Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық.психологиялық ерекшеліктері
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс.әрекеті ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың көрініс беруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2 ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу.танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу.танымдық әрекеттерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызығушылы. ғын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникация желілерге тығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекетін белсенділігін қалыптас- тыруда олардың қабілеттерін дамытуға,танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, іздесіне талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті күрделі процесс. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.
Оқу-танымдық іс-әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттілікпен, мақсаттан таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерінөмірде пайдалану білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Оқу-танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықласының құштарлығының ерекше көрінісі.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеріктік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б.
Оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады.
Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі класс оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.
Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіруінің қайнар көзі-мәдениет немесе әлеуметтік тәжірибе. Дегенмен, әлеуметтік тәжірибенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білм мазмұнын толық анықталмайды. Білім мазмұнын құрастыруда балалардың жекелік-тұлғалық дамуының олардың қабілетінің, дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатқа жалпы білім беру мазмұнында міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына қарай дайыңдайтын таңдау пәндері де енгізілген. Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оны үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Балаларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелігін егжей-тегжейлі және асықпай көрсету, олардың арасынан заттың сыртқы тілдік немесе ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде заттың әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игерілу ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Егер тапсырманы орындауда оқушылар бәрібір қате жіберсе, онда ол не оларғакөрсетілген оқу-әрекеттерін бақылау және бағалаудың толық еместігінің, не осы әрекеттердің нашар жүргізілгендігінің дәлелі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызықшылығын арттыру жолдарын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу –танымдық қызығушылықтары.
Зерттеу жұмысының мәні: Білім беру жүйесінде бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызығушылығын қалыптастыру және арттыру жолдары.
Міндеттері:
1.Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін талдау.
2.Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-әрекетін талдау. 3.Бастауыш мектеп оқушыларының оқу қызығушылығын зерттеу.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысына байланысты жинақталған теориялық мәліметтер, орындалған эксперимент жұмыстарының білім беру процесінде қолдануға ықпал етуі.
Зерттеу жұмысының базасы: Ленгір қаласындағы № 4 Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектебі
Зерттеудің жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. ҚР «Білім туралы Заңы». 1999.
2. ҚР Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама // Е.К. -16 қазан, 2004.
3. Қ. Жарықбаев. Психология негіздері: Алматы, 2005 126-132 б. 4. С. Бап-Баба. Жалпы психология: Алматы, 2004 110-115 б 5. А. А. Люблинская. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде: Алматы, 1981 84-105 б
6. А.В. Петровскийдің редакциялығымен Педогогиялық және жас ерекшелігі психологиясы: Алматы, 1987 68-90 б
7. А. Малдыбаева. Жеке тұлға диагностикасы: Шымкент, 2005 52-60 б. 8. Б.С.Волков, Н.В.Волкова. Детская психология:-М, 2004 76-80 б. 9. Б.С.Волков, Н. В. Волкова. Возрастная психология- М, 2005 30-45 б. 10. Б.С.Волков Психология младшего школьника - М, 2002 24-32 б. 11. М.В.Гамезо, Е.А. Петрова. Возрастная и педагогическая психология-М, 2003 72-86 б.
12. Б.С. Волков. Младший школьник. Как помочь ему учиться-М, 2004, 24-34 б.
13. Немов Р.С. Психология т.1:2:3. М, 1998.
14. А.Рысбекова.Оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыр: Алматы, Бастауыш мектеп 2004 №1 9-10 б.
15. А. Мустоятова. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру: Алматы, Бастауыш мектеп 2006 №5 14 б.
16. А. Қамалбекова. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру: Алматы, Бастауыш мектеп 2005 №5 18-19 б. 17. М.Мухамедин. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру негіздері: Алматы, Ізденіс 2001 №6 121-123 б.
18. В.И.Рогов Психология человека. М.2001.
19. Қ.Салпынова. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру: Алматы,Бастауыш мектеп 2005 №7 27 б.
20. З.Көкшеева. Оқушылардың эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру: Алматы.Бастауыш мектеп 2006 №10 18-4-19 б.
21. С.Елубаев.Оқушының танымдық қызығуын оятудың жолдары:Алматы, Бастауыш мектеп 2002 №8 7-9 б.
22. М. Абуова. Оқушының қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру: Алматы,Бастауыш мектеп 2006 №5 20-21 б.
23. А .Рысқұлбекова. Ойын-оқушы білімін беріп меңгерту құралы: Алматы, Бастауыш мектеп 2005 №9 19-21б.
24. Б.Дауымова,К.Жадкин Сапалы білім берудегі проблемалар:Алматы, Мектеп директоры 2003 №6 3-4 б.
25. С. Дүсебаев Жаңа педагогиылық технология – бастауыш мектепте: Алматы, Бастауыш мектеп 2003 №11 3-5 б.
26. Г. Қаңтарбаева Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту: Алматы,Бастауыш мектеп 2005 №7 25-26 б.
27. Ж. Күнпейіс. Оқушыларды шығармашылыққа қалыптастыру: Алматы, Бастауыш мектеп 2006 №2 32-36 б.
28. Божовия Л.И. Проблемы формирования личности. – Воронеж, 1995.
29. Дубровина И.В., Прихожан Л.И. Положение школьной психологической службе. – М.,1985.
30. Талызина Н.Ф. Формирование позновательной деятельности младших школьников: Кн.для учителя. – М.: Просвещение, 1988.
31. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. М.,
«Знание», 1974. 64с. Новое в жизни, науке, технике. Серия «Педагогика психология».
32. Гальперин П.Я. Методы обучения и умственное развитие ребенка. М., 1985.
33. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возросте. СПб.: СОЮЗ, 1997, 96с.
34. Макаренко А.С. Ұстаздық дастан. Педагогикалық шеберлік. – А., 1990.
35. Давыдов В.В. Научно-исслед.инт-т. Общей и педагогической психологии. Акад. Пед. Наук СССР. – М.: Педагогика, 1990.-160.
36. Леонтьев А.А. «Научите человека фантазии…» (творчество и развивающие образование). // Вопросы психологии. 1998., N5.
37. Зак А.З. Развитие теоритического мышления у младших школьников. – М., 1984.
38. Валлон А.А. Психическое развитие ребенка. – М., 1967.
39. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. – М., 1972.
40. Бастауыш мектеп журналы. 2000-2005 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктері

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-
әрекеті ... ... ... ... ... ... .7

1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың
көрініс
беруі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 13

2 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын
зерттеу тәсілдері.

2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызығушылы-
ғын дамытуда мұғалімнің
атқаратын жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..53

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .57

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңында, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникация желілерге тығу деп, білім
беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекетін белсенділігін қалыптас-
тыруда олардың қабілеттерін
дамытуға,танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, іздесіне талабын
ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу-
танымдық іс-әрекеті күрделі процесс. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен
қорытындысын түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.
Оқу-танымдық іс-әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті. Ол танымдық қажеттілікпен, мақсаттан таным қисындарынан және
әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал
оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі
қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің
қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі
негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған
білімдерінөмірде пайдалану білуі болып табылады.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы
мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық,
еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың
интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын
оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты
оқу жұмысы.
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының
бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Оқу-танымдық
белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықласының құштарлығының
ерекше көрінісі.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса,
сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды:
зеріктік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б.
Оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын
күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік,
мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің
қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады.
Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта
өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына
сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады.
Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген
жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі
класс оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің
қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен,
құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және
т.б. игеріледі.
Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіруінің қайнар көзі-мәдениет немесе
әлеуметтік тәжірибе. Дегенмен, әлеуметтік тәжірибенің мазмұны, немесе
мәдениет мектептегі білм мазмұнын толық анықталмайды. Білім
мазмұнын құрастыруда балалардың жекелік-тұлғалық дамуының
олардың қабілетінің, дарындарының, қызығушылықтарының талаптары
ескерілуі тиіс. Осы мақсатқа жалпы білім беру мазмұнында
міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына қарай
дайыңдайтын таңдау пәндері де енгізілген. Бұл оқушылардың өзіндік
қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оны үздіксіз білім беру
жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес ең алдымен
оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін
ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Балаларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелігін егжей-тегжейлі және
асықпай көрсету, олардың арасынан заттың сыртқы тілдік немесе
ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде
заттың әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игерілу
ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Егер тапсырманы
орындауда оқушылар бәрібір қате жіберсе, онда ол не оларғакөрсетілген оқу-
әрекеттерін бақылау және бағалаудың толық еместігінің, не осы әрекеттердің
нашар жүргізілгендігінің дәлелі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық
қызықшылығын арттыру жолдарын ашып көрсету.

Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу –танымдық
қызығушылықтары.
Зерттеу жұмысының мәні: Білім беру жүйесінде бастауыш мектеп
оқушыларының оқуға танымдық қызығушылығын қалыптастыру және арттыру
жолдары.
Міндеттері:
1.Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық психологиялық
ерекшеліктерін талдау.

2.Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-әрекетін талдау.
3.Бастауыш
мектеп оқушыларының оқу қызығушылығын зерттеу.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысына байланысты
жинақталған теориялық мәліметтер, орындалған эксперимент жұмыстарының
білім беру процесінде қолдануға ықпал етуі.
Зерттеу жұмысының базасы: Ленгір қаласындағы № 4 Қ.И.Сәтбаев атындағы
орта мектебі
Зерттеудің жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, білім берудің басты міндеттері
көрсетілген.
Бірінші тарауда бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық –
психологиялық ерекшеліктері, жетекші іс-әрекеті жайлы мағұлматтар берілген.
Екінші тарауда бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығу
ерекшеліктері сипатталған. Сонымен бірге бастауыш мектеп оқушыларының оқу-
танымдық әрекеттерін зерттеудегі әдіс-тәсілдер, оларды талдау туралы
мәліметтер көрсетілген.
Қорытындыда жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, білім беру
процесінде оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын және белсенділігін
арттыруда мұғалімнің рөлі көрсетілген.

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс –әрекеті
Оқу – іс әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі
орындауға қажеттігі білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы
балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды,
тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен
бұрынғылардың практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру
арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді.
Оларды жан- жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру- ұзақ уақытты керек
ететін күрделі процесс.
Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну
өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұның
бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы
мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді.
Үшінші кезенде, ұғынғанын нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезенде,
балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой
амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын
ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың
айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен
нәтиженің заңды байланысын түсінеді. Мәселен, ”от жақса түтін шығады”
дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды
да шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланыстығын
түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп,
көзінің жетуі ұғыну деп аталынады. Бастауыш сынып оқушылары оқу
материалдарының мәнісіне терендеп бара бермейді. Оларды жай жаттап алады
да, өз бетінше пікір айтуға орашолақ келеді. Бұдан анализ, синтез
процестерінің балада онша дамымағаны көрінеді. Мұғалім оқушы ойлауындағы
анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала материалдың бір-бірімен
қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның меніне
толық түсінбей қалады. Сондай-ақ,мұғалім синтездеу тәсілін ойдағыдай
пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да,
берілген мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі. Кейбір мұғалімдер
баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына оның ес қабілетін өсіруге
ерекше мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген
қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нәрсені бір –бірімен
салыстырғызып, талдап жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы
мазмұнды болады. Ал, материалды өз күйінше жаттап алу, оның мағынасын
түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш
мектеп мұғалімдері осы жайды қатты ескергендері дұрыс.
Психолог П.Я.Гальперин (1902-1988) өзінің “Ақыл-ой әрекетінің
сатылап қалыптасуы” теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы
материалдық әректтерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен
өлшеу,т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестеді. Содан соң дауыстап
және іштен айта алатын болады,сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі
ой әрекетіне айналады дейді. Баланың білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ
оқытуы екеуі де инемен құдық қазғандай аса қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім
балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой
керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр
уақытта оқушының рухани тілектерін ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты,
өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет. Мәселен, бастауыш
сынып оқушыларының зердесінде де бәрін білуге құштарлықтан туындайтын
тамаша қасиет бар. Олар: Қоянның аяқтары неге ұзын, Ақтиін неге ағаш
басында тірлік етеді?, Шалқалап тұрған шыбыңдар неге құлап кетпейді?
т.б.осындай көп сұрақтар қояды. Кейбір ата-аналар, тіпті мұғалімдер де
балалардың осындай үйреншікті, мәнісі бар сұрақтарына жауап бермейдісен
мұны бәрібір түсіне алмайсын, жоғары сыныпқа барғанда оқисыңдар деп ұзын
арқау, кең тұсауға салып кете береді. Әрине, сұрақ біткенің бәріне жауап
қайтара берудің қажеті жоқ, бұл сұраулардың кейбіреулері осы жастағы
балалардың интеллектік мүмкіндіктерін көтермейді де, бірақ мына жағдай әр
уақытта есте болуы тиіс. Егер бала мүмкіндіктері жете бағаланбаса,
тілектері қанағаттандырылмаса, бұл оның дүниені танып –білуге құштарлығының
болмауына әкелуі ықтимал. Балалардың ақыл-ойын дұрыс дамыту үшін оқытуды
тым жеңілдетудің де қажеті жоқ. Баланың ойына жеткілікті азық беретін оқу
ғана қарқыңды дамытуға септік тигізе алады. Мәселен, 1 сыныптың мұғалімі
балаларға 9 санның екі және жетіден, алты және үштен құралатындығын
айтып: 9 саны тағы да қандай сандардан құралады? - деп сұраса, олар:,
Төрт пен бестен- деп жауап береді. Тоғыздан төртті азайтсақ, қанша
қалады?, Тоғыздан бесті азайтсақ ше?, Сендер нені аңғарасыңдар? деп
мұғалім ой сала сөйлейді. Балалар:’’Қосындыдан бірінші қосылғышты шегерсек,
онда екінші қосылғышы шығады’’.-дейді. Мұғалім тағы да ойын
жалғастырып:’’Екінші қосылғышты шегерсек қайтеді? ’’Онда бірінші қосылғыш
шығады’’, -дейді бір оқушы.’’Олай болса; қосындыдан қосылғыштардың біреуін
шегерсек”,- деп мұғалім сөзін сабақтай бергенде,”екіншісі шығады” деп бала
сөйлемді аяқтайды. Міне, оқушының ойлау белсенділігінің осылай дамуы, білім
мен дағдыға қанығудың негізі осылай қаланады, ол шамалардың арақатынас мен
амалдарды терең түсінетін болады. Бұл жай бізге арифметиканың аясынан
шығып, бірінші сыныптың бағдарламасына геометрия мен алгебраның
элементтерін кіргізуге мүмкіндік беріп отыр. Осының арқасында шәкірттер
заттар мен фактілерді саралап, салыстырып, әр құбылыстың неден
туындайтынын, яғни оның себебін іздестіретін болады, олар сұраққа жай жауап
беріп қана қоймай, өздеріде сұрақ қоя біліп, оның өз бетінше шеше білуге
машықтанады. Мәселен, бірінші сыныптағылар үшін Д.Б.Эльконин құрастырған
әліппеде осы жағдай қатты ескерілген.
Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиеші,
не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс
анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да
өсетіндіктен,оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады.
Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден
басқаша болады. Білім игеру үлкен саналықты, өз бетімен жұмыс істеп
үйренуді, өз мінез –құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын
бар сана – сезімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмен (мәніне түсінбей
құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т.б.) құтылу қиын болады.
Мектеп оқушыларының оқуға саналы қатынасуын тәрбиелеп, дамытуда
мұғалімдер ұжымының алатын орны ерекше. Мәселен олардың арқасында мектепке
сырттай оқуға қызығып келетін балалар да жйі ұшырайды. Мұндай бала
мектепке үйіне, оның партасына, мұғалімге, өзіндей балаларға көңіл бөледі.
Оқу оны жөнді тартпайды, өйткені, оған қиын көрінеді. Баланың көбінесе
ойнағысы келіп тұрады, партада дұрыс отыра алмайды,жйі қозғалады,
айналасына алақ – жұлақ қарай береді. Мұндай баланы үйінде ойлатып не
тыңдатып әдеттендірмеген.
Оқуға, білім алуға ұмытылуды тудыратын мотивтер (себептер) балада
бірден пайда бола қоймайды. Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып
келеді. Мәселен, ол оқып жазғанына ғана, алған бағасының жалпы
санына ғана мәз болады. Ата- анасынан қорқып жақсы оқуға тырысатын не
жолдас баласымен бәсекелесіп жақсы оқуға тырысатын балаларда болады.
Баланың жасы өскен сайын оның мотивтерінің де мазмұны өседі. Мәселен,
білімді адамның халқына мол пайда келтіретінін, жұрттың ондай адамдарды
құрметпен сыйлайтынын түсіне бастайды.
Оқу әрекетінің психологиялық табиғаты жайында, кейбір оқушылардың
не себептен үлгерімі төмен болып, екінші жылға қалып қоятындығы жайлы сөз
болғанда, төмендегідей себептері анықталады. Үлгермеушілік негізінен екі
түрлі себепке байланысты туып отырады. Мәселен, бір жағынан, оқыту
тәсілдері мен бағдарламалардың ол қылықтары, оқушыға берілетін білім
мөлшерінің нақты белгіленбеуінен туса, енді бір жағынан, балаларды
өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне байланысты (оқуға шамасы келмеу)
болып отырады. Соңғы кезде психологиялық тұрғыдан жүргізілген зерттеулер
балалардың өзіне байланысты болатын үлгермеушіліктің бес тобын ашып отыр.
Үлгерімі нашар балалардың бірінші тобына мұғалім бақылауынан біраз уақыт
шығып қалған оқушылар кіреді. ( Мәселен, 5-6 апта бойы ауырып сабаққа бара
алмаған оқушыға мұғалім тарапынан жәрдем көрсетілмесе, оқушыға оқуға
деген енжарлық пайда болады). Екінші топқа ми ауруларымен ауырған (ақыл-
ой кем) балалар жатады. Осындай балалар тек арнаулы мектептер арқылы білім
алуы тйіс. Үшінші топқа мүкіс еститін,не істеуі кейінен нашарлаған балалар
жатады. Мұндай балаларды ақыл – есі кем балалар оқитын мектепке жіберу
дұрыс емес. Нашар еститін балалар өздеріне арнайы ашылған мектептерде ғана
оқуы қажет. Түрлі аурулармен ауырып,организмі әлсіреген балалар
үлгермейтіндердің төртінші тобын құрайды. Осы топтың балалары санаториялық
мектептерде оқыса ,оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп кете алады.
Үлгермеушілердің бесінші тобына нашар мінезді балалар (сотқар.
қасарысқан,қыңыр,т.б.) жатады. Үлгермеушілердің бірінші үшінші, төртінші
тобындағы балалар, жетілдірілген әдістермен оқытылса, олардың
оқукеренаулығы жойылып, ақыл-ойының белсенділігі біртіндеп артатын болады.
Балалардың сабақ үлгермеушілігінің көзін неғұрлым ерте табу, сондай-ақ,
оларға қажетті психологиялық шаралар таңдай білу - әр мұғалім ойластыратын
негізгі мәселе. Бұл, сонымен бірге педагогика, психология ғылымдарының
әлде де болса тәптіштеп зерттей түсетін зор мәнді ғылыми проблемасы. Бұл
жердегі мақсат терең де тиянақты білім беріп қана қоймай, “жастарды еңбек
сүйгіштік, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиелеуде
олардың бойында моральдық қасиеттерді қалыптастыруда екендігін есте
ұстау керек.
Оқу –мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың
жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына
тығыз байланыты.
Баланың оқу әрекеті-күрделі, жан –жақты үрдіс, ол баланың барлық
әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді
әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне
байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары,
сезім мен ерік сияқты т.б, психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып
отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің
дағдыларын қалыптастыру керек.
Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы
мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз
жұмысының мақсат міндеттерін анықтауға үйрету керек.
Егер бала әрбір оқу жұмысын ( тапсырмасын) не үшін қандай мақсатпен
жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін
білсе,онда оқушы әрекетінің саналығы артады.
Оқу жұмысының мақсат - міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын
жоспарлай білуге, уақытты дұрыс падалануға. өз әрекетін қадалауға
(бақылауға) бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың
маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен
ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағыталған
ойлаудың жалпы амал- тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми
білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі
мақсаты мен нәтижесі болуға табылады. Оқу әрекетінін белгілі құрылымы
мыналар:
1.Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар).
2.Оқу әрекеттері ( баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл
амалдары ).
3.Бақылау ( оқушылардың өзін – өзі қадағалап тексеріп отыруы)
4.Бағалау ( мұғалімнің және оқушының өзіне өзі берген бағасы).
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті
қалыптасады.Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі.Ойлау –
баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге
көрінбейтін заттар мен құбыластардың арасындағы күрделі себептік
байланыстарды,заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады.
Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау-
белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге
бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен –өзі қалыптаспайды.
Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді тәсілдер қолданып,
арнайы жұмыстар жүргізу қажет.
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және
олардың көрініс беруі
Мектепке бару-бала өміріндегі шешуші кезең. Ол өмір мен іс-әрекеттің
жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-
қатынастарға көшу болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады.
Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын
алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық рөлін жоғалта
бастайды. Бастауыш мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық
мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік
күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс
процесіні бірнеше кезеңдері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын
аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған.
Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырған- да, әдеттен тыс
жаңалықтар кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың ішкі
позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінін жаңалығын
алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы .мінез-құлық
ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн
тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл
талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп
қабылдайды. Тәжірибиелі ұзтаздарға белгілі, психологиялық жағынан
расталған мынадай қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен -ақ
оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық
ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек.
Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының
бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру
маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету
бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес мектепке баруға
даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың
тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі
ұшты болса, балалар өз өмірінің, жаңа кезеңінің ерекшеліктерін
сезбейді, бұл лардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті
игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына
байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалған
адам (ұшқыш аспаз,шофер) болуы үшін оқудың қажет екендігі туралы
пікірге, оның мектепке дейін ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала
келешекте қажет болатын білімдердін нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның
білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы
білімге, қоғамдық және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың
айналасындағыларды білуге құмарлығы теориялық ықыласы осыдан көрінеді.
Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның ең
өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің
барлық сәттерінде қалыптасады.
Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұны мен шын мәнінде
әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар
тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді терендеп оқу кезінде
қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағұлматтар
ала бастайды.бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға
сүйенеді. Ынталықтың жеке дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе
граматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталықты алғашқы сабақтарда дереу
пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің
реттілігі және т.б.сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы
мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі
оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және
басқа пәндерінің өздерінің күтпеген, таң-қаларлық жайттарын паш ету жолымен
қолдап, дамытып отыру керек. бұл оқу іс-әрекетініңнегізгі ретінде
балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарын қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың кластағыжәне
үйдегі мінез - құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың
бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән.Баланың бұл
кезеңнен қиналмай өтуі-оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінң белгісі.
Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда
қандайда бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене
араласып кете алмайды.
Бірінші класс оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтары негізгі үш
тиіпке бөлінеді. Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне
байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек,сабақты жіберуге болмайды
барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау
қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу
жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы
балалардың көпшілігі психологиялық – физиологиялық жағынан қажетті
дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ат-аналар бала
өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсініктіде айқын жеткізуі,олар дың
орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала
отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші класс оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші
типі мұғаліммен, кластағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-
қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай
таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де
қатал тәлімгер болып табылады,ол белгілі бір мінез – құлық ережелерін
ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі
балалардың еңбегіне баға береді.

Мұғалімнің позициясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір
именшіктік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепке
балалардың біреулері тым-тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар
үйінде тіпті басқаша болуы мүмкін). Бірінші класс оқушысы көбіне жаңа
ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірбиелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр
баланыңбұл талаптарды орындауының өзіндік жеке – дара ерекшеліктерін
мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының “астарына” көз жүгіртіп,
олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге
көмектеседі. Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға
әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл
әдістің мақсаты барлық бірінші класс оқушыларын сабақ үстінде тыныш,
ұстамды болу мінез-құлық әдетіне, сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға
мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен жауап беруге тәрбиелеу болып
табылады. Түптеп келгенде осының бәрі мұғалімге және оның іс-әрекетін
сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.
Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап,бәріне бірдей талап қойғыш
болғанда,нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап,жақсы
оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана
кластағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бұл кластың
ұжымдық жұмысына психологиялық жағынан жақсы жағдай жасайды. Мұғалім
ықыластарының ортағы бойынша (олар маркалар жинайды,қуыршақ театрымен
айналысады), сыртқы өмір жағдайларын ортақтығы бойынша (балалар бір
үйде тұрады бір партада отырады) және т.б. бойынша балалардың достасуына
қолдап отырады.Бала мектепке келгенне кейінгі алғашқы айлардағы тәрбие
жұмысының маңызды мақсаты – класс содан соң мектеп оған бөтен
адамдар тобы емес, қайта құрбыларының өзінен кіші әрі үлкен жолдастарының
тілектес те қайырымды коллективі екендігін оның бойына дарыту.
Баланың мектепке барумен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Оның
жаңа міндеттері мен жаңа праволары пайда болады, (мысалы,оқушыға үй
тапсырмасын үшін ерекше орын және уақыт бөлу керек оның күн режимі
мен санасу керек). Көпшілік отбасында баланың бұл праволары құрметпен
қабылданып, толық қанағаттандыратынын тәжірибе көрсетіп отыр. Тіпті
мынадай көрініс жиі байқалады: үлкендердің қарым-қатынасын және
олардың “мектеп еңбеккерінің” тілектерін дереу қанағаттандыруға дайын
тұратындығын сезген кейбір балалар өздерінің жағдайын өктем пайдаланып,
үйде өздері – оқушылар – басшы тұлға болатын тәртіпті орната
бастайды. Ал, бұл оқушының еркше өзімшілдігі пайда болуына әкеліп соғуы
мүмкін. Сондықтан үй ішінде бірінші класс оқушысына көңіл бөлуді
оған отбасының басқа мүшелерінің де маңызы еш кем емес мүдделері
мен қамы-қаракеті бар екенін көрсетумен ұштастыру керек.
Бала олармен санасып,үй іші істерінің жалпы ағымында өзінің мектептегі
қақтығыстарын шамадан тыс көрсете бермеуі керек.
Қиыншылықтардың үшінші типін біоінші кластағы көптеген оқушылар оқу
жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ
басталардан көп бұрын мектепке қуана барды,кез келген жаттығуларға
ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді
игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрады. Бірақ 1-інші класста оқу
процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып,
оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған.
Әдетте бұл білімдерге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған. Әрине
мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар,таным дербестігі
айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материал-
дарының өзіне ықылас нашар қалыптасады.мектептің сыртқы атрибуттарына
үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды
да осының осының нәтижесінде селқостық пен немқұрайдылыққа салынады.
Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды
жеңуге тырысады.Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.
Оқуға “тоюды” болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда
жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымды тапсырмалар алуында, тиіс
ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұырас-уында
жатыр.Сонымен бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді
психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды
әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-
қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы
негізінде оның оқуға деген көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан
әрі дамуы және төменгі класс оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы
олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты.
Мектепке келген жаңа бала даралық сапаларымен таңыла отырып, бір
ортаға бейімделіп, төселеу кезеңін бастан кешіреді.Бұл жолдағы қиындықтар
барлық бейімделу сатыларындағы қиындықтармен пара-пар Яғни баланың
құрдастарымен, мұғалімен, мектебімен, сыныбымен қатынасты, сабаққа
көзқарасы, өзіндік сана-сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну,
ұғыну деңгейлері-осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге
оқушының жай-күйін жйі бақылап, жаңа ортаға баулу үшін, алдыңғы
тәрбиеленушілердің психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте
қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық ұрығынан
даярлығын анықтау барысында алынады.

Баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық
сапарлар кешені - мектепке психологиялық даярлық мазмұнын құрайды.Ол
баланың мектептгі оқу әрекетіне жағымды
қатынасынан: мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғары деңгейінен: білім,
іскерлік, дағдыларының белгілі бір қоры мен таным процестерінің дамуынан,
сондай-ақ үлкендерімен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды,
ұжым өміріне араласып кетуді, бірлескен әрекетті орындауды
қамтамасыз ететін сапалардың қалыптасуынан тұрады.
Мектепке оқу қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толық-
қанды оқу әрекетін қалыптастыру- өтпелі кезеңге тен психикалық дамудың
барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу-тәрбие үрдісін осы
жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет
етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін
зерттеу мәселесі мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік
береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды
қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың
ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің
түйісер тұсындағы дағдарыс құбылысының бала психикасына әсері іс-
түссіз жоғалып кетпейді.
Психикалық даму дағдарысы осы уақытқа дейін баланың ересектер-мен
қарым-қатынасы кезеңіндегі қиындықтармен мінез-құлық ауытқу-ларын, теріс
қылықтарын сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылып келеді. Мәселен “теріс
қылықтарын көрінісін жұмсаратындай етіп, тәрбиені қалай құрса болады?”
деген сұрақтар іздестіріледі. Ал психикалық дамуда дағдарыс рөлі
қаншалықты екендігі аса көп зерттелінбеді.
Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан
қарастыру бихевиористік бағыттағы балалар психологиясына да тән:
“тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму
барысындағы ауытқулар”. Бұған қарсы ТМД кеңестігінде, Л.С.Выготскийден
дағдарыс дамудың ішкі аса қажетті кезеңі ретінде, сапалық секіріс
ретінде қарастырылды .Соның нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге
көтеріледі. Ал дағдарыстың оған қылықтар арқылы көрінуі-бұдан ары
қарайғы даму үшін тежегіш ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым-
қатынасының бұрынғы жүйесінің күйреуі; яғни оң жағымды жаңа құрылымдардың
“келесі беті”.Баланың психикалық дамуы диалектикалық үрдіс. Ол біркелкі,
тегіс өтпейді: ішкі қақтығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында қауырт
қайшылықты түрде жүреді.
Л.С.Выготскийдің пайымдауынша,психикалық дамудың жалпы заңдарын
түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді,яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді.
Себебі, Осы кезде бала психикасындағы сапалық қайта құрулар барынша айқын
көрінеді.
Белгілі балалар психологы Е.Е.Кравцова 7 жас дағдарысының рөлін
ерекше бағалайды:”баланың, бұған дейінгі барлық дамуының
даярлығы нәтижесінде 7 жас дағдарысы пайда болады”. Осы дағдарыстың өту
нәтижесінде балалардың мектепке психологиялық даярлығы қалыптасады,
(Д.Б.Эльконин,А.Л.Венгер).
Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогиялық
психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық
ерекшелікке байланысты, осы шамадағы дағдарыс кезеңі баланын,
тура жеті жасында өтуі мүмкін. Сондай-ақ, алтыдан аса бере, немесе
сегіз жасқа таяу уақытта да басталуы кәдік. Бірақ, бір жағдайы анық Жол-
7жас шамасындағы дағдарыстың мектеп жасына дейінгі балалық шақ пен
мектептік кезең аралығындағы шекара іспеттес екндігі.
Бала дамуын күрделі үрдіс деп санаған Л.С.Выготский “даму дегеніміз
бәрінен бұрын жаңаның пайда болуы”,-дегенді.
6-7 жасар бала қоғамдық қатынастар әлеміндегі өз орнын түсіне бастайды.
Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік қатынастың мәнін ашады. Бұл үлкендер аса
жоғары бағалайтын оқу әрекетімен байланысты, оқушылық қатынас.Осы жаңа
орынды иелену тілегі қай кезде басталса да, баланың ішкі бағытының
қалыптасуы оның өзіндік санасын түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Л.И
.Божовичтің пікірінше, 7-жас дағдарысы баланың әлеуметтік“Менінің”
қалыптасу кезеңі. Өзіндік сананың өзгеруі-құндылықтар сипатының өзгеруіне
әкеліп соғады. Бұрын аса жағдайлар қазір қосалқылық роль атқарып қалады.
Әлеуметтену – нақты құндылықтар, білім, нормалар жүйесін меңгеру
арқылы жүзеге асатын тарихи үрдіс.Бұл нәрестелік шақта-ақ басталып,
бірте-бірте күрделене
түседі де, мектепке дейінгі кезеңнің аяғында айқын
көрінеді.Бұдан шығар қорытынды:6-7 жасар
баланың жеке басының әлеуметтенуі мектепке оқуға психологиялық жағынан
даярлануына байланысты жүзеге астындығынада.
Дағдарыс кезеңі біртіндеп өтіп, жеті жастағы балада жаңа құрылымдар
қалыптаса бастайды. Олар: көңіл-күйін тұрақтандыраалу іскерлігі,
қызығушылықтарының артуы, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасының
ерікті сипатқа ие болуы. Бала қоғамдық өмірге кірісуге талпынып белгілі
бір әлеуметтік орын алуға ұмтылады.Бұл талпыныс мектепке барумен
қанағаттандырылады.
Тиісті материалдарды талдау барысында “дағдарыс” ұғымына берілген
анықтамалардың аталмыш құбылыстың мазмұнын толық ашпайтындығы
анықталды:
1) берілген психикалық өзгерістің неліктен дағдарыс деп аталғандығы
ашылмайды:
2) дағдарыс кезеңінде байқалар теріс қылықтардың,табиғаты
көрсетілмейді.
Жас ерекшелігі психологиясы ғылымында даму дағдарысына жан-жақты
сипаттама беріледі. Бірақ сол бай ұғымның қысқа ғана, әрі толық тұжырымы
көрсетілмейді.Ереже ретінде берілген мәселе туралы түсінікті аша алмайтын
анықтаманың қызметі де шетеулі.Осы толқылықтарды толтыра отырып,даму
дағдарысын барынша ашатын жаңа анықтама жасау қажеттілігі туды.
Сонымен, даму дағдарысында берілген анықтама мынау:
Дағдарыс – бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өту барысында
ағзадағы физиологиялық өзгерістерге психиканың әлі бейімделе алмауы
салдарынан, жеке адамның жаны мен тәні арасында ішкі қайшылықтардың
туындауы себепті мінез-құлықты оғаш қылықтардың етек алуы.
Баланың мектепке даярлығын анықтайтын 5 бағыт:танымдық қабілеті,
дене күшінің
дамуы, оқуға ынтасы , көңіл күйі, ерік сапаларының қалыптасуы-мектептік
кемелді құрайды.
Жалпы ден дамуына 6-7 жасар баланың дене білімінің –бойы, салмағы
бұлшық ет толысуы, көкірек
қуысының көлемі, тері жамылғысыт.т.қалыпты мөлшерге сәйкес келуі және көз
жанары, естуі, қимыл-қозғалысы, әсіресе қол мен саусақтарының нәзік
қимылы, жүйке жүйесінің қозу мен тежелеу жағдайы,сондай –ақ жалпы
денсаулығы жатады (Р.В.Овчарова, М.Р. Битянова, А.Л.Венгер).
Танымдық даярлық, мазмұнына баланың сөздік қоры, көзқарас деңгейі,
арнайы
іскерліктерінен қоса, танымдық процестерінің даму деңгейі, олардың ”жақын
арадағы даму аймағына” бағытталуы, көрнекі-бейнелік ойлаудың жоғары
деңгейлері,оқу міндетін ерекшелеп бөле алуы мен оны әрекеттің дербес
мақсатына айналдыра алу іскерлігі жатады.
Еріктік даярлық-бала алдана мақсат қойып, шешім қабылдап, іс-әрекетін
жоспарлап, оны жүзеге асыруға күш жұмсамай алса, осы жолда кездескен
кедергілерді жеңсе- қалыптасқан деп есептеледі.
Көңіл-күй даярлығына “оқушының ішкі жағдайы”- деп аталатын жаңа

әлеуметтік қатынастың; оқу әрекеті үшін қажетті адамгершілік қасиетгер
тобының сондай-ақ баланың құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас
сапасының қалыптасуы жатады.
Баланың оқуға ынтасы, ықыласы мектепке психологиялық даярлық
диагностикасы бағыттары мазмұнындағы мотивтік даярлықты құрайды.
Баланың мектепке психологиялық
жағынан даярлығы міндетті түрде баланың биологиялық жасымен тығыз
байланысты. Мектептік кемелді анықтайтын бағыттар тікелей жасмөлшеріне
тәуелді. Білім меңгеру үшін қолдың саусақтарының нәзік қимылы,икемділігі,
тісеу барысы, бойы мен салмағының мөлшері – осының бәрі баланың нақты жасын
көрсететін биологиялық кемел белгілері.
Мектептік кемелге әсер ететін жағдайлар қандай? Біріншіден,
даралық ерекшелік. Оған жас мөлшері тәуелді емес. Екіншіден, мектепке
дейінгі даярлық. Ол жүйелі түрде жүргізілген жағдайда баланың
танымдық белсенділігі мен оқуға деген ынтасы,мінез-құлқын игере алу, ерік-
күшін бағыттай алу іскерлікті қалыптасады.Үшіншіден, жас ерекшелігі. Жас
мөлшері биологиялық кемелдің көрсеткіші.Сондықтан да, бүгінгі таңда
мемлекетімізде 1-сыныпқа қайтадан 7 жастан қабылдау,6 жасарларды жаппай
мектеп алды даярлықтан өткізуісі жүргізілуде. Осы үш ерекшелікті ескере
отырып, 1-сыныпқа қабылданар баланың мектептік кемелге жеткен
–жетпегендігін мұқият тексеру қажет.”Мектептік кемел” терминін балалар
психологиясы ғылымына гигиенашылар енгізген.Бұл арнайы терминнің мәні
мынада:6-7 жастағы бала ағзасының мектептегі жүйелі оқу әрекетіне
дайындығының белгілері.
Кез-келген ұжымды алалық тумауы үшін сол ұжым мүшелеріне ортақ

белгі қажет. 1-сынып оқушылары үшін осы ортақ белгі бүгінгі таңда жас
мөлшері болып отыр.
Мектептік кемелге әсер ететін бірінші шарт – даралық ерекшелік сонда бір
жас мөлшеріндегі балалардың ішінен алынып отыр. 0- дік жалпыға бірдей
міндетті болған жағдайда бұл әдіс тура жол деп тұжырымдай отырып, 1-сыныпқа
қабылдау жасын ұлттық мінез-құлық,
ұлттық даму ерекшеліктеріне сай зерттеу ісі-де кезек
күттірмес мәселе деген пікірдеміз. Өйткені, ұлт болашағы ұлттық негізге
сүйене дамуы шарт.
Балаларды мектепке психологиялық тұрғыда даярлауда бала бақшаның
ересектер мен даярлық топтарында жүргізілетін жүйелі оқыту мен тәрбие
жұмысының маңызы зор екенін мойындай отырғанымызбен,бала бақшалар санының
балалар мөлшерін толық қамти алмайтындығын қазіргі кезде жалпыға бірдей
міндетті мектепке даярлық ісі 0-дік сыныптардың ашылуы арқылы шешілуде.1
сыныпқа барар бала әуелі 0-дік сыныпта оқуы керектігі талап етілуде. Бұл
ретте педагогтар қауымы мен ата аналар балаға әріп танытуды; қолға қалам
ұсталып, жазып үйренуін; санай алу дағдыларын; мектептегі сынып – сабақтық
жүйегі үйреніп, қалыптасуы үшін мақсаты іс-әрекеттер жасап жатыр. Орындалып
жатқан қыруар жұмыс-баланы мектепке даярлау ісі болып табылады.Психология
баланың мектепке даярлығын биологиялық кемел, әлеуметтік кемел, мектептік
кемел өлшемдері тұрғысынан анықтап, баланың жеке басының дамуына
психологиялық баға беру арқылы қарастырылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне
байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың
қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні,қанық бояулы нәрселерге
ерекше құмартатыны да осыдан. Төменгі сыныптарда оқитын балалардың
қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса
құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды.Бала заттың
көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттерімен белгілерін ғана көреді, заттарды
талдай қабылдау жағы да жетпей жатады. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын
олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады.
Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз тболады. Егер обьектіні қабылдау
қиынға соқса бала оған қынжылмайды,екіншісіне ауыса береді,қабылдаған
затының жеке бөліктерін тізбектей алғанымен ,бірақ ондай жүйе болмайды.
Мәселен,оқушы көбелектің құрылысын айтқан кезде:
”Көбелектің қанаты ақ. Қанатында дөнгелек қара нүкте
бар.Көбелектің мұрты,көзі,құйрықшасы болады” деп жай тізбектейді де,оның
негізгі ерекшеліктерін (түрі,түсі т.б) айтуды естен шығарады.Кейде бала
нәрсенің жеке жақтарын қабылдайды да,оның тұтас зат екенін ұмытады.
Мәселен, оқушы кружканың суретін салғанда,тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп
жібереді, ал үйдің суретін салғанда есік, терезесі еденінен төбесіне
дейінгі жерді алып жатады.
Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай
қатерлері азая бастайды.Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын
болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік
белгісін ұққысы келеді, оның мәніне,ішкі, сыртқы құрлысына, жасалу
принципіне зер сала бастайды. Енді затты жан-жағынан байқап көргісі
келеді.Заттарды дұрыс қабылдай алу,мәніне түсіну барлық пәндер бойынша
бірдей болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін арифметика,ана-тілді
сабақтарына қарағанда сирек болатын ән-күй,сурет сабақтарынан бала
қабылдауының даму дәрежесі әлдеқайда баяу болады.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу
қабілетінің көрінуімен ұштасады. Мектепке түсу балалардың логикалық есін
дамытуда үлкен роль атқарады.Оқушылардың есін тәрбиелеуде
де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып,жұмыс
жүргізеді.Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен таңдай ала
алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде,материалды қалай оқу
керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек.Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде
мәтінді қаппай оқу, тапсырманы қалай оқу керектігі айтылған.Бірақ

баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды.Мұғалім мұны қатты
ескергені жөн.
Төменгі сынып оқушылары (әсіресе, бірінші, екінші, үшінші кластағылар)
материалды көбінесе,сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне
қалдырғанша оқи береді. Оқулықтағыдай білсем болғаны ғой дейді.
Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақылығы себеп
болады.Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік
бермейді. Сондықтан, мұғалім бір жағынан, баланың сөздік қорын дамыта
отырып, екінші жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйретуі қажет.
Баланың оқыған нәрсенің мәнін түсіне алуы-оның материалды өз сөзімен айта
білуі болып табылады . Осылайша, есте қалдыру үшін оқитын материалды
бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу,оның жоспарын жасау қажет екендігі
өткен параграфта айтылды. Төменгі сынып оқушылары, бұл жағынан өте
шорқақ екенін де психологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Өйткені бала
талдау жасауды білмейді, мәтінді жеке бөліктерге бөлгенмен, оның
негізгі жерін айыра алмайды. Оқушылар шығарманың жеке бөліктеріне ат
беріп, басты жерлерін табудың орнына, мәттінді түгелдей жаттай қояды. Бұл
әдіс оған оңай болып көрінеді. Егер мәтін ұсақ бөліктерге бөлінетін
болса, оқушылар жеке фактілер мен сөйлемдерді оларға тақырыпша етеді де,
мәтін үлкен бөліктерге бөлінсе,бұлардың тақырыпшасы шамадан тыс,
шығарманың мазмұнын көрсетпейтін жағдайда болады.
Шығарманың мәніне қарай бөліктерге бөлуге төменгі сынып
оқушыларының көпшілігінің қабілеті жетеді.Бірақ мұнда оқытатын
мәтінніңсипаты және балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Шығарманың
ең негізгі идеясын табу, оған өз бетінше тақырыпша беру, үшінші сынып
оқушыларында жап-жақсы дамитындығы байқалады. Бұл әдісті балаларға мұғалім
ғана үйрете алады. Оқушылардың шығарманы өткен шығармамен байланыстыра
білуге машықтандыру,оқу материалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте
қалдыруға бағыт беру-мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі.
Мұғалім балдардың сондай-ақ,балалардың есте қалдыру, қайта жаңғарту
мүмкіндіктерін өздері қадағалай алуіына үнемі жолбасшылы көрсетіп отыруы
. Адам сұрақ қою арқылы алатындылығы кедергені сезеді, оны біртіндеп
жояды, сөйтіп, өзінің әр түрлі тану қызығуларына жауап алады. Сұрақ
қою,оны дәл тұжырымдау, мәселені ойда ұстай білу сұрақты талдай білу және
жинақтау , шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу, жорамалдар
жасай білу т.б. ойлау процесіне мәселелерді шешу үшін аса қажетті
жағдайлар болып табылады.
Төменгі сынып оқушыларында тануға негізделген тікелей түсінулер
байқалады. Бұл тікелей түсінулер заттарды тікелей қабылдаудан туған
тусінулер. Егер зат баланың өткен тәжірбиесінде болмаған болса, оны
бірден түсіну қиынға соғады. Түсіну үшін оны алдымен жан-жағына жақсылап
қабылдап алу қажет. Жанама түсіну –жаңа затты,құбылысты белгілі ұғымға
жанастыра барып түсіну деген сөз. Баланың сыртқы дүниенің сан қилы
сырларын түсіне алуы жанама түсінулер арқылы ғана жүзеге асады.Бір
нәрсенің мәніне түсіну үшін жай тану жеткіліксіз, оған қоса, оның
себебін, яғни неліктен осылай болып тұрғанын білу керек. Мектеп
жағдайында кейбір оқушылардың оқыған әңгімесін, грамматикалық
математикалық ережелерді дұрыс түсіне алмайтын фактілері жиі кездеседі.
Мұғалімдер, көбінесе, баланың әр жаңа материалды не себеппен түсінбей
қалатынын,кезінде талдау жасап отырмайды. Балалар ойлауы үнемі кедергісіз
жүріп отыратын процесс емес, ол кейде құбылыстарды толық бейнелей алмайды,
тіпті қателіктерде жібереді бірде білмегенін екіншіде біледі. Міне, осы
жайларды мұғалім асқан байсалдылықпен ескеріп отыруы тиіс. Сондықтан жаңа
сабақты бірден түсіне алмай қалған оқушыларды ұғымы төмен деп кінәлаудың
өзі педагогиялық тұрғыдан дұрыс болмайды.
Төменгі сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келетіндіктен, олар
көп нәрселерді өз қалпында түсінугебой ұрады. Мәселен, бір зерттеуде
үшінші сыныптвағылардың аллегориялық ұғымдардың мәнін жете түсінбейтіндігі
анықталған. Олар: ”білімді” деген ұғымды “оқитын адам”; “дүние” ұғымын,
“байлық”, ”ақша”; “жақсылық” ұғымын “жақсы нәрсе”; ”ер” “аттың ері” деп
олардың заттық бейнелік жақтарына көбірек көңіл аударады да, осы
ұғымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызуғышылықтары
Математикадан логикалық есептер жинағы
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Сабақ процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Пәндер