Қой листериозын балау және күресу шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

Турсунақын Назерке

«Қой листериозын балау және күресу шаралары»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 051201 - Ветеринариялық медицина

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 051201 - Ветеринариялық медицина

Алматы 2016 ж

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Қой листериозын балау және күресу шаралары»

Беттер саны60

Сызбалар мен көрнекті

Материалдар саны 4кесте _

Қосымшалар 10 сурет

Орындаған: Турсунақын Назерке

2016 ж « 16 » мамыр қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі
Төлемісова Ж. К.
Кафедра меңгерушісі: Жетекшісі
:
Төлемісова Ж. К.: Ермагамбетова С. Е.
Кафедра меңгерушісі: Норма бақылау
:
Төлемісова Ж. К.: Мусоев А. М.
Кафедра меңгерушісі: Сарапшы
:
Төлемісова Ж. К.:

Алматы 2016 ж

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

Ветеринариялық медицина мамандығы

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент Турсунақын Н. Б.

Жұмыс тақырыбы: «Қой листериозын балау және күресу шаралары »

Университет бойынша 2016 ж. 26-ақпандағы №116-К бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2016 ж. 16-мамыр

Жұмыстың бастапқы деректері

Турсунақын Назерке Алматы облысына қарасты «Талас» шаруа қожалығында және ҚазҰАУ-дың биологиялық қауіпсіздік кафедрасының бактериозға қарсы биотехнология зертханасында өзінің дипломдық жобасын орындап шықты. Ол шаруашылықтан алынған патологиялық материалдың патологиялық анатомиялық өзгерістерін зерттеді және листериоз қоздырушысын бөліп алды. Бөлініп алынған листериялардың бактериологиялық диагностика арқылы зерттеді. Күресу және алдын алу шараларын қарастырды.

Дипломдық жобада қарастырылатын сұрақтардың тізімі

  • Кіріспе
  • L. monocytogenes биологиялық қасиеттері
L. monocytogenes биологиялық қасиеттері:
  • Қой листериозының клиникалық белгілері және паталогиялық анатомиялық өзгерістері
L. monocytogenes биологиялық қасиеттері:
  • Қой листериозын балау әдістері
L. monocytogenes биологиялық қасиеттері:
  • Қой листериозы кезіндегі иммунитет, спецификалық профилактика және күрес шараларын ұйымдастыру

Графикалық материалдардың тізімі 4 кесте, 10 сурет

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

1. Толысбаев Б. Т., Бияшев Қ. Б. // Микробиология және иммунология// Оқулық. Алматы 2008 493 б.

2. Кіркімбаева Ж. С., Орынтаев Қ. Б. //Малдың жұқпалы ауруларын бактериологиялық балау// Оқу құралы. Алматы, 2011. 247 б.

3. Красноженова Е. П., Бочкарева О. П. // Микробиологическая диагностика инфекционных заболеваний// Уч пособие. Ростов-на-Дону. 2006. 298 с

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Кіріспе
Кеңесші: С. Е. Ермағамбетова
Мерзімі:

Қазан

2015 ж

Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: С. Е. Ермағамбетова
Мерзімі:

Қаңтар

2016 ж

Қолы:
Тарау: Патологиялық анатомиялық балау бөлімі
Кеңесші: Ж. Ж. Кенжебекова
Мерзімі:
Тарау: Тұжырым
Кеңесші: Қ. Б. Орынтаев
Мерзімі: Наурыз 2016 ж
Қолы:
Кафедра меңгерушісі, профессор
Ж. К. Төлемісова
Кафедра меңгерушісі, профессор: Жетекшісі, доцент
:
Ж. К. Төлемісова: С. Е. Ермағамбетова
Кафедра меңгерушісі, профессор:

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент

:
Ж. К. Төлемісова: Н. Б. Турсунақын

Дипломдық жұмысты орындау

ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны: 1.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Арнайы әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан-желтоқсан 2015 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 2.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Зерттеу топтарын құру
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан 2015 сәуір 2016 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 3.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Өзіндік зерттеулер жүргізу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан 2015 ж сәуір 2016ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 4.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Өзіндік зерттеулерді талдау және қорытындылау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Сәуір-мамыр 2016 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 5.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Дипломдық жұмыстың қолжазбасын жетекшіге ұсыну
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Мамыр 2016ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 6.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Мамыр 2016 ж
Ескертулер: Орындалды
Кафедра меңгерушісі, профессор
Ж. К. Төлемісова
Кафедра меңгерушісі, профессор: Жетекшісі, доцент
:
Ж. К. Төлемісова: С. Е. Ермағамбетова
Кафедра меңгерушісі, профессор:

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент

:
Ж. К. Төлемісова: Н. Б. Турсунақын

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
8
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: АНЫҚТАМАЛАР
8: 9
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
8: 10
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР:
8:

КІРІСПЕ

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

11
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 1
8: Қой листериозы тарихи анықтамасы және эпизоотологиясы
14
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 2.
8: Листериоздың биологиялық қасиеттері
15
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 3
8: Қой листериозының клиникалық белгілері және паталогиялық анатомиялық өзгерістері
22
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 1. 4.
8: Қой листериозын балау әдістері
25
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2.
8: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
30
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2. 1
8: Зерттеулердің материалдары мен әдістері
30
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2. 2
8: Зерттеулердің нәтижелері
34
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2. 2. 1
8: «Талас» шаруашылығында қой листериозының індеттанулық мәліметтері және клиникалық белгілері
34
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2. 2. 2
8: Қой листериозының патологиялық анатомиялық балауы
35
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2. 2. 3
8: Қой листериозының зертханалық балауы
38
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 2. 2. 4
8: Листериялардың антибиотиктерге сезімталдығы
48
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 3.
8: Зерттеулердің экономикалық тиімділігі
50
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 3. 1
8: Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
51
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 3. 2
8: ҚОРЫТЫНДЫЛАР
55
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 3. 3
8: ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
56
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 4.
8: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
57
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР:
8: ҚОСЫМШАЛАР
:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды

ТШ ОСЧ 25-6
Дистилденген су
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 17206-84
Дистилденген су: Микробиолгиялық агар
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 20730-89
Дистилденген су: Ет-пептонды сорпа
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 20292-74
Дистилденген су: Сиымдылығы 100, 200 және 1000 мл өлшем колбалары
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 12026-66
Дистилденген су: Сүзгіш қағаз
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 20292-74Е
Дистилденген су: Шыны пипеткалар
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 23932
Дистилденген су: Спиртті шам
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 25336
Дистилденген су: Стакандар В - 1 - 250 ТС
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 25336
Дистилденген су: Воронкалар В - 56 (75) - 80 ХС
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 25336-82Е
Дистилденген су: Лабораториялық шыны ыдыстар
ТШ ОСЧ 25-6: ТШ 480-11-10-73
Дистилденген су: Шыныға жазатын карандаш
ТШ ОСЧ 25-6: МЕМСТ 17206-84
Дистилденген су: Микробиологиялық агар
ТШ ОСЧ 25-6: МЕМСТ 4. 452-86
Дистилденген су: Биологиялық микроскоп - Биолам
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 6672-59
Дистилденген су: 18х18 мм көлемді жабынды шыны
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 6672-76
Дистилденген су: 24х24 мм көлемді жабынды шыны

АНЫҚТАМАЛАР

АНТИГЕН - антидене синтезі қабілетін тудырып, олармен спецификалық әрекеттесетін, организм үшін бөгде жоғарғы молекуларлы органикалық заттар.

АНТИДЕНЕ - антигендердің әсерінен организмде түзілетін спецификалық белоктар.

ГРАМ ТӘСІЛІМЕН БОЯУ - микробиологиялық дәрмектерді грамтеріс және граммоң топтарына ажырататын бояу әдісі

ЗАРДАПТЫЛЫҚ - қоздырғыштардың зардаптылық тудыратын қабілеті.

УЫТТЫЛЫҚ - белгілі штаммның көбею барысында белгілі бір тіршілік иесінде зардапты жағдай туғызатын зардаптылық өлшемін көрсететін сандық деңгейі.

ИДЕНТИФИКАЦИЯ - микроағзалардың белгілі бір түрге, туысқа т. б. жататындығын анықтау, олардың биохимиялық белгілері жиынтығын (морфологиясы, биохимиялық белсенділігі, антигендік қасиеті, малға ауру тудыруы, т. б. ) зерттеуге негізделген.

ИНДИКАЦИЯ - табу, қоздырушыны табу.

ЛИСТЕРИОЗ - жануарларда жүйке жүйесінің зақымдалуымен, септицимиялық құбылыстармен, түсік тастау мен желінсаумен сипатталатын жануар мен адамдардың инфекциялық ауруы.

МОНОЦИТОЗ - қанда моноциттер санының көбеюі.

ШТАММ - өзіне тән қасиеттері жағынан бекітілген, белгілі бір микроорганизмнің немесе вирустардың өсіндісі

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылды:

ҚазҰАУ- Қазақ ұлттық аграрлық университеті

ВҒЗИ-ветеринариялық ғылыми зерттеу институты

ДНҚ-дезоксирибонуклеин қышқылы

РНҚ-рибонуклеин қышқылы

ЕПС-етті-пептонды сорпа

ЕПА-етті-пептонды агар

ЕПБС-етті-пептонды бауыр сорпа

КБР-комплементн байланыстыру реакциясы

ЛАР- латекс аглютинациялық реакция

АР-аглютинация реакциясы

ТЕГАР-тура емес гемагглютинация реакциясы

ПТР-полимеразалық тізбек реакциясы

ИФТ- иммунды ферментті талдау

МЕМСТ-мемлекеттік стандарт

ТЖ-техникалық жағдай

рН- сутегі ионы концентрациясының өлшем бірлігі

л/м 2 -литр мет шаршы

мин-минут

г-грамм

мкг-микрограмм

мл- милилитр

0 С-Цельций градусы

t-температура

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы

Қазақстан ауыл шаруашылығының негізгі міндеті жоғары сапалы және зиянсыз өнім және өндіріске арналған шикізатпен халықты қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл мәселенің шешімін табу, яғни зиянсыз, экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында малдардың өнімділігін жоғарылату, сонымен қатар қысыр қалу мен әр түрлі аурулармен күрес жұмыстарын жүргізу үшін ветеринариялық мамандар күш салу керек. Жақсы зерттелген және эффективті күрес шаралары ұйымдастырылған аурулармен қатар әлі де шаруашылыққа айтарлықтай экономикалық шығындар келтіретін ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы аурулары бар. Осындай аурулардың бірі болып листериоз саналады.

Листериоз (Listeriosis) - жануарларда жүйке жүйесінің зақымдалуымен, септицимиялық құбылыстармен, түсік тастау мен желінсаумен сипатталатын жануар мен адамдардың инфекциялық ауруы. Бұл ауру жас төлдерге энзоотия сипатында болғанда жоғары өлім көрсеткішімен өтіп, айтарлықтай қауіп төндіреді. Листериоз кезінде өлім көрсеткіші 47%, ал жүйкелік түрінде 98-100% болады.

Табиғаты бойынша зооантропонозды ауру болып ғылым қызметкерлерінің және ветеринария және де медицина дәрігерлердің назарын талап етеді.

Балау кезіндегі қиындықтар, клиникалық белгілерінің алуан түрлі болуы, эпизоотологиясындағы және патогенез ерекшеліктерінің көптеген сұрақтардың зерттелмеуі диагностикалау әдістерін жетілдіру және ғылыми негізделген алдын алу және бұл аурумен күресу шараларын ұйымдастыру үшін жан-жақты зертеулерді талап етеді.

Листериозға қой, ешкі, ірі қара мал, шошқа, жылқы, қоян, тауық, үйрек, күрке тауық сезімтал. Бұл аурумен барлық жастағы жануар ауырады, бірақ жас төл және буаз мал өте сезімтал болып келеді. Листериозбен иттер, мысықтар және маймылдар да ауырады. Инфекция қоздырушысының таратушы көзі болып сыртқы ортаға мұрын және жыныс мүшелер ағындылармен, тастанды төлмен, несеп-зәрмен және желінсау кезінде сүтпен листерияларды бөлетін ауру және ауырып жазылған жануарлар, сонымен қатар листериоз ошақтарының пайда болуында маңызды рөл атқаратын сау листерияларды тасымалдаушылар болады. Негізгі қоздырушының табиғаттағы резервуары-көбінесе ауыл шаруашылық жануарлары листериозды су, жем, кемірушiлер ағындылармен жұқтыруына себеп болатынкемірушілер. Листериоздың пайда болуына және таралуына, әсіресе қойлар арасында сүрлемнің рөлі ерекше. Ал жабайы жануарлар арасында листериоз қоздыршысының циркуляциясында кенелер рөл атқарады. Табиғи листериозды жұктыру негізінен мұрын мен ауыз қуысы кілегейлі қабаты, коньюктива, асқазан жолы және зақымдалған тері арқылы жүреді. Листериоз спорадия, сирек эпизоотия түрінде, қойларды маусымды сипатта өтеді. Көбінесі көктем қыс айларында кездеседі бұл берілу механизмінің (листерияларды тасымалдаушы кемірушілердің мал шаруашылығы ғимараттарына және қоймаларына миграциясы) активациясымен және организм телімді емес резистенттілігінің төмендеуімен байланысты.

Листериозға адам да сезімтал болып келеді. Негізгі жұқтыру жолы-термиялық өндеуден өтпеген әр түрлі тағам арқылы. Термотолеранттылық, психрофильдік және басқа да листериялар биологиясы азық тағамдарын ластауына және онда көбеюіне себеп болады. Бұл 1980 жылдары көптеген эпидемиялық және спорадиялық тағамдық листериоздың таралуына әкелді. Жұмсақ ірімшіктер, тез дайындалатын тағамдар (гамбургерлер, хот догтар және т. б. ) аса қауіп төндіреді. Сонымен қатар жанасу арқылы (ауру жануар мен кемірушілер), аэрогендік (тері, жүн өндеу бөлмелерінде, ауруханаларда), трансмисивтік (жәндіктер шаққанда, әсіресе кенелер) жолмен жұқтыру мүмкін.

Ауру жануарларды бағып күтуші, патологиялық материалмен және лабораторияларды культуралармен жұмыс істейтін адамдарда да жиі байқалады. Осындай жағдайды болдырмау үшін жалпы жеке профилактика шараларын қатан сақтау керек.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Біздің зерттеулеріміздің негізгі мақсаты қой листериозын балау әдістерін зерттеу болып табылды. Осыларды ескере отырып келесі міндеттер қойылды:

  1. Алматы облысы шаруашылық жағдайында қой листериозы клиникалық белгілерін және патологиялық анатомиялық өзгерістерін зерттеу.
  2. Листериозға бактериологиялық диагностика жүргізу.
  3. Листериозға қарсы күрес шараларын және алдын алу шараларын құрастырып шаруашылыққа ұсыну.

1. Әдебиетке шолу

1. 1 Қой листериозы тарихи анықтамасы және эпизоотологиясы

Листериоз - клиникалық көріністері полиморфты зооантропанозды ауру. Ауру табиғи ошақты және синантроптылығымен сипатталады. Індет көзі кемірушілер болып табылады.

Листериоз жайлы алғаш мәліметтер 1892 ж осы аурудың теңіз шошқалары және қояндарда, егеуқұйрықтар тәрізді тышқандарда анықталуымен байланысты. (Лусе; Мюррей, Уэбб, Свэн; Пири, Бакулов, 1993ж) . Кейіннен осындай ауру қойларда, сиыр, шошқада, жылқы сонымен қатар адамда кездесетіні туралы публикациялар пайда болды. (Бакулов, 1993; 1999) . Листериялармен коздырылған қойлардың жүйке жүйесінің зақымдалуы жайлы алғаш деректерді Джиль мәлімдеді (1931ж) және бөліп алған микробка Listerella Ovis атауы берілген(1937ж) . Кеңес одағында листериоз алғаш шошқаларда 1934 жылы Киев ветеринариялық институты профессоры Т. П. Слабоспицкиймен тіркелді. Листериозды зертеу тарихында П. М. Свинцов, П. П. Сахарова және Е. И. Гудкова, М. М Халимбетов жұмыстары маңызды болды.

Зелленгир мәліметтері бойынша адамдарда листериоз алғаш Германияда 1951 ж анықталды. «Листериялық инфекция» монографиясында П. П. Сахаров пен Е. И. Гудкова адам мен жануар листериозы жайлы өздерінің көп жылдық зерттеулерінің нәтижелері жазылды [1] .

Алғаш листериоз қоздырушысының атауы Listerella болған, ал 1940 ж Г. Пири бұл микроб атауын Listeria деп, ал қоздыратын ауруды Listeriosis деп атауды ұсынды [2] .

Листериоз мал шаруашылығына айтарлықтай шығын және адам деңсаулығына қауіп келтіретін кең таралған инфекциялық ауру. Бұл аурумен күресу қиындығы қоздырушының биологиясының ерекшеліктерімен және табиғатта патогенді және патогенді емес штамдарының көп болуымен сипатталады. Листериоз келтіретін экономикалық шығын өлім санынының көп болуымен, малдардың өнімділігінің төмендеуімен, түсік тастауымен және ветеринариялық санитариялық және шектеуші шараларға кеткен шығындардың болуымен анықталады [3] .

Соңғы 100 жылда листериоз таралу ареалы шектелген қалыпты зооноздан әлемдегі маңызды тағамдық инфекцияға айналды және айрықша қауіпті бактериологиялық инфекциялар бестігіне енді [4] .

Листериоз 60-қа жуык елде кездеседі және әлемде таралу ареалы айтарлықтай. Жануарлардың бұл ауруға шалдығуы әртүрлі табиғи-климаттық жағдайда жердің барлық континеттерінде кездеседі. Жануарлар арасында қойлар жиірек бұл ауруға шалдығады [5] .

Табиғи жағдайда листериозбен: ірі қара мал, қойлар, ешкілер, шошқалар, жылқылар, үй қояндары, көжектер, түлкілер, тауықтар, шошқа теңіздері, жабайы егеуқұйрықтар, тышқандар және басқа да жануарлардың кейбір түрлерін зақымдайды. Листериозбен тәжірибе жүзінде иттерді, мысықтарды, маймылдарды, кептерлерді, ақ егеуқұйрықтар мен ақ тышқандарды зақымдауға болады. Індеттің таратушы көзі ауру және ауырып жазылған жануарлар (микробтасымалдаушылар) болып табылады. Олар листерияларды сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүт және көден, танаудан, жыныс мүшелерінен аққан сорамен бөліп шығарады. Індетті тышқандар, егеуқұйрықтар және иттер тасымалдайды деген болжаулар бар. Листериоздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп, сумен топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауылшаруашылық малдары үшін ең басты жұғу факторы сүрлем болып табылады, әсіресе, сапасы нашар, қышқылы аз сүрлемде ауаның температурасы төмен, 0°С-тан біраз ғана жоғары жағдайда листериялар зардаптылығын сақтап, өсіп-өне береді. Листериозға белгілі бір аймақта орын тебу және табиғи ошақтылық тән [6] .

Әдетте ауру қоздырушысы малдың денесіне негізінен ауыз арқылы, сонымен қатар, тыныс жолдары, көз конъюнктивасы, зақымданған тері арқылы енеді. Қан сорғыш жәндіктер: кене, бүрге, бит, т. б. қатысуымен трансмиссивтік жолмен жүғуы да мүмкін. Көп жағдайды малдардың листериозға шалдығуына кемірушілердің арасында таралған індет себепкер болады. Организм төзімділігі, сыртқы орта жағдайы листериоздың пайда болуы мен таралуында шешуші роль атқарады. Организм қандай да бір аурумен әлсіреген кезде (мыс, оба, паратиф және т. б. ) листериоз эндогенді індет ретінде пайда болуы мүмкін. Листериоз спорадия түрінде өтеді, кейде эпизоотия түрінде [7] .

Қойларда маусымды сипатта болады, қыс көктем кезінде байқалады, бұл қоздырушы механизмінің активациялануымен және организмнің спецификалық емес резистентілігінің төмендеуімен түсіндіріледі.

Қазақстанда және көршілес елдерде листериозбен басқа малдармен салыстырғанда негізінен қой ауырады да, бұл түліктің ауруға шалдығу көрсеткіші де, өлім көрсеткіші де жоғары болады.

Қазақстанда қойдың листериозы солтүстік облыстардың орманды және далалы аймақтарында жиі байқалады. Бұған табиғи себептермен қатар қоздырушысы үшін қолайлы орта болып табылатын сүрлемді мал азығын пайдалану да әсер етеді [6] .

1. 2. Листериоздың биологиялық қасиеттері

Листериоз қоздырушысы - Listeria monocytogenes грам оң, спора түзбейтін, таяқша тәріздес Listeria туыстығына біріктірілген бактериялар жатады. Бұл топқа 7 түр енеді, олар L. ivanovii, L. innocua, L. welshimeri, L. seeligeri, L. gray, L. murray және бұлардың ішіндегі адам мен жануарға патогендігі жоғары L. monocytogenes жатады [8] .

Қоздырушы бактерияның факультативті - патогенді тобына жатады.

Морфологиясы мен өсінділік қасиеттері. Листериялар ұштары дөңгеленген таяқша (0, 3 - 0, 5 x 0, 5 - 2, 0 р. ) тәрізді. Жағындыда жеке, жұппен немесе V сан түрінде, сонымен қатар бағана түрінде (3 - 4 және көп тізбек таяқша бойынша) орналасады. Қоздырушы полиморфты (жіпше, кокк, вибрион тәрізді) жиі кездеседі. Анилин бояулармен жақсы боялады. С. А. Карпеев өз электронды микроскопиялық зертеулерінде листериялар ұзындығы 0, 8μ ден 1, 8 μ е дейін, ал ені 0, 4-0, 6 μ екендігін анықтаған.

Гартвиг листериялар кокк тәрізді формасына орта жағдайы қолайсыз (кәдімгі ет пептонды сорпа 4 0 С ) болған кезде ауысатынын айтқан. Кейбір авторлар осының нәтижесінде бактериалды сүзгіден өту қабілеті пайда болатынын айтып кеткен.

Ескі културалар Грамм бойынша теріс боялады, бұл бактериялар өлімі мен аутолизге байлынысты. Культура неғұрлым ескі болса онда соғұрлым Грамм бойынша теріс боялған клеткалар көп болады.

Листериялар факультативті микроорганизмдер тобына жатады. Олар анаэробты ортада жақсы өседі (Китта-Тароцци ортасында) және аэробты орта жағдайында тіршілігін сақтап қалады [9] .

Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша листериялар қоректік орталар жөніндегі талаптармен ерекшеленеді. Әсіресі бұл листерияларды өлекседен алғаш бөліп алған кезде айқын білінеді. Өлекседен жай ет пептонды сорпаға себінді жасап листерияларды өсіру қиынға түседі [10, 11, 12] Листерияларды алғаш бөліп алу және оларды ары қарай бактериологиялық зерттеу үшін ең қолайлы орта болып 1% глюкоза мен 2 - 3% глицерин қосылған ЕПС саналады.

Listeria monocytogenes көптеген қоректік орталарда өседі, негізін оларға ет- пептонды сорпа, Хоттингер сорпасы, ет-пептонды агар, картоптан жасалған агар, глюкоза (0, 5-1%), глицерин (2-3%), ашытқы экстракты (10%), қан сарысуы (10%) қосылған милық агар, жүректі-милық агар және де кейбір синтетикалық орталар жатады. Қазіргі уақытта селективті байыту арқылы листерияларды бөліп алу үшін, жаңа қоректік орталар ұсынылған - Fraser сорпасы, Half - Fraseif сорпасы, Oxford - агар, Palcam - агар және т. б.

П. П. Сахаров, И. С. Тартаковский, жэне т. б. айтуынша, листериялар байытылған қоректік орталарда қарқынды өседі, ал қарапайым орталарда олардың өсуі жеткіліксіз болады және де патологиялық материалдардан микробтардың бірінші генерациясын бөліп алу қиыншылыққа соғады. Байытылған ортада бірнеше рет өсірілген листериялар, кейін қарапайым ортларда жақсы өседі деп мәлімдейді [13] .

Жасанды қоректік орталарда листериялардың диссоциациясы байқалады және олар вирулентті S-формасынан вируленттілігі төмен R- формасына ауысады. Таяқшалары ұзын әрі ірі және де көбінесе жіп тәрізді формалар кездеседі; колониялар ірі, аздау мөлдір, кедір-бұдыр және ұштары бұтақты болып сипатталады. Кейбір штамдар өздерінің жылжымалылығынан айырылуы мүмкін [14] .

И. А. Бакулов, Д. А. Васильев листериялардың L-формаларын электрондық-миксроскоппен зерттегенде, цитоплазма тығыздығының жоғарылағанын, рибасомалар санының қысқарғанын, ядро айналасының шайылып кеткенін хабарлайды.

В. И. Гершун бөлме температурасында 4-5 ай сақталган сүрлем жэне сүрлем шырынының сынамаларында листериялардың L-формаларын тіркеген, олардың саны айтарлықтай өсе бастаған [15] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының листериоз ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Бруцеллез ауруы, сақтандыру шаралары
Анаэробты дизентерия ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Бруцеллиоз
Сібір жарасын балау және дауалау шаралары
Ботулизмді балау, сақтандыру шаралары
Қой брадзоты қоздырушысы
Торайлардың ауески ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz