Жеке аурулар протозоологиясы



1 Жеке аурулар протозоологиясы
2 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Паразитология — паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын, экологиясын және олардың тудыратын ауруларын, паразиттермен күрес шараларын зерттейтін кешенді биологиялық ғылым.
Паразитизм (паразиттік тіршілік ету) биотикалық байланыстардың бірі болып табылады, ол бір ағзаның (паразит) екінші бір ағзаны (иесін) баспана, қорек ретінде пайдаланып зиян кел-тіруі.
Медициналық паразитология адам паразиттерін зерттейтін жалпы паразитология ғылымының бір саласы. Ол, сол сияқты, паразиттерге қарсы күрес шараларын, паразиттер тудыратын ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу шараларын да зерттейді.
Буынаяқтылар типінің көптеген өкілдері адам ауруларынын қоздырғыштары, таратушылары, аралық иелерінде және табиғи резервуарлары болын табылады.Буынаяқтылар жоғары сатылы омыртқасыз жануарлар болып, оларға 1,0—1,5 миллиондай түрлер топтастырылады.
Буынаяктылардың денесі буылтықтарға бөлінген. Буылтықтары бір-бірімен кірігіп дене бөлімдерін - бас, көкірек, құрсақ пайда етеді.
Буынаяқтылардың аяқтары да буылтыктардан тұрады. Аяқтарының қызметі түрліше — олар тек қана қозғалу қызметін атқарып қоймай, сол сиякты сезу, ауыз аппараты, қорғаныс және шабуылдау қызметгерін де атқарады.
Денесі хитин кабатымен қапталған. Хитин сыртқы қаңқа, қорғаныс кызметерін аткарады. Бұлшықеттері көлденең жолақты болып күшті және әр түрлі қимыл-қозғалыстарды камтамасыз етеді.
Дене қуысы аралас немесе миксоцель күйінде. Эмбриогенез барысында бірінші болып алғашқы дене қуысы қалыптасады, сосын соңғы дене қуысы пайда болады, бірақ алғашқы дене қуысы толық жойылмай шамалы бөлігі болса да сақталынып қалады. Мұндай дене қуысын аралас дене қуысы деп атайды.
Медициналық протозоология адам және жануар үшін инвазия қоздырғышы болып саналатын қарапайымдылардың морфологиясын, биологиясын, тіршілік циклын, экологиясын, сонымен қатар олар тудыратын аурулардың клиникалық көріністерін, патогенезін, эпидемиологиясын (эпизоотологиясын), диагноз қою әдістерін, емдеу және алдын алу шараларын зерттейді.Қазіргі кездегі жіктеу (классификация) бойынша қарапайымдылардың 70 000 түрі бар, ал олардың 10 000 –нан астам түрлері паразиттік тіршілік етеді. Қарапайымдылардың 50 –ден астам түрлері адамдардың спецификалық паразиттері болып табылады, және де ондаған түрлері адамдардың факультативті паразиттеріне жатады.
1. Биология и общая генетика Учебник. Пехов А.П. – М., 2006.
2. Медицинская биология и генетика / Под. редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, 2004
3. Медицинская паразитология Е.Н.Барышников, - М., ВААДОС – 2005
4. Молекулалық биология және генетика Д.Н. Иманова, С.Қ. Қоштаева, М.Н. Турабеков, Г.П. Шынпейсова, А.А. Исмаилова Түркістан 2012ж
5. Гугл парақшалары.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жеке аурулар протозоологиясы

Паразитология -- паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын, экологиясын және олардың тудыратын ауруларын, паразиттермен күрес шараларын зерттейтін кешенді биологиялық ғылым.
Паразитизм (паразиттік тіршілік ету) биотикалық байланыстардың бірі болып табылады, ол бір ағзаның (паразит) екінші бір ағзаны (иесін) баспана, қорек ретінде пайдаланып зиян кел-тіруі.
Медициналық паразитология адам паразиттерін зерттейтін жалпы паразитология ғылымының бір саласы. Ол, сол сияқты, паразиттерге қарсы күрес шараларын, паразиттер тудыратын ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу шараларын да зерттейді.
Буынаяқтылар типінің көптеген өкілдері адам ауруларынын қоздырғыштары, таратушылары, аралық иелерінде және табиғи резервуарлары болын табылады.Буынаяқтылар жоғары сатылы омыртқасыз жануарлар болып, оларға 1,0 -- 1,5 миллиондай түрлер топтастырылады.
Буынаяктылардың денесі буылтықтарға бөлінген. Буылтықтары бір-бірімен кірігіп дене бөлімдерін - бас, көкірек, құрсақ пайда етеді.
Буынаяқтылардың аяқтары да буылтыктардан тұрады. Аяқтарының қызметі түрліше -- олар тек қана қозғалу қызметін атқарып қоймай, сол сиякты сезу, ауыз аппараты, қорғаныс және шабуылдау қызметгерін де атқарады.
Денесі хитин кабатымен қапталған. Хитин сыртқы қаңқа, қорғаныс кызметерін аткарады. Бұлшықеттері көлденең жолақты болып күшті және әр түрлі қимыл-қозғалыстарды камтамасыз етеді.
Дене қуысы аралас немесе миксоцель күйінде. Эмбриогенез барысында бірінші болып алғашқы дене қуысы қалыптасады, сосын соңғы дене қуысы пайда болады, бірақ алғашқы дене қуысы толық жойылмай шамалы бөлігі болса да сақталынып қалады. Мұндай дене қуысын аралас дене қуысы деп атайды.
Медициналық протозоология адам және жануар үшін инвазия қоздырғышы болып саналатын қарапайымдылардың морфологиясын, биологиясын, тіршілік циклын, экологиясын, сонымен қатар олар тудыратын аурулардың клиникалық көріністерін, патогенезін, эпидемиологиясын (эпизоотологиясын), диагноз қою әдістерін, емдеу және алдын алу шараларын зерттейді.Қазіргі кездегі жіктеу (классификация) бойынша қарапайымдылардың 70 000 түрі бар, ал олардың 10 000 - нан астам түрлері паразиттік тіршілік етеді. Қарапайымдылардың 50 - ден астам түрлері адамдардың спецификалық паразиттері болып табылады, және де ондаған түрлері адамдардың факультативті паразиттеріне жатады.

Адам ағзасында 50-ге жуық қарапайымдылар өмір сүріп, көбейе алады және ауыр науқастар тудырады (безгек, лейшманиоздар, лямблиоз, амебиаз, токсоплазмоз, балантидиаз, пневмоцистоз, трипаносомоздар, трихомоноздар және т.б). Олар адамның әр түрлі ағзалары мен тіндерінде (қанда, ішекте, орталық жүйке жүйесінде және т.б) паразиттік тіршілік етеді.Адам организмінде өмір сүретін қарапайымдылардың басым көпшілігі әр түрлі буынаяқтылар арқылы (масалар,қарапайым шыбындар, бәкене шыбындар, це-це шыбындары және т.б) беріледі. Сондықтан олардың кейбіреулері табиғи-ошақтық инвазиялар қатарына жатады. Олардың бір қатарлары ластанған ауыз су, тағам, кір қол арқылы жұғады. Қарапайымдылардың адам патологиясындағы алатын орны мына деректерден белгілі: тек қана безгектен жер шарында 1,5 млн-ға жуық адам қайтыс болады. Қазіргі уақытта АИВ-инфекциясына байланысты қарапайымдылар тудыратын көптеген инвазиялар (токсоплазмоз, пневмоцистоз т.б) ЖИТС-пен біріккен аурулар түрінде ерекше маңызға ие болып отыр.
Саркодылар класына жататын қарапайымдылардың адамға патогендісі Entamoeba histolytica, ол амебалық дизентерияны (амебиаз) тудырады. Талшықтылар класынан медициналық маңызы бар өкілдер: трипаносомалар (трипаносомоздар), трихомонадалар (трихомониаздар), гексамидтер (лейшманиоздар, лямблиоз, ұйқы ауруы және т.б). Споралылар класынан: безгек қоздырғыштары (Plasmodium) және токсоплазмоз, пневмоцистоз, саркоспоридиоз, кокцидиоз т.б ауруларын тудыратын қарапайымдылардың маңызы күшті.
Кірпікшелілер немесе инфузориялар класынан балантидиаз қоздырғышы - Balantidium coli адам паразиті болып табылады
Қарапайымдылар, жоғарыда айтылғандай, адам организмнің әр түрлі ағзалары мен жүйелерінде паразиттік өмір сүреді. Ішекте - дизентерия амебасы (амебиаз қоздырғышы), лямблиялар (лямблиоз қоздырғышы), трихоманадалар (ішек трихомониазының қоздырғышы), балантидиялар (балантидиаз қоздырғышы), кокцидиялар (кокцидиоз қоздырғышы) жатады. Несеп-жыныс жүйесінде - трихомонадалар, токсоплазмалар (несеп-жыныс трихомониазы мен токсоплазмоздың қоздырғыштары) тіршілік етеді.
Қарапайымдылардың жеке түрлері бір-бірінен биологиялық қасиеттері бойынша ажыратылады.Қарапайымдылар жасушасы жеке дара - бүтін организм қызметін атқарады, ал көпжасушалы жануарлар жасушасы бір бүтіннің бөлігі ғана, олар тәуелді және тек арнайыланған қызмет атқарады.Қарапайымдылардың әр түрлі қызмет атқаратын дене бөліктерін - органеллелар немесе органоидтар деп атайды.

Қарапайымдылардың әр түрлі типтерінде қозғалыс органеллелар қызметін жалған аяқтар (псевдоподийлер), талшықтар, кірпікшелер атқарады. Ас қорыту органоидтары ас қорыту вакуольдерінен тұрады. Кейбір қарапайымдылардың денесінде жиырылғыш (пульстеуші) вакуолдері бар, олар өзіндік реттелу, ыдырау өнімдерін шығару, тыныс алу органоидтарының рөлін атқарады.Қарапайымдылар әр түрлі жолдармен, соның ішінде жыныстық жолмен көбейеді (копуляция - жасушалардың қосылуы, тұқым қуалаушылық материалдарының алмасуы - конъюгация).
Көпшілік қарапайымдыларға тән сипат - күрделі тіршілік циклінде трофозоит сатысына өтуі. Көптеген қарапайымдылар қолайсыз жағдайларда цисталар түзеді, яғни қозғалмайтын дөңгелек пішінге ие болады, зат алмасу процестері баяулайды. Цисталық кезеңде паразитті құрғақтанудан, қолайсыз температура және зиянды заттардың әсерінен сақтайтын қатты қабықша қаптайды. Цисталар қолайлы жағдайларда ыдырап, вегетативті түрлерге ауысады. Олар қозғалады, қоректенеді және басқа да тіршілік қызметтерін атқарады.Қарапайымдылардың тітіркенгіштігі таксис түрінде көрінеді.Қорегін жұту көбіне фагоцитоз жолымен атқарылады. Кейде органикалық заттар осмостық құбылыс нәтижесінде сіңіріледі, ал кейбір еркін тірішілік етуші қарапайымдыларда хлорофилл бар және олар фотосинтез жолымен аутотрофты қоректене алады.
Саркодылар (Sarcodina)
Амебалар Sarсomastidophorae типіне, Sarcodina класына, Ameobiada отрядына жатады. Амебалардың көпшілігі қоршаған ортада, кейбіреулері адамдар мен жануарлардың организмінде тіршілік етеді.Жасушасының пішіні тұрақты емес; өзгеріп отыратын өскіндер - псевдоподиялар (аmeobа - гр өзгеру) түзіп қозғалады. Бактериялармен және майда қарапайымдылармен қоректенеді. Жыныссыз жолмен (екіге бөлінумен) көбейеді. Қолайсыз жағдайда цисталар түзеді. Амебалардың патогенді және патогенсіз түрлері болады.
Патогенді амебаларға дизентериялық амеба(Entamoeba histolytica), еркін тіршілік ететін амебалар - неглериялар (Naegleria туыстастығы), акантоамебалар (Acanthameba туыстастығы) және гартманеллелар ( Hartmanella) туыстастығы жатады.Адамдардың тоқ ішегінде патогенсіз амебалар (Entamoeba coli ), Гартман амебасы (Entamoeba hartmanni) және т.б мекендейді.Ауыз қуысында қалыпты жағдайда, көбінесе ауыз қуысындағы патологиялық процестер кезінде Entamoeba gingivalis табылады.
Амебиаз қоздырғышы.
Амебиаз - қоздырғышы саркодылар класына жататын, нәжіс-ауызды механизммен берілетін антропоноздық ауру, қоздырғыштар ішекте паразиттік тіршілік етеді, тоқ ішектің зақымдалуымен, әр түрлі ағзаларда абсцестің дамуымен (іріңдеп қалталану), созылмалы қайталамалы өтуімен сипатталады.
Қоздырғыш таксономиясы.Қоздырғышын 1875 жылы орыс ғалымы Ф.А. Леш ашқан, Sarcomastigophorae типіне, Sarcodina класына, Ameobiada отрядына жатады. Туыстастығы - Entamoeba, түрі - Entamoeba histolytica.
Морфологиясы. Қоздырғыш дамуының екі сатысын ажыратады : вегетативтік және цисталық. Вегетативтік сатысының бірнеше түрі бар: үлкен вегетативтік (тіндік) - forma magna; кіші вегетативтік (ішек ішілік) - forma minuta; циста алдылық және цисталық.Циста (тыныштық жағдайда) - диаметрі 9-16 мкм, оваль пішінді. Жетілген цистаның 4 ядросы, ал патогенсіз амебаның ( E.coli) цистасында 8 ядросы болады.Ішек ішілік түрі - қозғалмайды, мөлшері 15-20 мкм; зиянсыз комменсал ретінде тоқ ішектің жоғарғы бөлімінде мекендейді, бактериялармен және детриттермен қоректенеді.Үлкен вегетативтік түрі - тиісті жағдайда кіші вегетативтік түрден пайда болады. Ол өте ірі (30 мкм - дей), псевдоподиялар ( жалған аяқтар) түзіп әртүрлі қозғалыстар жасайды. Эритроциттерді фагоциттейді (жұтып алады). Амебиаз кезінде науқастың жаңа нәжісінен табылады.
Дақылдандыру. Қоздырғышты қоректік заттарға бай орталарда өсіруге болады ( Баламут, Павлова, Рис, Бек және т.б қоректік орталарында).
Резистенттілігі . Организмнен тыс жағдайда вегетативтік түрлері жылдам (30 мин) өледі. Цисталары (цистотасымалдаушылар тәулігіне 8 млн-дай циста бөледі) қоршаған ортада төзімді, 20° С температурада су және нәжісте 1 айға дейін сақталады. Тағамдық өнімдерде, көкөніс және жемістерде бірнеше күн сақталады. Қайнатқанда жылдам қырылады.
Эпидемиологиясы. Амебиаз - антропонозды ауру; жұқтыру (инвазия) көзі - адамдар. Берілу механизмі - фекальді - оральді жол. Тағамдық заттар, әсіресе көкөніс және жемістер, сирек жағдайда су, тұрмыстық заттар арқылы жұғады. Жыныстық қатынас (оральдық, анальдық) кезінде де жұғуы мүмкін.
Шыбындар және таракандар цисталарын таратуға әсер етеді. Көбінесе 5 жастан асқандар ауырады. Тропикалық және субтропикалық елдерде ең көп науқастанушылық байқалады.
Патогенезі және клиникалық белгілері.Ішек жолына түскен цисталардан амебаның қуыстық түрлері пайда болып, ауру қоздырмай тоқ ішекте мекендей алады. Организмнің резистентілігі төмендегенде амебаның тіндік түрлері ішек қабырғасына еніп көбейе бастайды да, ішек амебиазы дамиды. Олардың өсіп -өніп көбеюіне ішек микрофлорасының кейбір өкілдері әсер етеді.

Тіндік түрінің трофозоидтары жалған аяқтар (псевдоподиялар) түзу нәтижесінде қозғалыс қабілетке ие болады. Олар тоқ ішек қабырғасына еніп коагуляциялық некроз қоздырады; эритроциттерді фагоциттеу қабілеттілігіне ие болады (эритрофагтар), адамдардың жаңа бөлінген нәжісінен табуға болады. Некроз кезінде айнала шеті қазылған кратер тәріздес ойық жаралар пайда болады. Ішек амебиазы кезіндегі негізгі клиникалық белгілері: үлкен дәреті (стул) қан араласқан түрінде жиі келеді; күшену, организмнің сусыздануы (дегидратация) болады. Нәжісінде ірің, кілегей, кейде қан табылады.Амебалар қанмен бірге айналып бауырға, өкпеге, бас миына түседі, нәтижесінде ішектен тыс амебиаз дамиды. Терілік амебиаз кезінде анус айналасында, бұтаралық аймақта эрозиялар және шамалы ауыратын жаралар пайда болады.Амебиаздың клиникалық көріністері айқын емес, симптомсыз түрлері жиі кездеседі.
Амебиаз кезінде болуы мүмкін асқынулар: ішек қабырғасының тесілуі, ішек бітеліп қалуы, іріңді перитонит, плеврит, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, перикардит, жыланкөз (свищи) болуы мүмкін.Иммунитеті тұрақсыз, негізінде жасушалық иммунитет дамиды.
Микробиологиялық диагноз қою. Науқастан зерттеу үшін алынатын заттар: жаңадан алынған нәжіс, қақырық, абсцесс бөлінділері, анус айналасындағы және бұтаралық аймақтағы жаралардан сүрінді, қан сарысуы, патологиялық материалдар т.б.Микроскопиялық әдіс(копроскопия) - негізгі әдіс. Физиологиялық ерітіндімен сұйытылған нәжісті Люголь ерітіндісімен немесе метиленді көк бояумен өңдеп микроскопта қарайды. Эритроциттерді жұтқан вегетативтік тіндік түрі табылса сенімді диагноз қояды.Дақылдық (паразитологиялық) әдіс бойынша тиісті қоректік орталарға сеуіп таза дақылын бөліп алады (сирек қолданады).Биологиялық әдіс - биоматериалдармен 2-3 апталық егеуқұйрықтарға, теңіз шошқасына, мысықтарға жұқтырады.Серологиялық әдіс - негізінде қос (парные) сарысулармен ПР, ЖГАР, ИФТ, ИФР, ПЦР реакцияларын қолданады. Серологиялық реакциялармен ішектік амебиаздың 75-80%, ол ішектен тыс амебиаздың 95% -ын дәлелдейді.
Емдеуі.Амебиаздың клиникалық түрлеріне қарай этиотропты және патогенетикалық (симптоматикалық) емдеу тәсілдері қолданады. Емдеу үшін пайдаланылатын препараттар: метронидазол, мексаформ, осарсол, ятрен, дийодохин, делагил, фурамид, интестопан, парамицин,тинидазол, орнидазол, секнидазол, тетрациклин+хлорохин, дилоксанид фуроаты, дигидроэмиктин т.б

Алдын алуы амеба тасымалдаушыларды, циста бөлушілерді дер кезінде анықтап нәтижелі емдеуге, жалпы санитарлық шаралар жүргізуге негізделген.
Талшықтылар (Flagelleta).
Талшықтылардың шамамен 6-8 мыңдай түрлері белгілі. Барлықтарында бір, екі және одан да көп талшықтары бар. Талшықтар әдетте денесінің алдыңғы жағында орналасады. Талшық - цитоплазманың түк тәрізді өсіндісі. Электронды микроскоп арқылы оның өзара өрілген жіңішке жіпшелерден тұратыны көрінеді. Талшық эктоплазмада орналасқан базалды денешіктерге бекітіледі. Егер талшықтар саны көп болса, онда біреуі артқа бағытталған болуы мүмкін. Кейде онымен пеликуланың арасында толқынды цитоплазмалық жарма түзіледі, ол ундулярлы мембрана деп аталады. Дене пішіні әдетте тұрақты болады.Талшықтылар - гетеротрофтар. Кейбір еркін тіршілік етушілер аутотрофты қасиетке ие және миксотрофты болады. Көпшілігі теңіз және тұщы суларда тіршілік етеді. Көбі паразиттік тіршілік етуге көшкен. Медицина үшін маңыздысы - адам денесінде паразиттік тіршілік ететін талшықтылар (лейшманиялар, лямблиялар, трипаносомалар, трихомонадалар).
Лейшманиоз қоздырғыштары.
Лейшманиоздар - қоздырғыштары трансмиссивтік жолмен берілетін адам мен жануарлардың табиғи-ошақтық тропикалық аурулары, ішкі ағзаларды (висцеральдық лейшманиоздар)немесе тері мен шырыш қабаттарын (тері лейшманиоздары) зақымдауымен сипатталатын инвазия тобы.
Таксономиясы. Терілік лейшманиоздың қоздырғышын 1897 ж. Ташкентте Ресей дәрігері П.Ф. Боровский ашқан, ал висцеральдық лейшманиоз қоздырғышын У. Лейшман (1900) және Ш. Донован ашқан. Лейшманның құрметіне қоздырғыш -лейшмания, ол қоздыратын ауру - лейшманиоз деп аталды.Лейшманиоздардың қоздырғыштары Sarcomastigophoraе типіне, Mastigophora типшесіне, Zoomastigophora класына, Kinetoplastida отрядына, Leischmania туыстастығына жатады.Сүтқоректілерге жұғатын 30 түрінің 21-і адамдарда ауру қоздыра алады. Leischmania туыстастығына жататындарын үлкен төрт топтарға бөледі.L.donovani тобы (түр тармақтары donovani, infantum, archibaldi, chagasi) - Еуропалық висцеральдық лейшманиоздардың қоздырғыштары.L.tropica тобы ( түр тармақтары tropica: minor,major) - тері лейшманиоздардың қоздырғыштары.L.mexicana тобы (түр тармақтары mexicana, amazonensis, pifanoi, venezuelensis, garnhami) - Америкалық терілік лейшманиоздардың қоздырғышы.L.braziliensis тобы (түр тармақтары braziliensis, guyanensis, panamensis) - Жаңа құрлықтың тері-шырыш лейшманиоздарының қоздырғышы.

Морфологиясы. Лейшманиялар макрофагтарда немесе ретикулоэндотелиалды жүйенің жасушаларында дамитын, жасушаішілік паразиттер. Екіге бөліну әдісімен көбейеді. Жыныссыз дамудың екі циклы болады: талшықты (промастиготты) және талшықсыз (амастиготты).Талшықты цикл кезінде паразиттер қоректік орталарда немесе науқас адамдар мен ауырған жануарлардың қанын сорған бәкене шыбындардың (москиттер) ішек жолында дамиды. Бәкене шыбын жұтқан амастиготтар оның ішек жолында промастиготтарға айналады, көбейе бастайды, 6-8 тәуліктен кейін бәкене шыбынның жұтқыншағында шоғырланады.Қоздырғыштың пішіні - ұзынша ұршық тәріздес,; көлденеңі бойынша мөлшері -5 мкм, ұзындығы -10-20 мкм. Протоплазмасында ядро, волютин дәндері, кинетопласт болады. Үшкір шетінен басталатын талшықтары лейшманиялардың қозғалысын қамтамасыз етеді.Талшықсыз циклы лейшманиялар жұққан организмнің бауырындағы, көкбауырындағы, лимфа түйіндеріндегі ретикулоэндотелиалдық жасушаларында, макрофагтарда өтеді. Паразиттердің пішіні дөңгелекшелеу, талшықтары жоқ; Романовский - Гимзе әдісімен бояғанда цитоплазмасы қоңыр - көкшіл, ал ядросы және кинетопласт - күлгін - қызыл түсті болады.Дақылдандыру үшін NNN (авторлардың фамилясының бірінші әріптеріне сәйкес - Николь, Нови, Ниль) қоректік ортаны пайдаланды (құрамы: ЕПА+қоянның дефибринделген қаны). Лейшманиялар тауық эмбрионының хорион - аллантойсты қабатында және жасуша дақылдарында да өсіп- өнеді. Зертханаларда ақ тышқандарға, аламан - тышқан және маймылдарға жұқтыру әдісі де қолданылады.
Эпидемиологиясы. Бұл індет жылы және тропикалық климаты бар елдерде таралған. Қоздырғыштың берілу механизмі - трансмиссивті, яғни тасымалдаушы бәкене шыбындар арқылы жұғады.Қоздырғыштың негізгі жұғу көздері: зоонозды терілік лейшманиозда - құмтышқандар және басқа да кеміргіштер; висцералды лейшманиозда - адамдар (индиялық висцеральды лейшманиоз кезінде ) немесе иттер, түлкілер, шибөрілер, кеміргіштер (жер орта теңіздік висцералды лейшманиоз кезінде); терілік - шырышты лейшманиозда - кеміргіштер, жабайы және үй жануарлары.
Патогенезі және клиникалық көріністері. Терілік лейшманиоздың екі түрін ажыратады: L.tropica - антропонозды лейшманиоздың қоздырғышы және L.major - зоонозды терілік лейшманиоздың қоздырғышы.Антропонозды терілік лейшманиоз (кешігіп жара шығатын лейшманиоз, қалалық түрі) бірнеше айға созылатын жасырын кезеңімен сипатталады. Бәкене шыбын шаққан жерде төмпешік пайда болады да, 3-4 айдан кейін жараға айналады.Жаралар бет және қол терілерінде жиірек байқалады, жыл соңында тыртықтанады.Зоонозды терілік лейшманиоз (жылдам жара болатын лейшманиоз, пендин жарасы, ауылдық жер түрі) жіті уақытта дамиды. Жасырын кезеңі -2-4 апта. Ылғалды жаралар аяқ терісінде жиірек орналасады.Терілік - шырышты лейшманиоз (эспундия) қоздырғышы L.braziliensis тобына жататын лейшманиялар. Бұл кезде мұрын терісінде, ауыз қуысының және кеңірдектің шырышты қабаттарында гранулемотозды жаралар пайда болып зақымданады. Осындай ауру және оған ұқсас мексикалық лейшманиоз (L.mexicana),перуандық лейшманиоз ( L.peruviana) лейшманиоз және т.б негізінде Орталық және Оңтүстік Америкада кездеседі. Жасырын кезеңі -2 аптадан 3 айға дейін.Антропонозды висцералды лейшманиозды (индиялық кала - азар, қара ауру) L.donovani тобына жататын лейшманиялар қоздырады; негізінде Евразия және Оңтүстік Америкада кездеседі. Жасырын кезеңі - 6-8 ай. Науқастанғандардың бауыры, көкбауыры, лимфа түйіндері, сүйек кемігі және асқорыту жолдары зақымданады. Ағзаларда дистрофия және өлі еттену (некроз) дамиды. Терісі қарая бастайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Госпитализациялау шарттары, инфекциялық стационардың тәртібі
Тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу, медициналық генетика
Психиатрияның негізгі даму кезеңдері және бағыттары
Тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Генотерапия
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Адамның тұқымқуалайтын аурулары. Тұқымқуалайтын аурулардың негізгі топтары
Гендік аурулар
Адамның экологияға тәуелді аурулары
Тұқым қуалайтын аурулар диагностикасы
Адамның дербес психологиялық қалыптастырудағы тұқымқуалау мен орта факторлары
Пәндер