Бұлшық еттер туралы ілім – Myologia



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... . 3
ІІ. Негізгі бөлімі ... ... ... ... 4
а) Бұлшық еттер туралы ілім . Myologia ... ... . 4
ә)Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6
б) Бұлшықет . мүше ретінде ... ... ... .7
в) Бұлшық еттердің жіктелуі ... ... ... ... .. 8
г) Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері ... ... .. 9
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... . 11
Миология (myologia, грек, mys — ет, logos — ілім) - жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім. Бұлшық еттер жануарлар организмдерінің кеңістіктегі орын ауыстыру немесе дене мүшелерінің салыстырмалы қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Бұлшықеттер: қаңқа бұлшықеттері, ішкі бұлшықеттер және жүрек бұлшықеттері болып бөлінеді, ішкі бұлшықеттер (висцеральды бұлшықеттер) ішкі мүшелердің және қан, лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды түзеді.
Біздің организміміздің енжар бөлігі – қаңқаны бұлшық еттер қимыл – қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек – қимыл жүйесінің белсенді бөлігін құрайды. Олар біздің денемізді тік бағытқа ұстайды және денеміздің әр түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды. Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының қозғалуын, жұтуды; қабырғааралық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын т.б. қамтамасыз етеді.
Қаңқа бұлшық еттері тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлімі болып саналады. Олардың жұмысы жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақты ет тінінен түзіліп, жануарлардың еркіне қарай қимыл жасайды. Бұлшық еттерінің пішіні мен көлемі және талшықтарының бағыты оның атқаратын жұмысына байланысты. Пішіні ұршық тәрізді, жалпақ, дөңгелек, бір қауырсынды, екі қауырсынды, көп қауырсынды, екі басты, үш басты және төрт басты болады. Атқаратын қызметіне қарай бұлшық еттер мынадай болады: бүгу (бүккіш) – m.flexor, жазу (жазғыш) - m.extensor, әкету (әкеткіш) немесе алыстату (алыстатқыш)- m.abductor,әкелу (әкелгіш) немесе жақындату (жақындатқыш) – m. adductor, айналдыру (айналдырғыш) – m. pronator, сыртқа айналдыру - m. supinator, кеңейту (кеңейткіш)– m. dilatator, керу (кергіш) – m. tensor, түсіру (түсіргіш) – m. depressor, көтеру (көтергіш) – m. levator, тарту (тартқыш) – m. retractor, қысу (қысқыш) – m. sphincter.
Бұлшық еттер жіңішкеріп, сіңір болып кетеді де, сүйекке немесе теріге, сіңірге, бұлшық етке, шеміршекке бекиді.
1. К. Жаңабеков, Г. К. Жаңабекова. Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы: Оқулық. – Алматы: Сөздік – Словарь, 2006.
2. Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4
3. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
4. Referatkaz.kz
5. Kursik.kz
6. u-s.kz
7. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген / М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл. ISBN 9965-34-927-4
8. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
9. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

Экология және биотехнология бөлімі

Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Бұлшық еттер туралы ілім - Myologia

Орындаған: ВТ-921 топ оқушысы
Какимов З. Ж.
Тексерген: арнайы пән оқытушысы
Каримова Э. К.

Орал-2014
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ. Негізгі бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
а) Бұлшық еттер туралы ілім - Myologia ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
ә) Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... 5-6
б) Бұлшықет - мүше ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
в) Бұлшық еттердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
г) Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11

Кіріспе
Миология (myologia, грек, mys -- ет, logos -- ілім) - жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім. Бұлшық еттер жануарлар организмдерінің кеңістіктегі орын ауыстыру немесе дене мүшелерінің салыстырмалы қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Бұлшықеттер: қаңқа бұлшықеттері, ішкі бұлшықеттер және жүрек бұлшықеттері болып бөлінеді, ішкі бұлшықеттер (висцеральды бұлшықеттер) ішкі мүшелердің және қан, лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды түзеді.
Біздің организміміздің енжар бөлігі - қаңқаны бұлшық еттер қимыл - қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек - қимыл жүйесінің белсенді бөлігін құрайды. Олар біздің денемізді тік бағытқа ұстайды және денеміздің әр түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды. Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының қозғалуын, жұтуды; қабырғааралық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын т.б. қамтамасыз етеді.
Қаңқа бұлшық еттері тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлімі болып саналады. Олардың жұмысы жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақты ет тінінен түзіліп, жануарлардың еркіне қарай қимыл жасайды. Бұлшық еттерінің пішіні мен көлемі және талшықтарының бағыты оның атқаратын жұмысына байланысты. Пішіні ұршық тәрізді, жалпақ, дөңгелек, бір қауырсынды, екі қауырсынды, көп қауырсынды, екі басты, үш басты және төрт басты болады. Атқаратын қызметіне қарай бұлшық еттер мынадай болады: бүгу (бүккіш) - m. flexor, жазу (жазғыш) - m. extensor, әкету (әкеткіш) немесе алыстату (алыстатқыш) - m. abductor, әкелу (әкелгіш) немесе жақындату (жақындатқыш) - m. adductor, айналдыру (айналдырғыш) - m. pronator, сыртқа айналдыру - m. supinator, кеңейту (кеңейткіш) - m. dilatator, керу (кергіш) - m. tensor, түсіру (түсіргіш) - m. depressor, көтеру (көтергіш) - m. levator, тарту (тартқыш) - m. retractor, қысу (қысқыш) - m. sphincter.
Бұлшық еттер жіңішкеріп, сіңір болып кетеді де, сүйекке немесе теріге, сіңірге, бұлшық етке, шеміршекке бекиді.

3
Негізгі бөлімі
Бұлшық еттер туралы ілім - Myologia
Миология (myologia, грек, mys -- ет, logos -- ілім) -- адам мен жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім. Бұлшық еттер адам мен жануарлар организмдерінің кеңістіктегі орын ауыстыру немесе дене мүшелерінің салыстырмалы қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асырады.
Бұлшықеттер: қаңқа бұлшықеттері, ішкі бұлшықеттер және жүрек бұлшықеттері болып бөлінеді. ішкі бұлшықеттер (висцеральды бұлшықеттер) ішкі мүшелердің және қан, лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды түзеді. Бұлар мезенхимадан дамып жетіледі.
Миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады және еріксіз жиырылады. Жүрек бүлшықеттері жүректің ортаңғы етті қабығы -- миокардты құрайды. Миокард мезодермадан дамып жетіледі, кардиомиоциттерден тұрады, еріксіз жиырылады. Қаңқа бүлшықеттері қаңқа сүйектеріне бекіп, оларда орналасып, қаңқа сүйектерімен бірге тірек-қимыл аппаратын құрайды. Қаңқа бұлшықетері ерікті жиырылады, бұлшықет талшықтарынан (миосимпласттардан) тұрады, мезодерманың миотомынан дамып жетіледі. Қаңқа бұлшықеттері: біліктік және шеткі қаңқа бұлшықеттері болып екі топқа бөлінеді. Біліктік қаңқа бұлшықеттері өз кезегінде: бас, түлға, құйрық еттері болып үш топқа бөлінеді. Бас бұлшықеттерін: бет (ымдау) және шайнау бұлшықеттері құрайды. Тұлға бұлшықеттері:
1. Алдыңғы аяқты тұлғаға бекітетін бұлшықеттер,
2. Көкірек керегесінің бұлшықеттері,
3. Құрсақ қабырғасының бұлшықеттері,
4. Омыртқа бағанының бұлшықеттері болып бөлінеді.

4
Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы
Маңызы: 1- бүгу; 2 - жазу; 3 - әкету; 4 - әкелу; 5 - айналдыру; 6 - ішке айналдыру; 7 - сыртқа айналдыру; 8 - кеңейту; 9 - керу; 10 - түсіру; 11 - көтеру; 12 - тарту; 13 - қысу арқылы жануардың денесің қимылға келтіреді.
Бұлшықеттер жануарлар ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі.
Бұлшық еттің қатысуымен жануарлар кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады.
Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу өсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішінін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.
Құрылысы: 1 - бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 - оттегімен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықет талшықтары; 6 - май басып, нашар дамыған бұлшықеттер.
Бұлшықеттер - бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. (Бұлшықет ұлпасын естеріңе түсіріңдер.) Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды .
Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі. Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғайсалалы, көлденеңжолақты (қанқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғайсалалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, қуық, т.б.) астарлап жатады.
Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін өзгертеді. Олардың жиылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.
Көлденеңжолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көл-денеңінен жолақтанып жатады. Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше онда-ған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары - миофибриллалар (грекше тіо- бұлшықет, латынша fibrilla - талшық) миозин және актин нәруыздарынан тұрады.
Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз.
Миофибриллдар (миоциттер) бұлшықеттердің ең кіттті құрылымдық және қызметтік бірлігі.
5
Көлденеңжолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар будасының
миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин нәруызынан тұратын жуан талшықтардың будалары жарық микроскопынан күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке жіпшелерінің будала-рынан түзіледі.
Жүректің көлденеңжолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан көлденеңжолақты болса, қызметі бірыңғайсалалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның ер-кінен тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам дене-сінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар деп есептейді.

6
Бұлшықет - мүше ретінде
Бұлшықет көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бір-біріне параллелді жүретін бұл талшықтар борпылдақ дәнекер тін (endomysium) аркылы бірінші ретті шоғырға байланысады. Осындай бірнеше бірінiі шоғырлар бірігіп, екінші ретті шоғыр, және т.с.с. түзеді. Жалпы барлық ретті бұлшыкет шоғырлары бұлшықет қарыншасын түзе, дәнекертінді қабықпен -- perimysium бірігеді. Бұлшыкет будалары арасындағы, бұлшыкет қарыншасы ұштарындағы дәнекер тінді қабатшалар бұлшықетінің сіңір бөлігіне айналады.
Бұлшыкет орталық нерв жүйесінен келетін импульстардың әсерінен жиырылатындықтан, әрбір бұлшықет онымен нервтер арқылы байланысқан: бұлшықет сезімінің өткізгіші (И. П. Павлов бойынша, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқтың бұлшық еттері
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Адам анатомиясы пәнін заманға сай оқыту үшін электрондық оқулық құрастыру
Бұлшық еттер туралы ілім.Тұлға,құрсақ және арқа бұлшық еттері
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Латын тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикасы
Көкірек клеткасының бұлшық еттері
Адам қаңқасының құрылысы
АДАМ АНАТОМИЯСЫ пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Адамның және жануарлардың тірек қимыл аппаратының ерекше қасиеттері. Тұлға сүйектері
Пәндер