XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының атқарған қызметтеріне саяси талдау


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3 - 6

1 - тарау. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы

қоғамдық - саяси, құқықтық ой - пікір өкілдерінің қазақ

қоғамының саяси дамуына көзқарасы.

1. 1. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси идеялары . . . 7 - 14.

1. 2. Ұлттық - демократиялық бағыттағы Алаш қайраткерлерінің

мүдде, бостандық, теңдік идеялары . . . 15 - 34

2 - тарау. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының атқарған

қызметтеріне саяси талдау.

2. 1. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық - саяси

қызметтері . . . 35 - 50

2. 2. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысы және қазақ

интеллегенциясы . . . 50 - 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59 - 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63 - 65

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану, философия, тарих ғылымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді. Солардың бірі және бірігейі ретінде халқымыздың ұлт болып қлыптасуына, оның ұлттық және саяси сана - сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау жолындағы күресінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге жетекшілік жасаған қазақ интеллегенцияларының саяси күресі мен құқықтық көзқарастарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.

Қазақстан Ресейге бодан болғаннан кейінгі кезеңдегі қазақ өлкесінде отаршыл - құқықтық жүйенің орнығуы және оған қарсы қазақ оқымыстыларының саяси күресі олардың қазақ елінің мемлекеттік құрылысы жөніндегі саяси құқықтық көзқарасының эволюциясына негізделгені зерделенген.

Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде бұл тақырып терең зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде коммунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік - лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Кеңес Одағындағы барлық қоғамтанушы ғалымдар сияқты қазақстандық зерттеушілер де кез - келген саяси оқиға, құбылыс, қозғалыс тарихына баға беруде, олардың жетекшілерінің құқықтық көзқарастарын айқындауда сол кезеңде үстемдік еткен таптық принцип тұрғысынан, қоғам мен оны қорғаушы күштерді міндетті түрде антогонистік таптарға жіктеу арқылы баға беріп келгені мәлім. Кез - келген саяси күрестегі бірден - бір саналы күш жұмысшы табы ретінде таналып, ол яғни «пролетариаттың гегемондығы» мемлекет және құқық тарихындағы күмән келтірмейтін абсолютті ақиқат ретінде басшылыққа алынды. Міне, сондықтан Кеңес Одағы заманындағы зерттеулерде маркстік - лениндік методологияның басты принциптері таптық және париялық принциптер үстемдік алып, ғылыми объективтілік мансұқ етілді. Еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани салаларындағы процестерді зерттеумен Қазақстан мемлекеті мен құқығының тарихы саласындағы ғылыми еңбектерді осы принциптерді басшылыққа алу тұрғысынан жүргізілді. Марксизм - ленинизм бірден - бір объективті ғылыми методология ретінде ұсынылса да, ол шын мәнінде тамыры терең, сан - салалы тарихи процестерді зерттеуде бір жақтылықты, бір ғана идеология мен қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті. Сондықтан кеңес дәуіріндегі ғылыми еңбектерідің басым көпшілігінде мемлекет және құқық тарихына, оның ішінде ұлттық тұрпаттағы саяси құқықтық идеологияның қалыптасуы мен даму заңдылықтарына, ел тарихының шешуші кезеңдерінде оның бет алыс бағдарына үлкен әсер еткен көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлер, заңгерлер мен құқықтанушылар еңбегіне өз дәрежесінде лайықты баға бермеді[1] . Ендеше еліміз тәуелсіздік алған кезеңде аталған тақырыптарды жаңа заманның биік талаптары тұрғысынан және ғылыми объективтілік принципімен зерттеп, зерделеу осы жұмыстың арқауы болмақ.

Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі. Ендеше біз Қазақстан мемлекеті саяси және құқықтық ілімінің тарихын зерттеу үшін сол нақты тұлғалардың саяси өмір баяны мен құқықтық көзқарастарын білуіміз шарт. Тек соларды білу арқылы ғана сол кезеңнің саяси тарихының біртұтас кескін - келбетін жасай алмақпыз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық ғылымдар саласында әр жылдарда қазақ интеллегенциясы туралы қалам тартқан зерттеушілер мен бірлі - жарым зерттеу еңбектер болғанымен, оның саяси қызметі мен құқықтық көзқарастары, әсіресе, қазақ ұлт - азаттық қозғалысы жетекшілернің бірі ретіндегі рөлі түбегейлі түрде, жан - жақты зерттеліп, жетілмеген. Мұның себебі, кешегі коммунистік партия билік құрған кезде Қазақстандағы ұлт бірлігі, мемлекет тәуелсіздігі жолындағы қозғалыстарға «реакциялық», «монархиялық», «буржуазиялық».

Еліміз биыл тәуелсіздігінің 15 жылдығын атап өтті. Мұндайда ел санасынан ежелден бері өшпей келе жатқан тарих шежіресінің небір айтулы оқиғалары мен небір жарқын беттерінің еріксіз еске түсетіні белгілі. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі жолындағы күресінде сонау 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің алар орны өте айрықша. Қазақ интеллегенциясының қоғамдағы рөлін бейнелейтін тарихи - шежірелік, тарихи - құжаттық, тарихи - ғылыми, тарихи - әлеуметтік, тарихи - көркем әр алуан мол д қыруар еңбектер бар. Мәселен, Т. Рысқұловтың, А. Байтұрсыновтың, Ә. Бөкейхановтың, С. Асфендияровтың, М. Тынышбаевтің т. б. еңбектері, сондай - ақ ұжымдық зерттеулер, құжаттар жинақтары бар.

Сонымен қатар қазақ интеллегенциясын зерттеп жүрген ғалымдар да аз емес. Мәселен, Т. Рысбеков, Ғ. Харабалин, А. Шортанова, Ө. Әбдіманұлы, М. Қойгелдиев, М. Құл - Мұхаммед, О. Қоңыратбаев т. б. қазақтың қазіргі таңдағы интеллегенциясы деп айтуға болатын ғалымдар олар жайлы тың деректерді жинақтап, көптеген мақалаларды газет - журнал беттеріне, бірнеше томдық кітаптарды болашаққа үлгі ретінде жеткізіп жүр. Әлде де қазақ зиялылары көп зерттеулерді қажет етеді. Мұның себебі, сонау КСРО - ға бодан болып, айтылмай жарыққа шықпай қалған еңбектердің зерттелмеуі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.

─ XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси идеяларын анықтау;

─ Ұлттық - демократиялық бағыттағы Алаш қайраткерлерінің мүдде, бостандық, теңдік идеяларына түсінік беру;

─ XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық - саяси қызметтерін анықтау;

─ XX ғсырдың басындағы қазақ зиялыларының Оңтүстік Қазақстандағы қазметтерінің негізгі бағыттарын танып, біліп қарастыру;

─ Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ интеллегенциясы қайраткерлерінің өмірі мен құықықтық көзқарасы арқылы саяси күрес пен оны зерттеу нәтижесінде қалыптасқан саяси және құқықтық ілімі тарихының пайда болуы мен даму жолын зерттеу. Сондықтан олардың қызметіндегі саяси күрестің алуан формалары: үгіт - насихат жұмысы, оның қоғамдық қызметі, патша үкіметіне қарсы әрекеттері, жоғары лауазымды адамдарға шағым түрінде жолданған қоғамдық саяси, экономикалық еңбектері жайлы талданды.

1. Еңбекте интеллегенцияның саяси күрескер ғана емес, жан - жақты ғалым: тарихшы, саясаткерлер екендіктері қарастырылды.

2. Алаш қайраткерлерінің нағыз интернационалистік келбеті де көрінеді.

3. Алашорданың бағдарламалық құжаттары мен Кеңес дәуіріндегі Қазақ автономиясын құру жөніндегі құжаттарын қарастыра келіп, мұның соңғысында Алашорда қайраткерлері идеяларының жан - жақты көрініс тапқандығын байқадым.

4. Қазақ зиялылары арасынан Қазақстанда құқықтық мемлекет орнату идеясын ұсынғандар болған.

5. Қазақ интеллегенциясының еңбектерін жан - жақты зерттей келе, қоғам қайраткерлері ретінде танылған саяси тұлғалардың жетістіктерін саралап, бір тұжырымға келтірдім.

Зерттеудің объектісі. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси өміріндегі қазақ интеллегенцияларының орны мен рөлі.

Зерттеудің құрылымы . Бұл зерттеу жұмысы екі тараудан, оның әр тарауы екі бөлімнен және кіріспе мен қорытындыдан, сонымен қатар 52 әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 - тарау. XX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ ПІКІР ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ДАМУЫНА КӨЗҚАРАСЫ.

1. 1. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси идеялары.

Қазақ қоғамының экономикалық өмірінде XX ғасырдың басында болған өзгерістер қазақ халқының қоғамдық санасын едәуір қайта құруға жеткізді. Қарастырып отырған кезеңде Ресейдің патша өкіметі Қазақстанды отарлауын толық аяқтады деуге болады, оның ең басты әлеуметтік - экономикалық зардаптары: қазақ халқын біртұтас ел ретінде бытырату мақсаты мен қазақ жерлерін аумақтық жағынан әскерилендірілген бірнеше облыстарға бөлінуі; байырғы тұрғындарды жақсы жерлер мен шұрайлы жайылымдардан жаппай көшіру, шаруашылық жүргізу саясатын өзгерту; тұрмыс жағдайының күрт нашарлатылып, оған қоса рухни қысымның күшейтілуі. Қоғамдық тұрмыстағы мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана - сезімді оятты, қазақ қоғамында жаңа идеялар, ой - пікірлер, көзқарастар қалыптасуын бастап берді.

XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданылатын революция емес, қоғам мүшелерінің сезімін өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңарту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеу мен кәсіби түрде айналысатын интеллегенттер айқындайды. XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан қазақ интеллегенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды.

Қазақ халқының ұлттық сана - сезімін ояту және жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру ісіне «Қазақ» газеті де зор үлес қосты. «Алаш» партиясы сияқты, оның органы болған «Қазақ» газеті (1913 - 1918 жж. ) де ұзақ уақыт бойы «буржуазияшыл - ұлтшылдық» газеті деп саналды.

Қазақ даласында ұлттық қозғалысқа жас интеллегенция жаңа табыс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғандай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллегенция едәуір белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интеллегенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және сана - сезімге қатнасы туралы мәселе көтерді.

С. Асфендияровтың жазғанындай, «Мемлекеттік аппаратты қарыптастыру қажеттігі патша өкіметін белгілі бір дәрежеде кадрлар даярлаумен айналысуға мәжбүр етті». Сөйтіп Ресейдің оқу орындарынан қазақтан шыққан болашақ дәрігерлер, инженерлер, мұғалімдер, чиновниктер, офицерлер, аудармашылар, жазушылар жоғары білім алды[2] .

Белгілі марксист А. Грамши Ресей интеллегенциясының қалыптасу заңдылықтарын зерттей келіп былай деп жазған: «Ең белсенді, жігерлі, алғыр және білімді адамдардан тұартын бетке ұстарлар шетелге барады, Батыстың неғұрлым алдыңғы қатарлы елдерінің мәдениеті мен тарихи тәжірбиесін игеріп, бұл орайда өздерінің ұлттық мәдениетінің ең елеулі белгілерін жоғалтпайды, яғни өз халқынан рухани және тарихи байланыстарын үзбейді, сөйтіп интеллектуалдық даярлығын аяқтайды, олар отанына оралады да, халықты күштеп оятып, ілгері қарай жедел қозғалуға, кезеңдерден аттап өтуге мәжбүр етеді».

Бұл заңдылықты XX ғасырдың басындағы қазақ интеллегенциясының қызметінен көреміз. Қазақ интеллегенциясының алдыңғы қатарлы бөлігі XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялық күрес, 1905 жылғы бірінші орыс революциясы идеяларының және сол кездегі қазақ қоғамының тарихи нақтылықтарының ықпалымен қалыптасты.

Мұнда зиялы қауымның сіңірген еңбегі мынада: ол Бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, ол үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдық - патриархаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі жанжалдар мен ізденістер жолы болғаны күмәнсіз. Ал бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателесулер де, адасулар да болды. Алйда оларды кейіннен сталиндік идеологияның түсіргеніндей, өз халқына жаулық көзқарастар емес, халық тағдырын жеңілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызған еді. Қазақ интеллегенциясының ең басты ізгі мақсаты - халқына қызмет ету болғанын «Алаш» басшыларының бірі М. Дулатов 1929 жылы Буторск түрмесінен жазған хатында былай деп айқындайды: « . . . Мен өзімнің құлдыққа түсірілген, езгіге салынған, бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым . . . Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір Кеңес Үкіметіне қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана».

Қоғамдық саяси өмір аренасына орыстың азаттық қозғалысының ықпалын бастан кешірген қазақ интеллегнциясының пиғылдағы жас ұрпағы көтеріле бстады. Ұлттық интеллегенцияның түрлі топтарының идеялық - саяси көзқарастары бірдей болмады[3] .

Ә. Бөкейханов XX ғасырдың басында қазақтар арасында ұйымдасуы мүмкін саяси партиялар жөнінде былай деп жазды: «Таяу болашақта дала өңірінде қырғыздар арасында қалыптасқан жатқан екі саяси бағытқа сәйкес екі саяси партия ұйымдастырылуы ықтимал. Олардың біреуі ұлттық - діни партия деп аталуы мүмкін, ал оның мұраты қазақтардың басқа мұсылмандармен діни бірлігі болады. Екіншісі - батыс бағытында . . . Біріншісі - мұсылмандық татар партияларын, екіншісі - оппозициядағы орыстарды, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етіп алуы мүмкін».

Шынында да, кейіннен Ә. Бөкейханов бастаған қазақ саясатшылары болашқтағы ұлттық партияны кадеттер үлгісінде құрмақ болды. Оның өкілдері кадет партиясының Бүкілресейлік съездерінің жұмысына қатысты, ал Бөкейханов осы партияның орталық комитеті құрамына сайланып, Мемлекеттік думада кадеттерге қосылды. Қазақ интеллегнциясы алдыңғы қатарлы бөлігінің кадеттермен ынтымаққа келуіне кадеттердің көшпелілердің отырықшылық өмірге бірте - бірте өтуі қажет екендігін түсінгені және отарлық аймақтарда да орталық Ресейдегідей оқыту жүйесінің енгізілуін жақтауы әсер етті. Батысша пиғылға батыл бет бұрып, егер барлық саяси орыс қозғалыстарының тұғырнамасында бұратаналарға құқықтардың теңдігі мен олардың қадір - қасиетін құрметтеге уәде берсе, олардың бәрімен ынтымақтастық жасауды жақтаған бұл қазақ тобының басшылары панисламизмге оппозияцияда болып, оны шығыс утопиясы деп санады. Екінші жағынан, патша өкіметіне адал болып көшпелі халықтар арасында әскери міндеткерлік енгізілуімен де келісе отырып, олар тіл мен мәдениет жағынан орыстандыруға, сондай- ақ ауыртпалықты полициялық террор мен отарлауға қарсы күресті.

Қазақ интеллегенциясы өз қызметінің басты бағытын анықтап алып, өз идеяларын кеңінен тарату үшін баспасөз арқылы саяси аренаға шығуға ұмтылды. Оның өкілдері ұлттық баспасөз болмағандықтан әуелі татарлар мен орыстардың «Фикер», «Вакт», «Шура», «Омич», «Иртиш», «Голос степи» газеттерінің беттерінде өз пікірілерін айтты. Ал «Айқап» журналы шыққаннан кейін соған жаза бастады. 1913 жылы олар сәтін түсіріп өздерінің баспасөз органы - сапасы жөнінен де, таралымы жөніннен де қазақтардың барлық мерзімді басылымдарының ең елеулісі «Қазақ» газетін ұйымдастырып алды. Көптеген сенделістерден кейін: Омбыда, Орынборда, Санк - Петербургте сансыз көп чиновниктер кабинеттерінің табалдырығын тоздырып, астананың жоғары қызметтегі чиновниктері мен беделді қайраткерлерінің көмектесуімен, ақырында қазақ тілінде газет шығаруға рұқсат алынды. А. Байтұрсынов редакторы болған газет өз төңірегіне озық ойлы қазақ интеллегенциясының, жазушылары мен ақындарын біріктірді. Газеттің саяси бағыты реформистік саяси партияның талаптарына сәйкес келді: ол негізінен қазақ халқының мәдениетін көтеруге қамқорлық жасап, ұлттық тіл мен әдебиетті дамыту ісін басты мақсат етіп қойды. Бұл жөнінде бірінші нөмірдің бас мақаласында оның үздіксіз редакторы болған А. Байтұрсынов блыай деп жазды: «Қырғыз халқы ғасырлар бойы өз жерін мекендеп, өз тіршілігін жасап келді, ал қазір далаға қоныстанушылар қаптап кетті. Біздің болашағымыз қандай болмақ ? Тарих бізге келімсек халық мәдениет тұрғысынан байырғы халықтан күштірек болып шығады да, соңғысын жұтып қояды деп үйретеді. Ал егер екі жақ мәдениет тұрғысынан бір - біріне тең келсе, олар дамып бұл орайда тең құқықтарды пайдаланады және әрқайсысы өзінің ұлттық сипатын сақтап қалады. Қырғыздардың экономикалық өмірінің өзгермей қалатыны байқалып отыр. Шаруалар біздің егістік жерлерімізді алып жатыр, жер учаскелері аланып қойды, қысқаша айтқанда жат жерліктер біздің жер қойнауымызға еніп жатыр. Қырғыз халқының өмір сүру проблемасының өзі шиеленіскен сипат алуда. Өз автономиямызды сақтап қалу үшін біз білім мен мәдениет жолында жан салып күресуге тиіспіз. Біз ана тілінде әдебиет жасай білген халықтың ғана тәуелсіз өмір сүруге құқығы бар екенін ұмытпауға тиіспіз. Газет беттерінде қозғалған проблемалар ауқымы өте кең болды. Газет өзінің мақсатын: «қазақ халқы арасында ғылым мен білімді таратуға басшылық ету, Жер бетіндегі басқа халықтардың тіршілігімен таныстыру, қазақ халқының тарихы туралы айтып беру, шаруашылық өмір, емдеу, әдебиет, мектептер мен медреселерде оқыту проблемаларын кеңінен талқылау» деп санады. Бұл идеяларды насихаттауға оның баспагері М. Оразаев пен бас редакторы А. Байтұрсыновтың және М. Жұмабаев, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов және басқлар сияқты патриоттық пиғылдағы жазушылар мен ақындардың тамаша ұжымының күш - жігері бағытталды[4] .

Газет беттерінде жарияланған мақалаларға объективті түрде талдау жасау газетті XX ғасырдың басындағы Қазақстанның өзіміз қарастырып отырған күрделі әрі сан қилы қоғамдық санасында елеулі орын алған деген тұжырым жсауымызға мүмкіндік береді.

«Қазақ» газетінің беттерінде қоғамдық - саяси бағыт ұстанып, қазақ халқының қалың бұқарасының саяси және құқықтық санасында қалыптастыруға көп маңызы болған мақалаларға едәуір орын берілді. Қоғамдық саяси қызметін «Қазақ» редакциясындағы жемісті шығармашылық жұмыспен ойдағыдай ұштастыра отырып, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов баспасөз бетіне шаққан сөздері арқылы қазақ халқының ұлттық сана - сезімін оятуға, олардың санасында бостандық пен тәуелсіздік идеяларын құюға мүмкіндігінше жәрдемдесуге ұмтылды. Олар отаршыл патша үкіметі жағдайында өз халқының құқықсыздығына қатты алаңдады, өз замандастарының әрекетсіздігі мен әлеуметтік енжарлығы үшін аяусыз айыптап, көш қимылды біріктіруге шақырды. Ә. Бөкейхановтың «Қыр баласы» деген жасырын атпен жариялаған мақалалар топтамасы осы мақсатқа арналған, бұларда ол Мемлекеттік думадағы істер туралы егжей - тегжейлі айтып берген.

1917 жылдан бастап газет «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің ресми баспасөз органына айналды да, бұл оны 1918 жылы Кеңес өкіметінің жауып тастауына себеп болды.

XX ғасырдың басында Қазақстанда қоғамдық сананы қалыптастыруда «Айқап» журналы елулі рөл атқарды. Бұл басылымның жалынды редакторы М. Сералин 1924 жылы журналдың құрылу тарихына арналған мақаласында «Айқаптың» ешқандай да таптық органы болмағанын жазады. Ол халықтық басылым болғандықтан ешқандай да таптық, саяси, экономикалық бағдар ұстанған жоқ. Сонымен қатар «Айқапта» айқын саяси бағдарлама болған жоқ, оны шығарушылар бүкіл қазақ халқын бріктіру туралы жалпы ұрандармен шектелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Қазақ саяси партиясы
Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі
«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Ақпан революциясынан кейін
ХХ ғ. басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет
Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси және құқықтық көзқарастары
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz