Күнделікті өмір тарихы ғылыми бағыт ретінде


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Күнделікті өмір тарихы ғылыми бағыт ретінде

Ғылым дамыған сайын оның әдістері мен зерттеу бағыттарының да көбейе түсері сөзсіз.

ХХ ғасыр - батыс тарихнамасы үшін ғылымда жаңа бетбұрыс жасау ғасыры болды. Себебі тарихты зерттеудің жаңа әдістері пайда болып, кең көлемде тарала бастады. Соның ішінде адам өмірін зерттеуге байланысты қызығушылық артты. Егер осыған дейін ғылымда тек жалпылай тарихи оқиғалар ғана зерттеліп келсе, ендігі кезекте жекелікке көше бастады.

«Күнделікті өмір - бұл жерде адамдар өмірге келеді, өмір сүреді, өмірден кетеді, қуанады, ренжиді, жақсы көреді және жек көреді. Осыған орай тарихшылар ғасырлар бойы күнделікті өмірге мән бермей, көбіне терең әрі қиын мәселелерге көңіл бөлді: патшалар, дипломаттар, саясатшылар өмірі, соғыстар мен революциялар. Күнделікті әлем аймағында ғана адам дүниеге келіп өседі, мәдениет, ғылым, өнер, дін дамиды», - деп И. Б. Бутенко пайымдаған болатын. [1. 25б] . Адамдардың күнделікті өмірі - тек әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени үрдістердің көрінісі емес, тұтас қоғамның бейнесі. Күнделікті тарихты зерттеу арқылы өткенімізге толық баға бере аламыз.

Сонымен, күнделікті өмір тарихы дегеніміз -тарихи білімнің жаңа бағыты, оның зерттеу пәніне тарихи-мәдени, саяси-оқиғалық, этникалық, конфессионалдық контекстегі адамзаттың үйреншікті өмір сүру ортасы жатады. Соңғы он жылдықта күнделікті өмір тарихы заманауи ғылымдар ішінде әлем тарихшыларының ерекше назарын аударған бағыт болып табылады.

Бұл жаңа бағыттың бастауы батыстан басталады, оның ішінде Англия, Франция, Италия, Германия елдерінің тәжірибесін ұмыт қалдыруға болмайды.

Батыс тарихнамасында күнделікті өмір мәселелерін түсіндіруде «Анналдар» мектебінің орны ерекше болды. Сонын ішінде Марк Блок, Люсьен Февр, Фернанд Бродель сиякты ғалымдардың еңбектері зор. М. Блок пен Л. Феврдің ізбасары Фернанд Бродельдің «Материальная экономика и капитализм (XV-XVIII в. в. ) » деп аталатын еңбегінің бірінші кітабы «Структуры повседневности: возможное и невозможное» деп аталады. Бұл еңбекте материалдық өмірдің ескішіл тәртібі мен тарихи шындықтың әртүрлі деңгейінде кездесетін шиеленістер, уақыт және кеңістік диагностикасы туралы философиялық тарихи ойлар анық көрінеді. Адам өмірін рәсімдеу мен ұйымдастырудан тұратын (ландшафт, архитектура, бөлменің ішкі көрінісін әзірлеу; іс-әрекет пен қарым-қатынас: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, әдеп) «күнделікті құрылым» терминін енгізді [2. 5-6б] . Фернанд Бродельдің оқушысы, «Анналдар» мектебінің өкілі, француз тарихшысы Эммануэль Ле Руа Ладюридің 1975 жылы жарық көрген «Монтайю, окситандық ауыл (1294-1324жж) » еңбегінің құндылығы жоғары. Автор оңтүстік Франция жеріндегі кішкентай ауыл Монтайю ауылы тұрғындарының күнделікті өмірін зерттеу арқылы XIII-XIV ғасырлардағы қарапайым шаруалардың қалай өмір сүргені туралы және сол кезеңде болып жатқан тарихи-саяси жағдайлардың қарапайым халыққа қалай әсер еткеніндігін көрсете білген.

Күнделікті өмір мәселесін қозғаған алғаш еңбектер XX ғасырдын екінші жартысында пайда болды. «Одиссей» альмонахында күнделікті өмір тарихының теориясын түсіндіру үшін арнайы мақалалар жүйесі басылды. Г. С. Кнабенің («Общественно-историческое познание второй половины XX века, его тупики и возможности их преодоления»), А. Я. Гуревичтің («Историк конца XX века в поисках метода»), Г. И. Звереваның («Реальность и исторический нарратив: проблема саморефлексии новой интеллектуальной истории») мақалалары шығады. С. В. Оболенскаяның «Некто Йозеф Шефер, солдат гитлеровского вермахта» деп аталатын мақаласында күнделікті өмір тарихын зерттеу әдісі Йозеф Шефердің жеке өмір баянын мысалға ала отырып түсіндіріледі. Веймар Республикасының күнделікті өмірі сәтті зерттелген И. Я. Бисктің жұмысы 1990 жылы жарыққа шықты. Көлемді, әрі әртүрлі дерек көздерін қолданған ол Веймар кезеңіндегі Германия халқының күнделікті өмірін сипаттайды. И. Я. Биск дәлелді мәліметтер, нақты мысалдар көрсетіп, азық -түлік, киім, тұрмыс жағдайын т. б. баяндайды. Егер де Г. С. Кнабье, А. Я. Гуревич, Г. И. Звереваның мақалаларында «күнделіктілік» мағынасында теориялық түсінік берілсе, С. В. Оболенская мақаласы мен И. Я. Биск монографиясы - «күнделікті өмір» мағынасын нақты мысалдар арқылы түсіндіруге талпынған тарихи еңбектер болып табылады [3. 21б]

Күнделікті өмір мәселесі зерттеушіден әртүрлі әдіснамалық принциптерді қажет етеді. Қазіргі ғылым өрісінде көбіне пәнаралық зерттеулерді талап етеді. Күнделікті өмірді түсіну схемасын жасай отырып, зерттеуші гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді. Күнделікті өмір тарихын зерттеу арқылы біз қоғамның мәдени, әлеуметтік және саяси даму жүйесі туралы толық мәлімет бере аламыз.

Күнделікті өмір тарихы туралы шынайы мәлімет беретін материалдар:
1) табиғи деректер-шынайы және қолдан жасалған өмір сүру ортасы (рельеф, климат, флора, фаунат. б. ) ;
2) жаппай (демографиялық) деректер - туылуды, неке, ажырасуды, өлімді тіркейтін құжаттар, әртүрлі түрдегі төлқұжаттар, мүшелік билеттер т. б.
3) заттай деректер - құрылыстар (құрылыстың сырт келбеті, ғимарат жоспары), жиһаз, тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқ, киім, балалар ойыншықтары.
4) жеке тұлғаға қатысты материалдар -күнделіктер, жұмыс блокноттары, жазба кітапшалары, күнтізбелер, мекен-жай мен телефон алфавиттері, хаттар, мемуарлар;
5) көркем деректер -сурет, живопись, гравюра, карикатура, хроника, документалдық кино, теледидар бағдарламалары, көркем әдебиет, т. б;
6) заттар тізімдемесі, музей жинақтары, архитектуралық жобалар, қалалар жоспары, карталар, ресми есептер, статистикалық мәліметтер;
7) хабарламалар, афишалар, театрлық және концерттік бағдарламалар, плакаттар, ас мәзірі, ашық хаттар;
8) жазба деректер - ережелер жинағы соның ішінде иллюстрацияланған басылымдар, газет, журнал басылымдары[4] .

Н. Н. Козлова күнделіктермен жұмыс істеу барысында «адамдар құжаттарын оқу» деп аталатын ерекше әдіс ойлап тапты. Ол қарапайым адамдар қолданған тілмен жұмыс істеуді қарастырады. Күнделік жазбалар хаттар мен естелікке қарағанда адамның өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін айқын көрсетеді және «адамдық құжаттар» әртүрлі типте мәлімет беретініне көзіміз жетті, әртүрлі топтарға жататын адамдар хаты әртүрлі болады», -деген шешімге келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым тарихы және философиясы
Ғылым дамуының тарихи кезеңдері: салыстырмалы талдау
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориялық негіздері
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
Педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы
Техника философиясы
Әдебиет жанрлары
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Дүниеге философиялық көзқарас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz