Ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. Француз тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану ... ... ... ... ... ... 5
1.1.Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы ... ... ... ... ... ...5
1.2. Шетел тілі сабағында коммуникативтік ойындардың рөлі ... ... ... ... ... ...18
1.3. Шетел тілі сабағында ойын элементтерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІ бөлім. Коммуникативтік ойын технологиясының әдістемесі ... ... ... ... 25
2.1. Шетел тілін оқытуда қолданылатын технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардыңсөйлеу дағдысын дамыту жолдары ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ойын мұғалімге балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық балаларды белсенді жұмыс жасаттыруда үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды. Сана- сезімі, еркі, өзін- өзі бақылауы, өзінің іс- әрекетінің басқалардың іс- әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетіледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі- иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субьектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Бастауыш мектептерде, әсіресе ойындық, коммуникативтік, зерттеушілік, сияқты технологияларды қолдану өте тиімді. Коммуникативті ойын кезінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта- ықыласы артады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;
- Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілетін дамыту жолдарын анықтау;
- Коммуникативтік ойын технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады, яғни мұғалім әдісі- ойын.
Дүниеге келген сәбидің ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының басты белгі, бедерлері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шығармашылық, эмоционалдық көңіл күйі және ерік жігері бөлінеді.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. Француз тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану ... ... ... ...
... ... 5
1.1.Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы ... ... ... ... ...
...5
1.2. Шетел тілі сабағында коммуникативтік ойындардың рөлі ... ... ... ...
... ...18
1.3. Шетел тілі сабағында ойын элементтерін қолдану ... ... ... ... ... ...
... ... ... 20
ІІ бөлім. Коммуникативтік ойын технологиясының әдістемесі ... ... ... ...
25
2.1. Шетел тілін оқытуда қолданылатын технологиялар ... ... ... ... ... ...
... ... ..25
2.2. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардыңсөйлеу дағдысын
дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе

Ойын мұғалімге балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық
балаларды белсенді жұмыс жасаттыруда үлкен көмек береді. Шынында да, бала
үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді,
олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін
түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты
психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды. Сана-
сезімі, еркі, өзін- өзі бақылауы, өзінің іс- әрекетінің басқалардың іс-
әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетіледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-
иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып,
оқушының оқу әрекетінің белсенді субьектісі болуына мүмкіндік береді. Оның
өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Бастауыш
мектептерде, әсіресе ойындық, коммуникативтік, зерттеушілік, сияқты
технологияларды қолдану өте тиімді. Коммуникативті ойын кезінде бала
сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта-
ықыласы артады. 
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: ойын технологиясын қолдану
ерекшеліктерін анықтау;
- Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілетін дамыту
жолдарын анықтау;
- Коммуникативтік ойын технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және
оның шешімін іздестіруге құрылады, яғни мұғалім әдісі- ойын.
Дүниеге келген сәбидің ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының
басты белгі, бедерлері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса
бастайды. Ойында баланың шығармашылық, эмоционалдық көңіл күйі және ерік
жігері бөлінеді. 
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін
арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар

жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалдарды, тұрақты
сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде
пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде тиімді пайдалануға
ыңғайлы,ықшам өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн.
Таңдап алынған ойындар шәкірттің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы
керек.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенімен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнін түсіндіріп
отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатымен тыңдап, жемісті,
сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені кіші жастағы
оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді.
Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі,
шығармащылығы артады.
Курсық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, II бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаоланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

I бөлім. Француз тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану
1.1. Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік
құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу тегін ғалымдар жүздеген жылдар бойы
зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу
мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық ойынның бір бөлігі болып,
оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе,
Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдниетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы
мен сақаталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен
басталды.
Әлем педагогикасында ойын – белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа
жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады. Ойын
ең алдымен қарм-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау
жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиынщылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан,
ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым
сылдырмақтардан басатлып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық
шыңдық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынынң
табиғылығы соншалық, ол оқу элементтінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі
кезінде сыныптағы топтрадың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі.
Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы,
оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан
бастап, бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және
Басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты
бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі
құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді
жинақтайды.
Ойын теориясы теориясы мен практикасын отандық және шетелдік
педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М.Жуковская,
Д.В.Менджерицкая, Т.А.Маркова, Н.Я.Михайленколардың айтуынша балалар
меңгерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті –
балалрды ойынға өз қызығушылығымен , ынтасымен қатысыуын қамтамасыз ету.
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап
көрсетуге болады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысының
негізгі саласы – сабақ. Сабақ кезінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі,
дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын
арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген
біліміміздің қайтарымын көре білу. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының
барлығын қызықьыра отырып қатысытыру керек. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр
оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әр-түрлі
болады. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға
тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын
тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген
тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың
қызығушылықтарын туғызатын ойындарының бірі – дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс.
Оны – балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін
құралдардың бірі деп айтуға болады.

Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын, зейінің арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолданады. Атап айтқанда мұғалім оның жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі
заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын
сюжетін құрастырады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде екі мақсатпен қолданылады: оқу
(танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға
қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын онай отырып үйренеді.
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа
тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау жаттығу сабақтарында да
пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан
мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге
тырысуы қажет.
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой өрісін дамытып, ойлау қабілетін
арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік
меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау
қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға
да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана
қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің
мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді.
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ
маңызды орын алады. Ойын бастауыш сынып мұғалімдерінің бірден-бір көмекшісі
болу керек. А.С. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас
педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соқтырады, көп ретте
мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш екенін ұмытады. Ойын бала
үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуіне мүмкіндік береді1
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін
жетілдіру
1 Макаренко А.С. Коллектив и воспитание личности. – М., Педагогика 1972 332
с.
жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу поцесін
пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында
пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымыдылығын күшейтеді,
оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға
нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше
назар аударған жөн. Баланың ойын жептілдіріп, сабаққа қызығушылығын,
белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын
тәсілі – ойын.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өмірінде
маңыздылығына ұлкен мән берген. Қандай ойын болмасын әйтеуір бір нәрсеге
үйретеді, ең бастысы баланы – мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен
ынтымақта болуына үйренеді.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасы мен
мүмкіндіктерін толық пайдалану. Оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып
отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолданудың,
пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені төменгі сыныптаға оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойын ауынқырап
тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен
орындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде
пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың боййында адамгерщілік
қасиетімен қатар, білімге , өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті
нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа
зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды.
Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді
қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана басатйды. Сабақта ойын
түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да
әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды,
сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б үйренеді. Ойын жағдайын ену
баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарынң шарты болып табылады.
Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады : онда мектеп жетекші
болатын оқу-әрекетінің негіздері қаланады. Сабақты ойын түрінде өткізу
шәкірттердің білімге ынта-ықыласын арттырады. Оқытудың түпкі мақсаты –
оның сапалы болуы. Яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын
жетілдіруге оны әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық
жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын
күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану -
сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір
буыны. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе
алты жастан бастап оқытудың ойын әдістеріне көп көңіл бөлу керек.
Демек, ойын деген аты ғана , ал шыңында да, ол сабақтың , еңбектің
жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын мақсатын байқауға
болады.
Отандық педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетінің негізін
К.Д. Ушинский, П.П. Блонский , С.Л. Рубенштейн, Д.Б. Эльконин салды.
Қазақстандық ғалымдар Н.К. Ахметов , Ж.С. Хайдаров еңбектері берік
білім берудің , оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі
ойын элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдің
К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К. Бюлер, З. Фрейд, Э.Пиаже және тағы
басқа ойшылдары мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі
пікірлер білдірді.
К. Гросстың теориясы кеңінен танымал . Ол ойын келешектегі іс-
әрекетке дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған.
Ойында адам жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша
ойын дамумен байланысты. Бұл теорияның кемшілігі - ойынды тудыратын
себеп, түрткілерді ашпауы.
Ф.Шиллердің ойын дамытып, Г. Спенсер қалыптастырған ойын
теориясында ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың
пайымдауынша өмірде, еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады.
Шаршаған адамның демалу үшін ойнауы, күшті басқа арнға бұрмай
ойынға жіберу себебі анықталмаған.
С.Л. Рубинштейннің піікір бойынша, ойынның жиналған күшті
шығаруы формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек
бастау алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере
алмайды.
Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К. Бюлер нәтижесіне
қарамастан әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда,
функционалды қанағаттану теориясын ұсынады. Бұл ойын түрткісінін
негізі деп түсіндірді. Бұл теория ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде
ған көреді.
З. Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы
іске асыру деп біледі. Адлерлік түсінік бойынша ойында өмірде
шамасы жетпеген кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі көрінеді.
Сөйтіп, ойын өмірдің, әдемілігі мен сәнін мадақтайтын щығармашылық
белсенділіктен өмірге керексіз қалдыққа айналады, даму факторы мен
өнімімен жетіспеушілікке, өмірге дайындықтан қашуға айналады.
Л.С. Выготский мен оқушыларының пікірінше ойында ең маңыздысы адам
ойнай отырып, өзінен қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір
рөлді ойнайды.
Ойынның спецификалық формаларын дамыту үшін қалыпты жағдайды
қиялдағы жағдаятқа көшу сипатымен айқындалады, бірақ ол ойын негізіне
жатпайды.
Ол ойынның бастауларын ашпай ойын жүйесіне басты назар аударады.
Бұл теория баланың қалыпты жағдаяттағы ойынын есепке алмайды және ойынды
даму үстінде сипаттай алмайды.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену,
екіншіден адамның ойнап отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін
жинақтауға көмектеседі. ОЙынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу, ойындары
сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға,
шығармашыылққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне ,
еңбекте көрініс табады.
ОЙынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа
жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында мектепке дейінгі
және мектептен тыс мекемелерінде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте
ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік
технология ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде сыныптан тыс
жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Ойын педагогикалық технологиялары ұғымы әртүрлі педагогикалық
ойындар түрінде педагогикалық үрдістің әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруды
қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның ерекшелігі – оқу-танымдық
бағытта сипатталған, педаогикалық қорытындыға ие нақты оқыту мақсаты
қойылады. Оқу әрекетіне қызығушылық сезімін ояту мақсатында сабақ ойын
түрінде ұйымдастырылады.
Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар
айқындалған:
Оқушыларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.
Оқу материалын ойын құралы ретінде қолданады.
Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын
жарыс элементтері енгізіледі.
Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын қорытындысымен
байланыстырылады.
Ойын – адамдардың қарым-қатынасы, кәсіби және жанұялық өмірдің
мектебі болып табылады. Адам ойын арқылы өзінің бір нәрсені үйреніп
жатқанын білмейді. Мектепте мұғалім монолог, диалог түрінде балаларға білім
береді. Бір-бірімен белснді байланысу арқылы ойынға қатысушылар бір-бірін
үйретіп, өздері де үйренеді. Ойын түріндегі оқыту жалықтырмайды, қызықты
және ерікті түрде жүреді.
Педагогикалық ойындардың функциясын мұғалімнің дұрыс түсінуі оқу
үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлін анықтайды. Ойын элементтері
мен оқытуды ұштастыру мұғалім шеберлігіне байланысты. Кез келген ойынның
өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше маңызды функцияларына тоқталайық
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
4. Коммуникативтік ойын.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Ойынның емдеу функциясыү
7. Ойынның түзету функциясы.
8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері. Ойын – баланы
әлеуметтендірудің бірден бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына,
құрбы-құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды , білімді
игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ
астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Ойынның
әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени байлықты, тәрбие әдеуетін игерген ұжымның
толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының
көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Бұл функцияның мақсаты ұлтына,
нәсіліне қарамастан барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды
меңгерту болып табылады. Ойындар арқылы кез келген ұлт өз ұрпақтарын
өмірдегі әртүрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатыгездіксіз
шешуге, әрқилы эмоцияларды дұырс қабылдай білуге үйретеді. Ойында шекара
жоқ. Ұлттық ойындар, ұлтаралық ойындар, әртүрлі салалық ойындар, бүкіл
адамзатқа тән ойындар көптеп саналады.
3. Ойында аадмның өзін іс-жүзінде көрсетуі. Бұл ойынның
функцияларының бірі. Адамға ойынның өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде
қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себепті ойын үрдісі адам үшін маңызды. Ойын
барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Адам өмірінде үнемі ойын
жағдаятына кездесіп тұрады. Соын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қарапайым түсініктер. Сандар номенклатурасы
Орта мектепте химияны оқытуда ойын технологиясын қолдану әдісі
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде ойын технологиясының мазмұны, міндеттері және ерекшеліктері
Баланы ойлауға үйрету
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары
Пәндер