Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан



1. Тас дәуірі және оның кезеңдері
2. Қола дәуіріндегі Қазақстан
3. Қайталауға арналған сұрақтар
4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма
5. Әдебиеттер тізімі
Адам баласы жер бетінде бұдан 2 млн. Жыл бұрын пайда болған. Ең алғашқы адам қалдықтары Кениядағы (Шығыс Африка) Олдовай шатқалынан табылды. Оны епті адам деп атайды.
 Епті адам:
• жасы – 1млн. 750 мың жыл.
• миының көлемі – 652 см³ (маймылдың миынан үлкендеу).
• екі аяқпен жүрген
• табан сүйектері доғаланып келген
• еңбек құралы – жұмыр тастар.
 Тік жүретін адам: ●жасы – 1 млн-дай жыл.


Синантроп Питекантроп
Қытай адамы.1927жыл. 1891ж.Ява аралынан табылды.Ми көлемі
Пекиннің Чжо-коу-дянь 950 см куб. Бас және жақ сүйектері кіші-
үңгірінен табылған. Рейіп, аяғы ұзарып, қолы қысқарған.

 Неандерталь адамы:
• миының көлемі – 1300 – 1400 см ³
• бойы – 155 – 156 см.
• табылған жері – Германиядағы (Неандерталь) елді мекені.
Еуразия мен Африканың аймақтарынан 120 неандерталь адамының қалдықтары табылды. 1938 жылы Өзбекстанның оңт. Тесіктас үңгірінен 8-9 жастағы баланың қаңқа сүйегі табылған.
Сонымен, адамның алғаш пайда болған Отаны – Солтүстік және Солтүстік – Шығыс Африка немесе Кения. Себебі ежелгі адамның қазынды қалдықтарының көбі осы жерден, яғни экватордан солтүстікке қарай орналасқан тропиктік аймақтан табылды.
Ал Қазақстанда 1948 жылы археолог Сосновский Г.П. еңбек құралдарын зерттеген.
Ал 1958 жылы ең алғашқы адам Оңтүстік Қазақстан обл., Тараз маңындағы Қаратау жотасынан табылған. Бұны археолог Х.А.Алпысбаев зерттеген.
1. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін: Бес томдық /[ Ред. М. Х. Асылбеков, Қ. С. Алдажұманов, К. М. Байпақов] .- Алматы: АТАМҰРА. Т. 1: Палеолит дәуірінен соңғы орта ғасырларға дейінгі Қазақстан- 1996.- 541 бет.
2. Артықбаев, Жамбыл Омарұлы. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия / Ж. О. Артықбаев.- Астана: Фолиант, 2003.- 264 бет.
3. Қазақ: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы: Білім, 1994.
4. Қазақстан тарихы: Оқулық-анықтамалық /[Авт. В. С. Осколков, И. Л. Осколкова] .- Алматы: Өнер, 2001.- 64 бет.
5. Қазақстан тарихы: Хрестоматия / Құраст. М. Қ. Қозыбаев.- Алматы: АТАМҰРА, 1994.- 256 бет.
6. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. –Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
7. Маданов Х. Ұлы дала тарихы: Оқу құралы / Х. Маданов., Ч. Мусин.- Алматы: Санат, 1994.
8. Мамырұлы, Кәмен. Қазақ тарихы: [Оқулық] / К. Мамырұлы.- Алматы: ҒЫЛЫМ, 1999.
9. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы: [Оқу құралы] К. Рысбайұлы.- Алматы: Санат, 2001.
10. Маргулан А.Х. и др. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата. 1966.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
І тарау. ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

Тақырып 1. ТАС ЖӘНЕ ҚОЛА ДӘУІРЛЕРІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

1. Тас дәуірі және оның кезеңдері
2. Қола дәуіріндегі Қазақстан
3. Қайталауға арналған сұрақтар
4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма
5. Әдебиеттер тізімі
Адам баласы жер бетінде бұдан 2 млн. Жыл бұрын пайда болған. Ең алғашқы
адам қалдықтары Кениядағы (Шығыс Африка) Олдовай шатқалынан табылды. Оны
епті адам деп атайды.
❖ Епті адам:
• жасы – 1млн. 750 мың жыл.
• миының көлемі – 652 см³ (маймылдың миынан үлкендеу).
• екі аяқпен жүрген
• табан сүйектері доғаланып келген
• еңбек құралы – жұмыр тастар.
❖ Тік жүретін адам: ●жасы – 1 млн-дай жыл.

Синантроп Питекантроп

Қытай адамы.1927жыл. 1891ж.Ява аралынан табылды.Ми көлемі
Пекиннің Чжо-коу-дянь 950 см куб. Бас және жақ сүйектері кіші-
үңгірінен табылған. Рейіп, аяғы ұзарып, қолы қысқарған.

Неандерталь адамы:

миының көлемі – 1300 – 1400 см ³

бойы – 155 – 156 см.

табылған жері – Германиядағы (Неандерталь) елді мекені.

Еуразия мен Африканың аймақтарынан 120 неандерталь адамының қалдықтары
табылды. 1938 жылы Өзбекстанның оңт. Тесіктас үңгірінен 8-9 жастағы
баланың қаңқа сүйегі табылған.
Сонымен, адамның алғаш пайда болған Отаны – Солтүстік және Солтүстік –
Шығыс Африка немесе Кения. Себебі ежелгі адамның қазынды қалдықтарының көбі
осы жерден, яғни экватордан солтүстікке қарай орналасқан тропиктік аймақтан
табылды.
Ал Қазақстанда 1948 жылы археолог Сосновский Г.П. еңбек құралдарын
зерттеген.
Ал 1958 жылы ең алғашқы адам Оңтүстік Қазақстан обл., Тараз маңындағы
Қаратау жотасынан табылған. Бұны археолог Х.А.Алпысбаев зерттеген.

1. ТАС ДӘУІРІ

(б.з.б. 2 млн.- 12 мың жылға дейін)

Адамзат өмірі белгілі әлеуметтік-экономикалық формацияларға
байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Археология ғылымының өзіне тән
кезеңдерге жіктеу жүйесі қалыптасқан: тас, қола, темір дәуірлері және
ортағасырлар. Бұл дәуірлер өз кезегінде бірнеше кезеңдер мен мәдениеттерге
бөлінеді.
Адамзат өмірінде алғашқы қауымдық кезең негізгі рөл атқарады. Ол тас
дәуірінен басталады. Бұл кезеңде адамның алғашқы еңбек құралдары тастан
жасалды. Сонымен қатар, өндіргіш күштердің төменгі деңгейімен сипатталады,
себебі, адам табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен ғана шектелді.

Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
Тас дәуірі Мезолит (орта тас дәуірі)
Неолит (жаңа тас дәуірі)

ПАЛЕОЛИТ

Ежелгі палеолит Соңғы палеолит

(б.з.б. 2 млн.-140 мың жыл бұрын) Орта палеолит (б.з.б.40-12 мың жыл
бұрын)

(б.з.б.140-40 мың жыл бұрын)

ЕЖЕЛГІ ПАЛЕОЛИТ
(б.з.б. 2 млн.-140 мыңжылдықтар)

Ежелгі Қазақстан климаты: Таулар аласа болғандықтан оңтүстіктен, Үнді
мұхит жақтан Қазақстанға ылғалды жылы ауа соғып тұрды. Жылы жаңбыр жиі
жауды. Субтропиктік ормандар жайқалды. Біздің заманымыздан 100 - 80 мың
жылдай бұрын климаты өзгеріп, ауа- райы суытып, тауларды мұз басты. Ауа-
райының суытуы ұзаққа созылды. Тек 12 мыңыншы жылда жылынып, климат
қалыптасты.

Ежелгі палеолит үш ірі кезеңге немесе мәдениетке бөлінеді: олдувэй
(бұдан бұрынғы 2,6 млн.жыл – 700 мың жыл), ашель ( бұдан бұрынғы 700 мың –
150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың – 35-30 мың жыл).
Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғышарттары
бірте-бірте қалыптаса бастады. Ал мустье кезеңінде жынысы мен жасына қарай
табиғи еңбек бөлінісі қалыптасып, қауымның басты нысандары шыға бастады.
Ежелгі адамдар ежелгі палеолит (б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар)
дәуіріне жатады.
Қоныстар: Оңт. Қазақстандағы Қаратау жотасы, Арыстанды өзенінің бойы,
Жамбыл облысындағы Шабақты, Бөріқазған, Тәңірғазған, Ақ көл 1 тұрақтары, Шу
өзенінің оң жағасындағы Қазанғап шатқалындағы Қарасу тұрағы, Орталық
Қазақстандағы Құдайкөл тұрағы, Жезқазған қаласының маңындағы Жаман-Айбат
және Қарағанды облысындағы Обалысай тұрақтары.
Алғашқы еңбек құралдары: чоппер, чопплинг, қол шапқы, шақпақ тас.
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: ірі жануарларға
аңшылық, терімшілік дамып, отты пайдалана бастады. Түрғын үйлерін (ірі
жануарлардың сүйектерін терімен жабу арқылы) қалыптастырып, үңгірлерді де
пайдалана білді. Қауымдық меншік адамдар арасындағы теңдікті қалыптастырды.

ОРТА ПАЛЕОЛИТ( мустье )

(б.з.б. 140 – 40 мың жылға дейін, 80 мыңжылдықта жер бетін мұз басу дәуірі
басталды)

Мустье дәуірі – ежелгі адамның дамуы мен мәдениетіндегі жаңа кезең.
Өзгерістер:
• ауа – райы салқындады
• тау түзілу құбылысы жүрді
• мұз басу нәтижесінде өзен – көлдер өзгеріске ұшырады
• үлкенді – кішілі өзендердің арналары қалыптасты
Еңбек құралдары: тас жарықшақтары, тілгіштер, қырғыштар, үшкір тас,
балта.
Бұл кездегі адамдардың басты кәсібі – аңшылық пен терімшілік болды. Аң
аулаудың басты әдісі – аңды қуып жүріп, болдыртып, қаумалап ұстау болды.
Ежелгі мустье кезеңіндегі адам неандертальдық деп аталды. Маңдайы
тайқы, мойыны қысқа, тістері өте ірі, иегі қалыптаспаған, мағыналы сөйлей
алмаған.
Археологиялық ескерткіштер: Орталықтардың бірі – Оңтүстік
Қазақстандағы Қаратаудан жер бетіне жақын орналасқан бірнеше адам тұрағы
табылды. Бұлар – Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл көлінен оңтүстікке
қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек тұрақтары, Арыстанды
мекеніндегі Шоқан Уәлиханов тұрағы, Орталық Қазақстандағы Обалысай тұрағы,
Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының тұрағы табылды. Мустье
дәуірінің еңбек құралдары, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы
Мұзбел деген жерден және Есіл өзенінің жоғарғы жағынан, яғни Қарағандының
солтүстігіндегі Батпақ (8,12) шатқалынан және Шығыс Қазақстанда Қанай
ауылынан табылған. Ал Жезқазған облысының Ағадыр ауданында Өгізтау – 1 және
2, Үлкен Ақмая тұрақтарынан сұрғылт кварциттен жасалған еңбек құралдары
кездеседі.

КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ
(б.з.б. 40 –35 – 12 мың жыл бұрын)
Бұл дәуірде саналы адам қалыптасты. Мұндай адам сүйегі бірінші рет
Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылды. Оны кроманьондық деп атайды.
Тұрпаты:
➢ маңдайы жазық.
➢ қабақ үсті шығыңқылау.
➢ мұрыны кішірек.
➢ бас сүйегі сопақшалау.
➢ иегі айқын.
➢ шекелі.
➢ бас сүйегі – 1500 – 1800 см³.
➢ бойы биік – 168 – 194 см.
➢ аяқтары ұзын, тік жүрген.

Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Тамақ табудың негізі
– аң аулау болып қала берді. Аңшылардың аң аулау барысында ұзақ жорықтар
жасауы – тұрғын үйдің бір түрі ретінде күркелі уақытша қоныстардың пайда
болуына әсер етті.
Адам бұрынғысынша жеуге жарайтын жеміс-жидектерді терумен айналысты.
Осындай жағдайда қоғамдық қатынастар жетіліп, адамның бірлескен ұйымының
алғашқы түрі­ рулық қауым болды.
Саналы адамның шығуы мен кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзам
қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында
тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогрестік
дамуымен, рулық қауымның қалыптасуы үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық
ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретіндегі рудың шығуымен тікелей
байланысты. Рулық ұйым барлық жерде ана тектес және шеше жағынан топтасты,
ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды. Соныме, аналық ру өзара қандас
туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың
экзогамиялық тобы болды.
Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті.
Аңшылар магиясына табыну кең таралды. Мұның негізінде хайуанның бейнесін –
символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магия
алғашқы өнер болып табылады. Оның басты тақырыбы - әр түрлі жануарлардың
суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып
немесе жұмсақ тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын ,
аналық қасиетті бейнеледі.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дүниедегі
өмір туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді.
өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген
қабыршақтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына
мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тізбесі
тігілді. Өліктің қасына шақпақ тастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.
Еңбек құралдары: пышақ тіліктер, шақпақ тас пен яшма.

Ескерткіштері:
1. Шолаққорған қалашығының батысындағы Ащысай тұрағы. Бұл жерден
15 от орны анықталды.
2. Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағынан қырғыш тастар, сүңгі
ұштары табылды.
3. Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар
жиналды.
4. Шығыс Қазақстан территориясында – Қанай, Свинчатка, Пещера,
Ново-Никольское, Шүлбі тұрақтары.

МЕЗОЛИТ ДӘУІРІ
(б.з. б. 12- 5 мыңжылдықтар, 10-шы мыңжылдықта мұз басу дәуірі
аяқталды).

Мезолит дәуірі­ ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірі­неолит арасын
жалғастыратын көпір. Сонымен қатар, бұл дәуірді көшпелі және отырықшы
тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму
уақыты ретінде сипаттауға болады. Бұл кезеңде екі маңызды оқиға болған –
жебелі садақтың және үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент формасындағы ұсақ тас
пластиналар – микролиттердің пайда болуы.
Өзгерістер:
• ауа – райы күрт жылынды;
• мұздар еріді;
• шөбі мол далалардың көлемі азайды;
• жануарлар құрып кетті;
• адамдар жануарлар артынан көіп отыруға мәжбүр болды.

Шаруашылығы: “Мамонттық ” жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың
бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа
әдістерін жедел іздестіру қажеттілігін туғызды. Ұсақ жануарларға аңшылық
етіп, итпен жеке аңшылық ету қалыптасты. Кейбір аймақтарды егіншілік пен
мал шаруашылығы элементтері пайда болып, ал кейбір жерлерде балық аулау мен
аңшылық қалыптасты.
Шаруашылықта болған өзгерістер қауымның бқлшектенуіне әкеп соқты, яғни
қауымда 30 –дан 100 ге дейін адамдар болды.
Еңбек құралдары: жебелі садақ пен бумеранг. Еңбек қүралдарын жасауда
қыстырма техникасы қолданылды. Бұл техника бойынша заттың (пышақтың,
қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды.
Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2-1 см
пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе
қара майлы затпен бекітілген. Осындай сапқа бекітудің негізінде кез-келген
еңбек құралын дайындауға болатын еді. Мысалы: жебелердің, шанышқылардың,
найзалардың ұштары, тері өңдеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар,
сүйек пен ағашты өңдеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер,
кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар.

Ескерткіштері:
1. Солтүстік Қазақстанда – шағалалы мәдениеті
(Виноградовка – 2а,12 тұрақтары)
2. Орталық Қазақстанда - Әкімбек, Қарағанды – 15
тұрақтары
3. Оңтүстік Қазақстанда – Жаңа шілік, Маятас
тұрақтары
4. Батыс Қазақсстанда – Дүзбай – 6, Дачная,
Евгеньевка тұрақтары

НЕОЛИТ ДӘУІРІ
(б.з.б. 6 – 5 мыңжылдықтар)

Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды.
Өзгерістер:
• адамдар табиғи жануарларды қолға үйретті, жер өңдеумен айналыса
бастады.
• қыш ыдыс – керамика жасаудыүйренді. Олардың сыртында геометриялық
өрнектер салынған.
• тас өңдеу әдістері жоғарғы дәрежеге жетті. Тас қалдықтардан сына
дайындады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР территориясындағы тас және қола дәуірлері
Ежелгі палеолит кезеңіндегі Қазақстан
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Археологиялық қазба деректерді қазу әдістері
Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан жері
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Пәндер