ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )


Тақырып 3. ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (ҮІ - Х ҒҒ. )
- Түрік қағанаты
- Батыс түрік қағанаты
- Түркеш қағанаты
- Қарлұқ мемлекеті
- Оғыздар мемлекеті
- Қайталауға арналған сұрақтар
- Студенттердің оқытушымен өзінді жұмысына тапсырма
- Әдебиеттер тізімі
1. ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ
(552 - 603 жылдар)
Түріктер - Оңтүстік Азияны мекендеген көшпелі тайпалар. «Түрік» этнонимі алғаш рет 542 жылы қытай жылнамаларында кездеседі. Олар Монғолиядағы Жожан хандығына бағынып, алым-салық пен темірден қару-жарақ жасап беріп отырған. 546 жылы Бумынь тирек әскерлеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, тиректердің 50 мыңнан астам әскерін қолға түсіреді. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды жеңеді. Осы кезден бастап, түрік билеушілері қағандар атағын алып, аварлардың бұрынғы күш-қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өздерін мұрагер ретінде орнықтырады.
ҮІ ғасырда түріктер күшейіп, Жожан хандығымен шайқаста жеңіп, Түрік қағандығын (мемлекетін) құрады. Түріктердің жоғарғы билеушісі Бумын өзін “қаған ” деп жариялайды.
Бумын қаған тұсында Түрік қағандығы мейлінше күшейіп, шығысында кедендерді, батысында ақ гундарды талқандап, Монғолия мен Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпаларды және Алтайдан Каспиге дейінгі ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларын қол астына қаратты. 563-567 жылдары түріктер Орта Азия эфталиттерін жаулап алады.
603 жылы билікке таласқан ішкі талас-тартыстан Түрік қағандығы Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Екі түрік қағандығының арасын Алтай тауы бөліп тұрды.
Истеми(Стемвис, Дизабул)
Қара Журин
Түрік (Богэ) (599-603 жж)
Бумын (Тумынь) (552 ж)
Қара Ыссық (552 - 553 жж) Мұқан (553 - 572 жж) Арыслан (Тобо) (572-581 жж)
Баға Ышбара (Шаболио (581-587 жж) Чулохоу (Чолдыг-жабғу) (587 - 588 жж)
Юн Улуг (Дулань) (588 - 599 жж) Ирбис Булу (Юйгу, Юкук) (638(641 - 643)
2. БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ
(603-704 жылдар)
Батыс түрік қағандығының шекарасы: Алтайдан Тянь- Шаньға дейін, шығыста Баркөлден бастап, Арал, Каспий теңізіне дейін болды. Қағандықтың астанасы Шу бойындағы - Суяб қаласы болды. Батыс түрік қағандығының құрамына: үйсін, қаңлы, оғыз, шығыл, дулат, түркеш , қарлұқ, төле, басмыл, қыпшақ, жайма т. б. кірді.
Шаруашылығы . Көшпелі мал шаруашылығымен және Іле, Шу, Талас өзендері алқабы мен Алатау баурайында суғармалы егіншілікпен айналысып, тары, бидай, арпа, сұлы екті. Сонымен қатар бау-бақшамен айналысты. “Ұлы Жібек” жолы Батыс пен Шығысты басып өтетіндіктен сауда-саттық жақсы дамып, ақша айналымы пайда болды. Құлан, Тараз, Мерке тәрізді қалалар гүлдене түсті. Будда ғұламасы Шуан Заңның жазбаларында Суябтың батысында түріктерде оншақты қала бар деп көрсеткен.
Басқару жүйесі. Ең жоғарғы билеушісі қаған деп аталып, әрі әскери қолбасшы болып есептелген. Қағаннан кейін янғу, тегін, шад деген жоғары лауазымды адамдарға қағанның туыстары мен балалары тағайындалып, өздеріне қарасты тайпаларды билеген. Батыс түрік қағандығында үкімет билігі атадан балаға мұрагерлікпен беріліп, оны ашна тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Халықтың негізгі бұқарасы “ қара будун ” деп ал ең төменгі жігін “тат” деп атады. Сонымен қатар үй жұмысында соғыста қолға түскен “ құлдар ” жұмыс жасады. Бұқара халық шонжарларға алым-салық төлеп тұрды. Бүкіл ел ру тайпа жіктері бойынша басқарылды. Қағандықтың негізгі халқы “он оқ ”, он тайпаға бөлінді. Әр тайпаның басшысы “ шад” деп аталды. Он ірі тайпа “ оң қанат ” және “ сол қанат ” деп екіге бөлінді. Қағанның күш қуаты әлсірегенде тайпалар арасында қиян-кескі шайқастар болып тұрды.
Мәдениеті. Батыс түрік қағандығының халқы біріңғай түрік тілінде сөйледі. Жазуы (Орхон-Енисей жазуы), оны тұңғыш рет оқыған дат ғалымы Томсон болды. 6-8 ғасырдан қалған үш ескерткіш Білге қағанның, оның інісі Құлтегінің және Тоныкөктің құлпытастарына жазылған жазулар еді. Жұңғоның жазба деректерінде: 7 ғасырдың басында 630 жылы Батыс түрік қағандығының астанасы Суябқа келген Шуан Заң түріктің 25 дыбысқа негізделген және солдан оңға қарай оқылатын жазба нұсқалары бар кітаптарымен танысқаны туралы мәліметтер сақталған.
“Тайпин Хуаниұижи” жинағында:”Түріктер бие сүтінен жасалған қымыз ішіп, қызып алған соң ән шырқап, айтысады деп жазылған. 7 ғасырдың 30 жылдарынан бастап Батыс түрік қағандығында өз ішінде билік үшін талас-тартыс күшейіп, кейіннен Таң патшалығымен соғыста жеңіліс тауып, 8 ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлады. Ал ең соңғы қағанын 704 жылы Құлан қаласында түркештер өлтіріп, Түркеш қағандығын құрды.
3. ТҮРКЕШ ҚАҒАНАТЫ
(704-756 жылдар)
Түркеш қағандығы - батыс Тянь-Шань мен жетісуда түркеш тайпалар одағы құрған феодалдық мемлекет (704 - 756 жж. ) . Бұл мемлекет Батыс Түрік қағандығының мемлекеттік - әкімшілік әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырды.
Түркештер - ежелгі үйсін, дулат ұлысының ұрпағы, тарихи шежіре деректерінде кейде “ сары үйсін” деп те аталады. Түркештер Іле мен Шу өзендері аралығында, Іле Алатауы мен Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде мал шаруашылығымен және отырықшы егіншілікпен айналысты. Сауда керуен жолдары териториясын басып өтетін болғандықтан біршама көркейген қалалары болды. Орталығы Шу бойындағы -Суяб қаласы ал кіші астанасы- Қойлық қаласы болды. 708 жылы түркештердің басшысы Саға өзін қаған деп жариялады. Саға қайтыс болған соң шен тайпасынан шыққан Сұлу қаған болды.
Түркеш қағандығы тұс-тұстан төнген қауіп-қатерге толы болып, арпалыста өмір кешті. Басты қауіп-арап шапқыншылығы болды. Араптармен болған ұзақ күрестен соң 737 жылы түркештер араптардан жеңілді де ішкі-сыртқы саясатта сәтсіздікке ұшырап, ел ішінде билік үшін талас-тартыс күшейді. 738 жылы Сұлу қағанды ел ақсүйектерінің астыртын әрекеті нәтижесінде өлтірілді бірақ елде тыныштық орнамады.
XIII ғасырда түркеш қағандығы Сарытүркеш және Қаратүркеш болып екіге бөлінді. Сарытүркештің орталығы-Суяб, Қаратүркештің орталығы-Талас қаласы болып, бір-бірімен аяусыз жауласып, қағандықты өбден әлсіретті. Мұндай жағдайды ұтымды пайдаланған Қарлұқтар 766 жылы, Түркештерді құлатып өз қағандығын орнатты. Түркеш қағандығы 699 жылдан 766 жылға дейін өмір сүрді. Сауданың өркендеуіне байланысты айналымға өз ақшасын шығарған. Оның бір бетінде "түркеш қағаны бай баға", екінші бетінде “сатым он оқ таңба” деген жазуы бар теңгелер Тараз қаласында соғылған. Түркештердің жазуы-көне түркі (орхон) жазуы, кейін соғды жазуын пайдаланған.
Түркеш қағанатының қалыптасу және даму кезеңдерін былай көрсетуге болады:
- 692 - 704 жылдар. Түркештер геосаяси жағдайды ұтымды пайдаланып, Түркеш мемлекетінің негізін қалады.
- 704-711 жылдар. Бұл кезеңде түркештер Батыс түрік қағанаты дәуіріндегі ұлан-байтақ жерге билігін орнатты.
- 711-715 жылдар. Өжелі мен Сақал негізін қалаған Түркеш қағанаты Таң патшалығының арандатуына елігіп, Шығыс түрік қағанатына қарсы соғысқа қатысып, тұтас әскері мен қағанынан айырылып елдігінен айырылды.
- 756 жыл. Түркеш қағанаты қарлұқ тайпасының тегеуріне шыдамай құлады.
4. ҚАРЛҰҚ МЕМЛЕКЕТІ
(756-940 жылдар)
Қарлұқтар Алтай мен Тарбағатай тауларын мекендеген түркі тайпалары. Ең алғашқы дерек грек жазушысы Птоломейдің “Жағрафия”деген еңбегінде кездеседі. Олар алғашқыда күші басым Шығыс түрік қағандығына бағынып, кейін әлсіреген соң 714-715 жылдары тоғыз оғыз және басмыл тайпаларының көмегін пайдаланып, қанды шайқаста жеңіп 745 жылы Ұйғыр қағандығын орнатты. 756 жылы қарлұқтар ұйғырлармен шайқаста жеңілді де Жетісуға ығысып, Суяб, Тараз қалаларына барып орнықты. Бұл жерде олар Түркештермен соғыста жеңіп, Қарлұқ қағандығын орнатты. Билеушісі-ябғу (жабғу ) деп кейін қаған деген атқа ие болды. Территориясы: Жоңғар Алатауынан-Сырдарияға дейін, солтүстікте Балқаштан оңтүстікте Ыстықкөлге дейін болды.
766-775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алып, ал ҮІІІ ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты.
Жалпы ҮІІІ - Х ғасырларда Алакөл ойпаты мен Сырдарияның орта ағысы арасындағы аймақ қарлұқ тайпаларының әскери-тайпалық ақсүйектерінің билігінде болды.
Қарлұқ билеушісінің Оңтүсті Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Ал шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздіпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерін талқандады. Ал 812 жылы олар қарлұқтарды толық жеңді.
Саманиларға саяси және экономикалық тәуелділікте болды. Мысалы, Талас пен Шу өзендерінің арасында орналасқан Орду қаласының билеушісі Испиджабтың билеушісіне сыйлық беріп тұрған.
Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік-тайпалық жүйенің дамыған түрлері болуымен сипатталады. Мұның өзі орталықтан басқару түріне жәрдемдеспеді.
Әлеуметтік және жіктік теңсіздік қарлұқ қоғамының негізгі өзегі болып табылды. Ақсүйектердің қолында жайылымдар мен құнарлы жерлермен қатар, қала орталықтары да болған. Қарлұқ қоғамында бай, кедей сияқты әлеуметтік топтармен қатар, ешқандай құқығы жоқ құлдар да болған.
Ел ішіндегі үнемі болып тұратын талас-тартыс Қарлұқ мемлекетін әлсіретіп, 940 жылы мемлекет болудан қалды.
5. ОҒЫЗДАР МЕМЛЕКЕТІ
(ІХ-ХІ ғасырлар басы)
Қарлұқ мемлекетінің солтүстік - батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі ағысында 9-10 ғасырда оғыз иайпаларының ортағасырлық мемлекеті пайда болды. 8 ғасырдың орта шеңінде олар қанғар-печенг бірлестігімен ұзақ соғысып, нәтижесінде оғыз одағының топтасуымен аяқталды. Оғыздар 11 ғасырда ру бөлімшелері көп 22 тайпадан тұрған. Астанасы-Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталды. Мемлекеттің этникалық құрамы әр тектес болды . Мемлекеттің билеушісі - жағбу (ябғу ) деп аталып билік атадан балаға берілді. Жағбудың мұрагері “инал” деп аталды. Әскер басы - сюбашы деп аталып үлкен беделге ие болды.
Оғыздар 965 жылы Киев Русьімен одақтасып, Хазар қағанатын талқандайды да шекарасын Каспий теңізіне дейін жеткізеді. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатының өсуіне себепші болды. Х ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князьдарымен бірігіп, Еділ бұлғариясын да күйрете жеңді.
Әли ханның мұрагері және оның орнына тұрған Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті біршама нығаяды. 1041 жылы олар Хорезмді басып алады.
Х ғасырда Селжуктармен соғысып әбден әлсіреп, соңғы жабғысы Шахмәлік қолға түсіп жазаланады. Жалпы Х-ХІ ғасырларда оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың көлемінің өсуі наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістерін жиілетті.
ХІ ғасырда оғыздарды қыпшақтар талқандап, қалғандары Дешті Қыпшақ түркі тайпаларының ішіне сіңіп кетті.
Шаруашылығы. Басты кәсібі мал шаруашылығы болып негізінен жылқы, қой, сиыр, түйе өсірген. Сонымен қатар аң және балық аулаумен айналысқан.
6.
ҚИМАҚТАР МЕМЛЕКЕТІ
(ІХ - ХІ ғғ. )
Қимақтар ҮІІ ғасырда Ертіс өзенінің алабы мен Алтай тауының солтүстігін қоныстанған. Батыс түрік қағандығы ыдыраған соң қимақтар одан бөлініп шықты. Қимақтар ІХ ғасырда Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл алқабына дейінгі жерді, батыс Алтайдан Құлынды даласына дейін, Оралдан батыста Арал теңізіне дейінгі жерлерді иеленді. 840 жылы Ұйғыр хандығы құлағаннан кейін Қимақтар мемлекеті күшейді.
Қимақ мемлекеті Орта Ертіс өңірінде болған. Астанасы - Ертіс бойындағы Қимақия қаласы болды. Олардың шамамен 16 қаласы болды. Негізгілері: Хақан, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур.
Қимақ федерациясы 7 тайпадан тұрды: эймур, имақ, қыпшақ, татар, байандур, ланиказ, аджлар. Қимақ тайпаларының одағы әкімшілік-территориялық принцип бойынша қалыптасты. Мемлекеттің жоғарғы билеушісі- қаған деп аталды.
Х ғ. ортасына таман Қимақ қағанатының территориясы 4 негізгі облыстарға бөлінді:
1. Йагсун - Йасу - Ертіс жазығы мен Барабин даласымен қатар, Обьтан батысқа дейінгі территорияны қамтыған. Ертісте ескі және жаңа (Имақия) астаналары орналасқан.
2. Қырқырхан - Ертістен Балқаш пен Алакөлге дейінгі Шығыс және Орталық Қазақстан территорияларын және Қарқаралы, Шыңғыстау, Тарбағатай тауларын қамтыған.
3. Андар аз-қыпшақ - бұл „ішкі қыпшақ облысы” - Орталық Қазақстанда болған. Оған Ұлытау, Нұра, Сары су, Қаракеңгір өзендерінің бассейндері және оңтүстікте Шу мен Талас өзендерінің төменгі ағысы да енген.
4. „Сыртқы қыпшақтар” Оңтүстік Орал және Торғай далаларын қамтып, белгілі бір деңгейдегі автономдық сақтады.
Қимақ қағанатында ұлыстық-тайпалық жүйе қалыптасып, ұлыс билеушілері әскери көесмдер болып, қызметі үшін қағаннан ұлыс алған.
Қимақ қоғамындағы мал-мүлік теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер қалыптасқан. Ал малы жоқ адамдар кедейлерге айналған. Олар отырықшылықпен немесе қолөнермен айналысуға мәжбүр болды. Оларды жатақтар деп атаған. Салық үнемі жиналып, жиналған алтыннан қаған міндетті түрде өз үлесін алып отырған.
Қимақтар сыртқы саяси қатынастарын белсенді түрде жүргізген. Тоғызоғыз жерлеріне үнемі шабқыншылық жасап, Шығыс Түркістандағы қалаларын шабуыл жасап отырды. Тіпті Енисей қызғыздарымен де өзара шайқастарға түскен. Кейінірек, Х ғ. оңтүстік пен солтүстікте көрші тайпалармен бейбіт қарым-қатынастар қалыптасты.
Орта ғасырлық мемлекеттер сиақты мұнда да ішкі талас-тартыс қимақ мемлекетін әлсіретті. 916-жылы солтүстік қытайда қарақытайлар құрған Ляо мемлекеті пайда болып, қимақ мемлекетіне соққы беріп олардың бір бөлігі Ертіс бойына, енді бір бөлігі оңтүстік Орыс даласына қарай ығысты. ХІ ғасырдың басында әлсіреген қимақ мемлекетінің орнын қыпшақтар басты да қимақтарды өзіне тәуелді етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz