Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат
1.2. Шаруашылықтың топырақ.климат жағдайы
1.3. Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
1.4. Шаруашылықтағы пайдаланған жер құрамы
1.5. Агрохимиялық көрсеткіштер
1.6. Органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды пайдалану
1.7. Органикалық тыңайтқыштарды ауыспалы егістерге бөлу
1.8. Тыңайтқыштардың жоспарланған өнімге арналған мөлшерін есептеу
1.9. Ғылыми зерттеу мекемелер ұсыныстарының негізінде минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау
2.0. Тыңайтқыш беру мерзіміне байланысты ауыспалы егіс
дақылдарын бөлу
2.1. Ауыспалы егісте тыңайтқыштарды қолданудың жылдық жоспары
2.2. Шаруашылыққа минералдық тыңайтқыштарды тасымалдау
жоспары
2.3. Жоңышқа дақылына қолданылған тыңайтқыштардың
Агрономиялық және экономикалық тиімділіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде картоп ең маңызды азық-түліктік дақыл болып табылады және дүние жүзінде бидай, күріш пен жүгеріден кейін төртінші орынды алады.
ФАО-ның деректеріне сүйенсек, дүние жүзінде картоптың жалпы өнімінің тұрақты түрде артуы байқалады. Егер 1960 жылы картоп өнімділігі 112,5 ц/га құраса, 2003 жылы – 162,0 ц/га жеткен. Картоптың жалпы өнімі аталған кезеңде 283,6 млн. тоннадан 311 млн. тоннаға дейін артқан. 2013 жылы картоп өндірісінің дүниежүзілік көлемі 328 млн. тоннаны құраған, соның ішінде озық елдердің қатарында келесілерді атап көрсетуге болады: Қытай – 75 млн. т., АҚШ – 20 млн. т., Украина – 19 млн. т., Польша – 15 млн. т., Германия – 13 млн. т., Беларусь – 8 млн. т., Нидерланды – 7 млн. т., Франция – 6,9 млн. т., Ұлыбритания – 6 млн. т. и Канада – 5 млн. т.
Жаңа сорттардың қолданысқа енуі және өсіру интенсивтік технологиялардың пайда болуымен байланысты Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде картоп өнімділігі артып, қазіргі таңда орта есеппен алғанда 1 гектардан 40-50 тоннаны құрайды, бұл өз кезегінде аталған елдерге (Ұлыбритания, Германия, Франция және т.б.) түйнектердің бұрынғы жалпы өнімділігі жағдайында аталған дақыл түріне қажетті егіс алқаптарын қысқарту мүмкіндігін беріп отыр.
Голландияда картоптың жалпы өнімі артқанымен егіс алқаптарының ауданы өзгеріссіз қалып отыр –олардың құрамында 22%-ы тұқымдық, 43%-ы – азық-түлік және 35%-ы – техникалық картоп өсіру үшін пайдаланылуда.
ТМД елдерінде де картоп өсіруге бөлінген егіс ақлаптарының ауданы бұрынғы қалыпта сақталып отыр, тек инфрақұрылым ғана өзгерген –мемлекеттік сектордағы егіс алқаптары азайып, жекеменшік сектордың артуы (фермерлік шаруашылықтар, жеке қосалқы шаруашылық және т.б.). Бұл ретте дақылдардың өнімі күрт түсіп кетіп, ол 10-11т/га-дан аспай отыр. ТМД елдерінде аталмыш саланы тұрақтандыру және күшейту мақсатында картоп шаруашылығы саласының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бағдарламалар жасалады. Картоптың аса зиянды патогендерге төзімді, сонымен бірге қайта өңдеудің түрлі бағыттарына жарамды және сапасы жоғары сорттарының ассортиментін көбейту қарастырылып отыр.
Қазақстанда астық өнімділігінің төмен болуына байланысты картоптың жалпы өндіріс көлемі халықтың осы азық-түлік түріне қатысты сұранысын қанағаттандырмайды. Картоп өндірісінің нақты деңгейі 1700 мың тоннадан аспайды, бұл әр адамға шаққанда ең төменгі тұтыныс деңгейі нормасының 30,0%-ын құрайды. Оған қоса, алыс және жақын шетелден картоптың қажетті көлемін жеткізу үшін мемлекет 1,3 млн АҚШ долларына шығындалады.
Қазақстанның көптеген аймақтарында картоптың өнімділігі төмендеп кеткен және ол келесі репродукцияларда түйнектер сапасының нашарлауына әкеліп соғады. Бұл факторлардың 3 тобының өзара арақатынасы - сыртқы жағдайлар (ауа мен топырақтың температурасы, ылғалмен қамсыздандырылу, минералды қоректену режимі мен түйнектерді сақтау шарттары), өсімдіктердің сорттық және дербес ерекшеліктерінің ауру қоздырғыштары (вирустар, вироидтар мен микоплазмалар) нәтижесінде болатын өте күрделі құбылыс.
1. Елешев Р.Е.‚ Балғабаев Ә., Рамазанова Р., Салықова А. Агрохимия практикумы. - Алматы, 2013.
2. Елешев Р., Сапаров А., Балғабаев Ә., Туктугулов Е. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану . – Алматы, 2010.
3. Елешев Р., Смағұлов Т., Балғабаев Ә., Рамазанова Р.Агрохимиялық зерттеулер әдістемесі. – Алматы, 2008

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
0.1. Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат
0.2. Шаруашылықтың топырақ-климат жағдайы
0.3. Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
0.4. Шаруашылықтағы пайдаланған жер құрамы
0.5. Агрохимиялық көрсеткіштер
0.6. Органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды пайдалану
0.7. Органикалық тыңайтқыштарды ауыспалы егістерге бөлу
0.8. Тыңайтқыштардың жоспарланған өнімге арналған мөлшерін есептеу
0.9. Ғылыми зерттеу мекемелер ұсыныстарының негізінде минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау
2.0. Тыңайтқыш беру мерзіміне байланысты ауыспалы егіс
дақылдарын бөлу
2.1. Ауыспалы егісте тыңайтқыштарды қолданудың жылдық жоспары
2.2. Шаруашылыққа минералдық тыңайтқыштарды тасымалдау
жоспары
2.3. Жоңышқа дақылына қолданылған тыңайтқыштардың
Агрономиялық және экономикалық тиімділіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде картоп ең маңызды азық-түліктік дақыл болып табылады және дүние жүзінде бидай, күріш пен жүгеріден кейін төртінші орынды алады.
ФАО-ның деректеріне сүйенсек, дүние жүзінде картоптың жалпы өнімінің тұрақты түрде артуы байқалады. Егер 1960 жылы картоп өнімділігі 112,5 цга құраса, 2003 жылы - 162,0 цга жеткен. Картоптың жалпы өнімі аталған кезеңде 283,6 млн. тоннадан 311 млн. тоннаға дейін артқан. 2013 жылы картоп өндірісінің дүниежүзілік көлемі 328 млн. тоннаны құраған, соның ішінде озық елдердің қатарында келесілерді атап көрсетуге болады: Қытай - 75 млн. т., АҚШ - 20 млн. т., Украина - 19 млн. т., Польша - 15 млн. т., Германия - 13 млн. т., Беларусь - 8 млн. т., Нидерланды - 7 млн. т., Франция - 6,9 млн. т., Ұлыбритания - 6 млн. т. и Канада - 5 млн. т.
Жаңа сорттардың қолданысқа енуі және өсіру интенсивтік технологиялардың пайда болуымен байланысты Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде картоп өнімділігі артып, қазіргі таңда орта есеппен алғанда 1 гектардан 40-50 тоннаны құрайды, бұл өз кезегінде аталған елдерге (Ұлыбритания, Германия, Франция және т.б.) түйнектердің бұрынғы жалпы өнімділігі жағдайында аталған дақыл түріне қажетті егіс алқаптарын қысқарту мүмкіндігін беріп отыр.
Голландияда картоптың жалпы өнімі артқанымен егіс алқаптарының ауданы өзгеріссіз қалып отыр - олардың құрамында 22%-ы тұқымдық, 43%-ы - азық-түлік және 35%-ы - техникалық картоп өсіру үшін пайдаланылуда.
ТМД елдерінде де картоп өсіруге бөлінген егіс ақлаптарының ауданы бұрынғы қалыпта сақталып отыр, тек инфрақұрылым ғана өзгерген - мемлекеттік сектордағы егіс алқаптары азайып, жекеменшік сектордың артуы (фермерлік шаруашылықтар, жеке қосалқы шаруашылық және т.б.). Бұл ретте дақылдардың өнімі күрт түсіп кетіп, ол 10-11тга-дан аспай отыр. ТМД елдерінде аталмыш саланы тұрақтандыру және күшейту мақсатында картоп шаруашылығы саласының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бағдарламалар жасалады. Картоптың аса зиянды патогендерге төзімді, сонымен бірге қайта өңдеудің түрлі бағыттарына жарамды және сапасы жоғары сорттарының ассортиментін көбейту қарастырылып отыр.
Қазақстанда астық өнімділігінің төмен болуына байланысты картоптың жалпы өндіріс көлемі халықтың осы азық-түлік түріне қатысты сұранысын қанағаттандырмайды. Картоп өндірісінің нақты деңгейі 1700 мың тоннадан аспайды, бұл әр адамға шаққанда ең төменгі тұтыныс деңгейі нормасының 30,0%-ын құрайды. Оған қоса, алыс және жақын шетелден картоптың қажетті көлемін жеткізу үшін мемлекет 1,3 млн АҚШ долларына шығындалады.
Қазақстанның көптеген аймақтарында картоптың өнімділігі төмендеп кеткен және ол келесі репродукцияларда түйнектер сапасының нашарлауына әкеліп соғады. Бұл факторлардың 3 тобының өзара арақатынасы - сыртқы жағдайлар (ауа мен топырақтың температурасы, ылғалмен қамсыздандырылу, минералды қоректену режимі мен түйнектерді сақтау шарттары), өсімдіктердің сорттық және дербес ерекшеліктерінің ауру қоздырғыштары (вирустар, вироидтар мен микоплазмалар) нәтижесінде болатын өте күрделі құбылыс.
Сонымен, картоп өсіретін елдердегі сорт шығарудың негізгі және жаңа бағыттары бойынша ұқсас зерттеулердің болуы картоптың бәсекеге қабілетті сорттарын шығару үшін селекцияның дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерін пайдалана отырып, жаңа генотиптер іздестіру және селекция үдерісінің технологиясын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын топырақ-климат жағдайларының салдарынан жыл сайын картоп өнімділігінің төмендеуі байқалады. Өнімділіктің төмендететін негізгі факторлардың бірі жоғары температура. Жоғары температураның ұзақ уақыт бойы ықпал етуі өнім түзілу үдерісіне тікелей ықпал етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік аймағында картоптың ыстыққа төзімді сорттары жоқ. Картоптың қолданыстағы сорттары жоғары температураға төзімділігінің төмен болуымен сипатталады. Сондықтан, картоптың ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді линияларын алу әдістерін жетілдіру селекцияның маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.
Дәстүрлі селекциялық-генетикалық тәсілдермен үйлестіріле отырып, биотехнологиялық әдіс-тәсілдер өсімдіктердің күйзелістік факторларға төзiмдiлiгiн арттыру мәселесін шешуге айтарлықтай әсер ете алады.
Ұлпалар мен жасушалар өсіру әдісі азықтық, техникалық, әсемдік, дәрілік дақылдардың сорттарын жақсартуға бағытталған алуан түрлі селекция бағдарламаларында кеңінен колданылады. Сонымен бірге қосымша селективтік факторларды пайдалана отырып, жасушалардың өсіру жағдайларын өзгертіп, жаңа тұқымдық касиеттері бар, әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарының тәжірибелік маңызы бар сомаклоналды нұсқаларын алудың тиімді көзі болып қызмет ете алатын in vitroжағдайында жасушаларды сұрыптау жүргізуге мүмкіндік береді.
Өзектілігі.Қазақстан Республикасында картоп өсірілетін дақылдардың ішінде негізгі азық-түлік өнімі ретінде бағалы ауылшаруашылық дақылы. Егіс көлемі 170 мың га. Топырақ-климаттық жағдайлардың өзгеруімен байланысты бұл дақылдың өнімділігі жыл сайын төмендеуде. Өнімділіктің төмендеуіне әсер ететін экологиялық шектеуші факторлардың бірі жоғары температураның әсері мен құрғақшылық және бұл факторлар Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарының топырақ-климаттық жағдайы картоп дақылының өсіп-дамуы үшіншектеуші фактор болып отыр. Көбінесе жаз айларында күндізгі ауа температурасы 35-40°C - тан асқанда картоп өсімдігі үшін өте қолайсыз жағдай туындайды. Осы кезеңде картоп өсімдігі температуралық күйзеліс жағдайында болады, бірақта өсімдіктердің сыртқы түрінен күйзелістің ешқандай белгілері байқалмайды.

0.1. Өркен шаруа қожалығы туралы қысқаша мәліметтер
Шаруа қожалық 1993 жылы құрылған. Негізгі бағыты Өсімдік шаруашылығы оның ішінде картоп дақылының тұқымын өндіру, қосымша мал шаруашылығыменде айналысады. 1998 жылдан бастап картоптың вируссыз жоғары сапалы тұқымын өндіретін биотехнологиялық лаборатория жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы-ғы министрінің бұйрығымен 2001жылдан картоптың элита тұқымын өндіруші және сатушы мәртебесі берілді. Жер көлемі - 871га.
Шаруа қожалық басшысы: Нүсіпқожаев Талғат Жоспарханұлы-Ғалым агроном.
Ғылыми жетекші: Лигай Герман Леонтьевич Профессор, ауыл шаруашылық ғылымының докторы.
Бас агроном: Сейтмуратов Бахыт Жақсылықұлы - ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты. Шаруа қожалық құрылған жылы 3 жұмыскер жұмыс істесе қазіргі таңда 43 жұмыскер жұмыс істейді, маусымдық жұмыстарда 150-200 адамға дейін жетеді. Жұмыскерлердің орташа жалақысы - 21000 тенге.

0.2. Өркен шаруа қожалығы орналасқан аймақтың топырақ - климат жағдайы
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тау бөктерлі аймағының сипаттамасы. Эксперименттік жұмыстар 2000-2005 жж. Тянь-Шань таулы үстіртінің территориясындағы Алматы облысының орталық аймағынан орын тепкен Райымбек ауданының, Текес ауылында орналасқан Өркен шаруа қожалығында жүргізілді. Картоптың егістік көлемі жағынан облыс бойынша 5 орындағы аудан, егістік көлемі 6,4 % -ды құрайды.
Тянь-Шань таулы сілемі жер бедерінің бір ерекшелігі Теріскей, Күнгей, Кетмен және Іле Алатауы сияқты биік тау жоталарымен және Текес, Кетмен, Кеген, Қарқара Жалаңаш, Қоғалы және тағы да басқа ірі тауаралық ойпаттармен көмкерілген. Бұл ойпаттардың жер бедері тегіс сипатта, теңіз деңгейінен 1500-2000 м абсалюттік биіктікте орналасқан.
Таулы аймақтың гидротермиялық режимі топырақ құралуындағы таулы аңғар жағдайын жасайтын өзіндік бір ерекшелігімен сипатталады. Гидротермиялық режим мен топырақ түзуші жыныстардың өзіндік ерекшелігі беткейлерде теңдесі жоқ топырақ түрін құрайды. Таулы топырақтарда биологиялық белсенділігі төмен қаңқалық түзілулерді жиі кездестіруге болады. Таулы аймақтар да, беткейлерде кездесетін топырақ типтерін (қоңыр, қара топырақ және т.б.) қалыптастырады. Алайда, олар беткейлердегі топырақ типтеріне қарағанда, топырақ құралу нәтижесінде пайда болған факторлар әсерінен жаңа қасиетке ие болады. Тау жыныстары мен минералдардың мүжілуі кезінде, олардың құрамына енетін элементтер кіші биологиялық айналымға қатысады.
Теңіз деңгейінен 1800 м биіктікте орналасқан Өркен шаруа қожалығының аумағындағы тәжірибе алқабының топырақ жамылғысын сипаттау үшін таулы-аңғарлы қара қоңыр карбонатты топырағының кесіндісі сипаттамасы (Казгипрозем мекемесінің топырақтанушысы А.Саековпен бірге жүргізілген) берілген (Кесте 3).
Кесте 3 - Тәжірибе алқабының топырақ қабаттарының кесінділері бойынша сипаттамасы
Қабат
Сипаттама
А 0-23 см
күңгірт-сұр түсті, біртекті, кеуекті, түйірлі-дәнді, ауыр саз балшықты, тамырлар бар, ауысуы бірқалыпты.
В1 23-51 см
күңгірт-сұр түсті, ылғалды, ауыр саз балшықты, тығыздалған, түйірлі-дәнді-шаңды, ұсақ құм тастарынан тұрады, тамырлар кездеседі, ауысуы бірқалыпты.
В2 51-74 см
күңгірт-сұр түсті, ылғалды, ауыр саз балшықты, түйірлі-дәнді-шаңды, тамырлар аз, ұсақ құм тастары бар, ауысуы бірқалыпты.
В3 74-98 см
сарғыш-күңгірт түсті, ылғалды, ауыр саз балшықты, тығыздалған, түйірлі-дәнді-шаңды, ұсақ тастар бар.
С 98 см
ұсақ түйірлі тастар

А-В1 кескініндегі қара шірінді қуаттылығы 51 см-ді құрайды. Жоғарғы қабаттағы (0-20 см) қара шірінді 4,16 % -ті құрайды. Топырақ қабатымен төмендеген сайын қара шірінді мөлшері біртіндеп азая береді. Құрамындағы жалпы азот 0,26 %, ал көмір қышқылы 1,39 % мөлшерінде. Топырақ ортасындағы реакция әлсіз сілтілі. Бұл топырақ кальциймен артығымен сіңірілген. Тау топырағы құрамында сіңірілетін натрийдің болмауы әдеттегі құбылыс. Қара-қоңыр топырақ типтерінде жылжымалы фосфор түрі орташа, ауыспалы калий жоғары деңгейде болады (Кесте 4).
Кесте 4- Өркен шаруа қожалығының тәжірибе алаңының қара-қоңыр топырағының химиялық көрсеткіштері

Топырақ қабаты,
См
Қара шірінді, %
Жалпы азот,
%
Жалпы фосфор,
%
Жылжымалы
фосфор,
мгкг
Ауыспалы
калий,
мгкг
Көмір
қышқылы, %
0-20
4,16
0,260
0,22
13,5
385
1,39
20-30
2,83
0,194
0,20
11,5
374
1,50
40-50
1,63
0,161
0,14
-
320
8,19

Осы топырақ механикалық құрамы жағынан ауыр сазбалшықты түрге жатады.
Тәжірибе алаңының топырағы төмендегідей агрофизикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді: меншіктік салмағы 2,63-2,72 гсм3 аралығында ауытқиды, жарты метрлік топырақ қабатының көлемдік салмағы 1,01-1,18 гсм3 аралығында, гигроскопиялығы - 5,53-7,82 %-ті құрайды, ылғалдылығы - 5,6-11 %, ылғалды сіңіруі - 20,1-27,8 %. 100 см -ге дейінгі топырақ қабатындағы ылғал қоры 165,6 мм -ді құрайды.
Таулы климат теңіз деңгейінен көтерілген сайын атмосфера қысымының, ауа температурасының төмендеуі және күн сәулесі түсуінің жоғарылауы заңдылықтарымен ерекшеленеді.
Таулы аймақтарға ылғалы мардымсыз ауа ағындары келіп жететіні, белгілі. Сондықтан бұл жерлер биік деңгейде орналасуына қарамастан, өте құрғақ климатпен ерекшеленеді. Үстірт ойпатын қоршаған таулар, сол жерлерге жылы және суық ауа массаларының кіруіне кедергі болады. Тау аңғары ойпаттарында байқалатын температуралық инверсиялар, неғұрлым төмен орташа тәуліктік және орташа айлық температураларда өз айшығын табады. Қар жамылғысымен көмкерілген көршілес тау жоталарынан түскен салқын ауа аңғарға жайылып, кейіннен ойпаттың беткі ауданын суытып инверсияның байқалуына себеп болады. Тау биіктеген сайын жоғарылай беретін күндізгі және түнгі сәулелену қарқындылығы тау аңғарларындағы ауа мен топырақ температураларының тәуліктік ауытқуларын анықтайды.
Таулы аймақтағы ауа температурасы қаңтар айында 8-100 С -ға, ал шілдеде 3-50 С-ға төмен. Іле Алатауының солтүстік беткейіне қарағанда, бұл жерлердегі аязсыз кезең ұзақтығы 110 күнге қысқа, ал жауын-шашын мөлшері екі есе аз түседі. Таулы аймақтың абсалютті биіктігіне қарамастан, бұндағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен.
Таулы аймақта көктем ұзағынан созылады, қатқақ суықтар жиі қайталанып, түнгі уақыттарда температураның күрт төмендеуінен, топырақ қабатының қызуы баяу жүреді. Осындай себептерге байланысты картоптың көктеуі кеш жүреді, ал толық көктеп шығуы мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінде байқалады. Картопты отырғызбастан бұрын отырғызу материалын жылумен өңдеген жөн. Өкінішке орай, қажетті құрал-жабдықтардың болмауынан отырғызу матералдарын алдын-ала өңдеуден өткізу шаралары жүргізілмей отыр. Таулы аймақтар үшін бұндай шаралар маңызды. Біздің агротехникалық тәжірибелеріміздің мәліметтеріне сүйенсек, отырғызу материалына алдын-ала өңдеу шараларын жүргізу өнімділікті 15-20 %-ға көтереді.
Ең суық және ең жылы ай, сонымен қатар күндізгі және түнгі температуралар ауытқуларының шегі бойынша таулы аңғардың климаты күрт континентальды климатқа жатады. Таулы аймақтағы ауаның орташа жылдық температурасы 1,7-ден 2,50 С аралығында ауытқиды. Қаңтар айындағы орташа температура -13,2-14,50 С, шілдедегі орташа температура +14,8-16,80С. Орташа тәуліктік температураның 00 С-дан ауысуы қазан айының соңында, +50 С-дан сәуірдің бірінші жартысында, +100 С-дан мамырдың екінші жартысында жүреді. +180 С-дан жоғары температура 30-35 күннен кейін байқалады. Сондықтан бұл жерлердегі жаз маусымының басталуын мамыр айының келуімен, яғни орташа тәуліктік температураның +100 С-дан ауысу уақыты. Жаз маусымы қыркүйек айына дейін созылады, яғни ауаның орташа тәуліктік температурасы +100 С-ны құраған уақытқа сәйкес келеді. Ауаның орташа температурасы мамыр айында +9,5-+11,70 С, шілдеде +13,2-14,50 С, ал қыркүйек айында +8,8-14,80 С-ны құрайды. Тәулік ішіндегі ауа температурасының ең жоғары шегі 15:00 сағат шамаларында байқалады.
Абсолюттік деңгейдің биіктіктеуімен, күн радиациясының жылу тиімділігі артып жылуға деген мұқтаждық өтемін толтыруға мүмкіндік береді. Сондықтан таулы аймақта өсіп-өнетін өсімдіктердің дамып-жетілу кезеңдері жазық жердегі өсімдіктермен салыстырғанда аз температура жиынтығында жүреді. Таулы аңғар климатының негізгі ерекшеліктерінің бірі- құрғақшылық. Себебі, бұл аймаққа жауын-шашын мөлшері аз түседі және ол тез буланады. Бұл көрініс атмосфера қысымының төмен болуынан және күшті жел тұруынан болады. Таулы климат жағдайында вегетациялық кезең уақытындағы атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің булануы екі есе жүреді. Бұндай жағдай булану процесінің күшеюіне әкелетін атмосфера сиректіктігі әсерінен болады. Жаз айларында топырақтан ылғалдың тез булануы ауаның салыстырмалы ылғалдылығының төмен болуынан, яғни 40% -дан аспауы, сонымен қатар бұлтты күндердің сирек болуына байланысты.

Кесте 2- Вегетациялық кезеңнің агрометеорологиялық көрсеткіштері (2012-2015жж.)

Көрсет
Кіштер
Жыл
Дар
Айлар
Орта
ша көрсеткіш

Сәуір
Ма
Мыр
Мау
Сым
Шілде
Тамыз
Қыр
Күйек

Ауа темпера
турасы,С0
2012
6,2
12,5
16,9
11,8
19,2
10,7
14,5

2013

14,2
18,6
23,7
22,8
13,7
16,5

2014
6,5
14,7
18,2
23,5
21,9
12,5
16,2

2015
6,7
13,7
19,3
25,5
23,5
14,2
17,2
Ауаның салыстыр
малы ылғалды
лығы, %
2012
73,5
71,0
61,0
58,6
47,2
53,8
60,8

2013
63,3
61,0
55,0
49,2
41,6
47,8
53,0

2014
73,0
68,5
60,3
62,1
51,0
55,7
61,7

2015
73,5
69,8
63,5
67,4
55,0
63,3
65,4
Жауын-шашын мөлшері, мм
2012
90,6
81,6
53,6
24,8
17,6
23,1
291,3

2013
44,9
33,2
7,1
3,2
12,1
17,8
118,3

2014
89,5
78,8
50,4
31,0
25,3
27,5
302

2015
90,5
75,6
35,7
17,9
35,2
40,1
295

Солтүстік Тянь-Шань таулы аңғарының жылу және жарық ресурстары картоптың ерте және орташа пісетін сорттарын өсірудегі биологиялық талаптарды қанағаттандырады, ал тәжірибе учаскесінің топырағы агрохимиялық, су-физикалық қасиеттері бойынша осы дақылды өсіруге оңтайлы көрсеткіштермен сипатталады.

0.3. Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
Бұршақ тұқымдасы (лат. Fabceae, немес лат. Fabaceae s.l., немесе лат. Leguminsae, немесе лат. Papilionaceae) - қос жарнақтыларкласына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасы. Жер шарында кең тараған: 730 туысы, 19,400 түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ботаникалық сипаттамасы
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді. Гүлі дұрыс құрылмаған - зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан - 5 тостағанша, күлтежапырақшадан - 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша - желкен, бүйіріндегісі - ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша - қайықша деп аталады.
Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі аталық құрылысы туыстарында әртүрлі болады. Ақмия (софора), тентекмия (термопсис) туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрібұршақ (люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа (вика), әйкен (чина) туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ гүл, шатыршагүл және жұмыргүл т.б. болады. Жемісі - бұршаққап. Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі - оларда ақуыздың көп болуында.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды.
Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді. Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды.
Гүлдері шашақ гүл шоғырына жиналған, симметриясы зигоморфты. Гүлсерігі қосарланған: біріккен 5 тостағаншасы, пішіні әр түрлі жоғарыда сипатталғандай 5 күлтесі болады, күлтесінің түсі көк. Андроцейі 10 аталықтан тұрады. Аналығы біреу, үстіңгі жатын, бір ұялы, бірнеше тұқым бүрлері болады. Гүл формуласы: Са(5) Со 1+2+(2)А(81+1)G1
Жемісі - спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап. Бұршақтар тұқымдасының түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұршақ тұқымдасының тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақсияқты түрлері - дәрілік өсімдіктер. Бұршақ тұқымдасының кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.).Бұршақ тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде өсіріледі. Қазақстанда егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбас бұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған және жұпар бұршақтарды атауға болады.
Картоп картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек (лат. Solanum tuberosum ) - алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.
* 150-ге жуық түрі белгілі.
* Отаны - Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары.
* Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді.
* Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі.
* Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі.
* Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі.
* Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.
* Биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ температурасы 5 - 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 - 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал - 1 - 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 - 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. К. түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 - 2% ақуыз, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар. Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 - 200 ц өнім түседі. К. тағам, мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады.
* Зиянкестері: картоп түн көбелегі, колорадо ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайы
Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат
Алматы облысы Үшарал ауылының кәдімгі боз топырағында өсірілген қант қызылшасының ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту
Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Азот тыңайтқыштарының мөлшерін қолайландыру
Шаруашылық жағдайында жобаланатын ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жетілдіру
Зығыр дақылын зерттеу
ЖАЗДЫК ЖӘНЕ КҮЗДІК ДӘНДІ ДАҢЫЛДАР ЕГІСІН ТЫҢАЙТУ
Нысанның табиғи-климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру
Пәндер