ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс


ТАҚЫРЫП 22. ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚҰРЫЛЫС
1. Сауатсыздықты жою және халыққа білім беру ісінің дамуы
2. Кәсіптік білім беру және Қазақстан зиялыларының қалыптасуы
3. Қазақ өнерінің қалыптасуы
4. Қайталауға арналған сұрақтар
5. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
6. Әдебиеттер тізімі
1. САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ДАМУЫ
Бейбiт өмiрге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрларды даярлау, мәдени денгейдi арттыру, мектептер мен жоғары оқу орындарын ашу қажет болды. Ол үшiн мынандай шаралар iстелдi:
- 1924 жылы ”Сауатсыздық жойылсын” деген қоғам ұйымдастырылды.
- 1931 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетiнiң Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті білім беруді енгізді.
- 1928-30 жылдар аралығынла комсомолдар сауатсыздықты жою жорығына шығып, қызыл мүйістер, клубтар, оқу үйлерін ұйымдастырды.
Сауатсыздықты толық жою міндеті 50-ші жылдардың ортасында толық аяқталды. 1920-шы жылдары қазақ жазуына реформа жасалды. Араб графикасынан латын әрпіне одан кириллицаға көшірілу ғасырлар бойы жасалған әдеби мұрадан әдейі қол үздіру болды.
Кеңес үкіметі ағарту ісін дамытуда күш-жігерін аяған жоқ. Мынандай жұмыстар жүргізілді:
- 1926 жылғы мамыр айында «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады.
- «Үшжылдық», «төртжылдық» мектептерге көше бастады.
- Ағарту ісіне жұмсалатын шығын өсті, қаржы бөлу ұлғайды.
- 1920-шы жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар жасалына бастады.
- Байтұрсынов- суретті әліппе, мысал-жұмбақтар жинағы шығарылды.
- Ж. Аймауытов- ана тілін оқыту әдістемесі
- Қ. Сәтпаев- алгебра оқулығы
- Ә. Бөкейханов- география оқулығын құрастырды.
Қорытынды: Жалпыға бірдей бастауыш білім беру жүзеге асты. Интернаттар желісі ұлғайды. Қазақстанға көптеген мамандар келді. Мұғалімдер саны өсті.
«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» атағын С. Көбеев, Л. И. Добранская, Н. В. Волков, С. Ақышев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев т. б. иеленді.
- КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстанда 1928 жылдан бастап кәсіптік білім беру жүйесі жолға қойылды.
- 1928 жылы Абай атындағы тұңғыш педагогика институты ашылды.
- 1931-1932 жылдары Орал мен Қызылордада педагогикалық институттар ашылды.
- 1929 жылы Алматы зоотехникалық-малдәріегрлік институты ашылды.
- 1930 жылы ауылшаруашылығы институты ашылды.
- 1931 жылы Алматы медицина институты ашылды.
- 1934 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды.
- 1934 жылы Алматыда кен-металлургия институты ашылды.
Соғыс қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеді. Оларда 40 мыңдай адам оқыды.
1920-30-шы жылдар қазақ зиялылары да қалыптасты. 1939 жылы ой еңбегімен айналысатындар саны 430 мыңға жетті. Бұл жылдар қазақ ғылымының да қалыптасқан кезеңі.
- Қазақстанда 1920 жылы зерттеу қоғамы құрылып, өлкенің тарихын, этнографиясын, экономикасын зерттей бастады. Зерттеу орталығында С. Асфендияров, А. В. Затаевич, Ә. Диваев, Қ. Жұбанов, А. Байтұрсыновтар белсенді рөл атқарды.
- 1926 жылы М. Е. Массон Әулиеатада, ежелгі Тараз қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізді.
- А. Е. Ферсман, Н. Г. Кассин, М. П. Русаков геологиялық экспедиция жүргізді: Ащысай қорғасын кенiшiн, Екiбастұз көмiр кенiшiн, Ембi мұнай аймағын зерттедi.
- 1926-1927 жылдары ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмысын жүргiздi.
- 1932 жылы Алматыда ботаника бағы, 1935 жылы геология және тарих секторлары құрылды.
- 1935 жылы С. Асфендияров, Қазақстанның көне заманнан бергi тарихи еңбегi басылды.
- С. Сейфуллиннiң, С. Мұқановтың, А. Байтұрсыновтың, Қ. Жұбановтың жинақталған еңбегi шықты.
- КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы құрылды.
- А. В. Затаевич қазақтың 500 онан кейiн 1000 әнiнiң жинағын шығарды.
- ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстанның кеңестiк өнерi қалыптасты.
- 1926 жылы қаңтарда Қызылордада республикадағы тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды. Онда Е. Өмiрзақов, С. Қожамқұлов, Ә. Қашаубаев, Қ. Жандарбеков т. б. жұмыс iстедi.
- Сахнада тұңғыш рет “Еңлiк-Кебек” пьесасы қойылды.
- 1937 жылы Қызылорда театрына қазақ Академиялық драма театры атағы берiлдi.
- 1933 жылы Алматыда тұңғыш рет ұйғыр музыкалық-драма театры ұйымдастырылды.
- 1937 жылы Қызылордада Корей театры ашылды.
- 1934 жылы тұңғыш рет хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды.
- 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бiрiншi дыбысты фильмi - “Аманкелдi” картинасы қойылды.
- 1934 жылы қаңтарда Қазақ мемлекеттiк музыка театры ашылды. Онда бiрiншi рет “Айман-Шолпан” спектаклi қойылды.
- 1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттiк Оркестрi құрылды. Жетекшiсi А. Қ. Жұбанов болды.
- 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттiк филармониясы ашылды.
- 1938 жылы Мәскеуде қазақ өнерiнiң 10 күндiгi өттi. Онкүндiкте “Қыз Жiбек”, “Жалбыр”, опералары көрсетiлдi. әйгiлi әншi Күләш Байсейiтоваға КСРО халық артисi құрметтi атағы берiлдi.
- 1934 жылы Алматыда кiтапхана техникумы, Орал, Семейде педтехникумдар ашылды.
- 1939 жылы А. С. Пушкин атындағы мемлекеттiк көпшiлiк кiтапханасы ашылды.
1920-30-шы жылдары оқу-ағарту, мәдениет саласында көптеген өзгерiстер мен жетiстiктер болды.
Зиялылардың жаңа тобы қалыптасты. Екiншi жағынан ұлттық зиялылар сталиндiк репрессиядан қырылды, қудаланды. Бұл халық мәдениетiне зор нұқсан келтiрдi, қазақ халқының ұлттық мәдениетiнiң дамуына мейлiнше кедергi келтiрдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz