Өндірісте аурушаңдықты зерттеу кезіндегі деректерді іріктеуді анықтау, жинау және топтау, негізгі көрсеткіштерді есептеу


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Кафедра: Кәсіби аурулар мен гигиеналық пәндер
Дисциплина: Қазақстандағы алдыңғы қатарлы өндіріс салаларындағы еңбек гигиенасы
Тақырыбы: Өндірісте аурушаңдықты зерттеу кезіндегі деректерді іріктеуді анықтау, жинау және топтау, негізгі көрсеткіштерді есептеу
Орындау тәсілі: мәнжазба
Ақтөбе 2016ж
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлімі:
А) Денсаулық жағдайын бақылау және бағалау әдістері, Сырқаттанушылықты тіркеу және талдау жасау
Б) Кәсіби аурушаңдық және уланулар жағдайларын анықтау.
III. Қорытынды
IV. Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Аурушаңдық - бұл адам денсаулығының қалыпты үйлесімділігін жоғалтуы. Аурушаңдықтың дамуында негізінен әртүрлі өнеркәсіп факторлары және жұмысшылардың кәсіптік мамандығы маңызды роль атқарады. Жұмыс барысында жұмысшылар әртүрлі зиянды заттармен тікелей немесе тікелей емес қатынаста болады. Сол себептен олардың кәсіптік анамнезін білу керек. Кәсіптік анамнезінде жұмысшы өндірістің қай саласында, кім болып істейді, яғни мамандығы, қандай зиянды заттармен жұмыс жасайды, зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК) және қанша уақыт қатынаста болатынын, ол заттың физикалық және химиялық жағдайын, ағзаларға қай жолмен түсіп, қай жолмен шығатынын, қай ағзаларға жиналып әсер ететінін білу кәсіптік ауруды табуда және профилактикалық жұмысты жүргізуде өте маңызды. Сол себепті өнеркәсіптік жағдайларда бір жұмысшылардың аурушаңдылыққа ұшырайтыны, ал біреулерінің ұшырамайтыны жалпыға мәлім. Бұл жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты. Өнеркәсіптік зияндығы бар мекемелерде кәсіптік аурулардың алдын алу үшін бірқатар шараларды жүргізу керек. Негізінен медициналық-профилактикалық шаралар олар біріншіден, өндірісті алдын ала қарап тексеру және медициналық болжам жасау. Мұнда зиянды факторлардың жұмысшылардың организміне әсерін тексеріп, болдырмау шараларын жүргізу. Екіншіден, өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдарды кезеңдік тексеруден өткізу.
А) Демографиялық көрсеткіштер мен дене дамуы . Демографиялық көрсеткіштерді талдау үшін, жұмыс істейтін тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау әлеуметтік-гигиеналық, жалпы қабылданған зерттеулерден өзгешеленбейді. Еңбек гигиенасы дәрігерінің жұмысына, көбінесе еңбекке қабілетті контингенттердің жастық-жыныстық құрамын оқу қажеттілігі туындайды, өйткені осылардың нәтижелерінен сырқаттанушылықтың таралу деңгейінің, сипаттамасының өзгеруіне әсерін тигізуі мүмкін. Тұрғындардың құрамы, саны, жынысы бойынша бөлінуін, жастары туралы қатар тұрғындардың табиғи қозғалысының көрсеткіштерін, өлім, туу, және өлі туу себептерін алуымызға болады.
Дене дамуы денсаулық жағдайының объективті көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Морфологиялық және функциональдық белгілерінің жиынтығынан туындайтын организмнің дамуы мен қалыптасуы дене дамуы деп білеміз. Дене дамуына эндогенді (тұқым қуалаушылық және т. б. ) экзогенді факторлар әсерін тигізеді. Олардың ішінен табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық факторларды, адамның еңбек жағдайы мен сипатын ерекше атап кеткен дұрыс.
Кешенді дене дамуы белгелерін бағалау төмендегілерден тұрады:
- антропометриялық (тұрғандағы бойы, дене салмағы, кеуде ауқымы және т. б. ) ;
- физиометриялық (өкпенің тіршілік сыйымдылығы, бұлшық ет күші мен төзімділігі және т. б. ) ;
- соматоскопиялық (дененің қалыптасуы, бұлшық еттің дамуы, кеуде клеткасының формасы және т. б. )
Денсаулық жағдайын бақылау және бағалау әдістері. Жұмысшылардың сырқаттанушылығы көптеген факторларға байланысты. Осыған байланысты жұмысшылардың сырқаттанушылығына әсер ететін факторлардың мынадай төрт тобын бөлеміз:
1 - ші топ - биологиялық (жынысы, жасы және басқалары) ;
2- ші топ - медициналық-әлеуметтік (еңбек еткенге дейінгі денсаулық жағдайы, балалаының болуы, үй жағдайы және т. б. ) ;
3-ші топ - тұрғындардың медициналық мекемелеріне қаралуына әсер-етуші факторлар (медициналық көмек арзан болуы, өзінің денсаулығына қарауы және т. б. ) ;
4- ші топ - өндірістік факторлар (еңбектің сипаты мен жағдайы) .
Сырқаттанушылықты тіркеу және талдау жасау
Жұмысшылардың сырқаттанушылығын зерттеудің үш негізгі әдістері қолданады:
- емдеу-профилактикалық мекемелеріне емделу көмегімен қаралулары. Бұл жағдайда көбінесе ең бірінші амбулаторлы-емханалық мекемелеріне қаралу бойынша тіркеу материалдарын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларын тіркеу материалдарын қолданамыз;
- профилактикалық-медициналық тексеру нәтижелері бойынша;
- өлім себептері бойынша.
Көп жағдайда мәліметтерді, ақпаратты көп беретін алғашқы 2 әдіс болып табылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық сырқаттанушылығын зерттеу мақсаты мен себебіне қарай, оны негізінен 16 ВН форма бойынша немесе барлығын тіркеу (персональды тіркеу мәліметі бойынша) тереңірек зерттеу әдісі. Қарау бірлігі болып екі әдісте де жұмысшылардың әрбір еңбекке жарамсыздығы жағдайымен байланысты болады, оны тіркеу құжатынан- еңбекке жарамсыздық парағы бойынша білеміз. Ол кәсіпорын бухгалтерия-сында болады, өйткені ол заңды және қаржылық құжат болып саналады. Еңбекке жарамсыздық парағынан аурудың ұзақтығы мен ауру туралы мәліметтерді талдай отырып, кәсіподақ комитеті мен медициналық-санитарлық бөлім (денсаулық пункті) дәрігері тоқсанға есеп беру мәліметінде мекеменің төлқұжаттық мәліметтері (аты, саласы, қай министрлікке қарайтындығы), осы есеп-беру тоқсанында жұмысшылардың ай ішіндегі орташа саны (қабылданған және шығарылған), оның ішінде әйелдердің саны көрсетіледі.
Аурулардың тобы, жиынтығы, жеке аурулар бойынша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны мен абсолютті жағдайлары 16 ВН формалы есеп беру құжатында болады.
16 ВН формасы бойынша сырқаттанушылыққа талдау жасағанда интенсивті (бір жағдайдың орташа ұзақтығы, аурулардың тобы, жеке формасы және барлық 100 жұмысшының еңбекке жарамсыздық күндерінің саны мен жағдайлар саны) және экстенсивті (құрылымы) (еңбекке жарамсыз күндері немесе барлық жағдайлар арасындағы еңбекке жарамсыздық күндері, қандай аурумен байланыстылығы, жағдайлардың үлес салмағы) есептеулер арқылы жүргізіледі.
Осы кәсіпорындағы уақытша еңбекке жарамсыздық сырқаттанушылығының динамикасын білуге болады (жыл бойы, жыл ішінде) , сонымен қатар басқа да кәсіпорын салалары, цехтармен салыстырмалы бағалауды өткізуге болады. Құрылымдық көрсеткіштер арқылы жұмысшылардың сырқаттанушылығының негізгі үлес салмағын анықтауымызға болады. Жұмысшылардың сырқаттанушылығының интенсивті және құрылымдық жалпы мағлұматтарын бере отырып, 16 ВН есеп-беру формасы, тереңірек талдау жасай алмайды. Өйткені бұл есеп беру формасында стажы, жасы, мамандығы, жұмыс орны т. б. мәліметтері жоқ болғандықтан сырқаттанушылыққа әсері бар жоқтығын біле алмаймыз. Сонымен қатар есептегенде жыл бойы және одан көп жұмыс істегендер, жұмысқа қабылданғандар мен жұмыстан шыққандарды алады. Осы факттар арқылы біз стаждың сырқаттанушылыққа әсері бар екендігін біле алмаймыз. 16 ВН есеп беру формасындағы аурулардың номенклатурасы қазіргі кезде көп кездесетін негізгі аурулармен ғана шектеледі.
Өнеркәсіпте қауіпті және зиянды факторлары бар жұмысқа жаңадан қабылданғандарды алдын ала медициналық тексерудің мақсаттары:
1. Денсаулығы толығымен осы мамандық иелеріне қойылатын талаптарға сай келетін, жауапкершілігі жоғары адамдар ғана жұмысқа жіберу: мысалы, көтергіш крандарда істейтіндердің вестибулярлық аппаратында ауытқулар болмауы керек, көру алаңының шектелуі 20 0 кем емес, т. б.
2. Жұмысқа денсаулығының ауытқулары жоқ, зиянды өндірістік факторлар әсерінен кәсіби ауруларға шалдықбайтын адамдарды ғана жұмысқа жіберу, мысалы: созылмалы бронхитпен немесе созылмалы пневмониямен ауыратын адамдар асбест шаңы әсері бар өнеркәсіптерде жұмыс істей алмайды, себебі, ол ауру ағымын ауырлатып, асбестозға әкелуі мүмкін.
3. Денсаулығында ауытқулары жоқ, инфекциялық және паразитарлық аурулардың таралуына себеп болмайтын адамдарды жұмысқа жіберу. Мысалы: қоғамды тамақтану, тамақ өнеркәсібінде, тұрмыстық қамсыздандыру мекемелерінде, балалар мекемелерінде және т. б. жерлерде инфекция қоздырғышын тасымалдаушы адамдар жұмысқа жіберілмейді.
Медициналық тексерулерді тиісті лицензиясы және сертификаттары бар (аумақтық емхана, медициналық-санитарлық бөлімшелер және т. б. ) барлық емдеу-профилактикалық мекемелер жүргізе алады. Жұмыс беруші жұмысшыға медициналық тексеруге жолдаманы кәсібіндегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлары көрсетілген тізімімен қоса береді, ол өз кезегінде оны емдеу-профилактикалық мекемеде емдейтін дәрігерге беруі керек (денсаулық пункті дәрігері, аумақтық учаске дәрігері және т. б. ) .
Берілген кәсіпорында санитарлық қадағалау жүргізетін еңбек гигиенасы дәрігері, медициналық қараудан кейін рұқсат етілетін мамандықтар тізімін дайындауы қажет.
Осы тексерулердің сапасын ұйымдастыру бойынша сәйкес акт толтырады. Әкімшілік медициналық тексеруден өтпегендерге жауапты. Медициналық тексеруден өтпегендер жұмысқа жіберілмейді.
Кезеңдік медициналық тексерудің, яғни жұмысшылардың денсаулығына динамикасында бақылау жүргізудің мақсаттары: 1) кәсіптік аурулардың алғашқы симптомдарын анықтау, патологиялық процестің дамуын тоқтату; 2) зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасауға кедергі жасайтын сырқаттанушылықты анықтау; 3) зерттеулерден туындайтын дербес профилактикалық шаралармен қамтамасыз ету.
Медициналық қарау ұйымдастыруда, нәтижелерді талдауда емдеу профилактикалық, гигиеналық шаралар ұйымдастыруда бас рольді гигиена дәрігері атқарады.
Санитарлық зерттеу нәтижесінде акт толтырылады. Онда цехтардың, участкелердің, мамандықтардың және зиянды факторлардың атаулары көрсетіледі. Санитарлық зерттеу акті негізінде кәсіпорын әкімшілігі бір ай мерзімінде мамандықтардың өндірістік зиянды факторлардың тізімін құрастырады. Бұл тізім МСЭҚ-мен келісіледі.
Кәсіби аурушаңдық және уланулар жағдайларын анықтау
Кейбір ортақ аурулардың өршуінің себеп-салдары өнеркәсіптік орта факторларымен байланысты. (туберкулезбен ауырғандармен қатынаста болатын дәрігерлердің осы аурумен сырқаттануы) .
Кәсіби ауруларды мемлекеттік тіркеу жүйесі елімізде 1924 ж. енгізілді. Кәсіби ауруды тіркеу мен тексеру мына нұсқау бойынша «Правила регистрации, расследования профессиональных заболеваний и отравлений, учета и отчетности по ним» № 294 ҚР ДСМ бұйрығы 23. 06. 2005 ж. Осы құжатқа сәйкес жедел кәсіби аурудың пайда болуына байланысты жедел хабарлама толтырылуы тиіс. Жедел хабарламаны бекітілген форма бойынша анықтаған дәрігер толтырады. Хабарлама 12 сағат ішінде, сол өнеркәсіпті қадағалайтын МСЭҚ органына жіберіледі. Топтық жедел кәсіби ауруда әр адамға жеке хабарлама толтырылады. Егер емдеу-профилактикалық мекемесінде жаңа диагноз қойылса, онда жедел хабарламаны 24 сағат ішінде жіберу керек.
Жедел топтық аурулар жағдайында бруцеллез, сібір түйнемесі, сіріспе, құтыру -өндіріске байланысты болса, емдеу-профилактикалық мекемесі дәрігері телефон, телеграф арқылы хабарламаны арнайы журналға тіркетуі керек.
Созылмалы кәсіби ауруды да анықтағанда жедел хабарлама жіберіледі. Хабарлама емдеу мекемесінде толтырылады. Кәсіби аурулар мәселелерімен еңбек медицинасы және кәсіби аурулар орталықтары, медицина институттарының кәсіби аурулар клиникасы, дәрігерлердің білімін жоғарылату институттары, республикалық, аудандық мамандандырылған кәсіби патолгия бөлімшелері айналысады.
Созылмалы кәсіби ауруды (улану) 3 күн ішінде қорытынды диагноз қойғаннан кейін аймақтық емдеу-профилактикалық мекемесіне жолдайды.
Кәсіби аурулардың әрбір оқиғасы арнайы тексеруге жатады. Жедел хабарлама алғанда, ол жедел кәсіби ауру болса еңбек гигиенасы жөніндегі дәрігер оны алғаннан бастап 24 сағ ішінде түбегейлі тексеру жүргізуі қажет. Кәсіби ауруларды тексеруде комиссияның құрамына МСЭҚ дәрігері, кәсіпорын әкімшілігі өкілі, еңбекті қорғау маманы, кәсіподақ комитеті, цех дәрігері кіреді.
Тексеру процесінде кәсіби аурулардың жағдайы, болу себебі анықталады; жұмыс орнында зертханалық және аспапты әдістерді қолдану жағымсыз өнеркәсіптік факторларды бағалау бойынша зерттеулер жүргізіледі; арнайы шаралар кешені жүргізіледі, кәсіби ауруды (улану) алдын алу шаралары. Зерттеу жүргізіліп болған соң төрт дана акт толтырады. 1 экземпляр администраторда қалады, екіншісі МСЭҚ, үшіншісі профилактикалық мекемеде (кәсіподақты қадағалайтын), төртіншісі - кәсіподақ комитетінде. Зерттеуден кейін акт статистикалық және заңды құжат болып саналады және де әрдайым сақталады.
Әрбір созылмалы кәсіби аурудың оқиғасын тексеру анықтау қажет, ол 7 күн ішінде комиссия жүргізеді, оның құрамында жедел кәсіби аурулардың комиссиясының тексерулеріне ұқсайды. Созылмалы кәсіби улануларды зерттеу процесінде еңбек гигиена дәрігері актті санитарлық зерттеу цехында, кәсіпорын және зертханалық зерттеу қорытындысында, жұмыс орнында, материалда, аттестацияда және т. б. қолданады. Тексеру аяқталғаннан кейін акт толтырады.
Кәсіби ауруларды тіркеу үшін және денсаулығының жағдайына, еңбекке жарамдылығы, кәсіби аурулардың есебі журналында тіркеледі. Журнал МСЭҚ кәсіби ауруларының оқиғалары және тексеру актілері негізінде толтырады. Тексеру акті негізінде кәсіби аурулардың есептік журналы негізінде «О порядке сбора и передачи информации для автомазированной системы учета и анализа профзаболеваний» нұсқауы мен кәсіби аурулардың есептік картасы (ф. №389/у) толтырылады.
Қорытынды: Осылай кәсіби ауруларды тіркеу, алдын-алу шараларын жоспарлау, кәсіби аурулардың төмендеуіне бағытталады және жұмысшылардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Бүгінгі таңда елімізде өндіріс орындары және басқа да жұмыс орындары көптеп ашылуда. Соған байланысты еліміздегі халықтың ахуалы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып келеді. Екінші жағынан қарайтын болсақ, осы өндіріс орындарында зиянды заттардың бөлінуі адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Уақыт өте келе кәсіби аурушаңдық тудырады.
Әдебиеттер тізімі:
- «Медико-профилактикалық және қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттеріне арналған еңбек гигиенасы бойынша оқу құралы»
- «Гигиена труда» С. В. Алексеев, В. Р. Усенко
- «Общая гигиена» А. М. Большаков
Бағалау критерийі
0-0, 1 шарты орындалмаған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz