Психогенетика
КІРІСПЕ.
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ ...
1.1Генетика және оның бөлімдері..
1.2 Психогенетика туралы түсінік.
1.3 Психогенетиканың даму тарихы.
1.4Психогенетиканың зерттеу әдістері.
1.5Психогенетика жетістіктері..
ҚОРЫТЫНДЫ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ ...
1.1Генетика және оның бөлімдері..
1.2 Психогенетика туралы түсінік.
1.3 Психогенетиканың даму тарихы.
1.4Психогенетиканың зерттеу әдістері.
1.5Психогенетика жетістіктері..
ҚОРЫТЫНДЫ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..
Курстық жұмыстың өзектілігі: Психогенетиканың ғылым ретінде қалыптасуы ағылшын ғалымы Ф.Гальтон есімімен байланысты. Оны Н.А. Тимирязев «Англияның қайталанбас зерттеуші ғалымы және ойшылы» деген. Жас кезінде Ф.Гальтон көп саяхаттаған, география мен этнография қызықтырған. Оңтүстік Африкадағы зерттеуі үшін Географиялық қоғамның алтын медалімен марапатталып, Корольдік қоғамға сайланды. Топографиямен, метеорологиямен айналысқан. 1865 жылғы «Тұқым қуалаушылық, талант және мінез» атты мақаласы адамның тұқым қуалаушылық мәселесі жайлы жұмысының бастамасы еді.1869 жылғы «Дарындылықтың тұқым қуалаушылығы: оның заңдылықтарын зерттеу және нәтижелілігі» атты кітабында Гальтон дарындылықтың тұқым қуалаушылық мәселесін шешті.
Психогенетиканың негізгі ғылыми зерттеу әдістері – егіздер әдісі. Геннеология ғылымы егіздердің жасалу жолдарын генетикалық ерекшеліктерін зерттейді.Геннеология негізі геннеограммаережелері мен символдарында тәуелді.Бойында белгілі бір гендік ұқсастық бар адам пробанд деп аталады.Кез келген тұқымқуалайтын белгілер жатады:қабілеттік, тұқымқуалайтын аурулар.Геннограммадағы жыныстық белгілердің сипаты көрсетіледі.«Табиғат және тәрбие» атты еңбегінде Ф.Гальтон ұқсастық белгілері жөнінде мәселені көтерген
Курстық жұмыстың мақсаты: Психогенетика туралы жалпы сипаттама беру, психогенетика даму тарихы мен зерттеу әдістеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Психогенетика туралы жалпы сипаттама беру;
Психогенетика даму тарихы мен зерттеу әдістеріне талдау жасау;

1. Стамбеков С.Ж., Петухов В.Л. Молекулалық биология. Оқулық/ҚР. Новосибирск: Семей МУ, 2003. –216 бет.
2. Мұхамбетжанов К.К., Далабаев Б.А., Өтешева Г.А. Гентикадан практикалық сабақтар. Алматы. Ғылым 2004.
3. Ярыгин В. Н. Биология: в 2-х Т. - М.: Мир, 1997.
4. Пехов А. П.- Биология с общей генетикой. М. 1994.
5. Гилберт С. Биология развития: в 3-х т.: Пер. с англ. – М., Мир, 1993
6.Медведев Н.Н.Практическая генетика. М. Наука,1966.
7. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2
8. Александров А.А. Психогенетика: Учебное пособие. – СПб.: Питер, 2009. – 192 с.: ил. – (Серия «Учебное пособие»)
9. Генетика. Учебник. – Новосибирск: СемГПИ, 2008. – 616 с. с ил. – (Учебники и учеб. пособия для студентов высш. учеб. заведений).
10. Геном, клонирование, происхождение человека. – Фрязино: «Век 2», 2004. – 224 с. – (Наука для всех).
11. Основы генетики / Р.А. Петросова. – 2-е изд., стереотип. – М.: Дрофа, 2005. – 94, [2] с.: ил. – (Темы школьного курса).
12. Хедрик Ф. Генетика популяций. – Москва: Трансфера, 2003. – 592 с.
13. Эфроимсон В.П. Генетика этики и эстетики. – М.: Тайдекс Ко, 2004. – 304 с. (Библиотека журнала «Экология и жизнь». Серия «Устройство мира).
14. Алтухов Ю.П. Генетические процессы в популяциях: Учебное пособие. 3-е изд., перераб. и доп. / Ю.П. Алтухов; Отв. ред. Л.А.Животовский. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2003. – 431 с.: ил.
15. Психология общения: Учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений /В.А.Горянина. – 3-е изд., стер. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 416 с.

АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс Психогенетика тақырыбында орындалған.
Генетикалық код туралы жалпы сипаттама берілді. Ген жаратылысы зерттелді. Белок синтезіне талдау жасалды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 25 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1 Генетика және оның бөлімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.2 Психогенетика туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
1.3 Психогенетиканың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
13
1.4 Психогенетиканың зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
1.5 Психогенетика жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Психогенетиканың ғылым ретінде қалыптасуы ағылшын ғалымы Ф.Гальтон есімімен байланысты. Оны Н.А. Тимирязев Англияның қайталанбас зерттеуші ғалымы және ойшылы деген. Жас кезінде Ф.Гальтон көп саяхаттаған, география мен этнография қызықтырған. Оңтүстік Африкадағы зерттеуі үшін Географиялық қоғамның алтын медалімен марапатталып, Корольдік қоғамға сайланды. Топографиямен, метеорологиямен айналысқан. 1865 жылғы Тұқым қуалаушылық, талант және мінез атты мақаласы адамның тұқым қуалаушылық мәселесі жайлы жұмысының бастамасы еді.1869 жылғы Дарындылықтың тұқым қуалаушылығы: оның заңдылықтарын зерттеу және нәтижелілігі атты кітабында Гальтон дарындылықтың тұқым қуалаушылық мәселесін шешті.
Психогенетиканың негізгі ғылыми зерттеу әдістері - егіздер әдісі. Геннеология ғылымы егіздердің жасалу жолдарын генетикалық ерекшеліктерін зерттейді.Геннеология негізі геннеограммаережелері мен символдарында тәуелді.Бойында белгілі бір гендік ұқсастық бар адам пробанд деп аталады.Кез келген тұқымқуалайтын белгілер жатады:қабілеттік, тұқымқуалайтын аурулар.Геннограммадағы жыныстық белгілердің сипаты көрсетіледі.Табиғат және тәрбие атты еңбегінде Ф.Гальтон ұқсастық белгілері жөнінде мәселені көтерген
Курстық жұмыстың мақсаты: Психогенетика туралы жалпы сипаттама беру, психогенетика даму тарихы мен зерттеу әдістеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Психогенетика туралы жалпы сипаттама беру;
Психогенетика даму тарихы мен зерттеу әдістеріне талдау жасау;
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Генетика және оның бөлімдері
Генетика -- бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше "genetіkos" -- шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны -- өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік -- бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер [1,154б.]
Қaзipri генетиканың міндеттері тұқым қуалаушылық, пен өзгергіштікке қатысты жалпы заңдыльқтан келіп шығады. Мұндай міндетке гендер өзгерісінің механизмі зерттеу, клетканың әp6ip бөлінуінде гендер мен хромосомалардьң өзін-өзі өндіруі, гендердің әсері және олардың ен қарапайым реакциялары және тұтас организмде күрделі белгілер мен қасиеттердің пайда болуын басқаруы жатады. Сонымен қатар органикалық, табиғат эволюциясын танура тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыпталу процестерінің, өзара байланысын зерттеп білу к,ажеттігі туады.
Қaзipri генетиканьң міндеттері, табиғаттың, аса маңызды құбылыстарын білу үшін ғылымның болашағы мен потенциалын ашатын жоғарыда аталған теориялық, проблемаларды ғана зерттеу емес. генетиканың алдында көптеген нрактикалық, мәселелерді шешу үшін аса маңызды және жақын тұрған міндеттер де бар.
Өсімдіктің сорты немесе жануардьң тұқымы -- ауыл шаруа-шылырындағы өндіріс құралы. Өсімдіктер сорттары мен жануарлар тұқымдарының, жоғары өнімділігі еңбек өнімділін арттырады. Сорттар мен тұқымдарды шығару -- дербес бөлек ғылым -- селекцияның міндеті болғанымен,- селекция тұқым қуалаушылық, пен өзгергіштіктің заңдарын меңгермейінше дами алмайды. Селекция үшін генетика жаңа жолдар ашып береді.
Генетиканьң көптеген медициналық мәселелерді шешуде де маңызы зор. Мысалы, генетиктердің ece6i бойынша, Жер шарын мекендеген 4,1 млрд. адамның, әр ұрпақтары 10 млн. а дамы тұқым қуалайтын түрлі ауруға ұшырайды. Олардың, қатарына жүйке системасыньң (қояншық, шизофрения), эндокрин системасының, (кретинизм), қанның (гемофилия, кейбір анемиялар) т. с. с. Бірсыпыра аурулар жатады. Тұқым қуалайтын аурулардың диагнозын ерте білу ол аурулардың асқынып кетуін болдыр-майтын методтарды табуға мүмкіндік береді Цитологиялық, жаңа методтардың көмегімен әр түрлі аурулардың генетикальқ себептерін білу және олардың диагнозын ерте аньқтау жөнінде кең көлемде зерттеулер жүргізшуде, осының нәтижесінде медицинаның жаңа бөлiмi -- медициналық цитогенетика шықты.
Қaзipri кезде генетиканың жаңа саласы -- педагогикальқ генетиканы атауға болады. Оның зерттейтіні балалардың психологиясы мен интеллектуалдық, қабілетін генетикальқ детерминациялануы болуы керек. Балалардың қабілеті және психологиялық, ерекшеліктерін, кез келген басқа белгілері сияқты, ата-анасынан тұқым қуалау арқылы алады. қабілеттілік, ес жэәне ассоциациялардың көрінуі негізінде И. П. Павлов суреттеген жоғары жүйке әрекетінің механизмі жатқандықтан тек тұқым қуалаушылық. әлеуметтік орта, тәрбие және жаттығудың ете күрделі түрде өзара әрекеттесуімен қамтамасыз eтiлeдi.
Балалар қабілеттілігін әр түрлілігін оқытушы класпен алғашқы танысқан кезде-ақ, біледі Әрине, балаларда тұқым қуалайтын қаблеттердің көрінуінде тәрбиенің ролі, морфологияльқ белгілердің қалыптасуындағы сыртқы ортаның, әсерінен анағұрлым үлкен болады. Осыған қарамай, балалардың ic-әрекеттердің жеке түрлеріне қабілеті әр түрлі семьяда ғана емес, тіпті 6ip семьяньң өзінде де бірдей болмайды. педагогикалық, генетика балалардың тұқым қуалау қабілетін, оның жасына байланысты өгергіштігін, әр түрлі қабілеттер корреляциясын, информациялық, тұқым қуалаудың, ролін т. с. с. зерттеп педагогикаға ұсыныстар жасауы керек. Оқытушы кейде барльқ балалар қабілетінің- орташа деңгейін нысана етіп алады, бұл оқыту процесінде ic-әрекеттің белгілі 6ip түріне баланың дарындыльқ қабілеті дер кезінде байқалмай қалады, сөйтіп соның қабілеті дамымайды. Ал мұньң мектеп бітірушілердің, болашақта мамандық, таңдау мәceлeciнe де тікелей қатысы бар [9,102б.]
Бірақ, бұл жаңа сала жалпы генетиканьң заңдыльқтарын білмейінше дами алмайды. Бұл білім қазіргі біртұтас жаратылыстану ғылымын түсінуі үшін де оқытушыға қажет.
Атом жарылысы кезіндегі иондаушы сәулелер тipi заттар үшін eкi жақтықауіпті. Ондай сәулеленуге ұшыраған кезде соматикалық клеткалары (дене клеткалары) ғана емес, жыныс клеткалары да зақымданады. Дене клеткаларыньң өзгеруі сәулеге ұшыраған организмді әр түpлi ауруларға (сәуле ауруы), ал жыныс клеткаларыньң өзгepyi оның ұрпағында тұқым қуа-лайтын кемістіктерге ұшыратады.
Космостағы зерттеулерге байланысты радиацияльқ генетиканьң дамуы аса қажетті болып отыр. Космосқа ұшқанда адам космостық, сәулелердің әсеріне ұшырайды. Бұдан космостьқ генетика проблемаларыньң 6ipi -- осы сәулелер қаупіне генеткалық, баға беру проблемасы шығады.
Антибиотиктердіц ашылуына байланысты генетика фармацевтік өнеркәсіпте ерекше роль атқарады. Миллиондаған өмірге араша болған антибиотиктерге (пенициллин, стрептомицин, биомицин) генетика жетістжтері арқасында ғана қол жетіп отыр. Бұл үшін антибиотиктер шығарушы продуценттердің қолдан алынған және ұрпағы өзгерген формалары пайдаланылды, олардьң өнімділігі табиғи формалардан жүздеген есе артьқ болып шықты.
Генетиктер үшін табиғат қоғрау проблемасы көкейтесті мәселе болып табылады, өйткені өндірісте және ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтердің, гербицидтердің т. с. с. мутагендік әcepi бар екенін генетиктер керсетті Мал азығы, адам қoperi үшін амин қышқылдарын өндіру проблемасы генетика алдында ерекше мәселе болып тұр. Бұл мәселені шешу амин қышқылдарын өндіру қабілеті жоғары микроорганизмдерді шығаруға негізделед. Қазірдің өзінде бұл салада белгілі нәтижелерге қол жетті. кейбір амин қышқылдары (мысалы, глютамин қышқылы) жылына жүздеген тонна мөлшерде өндіріле Қaзipri жаратылыстану ғылымы атом ядросының құрылысын ашып анықтауда, ал оньң алдында бұданда зор мөіндеттер тұр: белок молекуласын анықтап, оны бақылап синтездейтін ген энергиясын меңгеру, өлі материядан тірі клетканың моделін жасау және клетканың ұдайы өзін-өзі өндіру npoцeciн меңгеру. Адамзат осы мәселелерді шешкен кезде оның. табиғатқа қожалық, жасап, игеруінде шек болмайды: органикалық, заттарды алуда және жаңа формалар жасауда да жаңа мүмкіндіктер туады. Адам Жер бетіндегі тіршіліктің нағыз конструкторы болады. Бұл бағытта зор табыстарға қол жетті: ген синтездеп алынды сондықтан генетикалық инженерия проблемасынын. icкe асуы айқындала түсуде [14,121б.]
Әр биолог өз зерттеуін қаншама тарылта түскенімен, олардың 6әpi соңында жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер эволюциясының заттарын зерттейді. Атап айтқанда, дәл осы міндет биологиялық, пәндерді біртұтас система -- биологияға біріктіреді. Тұқым қуалаушыльң және өзгергіштік сияқты эволюциясын негізгі факторларын зерттейтін болғандьқтан генетиканың рөлі ерекше зор. Жаратылыстану жүз жылда созығган дивергенциядан (ажырау) жеке пәндерге жіктелуден кейін, ары қарай тары да өте тар шеңбердегі мамандықтарда бөлшектене отырып, 6ipiry дәуіріне енді. Табиғат диалектикасымен оны тану методы жеке процестерді зерттемей, табиғаттары кұбылыстардың өзара байланыс заңдылығын зерттеу қажет екенін көрсетіп отыр. Дүние жүзілік ҒЫЛЫМНЫҢ дамуына біздің отандық генетика үлкен үлес қосты.
Популяциялық генетика- тұқым қуалаушылық құбылыстың топ дарақтарда яғни популяцияда зерттейтін генетиканың бөлімі. Генетик- популяционистер популяцияның генетикалық құрылымын және осы құрылымның ұрпақтан ұрпаққа өзгеруін зерттейді.
Популяциялық генетика -- тұқым қуалаушылық құбылысын топ дактарда яғни популяцияда зертейтін генетиканың бөлімі. Генетик - популяционистер популяцияның генетикалық құрылымын және осы құрылымның ұрпақтан ұрпаққа өзгеруін зерттейді.
Эволюция процесін зерттегенде, біз популяцияда жүретін генетикалық процестерді қарастырамыз. Генетикалық тұрғыдан эволюция дегеніміз - белгілі популяциядағы гендер жиілігінің өзгеруі. Сондықган да популяциялық генетиканы эволюциялық генетиканың бір бөлігі ретінде де қарауға болады. Бірақ бұл екі бөлімді әйтсе де жеке бөлу қажет, өйткені популяциялар генетикасының зерттеу тақырыбы нақты түрдің популяциялары болса, ал эволюциялық генетиканың тақырыбы болып бір немесе әр алуан түрлерге жататын кез келген популяция саналады. Жеке алынған дарақ эволюциялық процестің бірлігі бола алмайды, себебі оның генотипі өмір бойы өзгермейді және де оның өмір сүру уақытысы шектелген. Сонымен эволюциялық процестің қарапайым бірлігінің негізін жеке организм емес популяция құрайды. Популяция дегеніміз белгілі ареалды мекендейтін, өзара еркін будандаса алу қабілеті бар бір түр ішіндегі организмдер тобы болып саналады. Популяциялар үздіксіз ұрпақтардың қатары болып табылады. Бұдан басқа, популяцияның генетикалық құрылымы өзгеруі мүмкін яғни ұрпақтан ұрпакқа эволюция жолымен дами алады. Мал шаруашылығында популяция деп белгілі санымен және нақты ареалда таралумен сипатталатын мал тобын түсінеді. Мұндай популяция басқа популяциялардан генетикалық құрылымымен, өнімділік сапасымен тағы басқа белгілерімен айырмашылығы болады. Популяция малдың белгілі бір тұқымынан құралуы мүмкін, егер шаруашылық сол тұқыммен ғана айналысса, сонымен қатар популяцияның құрамына әр түрлі тұқымдар кіруі де мүмкін. Әдетте популяция - тұйықталған топ, себебі малды басқа популяциядан шеттен әкелу және шетке шығару шектелген, өйткені көпшілік жағдайда популяциядағы малдардың көбеюі, сол популяциядағы аналық жөне аталық малды жұптау арқылы іске асады. Белгілі бір популяцияның басқа популяциядан генетикалық құрамы бойынша айырмашылығы болады. Мәлім популяцияға дарақтардың барлық гендерінің жиынтығы генофонд депаталады. Популяциялардың қалыптасуы эволюциялық негізі үш фактор - тұқым қуалаушылық, өзгергіштік жөне сұрыптау арқылы іске асады. Популяцияның қалыптасуы кезінде пайда болатын эволюциялық өзгерістер микроэволюция деп аталады. Популяциялардың екі түрін - табиғи жөне жасанды - ажыратады. Табиғи популяцияның генетикалық құрамы негізінен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде анықталса, ал жасанды популяцияның қалыптасуы адам арқылы жүретін қолдан сұрыптау арқылы іске асады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығында өсірілетін малдар тұқымын алуан түрлі жасанды популяциялар ретінде қарауға болады [12,87б.]
Адам генетикасы адам популяциясындағы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік құбылыстарын белгілердің қалыпты жағдайда тұқым қуалауы мен олардың сыртқы ортаның әсерінен өзгеру ерекшеліктерін зерттейді және медицинаның мәселелері мен болашағына тікелей қатысы бар ғылым саласы болып есептелінеді.
Адамның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп-жетілуі, мінез-құлық қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. Ұрықтану кезінде жыныс жасушалары (гаметалар) қосылады, соның нәтижесінде жасушада хромосомалардың толық, жиынтығы қалпына келеді. Қазір ғалымдардың болжауы бойынша, адамның генотипінде 26 мыңнан 40 мыңға дейін ген бар. Олардың керінуі сыртқы ортаға, әлеуметтік жағдайға және тәрбиеге тығыз байланысты. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары барлық тірі организмдерде, оның ішінде адам үшін де бірдей. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель зандылықтарына сәйкес беріледі. Адамда да басқа организмдер сияқты доминантты және рецессивті белгілер бар.
Медициналық генетика ең алдымен адамда болатын тұқымқуалайтын аурулардың генетикалық негіздерін қарастырады.
Медициналық генетика -- тұқым қуалайтын аурулар, олардан сақтану, оларды анықтау және емдеу туралы ғылым, генетиканың бір саласы. Медициналық генетиканың дамуына молекулалық генетика ашқан ғылыми жаңалықтардың тигізетін әсері зор. Осы заманның молекулалық генетиканың негізгі шешетін мәселесі -- тұқым қуалаушылықтың молекулалық негізін анықтап, оның механизмін зерттеу [3,98б.]
Бұл -- жасуша тіршілігін және тірі жүйедегі организмдердің барлық деңгейдегі биологиялық бағыну тәртібін анықтайды. Бүгінгі таңда тұқым қуалайтын 1 мыңнан аса ауру түрлері бар, соның 400-ден астамы бір ғана ген мутациясының себебінен болады. Жаңа туылған нәрестелердің орта есеппен 5%-ындағы кемтарлық олардың генетикалық материалына тікелей байланысты. Гендік терапия ауру адамның соматикалық немесе ұрықтық (алғашқы дамуы стадиясында) клеткасындағы кемістікті түзетумен байланыстырыла жүргізіледі. Бірақ мұндай емдеудің қиыншылығы -- геннің жеткізілу механизмімен тығыз байланысты, яғни ген қажетті жасушаға дұрыс жеткізіліп, организмнің жұмыс істеу қабілеті жақсарып, оған ешқандай қауіп-қатер төнбеуі керек.
Қазіргі уақытта гендік терапия тұқым қуалайтын ауруларға бейім адамдарды, жұқпалы, тағыда басқа ауруларды емдеуде жиі қолданылады. Мысалы, меланома, гемофилия, анемия, гиперхолестеринемия, Паркинсон ауруы, Дюшени бұлшық ет дистрофиясы, атеросклероз. Болашақта молекулалық генетиканың жетістіктерін тек тұқым қуалайтын ауруларды ғана емес, қатерлі ісік және созылмалы вирустық инфекция ауруларын емдеуде қолдану көзделіп отыр. Мысалы, осы күні меланоманы емдеуде лимфоцитті пайдаланады, себебі, зақымданған органға лимфоцит енгізу -- жақсы нәтиже беруде. Қазақстандағы медициналық генетика саласындағы зерттеулер 20 ғасырдың басынан басталады. Қазір медициналық генетикамен Ана мен баланың денсаулығын қорғайтын ғылыми-зерттеу орталығы, ҚазҰМУ, Ақмола, Семей, Қарағанды, Батыс Қазақстан медицин академиялары, Жалпы генетика және цитология, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институттары, тағыда басқа мекемелер шұғылданады.
Селекция жануарлардың жаңа тұқымдарын, өсімдіктердің сорттарын және микроорганизмдердің штаммдарын жаңартып жақсартудың теориясы мен әдістерін қалыптастырады [11,90б.]
Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" -- сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады.
Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсер ететіндігін анықтады.
Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады.
Селекцияның басты мақсаты мен міндеті -- адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және микроорганизмдердің штампыларын қысқа мерзімде шығару және жақсарту. Сорт немесе тұқым дегеніміз не? Жануарлардың асыл тұқымы немесе есімдіктердің сорттары деп тұқым қуалайтын морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері ұқсас, сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған бір түрге жататын даралар жиынтығы. Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша: "Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен эволюциясын зерттемей тұрып, жануарлардың, өсімдіктердің қазіргі сорттарын, тұқымын жаңарту, жақсарту мүмкін емес". Сонымен қатар жануарлардың, өсімдіктердің жабайы арғы тегі формаларының, мәдени формаларына қарағанда бай екенін көрсетті. Сондықтан өсімдіктердің жаңа сорттарын, малдардың асыл тұқымын шығаруда олардың ата тегінің бағалы белгілері бар түрлерін будандастыруға пайдалану қажет екендігін анықтап берді. Ол мәдени өсімдіктердің ата тегінің шығу орталықтарын анықтау, зерттеу және олардың генофондысын сақтау мақсатында дүние жүзінің әр түкпірінде 180-нен астам экспедиция ұйымдастырды. Осы жұмыстың нәтижесінде 1700 түрге жататын 250 мыңнан асатын ауыл шаруашылығы есімдіктері үлгілерінің коллекциясын жасады. Өсімдіктердің сол уақыттағы жиналған коллекциясы осы күнге дейін мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға пайдаланылады. Н.И.Вавилов барлық географиялық аймақтарда мәдени өсімдіктердің алуантүрлілігі бірдей емес екендігін анықтай келіп, аса маңызды жаңалық ашты. Ол мәдени өсімдіктер шығуының жеті орталығын белгіледі. Әрбір орталық белгілі бір мәдени өсімдіктердің шыққан отаны болып есептелінеді. Бұл орталықтар, негізінен, жазық жер емес, таулы аудандар. Көптеген орталықтар ертедегі егін шаруашылығы орталықтарымен сәйкес келеді. Н.И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтау барысында жалпы бір заңдылықты байқаған. Өсімдіктер өзінің түр ретінде түзілген орталықтарынан алыстаған сайын, олардың түсінің өзгеретінін көрген. Мысал ретінде, Мексикада өсетін жүгері сабағының боялған қара түсі, Тынық және Атлант мұхиттарына жақын аудандарда ағаратынын көрген. Ал Еуропада өсетін бидайдың, арпаның, қара бидайдың ақ масақтары Африкадағыдан өзгеше болып келеді. Мәдени өсімдіктер шығу орталықтарынан басқа аудандарға тараған сайын олардың доминатты белгілері (гендерінің әсері) төмендеп, рецессивті формалары арта бастайды. Бұлай болу себебі, таулы, аралды және шөлді аймақтар рецессивті гені бар формаларды оқшауландырып, олардың көбеюіне жағдай туғызады. Мысалы, бір жағын Арал теңізі, екінші жағын Қарақұм алқабы қоршаған Хиуа (Өзбекстан) жерінде Н.И.Вавилов бастаған экспедиция зығыр өсімдігінің гүлінің түсінде рецессивті белгілері бар және дөні ақ түрлерін анықтаған. Сонымен шығу орталықтарынан алыстаған сайын есімдіктердің доминантты гендері әсерінің төмендеуін, ал керісінше, рецессивті формаларының арту заңдылығын "Вавилов әсері" деп атады [2,46б.]
Педагогикалық генетика- балалардың психологиясы мен интелектуалдық қабілетінің генетикалық детерминациялануын зерттейді.
Цитогенетика- жалпы генетиканың негізгі бөлімдерінің бірі, оның зерттеу пәні клетка құрылымы организмдердің белгілері мен қасиеттрі және олардың вегетативтік және жыныстық жолмен берілуі болып табылады.
Цитогенетика (гр. cytos -- жасуша және генетика) -- тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын жасушалық және субжасушалық деңгейде зерттейтін ғылым; цитология мен генетиканың арнаулы саласы.
Цитогенетиканың негізгі зерттеу нысаны -- бөлінетін және бөлінбейтін клеткалардағы хромосомалар, олардың табиғи морфологиясы, құрылымдық және химиялық табиғаты, атқаратын қызметі мен әр түрлі күйде болуы.
Цитогенетика организмдердің цитологиялық ерекшеліктеріне байланысты генетикалық құбылыстарды зерттейтін биологияның тарауы. Генетикалық талдау әдісін цитологиялық әдіспен біріктіріп цитогенетика деп атайды.
1.2 Психогенетика туралы түсінік
Психогенетика (психо... және гр. genetikos -- туылуына, шығу тегіне жататын):
1) психикалық және мінез-құлықтық кейбір құбылыстардың тұқымқуалаушылық сипатын және олардың генотипке тәуелділігін зерттейтін ғылым саласы. Психогенетиканың негізін Ф. Гальтон, Н. Жуел-Нильсон және т.б. қалады. Психогенетикалық жетістіктер адамның жасы келген сайын, оның зердесінің жеке ерекшелігіне генотиптің тигізер ықпалы айқындалып, күшейе түсетінін көрсетеді. Мысалы, адамның миллиондаған жылдар бойы ортаға бейімделу қабілетінің жетілуі, оның өзгеге және қоғамға деген қатынастары тұлғалық ерекшелігінің қалыптасуы осының айғағы;
2) психологияның генетикамен шектес саласы, психологиялық процестердің генетикалық негіздерін зерттейтін салааралық ғылым. Психогенетиканы кейде психология саласына жатқызады. Психогенетика адамның жеке тұлғалық психологиялық ерекшелігінің шығу тегі мен қалыптасуын генотип ортаның ықпалы арқылы қарастырады. Ғылымда адамның психикалық қызметінің даму факторлары туралы біржақты көзқарас қалыптасқан. Психогенетикадағы көптеген ізденістер жоғары психикалық қызметтің индивидтер арасындағы әртүрлілігін зият, ақыл-парасатпен салыстыруға айрықша мән береді. Психогенетикадағы тектестік дәрежесі (жалпы гендер саны) мен ақыл-парасат күйінің көптеген көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс бар екендігін тапты. Адамдық, әлеуметтік факторлар мен жағдайлар жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктерді генотипке бейімдеуге ықпал етеді деген болжам күшін жойған жоқ [6,67б.]
Психогенетика мен психопрофилактика. Жалпы гигиенының бір саласы психогигиена (гигиенос - ежелгі гректердің шипалы, емдік деген сөзі) дегеніміз адамның психикалық қызметіне қолайлы жағдай жасап, оның психикалық денсаулығын сақтап, нығайтатын шаралар кешені.
Психопрофилактика психикалық аурулардың және невроздардың алдын алу, оларды бәсендету. Көне заман дәрігерлері ми мен дене қызметін қамтитын жалпы гигиенаға, неке гигиенасына көп көңіл бөлген. К.Гален Құмарлық гигиенасы немесе өнегелі гигиена деген кітап жазды. Бағзы замандағы Ж.Э.Д. Эскироль, Морель, Э.Крепелин секілді психиатрлар психогигиена мен психопрофилактканы дамытуда көп еңбек сіңірді. ХІХ ғасырдың екінші жартсында Ресейде психогигиена мәселелерімен шұғылдану басталды.
Психогигиена айналадағы ортаның, әлеуметтік, өндірістік, тұрмыстық себептердің адам психикасына ететін әсерін тексереді. Экология проблемалары жалпы гигиеналық және психогигиеналық мәселелермен байланысты. Психогигиена тұрмыс, отбасы, неке және бала емізетін әйелдер, жыныстық тәрбие гигиенасын т.б. қорғауға ықпал жасайды.
Психогигиена мен психопрофилактиканың ара жігін ажырату қиын. Психогигиена және психопрофилактика мәселелерімен дәрігерлердің бәрі де, оның ішінде психиатрлар, педиатрлар мен гигиенистер шұғылданады. Бұл мәселелердің көбісі емханаларда, диспансерлерде (психоневрологиялық, наркологиялық, онкологиялық т.б.) шешіледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы психопрофилактиканы үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде психикасы сау адамдарда жүйке - психикалық аурулардың алдын алу шаралары, екіншісінде басталған процесіт үзу, аурудың қайталануына қарсы шаралар, үшіншісінде мүгедек болудың адын алу шаралары жүргізіледі. Бұларды психикалықденсаулық сақтау мкемелері реттейді. Туа кемтар болған, жүйке - психикалық ауруларына шалдыққан балалардың әрі қарай дамуын бақылауда медициналық - гинетикалық лабораториялар мен кабинеттеріндің көмегі зор. Адамдардың психикалық денсаулығын сақтауда спорттың алатын орны ерекше. Спортқа жұртты жаппай тарту шаралары жүргізілген жерлерде жеке адамның ұнамды қасиеттері дамып, жігерін күшейтеді, айналадағы ортаның қолайсыз жағдайларына деген қарсылықты арттырады.
Балалардың ана құрсағында жатқандағы кезінен кейін психогигиена ата - ана денсаулығынан, анасының, нәрестенің физикалық - психикалық дамуынан, тамақтандыру сапасынан, сәби мен ата - аналарының психологиялық қарым - қатынасынан басталады. Жеке адамның қалыптасуына отбасының эмоциялық іс - әрекеті де бұған әсер етпей қоймайды. Ата - анасының маскүнемдікпен, не нашақорлықпен айналысуы отбасына келеңсіз жағдай туғызып, баланың психикасының зақымдануына, оның жеке басының қалыптасуына қолайсыз әсер етеді. Дұрыс тәрбиелемеу (аз қамқорлық жасау, шектен тыс қомқорлық жасау, отбасының табынушысы, жетім ретінде) ұнамсыз әсер етеді.
Оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы ой мен дене жұмысының және дұрыс демалудың да біркелкі бөлінуінің психопрофилактикада маңызы зор. Мұнда мектеп дәрігерінің атқаратын рөлі ерекше. Жүйке - психикалық зақымданудың алдын алу, яғни дәрістердің белгілі бір жүйемен ауысуын көздейтін сабақ кестесін жасауға қатысу мектеп дәрігерінің міндетіне саналады. Бұл орайда ұнамды эмоцияларға толы белсенді сауықтыру ойындарын ұйымдастырудың пайдасы мол [14,196б.]
Еңбек психогигиенасының мақсаты - жоғары автоматтандырылған, бір қалыпты ырғақты, конвейер жүйелі өндірістің зиянды жағдайларын азайту. Мұндай ұнамсыз әсерлерді азайтуда өндіріс гимнастикасының, сауықтыру кабинеттерінің орны ерекше. Адамдар арасындағы дұрыс мәдени қарым - қатынас, психикалық зақымдануды тежесе, ал өзгенің қайғысына қынжылмайтын пиғылы теріс, меңмендік, тәкаппарлық, басқаларға немқұрайды қарау психикалық жағынан өзгеруі туралы жоғарыда айтылды. Өзіне бағынатын адамдарға немқұрайды, не дөрекі қарауға болмайды.
Психогигиенаның негізгі мідеті - адамдар қарым - қатынасында психиканы зақымдайтын жағдайлар мен себептерді азайту. Оның негізгі міндеттерінің бірі - өндірісте де, тұрмыста да шумен күресу. Көшедегі көлік, радиоқабылдағыш, теледидар мен әуез аспаптарының шуы неврология, невроз ауруларын тудырады. Психогигиеналық кешенде жыныстық өмірдің психогигиенасы белгілі орын алады. Әр түрлі үйлеспеушіліктің алын алу үшін бала жастан саналы жыныстық тәрбие беруді енгізу қажет. Балалық - жасөспірім уақытынан әр деңгейдегі (интеллект, инстинкті) жыныстық қарым - қатынасты білу неврозды тудыратын үйлеспеушілікті азайтады. Жыныстық сезіммен байланысты невротикалық және басқа бұзылулардың алдын алу үшін жыныстық дамудың жасқа қарай мерзімдерін, жыныстық ерекшеліктерді білу қвжет. Бұл мәселелерді жыныс туралы ғылым - сексология (латынша жыныс, логос - ғылым) ғылымы зертейді.
Ғылымның урология, эндокринология, психиатряи, неврология, гинекология, дерматовенерология салдарымен байланысты бұл тарауы 1950 жылдардан бастап дамыды. Медициналық сексология, не сексопатология клиникалық медицинаның саласы ретінде жыныстық бұзылудың функционады, эмоционалды, дербес жақтарын зерттей отырып, диагностикалық, емдеу және алдын алу шараларын белгілейді. Қазіргі кезде сексопатология жеке клиникалық пән болы саналады.
Жыныстық қалыптасуға сәби жастағы себептер ғана емес, құрсақтағы себептер де әсер етеді. Ультрадыбыстық зерттеулер құрсақтағы нәрестенің өзінше тіршілік етіп, дыбыстарды еститінін көрсетті. Қазір жетілдірілегн әдісті қолдана отырып, 8 - 12 апталық нәрестенің аяқ - қолы саусақтарымен ойнап, басын қасып, көзін ашып - ұмғанын көруге болады. Егер анасының жатырындағы сұйықты алу үшін ине өткізсек, нәресте инеден қашып, қарама - қарсы жаққа ауысады. Соңғы жалдары құрсақтағы нәресте мен сәбидің жағдайын зертейтін жаңа микропсихология ғылымы пайда болды. Ата - анасынан белгілі мөлшерде ұнамды әсер алмаған нәрестенің (мәселен, жоспарланбаған баланың керегі болмаған кезде пайда болған нәрестенің) орталық жүйке - жүйесінің қалыптасуына келіссіз жағдайлар утаы екен. Бір - үш жастағы ұл - қыздарда жыныстық сана қалыптасады. Қыз - қыз екенін, ұл - ұл екенін түсінеді. 3 - 4 жастағы бала басқа жыныстыны киіміннн, шашына дауысын қарай ажыратады. Ер балаларға қарағанда, 1 - 3 жастағы қыз балаларөз ауруын сезгіш келеді. Мұндай жағдайда қыз балаларға мейірімділік аз болса. Олардың есеген кезде эрогендік және экстрагендік аймақтарының сезімталдығы тез дамиды. Қыз бала дұрыс тәрбиленуі үшін үш жасқа шейін анасымен болуы керек. Жезөкшеліктің, нашақорлықтың және жұққпалы жыныс ауруларымен ауырудың алдын алу үшін сәби кезден дұрыс жыныстық тәрбие берген абзал. Жас кезінде шешесімен эмоциялық қарым - қатынаста болмаған жезөкше, нашақор әйелдерден туған қыз балаларың бой жетіп, тұрмыс құрып, нәресте сүйген кездерінде аналық сезімі күшті болмайтынын байқаулар көрсетті [8,68б.]
1.3 Психогенетиканың даму тарихы
Психогенетиканың ғылым ретінде қалыптасуы ағылшын ғалымы Ф.Гальтон есімімен байланысты. Оны Н.А. Тимирязев Англияның қайталанбас зерттеуші ғалымы және ойшылы деген. Жас кезінде Ф.Гальтон көп саяхаттаған, география мен этнография қызықтырған. Оңтүстік Африкадағы зерттеуі үшін Географиялық қоғамның алтын медалімен марапатталып, Корольдік қоғамға сайланды. Топографиямен, метеорологиямен айналысқан. 1865 жылғы Тұқым қуалаушылық, талант және мінез атты мақаласы адамның тұқым қуалаушылық мәселесі жайлы жұмысының бастамасы еді.1869 жылғы Дарындылықтың тұқым қуалаушылығы: оның заңдылықтарын зерттеу және нәтижелілігі атты кітабында Гальтон дарындылықтың тұқым қуалаушылық мәселесін шешті.
Ф.Гальтонның еңбегіне сүйене отырып, корольдік әскери коллегияға түскендердің дарындылық қасиетін анықтаудың үш деңгейі мен баға беруде Кетленің Орта деңгейден ауытқу заңы енгізілді. Аталған заңға сәйкес ойлау қабілетінің тұрақты орта деңгейі, ал одан ауытқу генийге және идиотизмге дейін болады деген. И.И. Кангаевтің айтуы бойынша ағылшын математигі, статистикадағы биометрикалық мектептің басшысы, Гальтонның шәкірті, әрі досы К.Пирсон аталған еңбекті жақсы бағалап Дарындылықты дәлелдеп қана қоймай, әрі итермелейтін күш болып табылады ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz