Өндірістік - технологиялық практикасының есебі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан инженерлік - технологиялық колледжі

« Экология және биотехнология » бөлімі

1513000 - « Ветеринария » мамандығы бойынша

05. 09. 2016 ж - 05. 12. 2016 ж аралығындағы өндірістік - технологиялық практикасының

ЕСЕБІ

Орындаған:

оқытушысы,

Орал 2016ж

Жоспар:

I. Кіріспе . . . 3

II. Негізгі бөлім

2. 1 Буаздық және оның сипаттамасы 4-5

2. 2 Ұрықтану процесі. . ……. . 6-7

2. 31Жұқпалы ауруларға қарсы алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау . . . 8

2. 4 Қарасаң ауруы және алдын алу шаралары . . . ………. 9

2. 5 Әртүрлі малдардың буаздылығының ұзақтығы . . . 10

III. Қорытынды . . . 11

IV. Қолданылған әдебиеттер . . . 12

I. Кіріспе

Мен, ауылдык ветеринарлық станциясынан 3айлық мерзімде тәжірибеден өттім. Ол жердің басшысы күні басшының қабылдауында болып алдағы жоспарлармен таныстым. Келесі күні ветеринарлық станцияның ішіндегі ішкі тәртіппен, қауіпсіздік ережелерімен және де алда белгіленкен жоспарлармен таныстыруды жөн көрді. Жұмыс орнындағы қызметкерлермен танысып, ортамен тез тіл табысып кеттім деп ойлаймын. Жалпы бұл ветеринариялық станцияда 6 адам қызмет етеді және де 1қызметтік көлігі бар. Ол жердегі қызметкерлерде жылы шырай танытып, тәжірибеден өтіп жүрген маманға яғни маған болашақ жас маманға үйретіп, көрсетті. Ветеринариялық станцияның негізгі міндеті беріліп отырған жоспарды уақытылы жүзеге асырып, ауыл ішіндегі ірі қара малына, ұсақ малдарға уақытылы вакцина егіліп, белгілі бір ауру кезінде қан сараптамалары жасалып тұрылуы шарт.

Мен ауыл ішінде берілген жоспар бойынша жетекшіммен бірге ешкі, қой және де 2016 жылы туылған қозылар мен лақтарға сібір жарасына қарсы вакцинация жүргіздік. Ешкімен қойдан қан алынды және сырғаладық. Бір жұма ішінде осындай жұмысты жалғастырып жоспарды уақытылы тындырдық. Вакцинация кезінде малдың сырға номерін қағаз бетіне түсіріп кейінен оны компьютерлік базаға яғни ИСЖ порталына еңгіздім. Кейінен ұсақ малдарға яғни тауық әр түрлі құстарға қора жайларына дезенфекциялық шара жүргіздім. Құстардың қанатына зер салып, үстінде қотыр немесе жара жоқтығына көз жеткіздім. Ірі қара малының соңғы қашан буаздық мерзімі өткенін тексеріп анамнез мәліметіне көңіл аудардық. Жетекшім буаздық кезеңінде мал қандай күйде болатынын, және буаз болған күннен бастап малды жіті қадағалау керектін түсіндірді. Әрбір малдың өзіндік буаздық мерзімнің уақыты бар: сиырдың буаздық мерзімі-285, қойда-150, шошқада 114, биелер-320, қоянда -30, итте-60 деп айтып түсіндірді.

3

II. Негізгі бөлім:

2. 1 Ұрықтану процесі

Малды ұрықтандыру табиғи жолмен шағылыстыру және жасанды түрде жүргізіледі (қолдан ұрықтандыру) . Табиғи ұрықтандыру екі тәсілмен жүргізіледі:

1. Еркін шағылыстыру (далада, аулада, арнайы загонда) .

2. Қорада қолдан шағылыстыру.

Шағылысу бұл ұрғашы мал мен еркек мал арасында болатын, негізінен шартсыз жыныстық рефлекстерден тұратын, өте күрделі физиологиялық құбылыс. Жыныстық қатынас мынадай рефлекстерден құралады: іздеп-тауып жақындау эрекция, асылу, қатынас рефлексі және эякуляция.

Бұл рефлекстер өзара тығыз байланысты және осындай ретпен өтеді де, эякуляциямен аяқталады. Осы рефлекстердің жиынтығын жыныстық инстинкт деп атайды. Жыныстық инстинкт жыныстық жетілумен қатар овогенез, спермиогенез үдерістерінің нәтижесінде қалыптасады. Кестірілген еркек малдың жыныстық инстинкті болмайды.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9a/Cow_foetus-positions_and_dyspositions.svg/220px-Cow_foetus-positions_and_dyspositions.svg.png

4

Буаздық - ұрғашы жануарлардың аналық клеткасынан ұрық дамып жетілгенге дейінгі физиологиялық күйі. Буаздықтың алғашқы кезеңінде жануарлар жақсы қоректеніп, семіре бастайды. Буаздық мерзімінің 2-жартысында ұрыққа қоректік заттар көбірек қажет болғандықтан, буаз мал арықтайды. Әр түрлі жануарлардың. Буаздық мерзімі әр түрлі болады. Мысалы, сиырда 285 күн, жылқыда 340 күн, қой мен ешкіде 150 күн, түйеде 365 күн, есекте 380 күн, шошқада 114 күн, қоянда 30 күн, итте 62 күн, т. б. Буаздық мерзімі жануарлардың жеке түрлерінің ішінде тіршілік ортасына, жыл кезеңіне, жалқы, егіз немесе одан көп ұрпақ табуына, т. б. себептерге байланысты өзгеріп отырады. Буаз малға ерекше күтім қажет. Буаздық кезіндегі мал ауруларына іш тастау, ісіп-кебу, ерте төлдеу, жатыр жарығы, жатырдың бұрылуы не түйілуі жатады. Іш тастаудың үш түрі бар: індеттік іш тастау сарыптан, бактериялық және паративтік аурулардан; паразиттер арқылы іш тастау жыныс аурулары салдарынан, індетке қатыссыз іш тастау малды дұрыс азықтандырмаудан, азықта витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеуінен, малдың бір нәрсеге соқтығып құлауынан, кейде жүрек, бүйрек, бауыр, т. б. мүшелерінің ауруынан болады. Іш тастау қаупі білінген малды бірден бөліп, оның тұрған қорасына зарарсыздандыру жүргізіледі, төсеніші алмастырылады. Буаз малдың ісіп-кебінуі малдың қан айналымының бұзылуынан, жүрек пен бүйрек ауыруынан, малды өріске шығармаудан, т. б. болады. Ісік асқынғанда зәр айдайтын, іш жүргізетін және жүрек қызметін күшейтетін дәрілер беріледі. Ерте төлдеу малға сапасыз азық, суық су беруден не оқыс қимыл жасаудан, жатыр сығатын, іш жүргізетін дәрілер көп беруден де болады. Жатыр жарығы құрсақтың көк еті жыртылғанынан болады. Жатыр төлмен бірге осы жарық арқылы тері астына еніп, бұлтиып тұрады. Бұл, көбінесе, соққыдан, іштегі төлдің ірілігі салдарынан болады. Малды төлдер кезде қыр арқасынан не бүйірінен жатқызады да, төлді жарықтың тесігіне бағыттап, суырып алады, жарыққа хирургиялық операция жасайды. Жатырдың бұрылуы не түйілуі буаз малдың оқыс бұрылуынан, құлауынан болады. Бұл кезде алдымен жатырдың қай жаққа бұралғанын анықтайды. Сабан не пішен төселген жерге малды жатырдың бұралған жақ жамбасынан (малдың бөксе жағын биіктету керек) жатқызады. Малдың аяғын байлап, жатыры бұралған жаққа қарай малды қыр арқасынан тез аударады. Буаздық кезеңіндегі ақаулықтар әр түрлі ауруларға, сүтінің азаюына, кейде малдың қысыр қалуына соқтырады.

5

2. 2 Буаздық және оның сипаттамасы

Малдың буаздығын дер кезінде анықтау, тауарлы - сүт фермасы жұмысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, төл алудың өндірілетін сүттің жоспарын жасайды. Мал төлдету мерзімі алдын ала белгіленіп, қора жайды, жем-шөпті қамдау уақытын белгілейді, қашпай мал болса оның себебін анықтап, қашырып қысыр қалмауын қадағалайды. Сөйтіп, малдың буаздығын немесе бедеулігін анықтау әрбір шаруашылықта міндетті түрде, жоспарлы түрде жүргізілуі керек. Иә, буаздық кезінде қанның, зәрдің, сүттің, жүннің, сүйектің құрамында бірталай өзгерістер болады. Ол өзгерістердің біліну, көрінуі көптеген ішкі-сыртқы факторларға байланысты болғандықтан буаздыққа зерттеу нәтижесі де әртүрлі бола береді.

Малдың буаздығын анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізеді:

1. Анамнез мәліметтерін жинау.

2. Жеке картасындағы, кітапшадағы мәліметтерімен танысу.

3. Малды сырттай ұстап тексеру, қынап және тек ішек арқылы зерттеу.

4. Рентгенологиялық және лабораториялық зерттеулер жүргізу.

Бұл аталған әдістердің бәрін жасап шығу шарт емес, көп жағдайда малдың буаз немесе қысыр екендігін анықтауға бір, екі әдістің өзі-ақ жеткілікті болады. Анамнез мәліметтері: ұрықтандырылған күннен бастап 30 күннен соң мал қайтып күйлемесе, жем-шөпке тәбеті жақсарып, оңала бастаса, сүті кеми бастаса, асықпай, салмақты жүріп тас кесекті жалауға құмар болса, терлегіш, тез шаршайтын болып, зәр шығаруы жиілеп, артқы аяқтарында, құрсағының астыңғы жағында ісік байқалса, мал мүмкін буаз болар деп жорамалдаймыз.

Ол үшін, соңғы рет қашан туғанын, қашан ұрықтандырылғанын, қандай шәуетпен күйлегенін, неше рет ұрықтандырылғанын, білуге тырысамыз. Анамнез мәліметтерін клиникалық зерттеу нәтижелерімен толықтыру керек. Әйтпесе, ондай белгілер қысыр, ауру малдарда кездесе береді. Клиникалық зерттеу: рефлексологиялық әдістерден, сырттай қарап, ұстап көру, қынап және тік ішек арқылы зерттеу әдістерінен тұрады. Рефлексологиялық зерттеу жүргізу үшін арнайы ауланың іші ұрықтандырылған малды күйіттеуші аталық малмен қосып 1-2 сағат бірге ұстайды. Мұндай зерттеуді малды ұрықтандырылғаннан кейін 10-30 күндердің арасында жүргізеді. Осы уақыттың ішінде қайтып күйлемесе, бәлкім ол буаз болғаны, ал күйлегендері қысыр. Зерттеу нәтижесі 95 те 100 пайыз жағдайда дұрыс болып шығады.

Буаздықты сыртқы белгілеріне қарап сирек анықтау сирек қолданылады. Себебі, бұл әдіспен буаздықты тек екінші жартысынан ғана анықтай аламыз.

6

Буаздық мерзімін дәл тауып айта аламыз. Сырттай қарағанда сиырды тегіс жерде, далада немесе жарық бөлмеде артқы жағынан 1-2 метр қашықтықтан қараймыз. Сондағы көңіл аударатынымыз сиырдың оң жақ бүйірі салбырап үлкейген, артқы аяқтары мен құрсағының астыңғы жағында домбыққан жерлері болуы мүмкін. Биелердің сол жақ бүйірі шығыңқы болады. Дегенмен, бұл белгілердің бәрі де буаздықты дәл басып көрсете алмайды. Буаздықты сыртынан қолмен ұстап сипап анықтау қиын емес. Ол үшін сиырдың оң жағынан келіп сол қолыңызды оның беліне қойып, оң қолыңыздың алақанымен сиырдың бүйірін аш өзектен төмен, шаптан жоғары тұстан бірнеше рет ішке қарай итеріп көресіз. Сол кезде қолыңызға қатты дене білінсе, ол буаздықтың ақиқат белгісі. Биені сол жақ бүйірінен құрсағының төменгі жағын түртіп көреді. Ол үшін биенің сол жағынан келіп, артқы жағына қарап тұрып, сол қолыңызды оның беліне салып тұрасыз. Қой мен ешкілердің сол жақ бүйірінен қолмен сипалайды. Мегежінің буаздығын сыртынан ұстап анықтау өте қиын бір жақ бүйіріне жатқызып қойып, ең соңғы екі емшегінің тұсына құрсағын сипалағанда, төл қатты дене болып кейде ғана қол білінуі мүмкін. Қай малды болмасын сырттай ұстап қарағанда төл таба алмаса, мал қысыр екен деп қортынды жасауға болмайды. Буаздықты құрсағының сыртынан тыңдап анықтау, тек ірі малға қолданылады. Онда да зерттеу нәтижесі барлық уақытта дұрыс бола бермейді.

Төлдің жүрек соғуын жақсы есту үшін немесе арқасымен анасының құрсақ қабырғасына тікелей тиіп жатуы керек. Басқа жағдайда жүректің соғуы естілмейді. Төлдің жүрегінің соғуын малдың бүйіріне құлақты тосып немесе фонендоскоппен тыңдайды. Буаздықты анықтау үшін бұл әдістің маңызы оншалықты үлкен емес. Буаздықтың бірінші жартысындағы кезеңде малдың сыртқы белгілеріне қарап анықтау мүмкін емес. Сондықтан ерте буаз малды анықтау үшін қынап арқылы және тік ішек арқылы зерттеу жүргізіледі. Бұл әдіспен тек ірі малды (сиыр, бие, түйе, есек) зерттеуге болады.

Қынап арқылы зерттегенде малдың сарпайын жуып, тазалап сүртеді. Сыртқы вазилинмен майланған, залалсызданған қынап айнасын ақырындап малдың қынабына салып, ашып, жарық түсіріп қарайды. Мал буаз болса жатыр мойыны жабық, қою кілегейлі тығынмен бітелген, өзінің қалыпты орнынан бір жақ бүйіріне қарай немесе тереңдеп алға қарай ығысқаны байқалады.

7

2. 3. Жұқпалы ауруларға қарсы қан алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Қауіпсіздік ережелері:1. Қораға халатсыз және қалпақ қажетті жағдайда белдемше және резинкалы қолғап кию қажет.

2. Жануарлармен жұмыс жасар барысында оларды мықтап бекіту керек.

3. Жұмыс орындау алдында жануарларды паталогиясы зертханасымен танысып, оқу журналына қауіпсіздік техникасымен танысқаны жөніндегі қол қойылады.

4. Ветеринарлық станциялық ережелерді қатаң және міндетті түрде орындалуы тиіс.

5. Жануарлармен жұмыс жасау барысында әртүрлі химиялық заттарды ауызға, көзге, немесе киімге тиіп кетуден сақтау керек. Сондықтан міндетті түрде пипеткалы грушаларды пайдаланған жөн

6. Жануармен жұмыс жасап болған соң қолды сабындап жуу керек. Керек жағдайда қолданған жөн

Қан(гр, haemo; лат, sanguis-қан) -ағзадағы ішкі сұйық органың бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізетін және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды.

Малдан қан алу үшін қан алынатын жердің жүнің қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен құстан қанды тікелей жүрек қарыншасынан алады.

Жылқы. Ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаған қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшы құрғақ аза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу қғайлайды. Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай етіп байлайды да, теріні азартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса қстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анық көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине шамамен 45ᵒ бұрышпен қадалу керек. )

8

2. 4 Қарасаң ауруы және алдын алу шаралары

Қарасаң жіті өтетін жұғымтал емес бұлшық еттерін басып көргенде сықырлайтынын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қарасаңмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, қой, ешкі, құлаң мен бұғы аурады. Жас төл коластральдік имуниттеттің ал сақа мал имундеу еуинфекциялы әсерінен төзімді келеді. Инфекция қоздырушысының таралу факторларын ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жем-шөп, ағынды, батпақты су болып табылады. Алиментарлы төл арқылы жұғады. Яғни қоздырғыш денеге енген соң ауыз қуысты, ішек -қарынды зақымдайды. Ауру жылдың кез - келген мезгілінде кездескеннен жазы, күзі кезінде кездеседі. Дерттенуі. Ішек-қарынның және зақымданған тері арқылы микроб қанға өтіп бүкіл денеге жайылады да ликогені мол бұлшық етті мүшелерге тоқтайды. Мұның нәтижесінде зақымдалған телім домбығып, сықырланған дыбыс шығады. Симптомдары. Жасырын кезеңі өте қысқа 1-2 күнде өліп кетуі мүмкін. Жіті өтуінде дене темперетурасы көтерілуі, ауыз қусынының бұлшықет тұстарында ісік пайда болуы. Кейіннен ісік суынып сезімталдығы басылады, терісі қызыл қоңыр түске айналады. Пат анатомия зерттеу жүргізіледі. Дер кезінде қойылсаГаздармен бұлшық еттері қанталайды. Қан қара қошқылданып ұйиды. Өкпесі домбығып қанға толады. Емі. Ауру жіті өтетіндіктен ешқандай ем қолданбайды.

9

2. 5 Әртүрлі малдардың буаздылығының ұзақтығы

Аналық малдардың буаздылығының ұзақтығы олардың түр ерекшеліктеріне байланысты болады, сондай-ақ неғұрлым аналық ұсақ болса, соғұрлым оның буаздық мерзімінің ұзақтығы қысқа болып келеді. Сонымен бірге буаздық мерзіміне іш төлдің саны, жынысы, аналық малды ұстау, асырау оның тұқымы, жасы және басқа факторлар әсер етеді. Кей жануарларда (бұлған, суыр, елік т. б) буаздылық айтарлықтай ұзақ мерзіміне эмбрион дамуы тоқталуымен сипатталатын үзіліс есебінен ұзара алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
Педагогика бойынша практика
Практика жетекшісі
Практиканы қорытындылау
Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Бастауыш білім беру мұғалімі мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту негізінде Баланың мектептегі алғашқы күндері оқу практикасы
Магистранттың пеадгогикалық практикадан өту құжаттары
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz