Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

ТУРИСТІК БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1-тақырып. Кіріспе. «Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру» курсының мақсаттары мен міндеттері

Туристік бизнес тарихының негізі 1841 жылы ағылшын мұға­лімі Томас Куктың Мидленд округіндегі теміржол компаниясын Лейстер-Лафборо деген 18 км трассада пойыздық саяхат ұйымдас­тыруға үгіттеуінен басталған.

Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Оған 20 саяхатшы қатысып, жерді 220 күнде айналып өтті.

1892 жылы Т. Кук өмірден өтіп, оның еңбегін ұлы және ұжым­дастары жалғастырады. Осылайша, «Томас Кук» туристік компа­ниясы дүниеге келеді.

Ал 1885 жылы Ресей жерінде алғашқы туристік фирманың негізі болып Петербургте Леопольд Липсонның кәсіпорны са­налды.

XX ғасырда турбизнестің дамуы ерекшелене бастады. Сұраныс өскен сайын олардың талаптары да арта түсті. Сол себептен қызмет көрсету деңгейі көтеріліп, талаптарға сай қызмет көрсету маңызды шаруалардың бірі болды. Мұндай сапалы қызмет көрсету ғылыми түрде зерттеліп, мамандық ретінде оқытылды. 1901 жылы Lasell College оқу орнында туристік бизнес мамандығы енгізіліп, студенттерді қабылдай бастады.

Туристік бизнестің дамуы көптеген мемлекеттерге қолдау көрсетті. Экономикасы әлсіз, құрып кету қаупінде тұрған мем­лекеттер туристік бизнеске бет бұрып, оны дамытуға барлық жағ­дайды жасауға кірісті.

1913 жылы Крит Грекия құрамына қосылып, өз экономикасын теңіз жағалау туризмін дамытудан бастады.

1914 жылы Германия қонақ үй, мейрамхана, туристік кешендерді дамытуды көздеді.

1922 жылы Корея халқы қосымша күн көріс ретінде туристік бизнеспен айналысты. Олар шағын демалыс орындарын ашты.

Ресей жерінде 1929 жылы Интурист компания тобы құрылды. Ол өз тарабынан бизнестің дамуына жол ашты. Сонымен қатар 4 бизнестің бағытын қарастырды. Олар: туроператор, қонақ үй, турөнімді сату және көлік қызметін көрсететін бизнес түрлерін ұсынды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс туристік бизнестің дамуын тежеді.

Осы уақытқа дейін жұмыс істеп келе жатқан орындар жабылып қалды. Тек 1950-1960 жылдары ел экономикасын көтеруге байла­нысты туристік бизнеске назар аударылып, оның қыр-сырларын дамыта бастады. Туристік бизнес соғыстан дағдарысқа ұшырап шыққан елдердің экономикасын көтеретін бір бағыт ретінде қарастырылды. Туристік бизнес жүйесі күрделене түсті. Жаңа бағыттар ашылып, бизнестің сферасы кеңи бастады. Жаңа тараптан қызығушылар көбейіп, туристік бизнестің тарихын тағы бір сатыға көтерілді.

Қазақстан - Еуразияның кіндігінде орналасқан шығыс пен батыс дәстүрін байланыстырушы дәнекер ел. Елдің көне мәдениеті мен көрікті табиғаты әркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі, нақтырақ айтсақ, танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауықтыру, орнито­логиялық, балалар, аңшылық және тағы басқа да түрлері бойынша қызмет ете алатындай дәрежеде.

Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне за­мандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар XX ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды. Тарихқа қарап елімізде туризм саласының тамыры тым тереңде жатқанын байқаймыз.

Қазіргі таңда туристік бизнес даму бағыты халықаралық нарықта ерекше орын алатын, ел экономикасы үшін маңызды іс болып табылады

Screenshot_1

Туристік бизнеске экономика салаларының әсері

Туристік бизнес - шаруашылық салалардың ішінде ең қар­қынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Туристік бизнес әлемнің ең ірі саласының бірі болып есептеле отырып, экономиканың дамуына, әлеуметтік прогреске, қосымша жұмыс орындар санының көбеюіне үлесін қосты, туристерге қызмет көрсететін қосымша салаларды қалыптастырды (2 сурет) .

Туристік ұйымдар жұмыстарының нәтижесінде миллиондаған адамдар демалуға, білім алуға, емделуге, мәселелерді шешуге халықаралық деңгейде мүмкіншілікке ие болады. Алдымыздағы курсты оқыту нәтижесінде студент өз мамандығының негізгі пәндері, жалпы теориялық және тәжірибелік дағдыларды, дүние­жүзілік туризм индустриясы, туризмнің негізгі түрлері бойынша білім алу қажет.

Screenshot_2

Туристік бизнестің экономика салаларына әсері

Қазақстан Республикасындағы туристік бизнес

Қазақстан егемендік алғалы бері дүниежүзілік нарықтан өз орнын алуға тырысуда. Республика нарықтық экономикаға көшуі арқылы қиын, бірақ дұрыс жолмен дамып келе жатыр. Мемлекеттің өзгеруімен онда тұратын адамдардың талаптары да өзгереді, дамудың әртүрлі жолдарын іздеу үстінде болады.

Туризм елімізде шетелдік капиталды тарта алатын бірден-бір сала ретінде белгілі. Жаппай ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін құра отырып, туризм дүниежүзілік экономикада бұрыннан маңызды рөл атқарады. Туризм секторы өте тез дамып келе жатқан сектор болып саналады.

Соңғы жылдары туризм бизнестің тиімді түріне айналды. Дүниежүзінің жеті пайыздай капиталын қолданады. Туризм тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін пайдалар арқылы мұнай мен автомобиль экспортынан түсетін пайдамен теңесті.

Қазақстан Республикасы - туризм индустриясын дамыту үшін үлкен алғы шарттары бар елдердің бірі. Олар:

1) тиімді геосаяси жағдай;

2) саяси тұрақтылық, демократиялық өзгерістер, экономикалық реформалардың тиімді өткізілуі;

3) дүниежүзілік туристік бизнестің халық тығыздығы аз және өзіндік мәдениет ерекшеліктері бар елдерге көп көңіл бөле бастауы;

4) тарихи мәдени мұралардың әртүрлілігі;

5) буддизм, христиандық, мұсылмандық ескерткіштердің болуы және олардың қажылық мақсатта қолданылуы;

6) тарихи архитектуралық және қалалық жолдардың болуы;

7) мұражайлық, мәдени көрікті, ойын-сауық мекемелері және фольклорлық этнографиялық халықтық ансамбльдер болуы;

8) флора мен фаунаның, климаттық және туристік зоналардың әртүрлілігі, бай табиғи ландшафтар және т. б.

Экономиканың дамуы, халықаралық қатынастар және оның ұлғаюы бір-бірімен тығыз байланыста. Сондықтан туризм тез дамып келе жатқан шаруашылық саласы болып саналады. Оны кейде ХХ ғасыр феномені деп те атайды.

Қазақстан Республикасы туристік бизнесі алдына қойып отырған міндеттер:

Screenshot_3

Туристік бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдар­ламалар:

1992 жылдан бастап ҚР «Туризм туралы» Заң күшіне енді.

1993 жылы ҚР Бүкіләлемдік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi-тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы және 2030 жылға дейінгі туризмді дамытудың стратегиясы жасалды.

2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» заң қабылданды. Онда Республикадағы туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары, туристiк қызметтердi лицензиялау және тағы да басқа мәселелер тұжырым­далған.

2006 жылы Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы құрастырылды. Елбасы бекіткен бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - түрлі туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстарын қанағат­тандыру үшін кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін заманауи, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Мемлекеттік бағдарлама екі кезең бойынша іске асырылады. Бірінші кезең 2007-2009 жылдарды, екінші кезең 2010-2011 жыл­дарды қамтиды.

2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасы «Туризм және спорт министрлігі» қолдауымен туризм және спортты дамыту бағдарламасы қабылданды.

Қазақстанда туристік бизнесті ұйымдастыру үшін келесі тармақтар жүзеге асырылады:

- туризмнің қазіргі жай-күйін талдап, оның дамуын қарастыру;

- облыстар тұрғысынан туризм дамуын қарастыру;

- Қазақстан туристік өнімнің маркетингі және ілгерілеуі;

- ішкі туризмді дамыту, туристік мәдениетті қалыптастыру;

- кадрлар дайындау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- туристер қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- туризм саласындағы Халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- халықаралық маңызы бар “белсенді” жобаларды іске асыру.

Қорыта келгенде, турбизнесті ұйымдастыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын елеулі арттыруға және халықаралық сауда шеңберінде әлемдік туристік нарыққа кіруіне жәрдем етеді

Screenshot_4

Туристік өнімнің құрылымы

2-тақырып. Туркәсіпорын құрылуы, оның құралымы

Туристік кәсіпорынды құрмас бұрын оның негізгі мақсаттары анықталады. Туристік фирма - ол заңды құқықтық табысы бар, шетел және мемлекет азаматтарына туризм саласында төлемақы, қызмет көрсететін мекеме.

Кез келген туристік кәсіпорының мақсаттары:

- жорыққа шығу;

- саяхат жасау;

- экскурсия өткізу;

- көп адамдарды қатыстыру;

- адам күту сапасын жақсарту;

- қаражат шаруашылық жұмыстарын бұзбау.

Әрбір туристік фирма өз жұмыстарын заңмен белгіленген құқықтармен жүргізеді. Фирма меншігі жарғылық қоры, банк төлемақы шоты, жеке балансы, фирманың аты жазылған мөрі, туризммен айналысуға болатын рұқсат қағазы болып саналады. Туристік кәсіпорындар және олардың серіктестері арасындағы қатынастар өзара тиімді, қолайлы жағдайда келісім арқылы екі жақтық жазылған шарттарда анық көрінуі керек.

Туристік фирмаларды атқарушы билік органдарына мемле­кеттік деңгейде тіркеу үшін келесі құжаттар керек: басқарушы бұйрығы, келісімшарт, қаулы, тіркелушіге міндеттелген салық төлеу жайлы анықтама.

Басшы - тұтынушылар, қызметкерлер және мекеме иесі ара­сындағы үйлестіруші.

Басшы міндеттері:

- алға қойылған негізгі жалпы мақсаттарды нақты басқару­шылық шешімдерге айналдыру;

- жаңа даму бағыттарын іздестіру;

- серіктестермен қарым-қатынысты дамыту.

Туристік фирма басшысының қызметі:

1) ұйымдастыруда қаражат шығындарын өз мойнына алады;

2) кадр мәселесін шешеді;

3) туристік фирма атынан басқа серіктестермен және т. б. меке­мелермен келісім-шарттармен қамтамасыз етеді;

4) жаңа туристік турлар мен жорықтар ұйымдастырады, оларды жасауда арнайы құжаттар дайындайды;

5) келіскен шарт бойынша туристерді орналастырады, уақы­тында және дұрыс төленген, өзгерген жұмыс ақысын тексеріп тұрады. Туристердің міндеттерін қамтамасыз етеді;

6) банк төлемақы және т. б. шоттарды ашады, заңмен сәйкес қаражат шаруашылық жұмыстарын жүргізеді;

7) турфирма мекен-жайына келген құнды заттар және фирма заттарындағы хабарларды алып тұрады;

8) заң, мемлекеттік, халықаралық сот органдарында және т. б. құрылымдарда өз мекемесінің атынан бір өкілге басшының атынан шығуы мүмкін. Басшы сенім хат тастаған жағдайда ғана орнын өкілге немесе орындаушыға береді. Қызметкер орны сақталады. Мысалы, бір адам іссапарға кетсе, орны сол күйінде қалуы тиіс.

Бас директор қызметіне жоғары техника-экономикалық, инженерлік білімі бар, басқарушылық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс істеген тұлға тағайындала алады.

Қызметті іске асырудың деңгейі

Жауапты қызметкерлер
Қызметті іске асырудың деңгейі
Жауапты қызметкерлер: Коммерциялық бөлім
Қызметті іске асырудың деңгейі:

Туристік фирманың турларды сату,

коммерциялық барлық мәселелерді шешетін

бөлім.

Жауапты қызметкерлер: Бухгалтерия
Қызметті іске асырудың деңгейі: Туристік ұйымдағы барлық қаржылық мәселелер және кіріс шығысты есептейтін маман.
Жауапты қызметкерлер: Маркетинг бөлімі
Қызметті іске асырудың деңгейі:

Туристік ұйымдағы жұмыс жасайтын барлық

еңбек қорларын басқаратын және оны жаңа

ағынмен толтырып отыратын арнайы

басқарушы маман.

Басшы қызметкерлердің жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Олар:

- көлік саяхаттары маршруттарын ұйымдастыруда көмек көрсету;

- саяхат қызметтерін, оның мазмұны, бағасы, төлемақысы және т. б. сұрақтармен таныстыру;

- мәлімдемелерді қабылдау, диспетчерлік журналға кіргізу;

- тапсырушыларға есеп беру;

- тапсырушылар құжаттарын, рұқсат қағаз бен рұқсатнаманы (визаларды) даярлау;

- туристерді жіберу мен қабылдау жұмыстарын тексеру;

- егер де экскурсиялық жұмыстар өзгерілсе, ауыстырылса, онда тапсырушыға хабар беру;

- есеп жүргізу.

Туристік фирма жұмыстарын анық бөлу үшін картотека жинағын жүргізу керек. Олар келесідей бөліктерден тұрады:

- көлік мекемелері туралы хабар;

- елшілік және өкілет жайлы мәліметтер;

- орналастыру орындары - қонақ үй, пансионат, турбазалар жайлы мәліметтер;

- тамақтану орны жайлы мәліметтер;

- мәдени-ағарту мекемелері;

- экскурсиялық қызметтер, жүргізу уақыты және экскурсия жүргізуші аты;

- ойын-сауық мекемелері;

- қызмет көрсету үшін шарт жасайтын мекемелер;

- инструкторлар мен экскурсоводтардың жүргізетін экскурсия­ларының тақырыптары. Жорыққа шығу категориясы.

Туристік фирмалар ішінде шаруашылық бірлік қатарына:

- нарықтағы бір бағытты өнімнің кішігірім мәртебеге қараған жағдайы;

- иеленушінің басқаруға қатысуы;

- өткізу және жасап шығару ауданындағы жоғары ыңғай­лылық;

- ішкі ресурстар негізінде өзіндік дамуға бағдар алу.

Screenshot_12

Ірі турфирмалардың құрылымы

Шағын туристік фирмалар бөлінуі:

- дәстүрлік типтегі шағын фирма (жанұялық фирма, микро­фирма, шағын зауыт, т. б. ) ;

- әлемдік әскери қайықтарды ескектік бұрандамамен қамтама­сыз ететудің 30%-ын алатын шағын норвегтік фирма секілді өз ауданындағы шағын-монополистер.

Тәуекелшіл шағын компания. Олардың ерекшеліктері жайлы ағылшын экономисті Джон Вилсон: «Бұл әке-шешенің жанұялық пиццериясы немесе жуғыш автомат, не естен шыққан құрастыру­шының гаражындағы шеберхана емес. Көптеген жағдайларда бұл - жақсы қызметкері бар, қаржылай және техникалық көмегі жеткілікті фирма», - деп жазады.

Көптеген фирмалар өнім өндіру мақсатында белгілі бір өнім айналасына топталады немесе бір технологияға негізделеді.

Шағын туристік фирманың 9 ерекшелігі мен артықшылығын жақсы білу керек. Бұл өз фирмаңды құрып, оны әрі қарай жетілдіруде зор демеу болады. Олар:

1. Тәуелсіз жұмыс істеу. Шағын фирмалардың көбі басқару иерархиясын сақтамайды. Бұл ынталы да жігерлі кәсіпкерге іс-әрекет бостандығын береді.

2. Икемді әрі тез шешімдерді қабылдау мүмкіндігі. Ірі кор­порацияларға қарағанда шағын бизнестегі басқару шешімдерін қабылдау құрылым оңтайлығы, бұл болып жатқан өзгерістерге дер кезінде әрекет ету мүмкіндігін береді.

3. Жергілікті жағдайға икемді болу. Шағын бизнес жергілікті нарықтың сұраныстарын, салттарын, әдеттерін зерттеуге толық икемделген.

4. Операциялық шығындары төмен болады. Жалақы қоры біршама төмен, жабдықты сатып алу көп инвестицияны талап етпейді, басқаруға арналған шығындар азаяды.

5. Материалды табысқа тез жету мүмкіндігі. Сіз бір мезгілде жалақыны да, бизнестен түсетін үлес ақыны да аласыз.

6. Ұзақ мерзімді пайдалар. Егер ісі оңға басса, кәсіпкер өз ісін керек болған кезде тез әрі тиімді сата алады.

7. Бірнеше мамандықты алып жүру. Көп адам әмбебап болуға тырысады (қаржы маманы, менеджер, т. с. с. ) .

8. Өзіндік немесе дербес нарық артықшылығы. Әдетте ірі бәсекелес компаниялардың іс-әрекеттері бас кеңселері қарас­тырған тәртіптерге тәуелді болады. Шағын бизнес оларға қара­ғанда ширақ келеді, әсіресе нарық белгілі бір шарттарға немесе белгілі бір мерзімге байланысты болған жағдайда.

9. Кәсіпкерлік рухты сақтай білу. Дүниежүзілік статистикаға жүгінсек, шағын фирмалардың инновациялық, кәсіпкерлік рухы өте жоғары болады, оған заманауи салаларда (электроника, гендік инженерия, компьютерлер) шағын бизнестің басым болуы дәлел болады. АҚШ-та шағын кәсіпорындарда істейтін қызметкерлер арманшыл, қиялшыл болып келеді деседі.

Кез келген туристік фирманың қатал құрылысы жоқ, алғашқыда адам саны 2-3 болса, фирма ұлғайған сайын адам саны да көбейе түседі.

Туристік фирма басшысы мен бас бухгалтер материалдық жағынан мемлекеттік органдар - салық полициясына, статистика және талдау басқармасына, туризм департаментіне және т. б. инспекцияларға есеп беруге жауапты.

Картотекалар бойынша әр фирма жұмысына қарай міндеттері жасалады.

3-тақырып. Туристерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Туристерді қабылдау - келген туристерге жинақты қызметтер көрсету

Қазіргі уақытта туристерді қабылдауды ұйымдастыру және жақсарту үшін білімді қызметкерлер, жарнама, менеджмент, маркетинг шараларын жасау керек.

Туристерді қабылдау келген туристерге арналған қызметтер кешенін жүзеге асыру болып табылады. Бұл қызметтер сипаты:

1) қонақ үйге орналастыру - қонақ үй жіктелуіне қарай қызмет сапасына байланысты анықталады;

2) тамақтандыру - мекемелермен келісімшарт жасау керек. Құрғақ тамақты берудің келісімі болу керек. Тамақтандыру, туристерді тұрған жерінде мейрамхана, кафеге шақыру. Қонақ үйдің тікелей тамақтану орны болмаған жағдайда, ол қонақ үйден алыс болмауы керек (10-15 минут) . Тамақтану мекемелерімен ерте шарт жасасу керек. Онда:

- туристерді қабылдаған мәліметтердің уақыты жазылу керек;

- құрғақ тамақты берудің келісімі болу керек (тауға шыққан жағдайда) ;

- тамақтанудың тоқтауы мен ұзартылуы;

3) трансфер қызметі: көлік, туристерді әуежайдан қарсы алу. Трансфер - аэропорт - қонақ үй - аэропорт. Көлік қызметі өз көлігімен немесе көлік мекемелерімен шарт бойынша ұйымдас­тырылады;

4) теміржол, әуе, су мекемелерімен қысқа мерзімді (1 тәулік), ұзақ мерзімді (1-2 жыл), уақытша (1 ай) шарттар жасалады;

5) экскурсия қызметтерін ұйымдастыру. Экскурсия қызметі еліміздің және шетелден келген туристерге экскурсия жүргізеді. Оған туристік маман мен көлік керек;

6) денсаулыққа байланысты шаралар. Туристерді күту, денсау­лықтарды жақсарту шараларын жүргізу. Жорыққа шығу, басқа туристік шараларды өткізу;

7) туристерді күту шаралары;

8) тұрмыстық қызмет көрсету. Қосымша қызметтер көрсету. Мысалы, денсаулықты жақсарту шаралары - санатория, шипалы бұлақтар; сауда шаралары - сувенирлер.

Туристерді қабылдау шаралары:

Туристерді қабылдаған кезде маркетингтік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, туристер сегменті анықталады, қонақ үй жайлы (*байланысты), экскурсия барысында маркетинг шаралары жүргізіледі.

Қызмет ету мекемелерімен (тамақтандыру, көлік, мәдени-ағарту, ойын-сауық мекемелерімен) шарт жасау.

Қызмет етудің бағдарламаларын жасау. Оның түрлері мен күндік бағдарламалары.

Қызмет етудің калькуляциясын (есебін) жасау. Бұл бір адамға және топқа жасалады.

Калькуляция бөліктері: орналасқан жері, тамақтану орны, экскурсовод жалдағанда сол бағдарлама бойынша, көлік.

Туристік мекеме туристерге тез қызмет ету үшін мәліметтерді қызмет көрсететін мекемелерге береді. Онда туристердің саны, қызмет етудің уақыты, қанша уақытқа келгенін жазу керек.

Турды іске асыру келесі шаралардан тұрады:

- БАҚ-қа жарнама беру.

- Туристерді қарсы алғанда, арнайы мойындағы тақтайшада қонақтардың аты-жөні болады.

- Қарсы алушы 30 минут бұрын келу.

- Қарсы алған соң, сол топ екендігін анықтап алу, олар қонақтардың келген жері мен адам саны құрамы арқылы анықтау.

- Келген топтың жетекшісіне кейін қайтар билет «брон» белгісін қою.

- Туристердің жүктерін қабылдау және топты көлікке апару.

- Көлікке кірген соң алдыңғы екі орынды экскурсовод пен конструкторға босату.

4-тақырып. Туристерді күту бағдарламасы

Туристерді күту бағдарламасы - туристерге қызмет көрсету жұмыстарын кешенді ұсыну арқылы тұтынушы қажеттіліктеріне жету саясатын жүргізу. Туристік нарықта болып жатқан бәсеке туризмді кейбір жеке қызмет түрлеріне бөледі. Осы қызметтер рекреациялық жұмыс кезеңдеріне бөледі. Олар:

1) мақсатты - рекреациялық қызметтердің ең негізгі мотиві (спорт, дін, ойынсауық, демалыс) ;

2) қосымша - негізгі қызметті түрлендіру түрі;

3) жалғаспалы - физиологиялық және техникалық себептерге байланысты.

Бағдарламалық қамтамасыз ету рекреациялық қажеттіліктерге байланысты маңызды қызметке кепілдік беретін нормативтік тапсырма бойынша қызмет көрсету жұмыстарының көлемін көрсетеді.

Бағдарламалық қамтамасыз ету қағидалары:

1) белсенді мазмұндағы қызметке бағытталуы;

2) әр туристің жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

3) нормативтік тапсырма бойынша қызмет көрсету көлеміне кепілдік беру.

Бағдарлама жіктелуіне қойылатын параметрлер:

1) негізгі рекреациялық қызметтер түрлері;

2) туристердің негізгі топтары, оларға арналған орналастыру орындары;

3) рекреациялық ресурстар мен туристік инфрақұрылым байланыс бағыт деңгейі;

4) уақыт және кеңістіктегі аймақтану;

5) функциональді бағыттау.

Бағдарламаның жіктелуі:

1) туристік және денсаулықты жақсартатын мекемелер;

2) танымдық маршруттар;

3) оқыту маршруттары;

4) ойын-сауық түрлері;

5) ұлттық мәдениетке байланысты этникалық және тұрмыс­тық жұмыстар;

6) үйлену турлары;

7) конгрестік турлары;

8) өндіріспен танысу бағдарламалары.

Бағдарлама табысты болу үшін кейбір туристік мекемелер өзінің жеке бағытын таңдайды.

Туристік мекемемен қаралатын тармақтар:

1) арнайы дайындық, қайта даярлау, туристік кадрларды даярлауды жақсарту;

2) рекреациялық жұмыстар кезеңдерінің сценарийлері мен бағдарламаларын өңдеу және құрастыру;

3) жасалынған бағдарламаны туристік инфрақұрылымға бел­сенді түрде қатыстыру;

4) туристік мекемелерге мемлекеттік бадарламаларға қатысты салалық тапсырмалар беру.

Кәсіби қызмет көрсету - ол клиенттердің негізгі мотивтері мен талаптарын пайдалану болып табылады. Олар келесідей болып бөлінеді:

1) денсаулықты жақсарту жұмыстары;

2) тұрмыстық белсенділікті көтеру қызметтері;

3) оқу;

4) өзін-өзі қалпына келтіру шаралары;

5) хобби, қызығушылық тудыратын шаралармен шұғылдану;

6) жұмыс мәселелерін шешу;

7) көңіл көтеру, басқа адамдармен қарым-қатынас құруға арналған турлар;

8) мәдени деңгейін жоғарылату турлары, танымдық мақсаттағы шаралар.

Турды ұйымдастырған кезде сандық және сапалық мүмкін­шіліктер ескерілуі керек.

Сандық мүмкіншілікке:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ТАЛДАУ
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Бизнес - жоспар құру
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Туристік ресурстарды дамыту
МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жарнаманың әсер ету процессі мен қабылдануы
Туристік фирмадағы дағдарыс және оны шешу жолдары
Туристік бизнес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz