Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І.Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық
негізі.
1.1. Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық дидактикалық
алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.4. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
1.5. Шығармашылық . нәтижелі оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
1.6. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

ІІ .Тарау. Шығармашылық тапсырмалар . оқушылардың ой.өрісін
дамытудың жолы.
2.1 Ойлау қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы ... ... ...51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Кіріспе

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында барлық өркениетті елдерде қабілетті балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси – экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше, шығармашылық тұрғысынан ойлайтын іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру талап етілуде.
Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (1-наурыз, 2006) төртінші басымдық білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі - деп атап көрсетілген.
Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр. Сонымен бірге оқушыларды кіші жастан өз бетінше ізденуге, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, топпен және дара жұмыс істеуге дағдыландырып, өзін - өзі тексеруге, өзін - өзі бағалауға, корытынды жасай білуге, өз пікірін айта білуге, өмір дағдыларына бейімдеу міндет етіледі.
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық т.б. үрдістері жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан, мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістер арқылы мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылықпен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім ала алу дағдыларының дамуына негіз салу. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу - ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында екені айқын.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі - бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы.
Мен өз жұмысымда негізге қойған міндетім - оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы ой - өрісін дамыту.
Диплом жұмысының мақсаты:
1. Қабілетті балалардың қасиеті жөніндегі әдебиеттерге талдау жүргізу.
2. Қабілетті балалардың ақыл – ой ерекшеліктерін және қасиеттерін зерттеу.
Зерттеу әдістері:
1. Балалардың қабілеттілігін бақылау.
2. Олардың ерекшелігін анықтау әдістері.
3. Ата – ана балалармен жүргізілетін сұхбат.
Зерттеудің әдіснамалық негізі:
Л.С.Выготскийдің мәдени – тарихи даму тұжырымдамасы, С.Юркевичтің қабілеттілікті анықтау еңбектепрі.
Зерттеудің теориялық құндылығы: Қабілетті балалармен жұмыс істеу теориялық негіздемесі құрылып қабілеттілік жөнінде қазақ тіліндегі әдебиет қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні:
Қабілетті балаларды диагностикалау, олардың таным мүмкіндіктерін ажыратуда әрі дамытуда қажетті практикалық құрал болып табылады.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы:
Ш.Уалиханов атындағы 2 лицей.
Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауын сынып оқушылары.
Зерттеудің болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы интеллектісін, олардың танымдық іс әрекетіне сүйене отырып дамытқан жағдайда қабілеттіліктің дәрежесін неғұрлым көтеруге болады.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қосымшалардан тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Н.Айғабылов. Бастауыш класс оқушыларының ақыл – ой әрекеті
белсенділігін арттыру. А., Мектеп – 1970.
2. Асылбеков А. Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу. – А. 1959.
3. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы-1992ж
4. Педагогика и психология одарености школьников (под.ред.
У.Б.Жексенбаевой, А.К.Сатовой) Алма ата, 2002, с.248.
5. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика Астана-1998ж
6. Қ.Жарықбаев Жалпы психология Алматы-2004ж
7. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Х.Құрманалина Бастауыш
сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Астана-2003ж
8. Яковлев Е. Развитие творческой одаренности детей школьного возраста
(школьный психолог). № 39, 2001. с.6-7.
9. Д.Рахымбек. Оқушының логика методологиялық білімдерін
жетілдіру. Алматы-1998ж.
10. Ж.Аймауытов. Жан жүйесі және өнер таңдау. «Бес томдық шығармалар
жинағы». – Алматы. Ғылым – 1998.
11. А.Е.Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Алматы- 2005ж
12. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. Қазақстан
мектебі 4/2005-5 б.
13. Матюшкин А.М. Таланты нужно беречь. Мир психологии,
№ 1, 2000. с.208.
14. Ж.И.Намазбаева. Психология Алматы-2005ж.
15. Б. Байжұманова. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық
қабілеттің дамуын зерттеудің теориялық негізі. Ізденіс 6/2001ж-1966
16. М.Мұхамедин. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын
қалыптастыру негізі. Ізденіс 6/2001-1216
17. Д.Әубәкірова. Шығармашылық қабілетті дамыту жолдары. Қазақстан
мектебі 7/2001ж-74б.
18. Н.Жанатбекова. Шығармашылық қабілеттілік-даму негіздері
Қазақстан мектебі 2/2006-15б.
19. М.Ыбышева. Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту
Информатика. Физика. Математика. 4/2001ж-56,58б.
20. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
Астана.1.03.2006ж-6б.
21. С.Қарапаев. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу
маңызы. Бастауыш мектеп. 1/2006-24б.
22. Ж.Күнпейіс. Оқушыларды шығармашылыққа қалыптастыру. Бастауыш
мектеп 2/2006ж-32б.
23. Г.Дүйсенбина. Шығармашылық үрдіс. Қазақстан мектебі 12/2006ж-34б 24. Ж.Нұрманбетқызы. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі
Қазақстан мектебі 10/2006ж-16б.
25. Ш.Қайыпова. Танымдық шығармашылыққа баулиық. Қазақстан
мектебі 7/2005-56б.
26. Р.Омарова Шығармашылық ізденіске жетелейді Қазақстан мектебі
4/2006-47б.
27. Р.Омарова. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру. Қазақстан
мектебі 5/2006-23б.
28. И.Бикирова Шығармашылық - нәтижелі оқыту негізі. Бастауыш
мектеп -5/2006ж-8б.
29. Р.Омарова Шығармашылық - басты мақсат. Бастауыш мектеп -
3/2006ж-30б.
30. Б.Сыдықбекова. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 8/2006 ж-26 б.
31. Д.Рахымбек, М.Мұсабеков, Г.Жетпісбаева . Шығармашылық
тапсырмалар - оқушыларды зерттеушілікпен жұмыс істеуге
тәрбиелеудің жолы ретінде ізденіс 2/2001ж-219б.
32.Е.Бекболғанов. Ойлау қабілетін дамыту. Қазақстан мектебі. 4/2005-49б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамыту
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І-Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің
дамуын зерттеудің теориялық
негізі.
1.1. Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық дидактикалық
алғы
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... .9
1.3. Шығармашылықты қалыптастыру
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.4. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру

негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.5. Шығармашылық - нәтижелі
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...29
1.6. Шығармашылық дербестікті
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

ІІ -Тарау. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін
дамытудың жолы.
2.1 Ойлау қабілетін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .45
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы ... ... ...51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .57

Кіріспе

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты
жылдығында барлық өркениетті елдерде қабілетті балаларды анықтап, зерттеу,
оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік,
саяси – экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде
өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше,
шығармашылық тұрғысынан ойлайтын іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру
талап етілуде.
Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық,
рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай
жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында (1-наурыз, 2006) төртінші басымдық білім беру реформасы
- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
аса маңызды құралдардың бірі - деп атап көрсетілген.
Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің
маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің
білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды
оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту
технологиясын жетілдіру және т.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің
бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын,
оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр.
Сонымен бірге оқушыларды кіші жастан өз бетінше ізденуге, олардың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, топпен және дара жұмыс істеуге
дағдыландырып, өзін - өзі тексеруге, өзін - өзі бағалауға, корытынды
жасай білуге, өз пікірін айта білуге, өмір дағдыларына бейімдеу міндет
етіледі.
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық т.б. үрдістері
жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кеңінен ойлауға
қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан, мектептегі оқу үрдісінің негізгі
мақсаты - арнайы педагогикалық әдістер арқылы мақсатты және жүйелі түрде
оқушылардың интеллектін, шығармашылықпен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы
мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім ала алу дағдыларының
дамуына негіз салу. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу - ағарту жүйесінің
үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас
жеткіншектердің білімді, білікті болуында екені айқын.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес
оқушыға белгілі - бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге
табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы.
Мен өз жұмысымда негізге қойған міндетім - оқушылардың шығармашылық
тапсырмалар арқылы ой - өрісін дамыту.
Диплом жұмысының мақсаты:
1. Қабілетті балалардың қасиеті жөніндегі әдебиеттерге талдау жүргізу.
2. Қабілетті балалардың ақыл – ой ерекшеліктерін және қасиеттерін
зерттеу.
Зерттеу әдістері:
1. Балалардың қабілеттілігін бақылау.
2. Олардың ерекшелігін анықтау әдістері.
3. Ата – ана балалармен жүргізілетін сұхбат.
Зерттеудің әдіснамалық негізі:
Л.С.Выготскийдің мәдени – тарихи даму тұжырымдамасы, С.Юркевичтің
қабілеттілікті анықтау еңбектепрі.
Зерттеудің теориялық құндылығы: Қабілетті балалармен жұмыс істеу
теориялық негіздемесі құрылып қабілеттілік жөнінде қазақ тіліндегі әдебиет
қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні:
Қабілетті балаларды диагностикалау, олардың таным мүмкіндіктерін
ажыратуда әрі дамытуда қажетті практикалық құрал болып табылады.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы:
Ш.Уалиханов атындағы 2 лицей.
Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауын сынып оқушылары.
Зерттеудің болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы
интеллектісін, олардың танымдық іс әрекетіне сүйене отырып дамытқан
жағдайда қабілеттіліктің дәрежесін неғұрлым көтеруге болады.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және
қосымшалардан тұрады.

І-Тарау. Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілетін дамыту.

1.1 Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық -
дидактикалық алғы шарттары.
Балалар психологиясында әрбір жас кездерінде психикалық даму ерекше
орын алады. Жас ерекшеліктеріне орай таным әрекеттерін біршама жедел
дамуының негізгі жолдарын ашу, олармен оқу тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізудің
көкейкесті мәселесі.
Бала психикасының дамуындағы нәтижелі (сензитивті) кезеңді ескере
отырып, жеке даралық өзгешеліктерін жан-жақты дамуына түрткі - оқу іс-
әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бала психикасының дамуына оқытудың әсері
ерекше екенін Ж.Пиаже, Д.Б.Эльконин, А.В.Запоржежец, М.И.Лисина,
А.А.Венгер, В.Давыдов, Н.Н.Поддьяков, А.А.Люблинская, Л.И.Божович,
Ж.Аймауытов, М.М.Мұқанов еңбектерінен көруге болады. Ж.Аймауытов өзінің
педагогикалық еңбектерінде білімдендіру көбінесе, екі мақсұт көздейді -
білім көбейту, яғни затты мақсұт, ақыл күшейту, яғни қалыпты мақсұт - деп
көрсетеді. Мұндағы көзқарас - оқу баланың білімін көбейтеді, ақылын
күшейтеді, тәжірибесін молайтады.
Р.С.Немов бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру
мүмкіншіліктері мен ақыл - ой қабілеті өте жоғарылылығы оқытуды дұрыс
ұйымдастырған жағдайда кәдімгі мектепте беретін әдеттегі білімнен әлдеқайда
жоғары нәрселерді қабылдап, меңгере алатындығын, сондай-ақ бастауыш мектеп
кезеңінде оқыту баланың барлық психикалық үрдістерінің едәуір жаңа өзгеріс
— жетісітікке жететінідігін түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушыларының
психикалық дамуының жедел жүруіне бірден-бір себеп-оқу үрдісі екенін
жоғарыда атап өттік. Мектептегі оқыту-жас бүлдіршіндерді өз елінің ұлы
азаматы, жан-жақты білімді, жеке адам етіп тәрбиелеуді көздейді. Қазақстан
Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында көрсетілгендей (1)
бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты - оқу әрекетін
қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этникалық,
эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. Оқушының жалпы және психикалық
дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, оның психологиялық
ерекшеліктері дәл ескеріліп отырылуы қажет.
Балдырған мектеп қабырғасын аттасымен-ақ оқу үрдісінде балалардың
бұрын қалыптасқан барлық таным-әрекеттері, санасы қайта жаңа өзгерістерге
ұшырайды.
Р.С.Немов, егер баланы оқытудың бағдарламасына сәйкес дұрыс оқытса,
дұрыс меңгертуге үйретсе, кәдімгі баламен өзі де барлық нәрсеге қабілетті
бола алатындығын айтады [3].
Кейде өзгеден мүлдем бөлек өзіндік ерекшеліктері бар, темпераменті де
өзгеше болып келетін балалар да кездеседі, олар да оқу жұмысында жақсы
табысқа ие болып жүреді.
Егер В.И.Волокитина дені сау оқушылардың арасынан логикалы ойлауға
қабілетті болмайтын бала болмайды, дегенмен балалардың ойлау әрекетінің
ұшқырлық дәрежесі мен ойлауға қиыншылық келтіретін себептері болады десе,
онда терең ойлауға мүмкіндік жасау, ойлау қарқынын жеделдету, ой ұшқырлығын
күшейтуге қиыншылық келтіретін себептерді болдырмау - балалардың
шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.
Шығармашылық қабілеттілік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана
қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялық қасиет болып табылады.
Құпияның сырын ашу кілтін психология, педагогика ғылым салаларындағы
ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады.
Шығармашылық қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа, бір бейне құруымен
сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық
ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық
дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С.Л.Рубинштейн,
Б.М.Кедров, А.В.Брушлинский, Я.А.Пономарев, О.К.Тихомиров, ал жалпы және
арнайы қабілеттіліктер туралы Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, А.Крутецкий,
Е.И.Игнатьев, К.В.Тарасов қабілеттілік және даралық өзгешеліктердің
психологиясы мен психофизиологиясы туралы Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин,
Э.А.Голубова, В.М.Русаловтың еңбектері қабілеттілік мәселелері бойынша
жүргізген зерттеу жұмыстарының негізін қалады.
Сондай-ақ, бастауыш мектеп кезеңінде оқу үрдісінде әр түрлі пәндерде
шығармашылық қабілеттілік, ақыл-ой дамуы туралы еліміздің және шет ел
ғалымдары біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген. Г.В.Бабиков, А.Крутецкий
(математика), Б.М.Кедров (ғылыми-техникалық шығармашылық), Е.И.Игнатьев,
О.И.Никифорова (көркем әрекеттік шығармашылық), А.А.Люблинская,
Д.Б.Эльконин, Г.Айзенк, Ж.Пиаже, Э.Торндайк, Ж.Аймауытов, М. Мұқанов т.б.
Қабілеттілік мәселесінің теориялық және практикалық негізін қалауда
С.Л. Рубинштейн еңбектері зор роль атқарады. Ең алдымен қабілеттіліктің
дамуы туралы, қабілеттің қалыптасуының негізін салса, кейінірек олардың
көрінуінің психологиялық құрылымын ашып берді.
С.Л.Рубинштейн қабілеттілікті нақты бір іс-әрекетке икемділік деп
түсіндіреді.. Оның айтуы бойынша қабілеттілік - жаңа бір іс-әрекетті жеңіл
меңгеруімен, сонымен қатар индивидтің бір іс-әрекеттен екінші бір әрекетке
көшуі мен қабылдау тәсілдерін терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша
қабілеттің негізі - туа біткен нышан, тұқым қуалаушылықтың белгісі болып
табылады, яғни, адамның жүйке ми аппараттарының анатомиялық-физологиялық
ерекшелігі болып табылады. Осыған орай ғалым қабілет нышандардың негізінде
дами отырып, нышанның өз бетінше функциялануы емес тек дамудың негізгі
кезеңі алғы шарты деп жазды. С.Л. Рубинштейн іс-әрекет барысында қабілет
пен ептіліктің өзара байланысы ерекше роль атқаратынын айтады. Бұл екеуінің
бір-бірімен тығыз байланыста екендігін еске сала отырып, бір жағынан
ептілік, білім тағы басқа меңгеру қабілеті бар екенін білдірсе, қабілеттің
қалыптасуы сол іс-әрекеттердің ептілігі мен білімдерді меңгеру арқылы іске
асатындығын түсіндіреді.
Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық
өзгешілік деп қарастырады. Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып,
қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді. Біріншіден қабілеттілік бір адамды
екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық
ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді
жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті
орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді, қабілет
деп атауға болады; үшіншіден, қабілет түсінігі адамда бар білім, ептілік
және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім,
дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны
меңгеруге қабілетті деп санайды. Б.М.Теплов қабілеттіліктің дамуы - бір
жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп
көрсетеді.
Б.Г.Ананьев қабілет мәселесін жетілдіре отырып, қабілет тек индивидтің
белсенді іс-әрекетінде қоғамдық тәжірибені меңгерудегі психологиялық
аспектісі ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар психологиялық құрылым
ретінде жеке адамның қабілетке байланысын көрсетеді. Оның айтуы бойынша,
қабілеттілік - ақылдың шығармашылық дамуының көрінуі. Тек білімдердің
жинақталуы, әрі бұл білімдерді шығармашылық көрсетуінде ғана емес, жаңа
бейне, жасампаздық әрекет құра алуы деп көрсетеді.
В.И.Корюкин өзінің Шығармашылық әрекеттің приоритеті атты еңбегінде
адамзат санасының қалыптасуы, адамзаттық шығармашылық іс-әрекетінің
дамып жетілуі - қоғамдық дамудың негізгі факторы деп көрсетеді.
Ю.Е.Виноградов еңбектері аффектілі жағдай мен ойлаудың
байланыстылығын, адам ой әрекетінде эмоционалды күйдің пайда болу жағдайы
және оның ой әрекетінің құрылымына әсері туралы жан-жақты түсіндіреді.
А.Н.Леонтьевтің қабілет мәселесі туралы айтылатын барлық
еңбектеріндегі оның негізгі идеясы адамға берілген кез-келген психикалық іс-
әрекет, соның ішінде қабілет ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тәжіриебелерді
меңгеру барысында дамиды және қалыптасады. Оның айтуы бойынша адамзат іс-
әрекетінің жетістігі, нәтижесі - ғылым мен техниканың даму деңгейіне
байланысты, яғни, мәдени жүйедегі қабілет тұқымнан берілмейді. Қабілет жаңа
құрылым жасауды қажетсінеді.
Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілеттілігінің дамуына
жағдай жасайтын жеке адамды даярлауда - кіші мектеп кезіндегі оқу үрдісін
тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екендігі даусыз. Сондықтан бала
бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау
керектігі жайында ғұлама психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте
кезден-ақ баяндалып жүр.
Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, ендігі кезекте
бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ойлаймын, ерекшеліктерді, бастауыш
мектептің оқу бағдарламасына енгізіліп отырған жыл сайынғы өзгерістерді,
баланың тұрғылықты мекен-жайының өзгешіліктерін, баланың жеке даралық
психологиялық қасиеттерін ескере отырып, оқу үрдісінде нақты пәндер бойынша
белгілі бір саладағы шығармашылық қабілеттілікті дамытуға тиімді
әдістемелік жолды теориялық және практикалық тұрғыда ашып беру керек деп
ойлаймын.

1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту
ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған
кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың
нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық
бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде
бастауыш мектептің алар орны ерекше. Баланың шығармашылық бастамасын
дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика
ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің
барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ ойшылдарымыз
Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде
адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар
К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың шығармаларында
шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-
бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Психологтар
мен ғалымдар Л.С.Выгодский., В.В.Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, өз
республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұханов, Ж.М.Әбдилдин,
Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің
теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе төмендегідей
қорытындыға келуге болады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық
процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән
Шығармашылық сөзінің төркіні - шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте Шығармашылық -
қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-
әрекет деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның
қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері
кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеруге болатындығын айтуда. Ал,
бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы - тек өзіне жаңалық
болып табылатын, субъективтік жаңалық.
Шығармашылық тұрғыдан дамыған тұлға моделі:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бастамасын дамыту үшін ең
негізгі басшылыққа алынатын нысаны дамыта оқыту жүйесі. Дамыта оқыту баланы
оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше
ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру,
тұлғалыққа бағытттау. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді
мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталды. Дамыта оқыту жүйесінің
талаптарына сәйкес №181 инновациялық орта мектеп ұжымы балалар шығармашылық
бастамасын дамыту мақсатында 4 кезеңде жұмыс жасады. Сөйтіп, оқытудың
мақсатын, міндеттерін, әдіс-тәсілдерін баланың даму заңдылықтарына
сәйкестендіріп оқыту, ойлауын дамыту, шығармашылық тұлға қалыптастыру алға
қойылды.
І-кезең: Тақырыпқа сәйкес теориялық білімді жинақтау, шағын
шығармашылық топтар құру, дамыта оқыту әдістемесін меңгеру, ұжымды
жұмылдыру, жұмысты ұйымдастыру көзделді.
ІІ-кезең: Жинақталған білім практикада жүзеге асырылды.
ІІІ-кезең: Атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшіліктерін
сұрыптау, кемшіліктерді жою кезеңі. Мұнда шығармашылық есептер жасау,
педагогикалық оқулар өткізу, бақылау түрлерін енгізу, сыртқы байланыстарды
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізілді.
ІҮ-кезеңде жүргізілген жұмыстар жүйеленіп, қорытылып, нәтижесі
шығарылды.
Қорытындысында 4 сынып оқушылыраның білім сапасы - 35% II тоқсанда -
42 %, III тоқсанда - 49 %, ІҮ тоқсанда-52% көрсетті.
Оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы.- 50 % , II тоқсанда
білім сапасы - 54 %, III тоқсанда білім сапасы - 58 % , ІҮ тоқсанда білім
сапасы - 62% көрсеткішке жетті.
Оқушыларды шығармашылыққа баулып, бала бойына шығармашылық қасиетті
қалыптастыруда, ізденуге, білім алуға құштарлығын оятуда бастауыш сыныптағы
ана тілі сабағының берері мол.
1. Өйткені ана тілі пәні оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру.
2. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.
3. Оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту.
4. Оқушылардың өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу мақсаттарын
көздейді.
Аталған мақсат пен міндеттерді шешуде Б.С.Блум жүйесіндегі алты
категория орындалды.
Олар: 1. Білімдік категориясы
2. Түсіндіру категориясы.
3. Қолдану категориясы.
4. Талдау категориясы.
5. Жинақтау категориясы.
6. Бағалау категориясы.

Біліктілігі Белгілері Оқушы іс-әрекеті
Білуі Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте Тыңдайды,
ұстауы бұрынғы білімді еске түсіруі қабылдайды, еске
білуі сақтайды, ойлайды
Түсінуі Жаңа материалда берілетін білімді Түсіндіреді,
түсінуі, өзінше түсіндіру немесе айтады, көрсетеді,
болжам жасауы жазады
Қолдануы Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты Бұрынғы
жаңа жағдайда пайдалана алуы білімін пайдалана
отырып, жаңа жағдайды
шешеді
Талдауы Алған білімді жіктеуі, ең негізгі Ойланады, салыстырады,
түйінін, дәнін бөліп ала білуі, яғнитабады, талқылайды,
бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағыашады, ізденеді.
байланысты айқындай білуі.
Жинақтауы Жеке бөлшектерден дара ұғымдардан Ойлап
тұтас дүние жасай алуы табады, қарастырады,
құрастырады, шығарады,
байланыстырады
Бағалауы Жаңа ұғымның жаңа материалдың Бағалайды,
құндылығын, керектігін анықтай талқылайды, өз талабын
пайымдай білуі айтады


Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары Қоғам өмірінің барлық
салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ,
өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке
берілген қабілетті жастарды іріктеп олардан интеллектуалды орта қүру
жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін
ескерсек дарындыларды іздеп, тауып, олардың шығармашылық қызметіне
көмектесу қолдан келерлік іс.
Адамның еңбегі мен жұмыс күшіне мамандығына бағалы тауар есебінде
қарайтын жаңа көзқарас, өндіріс орындары мен басқа да халық шаруашылық
мекемелерінен ғылыми зерттеу орталықтарынан қызметкерлерді жұмысқа алу
кезінде олардың ынтасы мен шығармашылық қабілетіне, ойлап-болжай
білетіндігіне, тағы сол сияқты жақтарына назар аударуды талап етуде.
Сұранысқа сай жоғары дәрежедегі маман қызметкерлер мен жұмыс орындарын
қамтамасыз ету үшін, оқушылар арасында шығармашылық қабілеттерін анықтау
және оларды әдейі әдістемелерді қолдана отырып, дамыту мәселелеріне көңіл
аудару қажет.
Қазіргі кезде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға
қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге
негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы
оқушылар еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты
ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде
берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп соны ғана бағалайды.
Оқушының дарындылығы шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай
жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға
бағытталған оқыту әдістемелерін (дамыта оқыту әдістерін) қарастырып, ғылыми
тұрғыдан зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға алу керек. Оқу жүйесін
қайта құру кезеңде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына
сайларына ғана қолдау көрсетіп іріктеген жөн болар еді. Етек жайған нарық
жағдайында шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтай отырып, олардың
әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын
құрастырудың маңызы үлкен. Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық
әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың шығармашылық
қабілеттерінің әртүрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми
тұрғыдан дәлелденген. Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең
диопазонды: ақыл-ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық,
жалпы дарындалыққа дейінгіні қамтиды
Сондықтанда барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болақ,
дарынды балалардың қабілеті дамуына зиян келтірген болар едік. Біздің
қазіргі кездегі оқыту жүйсі орташа оқушыға, ал мамандыққа дайындау орташа
маманға бағытталғанын ескерсек, шығармашылық дарынды балаларды оқыту жайы
жоспарланып, оларға әдейі арналған оқу орындарының ашылуы, өкіметіміздің
бұл саладағы бағытының дұрыс екендігін көрсетеді. Соңғы жылдардың ғылыми
зерттеулері (С.Л.Рубинштейн., Я.А.Понамарев.,
В.М.Кедров., О.К.Тихомеров., А.Н.Брушинский және т.б) шығамашылыққа бейім
оқушылардан маман дайындау мәселесін, әуелі бастан дарындыларды таңдап алу
жағын реттеп алмай және әдейі жасалынған бағдарламалармен әдістемелер
қолданбай шешуге болмайтындығын көрсетті. Дарынды балаларды іріктеп алу
жұмыстары жүріп жатыр десек, осы бағыттағы жұмыстардың табысты болуы үшін
қажеттілерінің бірі, шығармашыл оқытушыларды - дарынды балалармен жұмыс
жасай алатын мамандарды дайындау және оларды жұмысқа қажетті әдіс-құралдары
мен ғылыми теориялық біліммен қамтамасыз ету мәселелері әлі шешімін таппай
жатыр. Сонымен қатар, шығармашыл, дарынды балалардың негізгі бөлімі
іріктеуден өтпей басқалармен бірдей жағдайда жанұя мектепке дейінгі
мекемелер, мектеп кәсіптік техникалық мектеп, колледж шығармашылықтың
мектептен тыс мекемелері жоғары оқу орындары өндіріс орындары сияқты
тізбекте жүріп жатқанын ескерсек, шығармашыл дарынды жастарды анықтап,
олардың қабілетін дамыту жұмыстары да үзіліссіз, аталған тізбек бойында
жүргізіліп отыру керектігін көреміз. Осы айтылғандарды ескере отырып,
психология және педагогика, әлеуметтану ғылымдарының жетістіктері
мен заңдылықтарына шығармашыл балалардың техникалық шығармашылыққа
қабілетін анықтау және дамыту қажет.
Шығармашылықта практикалық тексерістен өтіп, қолдау тапқан мынадай
пікірлерді негіз еттік:
- шығармашылық қабілеттің ұрығы барлық адамда, кез-келген түбі түзу
сәбиде болады. Айырмашылық тек қана жетісу деңгейінде және қоғамдық
пайдалылығында болады:
- шығармашылық қабілетті балалық кезден бастап дамыту қажет:
- шығармашылық қабілетті дамытудың негізгі жолы - балалар мен
оқушы жастарды, еңбек етудің олар үшін оқу, үйрену және тәрбие алу
екендігін және осылардың бәрі де шығармашылық бағытта болу керек екендігін
ескере отырып, шығармашылық қызметке тарту болып табылады.
асау - мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламасын іске асырудың
негізгі құралы.
Ж.Аймауытов өз еңбектерінде жақсы қойылған сұрау, жақсы жауап
тілейді дей отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты
жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес бала
қабілеттіліктің жан-жақты, әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін
дәлелдейді. Оқыту адамдардың табиғатына қарай болсын деп айтылған ойы
бала бойындағы қабілет құрылымы, бағыты, жүйесіне орай тапсырмалар беру -
баланың білімді тез, әрі жеңіл меңгеруіне, қабілеттің айқындылығына себепші
болады. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын деген ойынан
бала мектептегі оқу бағдарламасынан алған білім жүйесін, өмірде білімді
қолдана алуға, қоғамға пайда келтіретін жаңа ұсыныстар мен ой
қорытындыларын шығара алуға, жаңа бейне жасауға бейім болу қажет деп
түсінуге болады.
Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде, әсіресе, бастауыш
мектеп кезеңіндегі психикалық даму ерекшеліктері - педагогикалық тәлім-
тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мәселелеріндегі толғанатын жайт.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани
әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру жеке дарындылығын дамыту -
бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. : Өйткені, қазіргі кезеңдегі
қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал
болашақта ғылым мен техниканың, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп
оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты
қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын
дамыту, өтілген сабақтың оқу материалын терең ұғына білуге баулу -
мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілген сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай
болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің әрбір өтілген
сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы
тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуына ғана оқушы да шығармашылық қабілет
дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы
құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп
оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық қабілеттері дами түседі.
Пән мұғалімдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның
ізденімпаз болуы шарт. Демек, мұғалім мен оқушының арасындағы оқыту
үрдісінің әрекеттері арқылы оқушыда қабілет дами түседі.
Бұндай кезеңдерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты (білімдік,
тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске асырылып
отырады. Осы жағдайда мұғалім оқушылардың сабаққа деген белсенділігін
арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек. Мұғалім өзінің
сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтарды оқушыларды
шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылуы тиіс. Мұғалім
өтілген сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтармен оқушы
ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек.
Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда,
қойылған сұрақтарға жауабын беруде Ой-таласын жасау - танымдық ойындар
ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып
отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі.
Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің
күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы
қабілеті арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы
жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Ол үшін ұстаз бойында мына төмендегідей қасиеттері болуы керек:
- мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсайтын қасиеттерін аша білу;
- мұғалім ой-өрісі кең, жан-жақты білімдер, өз
мамандығының шебері болуы керек;
- мұғалім үздіксіз өз білімін өз бетінше шыңдай түсуі
қажет. Ал ұстаз шәкірттеріне мына төмендегідей қасиеттерді күте білуі
керек.
- Оқушы ой-жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;
- Оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болғаны жөн;
- Оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;
- Оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз
құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами
түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа
көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы
дүниетанымы арта түсуі анық.

1.3. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі.
Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен
сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Сондықтан
да әлемдік қауымдастықты айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің
білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті
маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептің функционалдық басым
бағыттары оқушылардың ғылымдар жүйесінің негіздерін меңгеріп, олардың
бойында тұлға аралық және этникалық топ аралық қатынастар мәдениетін, жеке
тұлғаның өзін-өзі айқындау және кәсіптік бағдарларын анықтау қабілетін
қалыптастыру болып табылады. Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына
зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы - сапалы білім мен саналы тәрбие
беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой
белсенділіктерін дамыту. Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды
етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады.
Ендеше өскелең ұрпақ мұғалім берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау
өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп
қоймай, оны әрі қарай белсенді, зерделі танымды іс-әрекетімен
сабақтастыруға тиіс.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-ші бабында Білім
беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылыми мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алуы үшін қажетті жағдайлар
жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек
рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды
қайта даярлау және біліктілігін арттыру делінген. Яғни, барша ұстаз
қауымына XXI ғасыр талабына сай азамат тәрбиелеудегі жауапкершілік
жүктелгені анық. Расында да, қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар,
талантты, іскер мамандарға мұқтаж.
Жалпы білім беретін мектептердегі пәнді оқытуда оқушыларға көп
жағдайда дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа
ақпараттар іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - баланың білім игеруі кезінде
ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін дамыту. Бұл
оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың
маңыздылығын айқындайды.
Оқушының таным белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденістерге баулу
бұл білім берудегі басты мәселе. Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық
міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде
балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, әрбір пәнді бар пейілмен
және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан-жақты, білімді, өз
ісінің шебері болуы қажет деп атап көрсетеді. Ал А.Байтұрсынов Бала
білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға
жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап
отыру керек деп ескертеді.
Демек, бүгінгі таңда мына ақпараттар ағыны тасыған қоғамда жас ұрпаққа
Нені оқыту? Қалай оқыту керек? деген мәселелер тұр. Ел президенті
Н.Назарбаев Қазақстан 2030 стратегиясының даму бағдарламасында Біздің
жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немелеріміз онымен бірге ер жетеді деген сөзін ұстаз қауымына нақта
айтылған аманат деп түсіну керек.
Бұл орайда ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы М.Жұмабаевтың Қазақтың
тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып
тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде
құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. деген даналық
өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан
зор. Сондықтан қазіргі жаңа білім үлгісін жасау аясында бүкіл қоғамды
жұмылдыра отырып рухани, интеллектуалдық және экономикалық тәуелсіз
мемлекет орнату болашағына бағдарланған, ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарға үйлестірілген тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие-білім
жүйесін іске қосу — бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі.
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-
өзі, өзін табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адам
өмірі қоршаған ортада өтетіндіктен, сол қоршаған ортаның ішкі сырын білуді
ғасырлар бойы арман еткен. Оның сан алуан сырларын балаларға ұғындыру,
таныстыру мәселесі ерте заманның өзінде ұлағатты тәлімгерлер назарында
болған.
Айналадағы заттар мен құбылыстар жөніндегі деректер жиындығы әдетте
білім деп аталады. Білімді, саналы және берік меңгеріп алуға бағытталған
балалар психикасын белсенді әрекетін туғызатын мұғалімнің әдістері мен
тәсілдері оны дамытып, жетілдіре түседі. Сондықтан мұғалімнің сабақ үстінде
алға қоятын басты міндеттерінің бірі баланың зейінін тудыру және оны
ұйымдастыру болып табылады. Оқыту үрдісінде балалардың сыртқы дүние
нәрселерімен құбылыстарын саналы түрде қабылдауының нәтижесінде балалардың
сезгіштігі күшейіп, түйсігі дамиды. Оқушылардың оқу материалын қабылдауын
дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім оқыту үрдісінде көрнекілікті кеңінен
пайдалануы керек. Ал ойлауды дамыту міндетін алға қоюдың және оны шешудің
әртүрлі жолдары болады. Бұған алдымен салыстыроу, ажырату және жалпылау
тәсілдері жатады
Негізінен, қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным - адам
санасын дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге
де үйренеді.
Таным - философиялық ұғым: айналадағы материалдықтың адам санасында
бейнеленуі. Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін болғандықтан,
оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну
арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды
қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған
дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау
барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімге біріге отырып танымды нақтылай
түседі.
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары
мен айырмашылықтары жайындағы бейнелік қабылдау нәтижесінде ұғым туады.
Таным... өмірлік қызмет барысында іске асады
Р.Қоянбаевтың Қысқаша педагогикалық сөздік кітабында танымға былай
түсінік берілген: Таным - объективті шындықты адамның ойында бейнелейтін
және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың тәніне
дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылықты процесс барысы ретінде
қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы:
Нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып
табылады. Таным үрдісінде ойлаудың түрлі тәсілдері қолданылады. (Анализ,
синтез, дедукция, индукция, абстрактіліктен нақтылыққа көтерілуі және
т.б.).
Танымның негізгі және білімнің ақиқаттығының шарты - тәжірибелік іс-
әрекет. Сол себепті де оқушылардың оқу іс-әрекеті танымдық іс-әрекет
ретінде жүзеге асады. Себебі, оның оқу іс-әрекетінің нәтижесі оның таным
өрісінің жаңа шеңберіне алып келеді. Ол үшін жаңа білім, білік пен
дағдылардың көзі ашылады.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға
қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді.
Қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алып, оны нақты қабылдау
барысында оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не
құбылысты көру әрекеті арқылы түрін, түсін, пішінін, көлемін анықтаса,
ұстап сезіну әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да
сапасын анықтайды, ал құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой қорытып
заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табу нәтижесінде оларда
ғылыми ұғымның негізі қаланады.
Оқыту - қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны
қоғам қажеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан тәрбие берудің
басты құралы болып табылатын балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру,
олардың рухани дамуын жетілдіру мұғалімдердің басты міндеттеріне кіреді.
Демек, оқыту - таным үрдісі. Өйткені ондай ілгері қарай қозғалыс
болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқытудағы міндет -
оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен
қаруландыру.
Баланың оқуы - жалпы адамның дүниетану үрдісінің өзгеше бір формасы.
Дүниетану заңдары барлық адамдарға бірдей ортақ болады. Адамның дүниетану
әрекеті бірыңғай, бірсатылы емес, диалектикалық сипатта болатындығын
және оның белсенді әрекет екендігін есте сақтау керек. Ойткені, оқушының
таным әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асырылып отырады. Оқыту
үрдісінде оқушылардың білімге деген қызығуын қалыптастыру - өте маңызды
міндет. Ал оқыту қалай болса, солай жүрмейді, ұйымдасқан түрде жүзеге
асырылады. Сондықтан оқыту мазмұнының өзіне тән әдістері, ұйымдастыру
формалары мен нәтижесі болады. Ол жастарға білім беру мен дағдыны меңгеруді
көздейді. Оқушы білім алуы үшін оқу үрдісінде өзінің танымдық қабілеттерін
арттырады. Кейбір авторлар оқытуға анықтама бергенде, оны (оқытуды)
оқушының ойлау әрекетін басқару деп қарайды. Мұндай анықтама дұрыс та
сияқты. Бірақ оқушының танымдық әрекеттері ішінде ойлау әрекеті жетекші
роль атқарады. Дегенмен, бұл көзқарас толықтыруды қажет етеді. Өйткені
оқушының танымдық әрекеті тек ойлаумен ғана шектелмейді. Оқыту баладан
ойлау әрекетімен қатар басқа да психикалық үрдістерді: сезімдер мен
эмоцияларын, мативтер мен қызығуларын, жігер мен қабілеттерін, т.б. жеке
бастық қасиеттерін керек етеді.
Оқу ойынға қарағанда күрделі болғандықтан, балалардың кейбіреулерінің
оқуға ықыласы бола бермейді. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарату да қиын.
Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып
осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану
кейінгі тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте ықыластың тікелей және
жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан
болады. Ал жанама ықылас сол нәрсе қызық болса да жалпы сабақ үлгерімін
жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың соңғы түрі бастауыш сынып
оқушыларының өмірінде негізгі роль атқаруы тиіс.
Кіші жастағы оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін
жақсы білмейді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп
тұрады. Солай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан
емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны
үйретпегендлігінен кездеседі.
Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен
беріледі: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала
өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде
берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау
үшін, оның мәтіні беріледі. Оған өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді.
Сондықтан мәтінге ғана сүйене отырып бала оны жаттап алады.
Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп
тапсырманы орындаудың бірінші түрін және ділгірлік мәселелерді орындай
білуді айтады. Бұл үшін оқушы алдын ала дайындық жұмысынан өтуі тиіс. Егер
бала тиісті дайындық кезеңдерінен өтпей, оның бір немесе бірнеше тізбегін
орындауға үйренбей, тастап кетсе тапсырманы орындай алуы мүмкін емес. Бұл
жерде оқу жағдаяты деп отырғаны бәлендей жұмбақ мәселелерді шешу үшін
осыған орай жағдайды еске алу керек деген мағынаны білдіреді.
Ал оқу әрекетінің келесі бір бөлшегі тиісті мағлұматтарды пайдалана
отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Оны оқыту әрекеті дейді. Міне,
осы сияқты жеке әрекеттер орындалған соң олардың қалай орындалғанын баланың
өзі тексере білуі шарт. Егер орындалғаны дұрыс болып келсе, бала келесі
тапсырманы орындауға көшеді. Қате болса соны қайтадан орындауға көшеді.
(Мұны қайта оралу хабары деп атайды).
Мұғалім тек қана баға қояды. Оқу әрекетінің бұл құрамы бастауыш мектеп
балаларының жұмысында жиі кездеседі.

1.4. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын
қалыптастыру негіздері
Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары
қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлеріне
прогресивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән-тұлға. Бүгінгі
психология, қызығушылық туыла біткен сапа емес, ол тұлғаның қалыптастыру
нәтижесі болып саналып, қоршаған ортамен, әсіресе, тәрбие және оқыту
процесімен айқындалады деп есептейді. Адамның әрбір даму сатысындағы
психологиялық функциялары жүйесіз, автоматты, кездейсоқ түрде емес, ол
тұлға бойындағы белгілі бір қызығушылықтарға, белгілі бір бағытқа бағыттап,
белгілі бір жүйе арқылы әсер етеді, - деп жазды Л.С.Выготский.
Төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа талпынысы, оның танымдық
мотивациясын қалыптастырушы ретінде, шығармашылық процестің оталдырғыш
механизмі болып саналады. Балалар шығармашылықты танып-білуге құштарлығы
ынта-ықыласпен іс-әрекет барысында көрінеді. Ол іс-әрекеттің шығармашылық
стилін айқындап, баланы жасаушы, жалғастырушы позициясына қояды.
Шығармашылық - бұл ішкі дүниедегі толассыз өзгерісті және ондағы пайда
болған жаңа мазмұнды үнемі түйсіну. Бұл жерде ақпараттың келіп түсуіне
деген сұранымға адам сыртқы дүниеден түсетін ақпаратты ғана қажет етпейді,
сондай-ақ ішкі дүниеден жаңаны шығаруы жатады.
Шығармашылықпен айналысатын адам шығармашылықпен айналыспайтын адамнан
өзінің ішкі дүниесіндегі жаңалыққа қызығушылығы - ішкі дүниесіндегі
бейнелер, ойлармен ерекшеленеді.
Оның үстіне оған осы ішкі дүниесіндегі тағы да қандай нәрсеге лайық
екендігін білу қызық болып көрінеді. Сондықтан да нағыз шығармашылық
адамның мүмкіндіктерін байқап көруі болып саналады.
Әуестіктің, қанағаттанудың, жеңіске жету сезімдерінің,
интеллектуалдық сезімдерді, шығармашылық процесс барысында жаңалық
ашудағы таңдану, таң қалу, күту эмоциялары, психологтардың пікірінше, өз
кезегінде танымдық процестерді реттеуді іске асыратын кері байланыс ролін
атқарады. Олар мақсатқа жету жолындағы қиындықтарды жеңуге байланысты,
шығармашылық іс-әрекетті орнықтырады. Сезім мен интеллектуалдық,
шығармашылықтық белсенділіктің қозғаушы күші ретінде көрініп, ол іс-
әрекетке деген ықыласты арттырып, оның өту жылдамдығы мен нәтижелілігін
реттеп отырады. Мысалы, О.К.Тихомировтың экспериментальдық зерттеуі, ойлау
мен эмоционалдық процестер арасында міндетті шешуге байланысты ойдың пайда
болуы, болжаудың қалыптасуы, оның дұрыстығын дәлелдеу кезеңдеріндегі
байланысты белгілейді. Мұндай эксперименттік мәліметтер шешім қабылдаудағы
эмоцияның жай ғана роліне тоқталмай, эфристикалық функцияларын,
шығармашылықтық ойлау жүйесін іске асырады.
Біз, М.Мұхановтың шығармашылықты интелектуалдық іс-әрекет, жоғары күй
талап етеді және қалайда сезімдік мотивациясы болады деген пікіріне
қосыламыз. Шынында да эмоция мен сезім жаңа идеялардың генераторы болып
саналады, жаңа білімге қаланған жолдағы кедергілерді жоюды солар атқарады,
өйткені адамзатқа тән эмоциясыз, адамзаттық ақиқатты іздестіру болған емес
және болмайды да. Ақыл-ойдың маңызды қасиеттері - оның үзақ уақыт
шоғырлануы, - деп жазды, себебі... - Егер эмоция болмаса онда мидың қабы
өзінің негізгі күш көзінен айрылады.
Сонымен қызығушылық сұраным мен эмоцияға тығыз байланысқан тұлға
бағыттылығының өздігінше көрінуі ретінде қарастырылады. А.Г.Ковалевтің
берген анықтамасы бойынша қызығушылық - бұл маңызы өмірлік мәні мен
эмоционалдық тартымдылығында көрінетін тұлғаның нысанаға деген таңдап алған
қарым-қатынасы.
Шығармашылыққа деген қызығушылықтарды қалыптастыру үшін, олардың үш
типологиялық айырмашылықтарын білу қажет.
Қызығушылықтың дамуы үш сатыдан тұрады. Олар: әуестік, құмарлық және
таза қызығушылық. Әуестік - әдеттен тыс, таңқаларлық, күлкілі нәрселерге
бала бойында уақытша байқалатын сырттай қызығушылық.
Құмарлық - қызығушылықтың күрделі сатысы. Мұнда нысанамен (объектімен)
тереңірек танысуға, бірқатар сұрақтарға жауап іздестіруге ынта-ықылас пайда
болады. Құмарлық жеке тұлға бойына тұрақты бір қасиет болып орныққаннан
кейін, әр түрлі салаларда көрініп, танымдық белсенділікті арттыруы мүмкін.
Нағыз қызығушылық - бұл іс-әрекеттің бір немесе бірнеше бағытындағы
тұлғаның танымға деген тұрақты ұмтылысы.
Төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа қызығушылығын тәрбиелеу және
қалыптастыру үшін, қызғылықты жаңалықты санқилылық мазмұндағы іс-әрекеттің,
мазмұны жас ерекшелігіне сәйкестілігімен сипатталатын іс-әрекет ыңғайлы
негіз болып табылады. Шығармашылыққа қызығушылықты туындататын негіздің
бірі - ол балалардың проблемалық сипаттағы дербес шығармашылық әрекеті,
мұндай іс-әрекет тапсырманы жеке даралайтын шығармашылық міндеттерді
шешудің тиімді әдістерін, жаңа құралдарын қарастыруды ұйымдастыру, табысқа
жету мен жеңіп шығу жағдайын қалыптастыруды, қол жеткен жетістіктердің
барабарлық (адекваттық) бағасын беру, іс-әрекеттің әр түрлі формаларын
қолдануды ойластырады. Шығармашылыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға
қажетті жағдайларға балалардың өзара және тәрбиешілермен арадағы қарым-
қатынасты ұйымдастыру деңгейі, іс-әрекеттегі (интеллектуалдық-шығармашылық
көңіл-күй, қарым-қатынастағы байсалды, тілектестік сарын, қиыншылық пен
табысқа ортақтастық, өзара көтермелеу, педагогтың бала шығармашылығына
деген сенімі және оны ынталандыру) жоғары эмоциональды толысуымен
ерекшеленетін қатынас, педагогтың өзінің шығармашылық көңіл-күйіне,
сондай-ақ жарыстық тыныс пен мадақтаудың барабарлығымен ерекшелінеді.
Шығармашылыққа қызығушылық шығармашылықпен ойлау қабілеті сияқты
өзінің дамуында жекелеген ерекшеліктерге ие болады. Г.И.Шукинаның
жазғанындай балалар шығармашылығының көрінуіне жататын танымдық,
қызығушылық нәтижелері, сондай-ақ төменгі класс оқушыларының шығармашылық
әркетіндегі қызығушылық сипатын, оның тәжірибелік эксперименттік
жұмыстардағы даму динамикасы барысын бақылау негізінде, төменгі класс
оқушыларының шығармашылыққа қызығушылығының негізгі нәтижелерін айқындауы
мүмкін және оның даму деңгейін бағалайды. Олар: белсенділік, іс-әрекетті
бастамашылдық; дербестік; эмоционалдық түрде көріну, ерекшелікке ұмтылыс,
қызығушылықтың (сыртқы немесе іс-әрекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жазба жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру жолдары
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктерін анықтау
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Пәндер