Социалист-утопистердің саяси көзқарастары


ЖОСПАР
- КІРІСПЕ
Утопия туралы түсінік
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Томас Мор - утопиялық социализмнің негізін қалаушы
2. 2 Роберт Оуэн
2. 3 Шарль Фурьенің саяси көзқарасы
2. 4 Гуманист-утопист Анри де Сен-Симон
2. 5 Томмазо Кампанелла
2. 6 Асан Қайғы - қазақ утописі
3. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Утопист-социалистердің кейінгі ойшылдарға тигізген ықпалы
1. КІРІСПЕ.
Утопия - мінсіз қоғам жайлы адамның ой-қиялымен құрылған, әлеуметтік идеал ойша жүзеге асырылатын қоғам. Утопиялық мұраттың практика жүзінде іске аспайтыны анықталғаннан кейін «Утопия» ұғымы метафизикалық түр алды және кез келген негізсіз ғылыми тұжырымдардың балама атауына айналды. Әлеуметтік ой-сана тарихында Утопия көріністерін Гесиодтың шығармаларында, Платонның («Мемлекет») Асан Қайғының «Жерұйықты» іздеуінен, Томас Мордың «Утопиясынан», Шарль Фурьенің, Роберт Оуеннің шығармаларынан, Томмазо Кампанелланың «Күн қаласынан» табуға болады. Утопияны ұғым ретінде Томас Мор енгізді. Әбу-Насыр Әль-Фарабидің «Қайырымды қала» жайлы идеяларында да әлеуметтік Утопия көрініс береді. Ондағы Утопия қоғамдағы тұрақтылық пен жайлылық адамдардың жан дүниесіндегі тыныштықпен ұштас құбылыс ретінде танылады. Кейіннен мүлік ортақтығы, жұрттың бәріне міндетті еңбек және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы утопиялық социализм идеялары пайда болды. *
Итальяндық Томмаза Кампанелла да зұлымдық атаулының бәрі жеке меншіттен дейді. Ол әйел мен еркектің теңдігін жақтап, демократиялық мемлекеттің болуын армандайды. .
« . . . Мен барлығын барлығын тең және әділеттілікпен бөлу, және адамның барлық іс-әрекеттерін бақыттылықпен басқару тек меншікті мүлдем жойғанда ғана мүмкін деп ойлаймын. Егер меншік сақталып қалса, адамдардың басым және жақсы бөлігінде қайыршылық пен жоқшылықтың алдындағы қорқыныш мәңгілікке сақталып қалады» - деп Томас Мор жеке меншікке негізделген әлеуметтік-саяси құрылысқа қарсылығын көрсетті.
Томас Мордың «Утопия» еңбегінде ол Утопия аралын қиялдады. Ол еңбегінде Утопия аралын былай суреттеді: «Утопия аралында етек-жеңі кең,
тамаша қала бар. Олардың тілі, әдет-ғұрпы, мекемелері мен заңдары бірдей.
Барлық 54 қала бір жобамен салынған; жер жағдайына байланысты аздаған өзгешеліктері болмаса, олардағы қоғамдық ғимараттары да бірдей. Аралдың бас қаласы - Амаурота: ол дәл ортада жатқандықтан оған ел өкілдерінің тұс-тұстан жиналуы да қолайлы. Қала тұрғындары өздеріне бөлінген жер шегіне әрі аспауға тырысады. Олар өздерін сол жерлердің иесіміз деп санамайды, оны жалға алушыларымыз деп санайды. Әрбір егіншілер отбасы кемінде 40 еркек пен әйелден және екі құлдан тұрады, оларды байыпты, салмақты адамдар деп іріктелген бір әке мен бір шеше басқарады. Осындай 30 отбасынан құралған бір топқа бір филарх басшылық жасайды.
Утопияда бәрі де шын пайдалы өнермен және кәсіппен айналысады. Онда күндізгі қол еңбегі онша ұзақ емес, бірақ соның өзі ортақ қажетке, тіпті артық қор жинап алуға жеткілікті. »
- ТОМАС МОР - УТОПИЯЛЫҚ СОЦИАЛИЗМНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Биыл ұлы ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін қалаушылардың бірі Томас Мордың туғанына 530 жыл толуы атап өтіледі деп күтілуде. Қайта өрлеу кезеңінің ұлы ойшылы ретіндегі Мордың атағы оның «Алтын кітапшасымен» тығыз байланысты. Бірнеше ғасыр бойы Мордың кітабы жеке меншік негізінде құрылған кез-келген қоғамдық құрылысты айыптаудың ең негізделген түрі болып келді. «Утопия» - шын мәнінде бүкіл ойшылдар мен философтарды талас-тартысқа түсірген кітап болды. Мысалы, католицизмді жақтаушыларды Мордың еңбегіндегі еркін ойлары саяси-әлеуметтік, діни жағынан қорқыныш ұялатса, Реформацияны қолдаушылар «Утопияға» түсіністікпен қарады. Оны «әулие» ретінде қабылдаушылар да болды.
Томас Мор 1478 жылы Лондонда дүниеге келген. Жақсы білім алып, сол кездің ұлы ойшылдары мен зиялы қауым адамдарымен дос болған.
Томас Мордың гуманистік көзқарастарының қалыптасуына оның өзі тәрізді ойшыл, гуманист, кейіннен жан жолдасы болған Эразм Роттердамскиймен танысуы көп ықпал етті. «Мақтаншақтық, менменшілдік, өзімшілдік қасиеттері оның бойында мүлдем кездеспейді. Керісінше, Томас әрдайым қол ұшын беруге, достық ақылын айтуға, қолынан келген көмегін көрсетуге әрдайым дайын тұратын» - деп Эразм өз ойын білдіреді.
Мордың адами көзқарастарының қалыптасуына Платон, Аристотель, Лукиано сынды дана-ойшылдардың еңбектерінің әсері зор.
1515 жылы Мор Фландрияға сапарында өзінің ең атақты, ұлы еңбегі «Утопияны» жаза бастады. Эразмның жазбаларында Мордың бұл шығарманың екінші бөлімін күнделікті бос уақытында жазып, бірінші бөліміне қосып Англияға оралған соң ғана аяқтағаны жазылады.
1516 жылдың күз айында Эразм мен Эгидейдің көмегімен Лувенде Утопия басылып шығады. Гуманист Мордың патша билігіне деген көзқарасы, зұлымдыққа, жамандыққа деген қарсылығы, жалпы өз сөзімен айтқанда, тиранияға 1 қарсылығы осы «Утопия» еңбегінде ашық жазылған.
«Утопия» шығармасының 1-ші бөлімінде Мор осы ауыр жағдайды бейнелеген. Бір жерден екінші жерге қоныс аударған адамдар аштық пен
аурудан жол жиегінде қалды. Балаларын жетектеп көмек сұраған аналар саны күндеп емес, сағат сайын арта тусті. Ал оларға қол ұшын беретін тірі жанның жоқтығы Морды қатты күйзелтті.
16 ғасырдың бас кезіндегі ағылшын саясаты неліктен ұлы гуманистті сонша ойландырды?
16 ғасырдың бас кезі Англиядағы қоғамдық және шаруашылық өмірдің тубегейлі өзгерістерге толы кезі болатын. Феодалдық қоғам астарларында капитализм үні шыға бастады. Ағылшын крестьяндарының көп бөлігі 15 ғ соңында крепостнойлықтан босатылып, бірақ өз лордтарына жері болмағандықтан тәуелдіктен босамады. Жерді пайдаланғаны үшін ақы төледі. Ақы көлемін өтей алмаған шаруалардың жері мен қоса мүлкі де тартып алынды.
«Утопияның» екінші бөлімінде Мор өзінің қиялындағыдай, болашақта орнайтын идеалды қоғамды суреттеген. Шығарма Рафаил Гитлодеймен әңгімелесу ретінде жазылған. Өзінің кезекті сапарында қарт теңізші және саяхатшы Гитлодей алыстағы бір аралға тап болады. Сол арал тіршілігі оны өте қатты таңдандырады. Аралдағы өмір сол кездегі европадағы өмірге қарама-қайшы келетін. Ол жерде жеке меншік, жалға беру, жалдау мүлдем жоқ. Барлық адамдар кәрі-жасына қарамастан өз күштері, шамалары жеткенше еркін еңбек етеді. Жұмыс уақыты бұл жерде тек 6 сағатқа созылады, қалған уақытта адамдар оқумен, еңбектер жазумен, өнермен айналысады. Аралдағы бар байлық пен қазына - халықтікі. Бұл - УТОПИЯ аралы еді. Қоғамдық құрылыс Утопияда социализм мен әділеттілік принципіне негізделген.
Утопия аралындағы барлық 54 қала бір жобамен салынған; жер жағдайына байланысты аздаған өзгешеліктері болмаса, олардағы қоғамдық ғимараттары да бірдей. Аралдың бас қаласы - Амаурота: ол дәл ортада жатқандықтан оған ел өкілдерінің тұс-тұстан жиналуы да қолайлы.
Утопияда мемлекетті өмір бақи сайлау арқылы билікке келетін басшы мен сенат жүргізеді. Амаурот сенаты - аралдағы ең жоғарғы сенат болып табылады. Мұнда мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелер алдымен отбасында шешіледі. Содан кейін әрбір 30 отбасы атынан бір сифогранттан шығып, өзара жиналыс құрып, шешімдерін сенатқа айтады. Сөйтіп, халық сенат жұмысын бақылап отырады. Сонымен қатар халық сенаттың кеңесшілері - траниборларды да сайлайды. Сөйтіп, Утопияда халық «бір
үлкен отбасы» болып өмір сүреді. *
Арал адамдары алтын, күміс, асыл тастарды жек көреді. Олардан гөрі темірді артық бағалайды. Себебі, темір ол пайдалы және де су мен от секілді адамдар онсыз өмір сүре алмайды. Ал алтын бүкіл утопиялықтарға жеккөрінішті, пайдасыз металл. Сондықтан да алтын мен күміс масқаралықты білдірді.
Мор өзінің еңбегінде нағыз гуманистік пікірін жазып, адам жаны тек ғана бақыт үшін жаралған деп айтады. Томас Мордың достары «Утопиядағыдай» керемет жер мен өте бақытты халықтың еш жерде жоқтығын айтып өкінді. Мор өзі де «Мен осындай жердің болуын тосқаннан бұрын армандаймын» - деп айтады. Мор дәл сол жағдайдағы феодалдық Европаның осыншама өзгере алатынына өзі де толығымен сене алмады. Бірақ осы еңбектің арқасында көптеген жылдар бойы теңдік, әділеттік, жақсы өмір жайлы шығармалар жарық көрді. Осы идея қалғандарға түрткі болды деуге де болады.
«Утопияны» бірнеше рет оқып, әуелі жаттауға дейін барған адамдар да бар. Тіпті кейбіреулері сенгені соншалықты «Утопия» аралын іздеуге шыққандар да бар.
Осы еңбектің жарыққа шығуы сол кездегі Англияны билеуші әулет Тюдорларға да өз әсерін тигізбей қалмады. Генрих VIII-ші комиссия құрып, шаруалардан тартып алынған жерлерді қадағалауға қояды. Бірақ комиссия мүшелері дворяндар болғандықтан жағдай ушықпаса басылмады.
Т. Мордың социалистік идеалы феодалдық және капиталистік қатынастарға қарсылық еді. Осы идеяның негізінде кейіннен қоғамдық
құрылысты айыптау, теңдік, социалистік әділеттілік туралы көптеген
ойшылдардың еңбектері шыға бастады. Сөйтіп Томас Мор утопистік
социализмнің негізін қалаушы болып табылады.
«Утопия» еңбегі күннен-күнге Томас Мордың атын бүкіл Европаға танымал етті. Әр елден оның ізбасарлары шыға бастады.
- РОБЕРТ ОУЭН
Роберт Оуэн 1771 жылдың мамырында кішкене ғана Ньютаун деген Солтүстік Уэльстағы қалашықта дүниеге келді. Шаруа отбасындағы жеті баланың алтыншысы болғандықтан оны жақсы оқу орнына жіберуге қаражаттары жетпеді. Тоғыз жасында мектепті тастап дүкендерге жұмысқа тұрды. Ал бір жылдан кейін қалтасында бір тиыны жоқ жеткіншек күн көру қамымен Лондонға келіп, ағасының жанына жұмысқа кіреді. 1787 жылдан бастап Манчестерде тұрады. Осында Оуэн аянбай, талмай еңбек етуінің арқасында қоластында 500 адамы бар Дринкуотер тоқыма фабрикасының меңгерушісі болады.
Кітап оқу, түрлі білімді адамдармен танысу және өзінің бастан кешкендері Оуэннің өмірлік көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті. А. Л Мортонның айтуы бойынша оның күш-қайраты да, осал жерінің көзі де осы болатын. Оның айтқан идеялары өзінің бастан кешкендерінің нәтижесінде пайда болғандықтан, оны қатты қорғайтын. Сол себепті кейбіріне дұрыс баға бере алмайтын. Оқыған білімінің жеткіліксіздігінен деп көп адамдар оның өзі талпынып алған білімін бағаламай, төмендетумен келді.
«Адамды басқара алатын тек екі бастау бар. Олар: жақсылық пен жамандық», - деп жазды Оуэн. Жамандықты тек адам жасайды, одан басқаның қолынан мұндай іс келмейді - дейді ол. Гуманисттердің ойы бойынша ең жаман жамандық- жамандықты көре тұра оны байқамау. Оуэн осы пікірді өмір бойы ұстанды.
Бар адамдарға жоқ-жетімдердің тағдырының керек еместігі Оуэнға өте қатты тиетін. Барлығы татулықта болса деген ойы арман, утопия болды.
Гуманист Добролюбовтың айтуы бойынша Оуэнның ең басты қасиеттерінің бірі - оптимист болуы. Оуэнның ойы бойынша «Мен әділеттілік заңымен өмір сүре алсам, басқа адам да неге олай жасамасқа» Добролюбовтың ойы бойынша осы жерде утопизм айқын байқалады және Оуэн мәңгілікке «Бір рет болсын адаммен істелген нәрсені ешкім жоққа шығара алмайды, күндердің күнінде адамдар армандары іске асып, жақсылық пен әділеттілік жеңеді » - деген ой қалтырды.
Оуэн тек қана идеалист болмағандықтан ол шыныменде адамдар жақсылықтың не екенін білсе, өздері де соны жасайды деп санады. Бірақ Оуэнның утопистік ойларының басымдығы оған нақты жол табуға көмектеспеді.
Роберт Оуэнға гуманизм принциптері алыстағы болашақ үшін болған жоқ. Басқа утопистерден Оуэннің айырмашылығы ол осы идеяларды практикада, яғни іс жүзінде өзіне тән ұйымдастырушылық қабілеті мен мәңгілік серігі күш-жігерінің арқасында барлығына түсінікті, аса қажетті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталды. Кейбір адамдар оны түсінбегендіктен Оуэн идеяларына өзіне тән ерекшелік жетіспейді деген. Ал Оуэн қандай бастама бастамаса да негізгі мақсаты етіп адамдарды бақытты етудің қол жететіндей жолын қарастырды.
Оуэнның ең үлкен бастамаларының бірі Нью-Ленаркта болды. Ол егер адамның өмір сүруіне жақсы жағдай жасалынса, адам сонда да жамандыққа барады ма, жоқ әлде жамандық атаулыны ұмыта ма деген сұраққа жауап іздеді.
Оуэн жұмысшылар арасында теңдік орнатты. Жаза атаулыны алып тастады, бірақ осыған қарамастан халық оған сеніммен қарамады, себебі оларды бұрын соңды басқа адам ойлап, қамқорлық жасап көрген емес. Осыған қарағанда халық Ұлы төңкеріске дайын болды ма деген сұрақ туады.
Оуэндық қозғалыс біраз уақыт бойы күшті болғанмен, қарқыны азайды. Ол жаңа талаптарға сай келмей қалды. Оның соңғы еңбегі «Автобиография» болды. Сөйтіп атақты утопист 1858 жылдың 17 қараша айында сол беті өз ойына, жақсылық жеңеді, теңдік орнап, адамдар бақытты болады деген оймен көз жұмды.
«Англияда болып жатқан барлық жұмысшы табының мүддесін қорғайтын қоғамдық қозғалыстар, және олардың жеңістері Оуэннің атымен байланысты».
- ШАРЛЬ ФУРЬЕНІҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСЫ
Франсуа-Мари-Шарль Фурье 1772 жылдың 7 сәуірінде Францияның Шығысындағы сауда-саттық қаласы Безансонда көпестің үйінде дүниеге келді. Әкесінің ақшаны үйге арзанға әкелген заттарды қымбаттыққа сатқанының арқасында әкелетінін түсінетін. Кейіннен оқуға барғанда өтірік айту- күнә деп үйретсе, үйде керісінше сапасы нашар нәрсені керемет бағалы деп көрсетуге үйретті. Сол кезде-ақ Шарль өз жолын кідірместен таңдады. Ата-анасы ұлдарының қандай жағдай болмасын шындықты жайып салатынын байқап, ұлдарының
саудагер бола алмайтынына көздері жетті.
Шарльдің фантазиялық ойлары кішкентай кезінде-ақ ояна бастады. Ол музыка тыңдағанды, (әсіресе әскери оркестрлерді) гүлдерді, мысықтарды ұнататын. Шарльдің әлсізге деген жанашырлық сезімі де сол кезде оянады. Ол жылдар бойы өзінің тамағын, үйінің маңында, қайыр тілеп жүрген балаларға беретін.
Колледжде оқуы Фурьені күнделікті өзіне үнамайтын іспен, яғни саудамен айналысудан құтқарды. Оқуын аяқтаған соң ол Парижге аттанды.
1789 жыл. Франциядағы феодалдық-абсолюттік жүйенің нақ кризис кезі болатын. Шексіз билікке ұмтылған буржуазия халықты қанап, өзі әрең жүрген шаруаларды одан сайын қанады. Қалалар мен ауылдардағы көшелерде қаңғыған шаруалар. Әбден не істерін білмеген халық қолына қару алып көшелерге шықты. Осы жылы халық көтерілістері Францияның әр түкпірінен шығып жатты. Ел үрейін келтіретін Бастилия түрмесін шаруалардың алуы ескі жүйенің түпкілікті шытынауына әкеп соқты. Бұл хабар Францияның түкпір- түкпіріне таратылып жатты.
1792-1793 жылдарды Фурье әскер қатарында өткізді. Кейін денсаулығының жағдайына байланысты осы жерден босатылды. Бірақ кейін өз еңбектерінде әскери терминдерді Фурье көп қолданды. Осы лексиконнан оның утопиялық еңбектерінің көп қолданылатын сөзі- фланга да алынды. Әскерде ол өмірдің барлық зұлымдығы мен қаталдығын көрді. Сондықтан да ол бұл өмірдегінің барлығы жасанды, сатқындар мен өтірікшілердің әлемі деді.
Шарль өмірдегі ең басты мақсатым деп бақыттың формуласын есептеп табуды қойды және мұнда барлық әйелдер мен еркектер бостандықта, махаббатта өмір сүруі керек болды. Бірақ ол өзі бүкіл өмірінде махаббаттың қуанышын көрмеді. Себебі, ол өмір бақи өзін жалғыз сезінді және де қоршаған адамдары оны түсіне алмады. Тіпті анасы жолы болмағыш санаса, қалғандары жынды деп ойлаған. Бірақ осының бәріне қарамастан оның есте сақтау қабілеті жоғары, бойында шығармашылыққа деген дарындылық болды.
Шарль теңдік, бостандық, махаббат, әйел адамының осы қоғамдағы орны жайлы еңбектерін жаза бастады.
1808 жылы төрт жылғы қажырлы еңбектен кейін «Төрт қозғалыс жайлы теория» атты еңбек жарық көрді. Кітаптың атында оның мазмұны айтылған. Фурье осы әлемнен төрт қозғалыс түрін байқайды. Олар: материалдық, органикалық, қоғамдық және тіршілік қозғалыстары. Біріншісі - материяның механикалық қозғалысын білдірсе, екіншісі - заттардың түсі, дәмі, құрылысы жайлы. Келесі қозғалыс қоғамның дамуын көрсетсе, төртіншісі - тіршіліктің дамуы, оның инстинкттері жайлы болған.
1822 жылы «Трактат» еңбегі жарық көрді. Оқыған адамдардың барлығы осы еңбегі өте жақсы жазылғандығы, ондағы әрбір ой фактіге сүйене отырып жазылғанын баса көрсетеді. Онда ол адамдарды флангаға біріктіріп, барлығы тең құқылы болып жұмыс жасап «гармонияға» жетсе деп айтқан.
Фурье адамның даму тарихы жайлы көзқарастарында барлық утопистерден материализм идеясына ең жақын келгені болды. Осы ойды өз көзқарастарында Фридрих Энгельс бірнеше рет айтты.
1837 жылы 11 қазан күні 66 жасына тақағанда атақты гуманист, ұлы утопист дүниеден өтті. Оның өмірі адам үшін күреспен өтті. Ол «адамдар бақытқа кенелетін күн әлі туады» деді. 1899 жылы Париж қаласында утопистке ескерткіш қойылып, «Фурьеге- мәңгілік атақ!»-делінді.
- ГУМАНИСТ-УТОПИСТ СЕН СИМОН (1760-1825)
Сен-Симонның өмірбаяншыларының айтуы бойынша, таң атысымен жас Анридің бөлмесінде «Тұрыңыз, граф, сізді ұлы істер күтіп тұр!» - деген камердинердің даусы естіледі екен. Әрбір күні осымен басталатын жас Анри өзінің үлкен болашағына ерте бастан сенген еді.
Клод Анри де Рувруа Сен-Симон француз аристократының ұрпағы болғандықтан, жақсы білім алды. Бірақ жастайынан жағымсыз мінез-қылық көрсеткені үшін әкесі оны түрме қамалға апарып тастайды. Содан кейін, яғни 17 жасында Сен-Симон әскер қатарына алынады.
Тек 1783 жылы Сен-Симон отанына оралады. Оның отбасы таралып: әкесі қайтыс болып, бауырлары мен сіңлілері ел кезіп кетіпті.
Ал өзі біраз уақыттан кейін полковник атына ие болып, Европаға экспедицияға аттанады. 1789 жылы Францияда революция басталады. Осы жылдың күзінде Сен-Симон еліне қайтады. Осы кезде ол өзінің ақсүйектігінен бас тартады. Тіпті Сен-Симон деген аристократиялық фамилиясын өзгертіп, өзін «қарапайым азамат Бономмын» дейді. 1797 жылдан бастап лекция тыңдап, білім жолына түседі.
Кеше ғана дворян болып жүрген Сен-Симонның, бүгін қалтасында үнемі тамаққа ақша бола бермеді. Оған бір жапырақ нан өте қажырлы еңбектің арқасында келді. 1805-1810 жылдардағы нағыз кедейшілікте өмір сүрді. «Отсыз жұмыс істеп, құр нан мен су ішіп жүргеніме екі апта болды. Еңбектерімді баспаға шығару үшін бәрін саттым, тіпті үстімдегі киімдерімді де сатып жібердім, - деп жазды Сен-Симон 1812 жылы, - Ғылымға деген құмарлығым, қоғамның қамын ойлау, Европада болып жатқан дағдарыстан шығудың жолын табуға ұмтылу, мені осындай жағдайға әкелді» - деді.
Сен-Симонның негізгі еңбектері осы жылдары жазылды. Соның бірі - «Жаңа христиандық» (1825) еңбегі еді. Карл Маркс оны бүкіл жұмысшы класы атынан шыққан еңбек деп баға берді.
Өзінің еңбегінде Сен-Симон қоғамды жақсартуға капиталистік қатарды өзгертіп, жаңа қоғам орнатуға, жаңа қоғамның адамдары әділеттілікте өмір кешетінін жазған. Ол қоғам орнаған кезде «алтын ғасыр» болатынын, сол қоғамға жету үшін өзінің сенімін адамзаттың ақылы мен парасатына артатынын айтты.
Ол барлық адамдарға ортақ дін мен ортақ сенетін арман керек деді. Барлық адамдар бірдей еңбек етіп, тең құқылы болса деп армандады. Осы ой жолында ол ешнәрседен аянбады.
Сен-Симон көптеген еңбектерін аяқтай алмай кетті. Бірақ ең бастысы ол былай деп кетті: «Алтын ғасыр әлі алда».
Сөйтіп 1825 жылы 19 мамырда 65 жасында гуманист-утопист дүниеден өтті . . .
- ТОММАЗА КАМПАНЕЛЛА (1568-1639)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz