Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны:
Кіріспе . . . 2-6
І - тарау. Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ
дипломатиясы
ІІ. 1 Москва және Тегеран конференцияларындағы
АҚШ дипломатиясы . . . 7-11
ІІ. 2 Қырым конференциясындағы АҚШ-тың
позициясы . . . 12-24
ІІ. 3 АҚШ Потсдам конференциясында . . . 25-58
Қорытынды . . . 57-58
Сілтемелер . . . 59-61
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 62-63
Кіріспе
1941 жылы 22 маусым күні Германия соғыс жарияламастан, Совет Одағына қарсы соғыс қимылдарын бастады. Сол күні-ақ АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельт Кеңес Одағына әскери және материалдық көмек беруге әзір екендігін мәлімдеді. 1941 жылы күзде Москвада АҚШ пен Кеңес Одағының делегацияларының кездесуінде бұл көмек нақтыланды.
1941 жылғы Москва түбіндегі жеңіс, 1942 жылдың аяғындағы Сталинград майданындағы және 1943 жылғы Курск түбіндегі жеңістер АҚШ пен Англия басшыларының Кеңес Одағымен Германияға қарсы күресте Одақ құруға итермеледі.
Соғыс барысында АҚШ, КСРО және Англия басшыларының қатысуымен болған Тегерандағы, Ялтадағы және Потсдамдағы конференциялар жайлы айтқанда олар қандай мерзімде, қандай тарихи кезеңдерінде өткізілгеніне көз жүгіртуіміз керек.
Осы конференцияларды дайындау және оны өткізу үшін қаншама күш-жігер жұмсалды. Оған барудың қиыншылығы, үш елдің: АҚШ, КСРО және Англия басшыларының саяси және әскери мәселелердегі көзқарастарының әртүрлі болуы. АҚШ, КСРО және Англия елдерінің басшыларының қатысуымен болатын 1-ші конференцияны өткізу үшін орын белгілеу кезінде қаншама бас қатыруға тура келді. Американдықтар мен ағылшындар бұл конференцияны Каирде немесе Асмарда, Жерорта теңізінің бір порттарында, Бағдат пен Басраның шет аймақтарының бірінде өткізуді ұсынды. Ал У. Черчилль болса тіпті Кипрде өткізуді ұсынды.
Сталин конференция өткізуге қолайлы деп Иран мемлекетінің астанасы Тегеранды қалады. Оған Тегераннан телефон арқылы соғыс қимылдарымен танысып, нұсқау беріп отыру қолайлы еді. Сөйтіп ұзақ келіссөздердің нәтижесінде конференция өткізуге қолайлы деп Иран мемлекетінің астанасы - Тегеран қаласы белгіленді.
Ялта мен Потсдамдағы конференцияларды өткізу орнын анықтағанда да біраз келіспеушіліктер болып, кейін түсіністіктердің арқасында осы жоғарыда аталған қалаларда өткізу белгіленді. Бұған Кеңес Армиясының Шығыс майданындағы жеңістері себеп болды. Осы жеңістер Кеңес Одағының бүкіл дүниежүзінде беделін айтарлықтай көтерді. АҚШ президенті Рузвельт пен Англияның премьер-министрі У. Черчилль оны мойындауға тура келді. Міне, осы жағдайлар оларды КСРО-мен жоғары деңгейде келіссөз жүргізуге итермеледі.
Одақтастардың аса ірі талқылаған әскери мәселесі - екінші майданды ашу мерзімі еді.
Келісім бойынша екінші майдан 1942 жылы басталуы керек еді. Ал екінші майдан 1942 жылы да, 1943 жылы да ашылған жоқ. Сондықтан да Тегеранда өткізілген конференцияда бұл мәселе негізгі мәселе болып талқыланды. Москва конференциясында бұл мәселе тағы да талқыланды.
Екінші майданды 1944 жылы ашамыз деп келісілді. Англияның премьер - министрі У. Черчилль екінші майданды ашуға асықпады, тек АҚШ президентінің талабымен екінші майдан 1944 жылы ашылды.
«Үлкен Үштік» конференцияларындағы қаралған күрделі мәселелердің бірі соғыстан кейінгі Германияның тағдыры еді. АҚШ және Англия басшылары Германияны бөлшектеп бірнеше республика құруды ұсынды.
Тегеран конференциясында АҚШ пен Англияның басшыларының ұсынысымен Германияны бөлшектеу күн тәртібіне қойылды.
АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельт Тегеран конференциясында Германияны бес және жеке мемлекеттерге бөлу керек деп ұсыныс жасады. Бұл мәселе Қырым және Потсдам конференцияларында да күн тәртібіне қойылды.
Потсдам конференциясында АҚШ және Англия басшылары Ф. Д. Рузвельт, У. Черчилль Германияны үшке: Оңтүстік Германия, Солтүстік Германия және Батыс Германия деп бөлу керектігін ұсынды. Кеңес Одағы бұл ұсынысқа қарсы шықты.
1945 жылы 9 мамыр Жеңіс күні КСРО-ның басшысы И. В. Сталин: «Біз Германияны бөлуге де, жоюға да қарсымыз», - деп мәлімдеді.
Одақтастардың әскери күштерін топтастыруда Ялта конференциясының атқарған рөлі ерекше болды. Соның нәтижесінде Германия мен Жапония әскери күштерін тез арада жоюдың сәті түсті. Кеңес Одағының Жапонияға қарсы соғыс әрекеттерінің мерзімі белгіленді. Совет Одағы өзінің одақтастарына адал екендігін көрсетіп, Жапонияға қарсы соғысты белгілеген мерзімде бастады.
«Үлкен Үштік» конференцияларында аса маңызды саяси мәселелер де қаралды. Соның бірі соғыстан кейінгі Германия тағдыры еді. Қырым конференциясында АҚШ, КСРО және Англияның басшылары Германияның сөзсіз тізе бүгуінің шарттарын белгіледі.
Конференцияда ерекше саяси мәні бар «Азат Европаның декларациясы» қабылданды. Азат етілген мемлекеттер фашистік, ұлтшылдық қалдықтарды жойып, демократиялық негіздерге сүйенген басқару жүйелерін қалыптастыруға мүмкіндік алды.
АҚШ және Англия билеушілері Герман фашистерінің азат етілген елдерде бұрынғы режимдерді сақтап қалғысы келді. Сол мақсаттарын жүзеге асыру үшін конференция мінбелерін пайдаланды.
Тегеран конференциясында Польшаны басқаруға Лондондағы реакцияшылдар бұрынғы Польша басшыларын әкеліп қойғысы келді. Оған Кеңес Одағы үзілді-кесілді қарсы шықты.
Тегеран және Қырым конференцияларында соғыстан кейінгі дүниежүзінде қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау өткір мәселе болып қойылды. АҚШ, КСРО және Англия делегациясының басшыларының көп күш - жігер жұмсауының арқасында өмірге қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтайтын Халықаралық ұйым «Біріккен Ұлттар ұйымы» келді.
Потсдам конференциясында Германияны қарусыздандыру милитаризм мен фашизмді жою, сөйтіп Германия бұдан былай көршілеріне қару жұмсамайтын болатындығы талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сөйтіп тарихқа Ұлы державалар КСРО, АҚШ және Англия «Үштік Одағы» енді.
Сондықтан диплом жұмысының өзектілігі мынадай
Диплом жұмысының мақсаты - Үлкен Үштік конференцияларындағы АҚШ дипломатиясының алған маңызды орны және Ұлттар арасындағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау мақсатында белгілі ұйымның құрылуына атсалысуы, сонымен қатар Халықаралық ынтымақтастықты сақтау мен Халықаралық техникалық, әлеуметтік және экономикалық ынтымақтастықты орнату барысында жасалған еңбектерінің мәнін, сипатын ашу.
Диплом жұмысында мынадай міндеттер өз шешімін табады:
- Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ дипломатиясының басты бағыттары;
- Үлкен Үштік конференциялардың шешіміне АҚШ дипломатиясының тигізген ықпалы;
- Москва конференциясының өту барысы және ондағы АҚШ дипломатиясы;
- Тегеран конференциясы және ондағы АҚШ позициясы.
- Қырым конференциясы және оның шешімдеріне АҚШ дипломатиясының тигізген ықпалы;
- Потсдам конференциясы және ондағы шешімін тапқан мәселелердің мазмұны;
- Германияның сөзсіз тізе бүгіп жеңілуі және оның соғыстан кейінгі тағдырының шешілуіне АҚШ дипломатиясының тигізген ықпалы.
Диплом жұмысы кіріспеден, 1 тараудан және қорытынды, сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тарихнамалық шолу.
І-тарау. Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы
І. 1 Москва және Тегеран конференцияларындағы АҚШ дипломатиясы
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ көптеген халықаралық конференциялар жұмыстарына қатысып, көптеген келісім-шарттар қабылдады.
Америка тарихында мухиттың аржағындағы мемлекеттермен мұндай көп келісім - шарт еш уақытта қабылданған емес еді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ президенті мухиттың аржағына Халықаралық конференциялар жұмысына қатынасу үшін үш рет баруға мәжбүр болды.
1943 жылы 19 қазан - 30 қазан аралығында АҚШ, Совет Одағы және Англия сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Москва қаласында конференция болып өтті.
Москва конференциясы АҚШ, КСРО және Англия үшеуі бірігіп Германия фашистеріне соққы беру және халықаралық бейбітшілікті сақтау үшін Халықаралық Ұйым құру керектігін айтты. Сондай-ақ Европа мәселесімен айналысатын «Европалық консультативтік комиссия» құрды. Италия және Австрия туралы да шешім қабылданды. (1)
Тегеран қаласының 1943 жылы 28 қавраша - 1 желтоқсан аралығында өткен Одақтас үш мемлекет КСРО, АҚШ және Англия басшыларының қатысуымен өткен конференцияның орны ерекше.
Москва конференциясының күн тәртібіне мына мәселелер қойылды:
1. Қысқа мерзімде фашистік Германиямен соғысты аяқтау үшін
мүмкіншіліктерді қарастыру.
2. а) жалпы қауіпсіздікті сақтау туралы төрт ұлт декларациясы.
ә) біріккен үш держава комиссиясын құру.
3. Алжирде әскери-саяси комиссия құру.
4. Италия және Балкан түбегі елдерінің жағдайлары туралы
өздерінің көзқарастарын білдіріп отыру.
5. Күнделікті саяси және экономикалық мәселелерді шешудің
әдістері туралы.
6. Франция туралы.
- Германия және басқа да жау мемлекеттермен қарым-қатынас;
- Соғыстан кейінгі негізгі «Одақтар» мен кішігірім Одақтармен болатын келісім.
- Түркия туралы біріккен саясат.
- Ирандағы біріккен саясат.
- КСРО мен Польша арасындағы қатынас туралы.
- Польша, Дунай және Балкан мемлекеттерінің болашағы туралы.
- Жауласушы елдермен қатынасты бейбіт жолмен шешудің мүмкіншілігі туралы.
- Одақтардың әскери күштерімен азат етілген Одақтар территориясына байланысты саясат.
- КСРО мен соғыстан кейінгі экономикалық қатынас.
- Экономикалық мәселелерді қайта құру.
- Опасыз әрекеттері үшін гитлершілердің жауапкершілігі.
- Әскери ақпарат алмасу туралы.
- Конференция документтерін жариялау туралы (2) .
Конференция барысында мынадай шешімдер қабылдады:
- Жалпы қауіпсіздік туралы декларация.
- Европалық консультативтік комиссия құру туралы.
- Италия мәселесі туралы консультативтік кеңес.
- Италия жөнідегі декларация.
- Азат Францияны басқарудың схемасы.
- Австрия туралы декларация.
- Польша және Дунай мен Балкан болашағы туралы.
- Басқа елдерге жәрдем берудегі біріккен іс-әрекеттер.
- Халықаралық экономикалық мәселелеріндегі атқарылатын іс-жоспарлар.
- Өзара жәрдем беру туралы келісім.
- Опасыз әрекеттері үшін Гитлершілердің жауапкершілігі туралы декларация.
Бұл конференцияда соғыс және бейбітшілік туралы және соғыстан кейінгі жағдайларға жан-жақты баға беріп, тиісті шаралар белгіленді. Тегеран конференциясында Одақтастардың Екінші майдан ашудың мерзімі белгіленді, сондай-ақ соғыстан кейінгі дүниежүзіндегі болатын өзгерістері талқыланып, халықаралық қауіпсіздікті сақтау, бейбітшілікті дамыту, Польша мәселесін біржақты шешу талқыланып тиісті шешім қабылданды (3) .
Сонымен қатар Тегеран конференциясы мынадай шешімдер қабылдады:
1. Югославия партизандарына жан-жақты материалдық-техникалық көмек көрсету.
2. Жылдың аяғына дейін Түркия одақтастар құрамына соғысқа кіретін болуы керек.
3. Егер Түркия мен Германия арасындағы соғыс барысында Болгария Түркияға қарсы соғыс ашатын болса, Кеңес Одағы Болгарияға қарсы тез арада соғыс ашады.
4. «Оверлорд» операциясы 1944 жылы майда басталады.
5. Үш державаның әскери штабтары бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Тегеран конференциясында Иран мемлекеті туралы да мәлімдеме қабылданды. Бұл мәлімдемеде Иран мемлекетінің өзінің территориясы арқылы АҚШ тауарларының КСРО - ға өтуіне жәрдемдесуіне орай Иранға жан-жақты көмек көрсетілетіні шешілді.
1943 жылы 29 қараша АҚШ президенті Кеңес Одағына Қиыр Шығыстағы әскери базаларын Жапонияға қарсы соғысқа пайдалану туралы ұсыныс жасады. Бірақ бұл ұсынысты Совет Одағы қабылдамады.
1943 жылы 29 қараша АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельт Германия туралы Кеңес Одағы ұсынып отырған мәселелерді талқылай келіп, онымен келісетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, Германияны бақылап отыратын күшті орган құру керектігін айтты.
1943 жылы 1 желтоқсандағы мәжіліске Ф. Д. Рузвельт Германияны бөлшектеу туралы ұсыныс енгізді. Ф. Д. Рузвельттің пікірінше соғыстан кейін Германияны бес бөлікке бөлу керек деп мәлімдеді:
1. Пруссия.
2. Гановар және Германияның солтүстік батыс аймақтары.
3. Саксония және Лейпциг аудандары.
4. Гессен провинциясы, Дармштаут, Кассель және Рейн өзенінің оңтүстігіндегі аудандар.
5. Бавария, Бауен, Вюртемберг. (4)
Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке мемлекет болуы керек. Гамбург және Киль аралы аудандарын Біріккен ұлттар Ұйымы немесе төрт держава АҚШ, Англия, КСРО және Франция басқаруы қажет. Рур мен Саар облыстарында Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе бүкіл Европа басқаруы керек, Польша туралы біржақты келісімге келген жоқ. АҚШ президенті Рузвельт бұл мәселеге араласпайтынын мәлімдеді.
И. В. Сталиннің Кенигсберг қаласын КСРО құрамына қосу туралы ұсынысын АҚШ, Англия қолдады. АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельттің ұсыныс бойынша Финляндияның соғысты тоқтату туралы ұсынысын талқылады (5) .
АҚШ президенті Халықаралық қауіпсіздікті сақтау ұйымын құру туралы өз ойын айтты. Ол ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымы болу керек. Ол үш органнан тұрады:
- Біріккен ұлттар ұйымының біріккен елдердің ассамблеясы;
- КСРО, АҚШ, Англия және Қытай мемлекеттерінің біріккен атқару комитеті;
- КСРО, АҚШ, Англия және Қытай мемлекеттерінің полициясы.
І. 2 Қырым конференциясындағы АҚШ-тың позициясы
Қырым конференциясы 1945 жылы 4-11 ақпан аралығында Қырымдағы Ялта қаласының маңындағы Ливадия қалашығында өтті.
Конференцияға КСРО, АҚШ және Англия басшылары қатысты. Конференцияда майдандағы жағдай жан-жақты талқыланып, Германияға қарсы соғыс операцияларын бұдан да күшейту мақұлданды. АҚШ және Англия Қызыл Армияның Германияға қарсы соғыстағы жетістіктеріне қызғанышпен қарап, оны Европаға тереңдеп енуіне қандай болсын кедергі жасамақшы болды.
Қырым конференциясында Үштік Германияның сөзсіз тізе бүгетініне сенді және оны тез арада іске асырудың жолдарын белгіледі. Сонымен қатар соғыстан кейінгі Германияны қайта құру жолдары және оны толық қарусыздандырып, демократиялық қоғам құрудың жолдары қарастырылды (6) .
Одақтастардың Германияны оккупациялап, оған АҚШ, КСРО және Англияның бақылау орнататындығы айтылды. Оккупацияның мақсаты және Одақтастардың бақылау орнатуы, Германияны қарусыздандыру, Германия милитаризмі мен нацизмін жою. Одақтас державалар Германияның барлық қарулы күштерін таратуды бес штабты жоюды, барлық соғыс құралдарын жоюды, соғыс техникасын шығаратын өнеркәсіп орындарын жабуды және барлық әскери қылмыскерлерді жазалауды ұсынды. Барлық нацистік, милитаристік ықпалы бар-ау деген қоғамдық мекемелерді, өнер басқа да салаларды тарату конференция мүшелерінің мақсаты Германия халқын жою емес, тек ұлтшылдықты, милитаризмді тұншықтыру екендігін мәлімдеді.
Европалық Консультативтік Комиссияның жасаған келісім туралы жобасын үш державаның мемлекет басшылары бекітті. Келешекте Германия үш зонаға бөлініп орналасатыны келісуі.
Мемлекеттің жоғарғы басқару функциясы КСРО, АҚШ және Англия әскери күштерінің бас қолбасшыларының билігінде болатындығын мәлімдеді.
АҚШ мемлекеті бүкіл соғыс барысында Францияны Үштік Одақтың құрамында көргісі келмеді. Тек қана Ливадияда АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельт Францияның Германия территориясын оккупациялауға қатысуының мүмкіндіктерінің бар екендігіне келісті және АҚШ президенті Францияны Бақылау кеңесіне кіруіне қарсы болды, бірақ кейін ол ойынан қайтты (7) .
Конференцияда Франция мемлекетіне Германияда оккупациялауға зона бөлінуіне келісім берді. Сондай-ақ Францияның уақытша өкіметі өзінің мүшесін Бақылау кеңесіне жіберілетін болып шешілді.
Бақылау кеңесінің қабылдаған шешімдері төрттік бірауыздан жүзеге асырылатын болып келісілді.
Ол Кеңес Германия үшін маңызды экономикалық саяси және әскери мәселелерді шешуге әр зона қолбасшыларын өзара қарым-қатынаста болуын көздеді.
Одақаралық келісім шарты бойынша және Қырым конференциясының шешіміне байланысты «Үлкен Берлин» Шығыс зона, Кеңес зонасы территориясының құрамындарының нәтижесінде Берлин Кеңес Одағы әскерлерінің күшімен 1945 жылы 4 шілде дейін асып алынды. Ал АҚШ және Англия әскерлер Берлинге 4 июльде басып кірді. Ал Франция әскерлері 12 тамыз кірді.
«Германияны оккупациялау» туралы және «Үлкен Берлинді басқару» туралы келісім бойынша Бүкіл Шығыс зона Берлиннің басқасы Кеңес әскерлерінің қармағында болды.
Ал Берлинде Бақылау кеңесі орналасқандықтан, оны оккупациялау төрт Одақтас мемлекетке жүктелді.
«Үлкен Берлинді» басқару Одақтастар бірлестігінің комендаттық жүйесі атқаратын болды. Оның қызметі Бақылау Кеңесінің қарамағына берілді. Бақылау кеңесі т. б. Германиядағы басқару органдарының жұмысы уақытша еді.
Конференциядағы келелі қаралған мәселе Германиямен есеп айырысу болды. КСРО -ның соғыстан әкелген шығынын Мемлекеттік төтенше комиссия анықтады. Кеңес Одағы осы соғыстың барысында 20 млн. адамынан айрылды. Мұндай адам шығыны бірде-бір мемлекетте болған емес.
Неміс-фашист басқыншылары 1710 қала және 70 мың ауыл мен селоны өртеп, тас талқанын шығарды. 6 млн. Тұрғын үй талқандалып 25 млн. адам баспанасыз қалды.
1950 өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол және 4100 темір жол вокзалдары қиратылды, 98 мың колхоз, 1876 совхоз және 2890 машина трактор станциялары жойылды.
Германияға 7 млн. жылқы, 17 млн. ірі қара, 20 млн. шошқа, 27 млн. қой мен ешкіні айдап кетті немесе сойды. Германияның Кеңес Одағына келтірген тікелей зияны 679 млрд. сом болды. Бүкіл шығын әскери шығынды және халықшаруашығын қосақоса есептегенде 2 триллион 569 млрд. сомға жетті. Совет Одағы Германияға осы шығындардың кейбір бөлігін қайтаруды сұрады. Осы мәселелерді жүзеге асыру үшін Москвада АҚШ, КСРО және Англия елдерінің өкілдері тағайындалды. (8)
Қырым конференциясының барысында АҚШ Кеңес Одағына 20 млрд. сомнан 500 пайызы төленетінін қолдады, ал Англия бұл жобаға қарсы шықты. Кейін АҚШ өкіметі де бұл жобаға көзқарасын өзгертті.
Конференцияда тағы да Германияны бірнеше республикаға бөлу туралы мәселе қаралды.
1944 жылы АҚШ-ты мемлекеттік секретарының орынбасары Уэллес Германияны үш бөлікке бөлу керек деп ұсыныс жасады. Ал Ф. Д. Рузвельттің ұсынысымен Моргентау жасаған жоба бойынша Германияның Саар және Мозель мен Рейн аралығындағы территория Франция құрамына берілетін болды. Рур, Рейн облысы, Киль каналы және оның солтүстік аудандарын басқару «Халықаралық органға» жүктелді (9) .
Ал қалған жерлерді екіге бөлу көзделді. Солтүстік Германия мемлекеті оның құрамына Пруссия, Саксония, Тюрингия және Оңтүстік Германия мемлекеті оның құрамына Бавария, Вюртемберг, Баден т. б. қалалары енетін болып белгіленді. Бұл жоспар көптеген өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы өндірісіне өте қолайсыз болды.
Германияны бөлшектеу мәселесінде конференция барысында бір шешімге қол жеткізудің мүмкіндігі болмады. Сөйтіп оны іске асыру үшін Германияны бөлшектеу туралы арнаулы комиссия құрылды (10) .
Қырым конференциясы Польша мәселесіне ерекше көңіл аударды. Мұнда АҚШ, Англия және КСРО мемлекеттерінің көзқарастары сәйкес келмеді. Талас Польша шекарасын белгілеу барысында өрбіді. Польша өкіметінің құрамы да үлкен дау туғызды. Өйткені АҚШ және Англия Польшаның бұрынғы реакциялық өкіметімен байланысын үзген жоқ еді. Ал КСРО Польша өкіметін басқаруды демократиялық негізде Польшаның өзінде құруды көздеді.
Бірақ АҚШ, Англия бұл жобаға қарсы шықты. Конференция уақытша өкіметтің құрамын өзгертуге мәжбүр болды, оның құрамын Польша демократиялық күштерімен қатар Англиядағы реакциялық бұрынғы өкімет мүшелерінің де өкілдері кірді.
Қырым конференциясы Югославия мәселесімен де айналысты. Югославияда Польшадағыдай мемлекет аппараты демократия өкілдерінің ықпалында болуына қарамай АҚШ пен Англияның ұсынысымен Тито мен Шубашич басқаратын уақытша өкімет құруға келісті. Кеңес Одағы Қырым конференциясында Жапония қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін белгіледі және мынадай үш талап қойды.
1. Монгол халық Республикасының жағдайы.
2. Оңтүстік Сахалинді қайтару Дайренді ,
Порт-Артурды арендалауды қалпына келтіру Қытай Шығыс
және Оңтүстік Маньжур темір жолын пайдалану.
3. Куриль аралдарын Кеңес Одағының құрамына бөлу. Сондай-ақ конференцияда Біріккен Ұлттар ұйымын құру туралы мәлімдеме жасалды. 1945 жылы 25 сәуір Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставын қабылдау үшін конференция өткізу келісілді. (11)
Конференция өткізу «Азат Европа туралы» декларация қабылдады. АҚШ, КСРО және Англия Европадағы тәуелсіздік алған елдерге экономикалық, саяси және т. б. жәрдем беруге міндеттенді. Қырым конференциясы демократиялық құрылыстың жоспарын айқындады.
Қырым конференциясы бүкіл адамзаттың екінші дүниежүзілік соғысты аяқтауының кепілі болды және демократияны дамытудың алғы шарттары жасалынды.
Конференцияны 1944 жылы 21 тамыз күні АҚШ-тың мемлекеттік секретары Корделл Хелл ашты. К. Хелл конференция делегаттарын АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельттің және өзінің атынан шын жүректен ризашылығын білдіріп, Вашингтонға келулерімен құттықтады (12) .
Халықаралық ынтымақтың мақсаты қауіпсіздікті сақтау және бейбітшілікті орнату екендігін атап өтті. Осы мақсатқа жету үшін Халықаралық ұйым құру керектігіне тоқталды. Кеңес Одағы делегацияның жетекшісі А. А. Громыко өз сөзінде бейбітшілікті сақтау және қауіпсіздікті орнату оңай шаруа емес екендігіне тоқталды. Бейбітшілікті орнату және қауіпсіздікті сақтау үшін үлкен күш-жігер керек, ондай күш-жігер жеткілікті екендігіне баса назар аударды.
Англия делегациясының жетекшісі А. Кадоган осы конференцияның өтуіне себепкер болған Кеңес мемлекетіне рахметін жеткізді (13) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz