Шағын бизнестің өндіріс объектілеріндегі еңбек гигиенасы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Кафедра: Кәсіби аурулар мен гигиеналық пәндер
Дисциплина: Қазақстандағы алдыңғы қатарлы өндіріс салаларындағы еңбек гигиенасы
Тақырыбы: Шағын бизнестің өндіріс объектілеріндегі еңбек гигиенасы
Ақтөбе 2016ж
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Шағын бизнес ешқандай
монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі - шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде XX ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлер тобы - нарықтық дамудың ажырағысыз нышаны, экономикалық қатынастардың дербес субъектісі. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Шағын бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының бірі - Шағын бизнесті дамыту. Осыған орай ҚР Президетінің арнаулы Жарлығымен (31. 12. 1998) “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 - 2000 жылдарға арналған бағдарламасы” бекітілді. Бағдарламаның мақсаты - шағын кәсіпкерлікті тұрақты түрде дамыту, оның экономиканың басым секторларындағы үлесін ұлғайту, жұмыс орындарын, бәсекелі ортаны жасау, қоғамның орта табының негізі ретіндегі меншік иелерінің бұқаралық жігін қалыптастыру. Шағын кәсіпкерлікке қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау көрсету бағдарламаның негізгі шараларының бірі болып табылады. 2000 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиенің жалпы сомасы 86, 1%-ға көбейіп, 74, 2 млрд. теңгені құрады. Соңғы 7 жылда республикада Шағын бизнес кәсіпорындарының саны 2 еседен астамға көбейді. Бұл орайда қызметтің мына түрлерінде шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны жоғары болып отыр: “құрылыс” “сауда, автомобиль, тұрмыстық бұйымдарды, жеке тұтыну заттарын жөндеу”, “кен қазу өнеркәсібі”, “көлік пен байланыс” Шағын бизнес кәсіпорындары санының жедел қарқынмен өсуі жалпы алғанда өнеркәсіпте балық аулау мен балық өсіруде, мейманхана және мейрамхана бизнесінде білім беруде, денсаулық сақтауда және әлеуметтік қызметтер көрсетуде байқалып отыр.
Қазіргі таңдағы жиі кездесетін түрлері:
1. Шағын бизнесте ең тиімдісі халыққа қызмет көрсету саласы. Яғни сауда дүңгіршектері, кішігірім дүкендер, жол бойындағы кафелер, фаст-фуд, дәріханалар ашу. Мұндай қызмет түрлеріне сұраныс әрқашан жоғары. Салық төлеу жүйесі болмаса аталған кәсіп түрлері ешқандай саясатқа, мемлекеттік тәртіпке араласпайды. Сондай-ақ жерлеу рәсімі қызметтері де бизнес түріне жататынын айта кету керек.
2. Кішігірім қалада ломбард ашу. Мұндай қызмет сұранысқа ие болмаса да халыққа қажет. Ақшадан қысылған адам өзінде бар бағалы заттарды өткізу арқылы тығырықтан шығатыны белгілі. Бұдан бөлек табысты арттыру үшін және жалға алынған орынның шығынын өндіру үшін қосымша көшірме, канцеляриялық тауарлар, ұсақ-түйек офистік техника құралдарын сататын орталық ашып қоюға болады.
3. Соңғы уақытта белсенді дами бастаған кішігірім кәсіптердің бірі - прокат. Яғни қымбат көлік, киім, бижутерия, мерекелік костюмдер секілді заттарды жалға беру. Яғни сұранысқа ие кез келген өнімді жалға беруге болады. Бірақ еш қайталанбайтын сапалы өнім болғаны жөн.
4. Қазір елімізде көліктер саны жыл санап артып келеді. Оның үстіне жеңілдетілген автонесие бағдарламасы енгізілгелі бері көлік сатып алушылар қатары да көбейді. Сондықтан көлік нарығына қажетті автошеберлік, шиномонтаж, автокөлік жуу орталығы сынды орындар ашу табысты бизнес түрлерінің бірі. Айта кетейік, мұндай бизнес түрлерінің табысы әр мезгілге байланысты болады.
5. Тұрмыстық қызмет көрсету. Бұл секторға тұрмыстық техникаларды жөндеу қызметі, тапсырысқа тағамдар әзірлеу, жекеменшік балабақша ашу, бала күтуші, киім тігу және жөндеу сынды қызмет түрлері жатады. Ал егер бизнес ашуға қаражатыңыз жеткілікті болса аяқ киім немесе киім дүкенін ашуға да болады.
6. Сондай-ақ, бизнес ашу үшін қаражатыңыз жеткіліксіз болса, алайда оған қарамастан өз кәсібіңізді бастауды жөн көрсеңіз халыққа қызмет көрсету орталығы бар екенін ұмытпаңыз. Олар жеке ісіңізді ашуға көмектесу қызметерін ұсынып, түрлі кеңестер беріп тренингтер өткізеді. Сондай-ақ, ашқалы жатқан бизес үшін субсидия алуға да болады.
Шағын бизнестің өндіріс объектілеріндегі еңбек гигиенасы туралы
Өндіріс түрлеріне байланысты жұмысшыларға түрлі физикалық, химиялық, биологиялық факторлар әсер етеді. Мысалы шаштараз болса, онда шаш қию кезінде жұмысшы мәжбүрлі қалыпта жұмыс істейтіндіктен оның тірек-қимыл аппаратына зақым келуі, сонымен қатар шаштың өте кішкене бөлшектері өкпеге түсуі, содан болатын аурушаңдықты айтуға болады; аспаздықта пісіру-түсіру жұмыстары көбінесе үлкен плиталардың қасында өтеді, сондықтан температура өзгерістері әсер етеді т. с. с
Санитарлық дәрігердің міндеттері:
- Жұмысшылардың жұмыс орнын дұрыс қалыптастырылуын қарау;
- Жұмыс режимі, түскі үзілістердің берілуін ескеру;
- Олардың қауіпсіздік ережелерімен (инструктаж) толық таныс болуы; Оның ішінде кіріспелік, біріншілік, қайталамалы, жоспардан тыс, мақсатты түрлерін өткізу;
- Өндірістік жарақаттануды, кәсіби аурушаңдықты ескеру;
- Сақтандыру жүйесімен қамтылуын қадағалау;
- Жұмыс орнында аттестатциялау жүргізу ;
- Жұмысшыларлың жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін қарау (киім, аяқ киім, каска, қолғап, респиратор, халат, алжапқыштар т. б)
- Өндіріс түріне байланысты, қауіптілігі жоғары өндіріс орындарында сүт және емдік тағам түрлері берілуін қадағалау;
- Уақытылы демалыс ұйымдастырылуын, жұмысшыларды санаторлы-курорттық демалыс орындарына жіберіліп отыруын ескеру.
Операция поиска #1
[14:17:46] Не загружена страница из запроса №2-1 (30092 миллисек., превышен таймаут в 3 миллисек. ) : http://www. cbs-atyrau. kz/uploads/2011/08/1. 01. 32-2005. pdf
[14:17:49] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса №15-2 (30014 миллисек. ) : http://kaznmu. kz/rus/wp-content/uploads/2013/07/%D0%94__%D1%80%C2%A6%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80-4-%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81. -%D0%BA%D0%B0%D0%B71. doc( Время ожидания операции истекло )
[14:17:53] Ya Найдено 1% совпадений по адресу: http://www. analitika. kz/docs/%D0%98%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%9E%D0%9E%D0%A111. pdf
[14:18:09] Ra Найдено 1% совпадений по адресу: http://referat911. ru/Himiya/aylbek/102134-1906027-place1. html
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz