Қазақ балаларына алғаш мектеп, ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Еңбектері:
«Қырғыз хрестоматиясы» (1879), «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық»:
Әңгімелері: «Қыпшақ Сейтқұл», «Талаптың пайдасы», «Байлық неде?» т. б.
4. АҒАРТУ ІСІНІҢ ДАМУЫ
XІX ғасырдың аяғында Қазақстанда ағарту ісінің төмендегі жүйесі қалыптасты.
І. Бастауыш оқу орындары: Приход мектептері, толықтырылмаған гимназиялар, орыс-қазақ аралас мектептері, ауылдық сауаттылықтың негізін үйрететін мектеп.
ІІ. Орта оқу орындары : Реалдық училищелер, қыздар мен ер балалар гимназиялары, мұғалімдер семинариясы.
ІІІ. Арнайы маман даярлайтын оқу орындары:
Қазақтың мұғалім даярлайтын мектептері, ауылшаруашылық, малдәрігерлік, Торғайдағы қолөнер мектептері, Оралдағы қолөнер кәсіпшілігіне шәкірттер даярлайтын арнайы мектеп, Омбыдағы механикалық-техникалық училище, Атыраудағы теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп т. б.
1872 ж. - Омбыда, 1879 ж. - Ташкенте мұғалімдер институттары ашылды.
Верный қаласында 8 сыныпты әскери гимназия, Оралда реалдық училищенің 6, 7, 8 сыныпты ер балалар гимназиясы, Семейде 4 сыныпты ерлер, 5 сыныпты қыздар гимназиясы ашылды. Сонымен бірге шіркеу- приход мектептері, жексенбілік сауат ашатын мектептер де болды.
Ақмола мен Семей облыстарындағы оқу орындары Батыс Сібір оқу округіне қарады. Әр түрлі сипаттағы оқу орындарындағы өзгерістерді ретке келтіріп отыру кеңсесі Томск қаласындағы шенеуніктерге бағындырылды. Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау Түркістан генерал-губернаторлығына тапсырылды. Ресейдің әртүрлі оқу орындарында 50-ге жуық қазақ студенттері білім алған. Петербург университетінің стипендиаты Ж. Ақбаев (Семей облысы) алғашқы кәсіпқой қазақ заңгері болды. 1897 ж. санақ бойынша қазақ оқығандар саны 10% болып отыр.
Кемшіліктер :
- Бірде-бір арнайы техникалық оқу орны болмады.
- Ағарту ісінде жан басына шағылатын шығын Ресейдің Орталық аудандарымен салыстырғанда әлдеқайда төмен болды.
М: Торғай облысы-19, 5 тиын, Орал облысы-16, 2 тиын, Ақмола облысы-11, 3 тиын, Сырдария облысы -9, 7 тиын, Семей облысы - 7 тиын, Жетісу облысы - 5, 5 тиын
- Оқу орындарының барлық буындарына білімді ұстаздар жетіспеді.
- Оқу-құралдары, кітаптар жетіспеді. Жалақының аз болуы.
Хронологиялық кесте
5. XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениетінің жаңа мазмұнда қарқындап дамуына әсер еткен жағдайлар:
1905-1917 жылдардағы революциялық қозғалыс; демократиялық күрестің шегінуі; таптық күрестің қайтадан өрлеуі; баспа ісінің жолға қойылуы; 1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz