Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті



Кіріспе
1 . тарау. Қаржылық бақылау мағынасы және оның мәні мен жүйесі
1.1 Бақылау мәні, түсінігі және жүйесінің элементтері
1.2 Қаржылық бақылаудың мәні, функицялары, мақсаттары және мәселелері
1.3 Қаржылық бақылаудың экономикалық жүйедегі мәні
1.4 Қаржылық бақылаудың түрлері мен типтерінің жіктелуі

2 . тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы
2.1. Қаржы нарығының экономикалық мән . мағынасы
2.2. Қаржы нарығының құрылымы

3 . тарау. Кәсіпорын қаржысын мемлекеттік реттеудің мәселелері
3.1. Қаржылық бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қадағалау мәселелері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті – елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асыуына және елдегі, аймақтағы өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету.
Қаржылық бақылау теориясы, кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қосымшадан және қорытындыдан тұрады.
Қаржылық бақылау теориясының негізгі бөлімінде мемлекеттік, қоғамдық, корпоративтік салалардың жеке ұйымдар мен мекемелерді аудиттік және қаржылық бақылаудың теориялық аспектілері жан – жақты ашылады. Соған орай мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық, мекемелік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың нысандарына, түрлеріне жіктелуі жүргізіледі. Қаржылық бақылау органдарының нысандары, объектілері, функциялары, мақсаттары мен міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері берілген.
Материалдық өндірістің саласындағы кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық қызметін, сондай – ақ нарықтық салалар мен әлеуметтік инфрақұрылым қызметтерін тексерудің ерекшеліктерін жан – жақты ашуға ерекше, көңіл бөлген. Шаруашылықпен айналысатын экономикалқ субъектілерге ықпалды қаржылық бақылау мәселе болып келеді, сондықтан оны әрі қарай жетілдіру қажеттілігі туындады. Осы себепті тәжірибе талаптары Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу және тәуелсіз қаржылық бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді
1. Құлпыбаев С.К. « Қаржы негіздері » : Оқу құралы, Алматы –
2009
2. Мельников В. Д. , Ильясов К.К. « Финансы » : Учеб для вузов –
Алматы – 2001
3. Ильясов К . К. , Құлиыбаев С. К. « Қаржы », Алматы – 2002
4. Шеремет А. Д. , Сайфуллин Р. С. « Финансы предприятия »
Москва -1999
5. Шуляк П. Н. « Финансы предприятия » Учеб. Пос. Москва –
2001
6. Қаржы – Қаражат 2005 ж. № 2 32 – 35 бет.
7. Қаржы –Қаржат 7/99 28 бет.
8. Доуис Д., Эшист Г .Дж. « Финансово – инвестиционный сло-
варь » Москва – Инфра 1997
9. Фмнансы ; толковый словарь . Англо – русский. Осадчей
И,М., Москва - 1998
10. «Қаржы –Қаражат» , 4/99 26 бет

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 – тарау. Қаржылық бақылау мағынасы және оның мәні мен жүйесі
1.1 Бақылау мәні, түсінігі және жүйесінің элементтері
1.2 Қаржылық бақылаудың мәні, функицялары, мақсаттары және мәселелері
1.3 Қаржылық бақылаудың экономикалық жүйедегі мәні
1.4 Қаржылық бақылаудың түрлері мен типтерінің жіктелуі

2 – тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы
2.1. Қаржы нарығының экономикалық мән – мағынасы
2.2. Қаржы нарығының құрылымы

3 – тарау. Кәсіпорын қаржысын мемлекеттік реттеудің мәселелері
3.1. Қаржылық бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қадағалау мәселелері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті – елдегі экономикалық мақсаттың
тиімді жүзеге асыуына және елдегі, аймақтағы өндірістік салаларының
өркендеп дамуына ықпал ету.
Қаржылық бақылау теориясы, кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш
тараудан, қосымшадан және қорытындыдан тұрады.
Қаржылық бақылау теориясының негізгі бөлімінде мемлекеттік, қоғамдық,
корпоративтік салалардың жеке ұйымдар мен мекемелерді аудиттік және
қаржылық бақылаудың теориялық аспектілері жан – жақты ашылады. Соған орай
мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық, мекемелік және тәуелсіз қаржылық
бақылаудың нысандарына, түрлеріне жіктелуі жүргізіледі. Қаржылық бақылау
органдарының нысандары, объектілері, функциялары, мақсаттары мен
міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері берілген.
Материалдық өндірістің саласындағы кәсіпорындар мен мекемелердің
шаруашылық қызметін, сондай – ақ нарықтық салалар мен әлеуметтік
инфрақұрылым қызметтерін тексерудің ерекшеліктерін жан – жақты ашуға
ерекше, көңіл бөлген. Шаруашылықпен айналысатын экономикалқ субъектілерге
ықпалды қаржылық бақылау мәселе болып келеді, сондықтан оны әрі қарай
жетілдіру қажеттілігі туындады. Осы себепті тәжірибе талаптары Президент
аппаратының, Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін
күшейтіп, қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу және тәуелсіз
қаржылық бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді
1 – тарау. Қаржылық бақылау мағынасы және оның мәні мен жүйесі
1.1 Бақылау мәні, түсінігі және жүйесінің элементтері
Бақылау қоғамдық дамудың үдерістерін басқарудың жүйесі болып
табылады. Бұл халықтық демократиялық – құқықтық мемлекеттің саяси
басшылығына, әлеуметтк басқаруын тікелей қатысты. Бақылау әлеуметтік
басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет.
Бақылау латынның контро яғни белгіленген немесе болжанған белгілі
бір оқиғаға не үдеріске қарсы қою деген мағынаны білдіретін сөзінен
алынған. Ал француз тілінен аударғанда бақылау сөзі бір нәрсені тексеру
деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол контроля сөзінің негізін аша отырып
трансформацияға түсу арқылы бақылау мағынасын беретін болған.
Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет.
Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы
бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық қызметіне және оны атқарушы,
басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау
қайта айныламы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы өзіне қажетті
деректерді жинап оны тиімді басқаруды пайдаланады.
Ревизиялық бақылау қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың
негізгі мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын
қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің бұзылуын анықтау деп түсіндіреді. Ал
шындығында басқарушы субъект, объектіні тексергенде оның жүктелген
тапсырманы орындау барысын тексеру үшін жүргізеді.
Бұл бақылау – басқарылушы объектілердің жұмысын тексеруші және
бақылап отыратын әрі қарай басқарушы тетік екенін білдіреді. Қаржылық
бақылау объектілердегі қабылданған шешімдердің орыдлау сатысын оның
тиімді жүзеге асырылып жатқанын анықтай отырып, ондағы кемшіліктер мен
аутқуларды басқарушы органдарға хабарлайды. Бұл объектідегі жұмысты
уақытында жақсартуға мүмкіндік береді.
Ал шындығында жалпы айтқанда бақылау жоқ, тек нысаны мен нақты
мазмұны ғана бар. Бақылаудың мынадай негізгі түрлері анықталған:
әкімшілік, техникалық, қаржылық, экономикалық, экологиялық, атқарымдық,
мемлекеттік, ведомствалық және т.б. Бақылау элементтері мақсатқа жету
үдерісінде өзара сәйкес келе отырып, бақылау жүйесін құрайды.
Бақылау элементтері оның жетістікке жету мақсатында біртұтас бақылау
жүйесін құрайды.
Бақылау жүйесі мынадай элементтерден тұрады:
- бақылау субъектісі (кім бақылайды);
- бақылау объектісі (кімді бақылайды);
- бақылау заты (нені бақылайды);
- бақылау принципі;
- бақылау әдістемесі (не арқылы бақылайды);
- бақылау техникасы мен технологиясы;
- бақылау үдерісі;
- бақылау жүргізу үшін бастапқы деректерді жинау мен өңдеу;
- бақылау қорытындысы мен оған жұмсалған шығын;
- бақылау нәтижесі бойынша шешім қабылдайтын субъекті;
- бақылау қорытындысы бойынша қабылданған шешім;
Тереңдетілген тексеру жүргізілген кезде мамандар принциптер жиынтығын
әдістемелерін, тексеріс үдерісін пайдалана отырып, тексеру кезінде
объектіде теріс ағымдардың, кемшіліктердің болу мүмкіндігін болжайды.
Қаржылық бақылаудың салалық қызметі әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік,
техникалық және т.б. бақылаулармен қатар келіп қалуы мүмкін. Оның басты
себебі субъектілердің қаржылық қызметі шаруашылықпен тығыз байланысты
болғандықтан, қаржылық бақылауда одан бөліп қарау тіпті мүмкін емес, яғни
қаржылық тексеріс кезінде шаруашылық элементтерімен қорытындылары пайда
болады.

1.2 Қаржылық бақылаудың мәні, функицялары, мақсаттары және мәселелері
Әміршілдік - әкімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы
және нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік
жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай – ақ
салықтар мен алымдардың мемлекеттік жергілікті бюджеттерге толық
түсірілгенін анықтап, тексеретін құрылымы, деп түсінетін, біртіндеп бұл
түсінік жанама қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы
түсінігі мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты
әртүрлі бағытта екенін айқауға болады. Оның ішінде ең маңыздысы болып
есептік – қаржылық құжаттардың сенімділігін шаруашылық заңдылықтарын
сақтау әртүрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды
басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады. Қаржылық
еңбек және материалдық ресурстарды ең алғашқы сатысында пайдаланудың
қабылданған нормативтері мен стандарттарынан ауытқуды ашу білікті
органдарға уақытында бағыттаушы шара қабылдау кінәлілерді
жауапкершілікке тарту, заң бұзушылықты болдырмас үшін алдын алу
жұмыстарын жүргізуге және келешекте басқа да кері көріністерді
болдырмас үшін зор маңызға ие.
Қаржылық бақылау – ұлттық өнімнің жалпы түсінігінің соған
сәйкестігі қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір
мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет
түрі.
Қаржылық бақылауды қажеттігі басқадан бұрын экономиканың
санаты ретінде қаржы с аласына бақылау функциясы қашаннан тән.
Қаржылық бақылаудың мәнін анықтауда мақсаты, функциясы және
оның міндеті тәрізді мазмұнын да анықтау қажет.
Қаржылық бақылаудың мәні болып белгіленген ереже
негізіндегі нормативтік – құқықтық реттеуді сақтауға негізделген
ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарын
басқару болып табылады. Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде
қалыптасу аясындағы істің мақсатқа сәйкес және заңдылығын,
мемлекеттік қаржы қорларын пайдалану мен бөлу жергілікті өзін - өзі
басқару мекемелері мен заңды және жеке тұлғаларды тексеру шаралары
мен орган жүйесі екенін атап өту орынды.
Қаржылық бақылау – заңдылықты сақтауға, мемлекеттік қорғауға,
бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға,
қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық
бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.
Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды, бөлуді, жергілікті өзін -
өзі басқаруды, мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар мен
әртүрлі ұйымдарға пайда, бөлу, тәртібін бекітетін тағайындайтын және
құқық нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге
болады.
Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол –
қолдарының белгілі бір ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты
болатындығы.
Қаржылық бақылаудың ең негізгі мақсатарының бірі –
кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің
қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануы мен қаржылық саясатты табысты
жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.
Бақылаудың қаржылық функциясы, өндіріс үдерісіне бөлінуіне айырбасқа
және материалдық игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік
жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөліну үйлесімділігінің
жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды
пайдалану жағдайларын ескертеді.
Бірақ бұл мүмкіндік қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайлар
болғанда ғана жүзеге асады, яғни:
а) ереже қаржылық бақылау органдарын құру;
ә) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;
б) үкіметтік, ведомствалық қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының
қызметін реттемелеу;
Қаржылық бақылау функциясы өндірістік ресурстарды басқару құралы
ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілегенді және қоғамның
экономикалық потенциалын анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің
қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни,
қаржылық бақылау қаржыны басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық
саясаты болып саналады.
Қаржылық бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады.
Кірістердің қалыптасу үдерісі жинақталу, қаржы қорын құру мен мен
пайдалану ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің қоғамның барлық
деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржылық – экономикалық өзара
қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады.
қаржылық бақылаудың іс - әрекетті қаржы қатынастарының кең көлеміне
тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды нысандармен, оның ішінде
еңбекақысын төлеуге өнімнің өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге,
өндірістік инвестицияларға байланысты. Сонымен бірге қаржылық бақылау
мемлекеттік қаржылық құрылымдардың, мекемелердің ұйымдардың бюджеттік
бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануын тексеріп, қызметкерінің барлық
жағын, оған қоса кеңейтілген желілері мен контигенттерін қаржыны
белгіленген мөлшерде жұмсалуын және т.б. жүзеге асырылады.
Қаржылық ресурстарды басқару өндірістің барлық аясындағы және
экономикалық субъектінің қаржылық, саясатын көрсетілген тәжірибеге
сәйкесті дәрежесін анықтау үшін ғылыми негізделген әдістер жолымен
жүргізіледі.
Қаржылық бақылау институттары мемлекеттің бақылау органдарының
жалпы құрылымының құрылымдық элементі ретінде және қаржылық тетіктің ең
маңызды элементі ретінде көрінеді.
Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның
негізгі мәселелері анықталады. Оның ішіндегі ең маңыздысы мыналар:
1) мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы қаржылық міндеттеменің
орындалуын тексеру;
2) заңды және жеке тұлғаларға салық салу жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың
сақталуын қамтамасыз ету;
3) экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп
беруін бақылау;
4) бюджеттің барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы мен орындалуын
бақылау;
5) кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық еңбек және материалдық
ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру;
6) қаржылық ресурстардың резервтерінің көбеюін, шаруашылық қаржысының
айналысын тездету еңбек өнімділігінің қызметтің пайдалылығын арттыруды
анықтау;
7) ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалануы
және қаржылық операцияларды есеп айырысуды жетілдірудегі ережені
сақтауды тексеру;
8) қаржылық тәртіпті бұзу мен соған байланысты теріс әрекеттерді алдын –
алу шаралары дәне оны жоюды анықтау;
1.3 Қаржылық бақылау экономикалық ғылым жүйесінде
Бақылаудың негізгі міндеті адамдардың жұмыс тәжірибесінде даму мен
қайта жетілдіруді ұтымды пайдалану үшін оның пайда болу заңдылығын анықтау
мақсатында қандай да бір объектіні ғылыми зерттеу болып табылады.
Ғылым тұжырымдамасы тұрғысынан қарағанда қаржылық бақылау теріс
құбылыстарды анықтау мен жоюға өндірістік күштерді дамытуға және қоғамға
қажетті өнімді өндіруді кеңейтетін және қаржылық экономикалық қатынастарды
өз уақытында реттейтін экономикалық білім оның серпінді жүйесі болып
табылады.
Экономикалық ғылымның саласы ретінде қаржылық бақылау - өндірістің
кеңейтілген мәселелерін зерделей отырып, ұлттық экономикадағы барлық
салалардағы, қаржылық тетіктерді оңтайландыруға, барлық деңгейдегі елді
аймақты, мемлекеттік құрылымдарды, ұйымдарды және мекемелерді, қаржы,
еңбек және материалдық ресурстарды тиімді қалыптастыруды және пайдалануды
бақылаудың құралы ретінде қызмет атқарады.
Қаржылық бақылау өзінің дамуында қаржы, бағаның құрылуы, ақша
айналымы және неиселеу, қаржылық менеджмент, банк ісі, экономикалық
талдау, аудит, статистика, маркетинг, логистика, ұйымдастырушылық тәртіп,
басқару құрамы және т.б. арқылы атқарымдық экономикалық ғылыммен тығыз
бірігеді.
Экономикалық әдеибеттерде қаржылық бақылау, ғылыми – практикалық
тәжірибенің және бухшалтерлік есеп, қаржылық құқық пен шаруашылық
қызметінің талдау синтезі ретінде жиі түсіндіріледі.
Ғылыми – техникалық үдеріс жағдайында іргелі қолданбалы және салалық
ғылымның ерекше тәртібі мен алдыңғы қатарлы әдістерін пайдаланып, бақылау
объектісін кешенді зерделеу қажеттілігі пайда болады. Осындайда бақылау
аясына тәуелді тексеруші бухгалтерлік есептің қаржылық – экономикалық
талдаудың, азаматтық құқықтық, менеджменттің, информатиканың,
эконометриканың, логистиканың, маркетингтің, заң және техникалық
ғылымдардың құралдары мен әдістерін қолданады.
Қалыптасудағы нарықтық тетіктер бизнестің жағдайы туралы деректерді
өңдеп және жинауды алдыңғы қатарлы әдістерге ие болу қажеттілігіне
себепші болады. Экономикалық ғылымның қазіргі жіктеліміне орай және оларлың
ақпараттық мазмұны есептік – талдау және шаруашылық субъектілерін
басқарудың бақылауды атқарымы үш қатардағы ғылым салаларының: бухгалтерлік
есеп, экономикалық талдау және қаржылық бақылау түрінде бір блокты құрайды.
Бұл тарихи, әдіснамалық және ақпараттық аспектілерде өзін - өзі ақтаған,
нарық қатынастарының әрі қарай дамуында жүйелі бақылау мен шаруашылық
субъектілері мен компанияларға, басқарушылық аудит пен жүйеелі бақылау
тәрізді бухгалтерлік есеп, қаржылық бақылау мен экономикалық талдау
үдерістері түрлерінің үнемі артады.
Қазіргі уақытта шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқаруды
ақпараттық және бақылау – талдаумен қамтамасыз етудегі еңбек саралаудың
объективті үдерісі жалғасуда.
Кеңес дәуіріндегі кеңестіктің өтпелі кезеңнің басында бухгалтерлік
есеп пе экономикалық талдауды қаржылық және басқару, қаржылық бақылауды
соған сәйкес басқарушылық аудит, жалпы аудит, бақылау мен қаржылық есеп
берудің аудиті және т.б. деп бөлінуі жақсы қабылданды.
Бұл дамыған елдердің өткізілім аясын басқарудағы талдаудағы және
бухгалтерлік есептің бақылаулы атқарылымындағы, қаржылық бақылаудағы
экономикалық талдаудағы үджерісті тұжырымдары мен алдыңғы қатардағы
тәжірибесін молынан тиімді пайдалану қажеттілігінен туындаған.
Кез – келген бизнесті ойдағыдай ұйымдастыру – қалыптасқан жағдайды
бақылау мен жүйелі талдаусыз мүмкін емес, дұрыс қабылдаған шешімдерге
байланысты. Бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға қажетті резервтерді анықтау
үшін басқарушының шешіміне байланысты болған қаржылық ресурстардың
қозғалысы туралы нақты ақпаратқа ие болу қажет. Құбылыстың өзара байланысы
мен жағдайын зерделеуге экономикалық талдау мен қаржылық бақылаудың
орнаулы әдістерін кешенді қолдау негізінде ғана, қол жеткізуге болады.
Деректерді өз уақытында бақылау мен талдау өткізу сараланған бағаны
білуге мүмкіндік беріп, оған әртүрлі қатысушылардың – инвесторлардың
қарыз берушілердің, тұтынушылардың, әкімшілік пен кәсіпорын
қызметкерлерінің мүдделерін есепке алып, бизнестің тиімділігін арттырудағы
жолын анықтайды.
Қаржылық бақылаудың қажетті әдістерін таңдап алу бизнесті басқарушы
шешімдеріндегі оңтайлы негізделіп қабылдаған шешімдерін қамтамасыз
етудегі қойылған мақсаттарға тез жетуге мүмкіндік береді.
Экономикалық ақпараттарды зерттеудің іс – жүзіндегі көптеген
әдістерін кешенді аудитті жүргізудің негізінде тексерілген объектінің
жағдайы туралы дұрыс және нақты бағасын алуға болады.
Қаржылық бақылаудың аралас салаларына экономикалық бағалау, аудит,
соттық – бухгалтерлік сарап пен тексеру де жатады. Оның әрбіреуі осы,
бағыттағы ашылу үдерісіне сәйкес қаралатын қаржылық бақылаумен
белгілі бір ұқсастығы мен айырмашылығы бар.
Қаржылық бақылау қоғамдағы кері құбылыстар мен үйлесімсіздікті
ашып, ынтымақтас елдердің немесе мемлекеттердің, аймақтардың, салалардың
адамдар тобының заңды және жеке тұлғалардың қоғамның экономикалық
әлеулеттілігін оңтайлы пайдалануы қозғалысын тиімді басқару негізінде
өндіріс үжерістерін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі.

1.4 Қаржылық бақылаудың түрлері мен типтерінің жіктелуі
Қазақстан Республикасы қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны
жүзеге асыратын субъектілеріне қарай мемлекеттік , қоғамдық ,
аудиторлық бақылау болып ажыратылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық
бақылау арқылы жүзеге асырылады .
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы
мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез – келген объектісіне
қолданылады . Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару
органдары жүргізеді .
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік
бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б
болып ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық
және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті
зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз
етеді .
Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер, сондай – ақ табыс табатын азаматтар
қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және талдамалық қызметтің
мынадай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының –
мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын
бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың
нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы
ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау, шығындардың
белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік
бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету;
өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен
ұрлықтарды жою және одан сақтандыру . Бюджеттік бақылау бюджеттн
қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда,
сондай – ақ мемлекеттік емес сектордық жұмыс жасайтын, қызмет
көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асады.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың
қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың
кассалық тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есеп
айырысқанда және басқа жағдайда жүргізіледі . Банктік қадағалаумен
кредит – есеп – қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық
субъектілер қамтылған .
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау сақтық қорлар
қаражаттарының дер кезінде , толық қалыптасуын , мақсатты жұмсалуын ,
сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін , сақтандыру туралы
заңнаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының
орындалуын жүзеге асырады .
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын , оларды есепке
алудың кедендік ресімдеу кезінде дғ , сондай – ақ кедендік тексермеде
де құжаттар мен мәліметтер ді тексеру нысанында кедендік бақылауды
жүргізеді ; олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасын
арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық
қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар .
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің
жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда
қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар – бюджет
және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын
орындайды , олар алдын – ала , сессияғ дейін бюджеттің жобасы мен
оның атқарылуы туралы есепті қарайды .
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты
органдардың бақылаушылық , соның ішінде қаржы – кредиттік қызметі
ғана бағалап қоймайды , сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық
бақылауды жүзеге асырады . Ркспублика үкіметі мемлекеттік бюджеттің
жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық
саясатын жүзеге асырады . өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау
функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды .
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің , ведомствоны
өкілдіктер шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметіне жүргізіледі . Негізгі
міндеттері мыналар : жоспарлы тапсырмалардың орындалуын , материал
және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын , меншіктің сақталымдығын,
бухгалтерлік есептің дұрыс қойылуын , бақылау – тексеріс жұмысының
мән – жайын бақылау , қырсыздық , ысырапқорлық және нысапсыздық
фактілерін бұлтартпау .
Ішкішаруашылық бақылау . Бақылаудың бұл түрі өндірістің
бастапқы буындарының өндірістік капиталды , қаржы ресурстарын тиімді
пайдалануға жауаптылығын арттыруға бағытталған . мақсаты есеп
саясатын да қоса алғанда , субъектінің экономикалық саясатының
сақталуына сарапшылық баға беру , оның барлық құрылымдары жүзеге
асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады .
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау : алдын
– ала бақылау , ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді .
Қаржылық алдын – ала бақылау ақшалай қорларды жасау , бөлу
және пайдалану жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі ,
сондықтан оның қаржы тәртібін бұзуды алдын ала ескертуде зор
маңызды бар . Бұл жағдайда бекітуге және орындауға жататын
қаржы қызметін жүзеге асырудың негізгі болып табылатын құжаттар –
бюджеттердің , қаржы жоспарлары мен сметалардың жобалары , кредит
және касса өтінімдері және т.б тексеріледі .
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу
процесінде , шаруашылық – қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында
тауар – материал құндылықтары мен ақша қаражаттары жұмсаудың
нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды жіберу
шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдаланылуына
сай келуін тексереді. Сөйтіп , бұл бақылау шаруашылық - қаржы
операцияларын жасалу процесінде жүзеге асырылады .
Кейінгі ( келесі ) қаржылық бақылау - қаржы операцияларын
жасағаннан кейін ( бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің
орындалуынан кейін , кәсіпорындар немесе ұйымдар ақшалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылау жайлы
Салық құқығы
Салықтық бақылаудың теориялық негіздері және оның қаржылық бақылаудағы орны
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті
Алдыңғы қатарлы мемлекеттердегі қаржылық бақылаудың ұйымдастырылуы
Салықтық бақылау қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде
Қаржы құқығының ұғымы мен түрлері және мемлекеттің қаржылық қызметі
Қазақстандағы салықтық бақылау
Салықтық бақылаудың классификациясы
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
Пәндер