Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Табиғи климаттық жағдайы
  2. Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
  3. Дақылдардың суару режимі
  4. Ауыспалы егістегі есепке алынған суғарылу режимі (гидромодуль графигі)
  5. Ауыспалы егіске су берудің күнтізбелік жоспары
  6. Суармалы жердің су шаруашылық тепе-теңдігін есептеу
  7. Кәріз жүйесін жобалау

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамзат өмірінде жердің атқаратын қызметі өте көп. Сондықтан оны шаруашылық бағытта дұрыс пайдалана білген жөн. Ол үшін қоршаған ортаның гидрогеологиясының, ауа- райының және топырақтың белгілі бір қолайлы жағдайлары болуы керек. Оның кейбірін табиғаттың өзі берсе, кейбіреуін адам қолдан өзі жасау керек. Шөлейт жерлерде су жетіспейді, ауасы өте ыстық, жауын-шашын өте аз. Мұндай жағдайда меиорацияны жүргізу арқылы қалыпқа келтіреді. Мелиорация ( лат. melioration-жақсарту ) - жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық - ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықа мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап- ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (Қазақстанның ежелгі қалалары) . Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени- техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиярд куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суғарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс-Қарағанды каналы облыс өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал-Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, т. б. ) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.

  1. Табиғи климаттық жағдайы

Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117, 3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж) . Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Жер бедері. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м) . Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м) . Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м) . Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

Климаты. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7 - 9°С, оңт-нде -2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Ауаның жылдық орташа температурасы-12°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

Гидрогеографиясы. Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т. б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61, 5 млн м³), т. б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс - Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48, 2 км²), Қызылкөл (17, 5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т. б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.

Топырағы. Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

2. Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны

1-кесте

Дақылдар
Танап саны
Суғару саны
Суғару норм. m, м 3 /га
Суғармалау норм. М, м 3 /га
Суғару кезеңі
Басы
Аяғы
Ұзақтығы
Дақылдар:

Мақта

232 га

Танап саны: 4
Суғару саны:

1

2

3

4

5

6

7

8

Суғару норм. m, м3/га:

600

700

750

750

850

850

950

850

Суғармалау норм. М, м3/га: 6300
Суғару кезеңі:

6. V

27. V

16. VI

1. VII

11. VII

21. VII

6. VIII

21. VIII

15. V

15. VI

23. VI

10. VII

20. VII

3. VIII

15. VIII

30. VIII

10

20

8

10

10

13

10

10

Дақылдар:

Сүрлемдік жүгері

116 га

Танап саны: 2
Суғару саны:

1

2

3

4

5

6

Суғару норм. m, м3/га:

800

700

700

700

800

800

Суғармалау норм. М, м3/га: 4500
Суғару кезеңі:

11. IV

9. V

25. V

11. VI

25. VI

11. VII

20. IV

18. V

3. VI

20. VI

5. VII

20. VII

10

10

10

10

11

10

Дақылдар:

Жоңышқа

66 га

Танап саны: 1
Суғару саны:

1

2

3

4

5

6

7

8

Суғару норм. m, м3/га:

700

700

700

800

800

800

800

800

Суғармалау норм. М, м3/га: 6100
Суғару кезеңі:

1. IV

21. IV

16. V

6. VI

26. VI

16. VII

11. VIII

6. IX

10. IV

30. IV

25. V

15. VI

5. VII

25. VII

20. VIII

15. IX

10

10

10

10

10

10

10

10

Дақылдар:

Астық

116

Танап саны: 2
Суғару саны:

1

2

3

Суғару норм. m, м3/га:

800

800

800

Суғармалау норм. М, м3/га: 2400
Суғару кезеңі:

6. IV

26. IV

16. V

15. IV

5. V

25. V

10

10

10

Дақылдың нақты су өтімін есептеу

2- кесте

Дақыл
М, м 3 /га
F, га Алқап ауданы
Q нетто , м 3 /га
Q брутто , м 3 /га
Дақыл: Мақта
М, м3/га: 6300
F, га Алқап ауданы: 232
Qнетто, м3/га: 1461, 6
Qбрутто, м3/га: 1827
Дақыл: Сүрлемдік жүгері
М, м3/га: 4500
F, га Алқап ауданы: 116
Qнетто, м3/га: 522
Qбрутто, м3/га: 652, 5
Дақыл: Жоңышқа
М, м3/га: 6100
F, га Алқап ауданы: 66
Qнетто, м3/га: 402, 6
Qбрутто, м3/га: 503, 25
Дақыл: Астық
М, м3/га: 2400
F, га Алқап ауданы: 116
Qнетто, м3/га: 278, 4
Qбрутто, м3/га: 348
Дақыл: Барлығы
М, м3/га: 19300
F, га Алқап ауданы: 530
Qнетто, м3/га: 2664, 6
Qбрутто, м3/га: 3330, 75

Q нетто = F \mathbf{\bullet} М, м 3 /га Q брутто = 𝐐 н е т т о 𝛈 ( П Ә К ) \frac{\mathbf{Q\ нетто}}{\mathbf{\eta\ (ПӘК) }} , м 3 /га

Дақылдарды танапқа отырғызу (Оңтүстік Қазақстан облысы)

3- кесте

Дақылдар
Танап саны
Танап
F, га
α
Дақылдар: Мақта
Танап саны: 4
Танап: 1, 2, 3, 4
F, га: 232
α: 0, 43
Дақылдар: Сүрлемдік жүгері
Танап саны: 2
Танап: 5, 6
F, га: 116
α: 0, 21
Дақылдар: Жоңышқа
Танап саны: 1
Танап: 7
F, га: 66
α: 0, 12
Дақылдар: Астық
Танап саны: 2
Танап: 8, 9
F, га: 116
α: 0, 21
Дақылдар: Барлығы
Танап саны: 9
Танап:
F, га: 530
α: 0, 97

α - дақылдардың ауыспалы егістегі алып жатқан орны

F- суару алқабының ауданы, га

α = 𝐅 * 𝟏𝟎𝟎 % 𝐅 \frac{\mathbf{F*100\%}}{\mathbf{F}}

α = 232 * 100 % 530 \frac{232*100\%}{530} =0, 43

α = 116 * 100 % 530 \frac{116*100\%}{530} =0, 21

α = 66 * 100 % 530 \frac{66*100\%}{530} =0, 12

α = 116 * 100 % 530 \frac{116*100\%}{530} =0, 21

3. Дақылдардың суару режимі

Суару режимі- әр дақылдың қай уақытта, неше рет және қанша мөлшерде су ішетінін айтады.

Суару режимінің 3 түрі бар:

  1. Жобаланған
  2. Есептелген
  3. Пайдаланылған суару режимі

Есептелген суару режимі қазіргі кезде 2 жолмен анықталып жүр. Бұлар:

1) Академик Костяковтың тәсілі «Су тепе- теңдік» әдісі

2) Альпатев тәсілі «Биоклиматтық»

Біз осы курстық жұмысты суару режимін академик Костяковтың тәсілі бойынша есептеп, анықтаймыз.

I . Жалпы су пайдалану жиынтығы- өсімдіктердің еккен күннен жинап алғанға дейінгі қажетті су мөлшері. Оны мына теңдеумен анықтаймыз:

Е=ξ * У, м 3 /га

Мұндағы: Е-жалпы су пайдалану жиынтығы, м 3 /га

ξ - су пайдалану жиынтығының коэффициенті, яғни 1 тонна өнім алу үшін қажетті су, м 3

У - жобаланған өнім, т/га

II . Суғармалау нормасы

М=Е-(Р+W+W 1 )

Мұндағы: Р- топыраққа сіңген жауын-шашын. Оның мәнін былай анықтаймыз: Р=Н *μ

Н- өсімдіктің өсіп- өну кезеңіндегі жауған жауын-шашын;

μ - 0, 6-0, 9 деп қабылдаймыз

W- өсімдіктің топырақ қорынан алатын ылғалдылығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Ауыл шаруашылығы саласы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Ақтөбе орман шаруашылығы КММ
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы
Алматы облысының 2012 - 2016 жылдар бойынша ауыл шаруашылығының жерлерінің динамикасы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz