Мұнай туралы түсініктер


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Мұнай туралы жалпы түсінік
  2. ҚР-ң мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
  3. Мұнайдың болашағы

1. Мұнай туралы жалпы түсінік

Мұнай - көмір сутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0, 65-0, 95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын - бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1, 3 тонна антрациттың, 3, 3 тонна шымтезектің қызуына тең.

Қазақстан Республикасы ежелгі мұнай өндіретін мемлкеттердің бірі болып табылады. Мұнай өндіріс тәсілімен шамамен 100 жыл бойы өндіріліп келеді. Мұнай мен газды игеру көлемі бойынша Атырау және Маңқыстау облыстары алғашқы орында, осыған байланысты облыс аймағында қазіргі ірі компаниялар құрылды.

Қолда бар геолого-геофизикалық мәліметтер мұнайгеологиялық аудандастыруды жүргізуге және Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі мұнайгаз потенциалын бағалауға мүмкіндік береді. Ірі, ұлттық «МұнайГаз» компаниясының болжамы бойынша 2010 жылға қарай Қазақстан 102 млн т мұнай өндіреді делінген. Мұнай өндіру көлемінің жоғарлауы және Каспий ауданына 7 млн қоры бар Шығыс Қашаған кен орнының кіріктірілуімұнай өндіру перспективасын қарқынды дамытуда.

Мұнай өнімдері - көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т. б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты - олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады.

2. ҚР-ң мұнай газ саласының қазіргі жағдайы

2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиясында үлкен орынды еліміздің мұнай - газ кешені алады . Мұнай өнімдерінің қазіргі қоғамдағы алатын орны өте үлкен. Ғылыми - техникалық дамуды шикізаттың бұл түрінсіз елестетудің өзі қиын. Қазақстан үшін мұнай және газ конденсатының қоры үлкен мағынаға ие, себебі мұнда ұлттық экономиканың салаларының мұнай өнімдеріне деген сұраныстары ғана қанағаттандырылмайды, сонымен бірге мұнайдың белгілі бір бөлігі экспортқа шығарылады, бұл мемлекеттік бюджетке табысты түсірудің негізгі көзі болып табылады. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін валюталық түсімдер арқылы, Қазақстан өзінің экономикасын нарықтық экономикаға қайта құруды негізінен аяқтады. Мәселен, мұнай - газ саласынан түсетін түсімдердің нәтижесінде 2001 жылдан бастап, республикамызда Ұлттық Қор қызметін атқаруда.

Мұнай - газ саласы Қазақстан Республикасының энергетикалық қуат көзінің екінші орында. Республиканың энергетикалық баланста мұнай - газ саласының негізгі үлесі көмір салаласынан кейін 18, 6% және 14% құрайды:

http://www.rusnauka.com/1_NIO_2014/Economics/9_155515.doc.files/image002.png

Қазіргі уақытта Қазақстан энергоресурстары әлемдік нарыққа ықпал ете алатын көмірсутектің бай қорына иеленуші болып табылады. Елдің табиғи-шикі потенциалын отандық және шетелдік эксперттердің бағалауы бойынша бірнеше айырмашылықтар бар. Мысалы, British Petroleum эксперттерінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның мұнай қоры 1, 1 млрд тоннаны құрайды және ТМД елдерінің ішінде, Ресейден кейінгі екінші орында тұр.

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының мұнай - газ саласынан тәуелділігі Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) 27 % және жиынтық экспорт көлемде - 56% құрайды. Мұнай-газ қызметінен салық төлемдері бюджетке төленетін төлемдердің 1/3 бөлігін құрайды. Мәселен, 2007 жылы Қ. Р мемлекеттік бюджетке мұнай және газ конденсатын экспорттаудан $28, 5 млрд түсті, бұл мемлекеттік экспорт операцияларының 60 % құрайды.

Соңғы 10 жылда Қазақстанның мұнай өндіру көлемі 2, 6 есеге өсіп, 2013 жылы 67, 2 млн т өндірілді, оның 10, 6 млн т мұнай «ҚазМұнайГаз»АҚ ҰК- ң үлесіне тиеді. Мұнай өндіретін компаниялардың акциялардың үлкен бөлігі шетел инвесторлардың үлесіне тиеді. Бірақ, мемлекет жыл сайын шетел инвесторлары үшін, шикізатты өндіру саласындағы талаптарды күшейтіп келеді. Мысалы, қатаң экологиялық талаптар, келісім - шарттық міндеттерді орындалуына сұранысты көбейту, салық мөлшерлемерін жоғарлату және саларалық жобаларды мемлекеттік бақылау және т. б. Сонымен қатар, Қазақстанның мұнай - газ саласына салынатын инвестициялар көлемі жылдан жылға көбеюде. Мәселен, 2013 жылы салалық жобаларға $13 млрд инвестиция жұмсалған. Осыдан, мұнай өндіру саласы - Қазақстан Республикасындағы барлық салалардың ішінде динамикалық түрде дамып жатқан саланың бірі екенін көруге болады.

Қазақстан Республикасының дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде жиырма екі жылдық даму кезеңінде мұнай-газ саласы ел экономикасында бірінші орынға ие болды. Ол өз басынан өтпелі кезеңнің және нарықтық реформалардың барлық қиыншылықтарын, басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді, сондай-ақ әлемдегі қаржылық-экономикалық дағдарыстың жағымсыз салдарларын кешірді. Бірақ, қиыншылықтар мен сынақтарға қарамастан, республиканың мұнай-газ кәсіпорындары қарқынды дамып келе жатыр.

Республика территориясында мұнай мен газдың ірі барланған қорларының болуы шетелдік инвесторлардың табысты қызметі үшін маңызды жағдай болып табылады. Тартылатын инвестициялардың көп бөлігі Қазақстан экономикасының минералды-шикізат секторының дамуына бағытталған. Қазақстанда құрылған инвестициялық климат жалпы қолайлы болып табылады. Осыған және сондай-ақ, елдің негізгі инвестициялық потенциалы болып табылатын бай табиғи ресурстардың болуына байланысты республика шетелдік инвестицияларды тарту көлемі бойынша ТМД және Батыс Еуропа елдері арасында алдыңғы орындарға ие болды.

Тәуелсіздіктен кейін, республиканың экономикасына $70 млрд тікелей шетел инвестициялары тартылған, бұл Орта Азияға салынған шетел инвестициялардың 80% құрайды:

http://www.rusnauka.com/1_NIO_2014/Economics/9_155515.doc.files/image004.png

3. Мұнайдың болашағы

Қазіргі таңда мұнай бағасының болашағы жайлы әңгіме көп. Бірақ солардың бірде- бірі оның арзандайтынын айтпайды. Біз мұнайдың ұдайы қымбаттау үстінде бола­тынына сенімдіміз. Иә, энергияның мұнай алмастырғыш көздері көптеп өндіріске енуі мүмкін. Жел, Су энергиялары пайдалырақ. Күн энергиясы мұнайдан қымбат. Солтүстік аймақ үшін оған арқа сүйеу мүлде мүмкін емес. Сондай-ақ қанша жерден пайдалы десек те Су және Жел энергияларын пайдалану көп­теген аймақтар үшін тағы да мүмкін емес. Ескерте кетейік, бүгінгі таңда әлемдік ішкі жалпы өнімнің 70-80 пайызы Жел және Күн энергиясын пайдалану мүмкіндігі шектеулі аймақтарға тиесілі. Олар - АҚШ, Канада, Жапония, Еуроодақ, Ресей Федерациясы және Қытай. Қысқасы, әлемнің индустриясы дамыған, соған сәйкес энергияға сұранысы көп аймақтарда баламалы энергия көзін пайдалану мүмкіндігі аз.

Осының бәрін ой елегінен өткізе келіп, бүгін мұнай энергиясын пайдаланып жүргендердің көбісі энергияның жаңа көзіне көшсе де қара алтынның құны енді түспейді, керісінше, жоғарылайды дегенді батыл айта аламыз. Бұлай деуіміздің бір нақты себебі бар, ол - адамзаттың көрсеқызар тұтынушылық қасиеті. Айталық, Алматыда күн сайын 800 мың автокөлік жолға шығады екен. Бар болғаны 1, 8 миллион тұрғыны бар қаланың 800 мың азаматы «иномарка» мініп жүретіндей байлыққа ие дей алмаймыз. Көбісі үстемелі банк несие алынған дүниелер. Бір сөзбен айтқанда, көрсеқызарлықтың, тұтынушылық менталитеттің салдары. Енді 1, 5 миллиард тұрғыны бар Қытайдың дамып бара жатқанын еске алып, олардағы көрсеқызарлардың тұтынушылық тәбеті қалай ашылатынын болжауға болады. Ол ашылған кезде әлемнің автокөлік өндіруші барлық зауыты үзіліссіз жұмыс істесе де сұранысты қанағаттандыра алмас деп ойлауға мәжбүр боласың. Енді бір миллиард тұрғыны бар Үндістанның даму арнасына түскенін ойлаңыз да мұнайға сұраныстың қаншалықты артатынын есептей беріңіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Вакуумда мұнайды айдау
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар
Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Экология ғылымының шығу тарихы
Орта ғасыр философиясы. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні
Экологиялық дағдарыс ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz