Исламияттың Қазақстандық халықтық тәлім - тәрбие үрдісіне ықпалы мен қалыптасу



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Ислам дінінің өркенитеттілігінің адам тәрбиесіне
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.1 Ислам дінінің тәлім.тәрбиеге ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Исламият тәрбиесінің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21

ІІ бөлім. Исламияттың қазақстандық халықтық тәлім.тәрбиелік
үрдісіне ықпалы мен қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34
2.1 Исламияттың Қазақстанға таралуы және оның тәлім.тәрбиеге
тигізген әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.2 Исламияттың халықтық тәлім.тәрбие үрдісінде қалыптасуын
көрсететін көріністер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақ халқы қазақ аталғалы бері қаншама заман мен ғасыр өтті. Осы уақыт ішінде қазақ халқы бірнеше жоғары тылсым күш пен дінге бағынудың тағдырын бастан кешірді. Ата-баба дәстүрін оқып-үйренуде қазан төңкерісінен кейінгі жүріп өткен үрдіс біршама дәстүрлі топырағынан айырды. Енді соған көз жүгіртіп өтейік және ол біздің болашақтағы жұмыс істеу бағытымыздың белгіленуіне мүмкіндік береді.
Бұлар алдымен қазақтарды Бұхара мен Қазан татарларының рухани ықпалынан аулақ ұстау саясатын қолға алуды жөн көрді. Мұны облыстық әкімдер яғни генерал-губернаторлар терең сезініп, нақтылы әрекетке қызу кірісіп жатты. Бұл кезде Ресей бодандығына түскен қазақтар төрт облысқа Орал, Торғай, Семей, Ақмола облыстарына бөлінді. Осы облыстың әскери генерал-губернаторлары, әсіресе, миссионерлік саясатты шебер жүргізіп отырды. "Водворение" саясатында да (қазақ арасына орыстарды молырақ араластырып орналастыру саясаты, әсіресе, кеңестік дәуірде тың игеру сылтауымен бүркемеленіп жүргізілді) айтарлықтай істер тындырды. Осы әрекеттің бір көрінісі Ақмола әскери генерал губернаторының Батыс Сібір генерал губернаторына 1877 жылы желтоқсанда жазған хатында: "Ал, қырғыздарды орыстандыру үшін олар үйренген татар жазуын орыс жазуымен ауыстыру керек. Бұл оңай жұмыс емес... олардың тіліне орыс әріптері енгізілгеннен кейін олардың бәрі сауа тсыз болып қалады...
Сондықтан татар әліпбиін орыс әліпбиіне ауыстыруды біртіндеп, көптеген жылдар бойы жүргізу керек" (Түркістан, 13. 11. 2003) делінген. Осы үзіндінің өзінде-ақ миссионерлік саясаттың өзекті желілері айқын көрініс тапқаны Отаршыл үкімет халықты тарихи жадынан адастырып, ділі, діні, тілінен айырса, рухани құлдыққа түсіп, жаныштауға, билеуге оңай көндігетінін жақсы білген. Білген де осы салаға бар күш қуатын жұмылдыруға ұмтылған.
Әрине, патша отаршылдарының бұл ұлы арманы кезінде жүзеге аспаса да, Кеңес үкіметі билікті қолына алысымен-ақ асығыс түрде іске аса бастағанын, бірақ халықтар достығы ұранымен бүркемеленіп жүзеге асырылғанын көрдік. Ресей патшалығы мен Кеңес үкіметінің миссионерлік жасырын саясатының астарын, оның халқымызға тигізер зардабын Алаш қайраткерлері жақсы білген. Ерте сезінген соң өз қарсылықтарын әр қилы жолдармен біддірді де. Сол үшін де қазақ элитасын жойып, олардың рухани мұрасын танып білуге де тиым салынды. Осы әрекеттер салдарынан қазақ елінің халықтық тарихи санасы, ұлттық ой танымы рухани нәрінен айрылып түрік халықтары саналы түрде түгелдей мәңгүрттендірілді.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дүние танымының, салт-санасы мен әдет-ғұрпының ұзақ жылдар бойы сапырылысқа түсуінің үш кезеңі бастан өтті. Біріншісі, 1731-1917 жылдар арасындағы патшалы Ресей, екіншісі, 1917-1991 жылдардағы Кеңестік тоталитарлық билік кезеңі, үшіншісі, 1991 жылы тәуелсіздік заманынан бергі уақыт. Алғашқы екі кезеңде қазақ елінің ой санасында отаршылдық пиғылдан туындаған құлдық психологияның құлдық таңбасы да дендеп ендірілді. Сондықтан да қазіргі күнде діни танымдағы болып жатқан өзгерістердің тамырын жоғарыда аталып өткен ой санадағы сыпырылыстардан іздөстіру бізді шындықтан адастырмаса керек.
Бодандыққа түскен халықтардың бәрі де атеистік идеологияның қысымынан шығысымен-ақ өзінің тегін, рухани тамырын іздестіре бастауға мүмкіндік туды. Дегенмен халықтардың рухани әлемінде уақытша болса да, бос кеңістік (вокуем) пайда болды. Әр халық тұрмыстың ауыр қарбаласына түсіп алысып жүргенде, әрине, рухани әлеміміздегі пайда болған бос кеңістік бір қалыпта тұра беруі мүмкін емес еді. Бұл кеңістікті өткен замандағы исламият әлеміндегі рухани қазына көздерімен толтырып нәрлендіруге шама шарқымыз жетпей жатты. Қысқа жіптің күрмеуге келмейтіні сияқты атеистік танымнан құтыла алмай, ата-баба ұстанған ислам дініне бірден төселіп кете алмай жатқанда, сырттан миссионерлік мақсатты көздегө жат діндер өкілдері бір қолына мол қаражатын ұстанып, бір қолына мейлінше жетілдірілген насихат құралдарын ұстанып, ешкім шақырмаса да жерімізге ағылып келе бастады. Олар өздерінің алысты көздеген миссионерлік идеологиялық мақсатын, өз дорбаларына жем салушы қожаларының мүддесін қысыл таяң тұста жүзеге асырып қалудың қызу әрекетіне кірісті. Дінтуралы асығыс қабылданған заңымыз бұл тұста әлсіздігін көрсетіп сыр бере бастады.
Әлі толық қалыптаспаған мемлекеттік заңдарымыздың осал тұстарын дер кезінде ұрымталдықпен пайдаланған қырықтан астам діни жат ағымдар қазірдің езінде Әділет министрлігіне тіркеліп, әрекетін заңдастырып қойды. Сөйтіп мәңгүрттік санадан шыға алмай жанталасып жатқан жарты миллиондай Қазақстан азаматтарын өз діндеріне шоқындырып, үйіріне қосып та алды. Ол азаматтардың отбасындағы әке - шеше, бала - шаға, ағайын-туыстарына тікелей әсері барлығын еске алғанда, болашақта орасан зор идеологиялық күшке айналары кімді болса да ойландырмай тұра алмайды.
Қазақ даласында ислам діні ресми түрде Қараханидтер династиясы кезінде X ғасыр ортасында ресми түрде қабылданса да, тәңірлік дін мен ислам дінін қатар ұстанып келгені төңкеріске дейін қос дінді халық болғаны жөнінде Шоқан мен Абайдың пікірі салмақты мәнге ие. Ислам дінінің қазақ даласында жалпы Тұран өлкесіне қандай жолдармен енгені Наршаһидің "Бұхара тарихы" мен "Насафнама" қолжазбаларында тамаша баяндалған. Қазақ елі ислам дінін қабылдап, мұсылмандық қалпымен, Ресей мен Қытай империясының отаршылдық саясатына тұтылып, бодандық қамытын мойнына ілді. Ресей империясы қазақ жерін толық жаулап алғанша яғни уақытша шегініп, саяси маневр жасау арқылы ислам дінінің "қамқоршысы" болып көрінуге ұмтылғаны тарихтан мағлұм.
Ресей империясы қашан Қытай елімен екі арадағы шекарасын бекітіп алысымен-ақ қазақтарды шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын әуелі құпия түрде, келе-келе ашық түрде жүргізе бастады. Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан жерінде орыстармен шекаралас отырған аймақтарда қазақтардың шоқынды ауылдары пайда бола бастағаны да рас. Миссионерлік
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Nevzat Ayesbeyoglu. Islam egitime getirdigi degerler. Istanbul, 1991, 15-17s.
2. Gulkalp, terbyen sosyal ve kьltьrel temelleri. Istanbul, 1995.
3. M.K.Pilavoglu. Anne ve babaya dini ugtler. Ankara, 1975. 52s.
4. К.Хашимов. Педагогика тарихы. Ташкент, 1996ж.
5. M.K.Pilavoglu. Anne ve babaya dini ugtler. Ankara, 1975. 70s.
6. Мухиддин Исаұлы. Құран кімнің сөзі. Алтын қалам баспасы. Алматы, 2004ж.
7. Мехмет Шимшек. Хадис методикасы. Түркістан, 2004ж.
8. Kandehlevi. Hayats sahabe. 1c, 31s.
9. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. –Алматы, Ғылым. 1999. -160-бет.
10. Ақназаров Х.З. Ислам діні және өмір шындығы. Алматы: Қазақстан, 1997. 8-бет.
11. Ислам әліппесі – Азбука ислама. ЖШС Фараби – энциклопедист. Алматы, 2000. 3-бет.
12. Бес ғасыр жырлайды: Екі томдық. Алматы, 1989. Т.1. 93-67 беттер.
13. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл». Алматы, 2003. 110-бет.
14. Н.Өсеров, Ж.Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. Алматы, Қазақстан. 1992. 149-беттік. 135-149 беттерінен.
15. Өте қажет қағидалар. А.Дамуллам. Қазан баспасы.
16. Ислам ақиқат көзімен қарағанда. Алматы. 2003. 157.
17. Негізгі діни мағлұматтар. Алматы. 2004. 367.
18. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. Алматы. 1992. 149.
19. Н.Нұртазина. Қазақ мәдениеті және ислам. Алматы. 2002-2006.
20. Ақымбек Е. Ортағасырлық Қазақстан жерінде қалалардың дамуына исламның әсері. Вестник ҚазНУ. 2001. №1.
21. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы. 1995.
22. Ислам. Энциклопедия. Алматы. 1955.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Исламияттың Қазақстандық халықтық тәлім-тәрбие үрдісіне
ықпалы мен қалыптасуы

Жетекшісі:
Орындаған:

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Ислам дінінің өркенитеттілігінің адам тәрбиесіне
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.1 Ислам дінінің тәлім-тәрбиеге
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 8
1.2 Исламият тәрбиесінің
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 21

ІІ бөлім. Исламияттың қазақстандық халықтық тәлім-тәрбиелік
үрдісіне ықпалы мен
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 34
2.1 Исламияттың Қазақстанға таралуы және оның тәлім-тәрбиеге
тигізген
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .. 34
2.2 Исламияттың халықтық тәлім-тәрбие үрдісінде қалыптасуын
көрсететін
көріністер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 60

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақ халқы қазақ аталғалы бері қаншама
заман мен ғасыр өтті. Осы уақыт ішінде қазақ халқы бірнеше жоғары тылсым
күш пен дінге бағынудың тағдырын бастан кешірді. Ата-баба дәстүрін оқып-
үйренуде қазан төңкерісінен кейінгі жүріп өткен үрдіс біршама дәстүрлі
топырағынан айырды. Енді соған көз жүгіртіп өтейік және ол біздің
болашақтағы жұмыс істеу бағытымыздың белгіленуіне мүмкіндік береді.
Бұлар алдымен қазақтарды Бұхара мен Қазан татарларының рухани ықпалынан
аулақ ұстау саясатын қолға алуды жөн көрді. Мұны облыстық әкімдер яғни
генерал-губернаторлар терең сезініп, нақтылы әрекетке қызу кірісіп жатты.
Бұл кезде Ресей бодандығына түскен қазақтар төрт облысқа Орал, Торғай,
Семей, Ақмола облыстарына бөлінді. Осы облыстың әскери генерал-
губернаторлары, әсіресе, миссионерлік саясатты шебер жүргізіп отырды.
"Водворение" саясатында да (қазақ арасына орыстарды молырақ араластырып
орналастыру саясаты, әсіресе, кеңестік дәуірде тың игеру сылтауымен
бүркемеленіп жүргізілді) айтарлықтай істер тындырды. Осы әрекеттің бір
көрінісі Ақмола әскери генерал губернаторының Батыс Сібір генерал
губернаторына 1877 жылы желтоқсанда жазған хатында: "Ал, қырғыздарды
орыстандыру үшін олар үйренген татар жазуын орыс жазуымен ауыстыру керек.
Бұл оңай жұмыс емес... олардың тіліне орыс әріптері енгізілгеннен кейін
олардың бәрі сауа тсыз болып қалады...
Сондықтан татар әліпбиін орыс әліпбиіне ауыстыруды біртіндеп, көптеген
жылдар бойы жүргізу керек" (Түркістан, 13. 11. 2003) делінген. Осы
үзіндінің өзінде-ақ миссионерлік саясаттың өзекті желілері айқын көрініс
тапқаны Отаршыл үкімет халықты тарихи жадынан адастырып, ділі, діні,
тілінен айырса, рухани құлдыққа түсіп, жаныштауға, билеуге оңай
көндігетінін жақсы білген. Білген де осы салаға бар күш қуатын жұмылдыруға
ұмтылған.
Әрине, патша отаршылдарының бұл ұлы арманы кезінде жүзеге аспаса да,
Кеңес үкіметі билікті қолына алысымен-ақ асығыс түрде іске аса бастағанын,
бірақ халықтар достығы ұранымен бүркемеленіп жүзеге асырылғанын көрдік.
Ресей патшалығы мен Кеңес үкіметінің миссионерлік жасырын саясатының
астарын, оның халқымызға тигізер зардабын Алаш қайраткерлері жақсы білген.
Ерте сезінген соң өз қарсылықтарын әр қилы жолдармен біддірді де. Сол үшін
де қазақ элитасын жойып, олардың рухани мұрасын танып білуге де тиым
салынды. Осы әрекеттер салдарынан қазақ елінің халықтық тарихи санасы,
ұлттық ой танымы рухани нәрінен айрылып түрік халықтары саналы түрде
түгелдей мәңгүрттендірілді.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дүние танымының, салт-
санасы мен әдет-ғұрпының ұзақ жылдар бойы сапырылысқа түсуінің үш кезеңі
бастан өтті. Біріншісі, 1731-1917 жылдар арасындағы патшалы Ресей,
екіншісі, 1917-1991 жылдардағы Кеңестік тоталитарлық билік кезеңі,
үшіншісі, 1991 жылы тәуелсіздік заманынан бергі уақыт. Алғашқы екі кезеңде
қазақ елінің ой санасында отаршылдық пиғылдан туындаған құлдық
психологияның құлдық таңбасы да дендеп ендірілді. Сондықтан да қазіргі
күнде діни танымдағы болып жатқан өзгерістердің тамырын жоғарыда аталып
өткен ой санадағы сыпырылыстардан іздөстіру бізді шындықтан адастырмаса
керек.
Бодандыққа түскен халықтардың бәрі де атеистік идеологияның қысымынан
шығысымен-ақ өзінің тегін, рухани тамырын іздестіре бастауға мүмкіндік
туды. Дегенмен халықтардың рухани әлемінде уақытша болса да, бос кеңістік
(вокуем) пайда болды. Әр халық тұрмыстың ауыр қарбаласына түсіп алысып
жүргенде, әрине, рухани әлеміміздегі пайда болған бос кеңістік бір қалыпта
тұра беруі мүмкін емес еді. Бұл кеңістікті өткен замандағы исламият
әлеміндегі рухани қазына көздерімен толтырып нәрлендіруге шама шарқымыз
жетпей жатты. Қысқа жіптің күрмеуге келмейтіні сияқты атеистік танымнан
құтыла алмай, ата-баба ұстанған ислам дініне бірден төселіп кете алмай
жатқанда, сырттан миссионерлік мақсатты көздегө жат діндер өкілдері бір
қолына мол қаражатын ұстанып, бір қолына мейлінше жетілдірілген насихат
құралдарын ұстанып, ешкім шақырмаса да жерімізге ағылып келе бастады. Олар
өздерінің алысты көздеген миссионерлік идеологиялық мақсатын, өз
дорбаларына жем салушы қожаларының мүддесін қысыл таяң тұста жүзеге асырып
қалудың қызу әрекетіне кірісті. Дінтуралы асығыс қабылданған заңымыз бұл
тұста әлсіздігін көрсетіп сыр бере бастады.
Әлі толық қалыптаспаған мемлекеттік заңдарымыздың осал тұстарын дер
кезінде ұрымталдықпен пайдаланған қырықтан астам діни жат ағымдар қазірдің
езінде Әділет министрлігіне тіркеліп, әрекетін заңдастырып қойды. Сөйтіп
мәңгүрттік санадан шыға алмай жанталасып жатқан жарты миллиондай Қазақстан
азаматтарын өз діндеріне шоқындырып, үйіріне қосып та алды. Ол азаматтардың
отбасындағы әке - шеше, бала - шаға, ағайын-туыстарына тікелей әсері
барлығын еске алғанда, болашақта орасан зор идеологиялық күшке айналары
кімді болса да ойландырмай тұра алмайды.
Қазақ даласында ислам діні ресми түрде Қараханидтер династиясы кезінде
X ғасыр ортасында ресми түрде қабылданса да, тәңірлік дін мен ислам дінін
қатар ұстанып келгені төңкеріске дейін қос дінді халық болғаны жөнінде
Шоқан мен Абайдың пікірі салмақты мәнге ие. Ислам дінінің қазақ даласында
жалпы Тұран өлкесіне қандай жолдармен енгені Наршаһидің "Бұхара тарихы" мен
"Насафнама" қолжазбаларында тамаша баяндалған. Қазақ елі ислам дінін
қабылдап, мұсылмандық қалпымен, Ресей мен Қытай империясының отаршылдық
саясатына тұтылып, бодандық қамытын мойнына ілді. Ресей империясы қазақ
жерін толық жаулап алғанша яғни уақытша шегініп, саяси маневр жасау арқылы
ислам дінінің "қамқоршысы" болып көрінуге ұмтылғаны тарихтан мағлұм.
Ресей империясы қашан Қытай елімен екі арадағы шекарасын бекітіп
алысымен-ақ қазақтарды шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын әуелі құпия
түрде, келе-келе ашық түрде жүргізе бастады. Батыс Қазақстан мен Орталық
Қазақстан жерінде орыстармен шекаралас отырған аймақтарда қазақтардың
шоқынды ауылдары пайда бола бастағаны да рас. Миссионерлік саясат, алдымен,
түрік халықтары ғасырлар бойы қолданып келген араб жазу таңбасын орыс жазу
таңбасына ауыстыру әрекетіне аса сақтықпен кірісті. Бірақ отаршыл үкімет
бұл арманына жете алмай кетті... Патша отаршылдарының бұл арманын кеңес
үкіметі 1940 жылы тез арада жүзеге асырғаны жұртшылыққа мәлім. Кеңес
үкіметі бірден атеистік саясатты ұстанып, исламға ұйыған түрік халықтарын
өз дінінен қол үздіруге бар күшін салып бақты. "Құдайсыздар" ұйымын ашып,
халықты ислам дінінен күштеп қол үздіре бастады. Соңынан барлық оқу
орындарында "Атеизм" арнайы пән ретінде бағдарлама негізінде оқытылып,
бүкіл мектеп пен арнаулы орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарында
оқытылатын оқу құралдары негізінен атеистік бағытты ұстанды. Жас ұрпақты
атеистік рухта тәрбиелеп, исламдық дүниетаным шеңберінен шығарып жіберді.
Бірақ қазақ аулындағы қарапайым қазақтар бәрібір өз діндеріне деген
сенімінен қол үзбеді. Отбасылық ата жоралғысы сақталып қалды. Оның белгісі
халқымыз тәуелсіздік туын жоғары көтерісімен-ақ, өзі жоғалта жаздаған ислам
дініне қайтадан бет бұрып, исламдық әдет ғұрыптарына оралып, мешіттер
салып, исламның бес парызын орындауға, көбінесе, ауыл қазақтары жұмыла
кірісіп кетті. Бұны дінитаным жолындағы зор өзгерістердің ислам дініне
деген құштарлықтың бірден бір айғағы десек болғандай.
Қазақстан Республикасының қабылданған Ата заңында ар, ұждан бостандығы
заң жүзінде бекітілді. Республика азаматы нәсіліне, ұлтына қарамай әр кім
қандай дінді ұстанса да өз еркінде делінді. Бірақ баспасөз беттерінде
айтылып келе жатқан қоғамдық пікірдің сарынына құлақ түрсек, республика
тұрғындары бұрыннан ұстанып келе жатқан дәстүрлі ислам мен православия
діндеріне кең жол ашып, басқа сырттан енген қырықтан астам діни бағыттағы
конфессиялардың тікелей жүргізіп отырған миссионерлік қысастық әрекетіне
заңды жолмен тиым салу талап етілуде. Әсіресе, пәрменді миссионерлік
жолдағы қызу жүргізіліп келе жатқан зиянды үгіті мен жастарды уландыратын
жат діни нанымдағы насихатын шектен асырмауды қажетсінуде.
Кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан дінсіздік адамның рухани құлдырауына
әкеліп соққаны белгілі. Қазақ халқы өзінің дәстүрлі тәлім-тәрбие қорынан
айрылды. Осы олқылықтарды орнын толтыруда дипломдық тақырыбымды
Исламияттың Қазақстандық халықтық тәлім-тәрбие үрдісіне ықпалы мен
қалыптасуы деп алуыма негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Ислам дінінің қазақ халқының тәлім-тәрбиесіне
ықпалын анықтау.
Зерттеудің объектісі: Ислам дінінің қазақ халқының халықтық тәлім-
тәрбиесінің қалыптасуындағы орнын белгілеу.
Зерттеудің пәні: Исламияттың қазақстандық халықтық тәлім-тәрбие
үрдісіне ықпалы мен қалыпатасуын анықтау процесі.
Зерттеудің міндеттері:
- Ислам дінінің тәлім-тәрбиеге ықпалын айқындау;
- Исламият тәрбиесінің мүмкіндіктерін белгілеу;
- Исламияттың Қазақстанға таралуы және оның тәлім-тәрбиеге тигізген
әсерін анықтау;
- Исламияттың халықтық тәлім-тәрбие үрдісінде қалыптасуын көрсететін
көріністерді нақтылау.
Дипломның құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен және әр бөлім 2 бөлімшеден,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І бөлім. Ислам дінінің өркенитеттілігінің адам тәрбиесіне ықпалы
1.1 Ислам дінінің тәлім-тәрбиеге ықпалы.

Дін дегеніміз күллі адамзатқа тән құндылық. Ол рухани байлық,
ізгіліктің жолы, татулықтың жолы, бақыттың кілті. Ол бір ұлтқа ғана
арналмайды. Жаратушы пенделерін ұлтқа, нәсілге бөліп қарамайды, түр –
түсіне қарай бағаламайды. Аллаһ Тағала барлық адамзатқа хақ жолды көрсету
үшін осы дүниеде һәм ахыретте бақытты болу үшін Ислам дінін жіберген. (№3,
27 бет).
Хақ дін күллі адамзатқа жіберілген және қияметке дейін негізгші
қағидалары иманның шарттары ғибадат формалары өзгермейтін дін.
Исламның қайнар көзі, бұлағы Алла Тағаланың ең соңғы кітабы, жолдары
қсиетті Құран Кәрім. Оның бірінші аятынан ең соңғы аятына дейін не жазылса,
соның бәрі ислам.
Исламның бұйрықтары, иманның талаптары, ибадаттар, ғылымның қағидалары
– барлығы да адам баласына қажетті мөлшерде және түсінікті тілмен егжей –
тегжейлі түсіндірілген. (№3. 227-228 бет).
Ислам сөзі. Ислам сөзінің түбірі арабшадағы Сәлиме, Сиям етістігі.
Бұлар және түбірден жасалған Саям, Сәлам, Эслеме сөздері сөздікте
бейбітшілік, тыныштық, амандық, татулық, келісім, мойынсұну, тәсілім болу,
берілу, сәлеметтілік, сенімділік дегенді білдіреді. Қысқаша айтқанда
Сәлиме етістігі бейбітшілікті қалай бір биік күшке, билікке бағынып, оны
құрметтеп, қабылдай отырып, оған бас ибді тыныштық һәм амандыққа берілуді
және осы мәртебені жалғастыру үшін қажетті істерді жүзеге асыруды
білдіреді. (№3. 19 бет).
Ислам сөзі сенім мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілік
пен татулықты, түсінумен тепе – теңдікті, әсілі тұтастай өмір сүру салтын
білдіреді. (№3. 19 бет).
Құран Кәрімде дар әс-сәлам жанат, яғни тыныштық өлкесі Құран Кәрім
10 сүресі 25 аятында.
Құран Кәрімдегі А.Т. есімдерінің бірі – Ал – Сәләм яғни әр түрлі
кемшіліктерден ада, толық бейбітшілікті ұсынушы пәни өзіне өзі мойнұсылатын
дегенді білдіреді. (№3. 19 бет).
Аллаһ Тағала тарапынан Ислам деп аталатын бұл дін пайғамбарлар арқылы
түрлі ғасырларда түрлі қауымдарға баян етілген.
Құранның білдіруінше Аллаһ Тағаланың алдындағы бірегей хақ дін Ислам
ғана (319 аяты) және бұл дінге сенушілерге Муслим (мұсылман – бағынған –
М.Б.) естелік. Жаратушының өзі берген (2278). (№3. 19 бет).
Адамдар туғаннан таза, күнәсіз һәм мұсылман (Аллаһтың заңдарына
берілген – М.Б) болып туады. Ол, алған тәрбиесі мен өскен ортасына
байланысты я басқа дін бойынша қалыптасады, яки жақсы адамдар істейді,
немесе күнәкәрліққа барып, адасады.
Күнә істеу. Фәни адамның жаратылысында бар нәрсе. Бұл емтихан үшін
жаратылудың хиқметі һәм кей жағдайларда адамдардың иманын күшейтетін нәрсе.
Өйткені, иманды адам жасаған қателігіне өкініп, Аллаһтан ғафу сұрайды.
Сондықтан, күнә - мүмкін үшін бір ескерту және сананы оятатын бір құрал
тәрізді. (№3, 24 бет).
Ислам құқығында 3 түрлі хақы (ақы, хақ)бар:
1) Аллаһ хақысы (құдайдың ақысы, хақұқұллаһ): адамдардың құлшылық
міндеттері, Аллаһ Тағаланың үкімдері, бұйрықтары мен шектеулері.
2) Адам хақысы: адамдардың құқықтарын қорғайтын хақылардың барлығы;
3) Аллаһ және адам хақысы: адам мүддесіне Аллаһ тарапынан белгіленген
құқықтар бұзылғанда бұл һәм адам хақысына хақ адам хақысына һәм құдай
хақысына қарсы келгендік болады. Мәселен, әр адамның діни сенім, жеке
меншік, өмір сүру ұрпақ жалғастыру құқықтары бар. Осы құқықтар топталған
жағдайда, тиесілі адамның хақысына қол сұғылады және аталмыш құқытрады
орнатқан Аллаһ Тағаланың әміріне қарсы келгендік болады. Сөйтіп,екі жақты
құқық бұзушылық орнайды. (№3. 24 бет).
Діни жолдар:
1) Құдайы бұлақтан
2) Адам бұлақтан болады. (№5, 15 бет).
Құдай бұлақ дегеніміз – Адамнан бастап, нәбилер (Пайғамбарлар) арқылы
күллі адамзатқа мәлім етілген хақ жол.
Адами бұлақ дегеніміз – адамдарға аспан денелеріне жыртқыш аңдарға,
теңіз, тауға т.б. табыну.
Исламдағы дін ұғымының мағынасын анықтап көрейік. Араб тілінде дін
сөзі дәйн түбірінен шыққан, үстемдік, егемендік, бас ию, қарыздану,
тапсырылу, біреудің бұйрықтарын орындау, оның билігін мойындау, заң, жол,
әдет, жауапқа, тарту, жаза беру, сыйлыққа бөлеу, үкім, мүлік, дағды сияқты
мағыналарды білдіреді.
Осы түбірден жасалған Мәдин - құл; Мәдине - қала; Тәмәддүн -
дінді; яки қалалық Тәдаййұн - қарыздану; Дийанат - дн және милләт,
Мутадәййин - діндар һәм мойынсұнғыш дегенді білдіреді.
Дін дегеніміз – аса биік иесіне мойынсұнып, оған бағыну және
бұйрықтарын орындау дегенді білдіреді. Діннің тек Аллаһ тағалаға тән
болуының себебі – билік иесі жаратушының бірегей үкім қоюшы және құлшылық
етуге лайықты бірегей тәңір болуына байланысты.
Осы түбірден жасалған және Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі болып
табылатын Әл-Дәййан абсалютті құдірет иесі, әр істің бодауын беретін,
хиқмет пен басқаратын егемен күш иесі дегенді білдіреді. (№3, 20 бет).
Жалпы ислам өркениетін байқап көрелік. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз
ислам дінін ұстанып келеді. Тарихымызға көз салсақ, кезінде теңдесі жоқ,
мәдениеті мен ғылымы дамыған өркениетті мұсылман мемлекеттер өмір сүрген.
Сол мәдениеттің мирасшылары болған халқымыз өз дінін, тілін, тарихы мен
мәдениетін жоғары бағалай білгені жөн.
Мәдениеттің қалыптасуында дін ең мағызды фактор. Өйткені дінсіз,
сенімсіз бір қоғамның өшпес және үлгілі бір мәдениет құруы мүмкін емес. Өз
заманында кең байтақ жерді қол астында алып, мемлекеттер құрған қаншама
қауымдар өткен. Алайда салтанаттары ұзақ сүрмеді. Арттарында тағылық пен
үрей ізін қалдырып, тарих сахнасынан өшіп кете барды.
Мәдениет шын мәніңдегі өркениет жөнінде ең алдымен ислам мәдениеті
туралы айтқымыз келеді. Адамзат тарихында ислам мәдениетінің орны ерекше.
Өйткені ислам мәдениеті бүкіл әлемді жаратқан Ұлы Аллаһтың барлығы мен
бірлігіне және ақырет күніне деген шынайы сеніммен сусындаған. Мұндай
сенімге ие болған адам да, мұндай сенім орын алған қоғам да тек дүние
өмірін ғана ойламай, одан да маңызды мәңгі болған ақырет өміріне қамданып,
бақытқа жетуге тырысып бағады. Өз нәпсісінің қалауы мен бас пайдасына қарай
емес, дінінің әмірі мен тиымдарына сай әрекет етеді. Ұлы құдірет иесі Аллаһ
алдындағы бұл мойынсұну ел арасында ұрыс-жанжалға жол бермейді, бірлікке
шақырады, өзара жәрдемдесуге бір-бірінің құқығына құрметпен қарауға,
адамдар мен қарым-қатынаста кішіпейілдік пен ұстамдылық көрсетуге, бір-
біріне сүйіспеншілік пен қарауға бастайды. Өйткені ортада адам бар. Дініміз
адамға үлкен мән бере отырып, оның өз айналасындағы жанда-жансыз барлық
жаратылысқа қамқорлықпен, жанашырлықпен қарауын, олардан заңды жолдармен
және дін рұқсат еткен мөлшерде пайдалануын әмір етеді. Осылайша тек адамдар
арасында ғана емес, барлық тұрмыс-тіршілік арасында тамаша бір
үйлесілімділік пен үндестік негізінде қиямет таңына дейін жалғасатын,
адамзат үлгі алатын, айналып соңында тұрақтайтын ислам мәдениеті мен
өркениеті болып табылады. Кең өлкелерге жайылған басқа мәдениеттерден
қалған мұра және ислам әкелген серпіліс негізінде мұсылмандар Испаниядан
Орта Азия, Үндістанның солтүстігіне дейінгі алқапта ғылым мен техниканы
дамытқандығы белгілі. Жалпы алғанда 500-1500 жылдар аралығында өнер мен
тапқырлықта ислам әлемі батыстан өте ілгеріде еді.
Мұсылмандар тек ғылым мен техника саласында ғана емес, сонымен қатар
рухани, құқықтық, саяси алаңдарда да ең идеял бір өрнек болған. Тарихи
қайнар көздердегі деректер мұның дәлелі. Бұлардан бірі дүниедегі ең үздік
алғашқы конституция, пайғамбарымыздың Мадина конституциясы еді. Қоғамдық
қызметтерде мұсылмандар ең озық үлгілер көрсеткен. Уақыфтар, медреселер,
мұқтаждар үшін тегін асханалар құрған. Адамгершілікпен кеңпейілдікте бүкіл
әлемге өрнек болған. Ішінде қайыршы табылмайтын бір қоғам дәрежесіне
жеткен. Мешіт қабырғаларында ойылып жасалған арнайы орындарға келген
кісілер садақа, қайырларын қалдырып, ол жиылған ақшадан мұқтаж пақыр
кісілер қажетінше алып пайдаланатын болған. Осылайша қоғамда топтар
арасында реніш болмайтын. Жүзжылдар бойы ауыр қылмыс жасағандар саны
саусақпен санарлықтай аз болған. Мұндай жоғары адамгершілік пен
парасаттылық билеген бір қоғам тек исламның бүкіл әлемдік құндылықтарын
берік ұстаумен жүзеге асқанды. Тарихшылар орта ғасырды Еуропаның қараңғылық
шағы деп сипаттап, ал ислам мәдениеті үшін алтын шақ деп атайды. Ол кездері
ғалымдар мен шәкірттері елден-елге, бір білім орталығынан екіншісіне ілім
жолында сапар шекті. Әл Хорезми, Әл Фараби, Ибн Сина, Бируни, Қожа Ахмет
Иасауи, Имам Ғазали сияқты әлемге танымал ғұламалар айналасына білім нұрын
шашты. Ислам ғұламаларының қазіргі ғылым мен мәдениетімізге қалдырған
жемістерінің негізінде ислам дінінің білім мен ғалымдарға берген маңызы
жатыр. Әлі оқылатын бір кітап жоқ дәуірде, оқу-жазу білмейтін бір
пайғамбарға Аллаһ тарапынан түскен ең алғашқы әмірдің: "Оқы!" - деген әмір
болуы баса назар аударарлық жайт. Дініміз білім іздеуді әрбір мұсылман ер-
әйелге бірдей жүктеген, ғылымға үлкен маңыз берген, әсіресе, екі дүниенің
бақыт кілті болған дін ілімін үйренуді міндеттеген.
Ислам мәдениетін құрайтын басты негіздерді қорытындылайтын болсақ,
Құран: "Адам мен жаратушы", "Адам мен қоғам" арасындағы қатынастарды
реттейтін жалпы ережелерді көрсетеді және олардың орындалуын талап етеді.
Сондықтан ислам ғұламалары ислам мәдениетіне сипаттама бергенде, оның басты
негізі ретінде екі нәрсені көрсетеді:
1. Жаратушының өмірлері мен тиымдарына мойынсүну, бағыну.
2. Жаратылған өрбір нәрсеге мейірім-шапағат, рахымшылық көрсету.
Ислам мәдениеті үлгілі адам қалыптастыруда былайша сатылайды: "Адам мен
Аллаһ" ал екінші сатыға: "Адам мен ата-ана", үшінші: "Адам мен туыс",
төртінші: "Адам мен қоғам" арасын реттейтін принциптер. "Жаратушыға
мойынсүну, жаратылғандарға мейірім-шапағат көрсету" -деп сипатталған ислам
бұл ережелерді қою арқылы тұлғалардың жақынынан ұзаққа қарай толқын-толқын
өзара ықпал етуі мен жауапкершілігін белгілеген.
Осыған сәйкес жаратушыны тану және оған мойынсүну, бағынудан бастап,
ата-ана борышын өтеу, туыстарымен мұқтаж адамдарға жөрдем беру, көмек
көрсету, мүмкіндігі болмаған күннің өзінде жақсы сөзбен демеу, ысыраптан
сақтану, кедейліктен қорқып бала өлтіруден ұзақ тұру, зина істемеу, ешбір
адамның жанын қимау, жетім малын қорғау, сөзінде тұру, өлшеу мен тартуда
адал болу, білмейтін нәрселермен шұғылданбау, көкіректенбеу және жаман әр
істен бойын аулақ ұстау исламның адамдарға ұсынған басты міндеттері.
Негізінде бұл принциптердің көбі тек ислам дінінде ғана емес, кейбір
айырмашылықтары болса да, барлық діндерде орын алған. Алайда, өкінішке
орай, XXI ғасырда бұл бүкіл әлемдік принциптерді жүзеге асыруда адамның
алдына түрлі кедергілер шығуда.
Ислам бір жағынан адамдарға бұл міндеттерді жүктеумен қатар, әлеуметтік
өмірдің тепе-теңдігін бұзатын маскүнемдік, құмар ойнау, процент алып беру,
есірткі, азғындық, ұрлық, ланкестік, арандатушылық, қылмыс, зұлымдық сияқты
қоғамдық ауруларды түгелімен тиятын ережелер көрсетті. Өмір сүріп отырған
қазіргі қоғамымызда бұл әлеуметтік аурулар кең етек алып отырғандығы
шындық. Адамзат баласына келген бұл ауруларды шектеулі әдістермен емдеуге
тырысқанымен, жеткілікті болмай отыр.
Ал ислам маскүнемдікке толығымен тиым салу арқылы дене саулығын
қорғауды, процент алып-беру, құмар ойнау, ұрлықты тию арқылы харам табыс
көздерін жоюды, азғындық, әдепсіздік, ланкестік пен зұлымдық, арандатушылық
пен қылмысты тию арқылы қоғам қауіпсіздігіне қауып төндіретін барлық
әрекеттерді жоюды көздейді. Алайда Батыста ислам өркениетінің мұндай
ерекшелігі мен артықшылығы жөнінде айтылмайтындығы өкінішті.
Ислам діні экономикалық жақтан жоғарыда айтылған харам табыс көздерін
тиып қана қоймай, сонымен қатар қолында экономикалық мүмкіндіктері мол
байлар тобының кедейлер үстінде үстемдік құруына да қарсы. Бұл үстемдікті
жою үшін байлардың дүние-мүлкінде кедейлердің де ақысы барлығын және ол
ақыны кедейлерге тапсыру керектігін зекет, пітір садақасы, құрбан кесу және
т.б. ғибадаттар арқылы әмір етеді, әрі мұқтаждарға өз қалауларымен жердем
ету және өзара қолдау көрсету әрекеттеріне де ынталандырады.
Ислам кез-келген адамның нақақ жанын қиюды қылмыс деп атап, оған
толығымен тиым салады. Қасақана қылмыс жасаған кісінің біржола тозақпен
жазаланатынында атап көрсеткен. Алайда таң қалатын жайт, адам өмірін
қорғауды қасиетті іс деп санаған және адам өлтіруге қарсы мұншалықты ашық
қарсылық білдірген бір дін бүгінгі күні Батыс әлеміңце ланкестік пен қатар
қойылып, тіпті, ланкестікке үндейтін дін ретінде көрсетілуде. Ислам дінін
ланкестікпен қатар қою ислам діні және оның өкілдеріне деген ең үлкен
қиянат. Ислам атында адамдардың жанын қиюшы кісілердің исламды дұрыс
түсінбегендіктерін және бұл істері үшін жауапты болатындықтарын білгені
дұрыс. Олар ислам атына осылайша қате көзқарас қалыптастыруда. Бұл
басқалардың исламды ланкестікпен тең мағынада ұғынуына және ислам жөнінде
қате үкімге баруына себеп болуда. Адамдардың ісіне қарап исламды қаралау
ешбір әділеттік өлшеміне симайды, өрі мұндай жаңылыс қаралау Аллаһтың хақ
діні болған исламға ешбір зарар келтіре алмасы хақ.
Тарих сахнасында ұлы мәдениеттер құрған ислам діні біз қазақ халқының
да жүздеген жылдар бойы ұстанған діні екендігін мақтанышпен айтуымызға
болады. Дамыған өркениетті елдер қатарына көтерілгіміз келсе, дінімізді,
тілімізбен әдет-ғүрпымызды дұрыс бағалап, жаңғыртуымыз керек. (Рахмет
самалы. №3. 2004. 4-5 бет. Әли Асқар. Ислам өркениеті).
Исламның адамзат тәрбиесіне беретін мүмкіндіктері, яғни исламның жаны
мен нәрі. Әрбір жүйенің негізгі алға қойған мақсат-мұраты - адамзатты
рухани жоғарлатып, адамгершлік. Қарым – қатынастардың мәртебесін ұлғайту.
Бірақ адамзат алға қойған ешбір жүйе, мақсат қойылған нәтижеге жетуде
исламмен салыстырып қарайтындай дәрежеге жете алмаған. Бұның бірден-бір
себебі, бәшәри (адамзат) жүйелердің бар мүмкіншілігі мен шегі, бар болғаны
ақылға сүйенеді. Ал ислам діні, Раббымыздың қалауының жемісі болғандықтан,
адам және әлем ақиқаттарымен сай келіп отыратын тәртіп - белгілі жүйе
шығарып, осылайша ой-санамызбен түйіндеуге келмейтін, шырмағынан
шығалмайтын тамаша кемшіліксіз керемет бір дін. Бұдан өткен табиғатымызға
сай келіп отыратын, табиғи заңдылық болуы мүмкін емес. Өйткені тым
әлсіздігімен танылған адам баласы, өзін және де басқа да жаратылыстарды қыр-
сырымен танып, бәшәри қарым-қатынастарды тәртіпке салып, қадағалап отыруы,
Раббымыздың шексіз құдіретінің қасында түкке тұрғысыз. Осы себептен, адам
баласына бағыт-бағдар беру тұрғысында пайда болған пәлсәфәлық жүйелермен
қатар, адамдар ойлап тапқан діндердің көбі, оларға жол көрсетіп, тәртіпке
салып отыру былай тұрсын, керісінше, теріс жолда еңбек етіп, адамзаттың
адасуына септіктерін тигізген.
Адамзатты бақытқа жеткізудің орнына, бақытсыздыққа душар еткен.
Шынтуайтқа келгенде, адамды ахлақи тұрғыдан баймұраға жетелеген Фройдтан
бастап, экономикалық жетістікке жеткізуді мақсат ұстанғанын сөйлеген
Марксқа дейін қаншама жүйелердің бастапқыдағы ұстап - баққан пікірлері
теріс нәтижемен аяқталған. Соңында әлеуметтік дағдарыс және бәшәри құрдымға
себеп болған.
Мына бір жайт тарихи бір шындық екендігіне ешкімнің таласы жоқ шығар
әлемдердің сұлтаны хазіреті пайғамбарымыз (с.а.у.) зұлымдықпен анархизм
ішінде буынып, тұншығып қалған адам баласын, иманның ең қымбатты жемісі
болған, рахмет және мейірім сипаттарымен құшақ жая қарсы алып, надандықтың
тұңғиығынан суырып алған. Ол мейірім мен махаббат толған іс-әрекеттерімен
де, адамзатқа үлгі болуда мәңгілік бір ұшықиыры жоқ шың қалдырған. Оның
пайғамбарлығынан бұрын, сол кездегі надан адамдар, сонау балалық шағынан
бастап, кешкентайынан ұрыс-керіс шығарып, зұлымдық қылып, айуандыққа
салынып, адамзатқа тыныштық көрсетпейтін еді. Тек қана Ол (пайғамбарымыз)
қасиетті кісінің қолында әрбірі тәрбиеленіп, қашаннан бері қалыптасып
қалған бүкіл жағымсыз іс-әркеттерінен арылып, "көктегі жұлдыздар сияқты"
(сахабаларға тағылған лақаб) жап-жарық, әрі басқадай бір ұқсасы табылмайтын
тұлғаға айналған-ды.
"Асхабу Ғузин" атымен танылған бұл қоғамның, өз өмірінде, әлемнің
сұлтаны болған пайғамбарымызды (с.а.у.) үлгі қылып ұстануларыменен пайда
болған жоғары дәрежелі көркем мінез-құлықтың алып келген сансыз оқиғаларына
куәміз. Бұлардың ішінде Мүсғаб бин Ғумайрдың мына халі қаншалықты қымбат
әрі мән мағыналы еді.
Мүсғаб бин Ғұмайр (р.а.) қасына Әсғәд бин Зурараны (р.а.) алып, Мадина
қаласындағы Ғәбди-Әшхөл және Зәфөр әулеттерінің қоныс-тепкен жайына барған
еді. Ол кездері Ғөбди-Әшхәл әулеттерінің көшбасшылары Сағд бин Мүғазбен
Усайд бин Худайр еді. Екеуі де ол кездері мүшрік еді. Сағд, Мүсғаб бин
Ғумайрдың келгенін естісімен Усайдқа:
"- Не қарап тұрсың? Біздің әлсіз халқымызды алдап-арбау үшін келген
мына екі адамның қасына бар да, оларды бұл маңайдан қу!"-деді. Усайд та,
Мүсғаб бин Ғұмайыр мен Әсғад бин Зурараның қасына келіп: жаман былапыт
сөздер айтып, қарсы алдарында тұрып алып, қолындағы найзасын оларға кезеп
тұрып былай деді: "Өмір сүргілерің келсе бұл маңайдан кетіңдер!" Мүсғаб
(р.а) болса, жайбарақат, күлімсіреген түрмен былай деп жауап қайырды: "Егер
құлақ асып тыңдар болсаң, саған айтар сөзіміз бар. Сен ақылды да парасатты,
ел ішінде сөз бастаған, өркім сезіңе құлақ асқан адамсың. Ұнатсаң қабыл
етерсің, ұнатпасаң өзің білерсің...". Усайд, біраз ойланып тұрып: "Дұрыс
айтасың найзасын жерге қадап, тыңдауға көшті. Тыңдай келе ол Мүсғабтың
(р.а) айтқан илаһи әсем ақиқаттың құрсауына ілігіп, Исламды қабыл етеді.
Кейін ол маңайдан көңілі қош болып айырылады да, Сағыдқа (р.а) келіп:
"Олардың сөзіне құлақ астым, айтып жүргендерінде бір қателік көрмедім."
деді. Бұл жайтқа ашуланған Сағыд, Мүсғабтың жанына өзі барды. Ашуы булығып,
қылышын қынабының жарымысына дейін суырып қойып, ыңғайланып отырды. Мүсғаб
(р.а) оны да дәл алғашқы әдебімен қарсы алды. Оған да мәлім тілмен, әрі
рухын құшағына алып елжірететін бір іс-қимылмен бірнеше илаһи ақиқаттарды
түсіндірді. Осылайша Сағыд та, Усайд сияқты айтылған ақиқаттардың
кереметіне бас иіп иман кәусарынан сусындады. Күмәнсіз бұл хал, Аллаһ
Расулінің (с.а.у.) рухани тәрбиесінде тәрбиеленіп, жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар суырылып шыққан сахабалардың қаншалықты үлкен бір жетістікке қол
жеткізгендерінің бір ғана мысалы. Ол қаһармандар, адамзаттың тіріліп,
жандануын мақсат тұтқан исламның берекетімен "Сені өлтіруге келген, сенде
тірілсін!" дәстүрін адамзат тарихына алтын әріппен жазып қалдырған.
Бұл түста Расулуллаһ (с.а.у.) өлім жазасына лайық болған қаншама
кінәлілерді, керек десеңіз әкесінің ағасын өлтірген Уаһшиді де кешіріп,
оларға жайсаң, жылы шырайлы жүзбен мәміле жасаған. Оның жүрегіне әрқашан
мейірім мен мейірбандылық сезімі, ашу-ыза мен кектің орнын басқан.
Адамзатты өртеген небір ғапылдық пен адасушылық жалаулары, оның ақиқат
өзенінде сөніп, сансыз гүлдер өсіп - өнген гүл бақшасына айналған.
Өмір сүріп өткен, ғасырлас, адамдардың санасына қалыптасып қалған:
"Тісі жоқпа адамның, оны бауырлары жер еді!" сияқты неше-бір тұрпайы
ұғымдардан, әрі жабайылықпен надандықтан құтылды. Дел осы надан адамдар,
бір соғыста, бір тамшы суға зар болып өліп бара жатса да, өзіне алып келген
суды, өзге жаралы жатқан дін бауырына ишарат етіп: "Анаған апарыңдар" деп,
соңғы демінде де, өз қамынан гөрі өзгені ойлаған, көпшіліктің қамын жеуші
тұлғалар халіне айналды. Адамзатты осыншалықты теңдесі жоқ жоғары
деңгейлерге жеткізген хазіреті пайғамбардың (с.а.у.) өз мәртебесі әрдайым
бұл илаһи керуеннің көшбасында еді. Қала берді өткен ғасырдың орта тұсында
Голландияның Лахай қаласында кілең ғылым және пікір адамдары жиылып, дүние
жүзінің жүз ұлы кемеңгерлерін ғылыми кеңеске ұсынып, діндері христиандық
болған бұл коммиссия мүшелері, қойылған ахлақи тақырыпқа байланысты
талаптардың шеңберінде ең мәртебесі жоғарғы адам деп, хазіреті пайғамбарды
(с.а.у.) таңдауға мәжбір болған. Осымен қатар тағы бір таңқаларлық жәйт,
сахабалардың жүзде тоқсаны Расулуллаһтың Усуаий-Хасана (Көркем бір үлгі)
түрінде айтылған үлгілі тұлға және мінез-құлқына, әдемі әдебімен, жоғары
деңгейлі сипаттарына тәнті болып, исламды таңдаған. Оған дұшпандық етуде
тым қатты кеткендердің өзі, еш уақыт "Сен өтірікшісің" немесе "Залымсың"
сияқты жағымсыз сипаттарды қолданбаған. Әрі оны жамандап кемсіту ниетімен
айтқан сөздерінде де, тек мақтаудан басқа ештеңе айта алмаған.
Исламға ден қойып, ол үшін тер төккісі келетін әрбір тұлға, бұл
қасиетті міндеттің, әуелгі негізгі мақсаты мен мұраты, адамзаттың тіріліп
оянуы екендігін жақсылап санасына сіңдіруі керек. Әрі, әрбір адам
баласының, асыл тасты жауһардай махлұқтардың ішіндегі ең қасиетті жаратылыс
екендігін ескере отырып, мәміле жасасуы. Өйткені исламның негізгі алға
қойған мақсаты, Ахсану-тақуим (Көркем бір жаратылыс) кейіпімен адам баласын
киіндіру. Бұл дегеніміз, адам табиғатындағы кемшіліксіз пәк сезімді
көлеңкелеп, тұмшалап тастайтын әр түрлі жағымсыз қасиеттерден арылтып, адам
баласын рухани тірілтіп аяққа түрғызу. Мұндай жағдайға ұластыру, әрине,
жүректен шыққан әсемдіктерді оятып, жандандырумен ғана болады. Осыдан шыға
отырып ислам, адам баласы туыла салысымен, оның тәрбиесі мен әдебінің
биязылығын көздейді. Ислам, өзіне бойсұнғандарды бүкіл адамзат, таң қалып
тамашалайтындай, керемет ірі тұлғаларға айналдырып шығаруға өте ұста.
Осымен қатар өмір бойы нәпсінің айдағанына көніп, хайуанша күн кешіп келген
неше бір ғапыл надандарды періштеге тән қасиеттермен толтырған. Мысалы, бір
замандары өз қызын шімірікпей тірідей топыраққа көмген Омар бин Хаттаб
(р.а.) кейін келе құмырсқа екеш құмырсқаға да, жәбір көрсетуден бойын
сұңғақ ұстаған ұлы бір биязы мінезді адам болып шыға келген.
Бұдан шығатын қорытынды, ислам - адамзатқа махаббатпен жақындайтын бір
рухани сезімді қолдайды. Исламның жүректерге жерлестірген мейірім нұрынан
шыққан жауапкершілік сезімі, адамды іс-қимылында, жүріс-тұрысында тамаша
жетістікке жеткізіп, нәтижесінде екі дүниенің бақытын әпереді. Өйткені
ислам - адамзаттың жаны мен нәрі. Исламның шоқтығы биік өрескел жүйесінің
адам баласында туғызған бүкіл сезімдері, шындығында, ең көркем нағыз бір,
адами сезімдер болып табылады. Мінекей бұл мағынада Юныс (Ислам ғұламасы)
осы сезімдерге бой алдырып былай деген:
Келіңдер таныс болалық,
Үсті оңай қылалақ,
Сүйейік, сүйінейік;
Дүние ешкімге қалмайды...!
Бұл мейірім күші ата-бабамызбен мызғымастай дос боп алғандығы
соншалықты, бабамыздың бірі соғыстың бірінде тұтқын болып түскен жаудың
әскер басшысының біріне қарап тұрып: "Неткен залым едің ей мейірім; маған
жауымды да сүйдірдің!"-дейтіндей дәрежеге жеткізген. Қазіргі таңда кейбір
исламнан нәсібі болмаған ғапылдар, исламның еншісіндегі осыншама мейірім
мен рахымның кереметін, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын "террор" сияқты
түсініктермен салыстырып қарауда. Осылайша, күн нұрын балшықпен сылауға
тырысып бағуда. Халыққа белгілі бір дәрежеде үстемдігін жүргізіп, басы-қасы
жоқ әйтеуір бір, беймәлім қиялдан құралған қауіп-қатер туғызып, қорқытып
ұстап отыруы үшін, көбінесе бейкүнә қарапайым адамдарды қолдана отырып,
құрбан етуде. Ал Ислам болса, айыбы анық, кінәліні де кешіріп те, мейірім
құшағымен құшақтауды әмір етуде. Енді қараңыз, жағдай осылай бола тұра,
исламның кінәсіз бейкүнә адамдарды қорқытып-үркітуді дұрыс деп қабылдауы
мүмкін бе?
Ислам, әуел-бастан, әрдайым өзіне құлақ түрген әрбір кісіге, кәпір әлде
мұсылман ба, айырмастан әділет және мейіріммен құшағына баураған. Мал-жан,
немесе табиғатқа қарсы қандайда бір зиян келтіретін іс-амалға үзілді-
кесілді тыйым салады.
Ислам өзі мал-жан аманшылығы, намыспен жан-ұяның аяққа тапталмауы,
рухани байлықтың сарқылмауы, әлеуметтік жүйенің тепе-теңдік сақтауы сияқты,
осы іспеттес, басқада көптеген міндеттерді жүктейді. Бұл жүйенің террорлық
әрекеттермен жақын-алыс еш байланысы жоқ. Осымен қатар террордың ұшқыны
шығады ау деген әртүрлі іс-амалдың түбіне балта шауып жойып жіберетіні
баршаға мәлім.
Муслим бин Харис (р.а) былай деп өңгімелейді: Пайғамбарымыз (с.а.у)
бізді бір топ атты әскермен ғазауатқа жәнелткен еді. Бірақ мен ғазауат
шеңберіне жақын қалғанымызда атыма қамшы баса жолдастарымды артта қалдырып,
бізбен соғысуға даяр тұрған қарсыластарымызды исламға шақырып, олардың иман
келтірулеріне себепші болдым. Осылайша соғыс түтіні түтенбеді. Өкінішке
орай бұл жағдайдың мөнін түсіне алмаған кейбір жолдастарым, менің істеген
әрекетімді ұнатпай:
"- Бізді олжадан құр қалдырдың!"- деп мені айыптады. Кейін
Расулуллаһтың (с.а.у.) қасына барған соң , оған болған мән жайды баяндады.
Әйтсе де, әлемдердің сұлтаны мені шақыртып алып, істеген іс-әрекетімнің
дұрыстығын мақұлдап, арқамнан қағып, былай деді: "- Біліп қой, Аллаһ сен
үшін, ол құтқарған адамдарыңның себебімен мынанша сауап жазған." Сөзін
жалғастыра келе: "Сені, менен кейін елбасына келетін мүминдердің
басшыларына өсиет ететін бір хат жазып қалдырайын!"- деді. Артынша хатты
жаздырып, бетіне мөрді басып маған берді. Ғибрат толы, тағы бір оқиға былай
болатын: Бири Мағун (мағун құдығы) оқиғасында 70 ислам мұғалімнің өлтірілуі
және де, басқа да өлімге душар ету сияқты неше түрлі қастандықтардың
шығуына байланысты хазіреті пайғамбар (с.а.у.) әр тайпаға жіберген
мұғалімдерді қорғау үшін оларға бірер әскер тағайындайтын еді. Бұл
әскерлерге мүғалімдердің өмірлеріне қандай да бір қауіп-қатер төнбегенінше
міндетті түрде қаруын қолдануларына қатаң тыйым салған еді. Бірақ бір күні
бұл оқ қағарлардан Халид бин Уалид тыйым сальшған мөлшердің шегінен шығып,
қылышын қолданып еді. Бұл жөйттан хабардар болған Аллаһ Расулі (с.а.у.)
қатты қайғырып, қыблаға бет бұрып, былайша дұға етті:
"Я, Раббым! Халидтің істеген іс-әрекетінен аулақпын, мүлдем разы
емеспін," - деген, сездерді үш қайтара қайталады. Артын суытпай оқиға
болған маңға хазіреті Алиді жібереді. Сөйтіп тек қана адамдардың ғана емес,
сонымен қатар жан-жануарлардың, онымен де қоймай иттердің де құнын өтейді.
(Рахмет самалы. №3. 2004. 20-23 бет. Осман Нури Топбаш. Ислам адамзаттың
жаны мен нәрі).

1.2 Исламият тәрбиесінің мүмкіндіктері

Исламият тәрбиесі жөнінде мынадай көзқарастар қалыптасқан. Адам
тумасынан адамгершілік қасиетке ие болып тумайтыны белгілі. Адамгершілік
қасиет адамға тәрбие арқылы дариды. Ендеше, адамның жақсы не жаман болып
өсуі тәрбиеге байланысты. Соңдықтан да ата-ана үшін баласын тәрбиелі етіп
өсіру басты міндет. Бірақ бұл мәселе айтуға оңай болғанымен іске асыру өте
қиын. Себебі уақыт, орта, заман адамға өз әсерін тигізуде.
Қазақ халқы соңғы ғасырда тәрбиенің екі түрін басынан еткізді деуге
болады. Біріншісі, қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық тәрбие болса, екіншісі,
төңкерістен кейінгі коммунистік тәрбие. Қазактың ұлттық тәрбиесі ислам
дінінің қағидаларына негізделген имандылық жолы болатын, сондықтан да олар
рухани құндылықты материалдық құндылықтан жоғары қойған. Ал коммунистік
тәрбие атеистік саясат жүргізіп, дінді бас қатыратын апиын деп,
материалдық құндылықты рухани құндылықтан жоғары қойып келді. Соның
кесірінен адамдар құдайға да сенбей қалады да сыйламай өмірдегі басты
мақсат, ішіп-жеп бұл дүниенің рахатын көріп қалу деп ұқты. Мұндай тәрбие
ақыр аяғында имандылық жолдан тайдырып, моральдық азғындыққа алып келді.
XX ғасыр адамзат үшін ғылым мен техниканның дамуы, көптеген ғылыми-
техникалық жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. Бірақ дамуды тек ғылыми
жетістік деп ойлауымыз қате. Шынайы даму бұл қоғамдық өмірдегі
сүйіспеншілік, құрметтілік және мейірімділікпен байланысты. Сондықтан да
тәрбие тек мемлекетімізде емес, бүкіл дүниежүзінде ең басты мәселенің бірі
болып жазылады.
Мен бұл мақалада тәрбиенің қыр-сырын, ислами тәрбиенің ерекшеліктерін
баяндауды мақсат еттім. Негізінде ислам діні кертартпалықты емес, дамуды
мақсат етеді. Шынайы даму имандылықтан басталады. Имандылық тек қана
құдайға сенумен ғана шектелмейді.
Әуелі тәрбие сөзінің анықтамасы мен мақсатына тоқталып өтейік. Араб
тілінде тәрбие сөзі раб, риба сөздерінен шыққан. Бала өсіру, асырау,
көбейту, тәрбиелеу, реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу деген
мағыналарды білдіреді. Раб сөзі тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші
деген мағынадағы Алла тағала есімінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет
кездеседі. Тәрбиені басқару, білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады.
Тәрбиені, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімімен
пікірлерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиені Мұхаммед пайғамбар
тұрғысынан алып қарасақ теблиғ (жеткізу), муршид (дұрыс жолды көрсету)
мағыналарға келеді. Пайғамбардың мен көркем мінезді толықтыру үшін
жіберілдім деп айтуына қарағанда, тәрбие көркем мінезге жетудің нақты жолы
десек болады.
Атақты неміс философы Гегель тәрбиенің мақсатын жақсы азамат өсіру
деген тұжырымға келсе, Джон Дэвид тәрбиенің мақсатын адамдарды
адамгершілікке қол жеткіздіру деп пайымдайды. Атақты тәпсірші Байзауи болса
тәрбиені бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу деп
түсіндірген. Ислам дініиде тәрбиенің мақсатын төмендегідей түсіндіреді.
Бақара сүресі 201-аятында Ей Раббымыз, бізді бұл дүниеде де және ахиретте
де жақсылықтарға бөле және тозақтың азабынан сақтай гөр делінеді. Бұл
аятқа жете мән беретін болсақ, ислам дінінің мақсаты — адамды шын ақиқатқа,
нағыз әділеттікке шын бақыттылыққа апару болып табылады.
Дүниежүзіндегі бүкіл дін адамзат тәрбиесіне қатысты әртүрлі ойлар мен
әдістер қалдырған. Мысалға, үнділерде ең үлкен тәрбие денеге емес, рухқа
бағытталған. Олардың пікірінше, адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға
қауышуы ең үлкен бақыт болып саналады. Олардың бұл әдістері — тек
руханиятпен шектеліп, өмір сүруге маңыз бермеуі, бүкіл адами
қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болатын еді.
Осылайша тәрбие өз мақсатыиа жетпей нәтижесіз қалатын еді. Адамды сендіру
түсінігі әр тайпада әртүрлі сипат алады. Мысалға, римдіктерде қиындыққа
шыдаған батыр кәмілдікті білдірсе, фектерде дене әдемілігі және мінез-құлық
тәрбиенің негізгі мақсаты еді. Яхудилерде қасиеттілігі бар адам
кәмілділікті білдірген. Тәурат балалардың қолынан түспейтін, үнемі
ұстаздарының мінез-құлық дәрістерін балаларға үйрететін кітабы болып,
балаларды бір қолмен жазалап екі қолмен аялау дәстүрі пайда болды.
Ежелгі түріктерде тәрбиенің негізі дін еді. Олардың алғашқы діні будда
діні болган. Бұл діннің негізгі дәстүрлері әр уақыт қасиеттілікті жасырып,
қателіктерін жариялау сипатта өмір сүру еді. Адамдарды жақсы көру,
басқалардың сенімін мазақтап қорламау еді. Сондықтан да олар қонақсүйгіш
барлыққа бірдей құрметте болатын еді.
Иранның ежелгі діні зердушт діні болған. Тәрбие дәстүрлері де сол дінге
негізделген. Жақсылық құдайы Хурмуз, жамандық құдайы Ахирман деп аталған.
Олар құдайларына жету үшін Ахирманнан құтылу жолын іздестірген.
Европа мен Азия терең қараңғылыққа батқан кезде ислам мәдениеті
жарқыраған күн сияқты дүниеге келді. Құран Кәрим адамдарға тәрбие
негіздерін Мұхаммед пайғамбар халисімен баяндады. Осылайша исламда тәрбие
ислам дінінің негізін құрады. Жалғыз жаратушысына ықыласпен құлшылық
жаратылысқа Алла үшін қызмет ету бұл діннің негізгі ерекшелігі болды.
Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке
тәрбие. Жеке тәрбие бұл Алла тағала тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдарға
үйретілген сенімдер, әдемі іс-әрекеттермен жүзеге асады. Пайғамбарлар
дәрігер іспетті адамдардың сырқатын айта отырып, жақсылықтар, игіліктер
арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса әлемнің ең кішкентай бөлшегінен
бастап, ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің қолымен тәрбиеленіп
жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса, жеке тәрбиеде қалау
мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы құранда ясин сүресінің ең соңғы
аяттарында былай делінеді. Егер ол бір нәрсені қаласа, бол дейді, сол
сәтте болады. Бүкіл нәрсе онын қол астында. Өмірді де өлімді де жаратқан
сол. Ешбір нәрсе оның бақылауының сыртында қалмайды. Бірақ пайғамбарлар
арқылы болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар.
Ислам тәрбиесінің қайнар бұлағы құран және хадис болып табылады. Құран
мұсылмандардың қасиетті кітабы, шариғаттың негізі, адамзаттың тәрбиешісі.
Құранның басты мақсаты адам болмысынын жан-тәнін кірден арылтып, рухына
ғайыптық қанат тағып, жаннатқа лайық ету. Негізінде құраннан тәлім-тәрбие
алған адам рухының бұл дүниесі де жаннатқа ұқсас. Шығыс және батыс
зерттеушілері құранды дүниежүзілік мәдениетге кездеспейтін туынды деп
есептейді. Мұхаммед пайғамбарға жиырма үш жыл бойы түскен құранды сахабалар
жаттап өзінен кейінгі ұрпақтарға жеткізген. Құран адамдарды татулыққа,
ізгілікке, теңдікке шақырады. Ислам адамдарды жақсылыққа шақырып,
жамандықтарға тыйым салады. Құран адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем
мінез, рухани және мағынауи пәктікті, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруді
әмір етеді.
Баршамызға мәлім кәміл адам өзінің білімділігімен танылады. Коммунистік
тәрбие кезінде, білімді кісі тек дінсіз болу керек, өйткені, адамның білімі
артқан сайын діннің бос екендігін түсінеді деп ойлады. Алайда, ислам
мұсылмандарды дамуға, білім алуға әмір етеді. Өйткені, жеке адам және қоғам
біліммен кәмілдікке жетеді. Адамдарды ғылымға тарту мақсатында Зүмәр
сүресінің 9-аятында былай делінеді: Білетіндер мен білмейтіндер еш уақытта
бір бола ма? Шындығында ақыл иелері ғана насихат алады. Исламда адам
ақылының дамуына қатты көңіл бөлінеді. Исламның жан-жақты ғылымға, ақылға
сүйенетін дін екендігі айқын көрінеді. Шын мәнінде де Құран ешбір нәрсені
дәлелсіз қабылдамау керектігін айтады. Еліктеу арқылы сенуге жол бермейді.
Бұған Құрандағы 250 жерде Ақылдарынды қолданбайтындар ма, ойланбайсыңдар
ма? деген аяттар дәлел болады. Ислам ғалымдары Аллаға сенуді екіге бөліп
қарастырған. Тахқиқи иман және тақлиди иман. Тахқиқи иман дегеніміз, әрбір
нәрсенің ақиқатын толық үйреніп, оның дұрыстығын таңдау және оған сену.
Құранда Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесесіндер.
Міне, солар Алла өздерін тура ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Ғұламаның Оян, казақ
ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ФОРМАЛАРЫ жайлы
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Түркістанның ислам әлеміндегі ерекше орны
Модулдік тәрбиелік технологиялар
Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі
Жалпы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үрдісінде ендіру арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Пәндер