ДАМЫҒАН ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (ХІ – ХІІІ ҒҒ. БАСЫ)



1. Қараханид мемлекеті

2. Қарақытайлар мемлекеті

3. Қыпшақ хандығы

4. Найман және Керей мемлекеттері

5. Қайталауға арналған сұрақтар

6. Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырма

7. Әдебиеттер тізімі
Қарахан мемлекетінің құрылуына Қарлұқ одағының ыдырауы себеп болды. 840 жылы Қарлұқтың қағаны Қадырхан өлген соң оның екі баласы билікке ұмтылды. Базар Арслан хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Таразды билей бастады. Кейін Саманид ибн Ахмет Таразды басып алғаннан соң Оғұлшақ Қашғарға кетуге мәжбүр болды. Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан (915-955 жж.) Қарахан әулетінің негізін салды. Ол ислам дінін қабылдаған соң саманилермен арадағы байланыс пайдаланып, Баласағұнның билеушісін құлатып, 942 жылы Боғра хан өзін қаған деп жариялады.
960 жылы оның баласы Мұса мемлекеттің діні етіп ислам дінін, астанасы етіп - Қашғар қаласын белгіледі. Мұса өлген соң билік Әли Арслан мен Хасан ханға тиіп, екеуінің өзара қырқысуына ұшырады. Х ғасырдың аяғында Қарахан мемлекеті шығыс және батыс иеліктер болып екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс иелікке, ал Мәуреннахр батыс иелікке кірді. Шығыс иеліктің орталығы – Қашғар, ал батыс иеліктің орталығы - Үзгент кейін Самарқант қаласы болды. Кейін екеуі екі мемлекетке айналды.
990 жылы Саманилер әмірлерінің ішкі бүліктерін және олардың билігі әлсіреуін пайдаланған Хасан Боғра –хан Испиджабты басып алады. Екі жылдан кейін қарахандар Саманилардың астанасы – Бұхараны алады.
1130 жылы селжұқ сұлтаны Мәлік шахпен шайқаста жеңіліп Қарахан мемлекеті тарих саханасынан кетті.
Қарахан мемлекетінде билік екі тайпа ақсүйектерінің арасында бөлінген. Олар: жілік пен яғма тайпалары. ХІ ғ. 30-жылдары Қарахан мемлекеті екі бөлікке бөлінеді. Жоғарғы ретінде шығыс қаған есептелді. Бұл бөлік Тараз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу және Қашғар территорияларын қамтып, астанасы – Баласағұн қаласы болды. Шығыс ханы жілік тайпасынан тағайындалып, Арслан қарахан титулына ие болды. Батыс бөлігі Мауараннахрды біріктірді. Бұл бөліктің қағаны яғма тайпасынан болып, Богра Қара қаған титулына ие болған. Оның ордасы Таразда, кейінірек самарқандта болған.
1. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін: Бес томдық /[ Ред. М. Х. Асылбеков, Қ. С. Алдажұманов, К. М. Байпақов] .- Алматы: Атамұра. Т. 2: Қазақстан соңғы орта ғасырлар дәуірінде.- 1998.- 640 бет.
2. Аманжолов, Керейхан Рахымжанұлы. Түркі халықтарының тарихы Оқу құралы / К. Р. Аманжолов.- Алматы: Білім, 1999. 3-кітап: XVІІІ ғасырдың 2-ші жартысынан XX ғасырдың 1-ші ширегіне дейінгі кезең.- 1999.- 328 бет.
3. Аманжолов, Керейхан. Түркі халықтарының тарихы: Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV ғасырына дейінгі кезең: Оқу құралы / К. Аманжолов., К. Рахметов.- Алматы: Білім, 1996.- 272 бет.
4. Артықбаев, Жамбыл Омарұлы. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия / Ж. О. Артықбаев.- Астана: Фолиант, 2003.- 264 бет.
5. Әбілғазы: Түрік шежіресі. –Алма-Ата: Ана тілі, 1992.
6. Қазақстан тарихы: Хрестоматия / Құраст. М. Қ. Қозыбаев.- Алматы: АТАМҰРА, 1994.- 256 бет.
7. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. –Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
8. Маданов Х. Ұлы дала тарихы: Оқу құралы / Х. Маданов., Ч. Мусин.- Алматы: Санат, 1994.
9. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы: [Оқу құралы] К. Рысбайұлы.- Алматы: Санат, 2001.
10. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. Алма-Ата, 1989.
11. Бартольд В. Тюрки. – Алматы, 1998.
12. Путешествие в восточные страны. – Алматы, 1993.
13. Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. – Алма-Ата, 1983.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 4. ДАМЫҒАН ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
(ХІ – ХІІІ ҒҒ. БАСЫ)

1. Қараханид мемлекеті

2. Қарақытайлар мемлекеті

3. Қыпшақ хандығы

4. Найман және Керей мемлекеттері

5. Қайталауға арналған сұрақтар

6. Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырма

7. Әдебиеттер тізімі
1. ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ
(942 – 1210 жылдар)

Қарахан мемлекетінің құрылуына Қарлұқ одағының ыдырауы себеп болды.
840 жылы Қарлұқтың қағаны Қадырхан өлген соң оның екі баласы билікке
ұмтылды. Базар Арслан хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Таразды билей бастады.
Кейін Саманид ибн Ахмет Таразды басып алғаннан соң Оғұлшақ Қашғарға кетуге
мәжбүр болды. Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан (915-955 жж.) Қарахан
әулетінің негізін салды. Ол ислам дінін қабылдаған соң саманилермен
арадағы байланыс пайдаланып, Баласағұнның билеушісін құлатып, 942 жылы
Боғра хан өзін қаған деп жариялады.
960 жылы оның баласы Мұса мемлекеттің діні етіп ислам дінін, астанасы
етіп - Қашғар қаласын белгіледі. Мұса өлген соң билік Әли Арслан мен Хасан
ханға тиіп, екеуінің өзара қырқысуына ұшырады. Х ғасырдың аяғында Қарахан
мемлекеті шығыс және батыс иеліктер болып екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс
Түркістан шығыс иелікке, ал Мәуреннахр батыс иелікке кірді. Шығыс иеліктің
орталығы – Қашғар, ал батыс иеліктің орталығы - Үзгент кейін Самарқант
қаласы болды. Кейін екеуі екі мемлекетке айналды.
990 жылы Саманилер әмірлерінің ішкі бүліктерін және олардың билігі
әлсіреуін пайдаланған Хасан Боғра –хан Испиджабты басып алады. Екі жылдан
кейін қарахандар Саманилардың астанасы – Бұхараны алады.
1130 жылы селжұқ сұлтаны Мәлік шахпен шайқаста жеңіліп Қарахан
мемлекеті тарих саханасынан кетті.
Қарахан мемлекетінде билік екі тайпа ақсүйектерінің арасында бөлінген.
Олар: жілік пен яғма тайпалары. ХІ ғ. 30-жылдары Қарахан мемлекеті екі
бөлікке бөлінеді. Жоғарғы ретінде шығыс қаған есептелді. Бұл бөлік Тараз,
Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу және Қашғар территорияларын қамтып, астанасы
– Баласағұн қаласы болды. Шығыс ханы жілік тайпасынан тағайындалып, Арслан
қарахан титулына ие болды. Батыс бөлігі Мауараннахрды біріктірді. Бұл
бөліктің қағаны яғма тайпасынан болып, Богра Қара қаған титулына ие болған.
Оның ордасы Таразда, кейінірек самарқандта болған.
Мемлекет басшысы - хақан болды.Хақанның ең жақын көмекшісі және
кеңесшісі-уәзір, сонымен қатар сарай адамдары, сарай күзетінің басшысы,
есік қорушылар, қазынашылар, аспаздар, хат жүргізушілер, емшілер
болды.Шенеуліктердің негізгі бөлігі сарай ақсұйектерінен құрылды. Хатшылар
бітікші деп аталды. Ал егіншілікпен айналысатын отырықшы аудандарды-
әкімдер мен бектер басқарды.
Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскери-
лендік жүйе болды. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына ауданның,
аймақтың немесе қаланың халқынан бұған дейін мемлекеттің пайдасына алынып
келген салықтар алуға құқық берді. Мұндай тартулар „иқта” деп аталды, ал
оны ұстаушы араб терминімен муқта немесе иқтадар деп аталды.
Иқта бірнеше категорияларға бөлінді. Иқта үлгісіндегі феодалдық жер
сыйлықтары ірі, орташа және ұсақ жер сыйлықтарына бөлінді. Ірі үлесті жер-
сыйлықтарын әулеттің мүшелері, орташа және ұсақ төрелер, олардың вассалдары
алды. „Әскери иқтаны” әскербасшылары өздерінің қол астындағыларымен
бөліскен. Үлестердің мөлшері иқтадардың қызметіне, әскери дәржесіне және
сіңірген еңбегіне байланысты болды. Иқта беру арнайы грамотамен ресімделді,
онда иқтадардың статусы және үлестің ақшаға шағылған құны көрсетілді.
Иқтаны иеленушілер тек салықтар салуға ғана емес, сонымен қатар жерге
де, салық салынатын шаруаларға да өз құқықтарын сақтауға тырысты. Сыйлыққа
алған жерін мұрагерлік иелікке айналдыруға тырысқан.
Иқтамен қатар жер иеленудің басқа да түрлері болған. Қарахан
билеушілері қазынаға түсетін салықтардың көзі және шартты, уақытша сыйлық
беру қоры болған ірі жер учаскелерін иеленді. Бұл Қарахан әулетінің
жауларынан тартып алған жерлер болды. Оны – фоидтар деп атаған. Дін
басыларының негізгі материалдық базасын діни мекемелердің пайдасындағы
жерлер – вакф құраған. Бұл жерлерден салық алынбаған. Мемлекеттің
меншігіндегі, мұрагерлікке алынған, вакфтық жерлер шаруаларға арендаға
берілетін болған. Мұндай жүйе – „музари” деп аталады.
Х ғ. аяғында қарахандықтар арасында, атап айтқанда Али мен Хасан
ұрпақтары арасында өзара қайшылықтар пайда болады. Өзара араздықты Орталық
Азиядағы көшпелі қидан тайпалары ұтымды пайдаланды. 1017 жылы қидандар
Жетісуға басып кіріп, Баласағұнға дейін жеткен. Бірақ Туған хан оларды
шығысқа шегінуге мәжбүр етіп, үш айлық қудалаудан кейін тас-талқанын
шығарады.
Әлсіз және мінезсіз Арслан хан билеген уақытта, орталық биліктің
беделі күрт түсіп, ұлыс билеушілері арасындағы өзара араздықтар шиеленісе
түскен. 1056 жылы Арслан хан өзінің інісі Богра ханға соғыс ашып, тұтқынға
түседі. Нәтижесінде, өз ұлыстарынан айырылады.
Кейінірек, Мауараннахр Мәлік-шах бастаған селжүк сұлтанының қол
астында болады. 1102 жылы Мауараннахрға Баласағұн мен Тараздың билеушісі –
Қадыр хан Жабраиыл шабқыншылық жасайды. Ол Амударияға дейінгі жерлерді
басып алып, селжүктардың иелігіндегі Термезді жаулап алмақшы болады. Бірақ
жеңіліске ұшырап, тұтқынға түсіп, өлтіріледі.
ХІІ ғ. 30-жылдары Жетісу үнемі қидандардың шабқыншылығына ұшырап
отырды. 1141 жылы қидандар селжүк және қарахандардың біріккен әскерін
жеңіп, билік қидандардың қолына көшеді. Бірнеше жылдар бойы қарахандықтар
қидандарға вассалды тәуелділікте болады. Тек ХІІІ ғ. басында ғана Қарахан
мемлекеті өмір сүргенін тоқтатты.
Шаруашылығы. Бұл мемлекетте көшпел және жартылай көшпелі мал
шаруашылығы, оның ішінде жылқы өсіруге баса назар аударылды. Қарахан
мемлекетінде хандар мен сұлтандар туыстары мен жақындарының пайдасына
“ихта” деген салық жинады. Ихтаның бірнеше түрі болды: жер сыйлықтары,
әскери ихта, еңбек түріндегі ихта.
Қазақстан территориясында Қарахан мемлекетінің өмір сүрген уақыты
түркі тайпаларының экономикасы мен мәдениетінің дамуына ықпал етті. Қала
мәдениеті қалыптасты. Қарахандар дәуірінде қолөнер мен сауда гүлденді. Сол
заманда саудасымен Тараз, Испиджаптың атағы шықты. Сәулет өнері үлкен
табысқа жетіп, Айша бибі, Аяққамар, Алашахан күмбезі, Әулиеата мазары, Баба
әжә мазары, Сырлытам, Талас өзеніндегі көпір, Тараз моншасы т.б .
қайталанбас өнер туындылары дүниеге келді.
Араб графикасының негізінде жаңа түрі жазуы пайда болды.
Қарахандар дәуірінде әлемге әйгілі “Диунани лұғат ат-түрік”, “Құтадғу
білік”деген Махмұт Қашғаридің, “ Құтты білік” деген 1069 жылы Жүсіп
Баласағұнның еңбектері дүниеге келді.

2 ҚЫПШАҚТАР
(ХІ ғғ. басы – 1219 ж)

Қыпшақтар ҮІІІ ғасырда Ертіс бойын, Шығыс Қазақстан далалары мен Алтай
тауының баурайларын мекендеген. ХІ ғасырда Қимақтардың әлсіреуіне
байланысты үстемдікке ие болды. Олар Сырдария бойындағы оғыз жерлерін,
Арал, Каспий маңы далаларын басып алып Жорезмшах шекарасына жетті. ХІІ
ғасырда Ертістен Еділге дейінгі ұлан байтақ территорияны иеленді.
Дешті – Қыпшақ – қыпшақтар даласы (елі) болып табылады. Жазба
деректерде ол туралы алғаш рет парсы ақыны, саяхатшысы және насихаттаушысы
Насири Хосровтың еңбегінде көрсетіледі. ол Алтайдан Еділге дейінгі
территорияны, оған бұрынғы „Оғыз даласын” қоса отыра, „Қыпшақтар даласы”
деп атаған.
Дешті – Қыпшақ Сібірден Қрым, Повольжеге дейінгі үлкен аумақ. Қазіргі
кезеңдегі әдебиеттерде „қыпшақтарда билеуші әулеттер мен хандар болды,
бірақ барлық қыпшақтардың ханы болған жоқ” деген пікірлерді жиі айтады.
Көбінде олардың есімдері саяси себетерге дейін ұзақ сақталған. Қазіргі
уақытта қыпшақтарды көптеген түркі этностарының шежірелерінен
„кездестіруге” болады. Ал қыпшақ тілінде олардың үш тобын көрсетеді: 1)
қыпшақ-бұлғар; 2) қыпшақ – половец; 3) қыпшақ-ноғай. Бірінші топқа –
„татар, башқұрт тілдері”; екінші топқа – „қарайым, қарачай-балкар”; үшінші
топқа – „қазақ, ноғай және т.б. тілдер жатады”.
Қазақ даласының саяси сахнасына ХІ ғ. Қыпшақ мемлекеті шығады. Қыпшақ
мемлекеьінің саяси негіздері қыпшақ және куман тайпаларының едәуір
топтарының шығыс Дешті Қыпшақта орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған
қоныс аударуынан кейін Хі ғ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Орта ғасырдағы қала мен дала
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
ХІІІ ғасырдағы Англияның саяси дамуы
Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
Пәндер