ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ


Тақырып 15. ХҮІІІ - ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
1. Е. И. Пугачев бастаған көтеріліске қазақ шаруаларының қатысу себебі, мақсаты мен нәтижесі және тарихи маңызы
2. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
3. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған шаруалар көтерілісі, оның қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері мен тарихи маңызы
4. Ішкі Бөкей ордасындағы 1836-1838 жылдардағы И. Тайманов пен М. Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі
5 ХІХ ғасырдың 50, 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістер.
6. Қайталауға арналған сұрақтар
7. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырмалар
8. Әдебиеттер тізімі
1. Е. И. ПУГАЧЕВ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІСКЕ ҚАЗАҚ ШАРУАЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУ СЕБЕБІ, МАҚСАТЫ МЕН НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
1775-1775 жылдардағы Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне Кіші және Орта жүз қазақтары белсене қатысты.
Себебі: 1. Жайық бойында тұрғызылып жатқан бекіністер қазақтардың жайылымдығын тарылтты.
2. Казак әскерлері қазақтардың жерлерін тартып алып отырды.
3. Саяси бағыты жағынан тәуелділік күшейді.
Шаруалар соғысына қатысудың кезеңдері:
Кіші жүз: 1. 1773 жыл, қыркүйек -1774 жыл, наурыз
2. 1774 жыл, наурыз - күз
3. 1775 жыл, қыркүйек - 1776 жыл, ақпан
Орта жүз: 1. 1773 жыл, қыркүйек - 1774 жыл, сәуір
2. 1774 жыл, сәуір - 1774 жыл, маусым
3. 1774 жыл, жаз - 1776 жыл
Қазақтардың қатысуымен болған маңызды оқиғалар:
Кіші жүз: Жайық бекінісін қоршауы: бекіністі алу, Орынборды қоршау.
Орта жүз: Пресногорьковск бекінісін алу. Гагарьевск және Троицк бекіністеріне қауіп төндіру, Петропавл қамалын, Сібір бекіністерін талқандау.
Кіші жүзден көтерілісті қолдаған ақсүйектер: Ералы, Досалы, Айшуақ, Зәбір молда.
ІІ Екатерина қазақ ханы Нұралыға арнайы «грамота» жіберіп, Пугачевті өзіне жақындатпауын талап етті. Досалы сұлтан ұлы Сейдалыны бас етіп, Пугачевке көмек ретінде қарулы топ жөнелтті. Орынборды қоршауға 200 қазақ белсене қатысты. Орта жүзден көтерілісті белгілі би Дәуітбай қолдады. Қыпшақ, Керей, Қарауыл, Кенжеғалы рулары бекіністердің түбіндегі ұрыстарға қатысты. Торғай өзенінің бойына шоғырланған старшындар Құдайменді мен тайыр басқарған шаруалар патша жазалаушы топтарымен ашық қақтығыспай, қыр көрсетумен шектелді. 1774 жылдың күзінде Сібір шептерінешабуыл жасаған қазақтар патшаның тұрақты әскер қысымымен Сырдария бойына ауып кетті. Бұқар хандығына дейін барған Орта жүз қазақтарының бір тобы көктем айларында Есіл мен Тобыл өзендерінің бойына қайтып оралды. Алайда көтеріліс жеңілді. Кіші жүздегі көтеріліс Сырым Датұлы бастаған көтеріліске ұласты.
Пугачев көтерілісі жеңілген соң да қазақтардың қозғалысы тоқтамады. Егерде 1775 жылы Жайық бойындағы Пугачев бастаған көтеріліс біртіндеп әлсірей бастаса, керісінше қазақ жеріндегі көтеріліс өршіп, патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы қозғалыстың ірі ошағы қалыптасты.
Суворов бастаған жазалаушы отрядтың басты көтеріліс ошақтарын талқандағаннан кейін қазақ өлкесінде де көтеріліс әлсіреді. 1776 жылы сәуірде генерал Н. А. Рейнсдорф үкіметке жолдаған хатында «тыныштық»орнағанын қуанышпен хабарлайды.
2. СЫРЫМ ДАТҰЛЫ БАСТАҒАН КІШІ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӨТЕРІЛІСІ
Көтерілістің себептері:
- Орынбор губерниясы таратылды да Кіші жүздің көпшілік бөлігі Сібір, Уфа басқармасына бағындырылды.
- Қазақтардың Жайықтың сол жағалауына өтуін бақылайтын Орал шекаралық басқармасы құрылды.
- Хандық билік әлсіреді.
- Жайық казактарының зорлық-зомбылығы қазақтардың шаруашылығына нұқсан келтірді.
- Нұралы хан халықтан жайылымдық үшін салық алды.
Көтерілістің қозғаушы күші: қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары.
Көтеріліс жетекшісі: Сырым Датұлы - батыр, шешен, ақсүйек.
Көтеріліс қолбасшылары: Барақ, Жианқұр, Жанболат.
Көтерілістің барысы: Көтеріліс 1783 жылдың күзінде басталды. Осы жылдың желтоқсанында казактардың тұтқынына түскен Сырымды 1784 жылы Нұралы босаттырды. Осыдан кейін ол ұсақ топтардың басын қосып, ірі қол ұйымдастырды.
Сырымның Орал әскерлерімен кескілескен күресі 1784 жылдың маусымында басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші Төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісінің төңірегінде болды. Старшындар - Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтандар тобы Жоғарғы Жайық пен Елек қалашығының төңірегінде шоғырланды. 1784 жылдың қарашасында Сырым әскерінің саны 1000 адам болды.
1785 жылы көтерілісті басу үшін келген генерал-майор Смирновтың тобы 70-ке жуық қазақтарды тұтқындады.
1785 жылы күрес қимылы кеңейді.
1787 жылы 1 мыңнан астам жазалаушы отряд келді. Олар Сырымның құмға шегінгенін біліп, бейбіт ауылдарға тиді.
Сырым енді бекіністерді алуға ұмтылды. Алайда көтерілісшілер зеңбірекке қарсы тұра алмады. Нұралы патша өкіметін жақтап кетті. Сол себепті 1785 жылы Кіші жүз старшындары Нұралыны тақтан тайдыру туралы шешім қабылдады.
Нұралы 1786 жылы Уфаға жер аударылып, 1790 жылы сонда қайтыс болады. 1791 жылы Әбілхайырдың ұлдарының бірі сұлтан Ералы хан болып сайланды. 1794 жылы Ералы хан өлгеннен кейін Нұралы ұлы - Есім хан сайланды. Бұған наразы болған Сырым 1797 жылы хан сарайына шабуыл жасап Есімді өлтірді.
Орынбор өлкесінің губернаторы барон Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға ұмтылды. Сырым хандық биліктің жойылуын құптады.
Ол хандық биліктің орнына билер алқасының билігін әкелуді жақтады. Бірақ Игельстром Сырыммен келіспеді. Сырым хан кеңесінде старшындық топтың рөлін күшейтуге тырысты. Сондықтан Орынбор әкімшілігі Сырымның ықпалының күшеюінен қорқып, 1797 жылы Кіші жүзде хандық билікті қалпына келтірді де Айшуақты хан етіп бекітті. Осы мәселеден Сырым жақтастарының арасында алауыздық пайда болды. 1897 жылы Сырым Хиуа хандығына өтіп, 1802 жылы сонда қайтыс болды.
Көтерілістің тегеуіріне байланысты патша үкіметі 1801 жылы 11 наурызда Жайықтың оң жағасына мал жаюға рұқсат берді.
3. 1837-1847 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАН КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСҚАРҒАН КӨТЕРІЛІС
Көтерілістің себептері:
- Хандық биліктің жойылуы - отаршылдық қанаудың күшеюі.
- Қоқан, Хиуа ханд өменгі ағысына бекіністер салуы, сауда керуендерін тонауы, т. б
Көтерілістің қозғаушы күші - қазақ шаруалары
Көтерілістің сипаты - отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс
Көтерілісті қолдаған ақсүйектер: Шыңғыс ұрпақтарының ішінде: Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Тани Тортайұлы, Айғаным ханым, Бопай ханша. Ақмола округінен: Күшік, Жадай, Жанай, Айшуақұлдары.
Кенесары әскерінің жеке отрядтарын басқарғандар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр, Байсейіт батыр, Сұраншы батыр, т. б.
Көтерілістің басты мақсаты - Қазақстанның Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, отарлауды тоқтату
Басталуы және барысы:
Көкше мен Ұлытау маңының қазақтары орыс жазалаушыларының қысымына төтеп бере алмай Орта жүздің оңтүстік өңіріне көшіп кетті. Қоқан хандығының иелігіне жақындаған Кенесарының ағасы Саржанды қоқандықтар зұлымдықпен өлтірді. Әкесі мен бауырларын өлтірген қоқандықтардың езгісіндегі қазақтарды азат етуді Кенесары мақсат етіп қойды. Саржанның көтерілісіне қатысып, ысылған Кенесары 1837 жылы қарашада Ақтау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасады.
1838 жылы Ақмола бекінісіне шабуыл жасады.
1838 жылы Орта жүз қазақтарының негізгі бөлігі Кенесары туының асына шоғырланды. Оған би Жоламан Тіленшіұлы жасақтарымен келіп қосылды.
1841 жылы Қоқан әскерлері орналасқан Созақ, Жаңа қорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршады.
1841 жылы Кенесары қолы Ташкентке аттанды, бірақ жұқпалы аурудың шығуына байланысты жорық іске аспады.
1842 жылы Сотников Кенесары жасақтарына қарсы жорықты бастады. 1843 жылы Лебедевтің отряды, Геке мен Бизановтордың бес мыңдық отряды екінші топты ұйымдастырды. Бұл отрядтарды сұлтандар - А. Жантөреұлы, Б. Айшуақұлы қолдады. Кенесарыға қарсы тұрған 44 сұлтан шілде айының 20-нан 21-не қараған түні ұрыс даласында қаза тапты.
Кенесары сенімді өкілдері арқылы І Николай патшаға арналған хат тапсырды. Онда қазақ жеріндегі округтік приказды жою, Абылай тұсындағы қазақ жерлерінің дербестігін қалпына келтіру, халықтан алым-салық жинауды тоқтату болды. Кенесары өкілдері тұтқындалып, жазаға тартылды.
Көтерілістің екінші кезеңінде талаптарын жұмсартты: әскери бекіністер салынбаған жерлерді сақтап қалуға тырысты. 1845 жылы сәуірде Кенесарыға Долговтың, кейіннен Герннің елшілігі келді. Олардың талабы отарлауды бұрынғыдай қалдыру, Кенесарыға өзге елдермен дипломатиялық байланыс жасауға тыйым салу, қазақ руларына орыс үкіметі межелеп берген жерлерге ғана көшіп-қону болды. Екі ай Кенесарымен бірге жүрген елшілер талаптары орындалмаған соң Орынборға қайтты.
Кенесары құрған хандықтың ерекшеліктері:
- Хандық кеңестің құрамы ханның жақын туыстары мен би, батыр, сұлтандардан тұрды.
- Негізгі билік ханның қолында болды.
- Хандық кеңестің құрамына күрестің мақсаттарына берілген, ұрыста ерлік көрсеткен, дипломатиялық қасиеттерін көрсете білген өкілдер кірді.
- Хандық сотты кіргізді.
- Баж салығын, алым-салықты ретке келтіретін, қаржы мәселесімен айналысатын қызметкерлер болды.
Мынандай өзгерістер шаруашылық ісіне кіргізілді:
- Жер саясаты - егіншілікке, отырықшылыққа көшу.
- Сауда байланыстарын реттеу.
- Әскери күшті өз еркімен құрды.
Кенесары қатаң тәртіп орнатты. Опасыздық үшін бір жаза - өлім жазасы кесілді.
Кенесары көтерілісінің ерекшеліктері:
- Бүкіл Қазақстанды қамтыды.
- Көтеріліске өзге ұлттың өкілдері де қатысты.
- Көтеріліс барысында дербес хандық құрылды.
1847 жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді. 1847 жылы Майтөбе жерінде Кенесары жасағы жеңіліс тапты. Осы жерде өзі де қаза болды. Көтеріліс ХІХ ғасырдағы ең ірі көтерілісі ретінде тарихта қалды.
Кенесары Қасымұлының басшылығымен іске асырылған өзгерістерінің ішінде көңліл аударатын жайт - жер саясаты. Егіншілікке көшуді, жер шаруашылығын дамытуды Кенесары әруақытта қолдап отырған.
Алайда Кенесары Қасымұлы отряттарының көтеріліс аудандары қамтыған жерлермен өтетін керуендерді жиі-жиі тонауы, осы өңірдің экономикалық дамуына кері әсер етті. Қалалардың да көшпенді қазақтармен сауда жасауы мен байланыстары құлдырады. Орынбордан, Петропавлдан, Семейден, Орта Азияға, Шығыс Түркістанға тауар апаратын көпестердің байланыстарына үлкен нұсқан келтірілді.
Алайда Кенесары ру арасын жегідей жеген барымтаға, жижиі болып тұратын тартыстарға қарсы болып, қатаң шаралар қолдаанды. Әскери істе Кенесары мен оның көмекшілері бірқатар өзгерістерді іске асырды. Батырлар мен төленгіттер басқарған әскери күш негізінен өз еркімен құралған жасақтар болып, қарқынды күшті құрады.
Әскерде қатаң тәртіп орнатылды. Опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілді.
Көтерілістің тарихи маңызы зор болды. Ол үш жүзді қамтыған, отаршылдыққа бағытталған ірі көтеріліс болды. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ елінің ішкі қайшылықтарының патша өкіметінің саясатымен тығыз байланыста екенін ашып көрсетті.
4. 1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ IШКI БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ ШАРУАЛАР КӨТЕРIЛIСI. БӨКЕЙ ОРДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Жайық пен Едiл өзенiнiң төменгi ағысында 1801 жылы Iшкi Орда немесе негiзiн салған Бөкейдiң атымен Бөкей ордасы құрылды. Патша үкiметiне арқа сүйеген Iшкi орда ханы әкiмшiлiк, сот билiктерiн шоғырландырып, орданы басқару жүйесiнде өзгерiстер жасады.
1827 жылы 12 биден құралған "Хандық кеңес" болды.
Шаруалар көтерiлiсiнiң себептерi:
1. Алым-салықтың ауыртпалығы - жыл сайын 10-50 мың сом аралығында әр ру ақшалай салық төлеу керек болды.
2. Iшкi Ордамен iргелес орыс бекiнiстерiнiң салына бастауы.
3. Бөкей ордасындағы ауылдық-қауымдық жерлердi орыс помещиктерi мен хан туыстарының иемденiп алуы, т. б.
Сипаты - отаршылдыққа, феодалдық озбырлыққа қарсы болды.
Қозғаушы күш i- қазақ шаруалары, старшындар мен билер де қатысты.
Көтерiлiстiң басшылары: Исатай Тайманұлы, ақын Махамбет Өтемiсұлы, Сары Едiлұлы, Тiнәлi Тайсойғанұлы, Ұса Төлегенұлы, Иманбай Қондыбайұлы, т. б.
Көтерiлiстiң кезеңдерi:
1. 1833-1836 жылдар - алғышарттардың қалыптасуы.
2. 1837 жылдың басынан аяғына дейiн көтерiлiстiң етек алған кезеңi.
3. 1837 жылдың желтоқсанынан 1838 жылдың шiлде айына дейiн - әлсiреп, жеңiлген кезеңi.
Негiзгi оқиғалар:
1. 1836 жылдың қарашасында 400 адамдық хан тобы және казактарымен Геке подполковник Меркулов тобымен бiрiктi.
Екi зеңбiрек жиыны 400 хан-сұлтан жасағы, 700 казак әскерi Тастөбе жерiнде 3000-нан астам көтерiлiсшiлермен кездестi. Зеңбiрекке қарсы тұра алмаған көтерiлiсшiлер жеңiлдi. Жеңiлiс көтерiлiстiң барысына әсер еттi. Көтерiлiсшiлер қатары азайды. Геке әскерлерi Исатайды қудалай бастады. Оны тiрiдей ұстағандарға 1000 сом, басын әкелгендерге 500 сом тiгiлдi.
2. 1838 жылы Бөкей Ордасынан қашқан қазақтардан күш жиған Исатай Жәңгiр хан ордасына шабуыл жасауды жоспарлады. Сұлтан Қарауылқожа Бабажанұлы мен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлдары Исатайға қарсы қарулы топ жасақтады. Бұларға көмекке Гекенiң жазалау күштерi қосылды. 1838 жылы шiлденiң 12-күнi екi жақтың күштерi Ақбұлақ деген жерде ақырғы шайқаста кездестi.
Шайқаста көтерiлiсшiлерден 80-дей адам өлдi. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып өлтiрдi. Махамбет тобы көтерiлiстi жалғастыру үшiн ұрыс даласынан қалған сарбаздарды алып шегiнiп кеттi.
Қолға түскен көтерiлiсшiлер қатал жазаланды. Көтерiлiстiң белсендi басшылары: Қ. Өтемiсұлы, Бекен Сарыұлы, Танрық Нұржанұлы, Балабек Нұржанұлы 500-ден дүре алып, Ригаға қара жұмысқа айдалды. Кейiнгi топқа 20-дан 50-ге дейiн дүре соғылды.
1842 жылы Ноғай руынан Аббас Қошайұлы Жәңгiрге наразылығын бiлдiру үшiн Орынборға барды. 1843 жылы Масқар руынан Лаубай Мантайұлы Орынборға сапар шектi. Бұлар салықты шамадан тыс көп жиналатынына шағымданбақшы болды. Екеуi де тұтқындалып түрмеде өлдi. Iшкi Ордадағы бұқаралық қозғалыс осылай аяқталды. Махамбет кейбiр деректерге қарағанда 1846 жылы қапыда қаза болған.
5. ХIХ ғасырдын 50-жылдарындағы ҚАЗАҚ ШАРУАЛАРЫНЫҢ ПАТША ҮКIМЕТIНIҢ ОТАРЛЫҚ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ
Көтерiлiстiң себептерi:
1. Ресейдiң Оңтүстiк Қазақстанды, Сырдарияның Оңтүстiгiн отарлауы.
2. Хиуа хандарының өктемдiгiне қарсы.
3. Алым- салықтардың көбеюi.
Көтерiлiстiң қозғаушы күшi - шаруалар
Жетекшiсi - халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы 90 жасында көтерiлiстi басқарды.
Көтерiлiстiң барысы:
1843 жылы Хиуа бекiнiсiн құлатты.
1845 жылы хиуалықтардың 2 мың қолын талқандады.
1856 жылы Жанқожа қолы 2 мыңға жеттi.
1856 жылы желтоқсанда батыр Қазалы портын қоршауға алды. Осы жылы көтерiлiсшiлер мен Булатов басқарған топ арасында қарулы қақтығыс болды.
1857 жылы Жанқожа батырдың туы астында 5000 адам болды. 1860 жылы Жанқожа көтерілісі патша әскерлерінен жеңілді. Бірақ Арал теңізінің солтүстік жағалауында Есет Көтібаровтың бастауындағы көтеріліс жалғаса берді. 1858 жылы Есет батыр көтерілісті тоқтатты. Күзінде Орынборға барып, патша билігін лажсыз мойындады. ХІХ ғасырдың 50-жылдары Оңтүстік Қазақстанның біраз жерін уақытша билеген Қоқан хандығы жергілікті тұрғындарға алым-салықты көбейтті. 1858 жылы Әулиеата маңында Қоқан езгісіне қарсы ең үлкен көтеріліс болды. Қазақ, қырғыз халқы бірлесіп күресті. Сол жылы көтеріліс басылды.
ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі
Күрестің себебі: - жаңа бекіністер салуға жердің шаруалардан тартып алынуы
- салықтардың көбеюі (шаңырақ және земство салығы - 3 сом 50 тиын) ;
- жердің патша үкіметінің мемлекеттік меншігі болып жариялануы.
1868 - 1869 ж. ж. Орал, Торғай облыстарында бұрқ еткен көтеріліске ру басылары белсене қатысты, бірақ кейіннен көтерілістің бұқаралық, таптық бағытынан сескеніп ауытқыды.
Көтеріліс жетекшілері - Сейіл Түркібайұлы және Беркін Оспанұлы болды. 1869 жылы 6 мамырда Орынбор шебінен жіберілген фон Штемпель басқарған 200 атты, 1 рота жаяу әскерден тұратын топқа Жамансай көлі маңында көтерісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасады. 7 күн қоршауда қалған жазалаушылар қайтып кетуге мәжбүр болды. Көтеріліс антифеодалдық сипатта болды. Феодалдық топтарға қарсы 41 рет шабуыл жасады. Патша үкіметі азаттық күресті жаншу үшін бірқатар әскери күштер жіберді. Көтеріліс басшылары сұлтан Ханғали Арсланұлы, билер Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы, молдалар Рысқұлұлы, Досұлы опасыздық жасады. Нашар қаруланған, ауызбірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген шаруалар жеңіліс тапты.
Қайталауға арналған сұрақтар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz