Тұтас орта жалпы мағұлмат



1. Тұтас орта жалпы мағұлмат
2. Тұтас орта механикасының элементтері
3. Тұтас ортаның ағуы
4. Бейнелер және формулалар
Пайдаланылған әдебиеттер
Тұтас орта механикасы – механиканың газдардың, сұйықтықтардың, плазманың, деформацияланатын қатты денелердің қозғалысын және тепе-теңдігін зерттейтін бөлімі.
Ол гидроаэромеханикаға, газодинамикаға, пластик. теорияларға, т.б. ажыратылады. Тұтас орта механикасында заттың молекулалық құрылысы ескерілмей, оның барлық қасиеттері (тығыздығы, механикалық кернеуі, бөлшектердің жылдамдықтары, т.б.) көлемі бойынша үздіксіз таралған тұтас орта ретінде қарастырылады. Мұндай жуықтаулар Тұтас орта механикасына жоғары математиканың үздіксіз функциялар аппаратын қолдануға мүмкіндік береді. Тұтас орта механикасында кез келген ортаны қарастырғанда механиканың негізгі заңдарына сүйеніп қорытылатын ортаның қозғалыс теңдеуі мен осы ортаның тепе-теңдік шарты, ортаның үзіліссіздік теңдеуі (массаның сақталу заңына негізделген), энергияның сақталу заңы негіз етіп алынады. Әрбір нақты ортаның ерекшеліктері ерекшеліктері олардың күй теңдеулеріне немесе берілген орта үшін кернеу мен деформацияның немесе ортаның деформациялану жылдамдықтарының байланысуын белгілейтін реологиялық теңдеулерде ескеріледі. Ортаның қасиеті температураға және басқа да физикалық-химиялық параметрлерге тәуелді. Әрбір нақты есепті шешкенде бастапқы және шекаралық шарттар берілуі тиіс. Олар ортаның ерекшеліктеріне тәуелді.Тұтас орта механикасы физика мен техниканың әр түрлі салаларында пайдаланылады.
Тұтас орта механикасында таралған күш қаралады, ал таралған күштің үдемелі қарқындылығы кернеу деп аталады.
Тұтас орта механикасында денеге әсер ететін күштер беттік немесе көлемдік таралуымен, яғни күш шамасының дене бетінің ауданына (беттік күштер үшін) немесе көлеміне (массалық күштер үшін) қатынасымен, ал сол ортаның әрбір нүктесінде пайда болатын ішкі кернеулер жанама және нормаль кернеулер жиынымен (кернеулер тензорларымен) анықталады. Теріс таңбамен алынған бір нүктедегі үш нормаль кернеудің орташа арифметикалық мәні осы нүктедегі қысымды анықтайды. Дененің қозғалысына, оған әсер етуші күштерден басқа, оның инерттік дәрежесі де әсерін тигізеді. Материалдық нүкте үшін инерттік өлшем – оның массасы. Материалдық дененің инерттігі оның жалпы массасына және сол массаның дене көлемінде таралуына тәуелді. Сұйықтықтар мен газдардың инерттігі олардың тығыздығымен анықталады.
1. Мəшеков С.Ə. Илемділік деформациясының теориясы: Оқу құралы. – Алматы: Қаз ҰТУ, 2004. 105 б.

2. Жұманов К.Б. Атомдық физика: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 36

3. Седов Л.И. Механика сплошной среды. Т.1, 2. М.: Мир, 1970.

4. С.Н. Киябаев. «Магистралды құбырөткізгіштер (1-бөлім)» пəнінің оқу- əдістемелік кешені. 050729 - Құрылыс мамандығы бойынша. Алматы. Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ баспасы. 2010. - 105 б.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Тұтас орта жалпы мағұлмат
2. Тұтас орта механикасының элементтері
3. Тұтас ортаның ағуы
4. Бейнелер және формулалар
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Тұтас орта жалпы мағұлмат
Тұтас орта механикасы - механиканың газдардың, сұйықтықтардың, плазманың, деформацияланатын қатты денелердің қозғалысын және тепе-теңдігін зерттейтін бөлімі.
Ол гидроаэромеханикаға, газодинамикаға, пластик. теорияларға, т.б. ажыратылады. Тұтас орта механикасында заттың молекулалық құрылысы ескерілмей, оның барлық қасиеттері (тығыздығы, механикалық кернеуі, бөлшектердің жылдамдықтары, т.б.) көлемі бойынша үздіксіз таралған тұтас орта ретінде қарастырылады. Мұндай жуықтаулар Тұтас орта механикасына жоғары математиканың үздіксіз функциялар аппаратын қолдануға мүмкіндік береді. Тұтас орта механикасында кез келген ортаны қарастырғанда механиканың негізгі заңдарына сүйеніп қорытылатын ортаның қозғалыс теңдеуі мен осы ортаның тепе-теңдік шарты, ортаның үзіліссіздік теңдеуі (массаның сақталу заңына негізделген), энергияның сақталу заңы негіз етіп алынады. Әрбір нақты ортаның ерекшеліктері ерекшеліктері олардың күй теңдеулеріне немесе берілген орта үшін кернеу мен деформацияның немесе ортаның деформациялану жылдамдықтарының байланысуын белгілейтін реологиялық теңдеулерде ескеріледі. Ортаның қасиеті температураға және басқа да физикалық-химиялық параметрлерге тәуелді. Әрбір нақты есепті шешкенде бастапқы және шекаралық шарттар берілуі тиіс. Олар ортаның ерекшеліктеріне тәуелді.Тұтас орта механикасы физика мен техниканың әр түрлі салаларында пайдаланылады.
Тұтас орта механикасында таралған күш қаралады, ал таралған күштің үдемелі қарқындылығы кернеу деп аталады.
Тұтас орта механикасында денеге әсер ететін күштер беттік немесе көлемдік таралуымен, яғни күш шамасының дене бетінің ауданына (беттік күштер үшін) немесе көлеміне (массалық күштер үшін) қатынасымен, ал сол ортаның әрбір нүктесінде пайда болатын ішкі кернеулер жанама және нормаль кернеулер жиынымен (кернеулер тензорларымен) анықталады. Теріс таңбамен алынған бір нүктедегі үш нормаль кернеудің орташа арифметикалық мәні осы нүктедегі қысымды анықтайды. Дененің қозғалысына, оған әсер етуші күштерден басқа, оның инерттік дәрежесі де әсерін тигізеді. Материалдық нүкте үшін инерттік өлшем - оның массасы. Материалдық дененің инерттігі оның жалпы массасына және сол массаның дене көлемінде таралуына тәуелді. Сұйықтықтар мен газдардың инерттігі олардың тығыздығымен анықталады.
Тұтас орта механикасында Ньютон заңдарынан басқа, берілген ортаның физикалық қасиеттерін сипаттайтын (мысалы, сызықты серпімді дене үшін Гук заңы, тұтқыр сұйық үшін Ньютон заңы, т.б.) заңдар да қоса пайдаланылады. Механиканың есептерін шешу кезінде динамикалық қозғалыстың өлшемдері: қозғалыс мөлшері (импульс), қозғалыс мөлшерінің моменті, кинетикалық энергия, күш импульсі, жұмыс дейтін ұғымдар маңызды рөл атқарады.
2. Тұтас орта механикасының элементтері
Гидродинамика - сұйық орта қозғалыстарының заңдылықтарын және оның денелермен әрекеттесуін зерттейтін механиканың бір саласы.
Гидродинамикада идеал сұйықтықтық моделі қолданылады. Оның тығыздығы барлық жерде бірдей болады. Сұйықтықтың қозғалысы ағын деп аталады. Сұйықтың тұтас орта ретінде қарастырылып, ағында үзіліссіз орналасқан болады.
Сұйықтықтың қозғалысы графиктік түрде ағын сызықтары арқылы көрсетіледі. Ағын сызықтарының тығыздығы оның жылдамдықтарына байланысты.

Ағын сызығы
Ағын сызықтарымен шектелген сұйық бөлігі ағын түтігі деп аталады. Егер жылдамдық векторы кеңістіктің әрбір нүктесінде тұрақты болса онда ағын орныққан немесе стационар деп аталады.
3. Тұтас ортаның ағуы
Материальды бөлшектің бастапқы жəне ағымдағы координаталарын байланыстыратын қатнастармен тұтас ортаның қозғалысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Сақ,үйсін,қаңлылардың діни сенімі
Балалар әдебиеті және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы
Бала психологиясы туралы
Трансформатордың пайдалану әдістері
Жер шары сарқырамалары
Сауат ашу және жазу әдістемелік құрал
Мұхамбет Салық Бабажанов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы
Абайтануға кіріспе
«Сезікті мен айыпталушының процесуалдық жағдайы»
Пәндер