ХІҮ – ХҮ ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР


Тақырып 6. ХІҮ - ХҮ ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
- Ақ Орда
- Моғолстан
- Әбілхайыр хандығы
- Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
- Ноғай Ордасы XIII-XV ғғ.
- XIII-XV ғасырлардағы Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
- Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР
ХҮ-ғасырдан бастап Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, феодалдық қатнастар қалыптаса бастады. Көшпелі шаруашылық жағдайында жер мал жайылымы ретінде пайдаланылды. Мал иелері ірі феодалдар іс жүзінде жердің иесі де болып саналды. Ел байлығы мал-мүлік айырбасы түрінде сақталды.
Орта ғасырдағы негізі тап-феодалдар мен шаруалар болды. Қазақстанда феодалдық қатнастардың қалыптасуы, Жетісу, Оңтүстік Қазақстанда, Шу, Талас, Сырдария өзендері бойында қаурыт жүрді. Бұл өңірде мал шаруашылығымен қатар егіншілік те дамып, қалалар мәдениеті өркендеді. Бұл процесс Қазақстанның далалық аудандарында өте баяу жүрді. Қазақстанда феодалдық қатынастардың қалыптасуы үздіксіз соғыстар мен шығыс жақтан қоныс аударып келген тайпалық бірлестіктердің саяси аренадан бірін-бірі ығыстыруы жағдайында өтті.
Феодалдық қатынастардың қалыптаса бастауы қаны бір туыстардың ерікті одағы болудан қалып, ру көсемдері мен ру ақсақалдарының өктемдігі басым бола бастады. Олар ірі феодалдарға айналып, ру мүшелерін қанап баю жолына түсті. Таптық қатнастардың қалыптасуы олардың арасында таптық күрестің пайда болуына әкеліп соқты.
- АҚ ОРДА
Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды. Солардың бірі-XIII ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті.
Алып жатқан жері: Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандардың ұлысы яғни Сырдария алқабы. Арал теңізінің Солтүстік Шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер.
Астанасы : Сығанақ.
Халқы: Өзбек-қазақ деп аталды.
XIV ғасырдың екінші ширегінде Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастайды.
Хандары: Сасы -Бұқа -алғашқы хан.
Ерзен - Сасы Бұқаның баласы, оның тұсында шаһарлы орындар көркейе түсті. Сауда дамыды. Егіншілік аудандар қалпына келтірілді, қолөнер ісі дамыды. Ислам дінін нығайту мақсатымен мешіт, медреселер салынды. Ерзен хан өзіне тәуелді елдер шекарасын қатаң белгілеп, оны басқаруға өз руынан шыққан кісілерді қойды.
Мүбәрәкқожа - Ерзеннің баласы. Ақ Орданы Алтын Ордадан бөліп алуға әрекет жасады. 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. Алтын Орданың ханы Өзбек пен Мүбәрәк ханның арасындағы күресте Мүбәрәк жеңіліске ұшырады да қырғыздар жері мен Алтайға қарай кетуге мәжбүр болды.
- 1354-1364 жж. 8 хан қаза тапты.
Ұрыс хан (Орыс) - Орда Еженнің ұрпағы, мемлекетті нығайтты.
- 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды. 1374-1375 жылдары Еділ бойына қарай жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қолсы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырды. Бірақ Алтын Орда билеушісі Малайды жеңе алмайды. Осы кезде Әмір Темірдің күшейуінен сескенген Ұрыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне оралады. Хан өзіне көмектесуден бас тартқан Маңғыстау билеушісі Түй - Қожаны жазалайды. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп Ақ Орданы басып алуға жіберді, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Ұрыс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отыра алды.
Тоқтамыс- Алтын Орданы тәуелді етті 1379 жылы Тоқтамыс Ұрыс ханның ұлы Темір Мәлікті жеңіп, Сығанақты өз қолына алды. Осыдан кейін Әмір Темірге тәуелді болудан бас тартып оған қарсы әрекет жасай бастайды. 1380 жылы Мамай ордасын басып алды. 1381 жылы Әмір Темір Тоқтамыс әскерін талқандады. Тоқтамыс Сібірге қашып кетті. 1385 жылы Тоқтамыс тағыда күш жинап Кавказдағы Терек өзеннің бойындаТемірмен соғысты. Тоқтамыс тағыда жеңілді де Сібірге кетті. 1406 жылы Едіге Сібірге жорық жасап Тоқтамысты өлтірді.
Қойыршақ - Ұрыс ханның баласы, 1385 жылы Темірдің қолдауымен Ақ Орда ханы болды.
Барақ - Ұрыс ханның немересі. Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратты. 1426 жылы Темір әскерін жеңіп, Сығанақты қайтарды. 1428 жылы қайтыс болды.
Әбілхайыр - Шайбани әулетінің ұрпағы. Ақ Орда жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ақ Орда өмір сүруін тоқтатты.
Шаруашылығы:
- Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы - Алтай, Ұлытау, Орал тауларында.
- Сығанақ маңайы, Сырдария аңғарында егіншілікпен айналысты.
- МОҒОЛСТАН
XIVғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған мемлекет.
Алып жатқан аумағы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан.
Астанасы: Алмалық.
Деректер: тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде жазылған.
Этникалық құрамы: дулат, қаңлы, үйсік, арғын, барлас, бұлғашы, т. б.
Басқару жүйесі: мемлекетті - хан, тайпаны - ұлысбегі басқарды.
Діні: ислам.
Хандары: бірінші ханы, дулат тайпасынан шыққан. Поладшы басқарды. Ол хан тұқымы болмақандықтан Шағатай ұрпағы 16 жасар Тоғылық - Темір 1348 жылы Моғолстан ханы болды.
Тоғылық Темір - Мәуеренахрдың едәуір бөлірін жаулап алды. Ісләм дінін тірек етті, қарсы шыққандарды ауыр жазаға тартты.
Ілияс Қожа - 1365 жылы Мәуереннахрға жорық жасады. Шешуші шайқас «Батпақ шайқасы» болды. Бұл шайқасита Ілияс Қожа жеңіске жетті. Бірақ Самарқан түбінен Моғолстанға қайтып оралды, себебі халық қарсылық білдірді әрі індеттен аттары қырыла бастады.
Қызыр-Қожа оғлан - Тоғылық Темірдің соңғы ұрпағы. Дулат әмірлері Қомар ад - дин мен оның інісі Шамс ад - диндердің қолдауымен билік жүргізді. Дулат тайпасының әмірлерімен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салды.
XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бірнеше жорықтар жасайды. Жорықтардан Моғол хандығы әлсірейді. Ханды бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан әлсірейді.
Қызыр Қожа хан - Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.
Мұхаммед хан - (1408-1416жж. ) Қызыр Қожаныңмұрагері. Темір ұрпақтары арсындағы тартысты пайдаланып, тәуелсіздікке қол жеткізді.
Шер-Мұхаммед - Қызыр Қожаның немересі Темірдің немересі Ұлықбектің қолдауымен таққа отырды. Ұлықбек өзіне тәуелді болуын талап етті. Оған Моғол шонжарлары қарсы болды.
Уәйіс - Қызыр Қожаның немересі Моғол шонжарларының қолдауымен таққа келді.
Есен-бұға - Уәйіс ханның баласы. Дулат әмірлерінің қолдауымен 1433-1462 жылдары хан тағыны келді. Есен-бұға тұсында Моғолстан жерінде алғашқы қазақ мемлекетінің негізін қалаған Керей мен Жәнібекке Қозыбастан жер берді.
Абдар-Рашид - Уәйіс ханның баласы - Жүніс ханның немересі. Моғол хандығы ыдырады. Жетісу аймағы қазақ хандығының құрамына кірді.
- ӘБІЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫ
Ақ Орданың ыдырауына байланысты Әбілхайыр хандығы құрылды. Әбілхайыр-Жошы ханнаң бесінші ұлы Шайбани ұрпағы, 1428-1468 жылдар аралығында хан болды.
Хандықтың алып жатқан аумағы: батысында - Жайық, шығысында - Балқаш, оңтүстігінде - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде - Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы.
Халықтың этникалық құрамы: қият, маңғыт, өкіреш найман, үйсін, қоңырат, т. б. тайпалардан, негізгі үш халықтан - шайбаниліктерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрды. Барлығы Әбілхайыр ханығы 92 ру-тайпадан тұрды. Түркітілдес тайпалар болды.
Деректер: тарихшы Рузбиханның жазбалары арқылы қалды.
Әбілхайырдың жорықтары: 1430 жылы Әбілхайыр Тобыл өзенінің бойында Шайбани әулеті Махмұд Қожаны талқандады. Отызыншы жылдың басында Махмұд хан мен Ахмет ханды жеңіп, Орда - Базарды өзіне қосып алды. Бұл жеңіс үшін өз атынан ақша шығарды. Астананы Орда-Базарға көшіреді. 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды жеңіп Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкектті басын алады. Бұл жолы Сығанақ қаласын орталық етті. 1446 жылы Самарқанды алды. 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңілді. Жеңілісін ішкі алауыздықтардан көрген Әбілхайыр қатал заң орнатып, мемлекетті нығайтуға тырысты. Өзіне бағынбай Жетісу жеріне ауып кеткен Керей мен Жәнібек сұлтандарды жазалау үшін жорыққа аттанды. Жорық кезінде Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде 1468 жылы қайтыс болды.
- Қазақ хандығының құрылуымен Әбілхайыр ұлысы немесе «көшпелі өзбек» деп аталған хандық тарих сахынасынан жойылды.
- АҚ ОРДАНЫҢ, МОҒОЛСТАННЫҢ, ӘБІЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ, НОҒАЙ ОРДАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК - ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ
Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілхайыр хандығы сияқты басқа да мемлекеттердің әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделген.
Ұлы хан - Шыңғыс хан тұқымы, хандық билікті мұрагерлік жолмен алады.
Хан кеңесі - мемлекеттік істер қаралады, құрамы хан тұқымдарынан, ұлысбектерден, әмірлер мен бектерден, билерден тұрады.
Уәзір - хан кеңесшісі.
Құрылтай - хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны. Жылына бір рет, жаз айында шақырылды. Өкіметтің ішкі-сыртқы саяси жағдайы қаралды.
Әмір - Түрік тайпаларының басшылары.
Бек - тайпа басшысы, басқару аппаратындағы қызмет атауы - мысалы, Ұлысбек, түменбек, мыңбегі.
Би - Әділ үкім шығарушы, қызмет аты.
Ноян - монғолша бай - шонжар.
Баһабұр батыр - билеушілерге байланысты атақ.
Қараша - қарапайым халық.
Бұл әлеуметтік құрылым атаулары монғол мемлекетінің заңдар жинағы «Ясы» бойынша берілген. Кейін елдер отырықшыға айналғанда біртіндеп жарамсыз болып қалған.
Жерлерге жеке меншік қатпастар:
Монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жері Монғол державасының иелігінде болып келді. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген. Осы жерлер « Інжу » деп аталды. Ол « жасау » деген мағына берді.
«Ихта», «Сойырғол»- әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет істегендерге берілген жер.
Жер иеленудің төрт түрі болды:
- Мемлекеттік жер.
- Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері.
- Вакфтық жер - дін иесіне берілетін жер.
- Шаруалардың мүліктік жерлері.
Салық түрлері және міндеткерліктер:
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты хандықтардың күш - қуаты көп жағдайда халықтан алынатын алым - салыққа байланысты болған. Ол салық түрлері:
- Тағар -әскерді азық - түлікпен қамтамассыз ету үшін жиналған салық.
- Қалан -жер көлеміне байланысты егінге салынатын салық.
- Құшыр -жан басына және діни салық.
- Харадаж, баж -егінші аймақтан алынатын салық.
Феодалдық қатынастардың дамуына байланысты әлеуметтік, мүліктік теңсіздік өсті.
Қоғамдық және әкімшілік құрылысы
Ұлыс - Шыңғыс балалары үлес алған жерлер.
Атабек - мұрагердің - хан баласының тәрбиешісі.
Көкілташ - мұрагердің «тел болуыры» - лауазым.
Наиб - хандарға ақыл беретін кеңесші.
Жасауыл - жиын - тойда, мерекелерде тәртіп, салт-дәстүрді қадағалап отыратын қызмет.
Ішкі аға басы - Сарай қызметтің басшылары.
Ихтан - хан кеңесшісі.
Миршикар - ханның аңшылық ісін басқаратыңдар.
Даруға - қаладағы және маңызды салаларды басқаратын адамдар, әрі алым - салық жинау тәртібін қадағалаған.
- Сонымен, хандық өкіметтердің мемлекеттік - әкімшілік жүйесі билеушілердің мүддесін қорғауға бағытталды.
- НОҒАЙ ОРДАСЫ XIII-XV ғғ.
Ноғай Ордасы Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекет.
Алып жатқан аумағы - Қазақстанның солтүстік - батысы - Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы.
Астанасы - Сарайшық қаласы.
Ноғай Ордасының аты Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімі мен аталды.
Этникалық құрамы - түркі тілдес маңғыт тайпасы.
Хандары:
- Едіге (1396-1411) Ноғайдың баласы, Орданың негізін қалады. Маңғыт елі оған «Едіге жыры» эпосын шығарды.
- Нұр - ад - дин (1426-1440) Едігенің баласы, оның тұсында Орда жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шығады. XV ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. 1550 жылдардың ортасында Қазан, Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінді. Кейбір бөліктері Кіші Жүз қазақтарының құрамына кірді. 1580 жылы Сарайшық қаласы біржола қирады. Сарайшықта Алтын Орданың, Ноғайдың, қазақ хандары жерленді.
6. XIII-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ СОЛТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БАТЫС СІБІР
Алып жатқан аумағы - Солтүстік Қазақстан, Батыс Сібір - Жолсы ұлысы, Шайбани әулетінің жері - Тобыл, тура өзендерінің аңғары.
Батыс Сібір енген тайпалар - наймандар, керейіттер, меркіттер, оңғыттар. Керейіттер басты рөлді атқарды.
Астанасы - Қызыл - Тура (Чимги - Тура) .
Билеушілері:
Тайбұға - түрік шонжарларының әулетінен шыққан. Шыңғыс ханның құрметіне астанасы Тура қаласын Чимги - Тура деп атаған. Қазір ол қаланың орнына Тюмень қаласы орналасқан.
Тоқтамыс - Едігеден шыққан Тоқтамыс біраз жыл хандық құрып осы арада дүние салды.
Едіге - Тоқтамыс өлгеннен кейін хан болды.
Махмұд - Қожа - Шайбани ұрпағы, Ноғайлардың қолдауымен хан болды.
Әбілхайыр - 1428 жылы Батыс Сібірге жорыққа шығып, Махмұд - Қожаны жеңіп, Батыс Сібірді өз қарамағына алды.
Ибақ - Шайбанидің ұрпағы Батыс Сібір билігін қолына алды. Ибақ қазақ хандары Жәнібек, Кереймен одақтасып, Әбілхайырдың ұлы Шайх - Хайдарды өлтірді. Оның баласы Мұхаммед Шайбани Астраханға қашып кетеді. Сөйтіп Чимчи - Тура, Тобыл және Ертіске жақын жерлерге өз билігін жүргізді. Ибақ 1481-1484 жылдары орыс мемлекетіне екі рет елшілік жіберді. III Иванмен сауда қарым - қатынасын орнатты.
Мұхаммед - Тайбұғалықтардың биліктен шеттетілуін себеп қылып, 1495 жылы Чимчи - Тураға шабуыл жасап, Ибақты өлтірді. Өзін хан деп жариялады. Ол өлген соң да билік тайбұғалықтардың қолында қалды.
- Батыс Сібір мекендеген тайпалар кейін біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ елінің негізін құрады.
7. ӘМІР ТЕМІРДІҢ БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz