ХХ ғ. 20-30 жылдардағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 20. ХХ ғ. 20-30 жылдардағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

1 . Қазақстан ЖЭС жылдарында

2. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы

3. Республикадағы қоғамдық-саяси өмір

4. Қайталауға арналған сұрақтар

5. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

6. Әдебиеттер тізімі

  1. ҚАЗАҚСТАН ЖЭС ЖЫЛДАРЫНДА
  1. Өнеркәсіп өнімі жалпы халық шаруашылық өнімінің 1920 жылы 6, 3% құрады. Мемлекет игілігіне алынған 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді.
  2. Ауыл шаруашылығы құлдырады.
  3. Зорлық-зомбылыққа негізделген азық-түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады.
  4. Азық-түліктің орталығын тартып алу халық арасында наразылық туғызды.
  5. Ашаршылықиан, күйзелістен халық көтерілістерге шыға бастады.

Міне, сол себепті ұсақ товарлы өндіріспен айналысатын жаңа экономикалық саясат қажет болды.

1921 жылғы наурыздағы партияның Х съезі жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.

Жаңа экономикалық саясаттың негізгі мәні:

  1. Жерді жалға беруге және алуға болды.
  2. Жалдамалы еңбекті қолдануға рұқсат етілді .
  3. Ауылшаруашылық, несие, тұтыну кооперациясын дамытуға мүмкіндік берді.
  4. Еңбекке міндеткерлік пен жаппай жұмылдыру жойылды.
  5. Ұсақ кәсіпорындар жалға берілді.
  6. Азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылды.
  7. Темір жол және автомобиль тасымалының, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілді.

Жаңа экономикалық саясаттың қиыншылықтары мен табыстары :

уақыты: уақыты
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Жаңа экономикалық саясаттың барысы
уақыты: 1924-25 ж.
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Бірыңғай ауылшаруашылығы салығы ретінде товарлы өнімнің 1/8 бөлігі алынды
уақыты: 1927-28 ж.
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Салықтың мөлшері. 1/13 бөлігі алынды.
уақыты: 1926-27 ж.
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Көшпенді және жартылай көшпенді аудандарда бай қожалықтардың 8%-ы салықтың 54, 8% төледі. Көшпенді халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді.
уақыты: 1925-27 ж.
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: «Қосшы» одағы, ұжымдық басқару нысандарымен кооперацияның бастапқы нысанын құрды. Серіктестіктер тек колхоздар құруға бастама жасады.
уақыты: 1924-25 ж.
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Республикаға 450 трактор келді.
уақыты: 1928 жыл
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Егістік жер 4 млн. га болды.
уақыты: 1924-28 ж.
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Мал саны 41 млн. болды.
уақыты: 1929 ж.
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: 103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі құралды.
уақыты: 1928 жыл
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Ауыл мен деревняның ¾ бөлігі орташалар болды.
уақыты: 1924-28 ж.
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Риддер полиметалл кәсіпорны, Екібастұз көмір кен орындары, Солтүстік Балқаш өңірінің полиметалл кеніштері жұмыс істей бастады. «Атбасцветмет» тресіне Жезқазған мыс кеніштері, Қарағанды және Байқоңыр көмір кен орындары, Успенск мыс кеніші Спасск, Қарсақпай мыс балқыту заводтары енді.
уақыты: 1925-28 ж.
Жаңа экономикалық саясаттың барысы: Қостанайда «Стойкост» шұға фабрикасы, Петропавл ет-консерві заводы, Солтүстік Қазақстанда май шайқау заводы, т. б. жұмыс істей бастады.

Қорытынды:

Жаңа экономикалық саясат кезінде Қазақстан өнеркәсібі дами бастады. Кзптеген кәсіпорындардың одақтық мәні болды. Мысалы, Риддер Одақта өндіретін қорғасынның 40%-ын берді. Қазақстанда дайын өнімнен гөрі шикізат көзіне бейімделген кәсіпорындар ашылды. Бұл Қазақстанды шикізат көзіне айналдыра бастады.

Жеке саудаға рұқсат етілді, маманданған сауда орындары пайда болды, тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды. Халықтың әл-ауқаты түзелді. Сөйтіп, ЖЭС Қазақстан экономикасының барлық саласын дамытуға дем берді.

2. ҚАЗАҚ АКСР-НЫҢ ОДАҚТАС РЕСПУБЛИКАҒА АЙНАЛУЫ

Ұлт қамын ойлаған қазақ зиялылары сталиндік автономияға қарсы шықты. Кеңестік автономияның құрылу барысында қазақ халқының қазақ жерлерін бір республикаға бірігу талабы ескерілді.

  1. 1919ж. 19 қыркүйекте губерниялық комитет Орынборды Қазақстанға қосу туралы шешім қабылдады. 1920 ж. 7 шілдеде Орынбор оның территориясы құрамына енгізілді. 1920-24 жылға дейін Орынбор астана болды.
  2. 1921-22 жылдар аралығында ҚАКСР-ң құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Бөкей ордасы енді.
  3. Жайық, Ертіс бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақтарға қайтарылды.
  4. Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт уезінің көп бөлігі, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері қазақ жеріне қосылды.

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.

Республика аумағы 1/3 бөлігіндей кеңейіп, 2, 7 млн. шаршы километрге жетті. Ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, жалпы саны 5230 мың адам болды. Қазақ ұлты оның 61, 3%-ын құрады.

Қазақ жерлерінің қайтарылуы өз елінің, жерінің тарихын, басқа да ресми деректерді жақсы білетін Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, М. Сералин. т. б. қазақ зиялыларының арқасында болды.

3. РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІР

Қоғамдық-саяси өмірдің негізгі ерекшеліктері:

  1. 1925 жылы 1 желтоқсандағы Өлкелік V партия конференциясынан кейін ауыл коммунистерінің саны өсіп, 1927 жылы 16854 адамға жетті. 1932 жылы партия ұйымы қалыптасып бітті.
  2. Партия жұмысының барлық буындарына әміршілдік-әкімшілдік жұмыс әдісі енгізілді.
  3. Жасөспірімдер қозғалысы өріс алды. 1921 жылы шілдеде Орынборда Қазақстан комсомолының І съезі болды. Ғани Мұратбаев Коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1902 жылы туып, 23 жасында өмірі үзілді.
  4. 1921 жылы қазанда кәсіподақтардың республикалық І конференциясы болды. Кәсіподақтар сауатсыздықты жоюға, сенбіліктер ұйымдастыруға, жұмысшы табының ұлттық отрядын қалыптастыруға үлесін қосты.
  5. Кеңестердің сайлану тәртібі белгіленді. Селелық, қалалық кеңес депутаттарының 6 айлық өкілеттік мерзімі белгіленді. Атқару комитеті 6 ай, Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 1жыл мерзімге сайланды.
  6. Әйелдер қозғалысы кеңінен дамыды. Оның көрнекті қайраткерлері: Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаева т. б.
  7. Насихат пен үгіт жүргізу мақсатында қызыл керуендер ұйымдастырылды. Ә. Т. Жанкелдин сондай қызыл керуендердің бірін басқарды.
  8. 1923 жылы 22 қарашада Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылдады. Қазақ тілінде іс жүргізу қиындықпен өтті. 1928 жылы 1 қаңтарда орыс тілінде қосарлас іс жүргізудегі шаралар белгіленді.
  9. 1928 жылы жаңадан 4 буынды басқару жүйесі құрылды:

Орталық- Округ - аудан - Ауыл, село

Бір автономиялы облысқа, 13 округке, 192 ауданға бөлінді.

  1. 1929 жылы Қазақ АКСР астанасы Қызыдордадан Алматыға көшірілді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz