Қазіргі таңдағы аудармашының алатын орны мен қызметі


Батыс Қазақстан инноватциялық технологиялық университеті
“ Шет тілі және аударма ісі кафедрасы ”
Тақырыбы: “ Қазіргі таңдағы аудармашының алатын орны мен қызметі ”
Орындаған:
Тексерген:
Орал - 2015ж
Жоспар
I. Кіріспе . . . 3
1. 1) Аудармашылардың кәсіби одақтары . . . 4-5
1. 2) Аудармашылық білім беру мекемелері . . . 6-11
II. Қорытынды . . . 12
III. Қолданылған әдебиеттер . . . 13
I. Кіріспе
Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің ситуациялық жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділік болғандықтан аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға болады деген сұрақтар тұрды. Көптілділіктің биологиялық негізі жоқ. Ал барлық адамдар бір биологиялық түрге жатады. Барлық адамдардың милары бірдей орналасқан, тіс, омыртқа сүиектері, тамақ қорытатын ішкі ағза органдары да бірдей. Адамдардың бәрі оттегі дем алады, ол жоқ болса өліп қалады. Адамға тән осы анотомиялық және физиологиялық жағдайларды ескере отырып, адамдардың тек бір ғана тілде сөйлеуі керек қой деп ойлайсың. Шындығында адамдар тегі жағынан бірнеше топқа бөлінеді, терісінің түсі, көлемі, сүйек құрылысына қарай, қан құрамына тағы да басқа ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Осы жағдайды ескере отырып, әлемде тек 5-6 ғана тіл болуы тиісті, бірнеше тіларалық диалектілер ғана өмір сүруге тиісті сияқты. Ал шындығында жағдай мүлдем басқаша. Бүгінгі таңда санақ бойынша әлемде 5 мыңға жуық тіл бар. Тілдердің нақты саның дәл атау мүмкіндігі болмай тұр, өйткені өз бетінше дамыған тілдер бар, сол тілдермен қатар жүрген диалектілер бар. Мұндай көптілділік, әрине, мұқият зерттеуді керек ететіні анық.
3
1. 1) Аудармашылардың кәсіби одақтары
Дүние жүзінің аудармашылары кәсіби құқықтарын қорғау, имиджін бекіту, кәсіби ақпарат алмасу, кәсіби тәжірибе алмасу, еңбек нарығына қатысып, реттеу үшін кәсіби одақтарға, оғамдастықтарға және ұжымдарға бірікті. Халықаралық аса белгілі аудармашылар ұжымдарының арасынан мыналарды атауға болады: FIT (Federation Internationale des Traducteurs) - Халықаралық аудармашылар федерациясы (ХАФ) ; AIIC (Association Internationale de Conference) - Халықаралық ауызша конференц - аудармашылар қоғамдастығы, CEATL (Conseil Europeen des Association de Traducteurs) - Еуропалық әдебиет аудармашылар қоғамдастығы және басқалары. Аудармашылар одақтары әр елде бар. Мысалы, АҚШ-та бұл АТА - Американ аудармашылар қоғамдастығы, Германияда - BDÜ ауызша және жазбаша аудармашылардың федералды одағы, VdÜ - көркем және ғылыми әдебиеттер аудармашылардың федералды одағы және басқалары. Бұл ұжымдардың көбі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аудармашылық кәсіби мәртебені алғаннан соң пайда болды.
Ресей аудармашылар одағы 1991 жылы құрылды және 1993жылы ХАФ (FIT) -қа толық қанды мүше болып кірді. 1992 жылы халықаралық ғылыми қоғам, аударматануды өз алдына ғылыми пән ретінде позициясын бекіту үшін - Еуропалық аударматану қоғамы құрылды.
Соғыстан кейін кезеңде аудармаға қатысты арнайы ағымдағы баспа басылымдар пайда бола бастады. Халықаралық басылымдар арасынан 1955 жылы шыға бастаған “Babel” (Вавилон) журналын, материалдарды ағылшын, неміс, француз және испан тілдерінде басатын жыл сайын шығатын “TEXTconTEXT. Translation - Theorie-Didaktik-Praxis” 1986 жылы ұйымдастырылды. 1990 жылы шыға бастаған Австрияның “Ü wie Übersetzen” көркем және ғылыми әдебиеттер аудармашылар қоғамының ұлттық аудармашылар ұйымдарының журналдарын атауға болады. Ресейде қазіргі кезде аудармаға арналған басылымдар шығармайды. Бірақ көптеген аударма мамандары көркем аударма мәселелеріне арналған 1960-1970 жылдары шыққан жыл сайынғы “Мастерство перевода” басылымын еске алады. 1970-1980 жылдар шығып тұрған Л. С. Бархударовтың редакциясымен “Тетради переводчика” жинағы, онда талқыланатын мәселелер диапазоны көркем аударма, техникалық аударма, аударма практикасы кең түрде қаралды. Халықаралық аудармашылар ұжымдарының қаражаты мен жеке адамдардың Еуропалық біріккен ұжымдар, әр елдің министірліктер дотацияларын алып аудармашылардың істерін қолдайтын өзіндік аудармашылар шығармашылық үйлер жүйесі қызмет етеді. Аса әйгілі шығармашылық Үйлер: Арлда (Франция), Штралендте (Германия),
4
Просидте (Италия), Висбиде (Швеция) атауға болады. Бұнда аудармашылар кез келген көркем әдеби шығармаларды не жоспарлы техникалық аударма жасау үшін компьютер, анықтама материалдарын, әріптестерімен кеңесу, яғни бар керектіні алады. Аударманың құқықтық және қоғамдық мәртебесін, 1991 жылы ХАФ (FIT) Дүниежүзілік аударма күнін бекіту - куә болып табылады. Бұл байырғы еврей тіліне аударған белгілі жазушы, тарихшы және аудармашы киелі Иеронимның өлген күні 30 қыркүйекке 420 жылы дәлме-дәл келеді. Сонымен қоғамдық және одақ ұжымдары, шығармашылық үйлер, күнделікті басылымдар, сол сияқты аударма теориясы мен практикасына арналған үнемі әр елде өткізілетін конференциялар, симпозиумдар мен семинарлар аудармашының сенімді құқықтық мәртебесін қамтамасыз ететін күшті эшелон болып табылады
5
1. 2) Аудармашылық білім беру мекемелері
Cоңғы кездері аудармашылар қызметі үлкен қажеттілікті тудырады. Неміс зерттеушілерінің пайымдауынша, тек Германия мемлекетінде соңғы жылдары бұл қажеттілік жылына 14 %-ға дейін жетті. Мысалы, Германияның халық ауыл шарушылығы сұраған жазбаша аудармалардың саны жылына 30 млн парақтарды құрайды. Осындай жағдайларды біз басқа мемлекеттерде де байқай аламыз.
XX ғасырдың аяғы-XXI ғасыр басындағы аудармашылық білімге деген шынайы серпіліс, аудармаға деген жоғары сұраныс пен аудармашы мамандығының қоғамдық мәртебесін нығайтумен түсіндіріледі. Әлемнің түрлі мемлекеттері қаншалықты тырысқанымен, XX ғасырға дейін аудармашыларға білім беру жүйелі сипатқа ие болған емес. Монах-аудармашыларға білім берген әйгілі монастыр мектептерін еске салсақ; мысалы, X-XI ғасырларда ең танымал монастыр мектептерінің бірі Сан-Галлен монастырьдің тұсындағы Швейцариядағы Ноткер мектебі болды, әйтсе де XII-XIII ғасырлардағы Толедо қаласындағы монастыр мектебі де танымал болды. Аудармашыларға тәрбие беретін мамандандырылған мекемелер, Еуропа мен басқа да континенттерде тек XX ғасырда пайда болды. Осындай мекемелер арасындағы ең біріншісі, 1921 жылы Шетел Істер Министрлігі тұсында Германияда ашылған ауызша аудармашыларға арналған арнайы курстар болып табылады. Олардан кейін университет базасындағы академиялық дәрежедегі «Жоғары мектептер» Гейдельберг (1935), Женева (1941), Вена (1943) және Париж (1957) қалаларында пайда болды. 1930 жылдары пайда болған Морис Тореза атындағы Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық шетел тілдерінің институты (қазіргі уақыттағы Мәскеу Мемлекеттік лингвистикалық институты), өзінің өмір сүруінің алғаш жылдарынан аудармашы мамандығына ие болған еді.
Қазіргі кезде түрлі мемлекеттерде өзіне мемлекеттік университеттер, мемлекеттік және жекеменшік аудармашылық университеттер, училище мен курстарды енгізетін тармақты аудармашылық білім желілері бар. Осы мүмкіншіліктер мен бірнеше мемлекеттердің мысалындағы білім беру ерекшеліктерімен танысайық. Алдын ала белгілеп қояйық, 1964 жылдан бастап CIUTI (Conference Internationale Permanente d’Instituts Universitaires pour la formation de Traducteurs et d’Tnterpretes) аудармашылық мекемелердің деңгейлерін бағалауда сарапшылық кеңес беретін, жоғары білім беретін аудармашы мекемелердің халықаралық бірлестігі пайда болды. CIUTI-ге кіретін жоғары оқу орындары аса беделді болып табылады. Төменгі толық емес шолуда, біз тек қана аудармаға оқытатын кейбір жетекші оқу орындарымен танысамыз. Біздің
6
мақсатымыз, олардың мамандығын және дидактикалық мүмкіншіліктерінің ауқымын қысқаша суреттеу.
Австрия. Аудармашыларды оқыту үш университетте жүзеге асырылады: Вена, Грац және Инсбрукте. CIUTI мүшесі ретінде тек қана Вена университеті болып келеді. Қазіргі кезде Вена университетінің тұсында жазбаша және ауызша аудармашыларды дайындайтын институт бар. Оқыту екі кезеңнен тұрады: даярлық (4 семестр) және негізгі (4 семестр) . Бірінші кезеңнің өзінде студенттер не жазбаша не ауызша аудармада маманданады. Даярлық кезеңде келесі дәрістер оқытылады: «Аудармашы мамандығына кіріспе», «Тіл біліміне кіріспе», «Экономика мен құқық негіздері», «Халықаралық мекемелер», «Елтану»; сөйлеу техникасы, аудармашылық өсиет (ауызша аудармашыларға арналған), терминологиямен жұмыс істеу теориясы мен практикасы (жазбаша аудармашыларға арналған) бойынша семинарлар өткізіледі, 2 шетел тіліне қатысты білім деңгейі жақсарады. Негізгі кезеңде теориялық сабақтардың маңызды үлесін аударма теориясы бойынша дәріс пен семинарлар, жазбаша аудармашылардың әдеби аудармасы, ауызша аудармашылардың дәйекті және синхрондық аудармалары құрайды. Оқудың аяғында, студенттер аударма теориясы, лингвистика, аударма сыны пәндері бойынша дипломдық жұмыстарды қорғайды. Оқу барысы бойынша практика (аудармашы қызметі), кем дегенде, 4 айдан тұруы керек.
Германия . Аудармашы мамандығын сегіз мемлекеттік университеттердің бірінен (Гейдельберг, Майнц, Саарбрюкен - CIUTI мүшелері; Берлин, Лейпциг, Дюссельдорф, Хильдесхайм, Бонн) ; үш мамандандырылған жоғары оқу мектептерінен (Кельн, Фленсбург, Магдебург), сонымен қатар жекеменшік ұйымдар мен курстардан алуға болады. Австрия сияқты, білім беру даярлық (4 семестр) және негізгі (4-5 семестр) кезеңдерден тұрады. Бірақ шындығында студенттер 5-6 жыл оқиды, бұл рұқсат етіледі, өйткені олардың сабақ кестесі өте қауырт болып келеді. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында оқыту шарттары анағұрлым қатал болып келеді: оқу мерзімі 8 семестрді құрайды, ал басқа қосымша пәндер міндетті болып келеді. Әдетте ауызша немесе жазбаша аударма бойынша мамандану даярлық кезеңнің соңғы белесіне келеді. Барлық аталған университеттерде келесі пәндер жүргізіледі: тілдің теориясы мен практикасы, елтану, екі шетел тілдері, ана тілі (стилистика, ауызша сөйлеу дағдылары), ауызша дәйекті және синхрондық аудармалар, жазбаша аударма (1-ші этапта жалпы, ал 2-ші этапта музыкалықтан бастап философиялыққа жететін мамандырылған болып келеді), әдетте студенттің өзімен таңдалатын небір қосымша пән. Бірақ та қосымша пәндер жөнінде, университеттер бойынша
7
бойынша мамандандыру жүргізіледі (Гейдельбергте- құқық пен экономика, Майнцте- техника мен медицина және т. с. с. ) . Практика ұсынылады, бірақ тек Фленсбургте (1 жыл Англияда) міндетті болып келеді. Соңғы жылдар бет алысына байланысты, Гейдельберг, Дюссельдорф, Хильдесхайм және Лейпцигте шетел тілге аударуды оқытудың үлкен көлемінен бас тартылды. Әдеби аударма жасау тек Дюссельдорф бағдарламасына кіреді. Коммуналды аудармада Магдебург студенттері мамандандырылады. Бонн университетінде, аудару тілдері ретінде шығыс және еуропалық тілдердің үйлесуін таңдауға болады. Бітіру емтихандары 5 компоненттерден тұрады, олардың ішіне дипломдық жұмысты қорғау да кіреді. Жекеменшік жоғары оқу орындарының арасында, жалпы алғанда 3 жылға созылатын кешкі білім беру сияқты аудармашылық оқытудың түрлі тәсілдемелерін өзіне енгізген, Мюнхендегі шетел тілдері мен аударма Институты ең танымал болып келеді.
Франция. Осы мемлекетте дүние жүзі бойынша танымал жоғары оқу орны ESIT (Ecole Supereure d’Tnterpretes et Traducteurs) болып табылады. Бұл Сорбонна тұсындағы ауызша және жазбаша аудармашыларды оқытатын жоғары мектеп. Осы Мемлекеттік оқу орнына түсу үшін, арнайы түсу емтихандары бар. Оқу 3 жылға дейін созылады және конкурстық сынақтар арқылы тексерілетін, 2 шетел тілдері бойынша өте жақсы дайындықты жорамалдайды. Ауызша және жазбаша аудармаларды оқыту басынан бастап күрт шектелген болып келеді. Теориялық пәндер көп емес: лингвистикаға кіріспе (оқудың бірінші жылы), аударма теориясына кіріспе (көбінесе дискурс анализі - екінші жыл) . Практикалық аударма оқытудың бірінші жылынан бастау алады. Жазбаша аудармашылар бөлімінде, бұл тек орыс тіліне бағытталған аудармалар; ауызша аудармашылар Д. Селескович әдістемесі («Мағына теориясы») бойынша оқытылады, сондықтан да І курста студенттер аудармай, негізінен мәтіндерді өз сөздерімен айтып жүреді. ІІ курста жазбаша аудармашылар арнайы мәтіндерді (экономика, техника) аудара бастайды, ал ауызша аудармашылар дәйекті аударады, аудармашылық шапшаң жазуды меңгеріп, синхрондық түрде аудара бастайды. Жазбаша аудармашылардың үшінші жылы күрделіленген материал бойынша стильді жетілдіруге арналады, ал ауызша аудармашылар өз алдына 2 шетел тілдерінен конференция аудару дағдыларын жетілдіру мақсатын қояды. Экономика және құқық сияқты қосымша пәндер міндетті болып келеді. Шетел сынақ істері оқыту барысында іске асырылмайды.
Сонымен қатар аудармашы мамандығын Аудармашылардың жоғары институтынан (Париж), Шығыс тілдерінің халық институтынан (Париж) және Лилла, Тулуза және Страсбург оқу орындарынан алуға болады.
8
Олардың әрқайсысында студент билингвизм деңгейінде 1-2 тілдердің бастапқы біліміне ие болуы керек, ол 1-2 жылға дейін созылады.
Швейцария. Осы мемлекетте аудармаға университеттен тыс үйрену маңызды роль атқарады. Тек Женеваның Жоғары аударма мектебі университет құрамына кіріп, CIUTI мүшесі болып келеді. Осында оқыту 4 жылға дейін созылады. Айнымайтын аудармашылық білім беру оқытудың тек үшінші жылында басталады. Жазбаша аудармаға қарағанда, ауызша аударманы оқыту шектелген болып келеді. Студенттер 2 шетел тілдерін меңгеріп, олардың әрқайсысынан бір сесместрге созылатын шетелдік практикадан өтуі жөн. Теориялық пәндердің құрамына лингвистика және мәтін лингвистикасы (І курс), аударма теориясы (ІІІ-ІV курс) жатады. Құқық және экономика пәндері міндетті болып келеді. Жекеменшік мектептер арасында Сан- Галлен және Цюрихтегі мектептер өте әйгілі болып табылады.
Бельгия. 5 мектептердің барлығы Брюссель қаласында орналасқан. Тек қана ана тілге аудару тенденциясы байқалады.
Ұлыбритания. Ауызша және жазбаша аудармаға оқыту Англияның 5 университеттерінің арнайы магистрлік курстарында жүзеге асырылады: Вестминстер, Бат, Салфорд, Брадфорд, Хэрриотт-Уотт университеттері. 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап, Лидс университеті ауызша аударма бойынша өзіндік магистрлік бағдарламасын ашты. Бат, Хэрриотт-Уотт және Брадфорд университеттері CIUTI мүшелері болып табылады. Францияға ұқсас жағдай, курстарға кірудің алдын- ала шарты жақсы тілдік дайындық болып келеді. Әдетте оның дәлелдемесі ретінде шетел тілдері (филология) бойынша бакалавр дәрежесіне шыға алады. Ерекше жағдайларда, түсу емтихандарға балалық шағынан билингвистік дағдыға ие және тілдік тәжірибесі бар студенттер, сонымен қатар басқа білім салаларындағы жоғары оқу біліміне ие студенттер қатыса алады. Түсу емтихандары сынақтың 7 түрлерінен тұрады. Қазіргі беталысқа байланысты, білім беру негізінен шет тілінен ана тілге аудару арқылы жүзеге асырылады. Оқыту 1 жылға созылып, 3 триместрді қамтиді. Бірінші және екінші триместр шеңберінде, оқытудың 5-6 модульдері мүмкін болады, осыған сәйкес оқыту не ауызша, не жазбаша аудармаға мамандырылады. Синхрондық аударма мен аударма теориясына үйрету екінші триместрден басталады. Бірінші триместрдің соңғы айынан бастап, оқушылар екі аптада бір рет типтік тақырыптар бойынша конференция-аудармашылар ретінде тренингтен өтеді. Сәуір айындағы пасхалық демалыс барысында өтілгендер міндетті түрде 2-4 аптаға созылатын халықаралық немесе еуропалық мекемелерде (БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы ООН, БҰҰ-ның
9
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz