Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық статусы



1. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. Сібір қырғыздары туралы Жарғы

2. Қазақстан жеріндегі 1867.1868 жылдардағы реформалар

3. Қайталауға арналған сұрақтар

4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

5. Әдебиеттер тізімі
1822 жылы 22 шілдеде Қазақстанда хандық билікті жою туралы Сібір қазақтарының Жарғысы қабылданды. Сібір қазақтары туралы жарғы, алғашқы патшалық реформа ретінде, бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып, әлеуметтік-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды, қазақ қоғамы ішіндегі, ең алдымен патшалық өзгерістерді, негізінен қиналмай қабылдаған шеп маңайындағы ауылдар арасындағы және кең далада еркін көшіп жүріп, көшпелі тәуелсіздіктің ең берілген жақтаушылары ретінде сұлтандардың, билердің ақыл беруі бойынша патшалық өзгерістерге көнбегендер арасындағы онсыз да өткір қайшылықтарды тереңдетіп, Кавказдағы, Еділ бойының түркі тілдес аймағындағы және дадалық табиғи ландшафты реформаның іске асырылуын белгілі бір дәрежеде қиындатқан Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы оппозицияның топтасуын күшейте түсті. Оның негізгі дайындаушысы – Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский.
Жарғының негізгі мақсаты: Жарғы Орта жүз қазақтарының саяси дербестік құқықтарын құқықтарын шектеуді мақсат етіп, орыс шенеуніктерден қазақ сұлтандарына, басшыларына бақылау қойды. Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету.
Орта жүзде Уәли қайтыс болғаннан кейін хан тағайындалмады. Жарғы Орта жүзде іске асты. Әкімшілік жағынан былай бөлінді:
Округ - 15-20 болыстан тұрды;
Болыс – 10-12 ауылдан тұрды;
Ауыл – 50-70 шаңырақтан тұрды.
Басқару жөнінен бөлінуі:
Округті - аға сұлтан;
Болысты – болыс;
Ауылды – ауыл старшындары басқарды.
Аға сұлтан – оны тек сұлтандар сайлады, аға сұлтандарға ресейлік әскери майор шені берілді, он жылдан кейін дворяндық атақ берілді, үш жылға сайланды.
Болыс – болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Болыстың Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді.
Ауыл старшындары – үш жылға сайланды. Ресейлік селолық старосталармен теңестірілді.
Жарғы бойынша сот істері үшке бөлінді: Қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту.
1. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін: Бес томдық /[ Ред. М. Х. Асылбеков, Қ. С. Алдажұманов, К. М. Байпақов] .- Алматы: АТАМҰРА. Т. 2: Қазақстан соңғы орта ғасырлар дәуірінде.- 1998.- 640 бет.
2. Артықбаев, Жамбыл Омарұлы. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия / Ж. О. Артықбаев.- Астана: Фолиант, 2003.- 264 бет.
3. Бекмаханов Е. Қазақстан XІX ғ. 20-40 жылдарында.- Алма-Ата, 1994.- 416 б.
4. Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихы; Бірінші кезең; Жоғары оқу құралы.- Алматы; Ана тілі, 1995.- 120 б.
5. Қазақ қоғамындағы әкімшілік- шаруашылық жүйелердің эволюциясы: Оқу құралы / Ред. басқар. К. Ә. Берденова; ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.- Алматы: Экономика, 1999.- 361 бет.
6. Қазақ: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы: Білім, 1994.
7. Қазақстан тарихы: Оқулық-анықтамалық /[Авт. В. С. Осколков, И. Л. Осколкова] .- Алматы: Өнер, 2001.- 64 бет.
8. Қазақстан тарихы: Хрестоматия / Құраст. М. Қ. Қозыбаев.- Алматы: Атамұра, 1994.- 256 бет.
9. Құсайынұлы, Қайсар. Қазақ шаруашылығы отаршылдық дәуірінде[Оқу құралы] / Қ. Құсайынұлы.- Алматы: Дәнекер, 2001..
10. Мәшимбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты: Оқулық. –Алматы: Санат, 1994.
11. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы: [Оқу құралы] К. Рысбайұлы.- Алматы: Санат, 2001.
12. Акишев Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах 18 века. М., 1986.
13. Басин В.Я. Русско-казахские отношения в 16-18 вв. А, 1974.
14. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.
15. Зиманов С.З. Общественный строй казахов I половины 19 в.
16. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в 18—19 вв. Алма-Ата, 1981.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 14. РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
СТАТУСЫ

1. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. Сібір қырғыздары туралы Жарғы

2. Қазақстан жеріндегі 1867-1868 жылдардағы реформалар

3. Қайталауға арналған сұрақтар

4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

5. Әдебиеттер тізімі

1. СІБІР ҚАЗАҚТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАРҒЫ

1822 жылы 22 шілдеде Қазақстанда хандық билікті жою туралы Сібір
қазақтарының Жарғысы қабылданды. Сібір қазақтары туралы жарғы, алғашқы
патшалық реформа ретінде, бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып,
әлеуметтік-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды, қазақ
қоғамы ішіндегі, ең алдымен патшалық өзгерістерді, негізінен қиналмай
қабылдаған шеп маңайындағы ауылдар арасындағы және кең далада еркін көшіп
жүріп, көшпелі тәуелсіздіктің ең берілген жақтаушылары ретінде
сұлтандардың, билердің ақыл беруі бойынша патшалық өзгерістерге көнбегендер
арасындағы онсыз да өткір қайшылықтарды тереңдетіп, Кавказдағы, Еділ
бойының түркі тілдес аймағындағы және дадалық табиғи ландшафты реформаның
іске асырылуын белгілі бір дәрежеде қиындатқан Қазақстандағы отаршылдыққа
қарсы оппозицияның топтасуын күшейте түсті. Оның негізгі дайындаушысы –
Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский.
Жарғының негізгі мақсаты: Жарғы Орта жүз қазақтарының саяси дербестік
құқықтарын құқықтарын шектеуді мақсат етіп, орыс шенеуніктерден қазақ
сұлтандарына, басшыларына бақылау қойды. Қазақстанның солтүстік-шығыс
өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық
тәртіпті әлсірету.
Орта жүзде Уәли қайтыс болғаннан кейін хан тағайындалмады. Жарғы Орта
жүзде іске асты. Әкімшілік жағынан былай бөлінді:
Округ - 15-20 болыстан тұрды;
Болыс – 10-12 ауылдан тұрды;
Ауыл – 50-70 шаңырақтан тұрды.
Басқару жөнінен бөлінуі:
Округті - аға сұлтан;
Болысты – болыс;
Ауылды – ауыл старшындары басқарды.
Аға сұлтан – оны тек сұлтандар сайлады, аға сұлтандарға ресейлік әскери
майор шені берілді, он жылдан кейін дворяндық атақ берілді, үш жылға
сайланды.
Болыс – болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Болыстың Ресейдің
әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді.
Ауыл старшындары – үш жылға сайланды. Ресейлік селолық старосталармен
теңестірілді.
Жарғы бойынша сот істері үшке бөлінді: Қылмыстық істер, талап ету,
болыстық басқармаға шағым айту.
Жарғының 46, 49 параграфтарында сауда істерін дамыту туралы ұсыныстар
енгізілді. Орынбор генерал-губернаторы 1824 жылы Кіші жүз ханы Шерғазыны
Шекаралық коммиссияға лауазымды шенеуліктік қызметке тағайындады да , Кіші
жүздегі хандық билікті жойды. Тек Бөкей хандығы ғана 1845 жылға дейін
сақталды. Бұл Жарғы Рессейдің отаршылдық саясатын кеңейте түсті.
Жарғының негізгі мақсаты: Кіші жүзде хандық билікті жою.
2. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ 1867 -1868 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕФОРМАЛАР

Екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған (Орынбор, Батыс Сібір) қазақ
елін билеп-төстеуді өзгерту ісі патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір
құрамды бөлігі еді. 1822, 1824 жж реформалар жаңа капиталистік қарым-
қатыснастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы
келді.
Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау, Бутков комиссиясының
пікірі қабылданбаған соң Ішкі істер министрлігі Кеңесінің мүшесі Гирс
басқарған Дала комиссиясына жүктелді. (Ф.К.Гейне, К.К.Гутковский,
А.П.Проценко)
1865 ж. 5 маусым – патша ІІ Александр өлкені зерттеуге тапсырма берді.
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәхиханов өз пікірлерін ұсынды:
- Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру;
- Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу.
Алайда, Шоқан Уәхиханов ұсыныстары қабылданбай тасталды. Комиссия мүшелері
феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
1867 ж. 11 шілде – Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша
Ереже бекітілді.
1868 ж. 21 қазан – Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы
Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілді.
Бүкіл қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа біріктірілді. 1872 жылы
бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау
приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен
Закаспий облысына енгізілді.
Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернаторлардың қолына
шоғырлануы реформаның бір түйінді жері болды. Түркістан генерал-
губернаторлығына Қытай, иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз
жүргізуге рұқсат етілді. Генерал-губернаторлар сол аймақтағы казак
әскерінің атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жанынан іс жүргізумен
айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернатор
қадағалады. Басқарма үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты іске
асыру.
Генерал-губернаторлық → уезд → болыс → ауыл → шаңырақтар (100-200)
Генерал-губернатор, уезд бастықтары, болыс бастықтары, ауыл старшындары
басқарды.
Сырдария басқару билігі генерал-губернатор бекіткен 3 жылға сайланатын
ақсақалдарға берілді.
Реформа арқылы әскери сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды.
Сырдария облысында қазылар соты болса да әскери сотқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси- құқықтық институт ретінде қалыптасуы
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі
ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстандағы мемлекет және құқық
Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Мемлекет механизміндегі президент пен үкіметтің өзара әрекеттесуі
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Пәндер