Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ІІІ - ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ

Тақырып 17. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

1. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері

2. Барысы, сипаты, жеңілу себептері мен тарихи маңызы

3. Қайталауға арналған сұрақтар

4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

5. Әдебиеттер тізімі

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ СЕБЕПТЕРІ

1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы күшейді. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария мен Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып алынды. 1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты: ұлттық және саяси азаттық болды.

1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс себептері:

Ұлт-азаттық қозғалыстың жалпы себебі
І дүниежүзілік соғысқа байланысты себептері
Ұлт-азаттық қозғалыстың жалпы себебі:

І. ХХ ғасырдың басында Ресейдің Қазақстанды жедел қарқынмен отарлауы.

1. 1907-1912 ж. ж. Қазақстанға 2 млн. 400 мың адам қоныстанды.

2. 40 млн. га шұрайлы жерден айрылды.

3. Түркістанда әрбір келімсекке 3, 17 млн. десятина, байырғы халыққа 0, 21 десятина жер берілді.

4. Жетісу губерниясында барлық қоныстанушылар шаруашылықтарының 98% жалдамалы еңбекті пайдаланды.

Қорытынды: Қазақ ұлты жаппай жерінен, саяси билігінен айрылып, әлеуметтік жағдайы төмендеді.

І дүниежүзілік соғысқа байланысты себептері:

І. Салықтың мөлшері көбейді.

1. Ең көп салық түрлері: киіз үй және үй бұйымдары (38 мың шаршы аршын)

2. Мал: 70 мың жылқы, 12797 түйе, ұсақ мал

3. балық, тұз өнімдері.

ІІ. «Ерікті түрде» жұмысқа тарту жүргізілді.

ІІІ. 1916 жылы славян отаршылдары үшін жер тартып алынды.

Қорытындысында: Өнеркәсіп қожырады, ауыл шаруашылығы құлдырады, тасымал дағдарысы, отаршылық ұлтаралық араздық, ереуілдер туды.

Көтерілістің сылтауы: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы.

Жас шамасы
Алу себебі
Жас шамасы: 19 бен 43 жас аралығы
Алу себебі: Қорғаныс құрылыстары мен тыл қара жұмысы үшін

Зиялылардың көзқарасы:

Көтерілісті жақтағандар

Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин,

С. Меңдешев, Ә. Жанкелдин

Көтерілісті жақтағандар: Көтеріліске қарсы болғандар және себебі
Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин,С. Меңдешев, Ә. Жанкелдин:

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов.

Қарусыз халық техникамен жабдықталған армияға

қарсы тұра алмайды деп ойлады.

Патша өкіметі 1916 жылғы 23 тамызда генерал-губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығымен мыналарды алымнан босатты:

1. Басқарманың лауазымды адамдары

2. Жергілікті бұратанадан шыққан төменгі полициялық шендер

3. Имамдар, молдалар мен мүдәрістер

4. Ұсақ несие мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлер

5. Үкіметтің, жекеше жоғары және орта оқу орындағы оқушылар

6. Үкімет мекемелерінде жоғары лауазым атқаратын жергілікті бұратана өкілдері

7. Дворян және ата-бабасынан құрметті азаматтар құқығын, сондай-ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті бұратана ұлт өкілдері

Бұл жарлықтың себебі: Пісіп келе жатқан көтерілісті әлсірету

Қарсыластық түрлері:

1. болысты өлтіру, приставты өлтіру

2. тізімді жою

3. болыс, тағы басқа кеңсені өртеу

4. шетке көшу және әрекет жасау

5. шабуылдар жасау

2. БАРЫСЫ, СИПАТЫ, ЖЕҢІЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

Көтерілістің барысы:

Көтерілістің орталығы
Көтеріліс басшылары
Көтеріліс қамтыған аймақ
Негізгі оқиғалар
Көтерілістің орталығы: Жетісу
Көтеріліс басшылары: Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Ақкөз Қошанов
Көтеріліс қамтыған аймақ: Верный, Қарқара, Мерке, Шу, Ыстықкөл аңғары, Үлкен, Кіші Кеген, Сусамыр аңғары, Таластың жоғары ағысы
Негізгі оқиғалар:

1. Самсы асуында 300 адам өлді

2. Лепсіде, Мерке, Әулиеатада, Мойынқұмда шайқас болды

3. генерал Фольбаум жазалау отрядын ұйымдастырды.

Көтерілістің орталығы: Торғай
Көтеріліс басшылары:

1) Амангелді Иманов - Нияз бидің руласы, Иман батырдың немересі, Сардарбек

2) Әбдігапар Жанбосынов - би Нияздың немересі, көтеріліс кезінде хан (әмір) етіп сайланды.

Көтеріліс қамтыған аймақ: Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе, Байқоңыр кеніші, Шоқпаркөл таскөмір кеніші, Орынбор - Ташкент темір жол жұмысшылары, ішінара Семей, Ақмола
Негізгі оқиғалар: Торғай қаласында қақтығыс, Батпаққара, Аққұмда - партизандақ күрес. Доғал - Үрпекте айқас болды. Татыр көлінде айқас болды.

Көтерілістің сипаты: Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.

Жеңілу себебі:

1) Аймақ ауқымында ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі, бытыраңқылық.

2) Патша үкіметі қозғалысқа қарсы шұғыл шаралар қолданды, күш басымдылығы

3) Қазақстандағы ұлтаралық қайшылықтар

4) Саны аз пролетариат ықпал ете алмады.

5) Қазақстанда біртұтас басшылық пен ұйымдық орталық болмады.

6) Патша әкімшілігі ру аралық тартысты шебер пайдаланды.

7) Ұлттық демократиялық зиялылар арасында бірлік болмады.

8) Патша өкіметі көтерілісшілерді басшыларынан тез айыра білді. Мысалы, Жетісу көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев Боралдайда дарға асылды, Жәмеңке Мәмбетов түрмеге қамалды.

Тарихи маңызы:

  1. Қозғалыс нәтижесінде патша самодержавиесіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті.
  2. Ұлттық сана-сезім өсті.
  3. Қазақстандағы ұлттар отаршылдық езгіге қарсы бірікті.
  4. Азаттық қозғалысының ең шарықтау шегі болды.


Қайталауға арналған сұрақтар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс қарсаңындағы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz