Тәуелсіз Қазақстан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 25. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

1. Тәуелсіз Қазақстанның негізгі даму кезеңдері

2. Қазақстанның экономикалық дамуы

3. Қазақстанның сыртқы саясаты

4. Қайталауға арналған сұрақтар

5. Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырма

6. Әдебиеттер тізімі


1. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы

Тарихи маңызы
Халықаралық маңызы
Тарихи маңызы:
  1. Қазақстанның тәуелсіздігі - қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам жүргізген күресінің нәтижесінде жүзеге асты.
  2. Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды.
  3. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, мораль қайта жанданды, кедергісіз табиғи даму жолына түсті.
  4. Шет елде түрлі себеппен қалуып қойған қандастарымыздың оралуына жол ашылды.
  5. Меншіктің көп түрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарға көшіп, экономикалық өрлеу жолына түсті.
  6. Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет болып құрылды.
  7. Республика тұрғындары азаматтық еркіндік пен әлеуметтік теңдікті сезіне бастады.
  8. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды.
  9. Бұқаралық ақпарат идеологиялық бақылаудан құтылды.
  10. Тарихтағы «ақтаңдақтар» ашылып, жазықсыз жазаланғандар ақталды.
  11. Ұлтаралық қатынастардың нағыз келбеті ашылды.
Халықаралық маңызы:
  1. Еуропаның шығысы мен Азияның батысында бейбітсүйгіш, демократиялық жаңару жолын қалаған мемлекет пайда болды.
  2. Әлемдік қауымдастық жаңа демократияшыл күштермен толықтырылды.
  3. Аумағында атом қаруы орналасқан мемлекет ретінде Қазақстанның сыртқы саясатындағы әр қадамына әлем саясатшылары көңіл бөліп отырды.
  4. Қазақстанның атом қаруын таратпау ынтасы әлемде атом соғысын болдырмау үшін күреске қосылған маңызды үлес болды.

Қазақстан Республикасы саяси жүйесіндегі өзгерістер

1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолына түсті.

Негізгі мақсаттар айқындалды:

Экономикада - нарықтық қатынастарды тұрақтандыру;

Саясатта - азаттық қоғам мен құқықтық мемлекет құру.


Хронологиялық кесте

Дата
Оқиғалар
Дата: 1992 жыл4 маусым
Оқиғалар: Мемлекеттік елтаңба мен Мемлекеттік ту айшықталды.
Дата: 1992 жыл11 желтоқсан
Оқиғалар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны бекітілді.
Дата: 1992 30 қыркүйек
Оқиғалар: Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
Дата: 1993 жыл28 қаңтар
Оқиғалар: Қазақстан Республикасының І Конституциясы қабылданды. Ол экономикалық және саяси реформа құрылымының негізін қалап жеке меншік институтының заңдылығын жариялады.
Дата: 1995 жыл наурыз
Оқиғалар: Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды.
Дата: 1995 жыл29 сәуір
Оқиғалар: Республикалық референдумда президент өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Дауыс беруге қатысқан адамдардың 95, 46 пайызы президентті жақтады.
Дата: 1995 жыл30 тамыз
Оқиғалар: Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Дата: 1997 жыл желтоқсан
Оқиғалар: Ел ордасы Алматыдан Ақмолаға көшіріліп, Астана деген атқа ие болды.
Дата: 1999 17 қыркүйек
Оқиғалар: Жоғарғы Сенат палатасының сайлауы
Дата: 1999 10 қазан
Оқиғалар: Мәжіліс палатасының сайлауы
Дата: 1999 10 қаңтар
Оқиғалар: Президент сайлауы (1998-2005) мерзімі 7 жылға ұзартылды.
Дата: 1999 ақпан-наурыз
Оқиғалар: Ұлттық тұрғындар санағы өтті.


Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару құрылымы

1995 жылығы Конституция бойынша Қазақстан басқарудың президенттік формасындағы унитарлық мемлекет болып табылады. Мемлекеттік өкіметтің бірден - бір қайнар көзі - халықтың өзі. Мемлекеттік өкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну принципіне сәйкес ҚР Конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.

Тәуелсіз алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта «өкімет - қоғам» формуласы іс жүзінде асырылса, ендігіде керісінше «қоғам - өкімет» негізге алынды.


2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды - маңызды 2 шешім қабылданды.

  • Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сәуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы іс жүзінде асырыла бастады.
  • 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы - теңге айналымға кірді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады.

Мемлекеттен алу үрдісі 1992 жылы басталды. Бұлар негізінен жеңіл өнеркәсіп мекемелері еді. Жекешелендіру басты - басты 3 кезеңнен тұрды.

  1. Жалпылай жекешелендіру. Азаматтардың 97 пайызы тегін купондарға қол жеткізді.
  2. Шағын жекешелендіру. Негізгі объектілер - көтерме және сауда нүктелері, қоғамдық тамақтандыру орындары, өндірістік мекемелер және басқа да қызмет түрлері болып табылады.
  3. Жеке жобаларға байланысты жекешелендіру аса ірі мекемелерді қамтыды. 1994 жылдан бастап мұндай мекемелер шетелдік басқаруға беріле бастады. Мысалы: Олардың ішінде Павлодар алюминий зауыты - компанияны басқарушы «Уайтсвен ЛТД», «Соколов - Сарыбай тау - кен өндірістік бірлестігі», «Айведон», Дон тау - кен комбинаты, Жармақ және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты - «Джапан Хром Корпорейшн», т. б. бар.

Президенттің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Жер туралы» жарлығына байланысты бұдан былай жер мемлекеттік әрі жеке меншікке де берілетіні анықталды. Осы жылы мемлекеттік тапсырыс жойылып, аүыл шаруашылығының өнімдері рынок саласы арқылы таратыла бастады. 2001 жылы 24 қаңтарда «Жер туралы» Заң қабылданып, ауыл шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік емес пайдаланушылардың құқығы теңестіріліп, жалға алу мүмкіндігін (49 жылға дейін) уақытша пайдалланушыларға айналды.

Республика Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысы негізінде Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры (МЗЖҚ) құрылды. МЖЗҚ-ның құрылу мақсаты және негізгі қызмет түрлері - салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинау және алымшыларға зейнетақы төлеу; зейнетақы активін қалыптастыру және оларды мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік банк депозиттері, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына айналдыру болып табылады.


3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат - елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, сурегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарды өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу принциптеріне негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтық мемлекет ретінде танытты.

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (соцалистік жүйе - капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сәйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Дегенмен, республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім - ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жыл үшін үш мемлекеттің Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапеште өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның тәуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млн. доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей полигонында қалған ең соңғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды: КСРО-ның тарауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т. б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

  • АБӘСШ (Азияда бірігіп әрекет ету және сенім шаралары) 1992 жылдың қазан айында, БҰҰ Бас Ассамблеясында Н. Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйлеген.
  • Еуразиялық Одақ (1994 жыдың наурыз айындағы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді) .
  • 1992 жылдан бері Қазақстан экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына (оған Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кіреді) мүше.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік - экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар: Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша түрткі болды.

Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси ғаламдастыру үрдістері халықаралық құқықтың басты-басты принциптерін алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді. Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ОБСЕ, Халықаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т. б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болу үлкен маңызға ие.

1992жылы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясының (БҰҰБА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жөніндегі 46/224 резолюцияға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметін белсенді түрде қолдай бастады. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдайтын қимылдарына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекетке айналды.

БҰҰ адамзат дамуына қатысты кең көлемді мәселелерді шешумен айналысады. БҰҰ бөліп көрсетуі бойынша адам қауіпсіздігіне қатер төндіретін төмендегідей құрылым тізімі қабылданған: экономикалық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамдық қауіпсіздік, саяси қауіпсіздік. Бұлардың барлығы әр түрлі ұйымдар мен конференциялардың қызметінде көрініс тапқан. 1992 жылы Рио-де Жанейрода, 1993 жылы Венада - адам құқығы, 1994 жылы Каирде - халық саны мен дамуы, 1995 жылы Копенгагенде - әлеуметтік даму, 1996 жылы Пекинде - әйелдердің жағдайы, Стамбулда елді мекендер мен даму және басқалар жөнінде мәселелер қаралды. Қазақстан БҰҰ-ға енген уақытынан бастап бұл конференциялардың жұмысына белсене ат салысты.

БҰҰБА-да қаралған ең басты мәселе келелі мәселелердің бірі Семей ядролық полигонына қатысты болды. 1998 жылы 16 қарашада БҰҰБА-ның 53-ші сессиясы «Халықаралық ынтымақтастық және тұрғындарды реабилитациялау және Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы сақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталған резолюция қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Сөз бостандығы және баспасөз
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алуы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Қырғызстанның мемлекеттік және тәуелсіз басылымдарының ерекшеліктері
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Кедендік сараптама: мақсаттары, міндеттері, объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz