Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 3-6

I тарау. Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері

  1. Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және саналы түрде

жүргізілетін педагогикалық қызмет . . . 6-8

  1. Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде тәрбиенің

жалпы заңдылықтарын қолдану . . . 9-23

II тарау. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

2. 1. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты ерекшеліктері . . . 24-31

2. 2. Тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда сынып

жетекшісінің алатын орны . . . 32-52

2. 3. Тәрбие жұмысында жеке-дара қарым-қатынас жасау

тиімділігі . . . 53-57

Қорытынды . . . 58-59

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60-62

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан қоғамындағы әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер жалпыға бiлiм беру жұйесiн тұпкiлiктi жаңартуды қажет етедi. Сонымен қатар орта буын, яғни «терең бiлiм, кәсiптiк дағдылар негiзiнде iс-әрекет жасайтын, өзiн-өзi дамытатын, жылдам дамып отыратын бұгiнгi заманда өздiгiнен дұрыс, құлықтық-жауапкершiлiк шешiмдердi қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру» мақсат етiп қойылған. Жалпы бiлiм беру жұйесiн реформалауда негiзгi құрамдас бөлiк тәрбие болып саналады.

Жастарды тәрбиелеу бүгiнгi кұнде жаңаша түрде жанасуды талап етедi. Қоғам қазiргi таңда «бәсекеге қабiлеттi, экономикалық ойлауы дамыған, жан-жақты қалыптасқан, жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруде шығармашылық iскерлiгi мен дағдысы болатын, тұрлi мамандықтарды меңгере алатын, өмiрлiк қиын да күрделi мәселелердi жылдам, әрi нақты шеше алатын тұлғаны тәрбиелеудi» мақсат етедi. Жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдаяттар жастар санасында басқа да құнды бағыттардың қалыптасуына, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу нормалары мен ережелерiне қайшы келедi.

Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс- әрекетке үйрену мен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», «Мектеп тәрбиесі адам қылды» деп нақтылып айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адм дамуы мен қалыптасына әлеуметтік- экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдар болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.

К. Д. Ушинский: «Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» деп тұжырымдаған. Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және педагогы Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртурлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз». Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді? Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс «Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуымен қалыптасуымен азаматтық болмысты игеру жолымен іске асды»- деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттің азаматтық болмысты игеруге пайдаланатын құрал- жабдығы деп білі қажет.

Ал енді осы болмыстың өзі не және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішнде келесі құрылым бірліктерін қамтиды:

1. Адамдардың табиғат және қоғам жөнінде жасаған білімдерінің жиынтығы

2. Еңбектің әр қилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері

3. Әлеуметтік, рухани қатынастар.

Педагогика үшін және бір маңыздысы - жеке адамдық даму тұлғаны тәжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты.

Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекеттегі белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділіпен өзара байланысқан көмек болуы мүмкін.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев мұғалімдердің республикалық ІІ съезінде атап көрсеткендей, оқыту мән тәрбиелеудің бір - бірінен ажырап қалуы, тәрбиенің оқуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі де жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кетушілікке (деградацияға) себеп болды. Сондықтан да Үкімет білім беру жүйесін реформалау мақсатында ҚР Білім Заңын және соған сәйкес жасалған «Білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісін ұйымдастырудың кешенді бағдарламасын» жасап, енгізді.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдайым оқушылардың белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды және шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет.

Келтірілген пікірлер, біздіңше, тәрбиенің мәнін жеткілікті әрі түсінікті де ашып, оған ғылыми анықтама беруге негіз болуы мүмкін. Сонымен, тәрбие-бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттанушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс.

Жоғарыда айтылған пікірлерді қорыта келе, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жолдары» деп анықтадық.

Зерттеу мақсаты: мектепте тәрбие жұмысын жоспарлаудың, оны өткізу мен ұйымдастырудың, нәтижелерін бағалаудың жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- тәрбиенің арнайы ұйымдастырылған және саналы түрде жүргізілетін педагогикалық қызмет ретінде анықтау;

- мектеп оқушыларын тәрбиелеуде тәрбиенің жалпы заңдылықтарын қолдану ерекшеліктерін зерттеу;

- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты ерекшеліктерін зерттеу;

- тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда сынып жетекшісінің алатын орнын анықтау.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері

  1. Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және саналы түрде

жүргізілетін педагогикалық қызмет

Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс- әрекетке үйрену мен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», «Мектеп тәрбиесі адам қылды» деп нақтылып айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адм дамуы мен қалыптасына әлеуметтік- экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдар болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.

Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен жасалатындықтан білімдер де, тұрмыстық ептіліктер мен дағдыларда да сондай-ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар да адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Енді осы тәжірибені өз «игілігіне» айналдырып, «меншіктеп» алу үшін жаңа әулет қайтадан бұл «затты» ақыл-саналық сипатқа келтіруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған іс-әрекетті (еңбектік, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып, қайта жаңғыртып, бұрынғыданда дамыңқыраған түрде өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуге борышты. Тек өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тәжірибені және оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін. Осыдан тәрбиенің негізгі қызметі - жас адамды қоғамдық тәжірибенің әр тарапын заттықтан саналылыққа айналдыру ісіне жұмылдырып, өткен тәжірибені өзі қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойына қоғамдық сапалар мен қасиеттерді өзі баулына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерілуіне көмектесу. Бұдан тәрбиенің терең астарлы күші үгіт-насихаттық құрғақ жас адам іске бағдарлауға емес, ал оның өзін жеке адамдық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамдық тәжірибенің әр түрлі тарапынан игеруге, пайдалы қызметке қосуда.

Педагогика үшін және бір маңыздысы- жеке адамдық даму тұлғаны тәжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты.

Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекеттегі белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділіпен өзара байланысқан көмек болуы мүмкін.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдайым оқушылардың белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды және шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет.

Келтірілген пікірлер, біздіңше, тәрбиенің мәнін жеткілікті әрі түсінікті де ашып, оған ғылыми анықтама беруге негіз болуы мүмкін. Сонымен, тәрбие-бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттанушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс.

  1. Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде тәрбиенің жалпы заңдылықтарын қолдану

К. Д. Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылықтарын ғылыми тырғыдан тану өте қажет. Себебі, оның айтуынша, педагогикалық ережелерді қара дүрсін жаттау ешбір пайда бермейді. Сол ережелерді туындататын ғылыми негіздерді зерттеу міндетті іс. Ұлы педагогтың кеңесі: басқарылуы қажет болған психикалық құбылыстардың заңдарын ашып, өз іс -әрекетіңді сол заңдарға және оларды қолданатын жағдайларға орайластырған жөн. Тәрбиенің астарлы терең заңдылықтарын білместен, оны жетілдіруге ұмтылудың өзі бос әрекет. Өмір шындығы эаңдылықтары

мен жеке адамның дамуы және кемелденуіндегі қайшылықтарды тану ғана белгіглі дәуір тәрбиесіндегі күнделікті шараларды іске асырудың және сол процесті ғылыми тұрғыдан басқарудың теориялық-әдіснамалық негізін бере алады.

Сонымен, тәрбие заңдылықтары деген не? Бұл түсініктің мәні: орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар. Мұндай заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын-ала болжауға және ол іске терең мазмұндық, әрі әдістемелік мән-бағдар беруге болады.

Тәрбиенің жалпы заңдылықтары:

1. Барша тарих кезеңдерінде тәрбие объективтік-қоғамдық қажеттіліктен туындайды және ол қоғамға қызмет етеді.

2. Тәрбиенің мақсаты, мазмұны және тәсілдері біртұтас байланыста, бір-бірінсіз нәтиже бермейді.

3. Біртұтас педагогикалық процестегі оқу мен тәрбие (тармағындағы) өзара кіріге ұштасқан.

Келтірілген заңдылықтар тәрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды, ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей тәрбиелік процесті іске асырудағы педагогикалық құрал ретінде танылуы тиіс. Олардың қатарына кіретіндер:

1. Дамушы жеке адамның тәрбиесі сол адамды тікелей іс әрекетке қосу барысында орындалады.

2. Тәрбие- ұйымдастырылған іс-әрекеттегі жеке адамның белсенділігін арттыруға ықпал етуші фактор.

3. Тәрбие барысында тәрбиеленушіге деген жоғары гуманизм мен сый-құрмет орынды талаппен ұштасуға міндетті.

4. Тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып, табыс қуанышына ере білуге көмектесу.

5. Тәрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану қажет.

6. Тәрбиелеуде оқушылардың жастық және даралық ерешеліктерін ескеру орынды.

7. Тәрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы іске асырылуы қажет.

8. Тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісімі қажет.

Мектептегі оқу жұмысы да, оқушылардағы жеке адамдық сапаларды тәрбиелеу де осы заңдылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Мақсат категориясына қарама - қарсы категория - арман. Екеуінің бір - біріне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы - осы бейнеге субъект қатынасының әртүрлілігі.

Арман - елстің немесе қиялдың субъектіге берер біршама қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстаналшақтатады.

Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі қабылдауыдан емес, сол бейнені іс - әрекетке қосып шындыққа айналдыру. Бұл бейне субъекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтіжеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне- нәтіже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.

Арман субъектің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат - іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.

Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама - қайшылығы қабысқан баршат дүниеміздегідей - бұл екі шеткі құбылыс - арман мен мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман мақсат түзу үшін негіз, арман - мақсаттарды қайта қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсатта өз кезегінде жаңа мақсатқа жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудің жолы тұп - тура болмақ емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.

Міндет - бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтіженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтіжеде жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс-әрекеттің жалпы нәтіжесін алуға жұмсалады. Іс-әрекеттің барысында субъект, әдетте, мақсат жөнінде ойламайды, оның ісінде тек міндеттері, өз іс-әрекетін сол міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.

Мақсаттың ұмыт болуы - жалпы стратегиялық бағыттың жайылуына әкелді, ендеше, міндетер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға ләззат бере бақ бергісі келді. Бірақ нақты істерді орындау күйбеңімен жүріп, тиісті орынға гүл етуді ұмытты, соның салдарынан бақ ләззат беру сипатынан айрылды, яғни негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттербосқа кетті.

Мақсат болжау - мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтіжесі. Міндет - мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. Міндет көрер көзде дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы, педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен шығармауы тиіс, өмірде адамның тұлғалық мазмұнын оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі қалайды, - дегендей философиялықтұжырымды бетке ұстау лазым.

Тәрбие мақсаты Тәрбие процесі Тәрбие нәтижесі

Егер тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтің қадам сайын алға қойып, әр сәт сайын шешіп отыратын әрекеттің бәрі - міндеттер. Жалпы мақсаттық бағдар назардан ғайып болып, педагог бір міндет бағытында жұмыс істеп, ойлай бастағаннан, дәл осы міндет мақсат мазмұнына ие болып, өзіне қажетті ендігі міндеттерге ие болды. Мұны схема түрінде көрсетуге болады:

міндет 1

міндет 1 мақсат 1 міндет 2

міндет 3

міндет 1

Мақсат міндет 2 мақсат 2 міндет 2

міндет 3

міндет 1

міндет 3 мақсат 3 міндет 2

міндет 3

Міне, осыдан педагогикалық сөздікте «Тәрбиенің мақсаты мен міндеті», «Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері» тіркестерін жиі кездестіреміз. Бұлардың бірін таңдауымыз белгілі мақсаттың жалпы бағдарына байланысты да, бір жағдайдың өзіне де мақсаттың мәнге де, міндеттік мәнге де ие бола беретінен. Мысалы, мұғалім сабақты дайындауда нақты сабақ «мақсатын» белгілейді, ал енді осы мақсаттың өзі жалпы тәрбие мақсатының міндеті болып шыға келеді. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесі аталған көп «міндеттің» орындалу құралына айналды: мәдени, саясат бойынша жасау қабілетін қалыптастыру, адам бола білу қабілетін жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу қабілетін түзу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірлік бағыт қалыптастырып, өз тіршілігінің мазмұнын реттей алу қабілетін орнықтыру; тұрмыстық міндеттерге дайындау; өмірлік еңбекке дайындық, отбасылық өмірге дайындық, бос уақытын мазмұнды өткізуге дайындау, өзін шығармашылықпен баулуға дайындау.

Қазақстан 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да әлемдік өркениетке сай тәрбие беру, ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өзбетімен ала отырып, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Олай болса, оқу мен тәрбие егіз ұғым демекші, біз келесі кестелерде тәрбие процесінің өзектәі проблемаларына тоқталамыз.

Педагогтың тәрбие ұйымдастыруға байланысты кәсіби қызметінің мақсаты - тәрбие мақсатын анықтау, оны іске асыру. Ал осы педагогикалық іс-әркеттің мотивтері неде?

Бұл тұрғыдан, педагогикалық мақсат мотивтері келесідей:

1. Қайшылығы көп, күрделі өмірге еніп жатқан сәбидің бақыты үшін қамқорлық;

2. Балалық шақтың сәулелі өтуіне көмек беру және адамға деген ынабатты қатынас. Мұны сипаттаған мотивтер педагогке кәсіптік және әлеуметтік келеңсіздіктерді елей бермей, ізге мақсатқа жетуге жол ашады.

Педагогикалық қызметке араласуғы түрткі болатын қарапайым мотивтерді де жоққа шығаруға болмайды; мысалы, қаражат табудың көзі, демалыс уақыттарының ыңғайлығы, бүкіл өмір бойы балалр мен жастар арасында жүріп, өзінің де рухани кәрілікке барілместігін сақтап қалу т. с. с. бірақ бұлардың бәрі де кәсіп таңдаған тәрбиеші - педагогтың балаға деген қамқорлығы мен оны азаматтық кемеліне жеткізуге байланысты ықпал - ынтасына күш - қуат бере алмайды. Жоғары сезімнен шыққан ізге ниет тәрбиешінің кәсіби ісінің сипатына үлкен ықпал жасайды; осыдан мұғалім - педагог қарадүрсін әрекетке бармауға тырысады, баланы көптің бірі деп қарамай, онымен жеке тәрбие жұмысын өткізуге ұмтылады. Балаға деген қамқорлық мұғалімді әлеуметтік аласапыран кезеңдегі келді - кетті, жалған қоғамдық құндылықтарды бала тәрбиесіне қосудан сақтайды.

Сонымен педагогтың адами - имандылық бағдары оның ұстанған мақсат, мотивтеріне ерекше сипат береді де, бір - бірімен іргелес жасап, педагог қызметінде өзара байланысты болады.

Ал, осы педагогтың мақсаты балаға белгілі ме? Мектепке аяқ басқанда ертең ұлағатты азамат болып шығатынын ол сезіне ме?

Әлбетте, оның төңірегіндегілердің бәрінің де әңгімесі баланың келешекте адам болуы жөнінде. Ал, оның өзі оқу, сызу, жазу, сурет салу тағы басқалармен әуре, өзінің тәрбиеленіп жатқанымен тіпті ісі жоқ, ол педагогті өзінің жақсы досы, кеңесшісі, қарапайымды ұстаз - мұғалім деп таниды. Педагог болса жарысын педагогикалық «тапта» ол мақсат белгілеп, оны балаға жария етпестен, іске асрудың жолында болды.

Бала бақытына деген жанпидалықты туындайтын мотив «жарысын» педагог бағытының жүзіне келуіне себін тигізеді; баланың тәрбиелеу емес, жасауы қажет, бала өмір ләззатына дайындалуға тиіс емес, ол ләззатқа бөлініп өсуі керек; бақытты болу үшін бала педагогикалық басшылықты танып баруға тиіс емес, өмірдің әрбір қасқағым сәтін жоспарланған дамудың элементтеріндей қабылдамай, өз өмірінің болмысы деп білгені жөн. Есейе келе әр бала тәрбие мен өзіндік дамудың мақсаты сипатында қабылдап, педагогтан тәрбие эстафетасын қолына алып, тәрбие сүбъектісіне айналуы қажет. Осыдан, педагог рөлі жаңа кейіпке енеді.

Балаға деген қамқорлық қазіргі заманның өте күрделі аймағында өз орнын иелеп, педагогтің өз кәсіптік деңгейін көтеруіне, өз педагогикалық шеберлігіне жаңа әдістемелерді қосуына, мамандық белсенділігі мен рухының ұзақ жасауына күш қуат береді.

Педагогикалық қызметтің имандылық мотивациясы балалармен ұйымдастырылатын іс - әрекеттің қажет септігіне негіз болады. Педагог өзінің кәсіптік міндеттерін орындай отырып, балалардың дене және рухани дамуына байланысты әрқандай жұмыстарды атқарып барады. Бірақ бұл жұмыстар баланың саналы кемелденуіне бағытталып, бұл жұмыстар баланың саналы кемелденуіне бағытталып, механикалық жаттықтырудан аулақ болғаны әбден қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының рөлі
Педагогиканың дәрістері
Тәрбиенің ұзаққа созылатын процессі
Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары мен принциптері
Тұтас педагогика ұғымы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Дене тәрбиесінің принциптері
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Тәрбие үрдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz