Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар



1. Сақтар. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

2. Үйсіндер. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

3. Ғұндар. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

4. Қаңлылар. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

5. Қайталауға арналған сұрақтар

6. Студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырма

7. Әдебиеттер тізімі
Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық одақтардың пайда болуы темір ғасырымен сәйкес келеді. Темір қорыту б.д.д. 8-5 ғасырлардан бастау алады. Адамдар толығымен көшіп-қонуға негізделген мал шаруашылығына көшті. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, әлеуметтік теңсіздік одан әрі дами түсті. Рулар арасында жер үшін жиі-жиі соғыстар мен талас-тартыстар рулық одақтардың (тайпалардың, тайпалық одақтардың қалыптасуын тездетті). Археологтар бүгінде ерте темір дәуіріне жататын құнды олжаларды Шілікті аңғарынан, Жетісуда-Іле өзені бойынан, Орталық Қазақстанда Тасмола т.б. қорғандарынан тапты. Алғашқы Қазақстан териториясында пайда болған рулық тайпалық одақтар (сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар және т.б.).

1. САҚТАР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ

Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Сақ әулетінің негізін Алып-Ер Тұнға (Афрасияб) қалаған. Діні-Тәңірінің діні. Жазуы- көне түркі тілі. Сөйлеу тілі- Алтай тіл тобына жататын түркі тілі. Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі. Сақтар тарихи жылнамалар мен көркем әдебиетте «Азиялық скифтер, Құдіретті еркектер, Жүйрік атты турлар, Скиф- сақтар, Савроматтар » деп аталады. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер антикалық авторлардың еңбектері мен парсы-иран жазбаларында кездеседі.
Шығыстанушылардың пікірінше сақтар үшке бөлінген. Олар: теңіздің ар жағынан келген сақтар, хаома сусынын даярлайтын сақтар және шошақ бөрікті сақтар.

Теңіздің ар жағынан келген сақтар: Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын және , Сырдариянның төменгі ағысын мекендеген
Шошақ бөрікті сақтар: Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шань мен Жетісуды мекендеген.
1. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін: Бес томдық /[ Ред. М. Х. Асылбеков, Қ. С. Алдажұманов, К. М. Байпақов] .- Алматы: АТАМҰРА. Т. 1. 1996.- 541 бет.
2. Аманжолов, Керейхан Рахымжанұлы. Түркі халықтарының тарихы Оқу құралы / К. Р. Аманжолов.- Алматы: Білім, 1999. 3-кітап: XVІІІ ғасырдың 2-ші жартысынан XX ғасырдың 1-ші ширегіне дейінгі кезең.- 1999.- 328 бет.
3. Аманжолов, Керейхан. Түркі халықтарының тарихы: Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV ғасырына дейінгі кезең: Оқу құралы / К. Аманжолов., К. Рахметов.- Алматы: Білім, 1996.- 272 бет.
4. Артықбаев, Жамбыл Омарұлы. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия / Ж. О. Артықбаев.- Астана: Фолиант, 2003.- 264 бет.
5. Қазақ: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы: Білім, 1994.
6. Қазақстан тарихы: Оқулық-анықтамалық /[Авт. В. С. Осколков, И. Л. Осколкова] .- Алматы: Өнер, 2001.- 64 бет.
7. Қазақстан тарихы: Хрестоматия / Құраст. М. Қ. Қозыбаев.- Алматы: АТАМҰРА, 1994.- 256 бет.
8. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. –Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
9. Маданов Х. Ұлы дала тарихы: Оқу құралы / Х. Маданов., Ч. Мусин.- Алматы: Санат, 1994.
10. Мамырұлы, Кәмен. Қазақ тарихы: [Оқулық] / К. Мамырұлы.- Алматы: ҒЫЛЫМ, 1999.
11. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алма-Ата, 1963.
12. Маргулан А.Х. и др. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата. 1966.
13. Кузембайулы А., Е.Абил. История Республики Казахстан. –А, 2000

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 2. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР

1. Сақтар. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

2. Үйсіндер. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

3. Ғұндар. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

4. Қаңлылар. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

5. Қайталауға арналған сұрақтар

6. Студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырма

7. Әдебиеттер тізімі

ТЕМІР ҒАСЫРЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
(ерте темір дәуірі – б.з.б. 8-5 ші мыңжылдықтар)
(б.д.д. 1-ші мыңжылдық).

Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық одақтардың пайда болуы
темір ғасырымен сәйкес келеді. Темір қорыту б.д.д. 8-5 ғасырлардан бастау
алады. Адамдар толығымен көшіп-қонуға негізделген мал шаруашылығына көшті.
Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, әлеуметтік теңсіздік одан әрі дами түсті.
Рулар арасында жер үшін жиі-жиі соғыстар мен талас-тартыстар рулық
одақтардың (тайпалардың, тайпалық одақтардың қалыптасуын тездетті).
Археологтар бүгінде ерте темір дәуіріне жататын құнды олжаларды Шілікті
аңғарынан, Жетісуда-Іле өзені бойынан, Орталық Қазақстанда Тасмола т.б.
қорғандарынан тапты. Алғашқы Қазақстан териториясында пайда болған рулық
тайпалық одақтар (сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар және т.б.).

1. САҚТАР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ

Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Сақ
әулетінің негізін Алып-Ер Тұнға (Афрасияб) қалаған. Діні-Тәңірінің діні.
Жазуы- көне түркі тілі. Сөйлеу тілі- Алтай тіл тобына жататын түркі тілі.
Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі.
Сақтар тарихи жылнамалар мен көркем әдебиетте Азиялық скифтер, Құдіретті
еркектер, Жүйрік атты турлар, Скиф- сақтар, Савроматтар деп аталады.
Сақтар туралы алғашқы мәліметтер антикалық авторлардың еңбектері мен
парсы-иран жазбаларында кездеседі.
Шығыстанушылардың пікірінше сақтар үшке бөлінген. Олар: теңіздің ар
жағынан келген сақтар, хаома сусынын даярлайтын сақтар және шошақ бөрікті
сақтар.

Теңіздің ар жағынан келген сақтар: Қара теңіздің солтүстігін, Арал
маңын және , Сырдариянның төменгі ағысын мекендеген
Шошақ бөрікті сақтар: Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шань мен Жетісуды
мекендеген.
Хаома сусынын даярлайтын сақтар: Мургаб алқабы мен алтынға бай
Алтайды мекендеген.

Жазбаша деректер мен археологиялық деректер б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғғ.
Қазақстан және Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен
– Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. ҮІ ғ. ортасында Ахеменидтер мемлекеті
құрылған уақыттан бастап – Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Кир
Лидия патшасы Крезбен соғысу барысында сақтармен одақтасып, әскери көмек
алған. Кейінен Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындырғысы келіп,
көптеген қол жинап соғыс ашады. Бұл жорығы б.з.б. 530 жылға тұспа –тұс
келеді. Бірақ жорықта Кир сақ патшайымы Томиристен жеңіліс табады.
Б.з.б. 518 жылы Кирдің жорықтарын І Дарий жалғастырып, массагет-
сақтармен соғысады. Бірақ ол жеңіліске ұшыраған.
Б.з.б. ҮІ ғ. аяғы – Ү ғ. Басында ежелші Шығыста гре-парсы соғыстарының
басталуымен байланысты ірі саяси оқиғалар болған. Кейбір сақ тайпалары бұл
соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты.
Б.з.б. 500 – 449 жж. Грек-парсы соғыстары парсылардың жеңілуімен аяқталды.
Бұл кезде Грецияда экономикалық және саяси дағдарыс шиеленісіп, құл
иеленушілер бұдан шығу жолын Шығысқа шабқыншылық жорық ұйымдастыру деп
білді. Б.з.б. ІҮ ғ. 30 – жылдарында македондық – гректер Александр
Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның әскерін
талқандап, Орта Азияға басып кірген. Маракандты (Самаркандты) алып,
Сырдарияға бет алды.
Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде
Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер ретінде массагеттер белсене
қатысты. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде
олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-
сақтардың қолдауын пайдалана отырып, македондық-гректердің әскеріне бірнеше
дүркін соққы берген. Оларды әлсірету үшін Александр Маедонский араларына
жік салып, өзара арандатушылық тудырып отырған. Үш жыл бойы болған соғыстың
нәтижесінде македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын
уақытша бағындырады. Тек Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінің
тәуелсіздігін сақтап қалды.
Шаруашылығы. Сақ тайпалары көшпелі мал шаруашылығы (әсіресе қой
шаруашылығы) және кей жерлерде жартылай отырықшылықпен айналысты.
Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанның далалы,
шөлдері мен шөлейтті аймақтарында жыл бойы көшіп-қонып жүрумен сипатталды.
Бұл жерлерде егіншілік дамымаған, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана
таралды. Өсірілетін мал түрі: негізінен, қой, түйе, жылқы, ал ірі қара аз
болған.шаруашылықытың қосалқы түрі ретінде аң аулау дами бастаған.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Жетісу, Шығыс Қазақстанның дала,
орман және биік таулар араласып отыратын аудандарында, сонымен қатар, Тянь-
Шань мен Алтай таулары сілемдерінде дамыған. Бұл шаруашылық түрінде
маусымдық жайылымдар кеңінен қолданылып, олардың арақашықтығы жақын болған.
Мұнда тік әдіс қолданылған, яғни өзен бойларындағы қыстаулардан тау
баурайларындағы көктемгі жайылымға, одан әрі биік таулардағы шөбі қалың
жайлауларға көшетін болған.
Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан аудандарындағы Сырдария,
Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жоталарының баурайларында
дамыған.
Сақтардың шаруашылығында малдың басым көпшілігін жыл бойы жайып бағу
болып табылатын шаруашылықтың жайылымдық-экстенсивті сипаты мал шаруашылығы
экономикасының барлық нұсқаларының ортақ сипаты болды. Кейбір сақ
тайпаларында қосалқы кәсіп ретінде аңшылық пен балық аулау да қоса
жүргізілген.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты – қой шаруашылығы болды.
Жылқы малы да көшпелі және жауынгер сақтың өмірінде маңызды рөл атқарды.
Б.з.д. 1 мыңжылдықта Ұлы Жібек жолының жұмыс жасай бастауына
байланысты сақтарға жібек, иран кілемдері келіп, өздері лазурит пен
нефритті саудалай бастады. Сонымен қатар ішкі сауда да дами бастады.
Қоғамдық құрылысы. Сақ тайпасын- тайпа көсемі басқарды ол әрі әскердің
қолбасшысы болды. Тайпа одақтарының көсемдері: жайылым, көш, жер бөлу, жер
дауы, ру мен тайпа арасындағы дау жанжалдарды қадағалады. Сонымен қатар сақ
қоғамында адамдардың үш әлеуметтік тобы болды. Олар: жауынгерлер, абыздар
және қауым адамдары болды. Әр қоғамдық топтың өзіне тән киімі болды.
Жауынгерлер - қызыл, абыздар – ақ ал қауым адамдары – сары және көк болды.
Мәдениеті. Сақтарда ата-баб аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен
желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген
туыстарының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары,
үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүниелік
өмір бар деген сенімге негізделді. Осыған байланысты өлген адам бұл
дүниедегі дәрежесі, материалдық игіліктерімен қоса жерленген.
Сонымен қатар, олар отқа, жылқыға, күнге және басқа да аспан
шырақтарына табынған. Кейбір деректер бойынша сақтардың сыйынатын негізгі
құдайы – Күн.
Сақ тайпаларының көркем өнерінде қолданбалы өнер ерекше орын алады.
Сақтардың әйгілі даналық өрнектері- аңдық стиль өрнек үлгілерімен
жасалған заттар Алтайдағы Пазырық, Шілікті, Берел, Алматы түбіндегі Есік
қорғандарынан табылды. Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге бөлуге
болады:
➢ Көне заманғы – б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғғ.
➢ Гүлдену, өрлеу кезеңі – б.з.б. ҮІ – ІҮ ғғ.
➢ Құлдырау кезеңі – б.з.б. ІІІ – ІІ ғғ.

Қолданбалы өнерде әртүрлі ою - өрнектер қолданылған: геометриялық,
өсімдік тектес, зооморфтық, символдық.
Жартастардағы суреттер – петроглифтер сақтар мәдениетінің бір
көрінісі болып табылады.

Археологиялық ескерткіштері:
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда – Бесшатыр қорымы, „Есік” обасы, Қарғалы-1,
Алтынемел-2, Қадырбай – 2.

Шығыс Қазақстанда сақтардың материалдық мәдениеті үш кезеңнен тұрады:

➢ Майәмір кезеңі – б.з.б. ҮІІ – ҮІ ғғ.
➢ Берел кезеңі – б.з.б. Ү-ІҮ ғғ.
➢ Құлажорға кезеңі – ІІІ – І ғғ.
Негізгі ескерткіштері: Мәйәмір, Шілікті, Берел
Солтүстік Қазақстан – Бірлік-2, 5, Бірлік, Алыпқаш -1, 13, Покровка-1,
Бектеңіз-3,
Орталық Қазақстанда тасмола мәдениеті дамыған. Ол үш кезеңнен тұрады:
➢ Бірінші кезең – б.з.б. ҮІІ – ҮІ ғғ. (Тасмола – 1-5, Қарамұран -1,
Нұрманбет-4 қорымдары)
➢ Екінші кезең – б.з.б. Ү – ІІІ ғғ.
➢ Үшінші кезең – б.з.б. ІІІ – І ғғ. (Нұрманбет-1, Қарамұрын-2
қорымдары)
Батыс Қазақстанда савромат-сармат мәдениеті негізгі рөл атқарды (Елек
өзені бойында, Целинный-1, Сынтас, Бесоба, Нагорный қорымдары)
2. ҮЙСІНДЕР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ
Б.з.д. бұрын 1- ғасырдың аяғында Қазақстан далаларына Орта азиядан
келген үйсіндер сақтарды ығыстырып, тарих сахнасына келіп, б.з.б. 3-2
ғасырларда өмір сүрген. Негізгі териториясы- Іле алқабы- батысы Шу мен
Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанамен
ұштасты. Астанасы- Чигучен (Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасында
орналасқан.
Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ
даланы алып жатқан. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси
жағынан тәуелділікте болған. Б.з.б. 177 жылы өз мемлектін құрайды.
Б.з.б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққа таласуға байланысты өзара
алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұл гуньмо мен кіші гуньмо пайда
болып, территориялары белгіленген. Кіші гуньмоны Өжет, ұлы гуньмоны –
Янгуйби басқарған. Үйсіндердің одан кейінгі саяси тарихы екі гуньмо
арасындағы өзара қайшылықтарға толы болды. Өзара қақтығыстарда ұлы гуньмо
Қытайға, екіншілері кангарлар мен ғұндарға арқа сүйенген. Бірақ ғұндар
империясы құлағаннан кейін, оның одақтасымен қатынастары бұзылып, б.з.б. 49
жылы Өжет шекаралық шайқастарда жеңіліске ұшырап, б.з.б. 44 жылы ғұндар
Чигучен қаласын тонайды. Бұл оқиғалар үйсіндердің Қытаймен қарым-
қатынастарының нығаюына әсер етіп, б.з.б. 36 жылы олар солтүстік ғұндарға
қарсы жорық жасайды.
Б.з.б. 30 – жылдары ұлы және кіші гуньмо арасындағы қайшылықтар
шиеленісіп, кейіннен екі иелік те өз бетіндіктерін жоғалтып, Қытаймен
басқарылады. Тек б.з. ІІ ғ. Қытай тәуелділігінен босаған.
ІҮ ғ. Жетісуды монғол тілдес халық – сяньбидің қолында болып, ІҮ ғ.
Соңынан ҮІ ғ. Ортасына дейін бұл территорияны жужандар билей бастайды.
Жужандардың жиі шабқыншылығының нәтижесінде үйсіндер Жетісудан Тянь-Шань
жаққа көшуге мәжбүр болған. Кейінірек, 425 ж. Үйсіндер Қытайға өз елшіерін
жіберіп, 436 ж. Вэй империясының жауапты елшілерін қабылдаған. Осыдан
бастап үйсіндер Қытайға жыл сайын сыйлықтарымен елшілерін жіберіп отыратын
болады. 5 ғ. Бастап үйсін атауы тарих жазбаларында кездеспейді.
Шаруашылығы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен (әсіресе
жылқы шаруашылығымен) және Талас, Сырдария өзендерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары ( салыстырмалы кесте )
Найман мен керейіт тайпалар одақтары
Қазіргі қазақ мемлекеттігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы
Сақ тайпалары
Алғашқы таптық қоғамның қалыптасуы
Сақ тайпалық одағы
АҚ ОРДА ХІV-ХV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА
Орыс, қазақ ғалымдарының қазақ этногинезін зерттеу тарихы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Пәндер