ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 25. ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстан

1. Республиканық қоғамдық саяси өмірі

2. Әлеуметтік- экономикалық дамудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар

3. Жаңару бағыты. Дамудың негізгі бағыттары

4. Қайталауға арналған сұрақтар

5. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

6. Әдебиеттер тізімі


1. РЕСПУБЛИКАНЫҚ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ӨМІРІ

50 ж. ортасынан 60 ж. ортасына дейiнгi аралықта басты 2 бағыт арасында текетiрестiк орын алды. Оның бiрi қоғамдық жүйенi, оның бүкiл салалары мен құрылымдарын түбегейлi өзгертудiң объективтiк қажеттiлiгiн бейнелейдi.

Қоғамдық жүйенi өзгертуге бағытталған шаралар

Жағымды жақтары: Жағымды жақтары
Кемшiлiктерi: Кемшiлiктерi
Жағымды жақтары: 1. Кеңестердi дамыту мен нығайту. Кеңес мемлекетi - жалпы халықтық мемлекет деген қағиданың орнауы. Республика жоғары кеңесi тұрақты комиссия жұмысының жандануы. 1963 ж. 473 депутаттың 158-i әйелдер болды.
Кемшiлiктерi: 1. Кеңес органдарының қызметi партиялық нормалар негiзiнде жүргiзiлдi. Кеңестер жұмысы формалды сипатта қала бердi және олардың талқылауына екiншi дәрежелi немесе алдын-ала шешiлiп қойылған мәселелер ұсынылды. Кеңестер құрамын жасақтау, кеңес кадрларын орналастырумен партия органдарының өзi шұғылданды.
Жағымды жақтары:

2. Кәсiподақ құрамы өстi. 1966 ж. 4 млн. мүшесi болды. Кәсiподақ ұйымдарының белсендiлiктерi артып, 1960 ж. бастап барлық шипа-жайлар мен демалыс үйлерiн басқарды.

1961 ж. колхоз-совхоздардағы мемле-кеттiк клубтар, кiтапханалар, кино-қондырғылар т. б. мәдени қызмет көрсету учаскелерi кәсiподақ құзырына берiлдi. Олар жұмысшы-лардың жағдайын жақсарту мақсатында кәсiпорын әкiмшiлiктерi-мен ұжымдық шарттар жасай бастады.

Кемшiлiктерi: 2. Кәсiпорындар көп жағдайда қосалқы функциялар атқарды және партия комитеттерiне бағынышты жағдайда болды.
Жағымды жақтары: 3. Комсомол ұйымының сандық құрамының өсуі. 1965 ж - 1 млн жастар белсенділіктері артты. Аса маңызды құрылыстарды қамқорлыққа алды. Жолдамамен құрылыстарға 8000 жастар жөнелтілді. 1962 ж Қазақстан ЛКЖО Х съезінде мал шаруашылығын қамқорлыққа алу жөнінде шешім қабылдайды. Жастардың спортты өркендетудегі, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы ролі өсті.
Кемшiлiктерi: Барлық іс-шаралар партия органдары тарапынан нұсқау беру, бақылау жасау арқылы жүзеге асырылып отырды. Комсомол партияның қатаң идеологиялық қыспағында болды.
Жағымды жақтары: ІІ. Шекара сыртында өз еркінен тыс қалып қойған отандастарымыз Қазақстанға қайта оралуға мүмкіндік алды. ҚХР-нан КСРО-ға - 350 000 адам оның 200 000-нан астамы Қазақстанға келген. Олар бір кезде кетуге мәжбүр болды.
Кемшiлiктерi: Әр түрлі себептерге байланысты мұндай қоныс аударулар 1963 ж қарай тоқталылып қалды.
Жағымды жақтары: ІІІ. КОКП-ның 1964 ж Қазан Пленумы Н. С. Хрущевті волюнтаризм және субъективизмі үшін айыптап, КОКП ОК-нің І хатшылығынан, КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы және Төралқа мүшесі қызметтерінен босатты. КОКП ОК-нің І хатшылығына Л. Н. Брежнев сайланды.
Кемшiлiктерi: Алайда бұл құбылыс үшін Н. С. Хрущевті кінәлаудың дұрыстығы екіталай еді, өйткені КСРО бұдан кейінгі кезеңдерде де ел басқарудағы волюнтаристік көзқарастардан айығып кете алған жоқ.

Түйін: Әміршіл-әкімшіл жүйені түбегейлі жоймайынша, біржақты реформалармен қоғамды демократияландыру процесін толығымен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Болғанмен де басталған игі процестер басқарудың бұрынғы өктемдік әдістерінің күні кетіп бара жатқандығын көрсетеді.

Қоғамның саяси өмiрi 1970 ж. басы жаңашыл үрдiстердiң едәуiр әлсiреуiмен, қоғамдық құрылыс принциптерi мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленедi.

Демократиялық бағыт оқиғалары: Демократиялық бағыт оқиғалары
Антидемократиялық: Антидемократиялық
Демократиялық бағыт оқиғалары: 1977жыл 7 қазан
Антидемократиялық: КСРО конституциясы
№ 6 бап қабылданды. Онда КОКП-ның саяси жетекшiлiк ролi көрсетiлдi. Сөз бен iс арасындағы алшақтық адамдардың бойына самарқаулық пен немқұрайлылықты туғызды.
Демократиялық бағыт оқиғалары: 1978 жыл 20 сәуiр
Антидемократиялық: Қазақ КСР конституциясы
Демократиялық бағыт оқиғалары:

Домократиялық құқықтар мен бостандықтар жарияланды.

Кеңестер - КСРОның саяси негiзi деп атап көрсетiлдi.

Демократиялық бағыт оқиғалары: 1967жылы қазан төңкерiсiнiң 50 жылдығына арналған салтанатты мәжiлiс “Кемелденген социализмнiң” орнығуы жөнiнде мәлiмдеме жасалды.
Антидемократиялық: Демократияны шектеу, еңбек адамын меншiк пен билiкке жақындатпау, адамның жеке басын аяқасты ету - кеңес қоғамының саяси жүйесiне тән белгiлер болды.
Демократиялық бағыт оқиғалары: 1975 жыл Алматыда О. Сүлейменовтың “АЗиЯ” атты еңбегi жарық көрдi. Шығармада 2 көршi мәдениеттiң шындықтары айқын көрiнiс тапқан.
Антидемократиялық: Кiтап тауар айналымынан, кiтапханалардан алынып тасталды. Оның жаңа басылымдарына тиым салынды.
Демократиялық бағыт оқиғалары: 1968 жылы «Прага көктемi» оқиғасында ГКП басшысы А. Дубчек социализмнiң «сталиндiк», «кеңестiк» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерiлдi.
Антидемократиялық: 1968 жылы тамызда 5 ел әскерiнiң Чех жерiне енгiзiлуi бұл әрекеттi iске асырмай тастады.

Тоқырау жылдардағы КРКП-ның iшкi және сыртқы саясатының бағыттары

:
Iшкi-сыртқы саясаттың бағыттары: Iшкi-сыртқы саясаттың бағыттары
Саяси бағыттарды жүзеге асыру үшiн жасалып жатқан нақты әрекеттер: Саяси бағыттарды жүзеге асыру үшiн жасалып жатқан нақты әрекеттер
: Халықара-лық қатынаста
Iшкi-сыртқы саясаттың бағыттары: Ұлыдержава-лық үстемдiкке ұмтылу
Саяси бағыттарды жүзеге асыру үшiн жасалып жатқан нақты әрекеттер: Атом және сутегi бомбаларын, құрлықаралық баллистикалық ракеталар жасап қарулы күштерге беру; әскери техниканы жетiлдiруге және көбейтуге күш салу; ғарышты игеруге жанталасып кiрiсу; алғашқы болуға ұмтылу, соны халықаралық саясата қысым құралы ретiнде пайдалану
: Ел iшiнде
Iшкi-сыртқы саясаттың бағыттары: Ұлыорыстық шовинизм
Саяси бағыттарды жүзеге асыру үшiн жасалып жатқан нақты әрекеттер: Келешекте “мемлекетiң жойылатыны”, “ұлттардың мейлiнше жақындасуы”, “барлық халықтың бiр тiлде сөйлейтiнi туралы тезистердi насихаттау, “тарихи жаңа қауымдастық - кеңес халқының” қалыптасқанын жариялау

Халықаралық жағдай

Жылдар: Жылдар
Оқиғалар: Оқиғалар
Жылдар: 1949 жылы 29 тамыз
Оқиғалар: Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ өткізілді. Әрбiр эксперименттiк қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткiзу құны - 30 млн. сомға тең болды.
Жылдар: 1969-70 жылдар
Оқиғалар: Маңғыстау облысы аймағында халықтан жасырын түрде кен жыныстарында 3 бiрдей жерасты ядролық сынағы өткiзiлдi.
Жылдар: 1960 жыл ортасы
Оқиғалар: Қытай мен қарым-қатынас салқын тартты.
Жылдар: 1967 жыл
Оқиғалар: Кеңес шекарасындағы Қытай әскер саны 400 мың адамға жеттi.
Жылдар: 1969 жылы 13 маусым
Оқиғалар: Даман аралындағы қақтығыс
Жылдар: 1969 жылы 13 тамыз
Оқиғалар: Семей облысы Жалаңашкөл бойында iрi қақтығыс болды.
Жылдар: 1969 жыл 11 қыркүйек
Оқиғалар: Пекин әуежайында Л. Н. Косыгин мен Чжоу Эньлай арасында кездесу ядролық жанжалды болдырмай тастады.
Жылдар: 1979 жыл желтоқсан
Оқиғалар: Кеңес әскерлерiн Ауғанстан жерiне енгiзу жөнiнде қисынсыз, кереғар шешiм қабылданды. Оған қарсы шыққан академик А. Д. Сахаров едi. Ол хаттары мен үндеуiнде бұл әрекеттiң қате екендiгiн, әскердi алып кетудi және бұл проблеманы БҰҰ қарауды талап еттi. Брежнев бастаған басшылық оны Мәскеуден Горький (Нижний Нева) қаласына жер аударды.
Жылдар: 1956-80 жылдар
Оқиғалар: Польша дағдарысы. 4 рет жанжал туылады. Жұмысшы партиясына жұмысшы табы қарсы шықты.

Түйін: Жанталаса қарулану, экономиканы әскерлендіру халықаралық қақтығыстар туғызды. Бұл саяси жүйенің сыртқы саясатының дағдарысының бір белгісі еді.

2. ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР МЕН ҚАЙШЫЛЫҚТАР

Әлеуметтік саладағы қайшылықтар

1-диаграмма.

60-70жж. Жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң қала тұрғындары iшiндегi және өнеркәсiптегi үлесi

Солтүстiктегi өнеркәсiптi қалалардағы жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң үлесi: Солтүстiктегi өнеркәсiптi қалалардағы жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң үлесi
Жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң арасындағы жұмысшылардың үлесi: Жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң арасындағы жұмысшылардың үлесi
Республика бойынша өнеркәсiпте iстейтiн қазақ жұмысшыларының үлесi: Республика бойынша өнеркәсiпте iстейтiн қазақ жұмысшыларының үлесi
Жоғары билiктi жұмысшылардың үлесi: Жоғары билiктi жұмысшылардың үлесi
Солтүстiктегi өнеркәсiптi қалалардағы жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң үлесi:

3%-дан

15%-ға дейiн

Жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң арасындағы жұмысшылардың үлесi: 20%
Республика бойынша өнеркәсiпте iстейтiн қазақ жұмысшыларының үлесi: 12%
Жоғары билiктi жұмысшылардың үлесi: 3%

2-диаграмма. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасқан үйлесiмдiктен ауытқуы (%)

3-диаграмма. Республика тұрғындарының арасындағы қазақ ұлты өкiлдерiнiң үлесi (тұрғындар санағының қорытындысы бойынша)

1-2 диаграммалардағы көрсеткіштер қаладағы, өнеркәсіптегі жергілікті ұлт өкілдерінің санының аздығы көрсетеді. Ресейден көшіріліп әкелінген өзге жұрт өкілдерін қалаларға шоғырландырып, қазақтардың «алыс» аудандарға қалдыруға тырысу - сол кездегі шовинист басшылардың әлеуметтік - демографиялық саясатының салдары.

3 -диаграмма қазақ ұлты өкілдерінің үлесінің баяу өскендігін көрсетеді.

1. Әкімшілікте істейтін зиялы;

2. Өндірісте істейтін зиялы;

3. Ғылым саласында істейтін зиялы;

4. Шығармашы зиялы;

5. Бұқаралық зиялы (мұғалімдер, дәрігерлер, заңгерлер) .

Сонымен бірге әлеуметтік саланы дамытуда қалдықтық принциптің сақталуы көптеген проблемаларды дүниеге әкелді. Осының бәрі республикада болашағы бұлдыр әлеуметтік - экономикалық жағдай қалыптасқандығының айғағы еді.

60 жылдардағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы

1964 ж қараша Пленумы 1962 жылы жүзеге асырылған партия, Кеңес Кәсіподақ ұйымдарының өндірістік принцип бойынша бөлінуін жаңсақ ұйғарым деп тауып, партия ұйымдары мен олардың жетекші органдарын аумақтық-өндірістік принцип бойынша қайта қалпына келтіріп құру туралы шешім қабылдады.

1965 жылғы қыркүйек Пленумы өнеркәсіпті салалық принцип, бойынша басқару және өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру туралы шешімі қабылдады.

Өнеркәсіп дамуында болған өзгерістер

Жағымды өзгерістер
Кемшіліктер
Жағымды өзгерістер: 1. Халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың жергілікті Кеңестері таратылды. Республикада бірқатар одақтастық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, мелиорация, су шаруашылығы т. б. ) құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу, азық-түлік т. б. кәсіпорындары біріктірілді.
Кемшіліктер:

Жұмыс күші сырттан көптеп тартылды. 1959-64 жж. Қазақстанға жыл сайын орта есеппен 64 мың адам келген болса, 1965-75 жж. 115 мың адам келіп қосылды. Адамдар «бұрын ешкім қоныстанбаған жерлерді игеруге келіп жатыр деген тұжырым ұдайы қайталанып отырды. Ал шындығында Қазақстан жері есте жоқ ескі замандардан бері жоғары мәдениет өлкесі, қазақ халқының рухани өмірінің тал бесігі болып келген еді.

Көптеген қалаларда экология тазалығын қорғау, өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу және жою жөніндегі шаралар жүргізу ойластырылмады. Әлеуметтік мәселелер жылдар бойына шешілмеді, ал адамдар ондаған жылдар бойы пәтерге жете алмады.

Жаңа құрылған экономикалық басқару жүйесі реформаның өрістеу барысында қол жеткізген жетістіктерден бірте-бірте айырыла бастады. Жоспарларға түзетулер, дәлдемелер енгізу, толықтыру жүргізілді, кәсіпорындар құқы шектелді. Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді. Олар реформаның мәнін аяусыз бұрмалағаны соншалық - ол іс жүзінде жұмыс істеуден қалды.

Түйін: Республика өнеркәсібі бұрынғысынша шикізат көзі ретінде қалып қойды. Ақырғы өнім шығаруға мүмкіндік берілмеді. Ел экономикасын әскерилендіруді (милитаризация) жалғастыру халық шаруашылығына көп нұқсан келтірді.

Жағымды өзгерістер: 2. Ғылыми-техникалық Революция жетістіктері көбейді. Кеңес Одағы баллистикалық ракетаны, жасанды жер спутнигін бірінші болып ғарышқа жіберілді. Айға, шолпанға ғарыш кемесі ұшырылды. Күннің жасанды серігі жасалды. Тұңғыш ғарышкер Космосқа ұшты. Ғылыми-техникалық қоғамдар, конструктор-лық бюролар, өндірістік кеңестер құрылды.
Жағымды өзгерістер:

3. Өндірісті электендіру мен механикаландыру, автоматтандыру негізгі бағыттың бірі болды.

М: Карагандауголь комбинатында автоматтандыру арқылы 2700 адам босап, еңбек өнімділігі 6%-ға көтерілді. Ащысай полиметалл комбинатының бір топ жұмыскерлері прогрестік технологиялық процестер жасағаны және өндіріске енгізгені үшін 1985 ж. Лениндік сыйлық игері атанды.

Жағымды өзгерістер:

4. Бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендей бастады. Титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар т. б. электротехникалық машина жасау кәсіпорындары пайда болды.

М: Кентау трансформатор, Семей кабель зауыты.

Жағымды өзгерістер: 5. Павлодар машина жасау - трактор жасау болып құрылды. 1965 ж. Өзен Кен орны өзінің алғашқы мұнайын берді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі жаңа кәсіпорындармен толықтырыл-ды.
Жағымды өзгерістер:

6. Кәсіпорындардың дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді.

1966 ж. ішінде 11 өнеркәсіп кәсіпорны (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматы «Жетісу» аяқкиім фабрикасы) жоспарлаудың жаңа тәртібіне көшірілді.

1967 ж. бұл жүйемен 193 кәсіпорын (10%) жұмыс істей бастады. 1970 ж. - (80%) болды.

Жағымды өзгерістер: 7. Жаңа өнеркәсіптік аудандар құрылып, жаңа кен орындары игеріліп жатты. Шевченко (Ақтау) қаласына таяу жерде әлемде тұңғыш рет атом қуатымен су тұщытатын қондырғы орнатылды. 5 жыл ішінде жеңіл және тоқыма өнеркісібінің 14 ірі фабрикасы мен комбинаты іске қосылды. Жаңа қалалар пайда болды. М: Рудный, Шевченко т. б.
Жағымды өзгерістер: 8. Жұмысшы табының саны өсті. 1959 ж. - 47, 9%, 1970 ж. - 56, 7%
Жағымды өзгерістер: 9. Темір, автомобиль, әуе, су жолдары жақсы дами бастады. Алматы, Жамбыл, Көкшетау, Целиноград - авто көлік жөндеу зауыттары, 12 облыс орталығында автобекеттер салынды.

Ауыл шаруашылығы

1965 ж. наурыз пленумы колхоздар мен совхоздар экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүйесiн жүзеге асыруды көздедi. 1960 ж. республикада мал басының саны - 37, 4 млн болды.

Жағымды жақтары: Жағымды жақтары
Кемшiлiктерi: Кемшiлiктерi
Жағымды жақтары: 1. Бiрнеше жылға арналған берiк жоспарлар белгiлендi. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу бағасы 2 есе өстi. Жоспардан тыс өнiм үшiн үстеме ақы төлеу енгiзiлдi. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру өстi. 1975 ж. -7, 1 млд. Материалды-техникалық база нығайтылды. 198 мың трактор, 10 мың комбаин берілді.
Кемшiлiктерi: 1. Сандық көрсеткiштерге ұмтылу көзбояушылық, қосып жазушылық, мерейтойлар, көтерiңкi мiндеттер қабылдау орын алды. Ауыл шаруашылығын интенсивтендірудің, шаруашылық жүргізудің тиімді әдістерін пайдаланудың орнына көбінесе қымбатқа түсетін шаралар қолданылып отырды.
Жағымды жақтары: 2. Табиғи - экономикалық ерекшелiктердi ескере отырып, ауыл шаруашылығын мамандандыру процесi жүргізілді. Ауыл шаруашылығы: табиғаты қолайлы жерде дәндi дақыл өсіруге, Оңтүстiк Шығыс - мал бағуға мамандандыы. 783-i сегiзiншi бесжылдықта тауарлы астық өндiруге мамандандырылды. 1285 шаруашылықтың 587-i қой өсiруге мамандандырылды.
Кемшiлiктерi: 2. Кадрлардың тұрақсыздығы, жетiспеуi, сырттан адам шақыруға мәжбүр етті. Бірақ жұмысшыларды осылайша сырттан әкелу әдісі де республика ауыл шаруашылығының проблемасын шешуге жәрдемдесе алмады.
Жағымды жақтары: 3. 1967 ж. 18 совхоз толық шаруашылық есепке көшiрiлдi. Астық, сүт, жұмыртқа, ет өндiрудiң өзiндiк құны төмендедi.
Кемшiлiктерi: Жаңа бастамалар қолдау таппағандықтан кейіннен тоқтап қалды. Ауыл шаруашылығы экстенсивті сипатта қалып қойды.

70-80 жылдардағы өнеркәсiптiң дамуы

70 ж басында 170-тен астам өнеркәсiп кәсiпорны мен цех - Лисаков кен байыту комбинаты Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты т. б. кәсiпорындар бой көтердi.

Екiбастұз отын-энергетика кешенi, Ертiсте Шүлбi СЭС-iнiң құрылысы болды. 1975 ж Республиканың барлық кәсiпорны энергиямен қамтамасыз етiлдi.

КОКП-ның ХХIУ-ХХУI съездерiнде ғылыми-техникалық прогресс туралы көп айтылды. Осыған орай ғылым мен техниканы тұтастыру формасы ғылыми-өндiрiстiк (60-70жж) бiрлестiктер құру деп танылды.

Өнеркәсiп құрылыс саласында республика басшылығы алып аумаққа әуестенушiлiктi кеңiнен қолдап отырды. Мифологиялық пайым соц. мемлекеттiң зор қуатын бейнелейтiн жаңа символдардың күннен күнге көбейе түсуiн талап еттi. Соның бір мысалы ретінде Павлодар-Екiбастұз, Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Шымкент-Кентау сияқты iрi аймақтық өндiрiстiк кешендер 70 ж басында тұрғызылды.

Билеушi партиялық-мемлекеттiк аппараттың бiлiмсiздiгi мен директивалық жоспарлау республика экономикасына орасан зор нұқсан келтiрдi. Арал - 27000 шаршы км - құрғап қалды. Экологиялық апат аймағына айналды.

Ауылшаруашылығы өндірісіндегі қайшылықтар:

Істелген шаралар
Кемшіліктер
Істелген шаралар: 1970-80жж ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық базасын нығайтуға көңіл бөлінді.
Кемшіліктер: Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру ұдайы төмендеумен болды. Ол ІХ бесжылдықта 13 пайызға, ХІ бесжылдықта 0, 4 пайызға құлдырады.
Істелген шаралар: 1971-80 ж ауыл шаруашылығына 18 млрд сомнан астам күрделі қаржы жұмсалды.
Кемшіліктер: Ірі қара, қой-ешкі, шошқадан алынған төл басы азайып кетті. Себебі: шаруалар өз еңбегінің жемісін өздері көре алмады. Еңбектерінің соңғы нәтижесіне мүдделі болмады.
Істелген шаралар: Жерді суландыруға, химияландыруға орасан зор көлемде қаражат бөлінді.
Кемшіліктер: Өнеркәсіптегі кәсіпорындардың өз өнімдеріне өздері баға белгілей құқылығы тыңайтқыштардың, техниканың т. б құнының бақылаусыз өсуіне әкеліп тіреді. Колхоздар мен совхоздар «ауыл шаруашылық техника», «ауыл шаруашылық химия» тәрізді мекемелер тарапынан да талауға түсті.
Істелген шаралар: Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданындағы “Ақши” совхозының басшысы Худенко ауылшаруашылық басқарудың жаңа формасын енгiзе бастады.
Кемшіліктер: Худенко кейін енгізген жаңалықтары үшін құғын - сүргінге ұшырады.
Істелген шаралар: 1982 жылы мамыр Пленумы - азық-түлiк бағдарламысы қабылданды. Пленум азық-түлiк проблемасын шешудің бірден-бір мүмкін жолы интенсивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.
Кемшіліктер: Бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды. Шаруалардың түбегейлі мүдделері, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделері қозғаусыз қалды.

Түйін: Колхоздар мен совхоздар шаруашылық дербестіктен мүлдем айырылды. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80ж орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді.


3. ЖАҢАРУ БАҒЫТЫ. ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.

Дағдарыс белгілері:

  • Бұрынғы басшылық толғағы жеткен өзгерістерді жүзеге асыруға дәрменсіз ғана болған жоқ, оның қажеттілігін түсінуге қабілетсіз болды.
  • барлық экономикалық қызмет, қоғамдық өмірдің барлық жақтары, тіпті азаматтардың жеке өмірі бір орталықтан басқарылды.
  • партиялық және мемлекеттік фунуциялардың қосылуы нәтижесінде төрешілдіктің, заң бұзушылықтың орын алуы.
  • қоғамдық - саяси өмірдің аса маңызды мәселелері бойынша жариялылықтың болмауы.
  • шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі. Ғылыми - техникалық және технологиялық прогрессте артта қалушылық.
  • өндірістің материалдық ресурстарын пайдаланудағы тиімділіктің төмендігі.
  • инфляция және орасан зор тауар зәрулігі т. б.
  • тұрмыс деңгейінің нашарлауы материалдық игіліктерді бөлуде теңгермешіліктің етек алуы.
  • ұлт - аралық қатынастардағы шиеленістер.
  • адамгершіліктің азуы, маскүнемдік пен нашақорлық, ұрлық пен қарлық, коррупция, жезөкшелік т. б.

Қорытынды : 80 жыл басында КСРО қоғам дамуының жаңа бет бағытына мұқтаж болды. Өйткені бұрынғы саяси институттар тиімсіз, адамға жат, ал экономикалық құрылымдары өміршең болмады.

КОКП Орталық Комитетінің сәуір (1985) Пленумы. Жеделдету бағыты.

1985ж наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев сайланды. Пленумда әлеуметтік - экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды.

Ғылыми - техникалық прогресс негізінде экономиканың құрылымдық қайта құру проблемаларын КОКП Орталық Комитетінің ірі мәжілісінде талқылау жаңа басшылықтың алғашқы қадамы болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКПның ХХVІІ съезінде бұл бағыт қолдау тауып, дамытылды.

Бірақ қоғамда қалыптасқан дағдарысты Пленум шешімдерімен өзгерту мүмкін емес еді. Алғашқыда жарияланған мақсаттар мен нақты өмірдің арасындағы күрделі қайшылықтардың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғалары болды.

1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғалары,

себептері мен салдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868-1917 жж.)
Зайсан ауданында қуғын - сүргін әрекеттерінің көрініс ала бастауы
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz