Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 24. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ДАМУЫ

1. Республиканық қоғамдық - саяси өмірі

2. Соғыстан кейінгі жылдарда республика экономикасын қайта құру

Тың және тыңайған жерлерді игеру

3. Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы, тұрмыс жағдайы.

4. Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық

5. Қайталауға арналған сұрақтар

6. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

7. Әдебиеттер тізімі


1. РЕСПУБЛИКАНЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ӨМІРІ

Қоғамның саяси жүйесі (40-50 жыл) Негізгі белгілері:

  • адамның бостандығын аяққа басу, құқын сыйламау;
  • еңбекшілерді өндіріс құралдарынан ажырату;
  • жеке басқа табынушылық (сталинизм идеологиясы) ;
  • бөтен (өзгеше) ойлауға тиым салу;
  • қуғын-сүргіннің одан ары жалғасуы; (« Ленинград ісі»,

«Дәрігерлер ісі», «Бекмаханов ісі» т. б)

  • сөзбен істің арасындағы алшақтық;
  • Бір партияның басқаруы партия ішіндегі оппозицияны

жою;

  • Жариялылықтың болмауы, т. б.

Қазақстан лагерлер өлкесі.

Лагерь аты
Құрылған жылы
Атқарған жұмыстары
Лагерь аты:

КАРЛАГ

Үлкен бөлімшесі Кеңгір деп аталады. Ұлы Отан соғысы қарсаңында лагерь тұтқындары саны 50 мыңға жетті. Соғыстан кейін Карлаг пен Степлагтағы тұтқындар саны 70 мыңнан асты.

Құрылған жылы:

1930 жыл.

1940 жылдары жалпы көлемі 1млн 780 мың га жерді қамтиды.

Қарағанды облысының Тельман, Жаңа арқа, Нура аудандарының аумағында құрылды.

Атқарған жұмыстары: Негізгі өндірістік қызмет ауыл шаруашылығы болды. Олар қалалар мен поселкелер салып, мыс, марганец, көмір кендерін өндірді. Ірі кәсіпорындар салды.
Лагерь аты: ЖЕЗҚАЗҒАН ЛАГЕРІ
Құрылған жылы: 1940 жыл.
Атқарған жұмыстары: Лагерьдің негізгі міндеті қысқа мерзім ішінде мыс балқыту комбинатын салу болып есептеледі.
Лагерь аты: № 4 Ерекше лагерь немесе Степлаг деп аталады.
Құрылған жылы: 1947 жыл- 1957жыл
Лагерь аты:

АЛЖИР

Халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері.

(22 мың әйел азап шекті)

Құрылған жылы: 40жж. Лагерьде Мәскеуден, Ленинградтан, Қазақстаннан сотталған қайраткерлердің әйелдері-мұғалім, әртіс, дәрігер, инженер, режиссер, ғалым, жазушы, партия қызметкерлері болды.
Атқарған жұмыстары: Ауыл шаруашылығы жұмыстарын атқарды. Жер қазған, киім тіккен, қамыс орған, фабрика салған. Жұмысты таңғы 4-тен 12-ге дейін істеген.

1954 жыл Атақты Кеңгір көтерілісі болды.

Түйін: Қазақстан КСР Атқару Комитетінің төрағасы Құлымбетов Ұзақбай тағы басқа азаматтардың қарсылығына қарамастан, әміршіл-әкімшілдік жүйе Қазақстан жерінде Ақмола мен Қарағанды арасында Карлаг, «Алжир», Далалық лагерін салды. Лагерьде 25 бөлімше болған. Оның алып жатқан аумағына Франция мемлекеті сыйып кетеді. Бұл сталиндік бюрократиялық жүйенің орнығуының сорақы бір мысалы болып табылады.

Қоғамдық ақыл - ойдың дамуында 2 бағыт болды.

  1. Жеке басқа табынушылыққа негiзделген догматикалық, антидемократиялық бағыт.
  2. Демократияға бет бұру. Жариялылықтың пайда болуы.

Негiзгi оқиғалар тiзбегi:

  1. 1953 жылы 5 наурыз И. В. Сталин қайтыс болды.
  2. 1953 жылы шiлде КОКП ОК Пленумы саяси авантюрист және қаскүнем Л. П. Берия ОК мүшелiгiнен және КОКП қатарынан шығарылды.
  3. 1956 жылы КОКП ХХ съезi болды.
  4. 1956 жылы маусым КОКП ОК «Жеке адамға табыну және оның салдары туралы» қаулысы қабылдады. Н. С. Хрущев жасаған баяндаманың толық тексi 33 жыл өткен соң «Известия КПСС» журналында жарияланды. (1989ж №3)
  5. 1959 жылы КОКП-нiң ХХI съезi болды.

Съезде Н. С. Хрущев елде социализмнiң толығымен және түпкiлiктi жеңгендiгiн, кең көлемде коммунистік қоғам құру кезеңінің басталғандығын жариялады.

1954-56 жылдары шамадан тыс орталықтандыруға шек қою мен одақтық республикалардың құқыларын кеңейтуге бағытталған біраз шаралар жүргізілді.

50 жылдардың ортасында Қазақ КСР-і ие болған құқықтар

  1. Өндіріс көлемі мен күрделі қаржыны жоспарлау республикалық Министрлер Кеңесінің қарауына берілді.
  2. Республикалық бюджетті бөлу құқықтары кеңейтіліп, бюджетке бөлінетін қаржының үлесі артты.
  3. 1954-56 жылдары одақтан республика қарамағына 144 кәсіпорын өтті.
  4. 1956-58 жылдардан бастап республика әділет органдарына басшылық жасау, сот құрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық кодекстерді бекіту істерімен айналыса алатын болды.
  5. Республика Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметі ұлғайды.
  6. Республика одақтық шеңбердегі мәселелерді шешуге қатысуға мүмкіндік алды.
  7. 1957ж. КСРО Министрлер Кеңесінің құрамына лауазым Министрлер Кеңесінің төрағалары енгізілді.
  8. 1957ж. КСРО Жоғарғы Сотының құрамына лауазым бойынша республикалар Жоғарғы Сотының төрағалары енгізілді.

Бірақ бұл шаралар:

  1. Республикалардың шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етпеді.
  2. Конституцияда жазылған заңдармен бірікпеді.
  3. Кеңес өкіметінің ішкі - сыртқы саясатын айқындауға септігін тигізбеді.

40 - 60 жылдардағы қоғамдық - саяси даму.

Түйін : басталған саяси реформалар қоғамның әкімшілік экономикалық негізін өзгертпек түгіл, оны шайқалта да алған жоқ.

Себептері : - саясатты жүзеге асырудың ғылыми болжамы (прогноз) болмауы;

  • кеңес басшыларының, ең алдымен Н. С. Хрущевтың саяси мәдениеті деңгейінің төмендігі;
  • ел басшылары оны өсірген әкімшілдік жүйемен тығыз байланыста болды.
  • халықтың басым көпшілігі әлі де негізсіз болжамдар мен бос уәделерге сенді.
  • демократиялық қозғалыстың кең құшақ жая алмауы.

2. СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДА РЕСПУБЛИКА ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЙТА ҚҰРУ. ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ

Соғыстан кейінгі жылдарда да, одан бұрынғыдай, Қазақстанның мәдени өмірі қасаң қағидаға негізделген идеологиялық қыспақта болды. Осыған қарамастан, өсіп отырған халық шаруашылығы жоғары мамандығы бар, жан - жақты дайындалған кадрларды талап етті. 1947 жылы қарашада «Қазақ КСР-інде жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылданды. Қаулы негізінде қысқа мерзімде 60 мыңнан астам жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандар дайындалды. Мектептерге қаражат бөлу артты. М: 1946 - 85, 6 млн сом жұмсалды. 1950 - 146, 5 млн сом жұмсалды.

1950 жылы Республикада 1 млн 439 мың оқушыларды қамтитын жалпы білім беретін 9 мың 88 мектеп жұмыс істеді. Осыған қарамастан оқу оқитын бөлмелер мен оқулықтар жетіспеді.

Замандастарының қиыншылықтар мен қуаныштары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», М. Аманжолвтың «Алғашқы айлар» романында т. б өлең- жырларда көркемдік бейнесін тапты.

Жетістіктер
Кемшіліктер
Жетістіктер: 1949 жыл - «Абай» романының алғашқы 2 кітабы үшін М. Әуезовке КСРО-ның І дәрежелі мемлекеттік сыйлығы берілді
Кемшіліктер: 1947 жылы наурыз «Тарихты, әдебиетті және өнерді зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылыққа қарсы күресті кеңінен өрістету» жөнінде қаулы қабылданды.
Жетістіктер: 1943 жыл - «Қазақ ССР тарихы» жарыққа шықты.
Кемшіліктер: 40-50 жылдары «Бекмаханов ісі» орын алды. Есмағамбет Ысмайлов, Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов т. б. әдебиетшілер мен жазушылар «ұлтшылдық» пен «байшылдықты аңсаушылар» деп айыпталды. Аса ірі ғалым Ә. Марғұланның көзқарастары ғылымға жат тұжырымдарға толы деп жарияланады.
Жетістіктер:

1946 жыл - КСРО Ғылым Академиясы филиалы негізінде Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды.

1950 жыл соңы - Қазақ КСР Ғылым Академиясы жүйесінде 50 ғылыми - зерттеу мекемесі, соның ішінде 19 институт, 13 сектор, 2 музей, обсерватория, 3 ботаникалық бақпен 8 ғылыми база болды.

Кемшіліктер: 1947 жыл 21 қаңтар Қазақстан Компартиясы ОК-нің қаулысы «Қазақ КСР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде қазақ халқының революцияға дейінгі ең алдымен ХІХ ғасырдағы рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тиым салынды.

Республиканың индустриялық дамуы

1954 - 58 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Мысалы: Жезқазған байыту фабрикасы, Өскемен машина жасау зауытының 1-кезегі, Соколов - Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Ақтөбе хром қоспалары, Шымкент гидролиз зауыты, Шымкент, Қарағанды, Семей цемент зауыттары т. б.

1958 жыл - Республикада Қазақ темір жолы құрылды. 1951 жылмен салыстырғанда 1958 жылы темір жолдың ұзындығы 1066 км-ге өсті. Осы бесжылдықта КСРО-да салынған темір жолдардың 30 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі болды.

Электр қуатын өндіру де бірнеше есе артты.

1945 жыл - 1, 5 млн кВт /сағат

1960 жыл - 10, 5 млн кВт/сағат

1950 жыл ортасында КСРО-дағы өнеркәсіптің жалпы өнімі 1940 жылғы дәрежесінен 2, 5 есе артты.

1962 жыл - халық шаруашылығы кеңестерін ірілендіру әрекеті жасалды.

1962 жыл - партия органдары өндірістік белгілеріне қарап өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия ұйымдары болып бөлінді.

Түйін : 50 жылдың І жартысы мен 60 жылдары өндірісті басқарудың жаңа жолдарын іздестіру, ғылыми - техникалық прогрестің қарқынын жеделдету де біршама жұмыстар атқарылды. Бірақ ел басшылығы бұрынғысынша саяси реформалар жүргізудің, өз саясатының идеологиялық негіздеріне түбірлі өзгерістер енгізудің қажеттілігін түсінуге қабілетсіз болып қала берді.

Ауыл шаруашылығы

1953 жылғы қыркүйектегі КОКП ОК-нің Пленумы ауыл шаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму перспективаларын анықтауға арналды.

Жағымды жақтары
Кемшіліктері
Жағымды жақтары: Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді.
Кемшіліктері: Ауыл шаруашылығы бұрынғысыша экстенсивті жолмен дамыды.
Жағымды жақтары: Мемлекетке сатқан өнімі үшін есеп айырысу жүйесі қайта қаралды.
Кемшіліктері: Тың және тыңайған жерлерді игерудегі кемшіліктерге байланысты мал шығыны көбейіп, мал саны азайды.
Жағымды жақтары: Аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды.
Кемшіліктері: МТС-тердің ролі төмендеді. МТС-тердің орнына «сельхозтехника» құрылды.
Жағымды жақтары: Колхоздар мемлекеттік энергетика жүйесіне қосыла бастады.
Кемшіліктері: Бұрынғы колхоздар да, жаңа құрылған колхоздар да халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді түбегейлі шеше алмады.
Жағымды жақтары: Етті, сүтті, жүнді, картоп, көкеністі сатып алу бағасы артты.
Кемшіліктері: Ауыл тұрғындары меншігіндегі көмекші шаруашылықты жоюды көздеген саясат жүргізілді. 1957-58 жылдары колхоз-совхоз үшін ауыл-село тұрғындары меншігіндегі ірі қара мал алына бастады.
Жағымды жақтары: Колхоздар мемлекетке беретін қарыздарынан босатылды.
Кемшіліктері:

Түйін: Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру елдің өскелең қажеттерінен айтарлықтай артта қалды.

Партиялық-мемлекеттік аппарат экономиканың барлық саласына, ең алдымен оның шешуші салаларының бірі - ауыл шаруашылығын басқаруға одан хабары жоқ болса да, араласуын тоқтатпады. Ал мұндай жағдай бұрынғысынша елдің ауыл шаруашылығының экстенсивті жолмен дами беруіне әкеп соқты.

Жағымды жақтары: Далалық аудандардағы 47 колхоз, 225 совхоз ет өндіретін болып қайта құрылды.
Жағымды жақтары: Салалық жем-шөп бағасы кеңейтілді.
Жағымды жақтары: Мал шаруашылығына 2 мыңға жуық мамандар жіберілді.
Жағымды жақтары: Мал тұқымы асылдандырылды.
Жағымды жақтары: 1957 жылы көктемнен бастап экономикалық әлсіз колхоздар негізінде совхоздар құрылды. (198 совхоз)

Тың және тыңайған жерлерді игеру.

1954 жылы қаңтарда қазақстан Компартиясының VІІ съезінде оның Орталық комитетінің І хатшысы Ш. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. К. Пономаренко сайланып, ІІ хатшының креслосына Л. И. Брежнев отырғызылды. Ш. Шаяхметовты биліктен қуу мәселесі Қазақстанның партия ұйымымен келісілместен Кремльде шешілді.

1954 жылы қаңтар-наурыз Пленумында «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылданды.

Тың игеру

Тың игерілген аймақтар.

Тыңгерлерге көрсетілген көмек:

  1. Тыңгерлер баратын жерлеріне тегін көшірілді.
  2. Әр отбасына 500 сомнан көмек берілді.
  3. Отбасының әр мүшесіне 150-200 сомнан бір мезеттік көмек берілді.
  4. Үй салуға несие бөлді, жалпы шығынның 35 пайызын мемлекет көтерді.
  5. Мал сатып алуға несие берді.
  6. астық түрінде азық көмегі көрсетілді.
  7. Тыңгерлер 2 жылдан 5 жылға дейін ауылшаруашылық салығынан босатылды.

Тың игерудің салдары:

  1. Орасан мол аумақтар жыртылды.
  2. Экологиялық тепе - теңдік бұзылды.
  3. Топырақ эрозиясына ұшырады .
  4. Жердің құнарлы қарашірік қабаты (гумус) желге ұшты.
  5. Мал жайылымдары мен жем - шөп дайындайтын алқаптың ауқымы тарылды.
  6. Ет, сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.

Ақмола облысында 19 көлдің суы тартылды. Аққу қаздар жойылды. Өлкенің ауа райы бұзылды.

Тың және тыңайған жерлдерде 337 жаңа астық совхозы құрылды. Тыңда ұйымдасқан кеңшарларға тозығы жеткен техникалардың берілгендігі жөнінде еш жерде айтылмады. Зерттеуші А. Тюринаның пікірінше ескі техника ауыл шаруашылығы өнімін төмендетті. Жеті жылдықта белгіленген (1959-1965) жалпы өскен өнімнен 70 пайыздың орнына 15 пайыз ғана өнім алынды. Үлкен көрсеткіштерге қол жеткізу үшін көп жер жыртылды. Барлығы 25 млн-ға жер жыртылды.

3. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҰРМЫС ЖАҒДАЙЫ

Бесжылдықта еңбек резервтерінің жүйесі 50 мың әр түрлі мамандық иелерін дайындады. Алайда кадрларға деген қажеттілік қамтамасыз етілмеді. Осыған орай республикадан тыс жерден жаппай келушілер жұмысшы табының қатарын молайтты.

1959 жылы қала тұрғындарының үлес салмағы 44 пайызға жетті. Қазақстан картасынан 15 жаңа қала және 86 шағын қалашықтар өз орындарын алды.

1954-1962 жж тың игеруге КСРО-ның европалық бөлігінен 2 млн жуық адам келді. Өнеркәсіпте, көлік саласында жұмыс істеу үшін сырттан 1954-55жж 0, 5 млн адам келді.

1962 жылы қазақтар сан жағынан өз республикасы тұрғындарының 1/3-тен аз немесе 29 пайыз болды. Ал 1897 жылғы мәлімет бойынша олар 85 пайыз еді.

Қорытынды: қазақ ұлтының үлес салмағының азаюы біртіндеп тіл, мәдениет, салт-дәстүр, ұлттық намыстың жоғала бастауына әкеліп соқты. Бұл империялық ұлт саясатының сорақы бір көрінісі болып табылады.

Орталық мекемелер, одақтық министрліктер республика территориясында өнеркәсіп алыптарын тұрғызғанда онда еңбек ететіндер үшін әлеуметтік база салуға қамқорлық жасаған жоқ. Халықтың тұрмыс - жағдайы бұрынғысынша сын көтермеді. Әсіресе жаңа құрылыс жүріп жатқан қалаларда әлеуметтік мәселе шиеленісіп кетті. (тұрғын үй, тамақ, ауыз - судың жетіспеуі т. б. ) Осындай саясатқа қарсы ашық наразылық 1958 жылдың жазында Қарағанды облысындағы Теміртауда орын алды.


4. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚ

1951 жылы 12 наурыз - КСРО Жоғарғы Кеңесі соғысты насихаттау адамзатқа қарсы бағытталған аса ауыр қылмыс деп жариялаған. Бейбітшілікті қорғау туралы заң қабылданды. Кеңес қарулы күштері біржақты түрде 1 млн 200 мың адамға қысқартылды. Жапония мен елшілік қатынастар қалпына келтірілді. Қазақстанмен Үндістанның, Индонезиямен, Бирмамен, Непалмен және Қытай халық республикасымен қарым - қатынастары кеңейді. Республиканың экономикалық күш - қуатының өсуі шет елмен сауда қатынастарын орнатуға мүмкіндіктер берді. Қазақстаннан Чехословакияға, Румынияға, Үндістанға т. б. елдерге түсті металл, металлургиялық жабдықтар, машина жасау және химия өнеркісібі өнімдері жіберілді.

1957 жылы 23 елден 500 ден астам делегациялар Республикада болып қайтты.

Түйін: 50ж бас кезінде дүние жүзі мемлекеттері бір - бірімен тығыз байланыста болды. Ол халық аралық шиеленісті бәсеңдетуге, әкімшілік байланыстарды нығайтуға септігін тигізді.

Сыртқы саясат.

Қарама - қарсы екі жүйенің екі идеологияның өмір сүруі сыртқы саяси қызметті демократияландыруда қиындықтар туғызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Шығыс Қазақстанның 1940 - 1950 жылдардағы экономикалық дамуы
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы мәдени ағарту жұмысы
Қазақ КСР
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бенилюкс елдерінің жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz