Тағам өндірісінің ағынды суларының экологиялық қауіптілігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Әдеби шолу
1. 1Экология және экологиялық қауіптілік ұғымы . . . 8
1. 2Ағынды сулардың адам денсаулығына зияны . . . 15
1. 3. Ағынды сулар ұғымы . . . 16
1. 4. Тағам өндірісі . . . 17
2 Тағам өндірісінің ағынды суларының экологиялық қауіптілігі . . . 29
2. 1 Ет өндірісінің ағынды сулары . . . 30
2. 2 Сүт өндірісінің ағынды сулары . . . 31
2. 3 Сыра өндірісінің ағынды сулары . . . 32
3 Су қоймаларының ағынды сулармен ластануы . . . 34
4 Ағынды суларды тазалау әдістері . . . 37
4. 1. Механикалық тазалау . . . 41
4. 2. Химиялық тазалау . . . 41
4. 3. Физика-химиялық тазалау . . . 41
5 ҚР экологиялық кодексі бойынша су қоймаларын қорғау . . . 44
5. 1 Суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: « Тамақ өндірісінің ағынды суларының экологиялық қауіптілігі» атты бұл зерттеу еңбегімізде біздің күнделікті тұтынатын тағамдарымыздың жасалу жолындағы пайдаланылған ағынды сулардың табиғатқа және адам денсаулығына қауіптілігін жан-жақты қарастыруға тырысамыз. Тақырыптың өзінен байқап отырғанымыздай, бұл еңбектің негізгі өзектілігі тағам өндірісінде пайдаланылған ағынды сулардың табиғат аясына төгілуінен табиғатқа және табиғат арқылы адам денсаулығына келіп жатқан зардаптарды аша отырып, оларды Қазақстан Республикасының экология туралы заңымен айқындай, экологиялық зардаптың алдын алу шараларын көрсету болып табылады. Осы еңбегіміз арқылы өзіміз өмір сүріп отырған еліміздің табиғатына келіп жатқан зияндарға көзімізді жеткізе отырып, сол жағдайларды болдырмауға немесе апаттылығын төмендету шараларына өз үлесімізді қосуды негізгі міндетіміз ретінде алып отырмыз. Адам мен оның өмір сүріп отырған ортасы, яғни, табиғат бір-бірімен етене байланысты екенін ескерсек, табиғаттың ауруы адамзаттың дертіне ұласуы мүмкін. Міне, бұл зерттеу жұмысының негізгі өзектілігі осына болып отыр.
Тақырыптың зерттеу дәрежесі: Қазіргі кезде экология (қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен бірге) барлық жаратылыстану және техникалық пәндермен тығыз байланыстағы күрделі ғылымдардың біріне айналды. Осы мәселелер мен тақырыбымыздың әлеуметтік және экономикалық мәнділігін ескере отырып, жұмысымызды барынша аналитикалық түрде салыстырулар арқылы зерттеп, жинаған мәліметтерімізді шамамыз жеткенінше жоғарғы дәрежеде сауатты жазуға тырыстық.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Ғылыми-техникалық прогрестің қарштап дамуына орай айналадағы қоршаған елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Мұның өзі барлық тіршілік атауылға әсер ететін қолайсыз факторлармен - ортаның ластануымен кейбір табиғи ресурстардың сарқыла бастауымен сабақтас жүреді. Жер бетіндегі қазіргі адамзаттың санының үлкен көлемде өсуне байлансты тағам өнеркәсібінің алдында үлкен сұрақтар мен қиындықтар туындап отырғаны мәлім. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Біздің зерттеу жұмысымыз тағам өнеркәсібінің қалай дамуын емес, осы өнеркәсіптің біздің қоршаған ортамызға нендей зиян тигізетінін зерттеуге арналған. Оның ішінде тағам өнеркәсібінің ағынды суларының қауіптілігі жайында болмақ.
Адамзат тағамсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал, үлкен масштабтағы тағым өндірістері қоршаған ортаға өз зиянын тигізбей қалып жатқан жоқ. Бұл мәселелер бір шетінен қарағанда порадокс сияқты. Бірақ, қай кезде де шешім бар. Біздің бұл зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты мен міндеті - тағам өнеркәсібінің ағынды суларының экологиялық қауіптілігін зерттеп, қоршаған ортаға келтірер залалдарын төмендету жолдарын іздестіру болып табылады.
Экология проблемасы қысқа мерзімді өткінші науқан емес. Ол мақсатты түрде жүргізілуге тиісті процес екенін ескерсек, аталмыш тақырыбымыз жайындағы білімімізді әрдайым тереңдетіп, кеңітіп отыру қазіргі заман талабы. Сондықтан, табиғатты қорғау жөніндегі іс-әркетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам адамзат үшін қолайсыз зартапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту - баршамыздың қасиетті борышымыз. Ал, өнеркәсіп пен табиғат арасындағы гуманистік қатынастарды сақтап, таразы басын тең ұстату ғалымдарымызға артылған борыш іспетті.
Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемі. «Тағам өндірісінің ағынды суларының экологиялық қауіптілігі» тақырыбында жазылған бітіру жұмысы кіріспе, негізігі бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Негізігі бөлімнің өзі бес тараудан тұрып, оның өзі ішінара он бір тармақшаға бөлінген. Әр тарау мен тармақшаның өзіндік көтерген мәселесі мен толғаныстары бар.
Бітіру жұмысының теориялық және практикалық негіздері. Зерттеу жұмысында тақырып жан-жақты зерттеліп, оның теориялық және практикалық мәніне, негіздеріне баса назар аударылды.
Тақырыпты зерттеу барысындағы термин сөздердің мәнін ашып, оларға жеке-жеке түсіндірмелер жүргізгеніміз, олардың бір-бірімен қатысы мен ара жігін ажыратуымыз бұл жұмысымыздың теориялық негізіне кіреді. Негізгі тақырыбымыз болып табылатын ағынды судың өзінің қазақ экология ғылымында бірізділікке түспегенінің өзі біздің жұмысымыздың біраз тоқырауға ұшырауына себеп болды. Осы себептерге байланысты бұл тақырыпты толықтай зерттеуден бұрын, «ағынды сулар», «ақаба сулар», «қалдық сулар», «сарқынды сулар» деген сияқты әртүрлі терминдерді бірізге түсіріп, оқырман жұртшылыққа теориялық жағынан түсіндіріп өтудің өзі біздің негізгі тақырыбымызды зерттеуімізге біраз қолбайлау болды десе де болады. Әрине, бұл мәселені теориялық жағынан жеріне жеткізіп жаздық деп айта алмаймыз. Бірақ, қазақ экология ғылымының алдына кішігірім сауал ретінде тастаған жайымыз бар. Біздің ғылыми термин сөздеріміздің классификациясына байланысты теориялық мәселелер осылар.
Бітіру жұмысының практикалық негіздеріне келер болсақ - бұл жұмыс келесі осы тақырыпты тереңдете түскісі келетін ізденушілерге жолкөрсеткіш бола алып, тағам өнеркәсібінде жұмыс жасайтын кез-келген адамға ағынды сулардың қаншалықты зиян екенін түсіндіріп, оны залалсыздандыру жолдарын таныта алады деген сенімдеміз.
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Экология және экологиялық қауіптілік ұғымы
Экология терминін грек тілінен тікелей аударатын болсақ үй, тұрақ, тұрғылықты жер туралы ғылым деген мағына береді. Ал, экология сөзінің нағыз ғылыми анықтамасын айтар болсақ экология - «организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты» немесе олардың бір-бірімен байланысынан сипаттамасына ерекше назар аударатын ғылым. Қазіргі кезде экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның арақатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп саналады. Қоршаған ортаны танып білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуы кезінен басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз осы күнде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б жасалған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі Египет, Үнді, Тибет т. б мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологиялық элементтер сонымен қатар көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мысалы: Үнділердің «Махабхарата» жырында (б. э. д VI - II ғғ. ) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі. Елуден астам жан-жануарлардың аттары аталып олардың тіршілік етуі сипатталады. Тіпті қайсібірінің санының аруы жіне кемуі туралы мәліметтер де беріледі. Вабилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп, кейбір мәдени өсімдіктерді егу жолдары көрсетіледі. Ал, Қытайдың (б. э. д ІV - II ғғ. ) жылнамаларында бірқатар өсімдіктердің іріктемелері туралы сөз қозғалып, олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады. Дәл осындай мәліметтер антик дүние ғалымдары Гераклиттің (б. з. б. 530-470), Гепократтың (б. з. б. 460-370), Аристотельдің (б. з. б. 384-322) еңбектерінде келтіріліп, экологиялық факторлар қозғалып таладанады. Мысалы: Аристотель өзінің жануарлардың тарихы деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарлардың атын атап, түсін түстейді. Мінез-құлқына талдау жасайды. Ғылымды дамытудың алғашқы алғы шарттары нақты материялдар жинау мен оны жүйелеудің тұңғыш тәжірибесі осылай жүзеге асады. Теофраст Эрезийский (б. з. б. 372-287) қазіргі Жерорта теңізінің жағалауларындағы кең ауқымды кеңістікте өзі байқаған өсімдіктерге топырақтың және ауарайының тигізетін әсерлерін баяндайды. Философтың бұл еңбегінде сонымен қатар әртүрлі ағаштардың, бұталардың және жартылай бұталардың да қандай топырақта жақсы өсіп-өнетіндігі туралы бірінші рет деректер келтіріледі. Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу біршама тоқырап қалады. Өйткені, бұл кезде құдайға құлшылық етуге едәуір баса назар аударылғандықтан, жаратушыға қарсы шығуға, ол туралы өздерінің ой-пікірін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермеді. Жалпы қоршаған орта мен организмдердің құрылымдық байланысы бар екендігін ешкім ашып айта алмайды. Барлық нәрсе «тек Құдайдың» жаратушы құдіретімен жасалған деген ұғым, көптеген көкірек көзі ашық, көңіл көкжиегі жүйрік адамдардың өзінің қол-аяғын байлап, ерік-жігерін тұсап тастаған болатын. Басқаша ой ойлау, идея насиқаттау былай тұрсын, тіпті ежелгі философ-ғалымдардың еңбектерін оқығаны үшін кейбір адамдарды тірідей отқа өртеудің көрініс табуы осның айғағы болса керек. Бұл кезең осылай мың жылдай уақытқа созылды. Осы уақыт аралығындасаусақпен санарлықтай ғана ғылымдық мәні бар еңбектер жазылды. Олардың да басым көпшілігі Разестің, Әбу Әли Ибн Синаның «Дәрілік шөптердің қасиеттері туралы» айтылған еңбектеріне, Марко Полоның, Афанасий Никитиннің алыс елдердің табиғаты, мәдени өсімдіктері, жан-жануарлары туралы жолжазбаларында көрсетілген түсініктемелеріне, танымдық материялдарына сүйеніп жазылды. Орта ғасырлар дәуірінің соңғы кезеңінде ғана ғылымға жаңа серпін, соны біртұтас жасауға Альберт Великийдің еңбектері қозғау салды. Ол өзінің кітабында өсімдіктердің өсуіне топырақтан басқа күн жылуының да әсері ерекше роль атқаратынын және олардың қысқы ұйқыға кетуі өсімдіктердің өніп-өсуіне, көбеюіне айрықша игі ықпал тигізетіндігін, бұл құбылыстардың бір-бірімен өте тығыз байланыстары бар екендігін ашып көрсетіп берді.
Бұл экология ғылымының қайта қарқын алып келе жатқан кезі болатын. Экология ғылымы ерте кезден пайда болғанымен, бірде бәсең, бірде қарқынды дамығандығы жөнінде А. К. Бродскийдің мынадай пікірі бар: «Білімнің барлық салалары сияқты экология үздіксіз дамып келді. Ол бірде тез, бірде баяу болып отырды. Гиппократтың, Аристотельдің және басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер «экология» деген сөзді білмеген. Бұл салаға «биологиялық қайта өрлеудің» көптеген ұлы қайраткерлері де өз үлесін қосты». [2. 7-б]
Иә, зерттеуші Бордскийдің пікірі біздің жоғарыда айтқан дүниелерімізді бір шегелеп, дәлелдеп бергендей. Экология ғылымында ХІІІ ғасырлардағы Альберт Великийдің қозғау салғанынан кейін не болды?
Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын белігісіз болып келген жерлердің коллонизациялануы әсіресе, биологиялық ғылымның күрт дамуына кең жол ашты. Нақты материялдарды жинақтау мен жүйлеп, сұрыптап көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану ғылымдарының басты шартына айналы. Алайда, соған қарамастан табиғат танушылардың еңбектерінде табиғат туралы метофизикалық көзқарастар басым болуымен қатар, экологиялық факторлар өз орындарын тауып жатты. Бұл еңбектерде өсімдіктер мен кейбір жануарлардың белгілі ортаға бейімделуі баса көрсетіледі. Өсімдіктердің, жануарлардың жерсіну ерекшеліктері, су тасқанының орын алу себептері туралы ой-пікірлер кеңінен қозғалды. Олар бұл еңбектерін сол аймақтағы жан-жануарлардың тарихы деп атады. Танымал ағылшын химигі Р. Бойл (1627-1691) тұңғыш рет экологиялық жағдайларға байланысты тәжірибелерді жүзеге асырды. Ол әралуан жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әртүрлі әсер ететіндігін салыстырмалы көрсеткіштер арқылы дәлелдеп берді. Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жануарлар, өсетін өсімдіктер әлеміне әсер ететіндігін бір сөзбен қорыта айтқанда қоршаған ортадағы жансыз және жанды құрауыштардың өзара тығыз байланысты екендігін XVIII ғасырдағы Ресей ғалымдары да өз еңбектеріне өзек етті. Мысалы, орыстың атақты ғалымы М. Б. Ломаносов «Жер қыртысы туралы» трактатында: « . . . Адамдардың көбісінің табиғатта көргенінің бәрі жаратушының құдіретімен жасалған деп ойлауларыбекер . . . » деп атап көрсетті. Ол «табиғаттағы өзгерістер тек» өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей қатсуының нәтежиесі деп санады. Әр кезеңдегі жануарлардың өлі сүйектерін зерттей отырып, олардың тіршілік еткен табиғи жағдайлары туралы тұжырым жасады. XVIII ғасыр соңы мен XIХ ғасыр басында қоршаған орта құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Олардың еңбектерінде экологияның элементтері жиі-жиі кездесетін болды. Ғылымның дамуының екінші кезеңі ботоникалық-географиялық ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты. Өсімдіктер экологиясының бірден-бір негізін қалаудың мәртебесі биолог-ғалым А. Гумбольдтің (1769-1859) еншісіне тиді. Ол 1807 жылы Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көпжылдың зерттеуі негізінде «Өсімдіктердің географиясы туралы ойлар» деген еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа райының жағдайына, әсіресе температуралық факторға байланысты екендігін жан-жақты ашып көрсетіп берді. Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымдары К. Рульенің (1814-1858), Н. А. Северцевтің (1827-1885), А. Н. Бекетовтың (1825-1902) еңбектерінде одан әрі жетілдіріліп, тереңдетіле түсті. Экология ғылымының одан әрі дамуы ағылшын ғалымы Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық ілімінің негізінде жүзеге асырылды. Оған атақты орыс ғалымдары В. В. Дакучаевтің (1846-1903), В. И. Вернатцкийдің (1863-1945) және тағы басқа да ғалымдардың қосқан үлестері зор. Олардың ішінде В. И. Вернатцкийді ерекше атап өтуге болады. Ол биосфера туралы ілімнің негізін қалап, қазіргі замандағы ғылымның болашағын күні бұрын көре білді. Биосфераны «әлемдік экожүйе» деп танып, оның орнықтылығы мен дамуы экологиялық заңдылықтарға негізделетінін зат тектер мен энергия байланысына байланысты екенін тұңғыш рет ашып көрсетті. Сонымен қатар, В. И. Вернатцкий «ноосфера» концепциясының негізгі қағидаларын да тұжырымдады. Алайда, «экология» деген терминді ғылымға алғаш рет неміс ғалымы Э. Геккель (1834-1910) енгізді. Ол экологияға мынадай анықтама берді: «Экология деп - біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануардың, оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеу деп түснеміз». Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экология шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда - география, геология, ограномия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина - қысқасы ғылымның барлық салаларымен араласып кетеді.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылы қалыптасты. Демек бұл біршама жас ғылым. Сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін бастан кешіріп отыр. Экология ғылымы туралы бұл еңбегімізде жоғарыда да көптеген анықтамалар келтіріп кеткенбіз және мұндай анықтамалар өте көптеп кездеседі. Бірақ, барша халыққа түсінікті болу үшін, анықтаманың қарапайым болғаны жөн. Осы тұрғыдан келгенде экология - организмдердің тіршілік ету жағдайларын жеке организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп қысқа қайыруға да болады. Жалпыға түсінікті тілмен айтар болсақ, экология табиғат пен сол табиғат аясында өмір сүріп жатқан организмдердің арасындағы алтын көпір десек те болады.
Иә, экология ғылымының қысқаша айтып өткендегі тарихы осындай. Ал, қазіргі экономика нені зерттеп, нендей мәселелерді көтереді? Бұрынғы экология мен қазіргі экологияның қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар? «Энциклопедиялық сөздік» қазіргі экология туралы мынадай сөйлемдер келтіреді:
«Осылай қазіргі заманғы экология әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі кешенді болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымының тікелей үдемелі дамуына байланысты болуы да мүмкін». [1. 269-273-б]
Кез-келген ғылым саласы сияқты экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі - таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі - жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын - практикалық маңызы бар бірде-бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.
Экологияның практикалық нәтежиесі ең алдымен табиғатты пайдалану мәселелерін шешуден көрінеді. Тек экология ғана табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құрай алады. Бұл ретте табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтықтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Р. Рихлефс «Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе-көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық. Сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарас үшін адамға тағылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестициттер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы, автомашиналардан шығатын түтін, қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты белгілі фактілермен құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы негізінде жатқан заңдарға тиесілі дәрежеде көңіл бөлмегендігі үшін айып тағылуы тиіс», - [3. 29-б] деп жазады.
Өзіндік табиғи процестердің негізінде жатқан заңдар біздің басты назарымызда болуға тиіс. Дегенмен, оларды талдамас бұрын экология мен табиғатты қоғаудың арақатынасына тоқаталып өткен жөн. Батыс ғалымдары әдетте, экология ғылымы мен қоршаған орта туралы ғылымдарды дербес салалар ретінде қарастырады. Экология организмге әсер ететін сыртқы орта факторларының үш тобын - абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларды зерттейді. Табиғат қорғау болса, үшінші факторды ғана - адамның қоршаған ортаға әсерін қарастырады. Соның өзінде бұл жалпы экологиялық көзқараспен сәйкес келе бермейді. Табиғат қорғау ұғымы антропогендік факторлардың табиғатқа әсерін зерттейтін бөлімнен тарлау да, кеңдеу де.
Антропагендік факторлар дегеніміздің өзі не? Табиғи ортаға адам әрекетінің әсер ететін шаруашылық факторлар жиынтығын - антропогендік факторлар деп атайды. «Антро» сөзінің адам деген мағына берері бәрімізге мәлім. Сол адамдар қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері өте мол: қоршаған ауаның (атмосфераның) құрамы мен қасиетіне, өзендерге, теңіздерге, мұхиттарға, сонымен қатар, жер бетіндегі топырақтарға жай ластау емес, радиобелсенділігі бар заттармен ластау эко жүйелердің құрамы мен құрылымын бүлдіру. Соның ішінде тіпті қоғамға пайдалы көптеген жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылып кетуі. Мысалы: зиянды көмірқышқыл газын жұтып, оттекті мол мөлшерде шығаратын тропиктік ормандардың жойылуы көптеген бинценоздардың қалыпты жүйесінің бұзылуына әкеліп отыр. Көп жағдайларда әлі күнге дейін орман өрттері жиі орын алады. [1. 28-б]
Міне табиғатқа тигізер адамдық, яғни антропогендік факторлар деп отырғанымыз - осы. Жоғарыдағы сөзіміздің бірінде «табиғат қорғау ұғымы антропогендік факторлардың табиғатқа әсерін зерттейтін бөлімнен тарлау да, кеңдеу де» деп кеткен болатынбыз.
Тарлау болатын себебі - әсерлердің кез-келгені емес, нәтежиесінде адамзат қоғамының өмірі үшін белгілі бір мәні болуы мүмкін факторларға ғана қолданылады. Кемдей болатыны - антропогендік факторлардың органикалық әлемге ғана емес өлі табиғатқа да әсері қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz