Ветеринария мамандығы бойынша оқу практикасының есебі



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
Жалпы алдын алған аурулар туралы мәлімет
2.1Құтыру ауру және емі, алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.5
2.2 Пастереллез ауруы ... ... ... 6.7
2.3 Қарасан ауруы және дауалау және күресу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.9
2.4 Сібір жарасы ауруы және эпизоотологиясы ... ..10.13
Кездескен аурулар
2.5 Туберкулез ауруы және қоздырушысы, емі дауалау күресу жолдары ... ..13.25
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... .27
Құтыру (лат. rabies) — құтырған хайуанаттардың: иттің, мысықтың, түлкінің, қасқырдың шакалдың қабуынан немесе тістеуінен пайда болады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды таратушы болуы мүмкін.
Тарихи деректер - Құтыру өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихи қалыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавилонның б.з.д. 2300 жылы жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит иттің құтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель әртүрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанға жұғатындығын жазды. І.Есенберлиннің "Алтын Орда" романында Әмір Темірдің Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергені суреттелген. Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В.Гальте үй қоянына құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер үй қоянының миына бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдаен көп кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей делелдеді. Румын ғалымы В.Бабеш және италяндық А.Негри кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты.
1. Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және ортопедия " Алматы, 1953 жыл. (155)
2. Орысша - қазақша малдәрігерлік сөздігі. Т.Сайдулдин. Алматы, 1993 жыл.(130)
3. Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем". Алматы 2001 жыл. (114)
4. Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009 жыл.(206)
5. К.И.Шакалов, Б.А.Баликиров, Б.С.Семенов, А.В.Лебедов, А.И.Федеров, В.А.Лукьяновский. "Хирургические болезни сельско - хозяйственных животных".(360)
6. И.Е.Повоженко, К.И.Шакалов, И.А.Калашник, Г.С.Мастыно, Б.А.Башкиров, Б.С.Семенов. "Частная ветеринарная хирургия" Ленинград, 1981 год. (160)
7. Абдулла.А.А, Наметов А.М, Ильясов Б.К Клинико – гематологияческие показатели гнойных ран у овец при лечений шунгариновой и болезней животных Алматы 2005г (310)
8. В.Шакалов К.И, Башкиров Б.А, Поваженко И.С Частная ветеринарная хирургия. Ленинград 1986г (125)
9. Гатин. П.П. Б.К.Ильясов. Влияние 5% хлорофоса на здоровый глаз. Труды СЗВИ, 1970. (79 б).
10. Ілиясов Б.К. Жануарлар түріне байланысты аминазинді қолданудың рекшеліктері. Журнал «Жаршы». - 2006. (16 б).
11. Ілиясов Б.К. Дитилинді ветеринариялық хирургияда қолдану және лажсыздан сойылған жылқы етінің сезімдік көрсеткіштері.- Журнал «Жаршы».2006. (25 б).
12. Ілиясов. Б.К. Жануарларды эутанзациялаудың әдістері. - Журнал «Жаршы». - 2006. (95 б).
13. Ишмухамедов.Г.А. Г.А.Аухадиев, Б.К.Ильясов. Применение салициловой кислоты при гнойно-некротических процессах. Сб.Научных трудов, Ленинград-1990. (22 б).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

Экология және биотехнология бөлімі


1513000 - Ветеринария мамандығы бойынша
05.09.2015ж - 03.12.2016ж аралығындағы оқу практикасының

ЕСЕБІ

Орындаған: ВТ-931топ студенті:
Демеутов Е.К
Практика жетекшісі: в.ғ.м
Каримова.Э.К

Орал 2016ж

Жоспар

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Негізгі бөлім
Жалпы алдын алған аурулар туралы мәлімет
2.1Құтыру ауру және емі, алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5
2.2 Пастереллез ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7
2.3 Қарасан ауруы және дауалау және күресу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-9
2.4 Сібір жарасы ауруы және эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-13
Кездескен аурулар
2.5 Туберкулез ауруы және қоздырушысы, емі дауалау күресу жолдары ... ..13-25
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

І. Кіріспе

2.1 Құтыру ауру және емі, алдын алу шаралары

Құтыру (лат. rabies) -- құтырған хайуанаттардың: иттің, мысықтың, түлкінің, қасқырдың шакалдың қабуынан немесе тістеуінен пайда болады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды таратушы болуы мүмкін.
Тарихи деректер - Құтыру өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихи қалыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавилонның б.з.д. 2300 жылы жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит иттің құтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель әртүрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанға жұғатындығын жазды. І.Есенберлиннің "Алтын Орда" романында Әмір Темірдің Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергені суреттелген. Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В.Гальте үй қоянына құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер үй қоянының миына бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдаен көп кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей делелдеді. Румын ғалымы В.Бабеш және италяндық А.Негри кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты.

Аурудың таралу жолы
Қоздырушысы - Pabies lyssavirus - рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында, кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады. Бұл вирустың екі негізгі антигендері бар. Еритін S-антиген (капсид нуклеопротеиді) - барлық құтырық вирустарына ортақ және V-антиген (вирионның сыртқы қабығындағы гликопротеид) вирустың әрбір жеке титріне тән. Соңғы антигенге байланысты құтыру вирустары 4 сереворға бөлінеді. Індет кезінде кездесетін және лабороториялық құтыру вирустарының көпшілігі бірінші сереворға жатады. Басқа сереворлары әзірше тек Африкада бөлініп алынған.
Дерттенуі -Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соғынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Онда жүйке торшалары бүлінген кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті безіне жетеді, бәлкім оларда да өсіп өнеді.
Өтуі мен симптомдары - Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығында, таланған малдың төзімділігіне байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға қарағанда әдетте қысқарақ болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әр түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген
Патологиялық өзгерістер - "Патологиялық өзгерістердің" құтырық кезінде айтарлықтай ерекшеліктері болмайды, клиникалық белгілерімен қарастырғанда ғана айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Өлексені сырттай қарағанда арықтағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді. Басындағы, мойынындағы жүндері сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қан іркілген. Қарыны бос, ет қоректі жануарлардың қарынында жеуге жарамсыз заттар болады.
Емі - Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор.

Құтырған ит

2.2 Пастереллез ауруы
Пастереллез (Pasteurellosis) - жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал жітілеу жэне созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін сүт қоректілер мен қүстардың көптеген түрлері үшырайтын жүқпалы ауру.
Табиғи жағдайда пастёреллалар жануар денесіне тыныс және ас қорыту жолдары арқылы, ал ерекше бір жағдайда ғана зақымданған тері арқылы енеді. Енген орынында микроб өсіп-өніп, сөлмен қанға өтеді де, септицемияның эсерінен көп жағдайда жануарлар 12-36 сағат өткенде өледі. Дерттің өрбіп денеге жайылуына пастереллалардың фагоцитозды тежеуі (аяқ- талмаған фагоцитоз), улы заттардың пайда болуы жэне оның нәтежиесінде капилярлардың жаппай зақымдануына жағдай жасайды. , Бұлардың нэти- жесінде тері асты мен бұлшық еттер арасындағы шел ауқымды мөлшерде домбығуға шалдығып, геморрагиялық диатез пайда болады. Қоздырушы неғұрлым уытты болса, соғұрлым тез өлітиеді. Ауруға төзімді: жануарға уыттыльіғы төмен пастереллалар енгенде өлі тимейді. Қоздырушы кейбір мүшелерде ғана, негізінен өкпеде, орын теуіп, ауру жітіден төмен созылмалы өтеді. Пнемвония крупозды немесе серозды катарлы болады. Ауру өте жіті өткенде пнемвония өрбіп үлгірмейді де. өкпеде тек домбығу мен гиперемия байқалады.

Қоздырушысы- Pasteurella multocida
Өтуі жэне симтомдары. Жасырын кезеңнің үзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін. Жануарлардың эр түрінде пастереллез аса жіті, жіті, жітіден төмен жэне созылмалы өтеді. Сиыр мен буйволда пастереллездің аса жіті түрі кезінде денесінің ыстығы кенеттен 41-42°С көтеріліп , өлі тиюдің белгілері байқалады. Қауырт өрбіген кезде жүрек қызметінің жетімсіздегінен, өкпенің домбығуы мен қак аралас іш өтуден жануар бірнеше сағат ішінде өліп кетеді. Тіпті бұл белгілер білініп үлгермей-ақ малдың өліп кетуі мүмкін. Патереллез жіті өткенде мал күйзеліп, селқостанып, ыстығы 40°С-қа жетеді, не одан да жоғарылайды. Қаңсары қүрғап, суынады, күйіс қайыруын тоқталып, сүті қайтады. Аурудың бас кезінде ішек пен қарыннын қозғалысы, тезек тастауы баяулайды. Кейіннен нэжісі сүйылып, фибрин мен қанды жалқақтар араласады. Кейде танауынан қан ағып, көзі қанталап. жіті конъюнктивит өрбиді, несепте қан болады. Жануарларда өлі тиюдің айқын белгілерімен жүрек қызметінің жетімсіздігі байқалып, 1-2 тэуліктің ішінде өліп кетеді.Ауру үзаққа созылғанда дененің жалпы қызуы көтерілуімен қатар орны шектелген өзгерістер де байқалады. Олардың клиникалық белгілері бойынша пастереллездің домбыққан, көкректегі жэне ішектегі түрлерін ажыратады. Аурудың домбыққан түрінде төменгі жақтарының арасында, әукесінде, төсінде, бауыр тұсындағы тері асты шелдерінде тез арада өршитін, ыстық, басып көргенде ауырсынатын, сықырламайтын домбығу болады. Тілі мен мойыны домбыққанда тынысы қырылдап, қиындайды, шұбатылып сілекей ағады, көзге көрінетін кілегейлі қабыктары көкшілденіп, қанталап тұрады.
Емі. Ауырған жауарды бөліп алып, жылы, қүрғак үйшікке орналастырып, жүмсақ төсеніш төсеп, қүнарлы жемшөппен қоректендіреді. Микробтарға қарсы ем ретінде антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолданады.Пастереллезге қарсы гиперимунды қан сарысуы і ауру жедел өткен жағдайда, уақыт өткізбей, алғашқы белгілері біліне бастаған аурудың бастапқы кезеңінде пайдаланғанда ғана жақсы нәтиже. береді. Оны бүлшық ет ішіне немесе көк тамырға дауалық дозасынан екі есе артық мөлшерде пайдаланады. Сарысуды антибиотиктермен, сульфаниламид жэне симптоматиялық дәрілермен қосып қолданғанда жақсы нәтиже береді. Малдың күй-жағдайын ескеріп емнің курсын толық жүргізу керек. Пастереллезбен :ауырған қүсты емдемейді. Аң өсіретін щаруашылықтарда пастереллез байқалған жағдайда азығының құнарлы болуын ерекше бақылауға алып, тек қана пісірілген азық береді. Емдік жэне дауалық мақсатпен антибиотиктер мен арнайы қан сары суын тағайындайды. Күзен мен саз күзен ауруға шалдыққан жағдайда алдын-ала немесе лажсыз жағдайда майлы вакциналар егіледі.

2.3 Қарасан ауруы және дауалау және күресу жолдары
Қарасан (Gangrena emphysematosa эмфизематозный карбункул) - жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер - Қарасан өте ерте заманнан белгілі, оны ұзақ уақыт топалаңмен шатастырып келді. 1870 жылы Ф.Шабер бұл екі жұқпалы аурудың клиникалық белгілерін талдап, бір-бірінен ажыратты. Қоздырушысының 1887 жылы С.Арлуэн мен Ж.Томас ашты. 1925 жылы Лекленш пен Валлэ вакцина ұсынды. Ауру бүкіл дүниежүзінде байқалды.
Қоздырушысы - Clostridium chauvoei - түзу, аздап иілген таяқша, ұзындығы 2-8 мкм. Ұлпалардан алынған жағындыда жеке дара немесе қосарланып орналасады, қозғалады, жаңа өсіндіде грамоң, ескірген кезде грамтеріс боялады. Өлеске мен сыртқы ортада микробтың ортасында, болмаса шеткерірек орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді, қауашақ түзбейді. Қоздырушысы табиғатта кең тараған, топырақта, көңде, түбі лай су қоймаларында кездеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы, т.б. жануарлардың ішектерінің ішіндегісінен бөліп алуға болады.
Дерттенуі - Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақтайды. Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның нәтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұсақ қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады. Бұның нәтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл ағзаны улайды. Бұдан барып дененің ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың ақыры өлімге соқтырады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер - Егер қарасанға балау тірі кезінде қойылса, қоздырушыны тараптау үшін өлексені союға болмайды. Өлексе газдармен тарсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бұлшық еттерді тілгенде түсі қара қошқылданып, газ көпіршіктері көрінеді, күйген қоңырсық иіс сезіледі. Маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара-қошқыл түсті, қанталаған ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып ұйиды. Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түсті күңгірт сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды. Бауыры ұлғайып, өлі еттенген телімдер пайда болып, газ көпіршіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабықтары әдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады.

Емі - Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана уақытылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады. Пенициллинді 5-9 мың ӘБкг дозада етке 0,5% новокаин ерітіндісімен әрбір 6 сағ. сайын күйі жақсарғанға дейін жібереді. Биомицинді 3-5 күн сайын 3-5мгкг мөлшеріне бұлшық етке, дибиомицинді де осы жолмен 40% глицеринмен жібереді. Соңғы антибиотиктің емдік концентрациясы ағзада 9 күндей сақталады. Қабынған етке бойлата 3% карбол қышқылы немесе лизол, 1-3% сутегінің асқын тотығы, 0,1% калий перманганатын жіберу дерттің бәсеңдеуіне көмектеседі.
Дауалау және күресу жолдары - Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерін суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топырақпен былғанған жемшөп беруге болмайды. Ферма мен жайылым территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жануарларды жарақаттанудан сақтау керек. Сау емес шаруашылықтарда сиыр малын 3 айдан 4 жасқа дейінгі аралықта, қойды 6 айдан жоғары жаста егу қажет. Әдетте жайылымға шығар алдында егеді. Егер жайылым маусымы ұзақ болса 6 айдан соң қайталап егеді. Қарасан жиі байқалатын жерде бұзауларды 2 рет 3 және 6 айлығында егеді.

2.4 Сібір жарасы ауруы және эпизоотологиясы
Сібір жарасы (койда - топалаң, жылқыда - жамандат, ірі карада -караталак, түйеде - ақшелек, карабез) мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы. Онымен адам да (түйнеме, күйдіргі) ауырады. Сібір жарасы кең тараған ауру.
Қоздырғышы. Сыртқы ортаға төзімді келетін таяқша тәріздес, Грам әдісімен, аналин бояуларының барлық түрімен боялатын, капсула түзетін аэробты микроб. Жер қыртысында өсіп-өнеді және спора түзеді. Топалан бацилласы вегетативті түрде сыртқы ортаның әсеріне онша төзімді емес, споралы түрі бұған керісінше өте төзімді же ұзак жылдар бойына тіршілік кабілетін сақтайды. Сойылмаған бітеу өлікте ауру қоздырғышы жаз кездері 1-3 тәулік ішінде кұрып бітеді. Топалаңнан өлген малды сойған кезде оттегінің әсерінен қоздырғышы спораға айналатындықтан мұндай малды жарып көруге қатаң тиым салынады. Спора әр түрлі химиялық заттар мен физикалык құбылыстарға аса төзімді, тіпті ол тікелей түскен күн сәулесінен 4 күнге дейін өлмей, шыдап баска, кайнаған суда 45-60 минутқа, 140 градусқа дейін қызған ауада 3 сағатқа, 1 пайыз формалин мен 10 пайыз күйдіргіш натрий ерітіндісінде 2 сағатқа төзеді. Ол тұздалған теріде де тіршілік ете береді. Ауру қоздырғышы сырткы ортада сапрофит ретінде өмір сүріп, шаң-тозаң, ағынды су, қан сорғыш кенелер аркылы бір жерден екінші жерге ауысып жанадан індет ошағын құрайды.
Эпизоотологиясы. Сібір жарасы өте кең тараған ауру. Оған ірі қара, қой, ешкі, жылқы, бұғы, түйе т.б. сондай-ақ жабайы шөп қоректілер шалдығады. Шошқа сирек, ит пен мысық бацилламен өте көп мөлшерде залалданғанда ғана ауырады. Сақа жануарларға карағанда төл індетке біршама жиі шалдығады. Сібір жарасы - маусымды індет. Ол әсіресе қуаңшылықты жылдары маусым-қыркүйек айларында жиі тарайды.
Ауру қоздырғышы - індетке шалдыққан жануарлардың зәрі, и т.б. аркылы тарайды. Бұл індетпен өлген малдың бүкіл органдары ұлпаларында бациллалар өте көп болады. Осы аурудан өлген хайуандарды сойып ішін жаруға болмайды. Өйткені өлген немесе сойылған малдың терісі, еті, жүні т.б. арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады. Қоздырғыштың таралуына ет қоректілер мен жыртқыш құстар да себепкер болады. Сібір жарасы малға оларды ауру коздырғышымен ластанған жайылымдарға жайып баққанда, шөп, су аркылы тарайды. Індет негізінен жаз айларында өршиді. Малдың ауыз, жұткыншақ, кілегей қабықшаларындағы жарақаттар немесе ас қорыту жүйесіндегі ақаулар аурудың тарауына негізгі себеп болады. Малдың жалпы күйі төмендегенде (ашығу, витамин жетіспеуі, дене қызуының көтерілуі т.б.) олар ауруға шалдыққыш келеді. Індеттің ауа аркылы таралуы да мүмкін. Сонымен катар қансорғыш жәндіктердің (маса, шіркей) де ауру таратуы ықтимал.
Клиникалық белгілері. Аталған аурудың клиникалық белгілері барлық мал түлігінде негізінен ұқсас болады. Соның ішінде қой топалаңын сипаттауды жөн көрдік. Бұл індет койда аурудың клиникалық белгілері білінбейтін жэәе білінетін болып екі түрде жүреді.
Бірінші түрінде қой бірден, 1-2 күнде өліп тынады, ауру өте жіті өтеді, көп ретте ішектер кабынады. Екінші түрінде қой денесінде жара мен тері же тері асты ісіктері пайда болып, індет 5-7 күнге созылады. Әуелгі кезде кой денесінін әр жерінде көлемі онша үлкен емес, ұстап көрсең, мал ауырсынып, қолға қатты тиетін қызулы кайткан ісікке, одан қайтадан ортасы сарғыш катерлі жараға айналады. Топалаңға ұшыраған қой тісін қышырлатып, бағытсыз козғалады, денесі кұрысып, аузынан, мұрнынан, артқы ішегінен қанды көбік ағады. Індет жіті жағдайда малдың қызуы кетеріледі, мал қимылсыз күйзеліп, көз айналасы қанталап, ауыз және тыныс кілегей қабығы көгеріп, қан аралас тышқақтайды, көп ұзамай өледі. Терінің ішкі қабаты сарғыш түстеніп, қанталап, қан тамырлары білеуленіп, лимфа түйіндері ісінеді, көкбауыр өз көлемінен бірнеше есе ұлғаяды. Бауыр мен бүйрек канға толып, жүрек талшыктары босап, ішек, асқазанның ішкі жактары қанталап қабынады. Ауруды аныктағанда оның даму барысы клиникалық және өлексе белгілері, эпизоотологиялық деректер негізге алынады, түбегейлі анықтау үшін микроскопиялық, бактериологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізеді. Топалаң әдетте аса жіті және жіті, сирегірек жітіден төмен өтеді. Созылмалы түрі шошқада кездеседі. Аса жіті топалаң негізінен қой мен ешкіде, сирегірек Жылқы мен сиырда байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалык белгісі байқалып үлгермей-ак, өліп кетеді. Мұндай жағдайда кой ентігіп, дірілдеп-калшылдап, кейде орнында секіріп барып құлайды да, бірер минуттың ішінде өледі. Мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Жылкы мен сиыр еліріп, одан кейін тез басылады. Ентігіп, солығын баса алмай дем алады, тамыры жиі соғып, кілегейлі қабықтары көкішлденіп, дене қызуы 41-42 °С жетеді. Бірнеше минуттан кейін, кейде бірер сағат өткен соң ауырған малдың талықсып, денесі құрыстанып барып жаны шығады. Аурудың жіті өрбуі кезінде сиыр мен жылқыда дененің кызуы көтеріліп (41°С), тыныс алуы мен тамырдың соғуы жиілеп, бұлшык еттері дірілдейді. Мал жем-шөптен калып, ірі қарада күйіс кайтаруын токтатып, сауын сиырлардың сүті кайтады. Жылқының ішегі түйіліп, ірі караның таз қарны кебеді. Кейде іш қатып, не керісінше кан аралас іш өтіп, несепте қан байқалады. Жануар тез әлсіреп, тынысы тарылып, кілегейлі қабықтары көгеріп, канталай бастайды. Жұтқыншақ маңында, мойнында, әукесінде, қарын астында домбығу пайда болады. Аузы мен тілінің кілегейлі қабығында қанды жалқақ байқалады. Ауру белгілері білігеннен соң 2-3 күн өткенде мал өледі. Жан тәсілім кезінде мұрны мен аузынан канды көбік шығады.

Жітіден төмен өрбігінде (6-8 күнге дейін) жоғарыдағы сипатталған белгілері баяулау өрбиді де, октын-октын байқалмай да кетіп, мал жазылып кеткендей әсер туғызады. Бірак артынша оның жағдайы қайтадан нашарлап, ақыры өліммен бітеді. Созылмалы түрде (шошқада) өткенде аурудың негізгі белгісі - жануардың арықтауы. Тек сойылғаннан соң, ұшаны қарағанда, төменгі жактың астында қанды жалкак, жак асты және жұтқыншақ бездерінің қабынуы байқалады, топалаңға күдік туады. Бұл аурудың ангиналық түріне сәйкес келеді, ұзак өрбіген дерт дененің ыстығы аздап көтрілуі, ангина мен фарингит аркылы білінеді. Жануардың алқымы ісіп, жұтынуы қиындап, тынысы тарылады, жөтел пайда болады. Аурудың үзікті түрі кезінде дененің ыстығы аздап көтеріледі де, әдетте мал жазылып кетеді.

2.5 Туберкулез ауруы және қоздырушысы,
емі дауалау күресу жолдары
Қоздырушысы. Туберкулездің қоздырушысы Mycobacterium туыстығына жатады. Бұл туыстыстықта ауру коздыратын микробтын негізгі үш түрі бар: M.tuberculosis (адамды ауыртады), M.bovis (ірі қараны), M.avium (құсты). Сирек кездесетін 4-ші түрі - M.piscium балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың 31 түрі бар деп есептейді. Олардың 18-і қоректік ортада баяу өседі, 10-ы жылдам өседі, ал үшеуі ерекше жағдай қажет ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.

Микобактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері потенциалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі. Микробтың атиптік (телімсіз), яғни әдеттегіден өзгеше түрлерге жатқызылатын бұл түрлері адамды микобактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал жануарларда параллегиялық реакциялар тудырады. Раньоннын жіктемесі бойынша M.avium атиптік микобактерияларға жатады.. Қақырықта 5-6 ай, ірі қараның тезегінде жазғы жайылымда 12 ай, қысқы уақытта 5 ай, кей жағдайда одан да ұзақ сақталады. Ең төзімді түрі - M.avium. Кептіруге, шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді. Туберкулездің қоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ерітіндісі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі (3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады. Қораны зарарсыздандыру үшін хлорлы жэне жаңадан сөндірілген экпен ағартуға болады.
Індеттік ерекшеліктері. Туберкулезге 50-ден астам үй жэне жабайы хайуандар, 20-дан астам қүстар шалдығады, олардың ішіндегі ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі қүнды аңдардан - күзен түрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі (табиғи жолмен жұққанда сирек, қолдан жұққанда жиі ауырады), ит, құстардан - қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы және мысық жатады. Туберкулезге адам аса бейім келеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы - туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шэуетпен бөліп шығарады. Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем, су, төсеніш, көң, т.б жатады. Аурудың жүғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстаған кезде жұғады. Жайыльімда аурудың таралуы сирек байқалады, сөйтсе де егер жаз салқын жэне жауынды болса, туберкулез жайьшымдагы малға да жаппай жұғады. Микобактериялар сау малдың деңесіне ас қорыту жолы және тыңыс жүйесі арқылы енеді. Бүзауға негізі сүтпенен алиментарлық жолмен, ал ересек малға сонымен қатар аэрогендік жолмен жүғады. 'Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жүғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шыққан балапанға трансоворияльдық жолмен де беріледі.
Аурудың тарауына ықпал жасайтын факторларға бағып күту жағдайлары жатады. Етті сиырлар жайылымда ұсталғанда өте аз ауырады. Егер оларды қорада байлап ұстаса ауруға төзімділігі күрт төмендеп, туберкулезге бейімділігі артады. Қорада үстау өзінен өзі туберкулездің себебі болып табылмайды, егер қолдағы малды ретті түрде серуенге шығарып, жайып түрса, онда мал жайылымдағыдай ауруға төзімді келеді.Туберкулезге бейімділіктің тұқым қуалайтындығы жоққа шығарылып келеді, дегенімен Бестужев тұқымы төзімді, керісінше қара ала сиырлар бейімірек. Әдетте туберкулез табындағы малға баяу тарайды да, жаппай жұғу үшін бірнеше ай уақыт өтеді. Оның себебі жасырын кезеңнің ұзақтығы және ауырған малдың барлығы бірдей микроб бөлмейді.
Өтуі және симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі (жұққан сәттен туберкулинге оң реакцияны бергенге дейін) 14-40 күн. Туберкулез әдетте созыл- малы, көбіне көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Сырт көзге ,әсіресе, аурудың бастапқы кезеңінде ауырған малдың сау жануарлардан еш айырмашылығы болмайды. Ауырған малды тек аллергиялық немесе серологиялық тексеру арқылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән зақымдану сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын тексерген сәтте байқалады. Ретті түрде малды тубер- кулинмен тексеріп тұру аурудың бастапқы сатысы кезінде байқауға мүмкіндік тудырады. Туберкулездің клиникалық формасының көзге түсуі аурудың ұзақ уақыт бойы орын алғандығын көрсетеді.
Дерт процесінің денеде орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады, сонымен қатар желіннің, сірі қабықтарының зақымдануы (меруерттену), генитальдік жэне денені жайлаған (генериялизацияланған) түрі кездеседі.
Шартты түрде туберкулездің ашық немесе белсенді және жабық немесе жасырын түрлерін ажыратады. Ашық туберкулез кезінде ауру қоздырудіысы нәжіспен, неееппен, сүтпен, қақырықпен сыртқа бөлініп шығады да, жабық туберкулез кезінде айналасы қабыршықтанған дерт ошақтарынан микроб денеден сыртқы ортаға шықпайды. Ішек, желін, жатыр зақымданған кезде туберкулез процесі әрқашан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бронхопневмонияның белгілері
Дәрістерді өткізу әдістемесі
Өндірістік - технологиялық практикасының есебі
Бастауыш білім беру мұғалімі мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту негізінде Баланың мектептегі алғашқы күндері оқу практикасы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
Паразиттік аурулар
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Дәрілік заттарды егу
Оқу практиканың бағдарламасы
Пәндер