Су түбі жылымдарымен балық аулау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...3
1. Өнеркәсіптік балық аулау құралдары және тәсілдері ... ... ... ... ... ... .4
2. Балықтардың мінез.қылық және таралу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..5
3. Өндірістік су қоймаларындағы сыртқы орта жағдайының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... .6
4. Ау торын тоқу және тор тоқуға арналған құралдар ... ... ... ... ... ... ... .7
5. Аулау құралының жалпы сипаттамасы ... ... ... ...9
5.1. Аулау құралының құрылымы ... ... ... ... ... ... ...9
5.2. Аулау құралымен балық аулау технологиясы...11
6. Балық аулау ережесі ... ... ... ... ... ... .14
7. Балық аулау түрлерінің анықтамасы ... ... ... ... 18
8. БҚО су қоймаларынан соңғы жылдардағы балық аулану деңгейі ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... .21
Қосымшалар ... ... ... ... .22
Менің курстық жұмысымның тақырыбы су түбі жылымдарымен балық аулау. Курстық жұмысты орындаудың мақсаты су түбі жылымдарымен балық аулау технологиясын, ауланатын балық түрлерін, аулардың құрылысын, құрал-жабдықтарын зерттеу болып табылады.
Су түбі жылымдарының аулары қысқа қанатты торлы қапшықтардан тұрады. Үлкен су телімдерін қамту үшін оларды ұзын ауыздықты баулармен жабдықтайды. Кемемен ауларды тарту немесе буксирлеуде жылымдардың ауыздықтары үлкен су телімдерін қамтиды. Ауыздықтар сутүбіндегі лай жолақтарды құрайды, сөйтіп балықтарды жылымның аулау аймағына жинайды. Су түбі жылымдарының құрылымы және техникасы бойынша тастама жылымдармен және тралдармен аулауға жақын келеді.
Су түбі жылымдарымен балық аулау көлдерде, су қоймаларында және жағалауларда жүргізіледі, сонымен қатар теңіз маңындағы аудандардағы 120 – 150 м тереңдіктегі сутүбіндегі балықтар ауланады. Су түбі жылымдарымен негізінен Ресейдің Қиыр Шығысындағы минтай, камбала, терпуга, трескалар және Азов теңізінде бұзаубас балықтарын аулау үшін қолданылады. Су түбі жылымдары ішкі суларда Ресейдің солтүстік батысында кең қолданылады. Су түбі жылымдарымен Жапонияда, Данияда, Норвегияда, Англияда минтай, камбала, треска, пикша, скат, теңіз алабұғасын аулайды.
Су түбі жылымдарымен қуаты аз кемеден сиретілген балықтарды аулауға болады және осы жағдайда тралдармен аулауға қарағанда өте ыңғайлы келеді. Сутүбі жылымдарымен балық аулаудың жқмысы қиын, аулау тереңдігіне және балықтардың қозғалу дәрежесіне, толқындар режіміне қойылатын қатаң талаптарға орай оның қолданылуы шектеулі болады. Сонымен қатар, сутүбі жылымдарын жие қолдану ондағы биоценозды бүлдіреді, әсіресе ішкі сулардағы сутүбін ластайды және сондықтанда оның қолданылуына шектеу қойылады.
1. Берг, Л.С. Рыбы пресных вод СССР и сопредельных стран / Л.С.Берг. - М. - Л. : - Изд. АН СССР, 1948. – 466 с.
2. Никольский, Г.В. Частная ихтиология / Г.В.Никольский. - М., Высшая школа, 1971. – 470 с.
3. Привезенцев, Ю.А. Рыбоводство / Ю.А.Привезенцев, В.А. Власов. - М. : Мир, 2004. - 456 с.
4. Пономарев, С.В. Индустриальное рыбоводство : курс лекций для студентов 4-курса спец. Водные биоресурсы / С.В.Пономарев, Ю.Н.Грозеску. – Астрахань. – Изд-во АГТУ, 2003. – 220 с.
5. Рыбные богатства Казахстана : учебник для вузов / Куленов К.К., и др. ; под ред. К.К.Куленова. - А. : Казахское государственное издательство, 1963. – 256 с.
6. Таиров, М.Т. Рыбоводство и рыболовство (справочное пособие) / М.Т.Таиров. – А. : Кайнар, 1985. – 344 с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: СУ ТҮБІ ЖЫЛЫМДАРЫМЕН БАЛЫҚ АУЛАУ

Орындаған:

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Өнеркәсіптік балық аулау құралдары және тәсілдері ... ... ... ... ... ... .4
2. Балықтардың мінез-қылық және таралу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 5
3. Өндірістік су қоймаларындағы сыртқы орта жағдайының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
4. Ау торын тоқу және тор тоқуға арналған құралдар ... ... ... ... ... ... ... ..7
5. Аулау құралының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
5.1. Аулау құралының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
5.2. Аулау құралымен балық аулау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
6. Балық аулау ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
7. Балық аулау түрлерінің анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...18
8. БҚО су қоймаларынан соңғы жылдардағы балық аулану деңгейі ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы су түбі жылымдарымен балық аулау. Курстық жұмысты орындаудың мақсаты су түбі жылымдарымен балық аулау технологиясын, ауланатын балық түрлерін, аулардың құрылысын, құрал-жабдықтарын зерттеу болып табылады.
Су түбі жылымдарының аулары қысқа қанатты торлы қапшықтардан тұрады. Үлкен су телімдерін қамту үшін оларды ұзын ауыздықты баулармен жабдықтайды. Кемемен ауларды тарту немесе буксирлеуде жылымдардың ауыздықтары үлкен су телімдерін қамтиды. Ауыздықтар сутүбіндегі лай жолақтарды құрайды, сөйтіп балықтарды жылымның аулау аймағына жинайды. Су түбі жылымдарының құрылымы және техникасы бойынша тастама жылымдармен және тралдармен аулауға жақын келеді.
Су түбі жылымдарымен балық аулау көлдерде, су қоймаларында және жағалауларда жүргізіледі, сонымен қатар теңіз маңындағы аудандардағы 120 - 150 м тереңдіктегі сутүбіндегі балықтар ауланады. Су түбі жылымдарымен негізінен Ресейдің Қиыр Шығысындағы минтай, камбала, терпуга, трескалар және Азов теңізінде бұзаубас балықтарын аулау үшін қолданылады. Су түбі жылымдары ішкі суларда Ресейдің солтүстік батысында кең қолданылады. Су түбі жылымдарымен Жапонияда, Данияда, Норвегияда, Англияда минтай, камбала, треска, пикша, скат, теңіз алабұғасын аулайды.
Су түбі жылымдарымен қуаты аз кемеден сиретілген балықтарды аулауға болады және осы жағдайда тралдармен аулауға қарағанда өте ыңғайлы келеді. Сутүбі жылымдарымен балық аулаудың жқмысы қиын, аулау тереңдігіне және балықтардың қозғалу дәрежесіне, толқындар режіміне қойылатын қатаң талаптарға орай оның қолданылуы шектеулі болады. Сонымен қатар, сутүбі жылымдарын жие қолдану ондағы биоценозды бүлдіреді, әсіресе ішкі сулардағы сутүбін ластайды және сондықтанда оның қолданылуына шектеу қойылады.

1. Өнеркәсіптік балық аулау құралдары және тәсілдері

Балық аулау құрал-жабдықтары - мұхит, теңіз, көл, өзен, т.б. су алаптарынан балық аулауға арналған құралдар мен жабдықтар. Оған трал, сүзекі, қалталы жылымдар, ығызбай және құрма аулар, қабадан, қармақ, жарық түсіріп аулайтын құралдар мен электр қондырғылары жатады. Ертеде балықты сүңгі, шанышқы, гарпун (ұшы тастан, сүйектен, темірден жасалған), қаза(қамыстан тоқып таяз суларға салынады), т.б. құралдармен, түнде - буылған қамыстан жаққы жағып та аулаған. Кейін синтетикалық материалдардан тоқылған құралдар кеңінен пайдаланыла бастады. Балық аулау құрал-жабдықтары балық түрлерінің мекеніне, ерекшеліктеріне сай жасалынады. Мысалы, трал конус қалта пішінінде жасалып, оны сүйретіп жүру, көтеріп алу үшін кемеге арнайы қондырғылар орнатылады. Трал үйір-үйір боп жүретін треска, камбала, майшабақ аулауға қажет. Осындай шоғырланып жүретін балықтарды сүзекі және қалталы жылымдармен де аулайды. Сүзекі-жылымды суға тастап, кемемен біраз сүйретіп барғаннан кейін, табандық арқанын лебедкамен тартқанда, астыңғы жағы бүріліп қалталанады да, балық ішінде қалады. Оны кемеге тартып алу, көтеру, трюмге төгу жұмыстарының бәрі механикаландырылған. Ағынды суларда ығызбай аулар пайдаланылады. Ағын судың еніне қарай әрқайсысы 25 м болатын бірнеше ауды бір-біріне жымдастыра жалғап, өзенге көлденең салады. Бір жақ шетінің арқалығына қалтқы-бояқ, табандығына салдауыр байлайды да, арқалықтың екінші ұшын қайықтағы адам ұстап отырады. Мөлшерлі жерге дейін ығып барған соң, балығымен қоса тез суырып алады. Қос қанатында балық кірсе қайтып шыға алмастай етіп, бір-бірінің ішіне кигізіле бекітілген, конус тәрізді бірнеше қалтадан тұратын (әр қалтаның ауыз жағында оны керіп тұратын шеңбер шыбықтары бар) құрал түрлерін құрма тор, қабадан (не нәрете) деп атайды. Мұндай құралдар жағалауда өскен қамыс жиегіне, өзекшелерге құрылады. Электр жарығын су астына жіберіп, шоғырланған балықтарды сумен қоса кеме үстіне шығару үшін қуатты сорғылар орнатылған конус тәрізді шағын жылымдарды қолдану да жиі кездеседі. Шағын көлдер мен теңіз қолтықтарынан жарық түсіру тәсілімен аулағанда, электр жарығының орнына буылған қамысты жағады. Оның жарығына жиналған балықтарды ұзын сапты, жеңіл де ауқымды сүзекімен сүзіп не шанышқымен шаншып алады. Мұны жаққы жағу дейді. Ірі балық шоғырларын іздестіру үшін гидроакустикалық локатор қолданылады.
Оны мынандай құрал-жабдықтармен аулайды:
1. Ақпа - үлкен өзендерге пайдаланылатын аудың бір түрі.
2. Ақан ау - қызылбалық аулайтын ау.
3. Жорамал - ұстаған балықты тізетін жіп.
4. Жұтпа - балық жұтып қоятын қармақ.
5. Жылым - теңізден балық аулау үшін қолданылатын ау.
6. Ине қармақ - инеден иіп жасалған қармақ.
7. Керме - балық аулайтын тор, ау.
2. Балықтардың мінез-қылық және таралу ерекшеліктері

Аулау құралдарының құрылысын жасау және оларды тиімді пайдалану үшін балықтар денесінің биометриялық сипаттамасын, жүзу қабілетін, көлденең және тігінен көшіп-қону көрсеткіштерін, балықтардың көлемін, пішінін, шоғырлану деңгейін білу қажет.
Биометриялық көрсеткіштер. Балықтардың биометриялық көрсеткіштеріне балықтың ұзындығы, желбезек қақпақшасы тұсындағы дене орамы, дененің үлкен орамы, балық денесінің биіктігі жатады. Бұл көрсеткіштер аулау құралының тор көзін таңдау кезінде, оның сұрыптау қасиетін бағалау кезінде маңызды болып табылады.
Балықтардың жүзу қабілеті. Ол түрлі жылдамдықта жүзу ұзақтығымен, су ағынының жылдамдығымен сипатталады.
Көлденеңнен көшіп-қону көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер балық аулау орыны мен мерзімін, аулау құралының жұмыс режимін таңдау кезінде маңызды орын алады. Балықтардың шапшаң қозғалуы уылдырық шашу, қыстау, азықтану орынына көшіп-қонуы кезінде байқалады.
Тігінен көшіп-қону көрсеткіштері. Оны балық аулау мүмкіндігін бағалау, аулау құралдарын балықтарын шоғырына бағыттау, аулау құралдарының көлемімен жылдамдығын таңдау кезінде білу маңызды.
Балықтардың шоғыры деп аулау құралдарының көлемімен өлшенетін көлденең және тігінен жиналған балықтар тобын айтады. Шоғырмен салыстырғанда балықтардың үйірінің көлемі үлкен болады және аулау құралдарының көлеміне симайды. Бұндай үлкен үйірлерді бірнеше аулау құралымен бірнеше тартыммен аулауйды. Балықтардың үйірге, шоғырға жиналуы балықтың тіршілік кезеңіне, оның жағдайына, биотикалық факторлар мен қоршаған орта факторларына байланысты болып келеді.
Балықтардың шоғырынің пішіні үшкірлеу немесе тамшы тәрізді болуы мүмкін. Бұндай пішін олардың жүзу жағдайын жақсартады.

3. Өндірістік су қоймаларындағы сыртқы орта жағдайының жалпы сипаттамасы

Судың мөлдірлігі: судың мөлдірлігі аулау құралының көрінуіне, балықтың көру өрісіне, балықтардың жиналуына әсер етеді. Теңіз суларындағы су мөлдірлігі 3 - 20 м аралығында ауытқиды, ал теңіз суларында планктондар мен балықтардың аздығынан су мөлдірлігі 40 м-ге дейін жетеді. Ал ішкі су қоймаларында су мөлдірлігі бірнеше см - ден 2 - 3 м-ге дейін жетеді. Судың мқлдірлігі жыл маусымына байланысты немесе кездейсоқ өзгеріп отыруы мүмкін. Су мөлдірлігінің ауытқуы әсіресе теңіз жағалауы мен өзен - көлде кездеседі.
Жарық режимі: Су түбі тереңдігіндегі жарықты бірнеше түрлерге бөлуге болады: - Күндізгі жарық режимі - балықтардың көру мүшесі арқылы бағыт алу үшін өте қажет болады. - Кешкі жарық режимі - бұл кезде су астындағы объектілердің көрінуі.
Су температурасы: Су қоймасындағы су температурасы балықтардың қозғалысы мен таралуына, көлденең және тігінен көшіп - қонуына, аулау құралдарының элементтері, т.б. басқа факторлар әсер етеді. Балықтардың жылдам қозғалуы белгілі бір балық түрі үшін қолайлы болған кезде байқалады. Мыс: треска балығы үшін 0-ден - 7 С аралығында, скумбрия балығы үшін 10 - 15 С арасында, сардина балықтары үшін 15 - 20 С құрайды.
Су ағысы: Су ағысы аулау құралдарының қозғалуымен жұмыс жағдайына әер етеді. Мыс: ағыс бойымен тролдау кезінде су ағысы күшті әсер етеді. Сондай-ақ су ағысы балықтардың су қоймасында қозғалуына әсер етеді. Күндізгі жарық кезінде балықтар ағысқа қарсы бағыт алады, ал түнде керісінше ағыс бойымен жүреді. Бұл жағдайда балық ау құралдарын қолдану кезінде мұқият ескеру керек.
Су толқыны: аулау құралдарының, балықшылардың жұмысы үшін су толқыны қосымша күш түсіреді. Су толқыны судың беткі қабаты арқылы қозңалады. Балық аулауға мүмкін болатын толқын күштілігі 3 - 4 балық аралығында болады.
Су қоймасының тереңдігі: Балықтардың таралуына аулау техникасының жұмысына су тереңдігіне едәуір әсер етеді. Балықтардың негізгі қоры 200 - 250 м тереңдіктен және 2500 - 3000 м тереңдікте таралған. Балық аулау түрі көбіне су тереңдігіне байланысты. Мыс: құрма жылымдар, лақтырмалы жылымдар, орама аулар тек тайыз суда ғана. Сондай - ақ су тереңдігі балық аулау кешенділігі өндірістік механикасының көрсеткішіне әсер етеді.
Азықтық объектілердін таралуы: Бұл фактордың балықтардың мінез - құлыққымен таралуына үлкен әсер ететін пелогиялдық балықты (майшабақ, сардина, скумбрия) планктоны мол аймақтарда көптеп шоғырландырады.

4. Ау торын тоқу және тор тоқуға арналған құралдар

Ау торы түйіндер арқылы жалғанған қиылысқан жіптерден тұрады. Торларды қалыңдығы бірдей, беріктілігі жоғары мақта, капрон, жібек жіптерден дайындайды. Жіп иілгіш, тегіс, қоршаған ортаның әсеріне төзімтал болуы керек. Аудың торлары керілу жағдайында тең төрт бұрышты пішінді болады (сурет 1).

Сурет 1. Тор бөлігі: 1 - жіп; 2 - түйін; Я - тор; Р - тордың көлемі; Р2 - жартылай тор көз; Ш - аудың ені; Д - аудың ұзындығы; п - аудың ұзындығындағы қатарлар саны.

Торлардың көлемі түйіндер аралығының қашықтығымен есептеледі. Ау торын тордың бірінші қатарынан бастап тоқи бастайды. Белгілі ұзындықтағы тор бөлігін алу үшін бірінші қатарға қажетті мөлшерде жартылай тор көздерді байлап алады.
Ау торын тоқу үшін ине және шаблон пайдаланады.
Ине жіптерді орнату, түйіндерді байлау бойынша операцияларды орындау, торлардан ау өнімдерін тігу және оларды жөндеу үшін арналған.
Инелер әртүрлі құрылымды болады (сурет 2). Иненің ені тордың көлемінен екі есе кіші, ал ұзындығы өз енінен 10-15 есе ұзын болуы керек және қалыңдығы жұқа болуы керек. Бірақ ине оралған жіптерді тартқан кезде иілмейтіндей болуы керек.

Сурет 2. Торды байлауға арналған құралдар:
1 - ұсақ тор көзді байлау үшін сымнан жапырылып жасалған ине; 2 - сымдарды пісіру арқылы жасалған ине; 3 -- пластинадан жасалған ине (металл, ағаш); 4 - инеге оралған жіп; 5 -- шаблон (ағаш, пластик); д - ұзындығы; ш - ені.
Шаблон ау торына қажетті бірдей көлем беру үшін арналған. Шаблон пластинадан дайындалады, ұзындығы 10-12 см құрайды.
Тор бөлігін тоқу - бұл түйіндерді байлаудан және қысудан тұратын өте көп қайталанатын операция.

5. Аулау құралының жалпы сипаттамасы

5.1. Су түбі жылымдардың құрылымы

Су түбі жылымдарының құрылымы тастама жылымдарға немесе тралдарға ұқсас келеді. Сутүбі жылымдары екі бірдей қанаттардан, екі жетектен, орағыштан және буркеншектен тұрады. Қанаттар мен жетектер тіктөртбұрышты торлардан жиналады, орардың пішіні трапециялы болып келеді.
Әрбір қанаттың ұзындығы 25 - 30 м, жетектің ұзындығы 5 - 10 м болады. Жылымдар ұзын болса, онда ауыздықтардың жолақтары балықтарды орағыштарға қарай әлсіз айдайды, ал қысқа болса, онда балықтар аулау аймағынан шығып кетеді. Жылымдардың ұзындығы балықтар шоғырына сай алынады. Жетектер және орағыш биіктігі сутүбі маңындағы (треска, минтай) аулауды 5 - 6 м-ге жетеді, ал су түбіндегі (бұзаубасты, камбала) аулауды 1,5 - 3,0 м-ге жетеді.
Мәстек жанындағы жылым қанаттарының биіктігі орағыш биіктігінен 1,5 - 2,0 есе кем. Қанаттармен жетектер биіктігін таңдауда тартып шығарудағы жылымдардың жұмысшы биіктігі олрды орнықтыру биіктігінен 2 - 3 есе кем болуы тиіс.
Жетектер арасында орағышқа баратын саңылаулар қалады. Балықтармен шоғырлану дәрежесіне орай кіру ені 1,5 - 2,0 м-ден бастап, 5 - 5 м-ге жетеді.
Су түбі жылымдарының орағышының құрылымы түрліше болады. Орағыш екі бірдей тіктөртбұрышты жоғарғы және төменгі торлардан тұрады. Олардың аралықтарындағы бүйір жақтарына үшбұрышты торлар тігілген. Сонда орағыш сынама тәрізді пішінді құрайды. Орағыш соңында екі тіктөртбұрышты пластиналардан тұратын бүркеншектер жалғанады. Сутүбі жылымдары қапшығының жалпы ұзындығы 15 - 20 м болады, оның ішіндегі 3 - 5 м бүркеншек қамтиды. Сутүбі жылымының аулау дәрежесін арттыру үшін орағышқа конус түріндегі түтікті аулардың алқымындағыдай торлы жаға тігіледі. Тралдық жамылғысы бар сутүбі жылымдары кең таралған. Жылымдар екі бірдей пластиналардан тұрады, оларды бір - біріне беттестіре бүйір жақтары арқылы тігіледі. Кейде жоғарғы пластинаның алдыңғы бөлігі төменгі пластинадан шығыңқы болып келеді. Бұндай жылымдар құрылымы бойынша тралдық аулаудан ұзын қанаттарымен ерекшеленеді. Тралдық жамылғысы бар сутүбі жылымдарының биіктігі тастама жылымдарға ұқсас болады.
Балықтардың сутүбі жылымдарынан шығуын болдырмау үшін төменгі аралықтары кейде тастама жылымгідей жолақтармен жабдықталады.
Су түбі жылымдарын синтетикалық торлы материалдардан жасайды. Торлы материалдарға қойылатын талаптар аса қатаң емес, сондықтан олар арзан бағалы талшықтарданжасалады.
Торкөздерді өлшемдері қанаттардан бүркеншекке қарай кемиді. Торкөздердің өлшемдері балықтар үшін механикалық кедергі бола алмайды. Торлы жіптердің диаметірі фабрикалық өлшемдерге сай келеді.
Су түбі жылымдарының торлы аулары тастама жылымдарға ұқсас орнықтыру коэффициенттері қанаттарында 0,75 - 0,90, жетектерде - 0,67 - 0,5, орағышта - 0,5 мәндерін қабылдайды.Сутбі жылымдарының торлы ауларының тралдық жамылғысын аралықтарға бекітеді.
Жылымдардағы аралықтарды синтетикалық құрышаралас баулардан жасайды. Жоғары аралықтар қалтқылармен жабдықталады, ал төменгі аралықтарға шойын жүктемелер, шынжыр, болатты немесе құрыш баулар байланады. Жылымдардың батырылу күші оны итеретін күштен артық болуы тиіс, демек төиенгі аралықтар сутүбінде жатуы керек. Жылымдар жұмсақ құмды сутүбінде жеңіл батады. Жылымдардан балықтарды шығару оңай болуы үшін арқандармен бекітіледі. Арқандар жылымдарға қапшықтардың ортасын және соңын көтереді. Арқандар көмегімен балықтары бар қапшықты көтереді, қапшықтың бөліктері арқылы ауларды бөлшектеп түсіреді.
Орағыш пен бүркеншекті көлденең тарамыстармен жабдықтайды. Бүркеншек соңындағы тарамыс балықтарды түсіру үшін босатылады. Аулау кезінде бүреншек соңы трос - гайтянмен бекітіледі.
Қанаттардың бүйір жақтарын ұзындығы 1 - 2 м болатын ағаш немесе метал мәстектерге бекітілуі жылымдардың ашылуынжеңілдетеді. Жылымды төменгі жақтан бастап көтереді. Мәстектерді екі ауыздықтың, қапсырмалар көмегімен жалғайды.
Су түбі жылымдардың ұзындығы 1500 - 2000 м жетеді. Олардың ұзындығы ауланатын су телімдерінің ауданымен анықталады. Ауыздықтардың максималды ұзындығын кеменің тарту күшімен және жылымдардың итеру кедергісін ескеріп есептейді. Жылымдардың максимум кедергісі ауыздықтар арасындағы бұрыштарға сай келед, сондықтан ол бұрыштың шамасы кемемен тарту барысында 20 - 25° болады. Түсетін максимум салмақ жылдамдыққада байланысты болады, сутүбіндегі балықтарды (камбала, бұзаубас балықтары) аулау жылдамдығы 0,2 - 0,3 мс, ал сутүбі маңындағы (треска, пикша, минтай және т.б) аулау 0,4 - 0,5мс жылдамдықты құрайды. Ауыздықтар ретінде синтетикалық, құрыш және аралас баулар алынады. Ал, синтетикалық материалдардан жасалған бауларды шынжырлардң көмегімен түсіреді. Кейде ауыздықтарды мәстектерге қарағанда қалың етіп дайындайды.
Су түбіндегі жылымдармен балық аулау көз мөлшерімен жүргізіледі. Жылымдардың қанаттары бағыттаушы қызметін атқарады. Бірақ, қанаттардың қозғалу сипаты және пішіні балықтардың орағыштарға өтуін қамтамасыз етеді. Сондықтан, балықтардың жылым астына немесе үстіне кетіп қалуына мүмкіндік бермес үшін қанаттарды көрінбейтіндей етеді. Орағыш пен бүркеншектің суда аз байқалатын торлы аулардан жасалғаны орынды. Жылымдардың түсі сутүбінде құмның түсіндей болса, онда онша байқалмас еді.
Су түбіндегі жылымдармен балық аулауда физикалық құралдар қолданылады. Олар жалғыз реттік аулау үшін ыңғайлы. Себебі жасанды физикалық өріс үлкен немесе жергілікті су телімдерінде балықтарды бір рет қана шоғырландыра алады. Аулау кезінде физикалық өрістер көбінесе жылымдардағы балықтардың жүру жолын орағышқа айдау және төменгі және жоғарғы арқандардан шығып кетпеуі үшін қолданылады.

5.2. Аулау құралымен балық аулау технологиясы

Су түбіндегі жылымдармен аулау келесідей операциялардан құралады: жылымды жинақтаудан, балық іздеуден, жылымды суға түсіруден, кеспектерді және ауларды сұрыптаудан, ауланған балықтарды түсіруден тұрады.
Жылымды жинақтау:
Жылымды жұмысшы алаңға жинап алады, жұмысшы алаң кеменің түріне тәуелді әр жерде орналасады, көбінесе алаң кеменің ортасында болады. Жұмысшы алаң кеменің ортасында болатын кәсіптік балық аулау құрылғысының сұлбасы көрсетілген. Жылымды жинақтау қозғалмалы қанаттан басталады және жинау кеменің алдынан артына қарай жүргізіледі. Жылым суға тасталғанда жоғарғы арқалық баулар аулау кеңістігінің орталығына жақын орналасады.
Балықтарды іздеу:
Жылымды жинақтап алып, балықтарды аулау орндарына кеме бағытталады. Сутүбіндегі жылымдармен көбінесе балықтар терең емес жерлерде ауланады, сутүбі тегіс үұмды немесе лайлы болады. Өткен жылдық тәжірибеге және кәсіпшілік барлау нұсқауларына, эхолот мәліметтеріне сүйеніп негізгі аулау ауданы таңдалады. Аулау ауданы тандалған соң, судың тереңдіктері, ағынының жылдамдығы және жел бағыты өлшенеді.
Жылымды суға түсіру:
Бұл процесс маяк - буйларды тастаудан басталады. Тұрақты кеспек баулықтарды кеменің орташа немесе толық жүрісінде суға түсіреді.
Тұрақты кеспек баулықтарды кемеден түсіріп болған соң, кеме жүрісін баяулатады, сонда жылымның өзі суға біртіндеп түсіріле бастайды. Осыдан кейін кеме жүрісі орташа немесе толық жүріске салынады және қозғалмалы кеспек баулары түсіріледі. Кеменің баяу жүрісімен буйға жақындап келеді. Буйға шығу дәлдігі кеспек баулықтардың ұзындығынан және гидрометеорологиялық жағдайларға (желден, ағыстан, ауа райынан) тәуелді болады.
Жылым шеңбер бойымен тасталынса, онда ол суға жақсы түсірілді деп саналады және сутүбінде ең үлкен аудан қамтылады. Көбінесе жылымды копбұрыш жақтары боымен суға түсіріледі. Ол үшін кеменің бағыт алу бұрыштары алдын ала есептеледі, осы есептеулерде жел мен ағыс әрекеті де ескеріледі. Бағыт алу бұрыштары бойынша кеспек баулықтардың бөліктері суға түсіріледі. Есептеулерді жеңілдетуге арналған арнайы құрал - Старовойтов құрылғысы бағыт көрсеткіш қолданылады.
Кеспек бауларды сұрыптау:
Кеспек баулықтарды жылымның торлары суға түскен соң сұрыптай бастайды. Су түбіндегі жылымдағы 0,2 - 0,25 мс құрайды. Демек, аулау орнындағы тереңдікті біле отырып, жылымның батырылғанын анықтау күрделі емес және кеспек бауларды керу басталады.
Кейбір кемелерде ауыр кеспек баулықтарды сейнерлік жүк арбалармен тартады, арқандарды тарту күші 15 - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық теңіз құқығы
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция
Теңіз түбінің ресурстарын игерудің құқықтық режимі
Өндірістік балық түрлерінің популяциялық жағдайы
Каспий теңізінің құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
Халықаралық теңіз құқығы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
Халықаралық құқықта Әлемдік мұхит минералды ресурстарын игеру
Халықаралық теңіз құқығы ұғымы және оның дамуы
Пәндер