Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын теориялық талдау



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

І.тарау. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын
теориялық талдау.
1.1. Әлеуметтік басқарудың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.11
1.2. Қоғамды басқарудың заңдары мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... .11.21
1.3. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қарқынды дамуы мен
осы саладағы сілкіністер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21.23

ІІ.тарау. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің қызметіне жалпы шолу
2.1. Бөлімінің құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.27
2.2. Бөлімнің атқаратын міндеттері, қызметі мен құқықтары ... ... ... ...27.32
2.3. Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басқарушылық
және ұйымдастырушылық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32.44

ІІІ.тарау. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен
механизімі.
3.1 Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мақсаты мен
тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 45.50
3.2. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру ... ... ... ...50.53
3.3 Халықтың жұмыс бастылық өнімімен еңбек қатынастарын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53.58

Қорытынды мен ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Кіріспе.

Мен осы дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қамтамасыз ету жағдайымен осы саладағы атқарылған және алдағы уақытта болжанып отырған мәселелерді, жаңа бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық жолдауын пайдалана отырып жұмысымды кең ауқымда мағынасын ашуға тырыстым.
Жұмыспен қамту саясаты мемлекеттегі жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық саясаттың айнымас бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттегі макроэкономикалық саясаттың бір бөлігі бола отырып, елдегі еңбек потенциялын оптималды қолдану шараларын қажет етеді, ол экономикалық және еңбек нарығының бөлек субъектілерінің сәйкесінше қажеттілігіне оң қырын көрсететін, еңбек нарығының сипаттамасының, саны мен сапасының ұйымдастырылу мақсаты алға қойылған.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аясында халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың күрт өсуінің алдын алу, өнеркәсіптік өндірістің иновациялық дамуының, аграрлық сектордың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды сектордағы халықтың жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс орындары санының теңгерімділігі, аймақтық еңбек нарығын қорғау жолымен жәрдемдесу жұмыстары жүргізіледі.
Елімізде еңбек нарығында жаңа өзара байланыс жасайтын жаңа жүйе құруға, жұмыспен қамтуда жұмыс берушілердің рөлін арттыруға, экономиканың қажеттілігіне сәйкес мамандарды даярлау жүйесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Сонымен қатар, бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының автоматтандырылған жүйесін құру жөніндегі жұмыстардың да аяқталғанын атап көрсету керек. Мұндай жүйені құрудағы мақсат әлеуметтік аударымдар мен төлемдерге дербес тұлғалық тұрғыда есеп жүргізу процесін автоматтандыру болып табылады. Жүйе зейнетақы төлеудің қазіргі бар жүйесімен ықпалдасып, Қазақстанның банк аралық есеп айырысу орталығымен арадағы қарым- қатынасты қамтамасыз етуге тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар өзгерген кезде міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі параметрлеріне әлеуметтік тәуекелдер туа қалғанд әлеуметтік төлемдерді ұлғайтуға байланысты өзгерістердің енгізілетіні, болашақта міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жек институттарың да қатысу мүмкіндігінің туындауы табиғи жағдай.
Қазақстан халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын күнделікті жұмыста басшылыққа алуы, оның орындалысы жөнінде хабарламалар тиісті орындардың талап етуімен орындалуы қарастырылды. Бұл бағдарлама негізінен 2005-2007 ж.ж. арналған мол қаржылық жағынан тұрақты, экономикалық тиімді, әлеуметтік әділетті, уш сатылы әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін құрылуы қарастырылды.Осы орайда әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып бағдарламаны жасақтау барысында біраз шаралар атқарылғандығын көрсететін мәліметтерді зерттедім.
Халықаралық еңбек ұйымы, валюталық банк, дүние жүзілік даму банкі, әлеуметтік қамтамасыз ету халықаралық қауымдастығы мәселесі енгізілген.
Сонымен Қатар қазііргі таңдағы зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, жетім балаларға, асыраушы-сынан айырылғандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін арнаулы көмектер мен түрлі төлемдер мен жеңілдіктерді қарастыра отырып олардың орындалу процестеріне тоқтала кеттім.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан Республикасы Конституциясы» Алматы, 2003ж.
2. «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР-ның Заңы.
3. «ҚР-ның Еңбек туралы» Заңы.
4. «ҚР әкімшілік-территориялық құрылымы туралы» Заңы.
5. «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.
6. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы.
7. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы жолдауы.
8. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік ұйымдастыру
бөлімінің мұрағаттық анықтамасы.
9. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік ұйымдастыру
бөлімінің ережелері.
10. Индер ауданының халқын жұмыспен қамтудың 2006-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы.
11.«Әлеуметтану негіздері» Ихсанов А.И. Алматы-2004ж.
12.«Әлеуметтану» Аяғанов Б. Алматы-1993ж
13.«Әлемдік әлеуметтік антологиясы» Абдрахманов С. Алматы-2006ж
14.«Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» Әжіғалиев С.
Алматы-2005ж
15.«Әлеуметтік амбиваленттілік және басқа очерктер» Аяған Б.
Алматы- 2001ж
16.«Әлеуметтік жүйе» Шаукенова З.К.
17.«Демократиялық дамудың негізі»
18.«Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы»
19.«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңнамалық актілер 2007ж
20.«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»
21.«Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік»
22.«Әлеуметтік әріптестік тараптарды басқару»
23.«Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару»
24. .«Егемен Қазақстан» №126. 2007 ж.
25.«Егемен Қазақстан» №144, 2007ж.
26.«Территориальная выборка в социологических исследованиях»
Ядов В.А. 1998г
27.«Система современных обществ» Парсонс Т. Москва-1998г
28. «Саясат» журнал Спанов И.
29. «Тәуелсіздік толғау» Әуелғазина - Астана
30. «Тәуелсіздігіміздің бес жылы» -Алматы
31.«Политология» Малинин Г. Москва
32.«Демографический ежегодник Казахстана» Абдиев - Алматы 2005

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

І-тарау. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын
теориялық талдау.
1.1. Әлеуметтік басқарудың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-11
1.2. Қоғамды басқарудың заңдары мен
принциптері ... ... ... ... ... ... ... .11-21
1.3. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қарқынды дамуы мен
осы саладағы
сілкіністер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...21-23

ІІ-тарау. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің қызметіне жалпы шолу
2.1. Бөлімінің құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-27
2.2. Бөлімнің атқаратын міндеттері, қызметі мен
құқықтары ... ... ... ...27-32
2.3. Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басқарушылық
және ұйымдастырушылық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32-44

ІІІ-тарау. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен
механизімі.
3.1 Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мақсаты мен

тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 45-50
3.2. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
жетілдіру ... ... ... ...50-53
3.3 Халықтың жұмыс бастылық өнімімен еңбек қатынастарын

жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...53-58
Қорытынды мен ұсыныстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..61

Кіріспе.

Мен осы дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік
қамтамасыз ету жағдайымен осы саладағы атқарылған және алдағы уақытта
болжанып отырған мәселелерді, жаңа бағдарламаларды, Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық жолдауын пайдалана
отырып жұмысымды кең ауқымда мағынасын ашуға тырыстым.
Жұмыспен қамту саясаты мемлекеттегі жүргізілетін әлеуметтік-
экономикалық саясаттың айнымас бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттегі
макроэкономикалық саясаттың бір бөлігі бола отырып, елдегі еңбек
потенциялын оптималды қолдану шараларын қажет етеді, ол экономикалық және
еңбек нарығының бөлек субъектілерінің сәйкесінше қажеттілігіне оң қырын
көрсететін, еңбек нарығының сипаттамасының, саны мен сапасының
ұйымдастырылу мақсаты алға қойылған.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аясында халықты
жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың күрт өсуінің алдын алу, өнеркәсіптік
өндірістің иновациялық дамуының, аграрлық сектордың жоғары білікті
мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды сектордағы халықтың
жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысы
мен жұмыс орындары санының теңгерімділігі, аймақтық еңбек нарығын қорғау
жолымен жәрдемдесу жұмыстары жүргізіледі.
Елімізде еңбек нарығында жаңа өзара байланыс жасайтын жаңа жүйе
құруға, жұмыспен қамтуда жұмыс берушілердің рөлін арттыруға, экономиканың
қажеттілігіне сәйкес мамандарды даярлау жүйесін қалыптастыруға
жәрдемдеседі.
Сонымен қатар, бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының
автоматтандырылған жүйесін құру жөніндегі жұмыстардың да аяқталғанын атап
көрсету керек. Мұндай жүйені құрудағы мақсат әлеуметтік аударымдар мен
төлемдерге дербес тұлғалық тұрғыда есеп жүргізу процесін автоматтандыру
болып табылады. Жүйе зейнетақы төлеудің қазіргі бар жүйесімен ықпалдасып,
Қазақстанның банк аралық есеп айырысу орталығымен арадағы қарым- қатынасты
қамтамасыз етуге тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар өзгерген кезде міндетті әлеуметтік
сақтандырудың негізгі параметрлеріне әлеуметтік тәуекелдер туа қалғанд
әлеуметтік төлемдерді ұлғайтуға байланысты өзгерістердің енгізілетіні,
болашақта міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жек институттарың да
қатысу мүмкіндігінің туындауы табиғи жағдай.
Қазақстан халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік
бағдарламасын күнделікті жұмыста басшылыққа алуы, оның орындалысы жөнінде
хабарламалар тиісті орындардың талап етуімен орындалуы қарастырылды. Бұл
бағдарлама негізінен 2005-2007 ж.ж. арналған мол қаржылық жағынан тұрақты,
экономикалық тиімді, әлеуметтік әділетті, уш сатылы әлеуметтік қамтамасыз
ету жүйесін құрылуы қарастырылды.Осы орайда әлемдік тәжірибелерге сүйене
отырып бағдарламаны жасақтау барысында біраз шаралар атқарылғандығын
көрсететін мәліметтерді зерттедім.
Халықаралық еңбек ұйымы, валюталық банк, дүние жүзілік даму банкі,
әлеуметтік қамтамасыз ету халықаралық қауымдастығы мәселесі енгізілген.
Сонымен Қатар қазііргі таңдағы зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы мен
Ауған соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, жетім балаларға, асыраушы-
сынан айырылғандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін арнаулы көмектер мен
түрлі төлемдер мен жеңілдіктерді қарастыра отырып олардың орындалу
процестеріне тоқтала кеттім.

І-тарау. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын теориялық

талдау
1.1. Әлеуметтік басқарудың мазмұны.
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік
басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қандай? Жалпы басқару
дегеніміз не? Бұл жөнінде ғылыми әдебиеттерде көптеген анықтамалар
берілген. Жүйеге келтіріп қарасақ, бұл анықтамалардың мәні - басқару бір
жүйенің екінші бір жүйеге мақсатты түрде бағытталған ықпалы, сөйтіп, ол
мақсат пен қызметтің белгілерін қанағаттандыру үшін екінші жүйенің бағытын
өзгертеді.
Қоғамды басқарудың мазмұны, мақсаты мен мүмкіндіктері ең алдымен
қоғамдық құрылысқа байланысты болып келеді. Қоғамды басқару дегеніміз -
қоғамды реттеу, тәртіптеу, жетілдіру мен дамыту мақсатында коғамға жасалған
ықпал.
Әлеуметтік басқару ұғымы мазмұны жағынан көп жақты болып келеді.
Әлеуметтік басқару теориясын кең мағынада алып қарасақ, онда ол өзінің
пәніне қоғамдық өмірдің барлық салаларын: экономиқалық, мәдени, білім беру
және т. б. басқару мәселесін сыйғызған. Қоғам өмірінің негізгі салаларына
сәйкес әлеуметтік басқару объектілерін сұрыптауды үлкен төрт топка бөлуге
болады:
1. материалдық-өндірістік дамытуды басқару;
2. әлеуметтік процестерді басқару;
- саяси саланы басқару;
- қоғамның рухани өмірін басқару.
Сонымен қатар, әлеуметтану шеңберінде әлеуметтік басқарудың жеке
теориясы да даму үстінде. Ол әлеуметтік басқарудың жалпы теориясының
принциптерінен шыққанымен, оны әлеуметтік басқарудың жалпы теориясының
қолданбалы жағы деп қарауға болмайды, өйткені ол - әлеуметтанудың өз алдына
тұрған жеке бір саласы.
Әлеуметтік басқару қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік процестерді
саналы түрде (бағдарламалы), ғылыми тұрғыда реттеу болып табылады. Басқару
екі деңгейде жүзеге асады. Оның біріншісі қоғамдық-тарихи процестерді
басқаруды қамтамасыз етеді, жалпы әлеуметтік заңдылықтарды көрсетеді және
өзі мемлекеттің әлеуметтік саясатынан көрініп отырады. Ал екінші деңгейі -
әлеуметтік процестерге басшылық ету: жұрттың көшіп-қонуына, кәсіптік
құрылымына өзгерістер енгізу мен кадрлардың тұрақ-сыздығын реттеу, оны жою,
еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік-психо-логиялық ахуалды оңалту және
т.б., яғни нақты әлеуметтік процестерге басшылық жасайды. Басқарудың екінші
деңгейіндегі проблемалар әлеуметтік процестердің жекелеген тенденцияларын
көрсетеді және көп жағдайда бұл проблемалар кәсіпорындардың күші арқылы
шешіледі. Осыған орай екінші деңгей кәсіпорындардағы әлеуметтік басқару
деген атқа ие болды және әлеуметтануда өз алдына басқарудың жеке бағыты
ретінде қалыптасты.
Басқару әлеуметтануы - жалпы әлеуметтану ғылымының қоғам мен ұйымдарда
орын алған әлеуметтік құрылымдар мен процестерге мақсатты түрде ықпал
жасайтын формалар мен әдістерді, заңдылықтарды зерттейтін саласы. Басқару
әлеуметтануының басты назар аударатыны – экономикалықь және ғылыми-
техникалық саясаттың әлеуметтік проблемаларды басқару шешімдерін дайындауы,
оны қабылдауы, іске асыруы, өзін-өзі басқаруы, басшылар мен қол астындағы
адамдардың қатынастары, басқарудағы ақпараттың рөлі мен орны туралы
мәселелер, т.б. Басқару әлеуметтануы ғылыми пән ретінде әлеуметтану
ғылымының, атап айтқанда, ұйымдар әлеуметтануы, еңбек әлеуметтануы, саясат
әлеуметтануы, экономикалық әлеуметтану, әлеуметтік жоспарлау секілді
тарауларымен өзара ұштасып, қиысқан. Өйткені ол тарауларда да басқарудың
проблематикалары қарастырылады.
Сонымен, басқару әлеуметтануы әлеуметтану ғылымының бірден-бір жетекші
саласы болып саналады, оның мәні - коғамды, еңбек ұйымдарын басқару
барысында болатын заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу. өйткені
басқарудың көмегінсіз еңбекті, материалдық және рухани өндірісті, бөлу мен
тұтынуды, тәртіпті, еңбек бөлінісін ұйымдастыруды, адамның ұжымдағы орны
мен атқаратын міндеттерін анықтауды іске асыру мүмкін емес.
Басқарудың мәні - кез келген объектінің жақсы әрі максималды жұмысын
қамтамасыз ету, оған жұмыс істеу қабілетін толық жұмылдыра алатындай
дәрежеде жағдай жасау.
Басқарудың мазмұны, формасы, мақсаты мен принциптері - коғамдағы
үстемдік етуші экономикалық қатынастарға, саяси-әлеуметтік құрылыстың
сипатына байланысты. Осыған орай әлеуметтанушылар қоғамдағы басқару
механизмінің екі типі - стихиялы және саналык типтері қалыптасуда деген
пікір айтады.
Стихиялық механизм – автоматты түрде ықпал ету адамдардан басқару
жүйесіне араласпауды талап ететін, көп жағдайда қарама-қарсы күштердің
қосылуынан, кездейсоқ туындайтын біртекті актілерден тұрады. Стихиялы
басқару оған қатысушылардың еркі мен санасынан тыс әлеуметтік іс-әрекет ету
үстінде, адамдардың жеке өз басының мүддесіне жету жолында басқалардың
мүддесімен санаспауы, кейде тіптен оларды мойындамауы, жоққа шығаруы арқылы
жүзеге асады. Сөйтіп, бұл әлеуметтік өзара байланыстардың кері
байланысынсыз қалытасады және адамдардың атқаратын қызметі оған қажетті
түзетулер еңгізбейді. Солай десек те, қоғамды стихиялы басқару кіршіксіз
таза жүйе деуге болмайды. К. Маркстің пайымдауынша, капиталистік кәсіпорын
көлемінде басқару ісі әр кезде жоспарлы болады және басқару осы
капиталистің тұтас алғандағы мүддесіне бағындырылады, яғни басқару саналы
түрде жүрді. Ал байланыстардың болмауынан экономика тұтас жоспарлар арқылы
тұтастай қамтылмайды; сөйтіп бұл жағдай өндіріс анархиясына әкеліп
соқтырады. Сондықтан да капиталистік экономиканы басқарудың стихиялы болуы
табиғи қажеттілік деп қарастырылды. Әрине, К. Макркстің бұл пікірі ХІХ
ғасырдың орта тұсында айтылған еді, содан бері капиталистік экономика, оны
басқару әлдеқайда жетілдірілді. Мемлекеттік аграрлық шаруашылық пен
фермерлік шаруашылықтың арасында жасалған жоспар осыған мысал бола алады.
Мемлекет оны реттеп басқарып отыр. Ал ТМД елдерінде объективтік және
субъективтік себептерге байланысты экономиканы басқаруда анархиянын
бірқатар белгілері бой көрсетуде.
Саналы басқару жоспарланған, тұрақты және сенімді байланыстардың
негізінде алыптасады. Саналы басқаруда адамдар өз қызметінің нәтижесі
жөнінде жиі әрі анық мағлұматтар алады, оның қайсысын түзету немесе
жақсарту керектігін біледі, сөйтіп жаңа нәтижелер арқылы әлем халықтарының
нақты жағдайын барынша ескеруге мүмкіндік туады, соған орай шаралар
қолданылады. Мұндай жағдайда кездейсоқтық адамдарға өзі жіберген
қолайсыздықтарды жоюға жағдай жасайды, қелеңсіз ықпал етпейді және
оқиғалардың барысына соншалықты әсер ете қоймайды.
Сайып келгенде, саналы механизм жүйеге өзіндік қоғамдық институттардың
– басқару субъектілерінің көмегімен мақсатты түрде ықпал жасайды.

1.2. Қоғамды басқарудың заңдары мен принциптері

Қоғамды басқарудың субъектісін тар мағынада қарастыратын болсақ, ол -
белгілі нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік жүйеге саналы түрде ықпал
етуді қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік және қоғамдық органдар,
қызметтер.
Әлеуметтік басқарудың объектісін кең мағынада алсақ, ол - халықтың өмір
деңгейін арттыру; коғамда әлеуметтік әділеттілікті бекіту; мәдени деңгейді
көтеру; адамдардың еңбек жағдайларын жақсарту болып есептелінеді.
Әлеуметтануда басқару процесі барысында қалыптасатын қатынастар
субъектінін басқару объектісіне тиімді ықпал етуін қамтамасыз ететін,
басқарушы мен басқарылушы жүйелер арасындағы қатынастар ретінде
қарастырылады. Бұл қатынастар әлеуметтік реттеуші рөлін де қоса атқарып, ол
қатынастар ерекше қызметтерін жүзеге асыру процесінде, яғни басқару
қызметінде пайда болады.
Көптеген мамандар атқарылатын қызметтерді басқару процесінің сатысы
(кезеңі, фазасы) ретінде қарастырады. Көптеген шығармаларда сәл өзгерістер
арқылы қызметтің жалпы немесе негізгі модельдері, атап айтқанда, жоспарлау,
ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, есеп пен бақылау, мәдени-тәрбиелік сипаттар
қайталанылып берілген. Бұлар тек өзара байланысқан жағдайда ғана басқару
процесін құрайды.
Егерде біз әлеуметтік басқарудың функциясын кең мағынада алып
қарастыратын болсақ, онда әлеуметтік басқару функциясының классификациясына
тоқталуымыз қажет. Мұндай классификациялау коғам өмірінің негізгі салалары
- саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік салалардан туындайды.
Басқару процесі бірнеше кезеңнен тұрады және әр кезең өзіне сәйкес
операцияларды жүзеге асырады. Проблеманы кою мен алдағы мақсатты анықтау
кез келген басқару циклінін басқару кезеңіне жатады. Басқару шешімін
іздестіру қажеттілігінің өзі басқару субъектісін канағаттандырмайтын
белгілі бір проблемалық жағдайдың пайда болуынан туындайды. Мұндай жағдайда
ең алдымен кезек күттірмейтін проблеманы анықтаудың маңызы ерекше. Өйткені
қарама-қайшылық одан әрі тереңдеп, проблеманы шешу бұрынғыдан бетер
күрделене түседі. Мәселен, 70-80 жылдары КСРО-дағы дағдарысқа ұшырау
жағдайының неден болгандығының басты себептері дер кезінде және толық
көлемде бағаланбады, оған өзгеріс енгізудің қажеттілігі ескерілмеді,
қоғамдағы тоқыраушылық құбылыстарының етек алу қаупі күшейгенімен, оларды
жою үшін нақты бағыт ұсталмады, оған берілмеді, сөйтіп тоқырау үрдісі
басталды.
Проблеманы анықтау алдағы мақсатты белгілеуге мүмкіндік береді, ал оны
жүзеге асыру қалыптасқан қолайсыз жағдайды түзетуге жол ашады. Мақсатқа
жету көптеген жағдайларға байланысты болады, оларды анықтап алмайынша
басқару субъектісі дәлелді шешім қабылдай алмайды. Бұл жағдайларды зерттеу
міндеті басқару циклінін екінші сатысында - ақпарат жинау мен талдау
кезеңінде шешіледі.
Ақпарат сенімді, объективті, толық және дер кезінде алынған ақпарат
болуы шарт. Осыған орай басқару жүйесін ақпараттарға талдау жасайтын және
өңдейтін қазіргі таңдағы техникалық құралдармен қамтамасыз етудін
маңыздылығы артып отыр.
Алынған әлеуметтік ақпарат басқару үшін шешімге келу мен оны
қабылдаудың бастапқы базасы болып табылады.
Басқарушы шешімі төмендегідей сұрақтарға жауап беруі тиіс:
- белгіленген мақсаттарға жету үшін қандай міндеттерді шешу кажет?
- оларды қандай әдістермен, айлалармен, тәсілдердің көмегімен шешуге
болады?
- қойылған міндеттерді кім жүзеге асырады?
- оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі үшін қандай материалдық және
техникалық жағдайлар қажет?
- жалпы міндеттерді орындаудың және әрбір нақты тапсырманы орындаудың
мерзімі қандай?
- қойылған міндеттердің орындалу барысына кім бакылау жасайды? Басшылық
шешімі басқару бағдарламасын қолдану кезеңінде қабылданып, жүзеге асады.
Бұл кезеңде басқару субъектісі басқару объектісін ұйымдастыруды жүзеге
асырады, алдыңғысы соңғысымен тікелей және кері байланыс орнатады,
атқарушыларды іріктейді, олардың атқаратын міндеттерін бөледі, яғни
бағдарламаны орындау үшін әлеуметтік механизмді жасайды. Бұл ретте
реттеудің, есеп пен бақылаудың әр түрлі формалары қолданылады. Бұл күрделі
процесс бір-біріне қарама-қарсы екі тенденцияның: ұйымдастыру тенденциясы
мен тәртіп бұзу тенденциясының әрекет ету жағдайында жүреді.
Басқару бағдарламасын жүзеге асыру оны қорытындылау, нәтижелерін талдау
арқылы жүргізіледі және оларға баға беру кезеңінде тәмамдалады. Сонымен,
басқару қызметі процесс ретінде бірнеше кезеңнен тұрады:
а) проблемаларды алға кою және мақсаттарды анықтау;
б) басқару объектісі жөнінде ақпарат жинау және зерттеу;
в) басқару шешімін жасау және қабылдау;
г) басқару бағдарламасын жүзеге асыру (ұйымдастыру, реттеу, есепке алу,
бақылау);
д) нәтижесін талдау және оларға интерпретация (түсінік беру) жасау.
Әлеуметтану әлеуметтік басқарудың принциптерінде зерттейді. Принциптер
басқару механизмінің маңызды буыны ретінде әлеуметтік заңдарды өзіне
синтездейді және оларды іс жүзінде қолданудың нақты жолдарын белгілейді.
Әлеуметтік қатынастар жүйесін реттеу мен әлеуметтік процестерді басқару
жөніндегі қызметтің бастапқы, негізгі ережелеріне басшылық жасаудың нақты
тапсырмасы мен нормалары да әлеуметтік басқару принциптеріне жатады.
Ғалымдар бұл анықтаманы өздерінің көптеген ғылыми еңбектерінің
түпнұскаларында тұжырымдады. Жалпы басқарудың принциптеріне: демократиялық
централизм, объективтілік, іскерлік, ұйымшылдық, лездемелік, нақтылық,
заңдылық, дара басшылық, аймақтық және салалық басқарудың ұштасуы,
кешендік, жүйелік, жариялылық, т.б. жатады.
Субъектінің белгілері бойынша мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың қызметін
басқару принциптерін айрықша атауға болады.
Алайда, біз әлеуметтік басқарудың ең негізгі принциптеріне қысқаша
сипаттама берумен шектелеміз.
Қоғамдағы әлеуметтік басқару процесі сияқты мақсаттар мен міндеттерді
анықтаудың астарында саяси мән жатыр. Сондықтан негізгі принциптердің бірі
- оған саяси тұрғыдан қарау принципі. Қазіргі біздің қоғамымызда жүріп
жатқан процестер заңды түрде басшылыққа саяси тұрғыдан қарау принципін
терендету арқылы жүзеге асырылуда. Басшы кадрлар үшін еңбекшілерді
болашаққа сендіре білу және олардың белсенділігін арттыру, қызметін жеке
бас пайдасы үшін асыра пайдалануды жою, басқаруда әкімшілік әдісті
қолданғанда асыра сілтемеу аса маңызды талап болып табылады. Объективтік
принципі - басқарудың түпкілікті мақсатына жету үшін басқару жүйесінің
объективті заңдарын қолдану. Бұл принцип бойынша басқару дегеніміз -
сенімді, ғылыми талдаудан өткен ақпаратқа сүйену. Бұл принципті іске
асырудың маңызды шарты - нақтылы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін
қолдану.
Мұның кешенділік және жүйелілік принциптері де бар. Кешендік приципте
әрбір әлеуметтік құбылыс кезінде оның экономикалық, идеологиялық,
психологиялық, ұйымдық секілді бүкіл аспектілерін есте ұстау қажет. Жүйелік
принципінің мәні – нақты мақсатты жүзеге асыруға қажетті жекеленген, өзара
бірін-бірі толықтыратын қызметтің түрлерін біріктіру.
Демократиялық централизм принципі - әлеуметтік басқарудың ең маңыздысы
ол бүкіл бақарушы органдардың, басшылардың және басқару жүйесінің барлық
деңгейіндегі атқарушылар қызметтерінің мазмұны мен әдістерін анықтайды.
Демократизм еңбекшілердің толық билігі, олардың инициативасын басып-
жаншымай, қолдау, басқарушы органдардың басшыларын сайлау, олардың есеп
беріп отыруы болса, ал цетрализм, яғни орталықтан басқару дара басшылықты
көпшілік мүдесінің басым болуы, қатаң тәртіптің орнауы секілді
көріністермен ұштастырады. Алайда, цетрализм жағдайында да еңбекшілердің
басқару ісіне белгілі бір дәрежеде қатыспауынсыз міндеттерді тиімді шешу
мүмкін емес. Демократизм централизмге қарағанда оны жүзеге асыру тәсілі
ретінде әрекет етеді. Демократияны кеңінен қолдану централизмнің негізін,
тұғырын ұлғайтады және сонымен бірге еңбекшілерді қоғам ісін басқаруға
тартуды қамтамасыз етеді. Екіншіден, орталық органдар өздері атқаратын
міндеттер ауқымынан асып кетпейді, жергілікті органдардың қызметіне қол
сұқпауды қағида тұтады. Сонда ғана централизм дұрыс, қажетті деңгейде
жүзеге асатын болады.
Жариялық принципінің әлеуметтік басқарудағы қазіргі өтпелі кезеңдегі
маңызы өте зор. Жариялық принципі – еңбекшілердің басқару шешімдерін
қабылдау кезінде қоғамдық пікірлерден кең көлемді ақпараттар алуы, оларды
игеріп, есепке алу негізінде шешімдер қабылдауға қатысу. Жариялық – бұл
адамдарға сенім арту мен құрмет көрсету, олардың оқигаларға баға беру
қабілетін ескеру, дұрыс шешім қабылдауына, сол шешімді жүзеге асыруына
адамдардың саналы түрде қатысуына мүмкіндік жасау, бағалау.
Басқару процесін ұйымдастырудың басқа да принциптері бар. Бұған ең
алдымен негізгі буын принципі жатады. Әлеуметтік процестерді басқару -
өзара байланысқан кешенді міндеттерді шешу деген сөз. Бұл міндеттер
өздерінің маңыздылығы жағынан біркелкі емес. Әлеуметтік процестердің дамуы
барысындағы түпкілікті, басшы міндетті немесе негізгі буынды ғылыми негізде
анықтау – басқару өнеріне жатады. Әлеуметтік басқарудың практикалық
мәселелерін шешу барысында қоғамдық өмірдің басты проблемаларын шешуге
ерекше көңіл бөлу қажет.
Мемлекет саясатшылары халықты әлеуметтік – экономикалық жағынан
қамтамасыз ете отырып олардың тіршілік деңгейінің жоғарлауына көмектеседі.
Ел дамуының әрбір кезеңінде әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі анықталады.
Алғашқы дағдарыс жылдары экономиканың және қаражаттың мүмкіншіліктері
экономиканың құлдырауының жоғарғы дәрежесімен және өндірістің төмендеуімен
сипатталады және жұмыссыздыққа әлеуметтік сфералық даму мүмкіншіліктеріне
шек қойылған болатын. Бұл жылдары мемлекеттік өлшемдер қабылданды және
азаматтардың өмір сүру деңгейімен халықты қорғау топтары бұл жағымсыз
зардаптарды жұмсартуға бағышталды. 1990 жылдың II- жартысына қарай белсенді
саясатшылар экономикалық өсу шегіне алғы шарттар жасады.
Жаңа келісім шарттарда әлеуметтік қорғаныс жүйесін реформалауға
бағышталған және еңбекке көңіл бөлетін заң шығару орындары жұмысбастылыққа
белсенді көмектеседі және зейнетақының жинақты жүзеге асыруға мемлекеттік
көмек көрсетеді. Бірақ әлеуметтік реформалардың одан әрі тереңдеуі:
кедейшілікке, жұмыссыздыққа, қартаю жағдайларымен, нарықтағы тауар
бағасының өсуі салдарынан жаңа бағдарламалар енгізіліп отырады.
2004 ж. 19 наурыздағы Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге
қабілетті экономика және бәсекеге қабілетті ұлт атты Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы күшіне енді.
Әлеумттік қамтамасыз етудің қазіргі жағдайына талдау.
Мемлекеттің қолдауымен Қазіргі кезде Қазақстанда әлеуметтік қамтамасыз
ету жүйесі сипатталады. Мемлекеттік қаражат есебінен
зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушысынан айырылғандарды және басқа
санаттағы халықтарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні 3,5 миллионнан астам халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз
етеді ( немесе халықтың 23,6% ).
1999 жылмен салыстырғанда 2004 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету шығыны
1,5 есеге көбейеді. Осы жағдай индикаторлардың өсу шегі куәландырғандай
халық табысының ұлғайуына септігін тигізді. 1999-2004 ж.ж. аралығында:
- Ең төменгі еңбек ақы 2,5 есеге ұлғайды (2605-6600 теңгеге);
- Зейнетақының ең төменгі мөлшері 1,9 есеге өсті (3000-5800 теңгеге);
- Орташа еңбек ақы 2 есеге өсті (11684-26048 теңгеге);
- Зейнетақының орташа мөлшері 2 есеге өсті (4104-8529 тңгеге);
- Ең төменгі күнкөріс мөлшері 1,5 есеге (3441-5394 теңгеге);
- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 1,3 есеге (3441-
4670 теңгеге).
Жалпыға бірдей игіліктерді қамтамасыз ету мақсатында және реформалау
кезінде өте маңызды әлеуметтік игіліктерді қоғамдық қабылдауға болатын
сапаларын анықтап, мемлекеттік әлеуметтік стандарттардың ең аз мөлшері
қолданылады, яғни, күн көріс деңгейінің ең төменгі мөлшері зейнетақымен,
еңбекақы төлеудің ең аз мөлшері, еңбекақы төлеу шарттарының стандарттары,
әлеуметтік қызмет көрсету мөлшері және т.б. Бірақ қазіргі кезде мемлекеттік
әлеуметтік стандарттар өзгерген әлеуметтік- экономикалық шарттарды және
өзара жүйелік байланысын тоқтатты. Әлеуметтік төлемдердің есептеу
экономикалық негізгі нормативтерін және де еңбекақы төлеу жүйесінің болмау
нәтежесінде жұмыс істеуші халық табыс теңгейімен алынған әлеуметтік
төлеулердің арасындағы барабар байланыс жоғалды.
Сол себепті мемлекеттік әлеуметтік стандарттардың толық жетілуімен
жұмыс басталды. Әлеуметтік қамтамасыз етуде зейнетақылық жүйе ерекше орынға
ие болды. Бұл реформалау нәтежесмінде елімізде аралас зейнетақылық жүйе
қалыптасты. 1,5 миллионнан астам зейнеткерлер ынтымақтастық негізде
зейнетақылық толемдермен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын зейнетақы мөлшері
өсіп отырады және соңғы жылдары зейнетақылық мөлшердің номинал өсу шегі
тұтыну бағаларының көрсеткішін басып озды. 2003 жылы зейнетақылардың
дифференциалды жоғарлау жүзеге асырылған. 1 маусымнан бастап 1055 мың
халықтың зейнетақысы өсіп, ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер
саны 3 есеге қысқарды және де 450 мыңнан астам адам зейнетақыға ие болды.
Осының ең жоғарғы нәтижесінде 2004 жылдың қаңтар айында зейнетақының аз
мөлшері 5800 теңге, ал орташа мөлшері 8335 теңгені құрады. Бірақ бұл
позитивтік өзгертулер зейнетақылардың дифференциалды жоғарлау көптеген
проблемаларды шеше алмады. Ең негізгісі зейнетақылық қамтамасыз ету деңгейі
сол күйінде қала берді. Сонымен қатар ынтымақтастық жүйемен 1998 жылдан
бастап зейнетақы жинақтау қоры енгізілді және дамыды. Бұл қамтамасыз
етудің, қатысушылар арасындағы ынтымақтастықсыз негізінде сақтауға салынған
түрі. Қазіргі кезде жинақтаушы зейнеақы жүйесі азаматтардың 6,5 млн. Жеке
жинақ қорын сипаттайды. Зейнетақылық қызмет жарығы мемлекеттік жинақ
қорымен және де 1,5 мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен
көрсетіледі. Осы қызмет аралығында 415,5 млрд. теңге зейнетақы қорына
шоғырланды, соның ішінде есептелген инвестициялық табыс 115,7 млрд. теңгені
құрады. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесінде көптеген проблемалар
орын алады: халықтың жинақтаушы зейнетақылық қор қызметімен жеткіліксіз
қамтылуы; зейнетақы қорлары төмендейді бірақ төленбеген салық жоғарғы
сатыда қала береді; Зейнетақы қорларын инвестизациялау нәтижесі
жеткіліксіз.
Мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етуде 400 мыңнан астам мүгедек
тіркелген. Бұл жағдай әрбір үшінші мүгедек еңбекке қабілетті, 40 мыңнан
астам мүгедектер балалар және де көпшілігі туғанынан кеміс балалар. Алғашқы
мүгедектік деңгейі төмендесе де олар биік сатыда қалады.
1998 ж. 1 қаңтарында шыққан заңға сәйкес зейнеткерлікке шыққан
жұмысшының мүгедектік зейнетақысы осы уақытқа дейінгі еңбек өтілімімен
еңбек ақысына қарай есептеледі. 1998 жылғы Қазақстан Республикасының
Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысы туралы заңына
байланысты, мүгедектерге төленетін көлемі төменгі айлық көрсеткішпен
есептеліп отырады. 2004 жылы жалпы ауру бойынша мүгедектік жәрдемақы көлемі
мынадай болды: I- топтағы мүгедектер үшін – 7720 теңге, II- топтағылар үшін
– 9882 теңге, III- топтағыларға -3309 теңге. Қазақстан Республикасының
Президентінің тапсырмасына сәйкес 2005 жылдан бастап жәрдемақылардың
маңызды жоғарлауы болды: I- топтағы мүгедектерге – 3 ОАК (2895 теңге); II-
топмүгедектеріне – 2,5 ОАК (2412,5 теңге); III- топ мүгедектеріне -2 ОАК
(1930 теңге); 16 жасқа дейінгі мүгедектерге – 3ОАК (2895 теңге ).
Нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемінің орташа
деңгейі 6700 теңгеге жоғарлады немесе 50%. Мүгедектермен Ұлы Отан Сарттыру
оғысы ардагерлеріне мемлекеттік арнаулы жәрдемақы көлемі 15 ОАК дейін
көтерілді және 30 мың көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсетілген.
Атқарушы биліктің талқысына түскен жаңа бағдарлама қоғамымызда
әлеуметтік қорғау жөніндегі жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және
еңбек етуші азамат арасында тең бөлу арқылы елімізде әлеуметтік
қамсыздандырудың әділетті әрі қаржылық жағынан мығым үш деңгейлі
экономикалық жүйесін құруға бағытталған. Құжатта Президенттің
Республикамызда әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру туралы идеясы негізге
алынған. Соған сәйкес бағдарламаға бүкіл әлемдік принциптер негізі бойынша
күнкөріс минимумы сияқты жаңа ұғымдар еңгізіліп отыр.
Премьер –Министр реформалық бағдарламаның маңызды тұстарына тоқтала
келе, 2005 жылғы бюджетте тиісті қаржылық ресурстар қарастырылып
қойғандықтан, оны жүзеге асыруға шұғыл кірісуқажеттігін атап көрсетті.
Алайда үш жыл мерзімге белгіленген бағдарламаны түбегейлі жүзеге асыру үшін
мемлекеттік бюджеттен қосымша тағы да 202 миллиардтан астам теңге қажет
етілмек. Президент мемлекеттік құжаттың Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму
бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Бүкіл дүниежүзілік
банк сияқты әлемдікинституттардың талаптарына сәйкес сарапталғанына
қанағаттанғандық білдірді. Алдағы уақытта тұрғындарды әлеуметтік
қорғаудыңүш деңгейлі жүйесі ел дамуының көрсеткішіне сәйкес одан әрі
жетілдірмек. Атап өтерлігі, Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші болып
осындай көп деңгейлі және ашық әлеуметтік қорғау жүйесіне көшкелі отыр.
Үкімет басшысы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен мәдениет,
ақпрат және спорт министрлігіне ел тұрғындарына жаңа әлеуметтік жүйені
түсіндіру шараларын қолға алуды тапсырды. Мемлекет басшысының атап
көрсеткен идеясының табыстылығын жұртшылық шынайы сезінуі үшін табанды
жұмыстар жүргізілуі тиіс. Сондай- ақ әрбір қазақстандық жаңа әлеуметтік
реформаны егжей-тегжейлі түсінуі үшін бұл бір реттік науқадық сипатқа
айналмау керек.
Үкімет отырысында мақұлданған бағдарламаға сәйкес болашақта елімізде
көп деңгейлі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі енгізілмек. Еңбек және
әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарғұсованың айтуынша, ендігі жерде
Республикамызда кезең-кезеңімен базалық зейнетақылық төлем енгізілмек.
Айталық, 2006 жылы жұмыс өтілі, айлық табысы және зейнетақы мөлшеріне
қарамастан барлық зейнеткерге ай сайын жаңа күнкөріс минимумының 20
пайыздық мөлшерінде базалық зейнетақы төленбек. Бұл шамамен 1,5 мың теңгені
құрайды. Келешекте бұл соаның мөлшері 75 пайызға дейін еселенбек.
Зейнетақылық төлем жүйесінің кеслесі кезеңі 2015 жылға дейін созылып,
бұрынғы бірынғай зейнетақылық жүйе өз жұмысын толық көлемде тақтатпақ.
Әлбетте, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу толықтай аяқталғанша 1998 жылға
дейінгі еңбек өтілімен зейнеткерлігі есептелген азаматтарға бұрынғы жүйеде
көрсетілген тиісті төлемдер сақталмақ. Осы кезенде жинақтаушы зейнетақы
жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі арнайы шаралар
қабылданбақ. Гүлжан Қарағұсова бағдарламада көрсетілген шаралар елдегі
зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін толықтай шешіп бере алмайды дейді.
Өйткені, әйелдердің ер азаматтармен салыстырандағы еңбекақысы жұмыс
жағдайына байланысты әрдәйім аз болып келмек және жас аналардың жас
босанғаны үшін тиісті демалыста болуы да қаржы жинақталымының мөлшеріне
әсер етпек. Бұл бағытта бүгінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қажет
жағдайда мемлекеттің қатысуын айқындау жөніндегі мүмкіндіктер тыңғылықты
зерттелуде.

1.3. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қарқынды дамуы мен осы саладағы
сілкіністер.

Қазіргі кезде елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың кезекті
сатысы аяқталды деп айтуымызға болады. Реформа жылдарында негізінен халықгы
әлеуметтік қорғаудың нарық экономикасына лайықты жаңа үлгісі жасалды.
Қазipгi уақытта шамамен Қазақстанның әрбір төртінші азаматы әлеуметтік
қамсыздандырумен қамтылған (барлық халықтың 23,6%).
2006 жылы 4 заң қабылданды, Қазақстан Республикасы үкіметінің 22
қаулысы бекітілді.
Әлеуметтік саланы қаржыландыруды жақсартуға мүмкіндік туды. Соңғы бес
жылда әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар бір жарым еседен астам
өсіп, 2006 жылы - 217,2 млрд, теңгені құрады.
Бұл жалақының ең төмен мөлшерін 6600 теңгеге дейін (немесе 2,3 есе), ең
темен зейнетақы мөлшерін 5800 теңгеге (1,9 есе) дейін жеткізуге мүмкіндік
берді. 2006 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы жағдай бойынша орташа айлық
жалақы 17 251,0 теңге, зейнетақылардың орташа мөлшері бағалау бойынша 8 550
теңге болды.
Жұмыссыздық деңгейі төмендеді және кедейлік азайды. Халықтың табысы
күнкөріс деңгейінен төмен үлесі соңғы бес жылда 1,7 есе азайды.
Экономикалық қолайлы мүмкіндіктердің қалыптасуын ескере отырып, үкімет
Елбасының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі
реформалаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті.
Бағдарлама қаржы тұрғысынан тұрақты үш деңгейлі әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін құруға бағытталған және әлеуметтік қорғаудың жағдайы
үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуді
қарастырады.
Ең төмен күнкөріс деңгейінің әдістемесін өзгерту туралы ұсыныстар
талқыланды және мақұлданды: тұтыну себетінің құрамы 20 азық-түлік атауынан
40 атауға дейін өзгертілді, сонымен қатар тұтыну себетінде азық- түлік емес
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің үлесі 30-дан 40 пайызға дейін
көбейеді.
2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін
зейнеткерлік жасқа жеткенде ең төмен күнкөріс деңгейінің 20% мөлшеріндегі
базалық зейнетақы төлемі еңгізілетін болады. Одан кейінгі жылдары ол ең
төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көбейтіледі. Сонымен бірге,
жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толық көшкенге дейін қажетті еңбек стажы бар
адамдар ынтымақты (еңбек) зейнетақысын, ал жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
қатысушылары - жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдер алатын болады.
2005 жылы ең төмен зейнетақы мөлшері 6200 тенге, ал оның орташа мөлшері
- 9252 теңгені құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2005 жылы мүгедектер мен
асыраушысынан айрылған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды едеуір арттыру жүргізіледі. Бұл
мақсаттарға 15,8 млрд. теңге бағытталатын болады, бұл 680 мыңнан астам
адамды қамтитын болады. Мүгедектігі бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 50%-
ға дейін, оның ішінде I топтағы мүгедектерге - 3 айлық есептік көрсеткішке
(АЕК) - 2913 теңгеге; II топтағы мүгедектерге - 2,5 АЕК-ке - (2427 теңге);
III топтағы мүгедектерге - 2 АЕК-ке - (1942 тенге); мүгедек-балаларға - 3
АЕК-ке (2913 теңге) арттырылады.
Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдем-
ақының орташа мөлшері 20%-ға 6500 теңгеге дейін өседі.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың жаңа тәсілдері заңмен бекітілді, бұл
өзгерістер мүгедектердің қоғам өміріне қатысуы үшін оларға тең мүмкіндіктер
туғызуға бағытталған.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері: мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге
6,5 млрд. теңге бөлінеді. Соғыс мүгедектері мен қатысушыларына берілетін
арнаулы мемлекеттік жәрдемқылардың мөлшері 15 айлық есептік көрсеткішке
дейін (шамамен 14,5 мың теңге) арттырылатын болады. Ордендермен және
медальдармен марапатталғандармен қатар, тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген әр
адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі.
Мемлекет халықтың ең кедей буындарына материалдық көмек пен қолдау
көрсетуді одан әрі жалғастыратын болады. Бұл ретте атаулы көмек бірінші
кезекте, жұыс істей алмайтын адамдарға көрсетілетін болады. Ал еңбек етуге
қабілетті адамдарға келетін болсақ, адамның табыс тауып өзін және отбасын
қамтамасыз ете алуына жағдай жасалады.
Ана мен баланы қолдауға біршама назар аударылды. Осы мақсатта Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдан бастап бала тууына
байланысты берілетін біржолғы жәрдемақыдан басқа, балаларды атаулы
әлеуметтік көмек алушылардың қатарынан шығара отырып, 18 жасқа дейінгі
балаларға ай сайынғы жәрдемақы төлемін, 2007 жылдан бастап - бір жасқа
дейінгі бала күтіміне арналған мемлекеттік жердемақы төлемін енгізуді
ұсынды.
Көп балалы аналарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері екі
есе көбейетін болады.
Жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін
төмендету және ұлттық еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан
Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту
бағдарламасы әзірленді.
Сонымен, 2006 жылы республикалық бюджет есебінен 2,5 млн. адамды
қамтитын әлеуметтік қамсыздандыруға 217,2 млрд. теңге бөлінген болса, 2007
жылы бұл мақсаттарға арналған шығыстар шамамен 33 млрд. теңгені құрайды
ІІ-тарау. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің қызметіне жалпы шолу.

2.1.Бөлімнің құрылу тарихы.

Индер аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі 1943 жылы ауатком
жанынан құрылған, негізінен жәрдемақы тағайындаумен айналысқан. Мұнда жеті
адам жұмыс істеген. Бөлім меңгерушісі А.Аққали, аға инспектор С.Аққалиев
болған. 1947-1962 ж.ж. бөлімге Ж.Дүйсалиев, Б.Бозбаев, И.Досанов,
Ж.Таңатарова, 1965-1977 ж.ж. Б.Жұмағалиев, 1977-1985 ж.ж. Ж.Серікқалиев,
1985-1995 ж.ж. М.Ахметова меңгерушілік жасаған, 1995 жылдан Ө.Нұриев
бөлімді басқарады. Заман талабына сай бөлімнің аты да, міндеті де өзгеріп
отырған. Бірде ол халықты әлеуметтік қорғау бөлімі 1997 жылдан Аудандық
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, ал 1999 жылдың сәуірінен
бастап Аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі
атанды.
Индер аудандық мемлекеттік архивтегі құжаты бойынша: қоғамның
әлеуметтік-экономикалық өмірінде 1917 жылдың қазан айына дейін халыққа
әлеуметтік көмек көрсету бөлімі бөлек ісін жүргізбеген. Олар есептеу
жүйесін Халықтың денсаулығын сақтау бөлімімен жүргізді. Өкінішке орай
революцияға дейінгі архив нашар сақталған, ал кейбір мәліметтер ҚР-ң Алматы
қаласында мемлекеттік орталық архивте сақталған. Осы мәліметтер бойынша
1894 жылы қабылдаған болатын. Бұл қордың негізгі мақсаты: Индер ауданының
кедей халқына жұмысшыларға көмектесу. Бұл қордың құрамына: амбулаториялық
емдеу бөлімі, арзан асхана, интернет үйлері қамтылды.
Әлеуметтік қамсыздандыру термині совет одағы кезінде пайда болған.
24.01.1990-30.04.1900 ж. уақыт аралығындағы Индер ауданының ревком ісі
жөніндегі баяндамада былай делінген: 4-ші армия, революциялық әскери
одағымен Индер аудандық ревкомы құрылған және ВЦИК-пен куәландырылған, осы
жылдың 24-ші қаңтарынан бастап ревком өзінің бөлімшелерімен
ұйымдастырушылық қызметін бастайды. 01.02.1900 Индер ауданының ревкомының
қаулысы бойынша Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі құрылды.
1. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру бөлімі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару қызметін
атқаруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
2. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс
әкімдігінің және әкімінің актілеріне, өзгеде нормативтік – құқықтық
актілерге, сондай – ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы,
белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен
банктерде ашылған есеп шоттары болады.
Бөлім өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастар жасайды. Бөлімге, егер
заңнамаларға сәйкес өкілдік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық –
құқықтық қатынастар жасауға құқығы бар.
4. бөлімнің құрылымын, штат санының лимитін аудан әкімдігі бекітеді.
5. Департаменттің заңды мекен – жайы: Атырау облысы Индер ауданы,
Қонаев көшесі 12 үй.
6. Бөлімнің толық атауы: Атырау облысы Индер аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение Департамент координации
занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области.
7. Осы ереже бөлімнің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
8. Бөлімнің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
9.Бөлімге, өзінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда
кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер, бөлімге заңнамалық актілер мен кіріс әкелетін қызмет түрімен
айналысу құқық берілген жағдайда, онда мұндай қызметтен түскен табыстар
облыстық бюджеттіңкірісіне жіберіледі.
Индер аудандық мемлекеттік архивтегі құжаты бойынша: қоғамның
әлеуметтік-экономикалық өмірінде 1917 жылдың қазан айына дейін халыққа
әлеуметтік көмек көрсету бөлімі бөлек ісін жүргізбеген. Олар есептеу
жүйесін Халықтың денсаулығын сақтау бөлімімен жүргізді. Өкінішке орай
революцияға дейінгі архив нашар сақталған, ал кейбір мәліметтер ҚР-ң Алматы
қаласында мемлекеттік орталық архивте сақталған. Осы мәліметтер бойынша
1894 жылы қабылдаған болатын. Бұл қордың негізгі мақсаты: Индер ауданының
кедей халқына жұмысшыларға көмектесу. Бұл қордың құрамына: амбулаториялық
емдеу бөлімі, арзан асхана, интернет үйлері қамтылды.
Әлеуметтік қамсыздандыру термині совет одағы кезінде пайда болған.
24.01.1990-30.04.1900 ж. уақыт аралығындағы Индер ауданының ревком ісі
жөніндегі баяндамада былай делінген: 4-ші армия, революциялық әскери
одағымен Индер аудандық ревкомы құрылған және ВЦИК-пен куәландырылған, осы
жылдың 24-ші қаңтарынан бастап ревком өзінің бөлімшелерімен
ұйымдастырушылық қызметін бастайды. 01.02.1900 Индер ауданының ревкомының
қаулысы бойынша Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі құрылды.
1. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру бөлімі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару қызметін
атқаруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
2. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс
әкімдігінің және әкімінің актілеріне, өзгеде нормативтік – құқықтық
актілерге, сондай – ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы,
белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен
банктерде ашылған есеп шоттары болады.
Бөлім өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастар жасайды. Бөлімге, егер
заңнамаларға сәйкес өкілдік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық –
құқықтық қатынастар жасауға құқығы бар.
4. бөлімнің құрылымын, штат санының лимитін аудан әкімдігі бекітеді.
5. Департаменттің заңды мекен – жайы: Атырау облысы Индер ауданы,
Қонаев көшесі 12 үй.
6. Бөлімнің толық атауы: Атырау облысы Индер аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение Департамент координации
занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области.
7. Осы ереже бөлімнің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
8. Бөлімнің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
9.Бөлімге, өзінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда
кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер, бөлімге заңнамалық актілер мен кіріс әкелетін қызмет түрімен
айналысу құқық берілген жағдайда, онда мұндай қызметтен түскен табыстар
облыстық бюджеттіңкірісіне жіберіледі.

2.2. Бөлімнің атқаратын міндеттері, қызметі мен құқықтары.

Бөлімнің негізгі қызметтері:
1. еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау және еңбек
ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатын негізгі
бағыттарын іске асыру, оның орындалуын үйлестіру, әдістемелік жағынан
қамтамасыз ету;
2. жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейшілік ауқымын кеміту,
еңбекақы төлеуді жетілдіру бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
жөнінде шаралар алу;
3. халықты атауы әлеуметтік қорғау, мүгедектерді және олардың отбасы
мүшелерін, сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындардың басқа да
тобын қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
4. әлеуметтік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
5. Республикалық және аймақтық деңгейде әзірленетін әлеуметтік
нормативтер мен стандарттар, әлеуметтік бағдарламалар жобаларына ұсыныс
енгізу;
6. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және облыс әкімі
мен әкімдігінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру .
Бөлім өз құдыреті шегінде және заңнамаларда белгіленген тәртіппен
төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:
1. бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомствалық қарасты
органдарынын қызметін үйлестіріп отырады және ішкі ведомствалық бақылауды
ұйымдастырады, оларға әдістемелік көмектер көрсетеді.
2. әлеуметтік – еңбек салаларында болып жатқан процестерді талдайды,
істің жәй – керті туралы қортынды құжаттар даярлайды және ахуалды болжайды
;
3. әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және
облыс әкімі аппаратына ақпараттар береді;
4. мүгедектерді оңалту бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру,
соғыс және еңбек ардагшерлері мен жалғыз басты егде адамдарды, мүгедектерді
және тағы басқа әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарды әлеуметтік
қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
5. мүгедектерді арнаулы қозғалу, тифло – техникалық құралдармен,
протездік – ортопедиялық бұйымдармен және санаториялық – курорттық емдеумен
қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
6. бағыныстағы мекемелердің (интернат – үйлері, мүгедек балаларды
тәрбиелеп отырған отбасыларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері,
қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік қзмет көрсету бөлімшелері)жұмысын
бақылайды және әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырады;
7. облыстық әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқа мерзімді
жоспарын әзірлеуге қатысады;
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
туралы Заңын орындау жөнінде уәкілетті органдардың қызметін және
жергілікті бюджеттен төленетін тұрмыстық және басқа да жәрдемақыларды
тағайындауды бақылайды және үйлестіреді;
9. еңбек рыногі және бос орындар бойынша аймақтық дерекқор базасын
құру негізінде жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстарға болжау және талдау
жасайды, еңбек рыногінің жәй - күйі туралы халыққа, жергілікті атқарушы
органдарға, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігіне ақпараттар береді;
10. жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру,
жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, еңбекке орналастыруға
жәрдемдесу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық дерекқор базасын
құру және қолдау мәселелері енгізілген жұмыспен қамту бағдарламаларын
әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
11. нарықтық қатынастар жағдайында және еңбек рыногындағы қажеттіліке
сәйкес жұмыссыздарды кәсіби даярлау мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруға
қатысады;
12. инвестициялық бағдарламалар бойынша ұсыныстарды қараған кезде
еңбек рыногының жағдайын ескере отырып, қосымшажұмыс орындарын ашу
қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
13. әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік
әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар қорытады және әзірлейді;
14. заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорындар мен мекемелердің
еңбек нормасын сақтауын және еңбекақы төлеу жүйесін қарайды және келіседі;
15. әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық (аудандық) комиссиялар
арқылы аймақтық деңгейдегі әлеуметтік әріптестіктің міндеттерін шешу
жолдарын үйлестіреді;
16. ақпараттық технологиялар мен программалық қамту жөнінде және ҚР
халықтың әлеуметтік оса әлеуметтік л жіктері мен еңбек рыногінің ортақ
ақпараттық дерек қорын қалыптастыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
17. еңбек, жұмыспен қамту, мүгедектерді және халықтың басқа да
санаттарын қорғау мәселелерін реттейтін заңнамаларға сәйкес жәрдемақылар
мен өтемақылар басқа да жеңілдіктер беру, әлеуметтік және еңбек мәселелері
жөнінде облыстық бағдарламалар әзірлеуге қатысады;
18. жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
бағдарламалардың әкімшісі қызметін атқарады;
19. бірлескен міндеттерді шешу мақсатында басқа да жергілікті және
аумақтық өкімет органдарын, кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдармен өзара
қарым-қатынас жасайды;
20. мемлекеттік және өзге де тілдердің дамуын қамтамасыз етеді;
21. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен өзіне жүктелген басқа
да қызметтерді орындайды.
Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің қызметін жүзеге асыру үшін
бөлімнің заңнамаларында белгіленген тәртіппен:
1. бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін
мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымдық
тұлғалардан азаматтардан қажетті құжаттарды, тұжырымдарды анықтамалық және
өзге де материалдарды сұратады және алады;
2. бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік
органдарға және өзге де ұйымдарға әдістемелік қолдау көрсетуді жүзеге
асырады;
3. еңбекақыны нормалау мәселесі жөнінде ұйымдастыру-құқықтық
нысандағы барлық мекемелерге, кәсіпорындарға консультативтік көмек
көрсетеді және түсіндіру жұмыстары жүргізеді;
4. ұжымдық келісім-шарттарды жасасуда облыстағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің әлеуметтік қызметтері
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми теориялық негіздері
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы
Қазақстандағы және дамыған елдердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Адамс құқығы доктринасы құқықтық мемлекетті және ынтымақтастық
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету бағыттары
Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясына талдау
Пәндер