МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН (ХІІІ ғ.) АЛТЫН ОРДА (1243 – ХҮ ғ. ортасы)


Тақырып 5. МОНҒОЛ ШАБҚЫНШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН (ХІІІ ғ. )
АЛТЫН ОРДА (1243 - ХҮ ғ. ортасы)
- Моңғолдардың шабқыншылық жорықтарының басталуы мен негізгі кезеңдері
- Ұлыстар. Мемлекеттік құрылымы
- Монғол шабқыншылығының әлеуметтік - мәдени зардаптары
- Алтын Орда
- МОНҒОЛДАРДЫҢ ШАБҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫ МЕН НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Ғылыми деректерде монғол атауының шығуы туралы нақты деректер жоқ, әуелде тайпаның аты кейін халық атына айналған деген сөз бар.
ХІІ - ХІІІ ғасырдың басында қазіргі монғолдың территориясында монғол патшалығы құрылды. Феодалдық қатынастар тез дамып, экономикасында біршама тез алға басушылық байқалды. 1155-1227 жылдары осы көшпелі араттар тайпасынан тұратын бытыраңқы монғол тайпаларының басын Есукей батырдың баласы боржігін тайпасынан шыққан Тимучин өзінің бәсекелестерінің бәрін жеңіп, монғол саяси бірлестігін құрды. Монғолдың ру-тайпа шонжарлары Онон өзенінің бойында құрылтай шақырып, Тимучинге, , Шыңғыс хан,, деген атақ беріп, Хинганнан Алтайға дейін, Байкалдан оңтүстік Қытай шекарасына дейінгі жерлер Шынғыс ханның ұлысы деп жарияланды. Шынғысханның барлық әскері 95 мың болып, қатаң ережеге бағындырылған ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, түменге және, оң қол, сол қол және орталық деп үшке бөлінді.
Сонымен қатар Шыңғысханның тек өзіне ғана бағынатын таңдаулы 10 мың әскері болды. Әскерді түмендер, нояндар, батырлар және мергендер басқарды. 13 ғасырдың басында іргелес жатқан татар, меркіт, найман, керей, уақ, ойрат т. б. тайпаларды бір - біріне қоспай жеке - жеке әртүрлі айла шаралғыларды пайдалана отырып, талқандап, бағындарды. Шыңғысханның төрт ұлы Жошы, Шағатай, Үгедей. Төле қалың әскерді басқарып, монғол патшалығының шекарасын кеңейтті.
1207-1208 жж Жошы Сібірдің орман халықтарын, ойраттарды, буряттарды, якуттарды, Енисей қырғыздарын бағындырды.
1209 жылы Тұрпан ұйғырлары өз еріктерімен бодан болды.
1211 жылы Жұңғо (Қытайға) шабуыл жасап, жин әулетінің астанасы Қанбалықты басып алды.
1218 жылы найманның қашқан ханы Күшліктің соңынан Жетісуға 20 мың қолмен Жебе ноян бастаған әскер, жергілікті мұсылман дін басыларының Күшліктің қаталдығына шыдамаған қарсылығын пайдаланып көп қарсылықсыз басып алды. Халық қолдауынан айрылған Күшлік Бадақшанға қашып, оны Жебе ноян Сарықолда қуып жетіп өлтірді. Қазақстан мен Орта Азияны Шынғысхан әртүрлі әдіс-айла жасап қармаққа түсіре отыра көп қарсылықсыз бағындарды. Мысалы: Қарсылық көрсетпеген елдерді қырып жоймаймын, өмір сүру салтын өзгертпеймін, немесеҚиялықты билеген Арыстан ханға өз қызы Алқа бикені, ұлыс бегі Тұғырылға Жошының үлкен қызы Бикені қосқан.
Жетісуды алғаннан кейін Орталық Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. 1218 жылы Хорезм шахы Мухамметке екі ел арасында сауда-керуен байланысын орнату мақсатында елшілік жіберді. Ал шындығында барлыу мақсатында шығарылған керуенді Отырар қаласында Отырар әміршісі Қайырхан Иналшық бұлардың мақсатын біліп қойып, тонап өлтіріп тастады. Бұған кектенген Шыңғысхан 1219 жылы Ертістен Қазақстан мен Орта Азияға шабуылын бастады. Монғолдарға әсіресе Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары жан аямай қарсылық көрсетті. 1219 жылы Сүбедей, Жебе. Тонучар нояндар отырарды 5-ай қоршады. Ақыр соңында қамал ішіндегі сатқындардың көмегімен есік ашылып, Қайырханды қолға түсіріп, азаптап өлтірді де әлемге әйгілі Отырарды жермен-жексен етіп қиратып, тонады.
1220-1221 жылдары Бұхар, Самарқанд және Хорезмді жаулап алды. 1221 жылдың көктемінде соғыс қимылдары Хорасн, Ауғаныстан және Солтүстік Индияға ауысты. Жебе ноян бастаған әскер Солтүстік Иран, Кавказға кіріп аландар мен қыпшақтарды сосын Калка өзені бойында Орыстарды тас-талқан етіп, қайтадан 1224 жылы Ертістегі Ордаға қайтып оралды. Сөйтіп 1219-1224 жылдары Орта Азия мен Қазақстан толығымен монғол патшалығының құрамына енді. Жаулап алынған жерлердегі гүлденген елді мекендер, әсем қалалар Суяб. Баласағұн, Тараз, Отырар. Сығанақ, Сауран, Жент, Ашнас т. б тас-талқан етіліп, қазақ мәдениетінің дамуына көп кесірін тигізді.
2. ҰЛЫСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Жаулап алынған ұлан-ғайыр жерді Шыңғысхан төрт ұлына үлес-енші ретінде төрт ұлысқа бөліп берді.
Жошыға - Ертістен-Оралға дейін, оңтүстігінде Каспий, Арал, Амударияның төменгі ағысы, Сырдария өңірі кірді.
Шағатайға - Жетісу, Шығыс Түркістан, Мәуренахр тиді.
Үгедейге - Батыс Монғолия, Тарбағатай аймағы.
Төлеге - Монғолияның өз басы тиді.
Бұл ұлыстардың бәрі Қарақарымдағы (Монғолиядағы) Шыңғысханға бағынышты болды. Хандық билік Шыңғысханның заңдар жинағы, , Яссада,, жазылғандай атадан балаға (үлкен ұлына) мұра ретінде берілді.
Шаруашылығы : көшпелі мал шаруашылығы болды.
Мемлекеттік құрылымы - әскери - феодалдық.
Діні - Шамандық негізде. Жазуы - Көне ұйғыр жазуы, іслам діні енген соң арап жазуына көшкен.
Мемлекет басшылығында - хан тұқымынан тараған игі жақсылар, Әмірлер мен бектер, билер (көмекшілері-бақауыл), тұтқауыл, жасауыл, бітікші, тамғашы т. б. отырды. Шеткері аймақтарда - басқақтар, тамғашылар, даруғалар басқарып, алым-салық жинап тұрды.
Халық бұқарасы - әскер шығаруға, ат - лау беруге, сойыс беруге, қару-жарақ пен қамтамасыз етуге, салық төлеуге міндетті болды. Монғол және кейіннен Алтын орда мемлекетінде сауда жақсы дамыды. Олар - қытаймен, Индиямен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Батыс Европа елдерімен сауда жүргізді.
Салық түрлері: халықтан алынатын салық, , қалан,, -егіншілерден алынатын 10/1, , , қашпауыр,, 100 бастан 1 бас мал беру деген сөз. Саудагерлерден, , баж,, салығы, сонымен қатар халық - көпір салу, құдық қазу, қорғаныс бекіністер салуға міндетті болды.
1227 тамызда Шыңғысхан сол жылы таққа отырған Жошы өліп, таққа Жошының екінші ұлы Батый отырды. Алда Шығыс Европаға жасалынатын үлкен жорық тұрғандықтан билік әлжауыздау, қарапайым Орда Еженге берілмей, үрдесоқтау, батыр мінезді Батыйға қол бастау сеніп тапсырылды. Келісім бойынша Европаға бастайтын оң қолды - Батый, сол қолды - Орда Ежен басқарды. Кейін жаулап алған жерден Орда Еженнің таңдауы бойынша енші бөліп берілуі керек болды.
3., МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ ЗАРДАПТАРЫ
Монгол жаулап алушыларының шапқыншылықтары, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағына көшпелілердің едәуір мөлшерде қоныстандырылуы, монғолдардың феодалдық шонжарларының саяси үстемдігінің орнатылуы, ақырында, монгол ұлыстарындағы үздіксіз қырқыстар қала мәдениетінің құлдырауына әкеп соқты, аймақтың шаруашылық құрылымын түбірімен өзгертті.
Монғолдардың жаулап алуы қоғам дамуын тежеді, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылысында айтарлықтай, кері кетушілік туғызды. Монғолдар бағындырған аймақтарда құл иеленушілік тәртіп кеңінен таралды, феодалдық қатынастардың ең артта қалған түрлері орнықты.
Жаулап алған елдерде, атап айтқанда, жер үлесінің, шартты түрде жерді сыйға тартудың дамыған жүйесі бар феодализм әлдеқашан үстемдік еткен Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда монғолдар қоғамдық қатынастарға ешқандай жаңалық енгізген жоқ. Бағындырылған отырықшы аудандар халқын жырқыштықпен қанауды жалғастыра беру мүмкін еместігіне уақыт өте келе көз жеткізген монгол билеушілері жерді иелену мен пайдаланудың түрлерін үйренуге мәжбүр болды.
Бағындырылған халыққа ауыр салымдар салынып, міндеткерліктер жүктелді. Отырықшы халық әскери қызмет атқаруға тиіс болды. Бұл жағдайлардың барлығы халықтың жаппаай күйзелуіне әкеп соқты.
Шыңғыс ханның жаулап Алу саясаты бағындырылған халықтар үшін қасіретке айналдлы. Жаулап алған халықтардың өндіргіш күштерін құлдыратты.
Қорытындылай айтқанда, монгол шабқыншылығының Қазақстан территориясында экономикалық, әлеуметтік, саяси, этнодемографиялық және мәдени зардаптары болды.
4. АЛТЫН ОРДА
1236 - 1242 жылдары монғолдар ұсақ княздыққа бөлініп жатқан орыс жерлерін, Европаны -Днепрге дейін, Жерорта теңізінің жағалауымен Иран, Ирак Каспийдің оңтүстігі арқылы елге оралды. Жаулап алынған територия ,, Алтын Орда,, деп аталды. Астанасы - Сарай , кейін Берке хан тұсында Сарай Берке деп аталды.
Келісім бойынша Орда Еженге Арал теңізінің шығыс жерлерін бөліп беріп, ол жерді, , Ақ Орда, , деп атады. Ал Арал теңізінің солтүстік жерлерін інісі Шайбаниға бөліп беріп, оны, , Көк Орда, , деп атады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz