«өркен» шаруа қожалығы. картоп өсіру



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.1. «Өркен» шаруа қожалығы орналасқан аймақтың топырақ . климат жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. «Өркен» шаруа қожалығы туралы қысқаша мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Картоп сорттарына сипаттама және зертханалық жағдайда тұқым өндіру жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2. Картоп өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3. Егістіктегі картоп дақылының фенологиялық өлшемдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.4. Картоп дақылының аурулары, зиянкестері мен арам.
шөптері және олармен күресу шаралары ... ... ... ... ... ..17

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

IV. Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде картоп ең маңызды азық-түліктік дақыл болып табылады және дүние жүзінде бидай, күріш пен жүгеріден кейін төртінші орынды алады.
ФАО-ның деректеріне сүйенсек, дүние жүзінде картоптың жалпы өнімінің тұрақты түрде артуы байқалады. Егер 1960 жылы картоп өнімділігі 112,5 ц/га құраса, 2003 жылы – 162,0 ц/га жеткен. Картоптың жалпы өнімі аталған кезеңде 283,6 млн. тоннадан 311 млн. тоннаға дейін артқан. 2013 жылы картоп өндірісінің дүниежүзілік көлемі 328 млн. тоннаны құраған, соның ішінде озық елдердің қатарында келесілерді атап көрсетуге болады: Қытай – 75 млн. т., АҚШ – 20 млн. т., Украина – 19 млн. т., Польша – 15 млн. т., Германия – 13 млн. т., Беларусь – 8 млн. т., Нидерланды – 7 млн. т., Франция – 6,9 млн. т., Ұлыбритания – 6 млн. т. и Канада – 5 млн. т.
Жаңа сорттардың қолданысқа енуі және өсіру интенсивтік технологиялардың пайда болуымен байланысты Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде картоп өнімділігі артып, қазіргі таңда орта есеппен алғанда 1 гектардан 40-50 тоннаны құрайды, бұл өз кезегінде аталған елдерге (Ұлыбритания, Германия, Франция және т.б.) түйнектердің бұрынғы жалпы өнімділігі жағдайында аталған дақыл түріне қажетті егіс алқаптарын қысқарту мүмкіндігін беріп отыр.
Голландияда картоптың жалпы өнімі артқанымен егіс алқаптарының ауданы өзгеріссіз қалып отыр –олардың құрамында 22%-ы тұқымдық, 43%-ы – азық-түлік және 35%-ы – техникалық картоп өсіру үшін пайдаланылуда.
ТМД елдерінде де картоп өсіруге бөлінген егіс ақлаптарының ауданы бұрынғы қалыпта сақталып отыр, тек инфрақұрылым ғана өзгерген –мемлекеттік сектордағы егіс алқаптары азайып, жекеменшік сектордың артуы (фермерлік шаруашылықтар, жеке қосалқы шаруашылық және т.б.). Бұл ретте дақылдардың өнімі күрт түсіп кетіп, ол 10-11т/га-дан аспай отыр. ТМД елдерінде аталмыш саланы тұрақтандыру және күшейту мақсатында картоп шаруашылығы саласының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бағдарламалар жасалады. Картоптың аса зиянды патогендерге төзімді, сонымен бірге қайта өңдеудің түрлі бағыттарына жарамды және сапасы жоғары сорттарының ассортиментін көбейту қарастырылып отыр.
Қазақстанда астық өнімділігінің төмен болуына байланысты картоптың жалпы өндіріс көлемі халықтың осы азық-түлік түріне қатысты сұранысын қанағаттандырмайды. Картоп өндірісінің нақты деңгейі 1700 мың тоннадан аспайды, бұл әр адамға шаққанда ең төменгі тұтыныс деңгейі нормасының 30,0%-ын құрайды. Оған қоса, алыс және жақын шетелден картоптың қажетті көлемін жеткізу үшін мемлекет 1,3 млн АҚШ долларына шығындалады.
Қазақстанның көптеген аймақтарында картоптың өнімділігі төмендеп кеткен және ол келесі репродукцияларда түйнектер сапасының нашарлауына әкеліп соғады. Бұл факторлардың 3 тобының өзара арақатынасы - сыртқы жағдайлар (ауа мен топырақтың температурасы, ылғалмен қамсыздандырылу, минералды қоректену режимі мен түйнектерді сақтау шарттары), өсімдіктердің сорттық және дербес ерекшеліктерінің ауру қоздырғыштары (вирустар, вироидтар мен микоплазмалар) нәтижесінде болатын өте күрделі құбылыс.
1. В.С. Әбділдаев., Л.А Бөрібаева Картоп өсірудің анықтамасы – Қайнар 2008ж
2. Уәлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы.- Алматы: ЖШС «Дәуір», 2009.
3. Швидченко В.К., Созинова Л.Ф. Оздоровление, размножение и диагностика в картофелеводстве. – Астана, 2000.
4. http://www.korenevo.ru/semenvo/sxema.shtml. Схема выращивания элиты
5. Бацанова Н.С. Картофель. Москва. «Колос». 1970.
6. Абдильдаев В.С. Ведение первичного семеноводства картофеля на современном этапе развития биотехнологии // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. № 12. 2007. - С.
7. Старичкова Н.И., Решетникова Т.Б., Гринь Н.А. Основы биотехнологии
растений. Кульура растительных клеток и тканей. Учебное пособие. 2002
8. Швидченко В.К., Созинова Л.Ф., Буенков А.Ю. Получение безвирусных растений картофеля сорта Невский. Аналитическая справка. Астана. 1999.
9. Жумагельдинова Ж.А. Совершенствование технологии микроклонального размножения оздоровленного исходного материала картофеля на юго-востоке Казахстана. Автореферат. Диссерт к.с.-х.н. 2002.
10. Трофимец Л.Н., Остапенко Д.П., Бойко В.В., Зейрук Т.В., Донец Н.В. Оздоровление и ускоренное размножение семенного картофеля. Методические рекомендации. - Москва, 1985.
11. Банадысев С.А., Коновалова Г.И., Бобрик А.О., Семенова З.А., Адамова А.И. Эффективность применения различных биотехнологических методов и приемов при производстве качественного семенного материала картофеля // 8 International Conference. The biology of plant cells in vitro and biotechnology. Abstracts. – Saratov, 2003.
12. . Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II Қазақстан Республикасының Заңы
13. Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы 1999.
14. 5В080100 – Агрономия мамандығы студенттерінің өндірістік практика өту бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: «Ай тұмар» баспаханасы, 2012.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

0.1. Өркен шаруа қожалығы орналасқан аймақтың топырақ - климат жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

0.2. Өркен шаруа қожалығы туралы қысқаша мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

ІІ.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Картоп сорттарына сипаттама және зертханалық жағдайда тұқым өндіру жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2.2. Картоп өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3. Егістіктегі картоп дақылының фенологиялық өлшемдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.4. Картоп дақылының аурулары, зиянкестері мен арам-
шөптері және олармен күресу шаралары ... ... ... ... ... ..17

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

IV.
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде картоп ең маңызды азық-түліктік дақыл болып табылады және дүние жүзінде бидай, күріш пен жүгеріден кейін төртінші орынды алады.
ФАО-ның деректеріне сүйенсек, дүние жүзінде картоптың жалпы өнімінің тұрақты түрде артуы байқалады. Егер 1960 жылы картоп өнімділігі 112,5 цга құраса, 2003 жылы - 162,0 цга жеткен. Картоптың жалпы өнімі аталған кезеңде 283,6 млн. тоннадан 311 млн. тоннаға дейін артқан. 2013 жылы картоп өндірісінің дүниежүзілік көлемі 328 млн. тоннаны құраған, соның ішінде озық елдердің қатарында келесілерді атап көрсетуге болады: Қытай - 75 млн. т., АҚШ - 20 млн. т., Украина - 19 млн. т., Польша - 15 млн. т., Германия - 13 млн. т., Беларусь - 8 млн. т., Нидерланды - 7 млн. т., Франция - 6,9 млн. т., Ұлыбритания - 6 млн. т. и Канада - 5 млн. т.
Жаңа сорттардың қолданысқа енуі және өсіру интенсивтік технологиялардың пайда болуымен байланысты Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде картоп өнімділігі артып, қазіргі таңда орта есеппен алғанда 1 гектардан 40-50 тоннаны құрайды, бұл өз кезегінде аталған елдерге (Ұлыбритания, Германия, Франция және т.б.) түйнектердің бұрынғы жалпы өнімділігі жағдайында аталған дақыл түріне қажетті егіс алқаптарын қысқарту мүмкіндігін беріп отыр.
Голландияда картоптың жалпы өнімі артқанымен егіс алқаптарының ауданы өзгеріссіз қалып отыр - олардың құрамында 22%-ы тұқымдық, 43%-ы - азық-түлік және 35%-ы - техникалық картоп өсіру үшін пайдаланылуда.
ТМД елдерінде де картоп өсіруге бөлінген егіс ақлаптарының ауданы бұрынғы қалыпта сақталып отыр, тек инфрақұрылым ғана өзгерген - мемлекеттік сектордағы егіс алқаптары азайып, жекеменшік сектордың артуы (фермерлік шаруашылықтар, жеке қосалқы шаруашылық және т.б.). Бұл ретте дақылдардың өнімі күрт түсіп кетіп, ол 10-11тга-дан аспай отыр. ТМД елдерінде аталмыш саланы тұрақтандыру және күшейту мақсатында картоп шаруашылығы саласының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бағдарламалар жасалады. Картоптың аса зиянды патогендерге төзімді, сонымен бірге қайта өңдеудің түрлі бағыттарына жарамды және сапасы жоғары сорттарының ассортиментін көбейту қарастырылып отыр.
Қазақстанда астық өнімділігінің төмен болуына байланысты картоптың жалпы өндіріс көлемі халықтың осы азық-түлік түріне қатысты сұранысын қанағаттандырмайды. Картоп өндірісінің нақты деңгейі 1700 мың тоннадан аспайды, бұл әр адамға шаққанда ең төменгі тұтыныс деңгейі нормасының 30,0%-ын құрайды. Оған қоса, алыс және жақын шетелден картоптың қажетті көлемін жеткізу үшін мемлекет 1,3 млн АҚШ долларына шығындалады.
Қазақстанның көптеген аймақтарында картоптың өнімділігі төмендеп кеткен және ол келесі репродукцияларда түйнектер сапасының нашарлауына әкеліп соғады. Бұл факторлардың 3 тобының өзара арақатынасы - сыртқы жағдайлар (ауа мен топырақтың температурасы, ылғалмен қамсыздандырылу, минералды қоректену режимі мен түйнектерді сақтау шарттары), өсімдіктердің сорттық және дербес ерекшеліктерінің ауру қоздырғыштары (вирустар, вироидтар мен микоплазмалар) нәтижесінде болатын өте күрделі құбылыс.
Сонымен, картоп өсіретін елдердегі сорт шығарудың негізгі және жаңа бағыттары бойынша ұқсас зерттеулердің болуы картоптың бәсекеге қабілетті сорттарын шығару үшін селекцияның дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерін пайдалана отырып, жаңа генотиптер іздестіру және селекция үдерісінің технологиясын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын топырақ-климат жағдайларының салдарынан жыл сайын картоп өнімділігінің төмендеуі байқалады. Өнімділіктің төмендететін негізгі факторлардың бірі жоғары температура. Жоғары температураның ұзақ уақыт бойы ықпал етуі өнім түзілу үдерісіне тікелей ықпал етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік аймағында картоптың ыстыққа төзімді сорттары жоқ. Картоптың қолданыстағы сорттары жоғары температураға төзімділігінің төмен болуымен сипатталады. Сондықтан, картоптың ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді линияларын алу әдістерін жетілдіру селекцияның маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.
Дәстүрлі селекциялық-генетикалық тәсілдермен үйлестіріле отырып, биотехнологиялық әдіс-тәсілдер өсімдіктердің күйзелістік факторларға төзiмдiлiгiн арттыру мәселесін шешуге айтарлықтай әсер ете алады.
Ұлпалар мен жасушалар өсіру әдісі азықтық, техникалық, әсемдік, дәрілік дақылдардың сорттарын жақсартуға бағытталған алуан түрлі селекция бағдарламаларында кеңінен колданылады. Сонымен бірге қосымша селективтік факторларды пайдалана отырып, жасушалардың өсіру жағдайларын өзгертіп, жаңа тұқымдық касиеттері бар, әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарының тәжірибелік маңызы бар сомаклоналды нұсқаларын алудың тиімді көзі болып қызмет ете алатын in vitroжағдайында жасушаларды сұрыптау жүргізуге мүмкіндік береді.
Өзектілігі. Қазақстан Республикасында картоп өсірілетін дақылдардың ішінде негізгі азық-түлік өнімі ретінде бағалы ауылшаруашылық дақылы. Егіс көлемі 170 мың га. Топырақ-климаттық жағдайлардың өзгеруімен байланысты бұл дақылдың өнімділігі жыл сайын төмендеуде. Өнімділіктің төмендеуіне әсер ететін экологиялық шектеуші факторлардың бірі жоғары температураның әсері мен құрғақшылық және бұл факторлар Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарының топырақ-климаттық жағдайы картоп дақылының өсіп-дамуы үшіншектеуші фактор болып отыр. Көбінесе жаз айларында күндізгі ауа температурасы 35-40°C - тан асқанда картоп өсімдігі үшін өте қолайсыз жағдай туындайды. Осы кезеңде картоп өсімдігі температуралық күйзеліс жағдайында болады, бірақта өсімдіктердің сыртқы түрінен күйзелістің ешқандай белгілері байқалмайды.
0.1. Өркен шаруа қожалығы орналасқан аймақтың топырақ - климат жағдайы
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тау бөктерлі аймағының сипаттамасы. Эксперименттік жұмыстар 2000-2005 жж. Тянь-Шань таулы үстіртінің территориясындағы Алматы облысының орталық аймағынан орын тепкен Райымбек ауданының, Текес ауылында орналасқан Өркен шаруа қожалығында жүргізілді. Картоптың егістік көлемі жағынан облыс бойынша 5 орындағы аудан, егістік көлемі 6,4 % -ды құрайды.
Тянь-Шань таулы сілемі жер бедерінің бір ерекшелігі Теріскей, Күнгей, Кетмен және Іле Алатауы сияқты биік тау жоталарымен және Текес, Кетмен, Кеген, Қарқара Жалаңаш, Қоғалы және тағы да басқа ірі тауаралық ойпаттармен көмкерілген. Бұл ойпаттардың жер бедері тегіс сипатта, теңіз деңгейінен 1500-2000 м абсалюттік биіктікте орналасқан.
Таулы аймақтың гидротермиялық режимі топырақ құралуындағы таулы аңғар жағдайын жасайтын өзіндік бір ерекшелігімен сипатталады. Гидротермиялық режим мен топырақ түзуші жыныстардың өзіндік ерекшелігі беткейлерде теңдесі жоқ топырақ түрін құрайды. Таулы топырақтарда биологиялық белсенділігі төмен қаңқалық түзілулерді жиі кездестіруге болады. Таулы аймақтар да, беткейлерде кездесетін топырақ типтерін (қоңыр, қара топырақ және т.б.) қалыптастырады. Алайда, олар беткейлердегі топырақ типтеріне қарағанда, топырақ құралу нәтижесінде пайда болған факторлар әсерінен жаңа қасиетке ие болады. Тау жыныстары мен минералдардың мүжілуі кезінде, олардың құрамына енетін элементтер кіші биологиялық айналымға қатысады.
Теңіз деңгейінен 1800 м биіктікте орналасқан Өркен шаруа қожалығының аумағындағы тәжірибе алқабының топырақ жамылғысын сипаттау үшін таулы-аңғарлы қара қоңыр карбонатты топырағының кесіндісі сипаттамасы (Казгипрозем мекемесінің топырақтанушысы А.Саековпен бірге жүргізілген) берілген (Кесте 3).
Кесте 3 - Тәжірибе алқабының топырақ қабаттарының кесінділері бойынша сипаттамасы
Қабат
Сипаттама
А 0-23 см
күңгірт-сұр түсті, біртекті, кеуекті, түйірлі-дәнді, ауыр саз балшықты, тамырлар бар, ауысуы бірқалыпты.
В1 23-51 см
күңгірт-сұр түсті, ылғалды, ауыр саз балшықты, тығыздалған, түйірлі-дәнді-шаңды, ұсақ құм тастарынан тұрады, тамырлар кездеседі, ауысуы бірқалыпты.
В2 51-74 см
күңгірт-сұр түсті, ылғалды, ауыр саз балшықты, түйірлі-дәнді-шаңды, тамырлар аз, ұсақ құм тастары бар, ауысуы бірқалыпты.
В3 74-98 см
сарғыш-күңгірт түсті, ылғалды, ауыр саз балшықты, тығыздалған, түйірлі-дәнді-шаңды, ұсақ тастар бар.
С 98 см
ұсақ түйірлі тастар

А-В1 кескініндегі қара шірінді қуаттылығы 51 см-ді құрайды. Жоғарғы қабаттағы (0-20 см) қара шірінді 4,16 % -ті құрайды. Топырақ қабатымен төмендеген сайын қара шірінді мөлшері біртіндеп азая береді. Құрамындағы жалпы азот 0,26 %, ал көмір қышқылы 1,39 % мөлшерінде. Топырақ ортасындағы реакция әлсіз сілтілі. Бұл топырақ кальциймен артығымен сіңірілген. Тау топырағы құрамында сіңірілетін натрийдің болмауы әдеттегі құбылыс. Қара-қоңыр топырақ типтерінде жылжымалы фосфор түрі орташа, ауыспалы калий жоғары деңгейде болады (Кесте 4).
Кесте 4- Өркен шаруа қожалығының тәжірибе алаңының қара-қоңыр топырағының химиялық көрсеткіштері

Топырақ қабаты,
См
Қара шірінді, %
Жалпы азот,
%
Жалпы фосфор,
%
Жылжымалы
фосфор,
мгкг
Ауыспалы
калий,
мгкг
Көмір
қышқылы, %
0-20
4,16
0,260
0,22
13,5
385
1,39
20-30
2,83
0,194
0,20
11,5
374
1,50
40-50
1,63
0,161
0,14
-
320
8,19

Осы топырақ механикалық құрамы жағынан ауыр сазбалшықты түрге жатады.
Тәжірибе алаңының топырағы төмендегідей агрофизикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді: меншіктік салмағы 2,63-2,72 гсм3 аралығында ауытқиды, жарты метрлік топырақ қабатының көлемдік салмағы 1,01-1,18 гсм3 аралығында, гигроскопиялығы - 5,53-7,82 %-ті құрайды, ылғалдылығы - 5,6-11 %, ылғалды сіңіруі - 20,1-27,8 %. 100 см -ге дейінгі топырақ қабатындағы ылғал қоры 165,6 мм -ді құрайды.
Таулы климат теңіз деңгейінен көтерілген сайын атмосфера қысымының, ауа температурасының төмендеуі және күн сәулесі түсуінің жоғарылауы заңдылықтарымен ерекшеленеді.
Таулы аймақтарға ылғалы мардымсыз ауа ағындары келіп жететіні, белгілі. Сондықтан бұл жерлер биік деңгейде орналасуына қарамастан, өте құрғақ климатпен ерекшеленеді. Үстірт ойпатын қоршаған таулар, сол жерлерге жылы және суық ауа массаларының кіруіне кедергі болады. Тау аңғары ойпаттарында байқалатын температуралық инверсиялар, неғұрлым төмен орташа тәуліктік және орташа айлық температураларда өз айшығын табады. Қар жамылғысымен көмкерілген көршілес тау жоталарынан түскен салқын ауа аңғарға жайылып, кейіннен ойпаттың беткі ауданын суытып инверсияның байқалуына себеп болады. Тау биіктеген сайын жоғарылай беретін күндізгі және түнгі сәулелену қарқындылығы тау аңғарларындағы ауа мен топырақ температураларының тәуліктік ауытқуларын анықтайды.
Таулы аймақтағы ауа температурасы қаңтар айында 8-100 С -ға, ал шілдеде 3-50 С-ға төмен. Іле Алатауының солтүстік беткейіне қарағанда, бұл жерлердегі аязсыз кезең ұзақтығы 110 күнге қысқа, ал жауын-шашын мөлшері екі есе аз түседі. Таулы аймақтың абсалютті биіктігіне қарамастан, бұндағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен.
Таулы аймақта көктем ұзағынан созылады, қатқақ суықтар жиі қайталанып, түнгі уақыттарда температураның күрт төмендеуінен, топырақ қабатының қызуы баяу жүреді. Осындай себептерге байланысты картоптың көктеуі кеш жүреді, ал толық көктеп шығуы мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінде байқалады. Картопты отырғызбастан бұрын отырғызу материалын жылумен өңдеген жөн. Өкінішке орай, қажетті құрал-жабдықтардың болмауынан отырғызу матералдарын алдын-ала өңдеуден өткізу шаралары жүргізілмей отыр. Таулы аймақтар үшін бұндай шаралар маңызды. Біздің агротехникалық тәжірибелеріміздің мәліметтеріне сүйенсек, отырғызу материалына алдын-ала өңдеу шараларын жүргізу өнімділікті 15-20 %-ға көтереді.
Ең суық және ең жылы ай, сонымен қатар күндізгі және түнгі температуралар ауытқуларының шегі бойынша таулы аңғардың климаты күрт континентальды климатқа жатады. Таулы аймақтағы ауаның орташа жылдық температурасы 1,7-ден 2,50 С аралығында ауытқиды. Қаңтар айындағы орташа температура -13,2-14,50 С, шілдедегі орташа температура +14,8-16,80С. Орташа тәуліктік температураның 00 С-дан ауысуы қазан айының соңында, +50 С-дан сәуірдің бірінші жартысында, +100 С-дан мамырдың екінші жартысында жүреді. +180 С-дан жоғары температура 30-35 күннен кейін байқалады. Сондықтан бұл жерлердегі жаз маусымының басталуын мамыр айының келуімен, яғни орташа тәуліктік температураның +100 С-дан ауысу уақыты. Жаз маусымы қыркүйек айына дейін созылады, яғни ауаның орташа тәуліктік температурасы +100 С-ны құраған уақытқа сәйкес келеді. Ауаның орташа температурасы мамыр айында +9,5-+11,70 С, шілдеде +13,2-14,50 С, ал қыркүйек айында +8,8-14,80 С-ны құрайды. Тәулік ішіндегі ауа температурасының ең жоғары шегі 15:00 сағат шамаларында байқалады.
Абсалюттік деңгейдің биіктіктеуімен, күн радиациясының жылу тиімділігі артып жылуға деген мұқтаждық өтемін толтыруға мүмкіндік береді. Сондықтан таулы аймақта өсіп-өнетін өсімдіктердің дамып-жетілу кезеңдері жазық жердегі өсімдіктермен салыстырғанда аз температура жиынтығында жүреді. Таулы аңғар климатының негізгі ерекшеліктерінің бірі- құрғақшылық. Себебі, бұл аймаққа жауын-шашын мөлшері аз түседі және ол тез буланады. Бұл көрініс атмосфера қысымының төмен болуынан және күшті жел тұруынан болады. Таулы климат жағдайында вегетациялық кезең уақытындағы атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің булануы екі есе жүреді. Бұндай жағдай булану процесінің күшеюіне әкелетін атмосфера сиректіктігі әсерінен болады. Жаз айларында топырақтан ылғалдың тез булануы ауаның салыстырмалы ылғалдылығының төмен болуынан, яғни 40% -дан аспауы, сонымен қатар бұлтты күндердің сирек болуына байланысты.

Кесте 5- Вегетациялық кезеңнің агрометеорологиялық көрсеткіштері (2012-2015жж.)

Көрсет
Кіштер
Жыл
Дар
Айлар
Орта
ша көрсеткіш

Сәуір
Ма
мыр
Мау
сым
Шілде
Тамыз
Қыр
Күйек

Ауа темпера
турасы,С0
2012
6,2
12,5
16,9
11,8
19,2
10,7
14,5

2013

14,2
18,6
23,7
22,8
13,7
16,5

2014
6,5
14,7
18,2
23,5
21,9
12,5
16,2

2015
6,7
13,7
19,3
25,5
23,5
14,2
17,2
Ауаның салыстыр
малы ылғалды
лығы, %
2012
73,5
71,0
61,0
58,6
47,2
53,8
60,8

2013
63,3
61,0
55,0
49,2
41,6
47,8
53,0

2014
73,0
68,5
60,3
62,1
51,0
55,7
61,7

2015
73,5
69,8
63,5
67,4
55,0
63,3
65,4
Жауын-шашын мөлшері, мм
2012
90,6
81,6
53,6
24,8
17,6
23,1
291,3

2013
44,9
33,2
7,1
3,2
12,1
17,8
118,3

2014
89,5
78,8
50,4
31,0
25,3
27,5
302

2015
90,5
75,6
35,7
17,9
35,2
40,1
295

Солтүстік Тянь-Шань таулы аңғарының жылу және жарық ресурстары картоптың ерте және орташа пісетін сорттарын өсірудегі биологиялық талаптарды қанағаттандырады, ал тәжірибе учаскесінің топырағы агрохимиялық, су-физикалық қасиеттері бойынша осы дақылды өсіруге оңтайлы көрсеткіштермен сипатталады.

0.1. Өркен шаруа қожалығы туралы қысқаша мәліметтер
Шаруа қожалық 1993 жылы құрылған. Негізгі бағыты Өсімдік шаруашылығы оның ішінде картоп дақылының тұқымын өндіру, қосымша мал шаруашылығыменде айналысады. 1998 жылдан бастап картоптың вируссыз жоғары сапалы тұқымын өндіретін биотехнологиялық лаборатория жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы-ғы министрінің бұйрығымен 2001жылдан картоптың элита тұқымын өндіруші және сатушы мәртебесі берілді. Жер көлемі - 871га.
Шаруа қожалық басшысы: Нүсіпқожаев Талғат Жоспарханұлы-Ғалым агроном.
Ғылыми жетекші: Лигай Герман Леонтьевич Профессор, ауыл шаруашылық ғылымының докторы.
Бас агроном: Сейтмуратов Бахыт Жақсылықұлы - ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты. Шаруа қожалық құрылған жылы 3 жұмыскер жұмыс істесе қазіргі таңда 43 жұмыскер жұмыс істейді, маусымдық жұмыстарда 150-200 адамға дейін жетеді. Жұмыскерлердің орташа жалақысы - 21000 тенге.

Өркен шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылық машиналары
Ауыл шаруашылық техникалары (тракторлар мен комбайн және т.б.)
Саны
РУМ-5
1
К-700
2
ДТ-75
1
МТЗ-80
3
ЮТО
1
Т-40
1
Плуг
2
Культиватор КРН 4,2
2
Сеялка
3
Копатель УКВ-2
2
Картофелесажалка
2
Плоскорез
2
Енисей комбайыны
1
ЛДГ-10
1
Нива комбайыны
1
ПЛН 4-35
1
БЗСС-1
1

Сонымен қоса Израильдің технологиясы бойынша картоп өсіруге арналған техникалар.
Ауыл шаруашылық техникалары (тракторлар мен комбайн және т.б.)
Саны
Трактор ФИАТ
3
Картоп жинайтын комбайн
3
Картофелесажалка КМС-4
3
Культиватор КНО-2
3
Доминатор
3
Ботва резка КИР-1,5Б
1
Автомашины МАИ
1
Зил-130
2
Картофелесортировочная линия КПС-25
1 комплект

Өркен шаруа қожалығының егістік жерінің кестесі.

Барлық жер көлемі
440 га
Астық дақылдары
240 га
Оның ішінде: бидай
90 га
Арпа
150 га
Картоп
200 га

Өркен шаруа қожалағына 1 га түскен өнім мөлшері.
Астық дақылдары
21,8 цга
Оның ішінде: Бидай
25 цга
Арпа
20цга
Картоп
280цга

Өркен шаруа қожалығының мал саны.
Мал түрлері
Саны(бас)
Ірі қара
7
Қой мен ешкі
510
Жылқы
50

Өркен шаруа қожалығындағы мал шаруашылығынан түсетін өнімдер.
Өнім түрлері
Мөлшері, т
Ет
7900
Сүт
50,6
Жүн
1,4

2.1. Картоп сорттарына сипаттама және зертханалық жағдайда тұқым өндіру жолы.
Тохтар сорты . 2003 жылы Алматы облысында аудандастырылған. Орташадан ерте пісетін, өнімі жоғары сорт. Вирус және саңырауқұлақ ауруларына төзімді. Ыстыққа төзімді. Өнімі - 37-39 тга.
Тохтар сорты Картоп және көкөніс шаруашылығы зерттеу орталығы мен М. А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының мамандарымен бірлесіп шығарылған.
Авторлары: Г.Л. Лигай, Т. Аубакиров, С.А. Бабаев, Н.А.Айтхожина, М.К. Карабаев, Р.М. Турпанова.
Тамаша сорты. 1996 жылдан бастап Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында аудандастырылған. Түйнегінің түсі ақ, қабығы жылтыр. Гүлінің түсі ақ шашақты келеді. Сабағы сирек, жапырагының және бұтақшаларының саны орташа. Құрғақшылыққа төзімді. Өнімі -25-30тга.
Орбита сорты. Орташа пісетін сорт. Сабағының ұзындығы 60-70см жетеді. Жапырақ түсі күңгүрт-жасыл, көлемі орташа. Гүлінің түсі күлгін, көлемі орташа. Сорт картоптың әр түрлі ауруларына және қоршаған ортаның ауытқуларына төзімді.
Авторлары: Лигай Г.Л., Жұмагельдинов Б.К., Айтхожина Н.А., Жардемали Ж., Лесова Ж.Т., Избасаров А
Тұқым өндірісі
Тұқым өндірісі ауыл шаруашылығының жеке бір саласы болып есептеледі. Себебі көптеген жыл еңбектеніп шығарған сортының тиімділігі, оның тұқымының қандай жағдайда көбейтуіне байланысты. Мысалы, әр түрлі жағдайда (ауа-райының агротехникалық ) өндірілген картоптың, бір сортының өнімі әр түрлі болады.
Көптеген тәжірибелер көрсеткендей, картоптың репродукциясы артқан сайын, оның өнімі төмендей береді.
Қазіргі кездегі тұқым өндірісі ғылыми мекемелердің зертханалырынан басталып картоп өндіретін шаруашылықтардың өзіне қажетті дайындайтын тұқымдық танаптарымен аяқталады.
Қазақстанда тұқым жүйесі үш буыннан тұрады.
Біріншісі - ғылыми мекемелердің биотехнологиялық зертханаларында, картопты ең жоғары өсу нүктесіндегі меристема бөлігі арқылы вирус, бактерия және саңырауқұлақтар ауруларынан сауықтырып, супер-супер элита тұқымын алу.
Екіншісі - элита өсіретін шаруашылықтар картоптың аудандастырылған сорттарын көбейтіп, сол облыстың барлық картоп өндіретін шарушылықтарына сатып отырады.
Үшіншісі - сол картоп өндірітін шарушылықтарың өзіне керекті тұқым өндіретін танаттары. Өндірістегі картоп тұқымының дер кезінде ауысып отыруын қадағалау үшін ғылыми мекемелер жобаланған және ҚР Ауыл шаруашылығы минестірлігі бекіткен тұқым жүйесін іске отыру қажет.
Ғылыми негізделген норма бойынша, жан басына 90 кг картоптан шаққанда қазақстан бір жылда 2300 мың т шамасында картоп өндіру керек.
Ауа - райы қолайлы вирус аурулары көп тарамаған аудандарда картоп тұқымын 4-5 жылда бір ауыстыруға болады. Қазақстан табиғатында қалыптасқан тұқым жүйесі бойынша картоп тұқымын 3-4 жылда ауытыру тиімді.

Картопты биотехнологиялық әдіспен әр түрлі аурулардан сауықтыру.
Қазіргі кезде картопты вирус, бактерия және саңырауқұлақ ауруларының тазартудың негізгі жолдары мыналар:
1. Термотерапия - картоп түйнегін жоғары жылулықта қыздыру.
2. Картоптың жоғары меристема бөлігіндегі клеткаларды бөліп алып, жасанды қоректік заттарда вирустың көбеюін тежейтін химиялық заттарды қосып өндіру.
3. Осы екі әдісті қосып орындау, яғни термотерапиядан өткен түйнектің жоғары меристема жасушаларын жасанды ортада өсіру.

Картоп ауруларының термотерапиясы
Бұл әдіс кейбір вирустардың (дөңгелек формалы) жоғары жылулықта (+36ºС) өсімдіктерді зақымдай алмайтын және көбейе алмайтын қазиетіне негізделген.
Ол үшін көбейтуге сорт түйнектеріні жуып, 1% бор қышқылын ерітіндісімен дезинфекциялап +36ºС жылулақтағы термостатта 20-25 күн бойы ұстайды. Осындай жағдайда Қазақстандағы ең зиянды вирустар қатарына жататын L вирусының тіршілік ете алмайтыны дәлелденген.Бұл әдістің бір кемшілігі жоғары көп ұсталған кейбір сорттар түйнектері өзінің өнгіштігін жоғалтады. Әсіресе кесілген түйнектер ыстық жерде тез құрғап өнбей қалады. Сондықтан бүтін түйнектерді 2-3 сағат бойы +38ºС-та ұстап қалған уақытта +25-27 ºС жылулықта 56 күн бойы қыздырған тиімді.
Термотерапия әдісі мозайка ауруларын қоздыратын вирустарға қарсы күресте тиімсіз.
Мозайка ауруын туындататын вирустардан арылу үшін жоғары меристема бөлшегін боліп алып жасанды ортада өсіреді.

Меристеманы өсіру
Меристеманы арнайы камерада өсіреді. Жылулық +25, градус ылғалдылық 70% шамасында, ал жарық 16 сағат бойы 10-12 мың люкстен кем болмау керек. Жарық үнемі жанып тұрса, органогенез құбылысын әлсірітеді. Меристема бөліктерін жасанды ортаға орналастырғаннан кейін үлкейгені және көгере бастағаны байқалады. Меристеманы бөліп алып жасанды ортаға орналастырғаннан, 2-4 жапырақшасы бар өсімдік өсу мерзімі 2-ден 6 айға дейін созылу мүмкін. Оргоногенез құбылысын тездету ұшін, кішкене өркен пайда болысымен оны Уайт қоректік заттары бар ортаға айыстырады, бұл ортаның өсімдіктің тамыры және сабағының өсуіне септігі бар. Бұл жұмысты арнайы боксте артқарады.
Егер өркеннің айналасына каллус бітсе, оны қийып тастап, өркеннің өзін жаңа ортаға ауыстырып отырғызыды.

Қоректік орта
Меристеманы өсіру үшін қолданатын қоректік орта, картоп өсімдігіне керекті барлық қоректік заттар ескеріле отырып жасалады. Бұл қоректік орта құрамына кіретіндер: мениралды тұздар, витаминдер, әсерлі заттар және құрамында қанты бар заттар. Қоректі ортаны дистеллятор залалсыздандырған суға дайындайды. Меристема өсетін орта, сұйық немесе қою болу мүмкін. Қою ортаны агар қосу арқылы жасайды. Қоректік ортаға 0,7-0,8% агар қосса меристема бөлігі жақсы өседі. Жай агар жұқа қабыршақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Өркен» шаруа қожалығы. Картоп өсіру агротехнологиясы
Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
Шаруа қожалығы
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КАРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУДА ГЕОАҚПАРАТ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі салаларын дамыту
Аягөз бірталай желді қала
Оңтүстік Қазақстанның тау маңы аймағындағы картопты үздіксіз өсірілетін танабының фитосанитарлық жағдайын зерттеу
Семей қаласы бойынша АӨК жағдайына талдау
Шаруа қожалықтарының және кәсіпкерліктің даму жағдайы
Пәндер