ХҮІІ ғ. – ХҮІІІ ғ. басындағы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ


Тақырып 9. ХҮІІ ғ. - ХҮІІІ ғ. басындағы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
1. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы
2. Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және шаруашылығы
3. Қайталауға арналған сұрақтар
- Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма
- Әдебиеттер тізімі
1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ
ХҮІІІ ғасырда Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр болды.
Оның себептері:
1) Феодал-шонжарлардың жеке дара билеп тәуелсіз болуға ұмтылуы-өзара алауыздықтары
2) Үздіксіз жүргізілген соғыстар;
3) Бірыңғай, берік тұтастықтар болмауы-қазақ жерінің бір бөлігінің өзбек хандығында, бір бөлігі Моғолстан хандығында, Сібір хандығында қалып қоюы;
4) Экономикалық дамуда тұйық шаруашылықтың үстем болуы, ішкі сауда орталықтардың болмауы;
5) Оңтүстіктегі қалалардың әлсіреуі, қазақ жерін бір орталыққа бағынатын, бытыраңқылықты жоюға кедергі келтірді.
Ұлы ханға бас ию, оның ақыл-кеңесін тыңдау біртіндеп жойыла бастады.
Осы кезде қазақтың хан тағына 1628-1652 жылдары Есім ханның баласы Жәңгір отырды. Халық жоңғарларға қарсы күрестегі ерлігі үшін оны Салқам Жәңгір деп атады.
Жәңгір жоңғарлардан қорғану үшін Бұхар хандығымен, Жаркент хандығымен, Қырғыздармен қарым-қатынас орнатты.
1643жылы Жоңғардың қалаың қолы қазақ жеріне баса-көктеп кірді. Қосқолаң тауындағы Орбұлаққа бекінген Жәңгір өзінің 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрды. Аз қолды таптап өтпек болған жоңғарлар 10 мың адамнан айрылды. Алшын Жалаңтөс батыр 20 мың қолымен ту сыртынан шабуыл жсайды. Орбұлақ шайқасында қазақ әскерлері жеңіске жетті. 1652 жылы жақсы дайындалған жоңғар әскері қазақ жеріне тағы кірді. Осы шайқаста Жәңгір хан қайтыс болды.
Сөйтіп қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси жағдайының ауыр хәлде болғанын пайдаланып жоңғарлар қазақ жеріне кіре бастады.
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы:
1680-1715 жылдары Қазақ хандығының тағына Тәуке отырды. Ол бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш жұмсады. Сол үшін ол хандық билікті нығайтып билерге арқа сүйеп, сұлтандардың билігін шектеді. Феодал шонжарлардың өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды. Билер бара-бара жергілікті атқарушы органға айналды.
Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды. Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтай шақырып отырды. Тәуке хан көршілес жатқан қырғыз, қарақалпақ тайпаларының едәуір бөлігін өзіне қаратып алды. Тәуке хан Орта Азия мемлекеттерімен экономикалық байланыс орнатты.
Жеті жарғы.
Тәуке «Қасым ханның қасқа жолының», «Есім ханның ескі жолының» негізінде Ұлы жүзден Төле бидің, Орта жүзден Қазыбек бидің, Кіші жүзден Әйтеке бидің қатысуымен «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын жасады. Ол жеті бөлімнен тұрды:
1) Мемлекетті басқару туралы
2) Жер дауына байланысты
3) Үй-ішілік тірлікпен байланысты
4) Ұрлық, барымта т. б. қылмыстық жағдайға байланысты
5) Ел мен жер, ру мен ру арасындағы дау дамайға байланысты
6) Ел бірлігін сақтау, отанын қорғау сыртқы жауға тойтарыс беру, жасақ құру мемлекетін ірі оқиғаларға арналды
7) Құн дауына бағышталды
Жеті ауыр айып түрлері:
1-ші айып -«Қара қазан» төлеу -айыпкердің шаңырағының ортасына түскеннің белгісі
2-ші айып -«Қара нар беру» -өлген кісі атақты болса Түркістанға апарып қойған
3-ші айып -«Қара мылтық алу»-ер адамның бойындағы бес қаруын алып алу
4-ші айып -«Қара шолақ бие жетектету»-айыпкердің ырысының шайқалуы.
5-ші айып -«Қара кілем ұстату»-тұралағандықтың белгісі
6-ші айып -«Жетім беру»- көңілде кірбік қалмаудың белгісі
7-ші айып -«жесір бастаған тоғыз жөнелту»- ағайынның табысуы үшін жасалады.
Бұл айыптардан басқа ең ауыр жаза, өз руынан, аталастарынан аластату болды.
Жазаның ең жеңіл түрі құн төлеу. Бір құн - төрт түлік малдан тоғыздан беру.
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін анықтайтын нормалардан тұрды. 1680 жылы жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға шабуыл жасағанда Түркістан ғана аман қалды. Өйткені онда жасағымен Тәуке хан болды. 1710-жылы жау шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Хандық жасақтар құрылды. Бірақ жоңғарды түпкілікті талқандай алмады. Тәуке қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайын біраз тұрақтандырды.
Сондықтан оны халық «Ақылы асқан Әз-Тәуке» деп атады.
1718 жыл- үш жүзді билеген Тәуке ханның қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті.
2. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы 7 сатыдан қаланды:
Хандық құрылымы:
12 ата Бай ұлы:
Адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркес.
Жетіру: табан, тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан.
6 ата Әлім ұлы: қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті енді.
Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы:
Қазақ қоғамының тапқа бөлінуіне мүліктік жағдай ғана емес, әлеуметтік тегі негіз болды.
Ақсүйектер - Шыңғыс хан ұрпақтары: (хандар, сұлтандар, төрелер) . Шыңғыс ұрпағы қазақтың рулық шежіресіне енбейді, қоғамның билік етуші тобы болып есептеледі. Сұлтан - ұлыс билеушісі, хан болып сайлануға құқылы болды және хан үшін міндеткерліктер атқарудан босатылды.
Асыл сүйектер - мұсылман дін басылары, Қожа рулары.
Қара сүйектер - билер, байлар, батырлар. Билер - ру және тайпаны басқарушы, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар.
Батырлар - қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, әскери кәсіппен айналысушылар.
Қарапайым халық - үстем тап өкілдеріне алым - салықтар төлеуге және міндеткерліктер өтеуге міндетті.
Алым - салық түрлері:
- Соғым, сыбаға, ерулік, зекет т. б. - малшылардан алынды.
- Ұшыр, тағар, баж, хараж т. б. - егіншілер мен қолөнершілерден алынды. Міндеткірліктер:
- Сауын - кедейлердің байлардың малын уақытша алып, сүтін, жүнін пайдаланып, бағып- күтіп, аман қайтару міндеті.
- Әскери міндет - әрбір қазақ сарбаз болып есептеліп, қажет кезде жорыққа шығу міндеті.
- Күтіп - бағу міндеткерлігі - ханның ұлыстарды аралаған кезде халықтың оны және нөкерлерін күру міндеті.
Бұдан басқа жамылғы, мардикар секілді борыштар мен еңбек міндеткерліктері болды.
Ең құқысыз топтар - құлдар. Олардың негізгі міндеті - қожайындарына жеке тәуелді болу.
Оңтүстік аймақтарда феодалдық жер иелену мен жеке меншіктің тұрақты түрлері қалыптасты: сойырғал, икта, мильк, вакф.
- Сойырғал - үлестік жер, әскери немесе азаматтық қызмет атқарғаны үшін берілді. Ол көшпелі ақсүйектердің отырықшы халыққа үстемдік құруының кең тараған түрі.
- Мильк - дінбасыларының үлестік жерлерге жеке меншіктік құқығы.
Шаруашылығы:
XVI-XVII ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың үш саласы болды:
1. Көшпелі мал шаруашылығы
2. Жартылай көшпелі
3. Отырықшы-егіншілікпен айналысатындар
Малдың негізгі түлігі - қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді:
Егіншілік
Егіншілік дамыған жерлері: Сырдария, Шу, Арыс, Талас, Іле өзендерінің алқабында суармалы егіншілік болды.
Қаратау, Ұлытау, Ертіс өзені, Зайсан көлінің маңайында егіншілік айтарлықтай дамыды.
Көшіп-қонуға күші жоқ, жайлауға апарар малы жоқтар егіншілікпен айналысты. Оларды «Жатақ» дейді.
Астықты сақтау үшін ұра қазып, оның ішін астық жақсы сақталу үшін отпен күйдіреді.
Нанды қазанға, табаға, тандырға жапты. Майға бауырсақ, шелпек пысырды.
Сауда
Қазақ хандығының Орта Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мемлекеттерімен сауда қатынасы дамыған. Ұсақ ақша саудасы қалпына келтіріліп, күміс жалатылған мыс дирхемдер негізгі айналым құралы болды. Отырарда ұсақ тиындар қызметін атқарған мыс фельстер соғылды.
- ХУ ғ. 2 ширегі - Ұлықбек ақша реформасын жүргізіп, мыс теңгелерге тыйым салынып, оларды жоғары сапалы мыс динармен ауыстырды.
- ХУІ ғ. 1 жартысы - Оңтүстік Қазақстандағы ақша айналымында Темір мен Шайбани ұрпақтары шығарған мыс теңгелер пайдаланылды.
- ХУІ ғ. ортасы - Қазақстан қалаларына ортаазиялық мыс теңгелердің ағыны азайып, Ташкентте, Йассыда соғылған мыс теңгелер келе бастады.
Отырарда ішкі айналымға арналған жазусыз мыс теңгелер шығарылды. Күміс теңгелер ірі халықаралық саудада қолданылды. ХУІІ ғасырда Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы ақша айналымы теңге емес, жуан сымнан кесіп алу арқылы жасалған шағын мыс кесектер түріндегі ақшаның болуымен ерекшеленеді.
Қалалар мен елді мекендер
ХУ ғ. 1 жартысы- ХУІІІ ғ. басы - Қазақстан қалаларының саны 23-ке дейін азайып кетті. Ибн Рузбихан Түркістанда 30 қала болған деп дерек қалдырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz