Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім

І . тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселерінің түсінігі.
1.1.Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіне қарсы қылмыстарының мәселелерінің жалпы сипаттамасы және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы ... ... ... ... ... ... ... ...11

ІІ . тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері.
2.1. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі қылмыс құрамдары ... 16
2.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары ... ... ... .28
2.3. Мемлекеттік қымет пен басқару мүддесіндегі өзгеде қылмыстар ... ... .37

ІІІ. тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын . алу мәселелері
3.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын . алу шаралары ... ... ... ... .43
3.2. Қазақстан Ресубликасында халықаралық сыбайлас жемқорлықтағы ішкі . сыртқы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Кеңестік үкіметінің өз тәуелсіздігін алағанан кейін ақ біліне астады. Мемлекеттік аппарат шенеуніктерінің сыбайластыққа салынуына бастап белгілі бола бастаған еді. Қазіргі әлеуметтік проблемелерға байланысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 13 тарауы мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайластық жемқорлық және өзге де қылмыстарға арналған 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде мұндай тарау жоқ еді, керісінше «Лауазымды қылмыстар» деген тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде айқындалды .
Бүгінде сыбайлас жемқорлық секілді дертпен жекелеген мемлекеттер өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе, жаһандану заманында сыбайлас жемқорлықтың иегі жоқ , ол бір елден екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Бұл оңай іс емес. Бұл дерттің тамыры тереңде жатыр. Мұның дәлелі XV ғасырдың өзінде Британ парламенттінде осы мақсатта шулы даулар орын алған.
Көптеген мемлекеттік және жекелеген құрамдас жүйелерде сыбайлас жемқорлық төңірегінде қалыптасқан жағдай белең алып бара жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғаламдық және ұлттық деңгейлердегі маңызды қадамдарға қарамастан оның халықаралық қауымдастықтың алдына қойып отырған кедергілері әлі де бар. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық - құқықтық көрініс түрлері туралы да көптеген пікірлер бар. Көптеген профессорлар сыбайлас жемқорлыққа анықтама берген.
Профессор Н. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды. Профессор А.И. Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқада қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді. Бұл дегеніміз корупция ұғымын парақорлықпен теңестіру деген сөз. Басқалар коррупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке пайдасы үшін қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп – шіруі деген анықтама береді. Бұл жағдайда олар «cor» (дене) сөзін негізге алып коррупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз дененің іруі іріп – шіруі процесі деп анықтама келтіреді. Осы мәселені түбегейлі зерттеп жүрген профессор В.В. Волженкин «сыбайлас жемқорлық дегеніміз – әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп – шіруі, мемлекттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабын, қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы деп анықтама берді .
Осы анықтамаға сүйенсек , сыбайлас жемқорлықтың парақорлық шегінен шығып кететіні байқаймыз.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік лауазымды адамның өзінің билік өкілеттігін және өзіне берілген құқықтарын белгілелеген ережелерге қайшы жеке басының пайдасына қолдануы. Бұл термин көбіне бюкрократялық аппаратқа және саяси элитоға қатысты қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен қоғам мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау-арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады.
Сыбайлас жемқорлыққа дискрециялық билікке, яғни өзіне тиесілі емес ресеурстарды өз қалауынша бөлу билігіне ие кез келген адам шенеунік, сот, құқық қорғау орындарының қызметкері, әкімші , дәрігер және т.б. ұшырауы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа жетелейтін басты нәрсе билік өкіметтігін пайдалана отырып экономикалық пайда табу мүмкіндігі, ал басты қаупі - оны әшкерлеу мен жазалау. Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры жақсы жағдайға ие болу үшін сыйлық жасау дағдысынан бастау алады. Қымбат сыйлық адамды өзге сұраушылардың арасынан бөліп алып, оның өтініші орындалуына мүмкіндік беретін болған. Сондықтан алғашқы қауымдық қоғамда дінбасыларға көсемге ақы төлеу қалыпты жағдай саналған. Мемлекеттік аппараттың күрделенуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі нәтижесінде кәсіби шенеуніктер пайда болды, олар билеушілердің ойынша белгіленген жалақыға қанағаттануына тиіс еді. Ал іс жүзінде шенеуніктер өзінің қызмет жағдайын өз жағдай өз кірістерін құпия түрде көбейтуге қолдануға ұмтылды.
Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шараларын қабылдамасақ оның криминалдық экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да еліміз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» . Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі , қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы деп аталатын Жолдануында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресті басты
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдағы 30 тамыздағы.
2. ҚР – ның Қылмыстық кодексі Алматы 2005 ж.
3. КСРО Жоғары Сотының 1990 жылғы 30 наурызындағы Пленумының қаулысы.
4. Қазақ КСР – ның шаруашылық қызметінің бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы 1990 жылғы 11 желтоқсандағы қаулысы
5. ҚР – ның Жоғарғы Сот Пленумының парақорлық үшін жауапкершілік туралы. 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №9 қаулысы
6. ҚР – ның Перзидентінің «Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық күресуді өрістету шаралары» 1997 жылғы 5 қарашадағы жарлығы.
7. ҚР – ның сыбайлас жемқорлыққа күресу туралы заңы 2003 жылғы 25 қыркүйек
8. ҚР – ның Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту туралы жарлығы 2005 жылғы 14 сәуір
9. ҚР – ның Президенті мен Үкімет актілер жинағы 44 құжат 2006 жылғы №5 48 - 68 бет.
10. ҚР – ның Мемлекеттік қызметтуралы заңы 1999 жылы 23шілде
11. Ағыбаев А.Н., з.ғ.д. пр. ҚР – ның Қылмыстық құқықығы ерекше бөлім. Алматы, «Жеті жарғы» 2003 жылғы 560 бет.
12. Ағыбаев А.Н., з.ғ.д. пр. Парасат журналы №4 2007 4,5, 10 беттер.
13. Ағыбаев А.Н., з.ғ.д. пр. «Заң газеті №6 11, 13,16,18,20 қыркүйек 3 беттер.
14. Алауханов А. з.ғ.д.пр. «Қылмыстық құқық ерекше бөлім» Алматы 2004 ж.
15. Ағыбаев А.Н., з.ғ.д. пр. «Заң журанлы №1 2008 жыл 25 бет»
16. Александр, Тасболатов, «Егемен Қазақстан газет» №37 1 бет.
17. Ахметжанов А. «Заң журанлы» №9 2007 жыл 15 бет.
18. Әпенов С.М., Серік Мейрамұлы «ҚР – ның Қылмысқа қатысушылар нысандары» 2007 ж. 28 бет.
19. Бейсенова М. «ҚР – ның Қылмыстық құқығы» қылмыскерлердің ниетін саралау Алматы 2004 ж. 26 бет.
20. Волженкин Б.В. «Кволификация взяточниство» Ленинград 1984 г.
21. Голохва А.В. «Превишение власти и служебних полномочий» Москва 1978 г.
22. Егізбаев Н. «Қылмыстық құқық» Алматы 2002 28 бет.
23. Здравомыслов Б.В. «Понятие и квлификация» М. 1975 г.
24. Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясы IV том 163 бет.
25. Қожаниязов А. «Мемлекеттік билік қызметкелерінің қылмысы»Алматы 2004 ж.
26. Лысов М.Д. Ответственность по советскому угаловному праву Казань 1972 г.
27. Рахметов С.М., Бапанов Т.Ә., Балтабаев, Әбдиров Н.М. «Қылмыстық құқыққа түсініктеме» Алматы 2005 ж.
28. Сыдықов З. Діл газеті №8 (275) 2008 жыл
29. Тұрсынбаев Д. Заң газеті №7 2008 3бет.
30. Шектібаев Т.Т., Әбілезов Е.Т. «Парақорлық қылмысы» Алматы 2003 ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім

І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас
жемқорлық қылмыстарының мәселерінің түсінігі.
1.1.Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіне қарсы қылмыстарының
мәселелерінің жалпы сипаттамасы және
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 7
1.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы
... ... ... ... ... ... ... ...11

ІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас
жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері.
2.1. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі қылмыс құрамдары ... 16

2.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары ... ... ... .28
2.3. Мемлекеттік қымет пен басқару мүддесіндегі өзгеде
қылмыстар ... ... .37

ІІІ- тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі сыбайлас
жемқорлық қылмыстарын алдын – алу мәселелері
3.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу
шаралары ... ... ... ... .43
3.2. Қазақстан Ресубликасында халықаралық сыбайлас жемқорлықтағы ішкі –
сыртқы
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...44

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 49
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..53

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Кеңестік үкіметінің өз тәуелсіздігін
алағанан кейін ақ біліне астады. Мемлекеттік аппарат
шенеуніктерінің сыбайластыққа салынуына бастап белгілі бола
бастаған еді. Қазіргі әлеуметтік проблемелерға байланысты
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 13 тарауы
мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайластық
жемқорлық және өзге де қылмыстарға арналған 1959 жылғы Қазақ
ССР Қылмыстық кодексінде мұндай тарау жоқ еді, керісінше
Лауазымды қылмыстар деген тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда
орын алған күрделі әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістердің
нәтижесінде мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның
не оған теңестірілген адамның лауазымды адамдардың қылмыстары
мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық
және өзге де ұйымдар жүйесінде айқындалды[1].
Бүгінде сыбайлас жемқорлық секілді дертпен жекелеген
мемлекеттер өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе, жаһандану
заманында сыбайлас жемқорлықтың иегі жоқ , ол бір елден
екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Бұл оңай іс емес. Бұл
дерттің тамыры тереңде жатыр. Мұның дәлелі XV ғасырдың
өзінде Британ парламенттінде осы мақсатта шулы даулар орын
алған.
Көптеген мемлекеттік және жекелеген құрамдас жүйелерде
сыбайлас жемқорлық төңірегінде қалыптасқан жағдай белең алып
бара жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғаламдық және
ұлттық деңгейлердегі маңызды қадамдарға қарамастан оның
халықаралық қауымдастықтың алдына қойып отырған кедергілері
әлі де бар. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық - құқықтық көрініс
түрлері туралы да көптеген пікірлер бар. Көптеген
профессорлар сыбайлас жемқорлыққа анықтама берген.
Профессор Н. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік
көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір
тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды. Профессор А.И.
Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік
немесе басқада қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми
қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен
мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап
көрсетеді. Бұл дегеніміз корупция ұғымын парақорлықпен теңестіру
деген сөз. Басқалар коррупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын
жеке пайдасы үшін қолдануға негізделген басқару аппаратының
іріп – шіруі деген анықтама береді. Бұл жағдайда олар cor
(дене) сөзін негізге алып коррупция деген сөзге латын тілімен
сөзбе сөз дененің іруі іріп – шіруі процесі деп анықтама
келтіреді. Осы мәселені түбегейлі зерттеп жүрген профессор
В.В. Волженкин сыбайлас жемқорлық дегеніміз – әлеуметтік құбылыс
болып табылатын биліктің іріп – шіруі, мемлекттік функцияны
атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға
теңестірілген адамдардың өз қызмет бабын, қызмет статусы мен
беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін
пайдалануы деп анықтама берді[2].
Осы анықтамаға сүйенсек , сыбайлас жемқорлықтың парақорлық
шегінен шығып кететіні байқаймыз.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік лауазымды адамның өзінің
билік өкілеттігін және өзіне берілген құқықтарын белгілелеген
ережелерге қайшы жеке басының пайдасына қолдануы. Бұл термин
көбіне бюкрократялық аппаратқа және саяси элитоға қатысты
қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды
адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы
немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен қоғам
мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған
алдау-арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған
қылмыстар қатарына жатады.
Сыбайлас жемқорлыққа дискрециялық билікке, яғни өзіне
тиесілі емес ресеурстарды өз қалауынша бөлу билігіне ие
кез келген адам шенеунік, сот, құқық қорғау орындарының
қызметкері, әкімші , дәрігер және т.б. ұшырауы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа жетелейтін басты нәрсе билік
өкіметтігін пайдалана отырып экономикалық пайда табу мүмкіндігі,
ал басты қаупі - оны әшкерлеу мен жазалау. Сыбайлас
жемқорлықтың тарихи тамыры жақсы жағдайға ие болу үшін сыйлық
жасау дағдысынан бастау алады. Қымбат сыйлық адамды өзге
сұраушылардың арасынан бөліп алып, оның өтініші орындалуына
мүмкіндік беретін болған. Сондықтан алғашқы қауымдық қоғамда
дінбасыларға көсемге ақы төлеу қалыпты жағдай саналған.
Мемлекеттік аппараттың күрделенуі мен орталық үкімет билігінің
күшеюі нәтижесінде кәсіби шенеуніктер пайда болды, олар
билеушілердің ойынша белгіленген жалақыға қанағаттануына тиіс
еді. Ал іс жүзінде шенеуніктер өзінің қызмет жағдайын өз
жағдай өз кірістерін құпия түрде көбейтуге қолдануға ұмтылды.
Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске
жатады. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шараларын
қабылдамасақ оның криминалдық экономикалық және әлеуметтік
проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық
негізіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да еліміз Н.Ә.
Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 . Барлық Қазақстандықтардың
өсіп өркендеуі , қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы
деп аталатын Жолдануында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресті
басты мақсаттар қатарына қойған, оны құқықтық мемлекет орнатудың
шарты деп санаған[3].
Бұл бағыттағы жұмыс Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың
қатаң бақылауына алынған, ол сыбайлас жемқорлықпен күресті
жетілдіруді талап етіп отыр.
Елбасының сыбайлас жетқорлықпен күресінің 2006 – 2010
жылдарға арналған және Қазақстанның әлемнің бәсекеге
қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда
сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын
дәйекті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.
Сыбайлас жемқорлық қылмысының қоғам үшін қауіптілігі
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанан кейін ақ біліне
бастады, мемлекеттік аппарат шенеуніктерінің сыбайластыққа
салынуы әу бастан белгілі бола бастаған еді. Осыған
байланысты республикада бұл құбылысқа қарсы бағытталған
заңдылық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алды. 1992
жылы 17 - наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің
Ұйымдасқан қылмыстық нысандары және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес шараларын күшейту туралы жарлы шығып 1994 жылы
Ұйымдасқан қылмыс пен күрес жөніндегі Республикалық комиссия
құрылды. Оған қоса 1997 жылы 5 қарашада Ұйымдасқан қылмыспен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі өрістету шаралары
туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы
қабылданды. Ал 1998 жылы шілдеде Сыбайлас жемқорлықпен күрес
туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осымен
байланысты Қазақстаннның посткеңестік кеңістікте
алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң
қабылдағанын атап көрсетеміз.

І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас
жемқорлық қылмыстарының мәселерінің түсінігі.
1.1.Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіне қарсы қылмыстарының
мәселелерінің жалпы сипаттамасы және белгілері.
Қылмыстық кодекстің 13-тарауы "Мемлекеттік қызмет пен басқару
мүдделеріне қарсы қылмысқа" арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай
тарау жоқ еді, керісінше "Лауазымды кылмыстар" деген тарау (V) бар болатын.
Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің
нәтижесінде лауазымды адамдардың кылмыстары мемлекеттік
органның аппараты жүйесінде немесе коммерииялық және өзге де ұйымдар
жүйесінде істелетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы Кодекстегі лауазымдық
қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып
істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және
өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік
қызметкерлеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді. Мұндай
бөлінудің негізгі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмысты іс-әрекеті сол
ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік
аппарат қызметіне еш қатысы болмайды[4].
Осы екі органның — мемлекеттік немесе коммерциялык және өзге ұйымдардың
лауазымды адамдарының атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар.
Сондықтан да, осы тұрғыдағы кылмыстар үшін жауаптылық Кодекстің арнаулы 8-
тарауында көзделген. Жалпыға мәлім бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын
мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның
мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған
орай мемлекеттік аппараттың қызметін корғау, оған қылмыстық қол сұғуды
болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат
қоғамды басқару жүйесінің қажетті белгісі болып, ондағы жүріп жатқан
процестердің реттеушісі болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодексте қызмет
борышын адал атқаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық,
сонымен бірге өз қызметтеріне қиянат жасайтындарға заң алдындағы қатаң
жауаптылықта көзделген.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды бір тарауға біріктіруге
негіз болған мына төмендегідей ортақ белгілері бар: 1) Бұл тұрғыдағы
қылмыстар негізінен арнаулы субъект — мемлекеттік қызметші немесе
мемлекеттік органның лауазымды адамдары арқылы жасалады.
Бұл тараудағы кылмыстар қызмет өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Лауазымды адамдардың қылмысты іс-әрекеттері мемлекеттік аппараттың дұрыс,
заңды қызметін қызмет мүддесіне кайшы түрде бұзады.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі —
мемлекеттік аппараттың дұрыс, бірқалыпты қызметі; қосымша тікелей
объектісіне — азаматардың ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері,
қоғамның мемлекеттің заңды мүдделері жатады. Кейбір қылмыс құрамдарының
міндетті белгісі — қылмыс заты болады: материалдық сыйақы 311,312,313-
баптар), ресми құжат (314 - бап). Объективтік жағынан —мемлекет мүддесіне
қарсы қылмыстар материалдық құрам (ҚК-тің 307, 308, 309, 315, 316-
баптары және формальдық құрам (ҚК-тің 310, 311, 312,314 баптар) болын
бөлінеді[5].
Субьективтік жағынан бұл қылмыстар негізінен қасақана кінә нысанымен
жасалады, тек қана салақтық (316-бап) абайсыздық түріндегі кінә нысаны
арқылы жүзеге асырылады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап),
қызметтік жалғандық (314-бап) жасау құрамдарының субъективтік жағынын
қажетті белгісі ретінде заңда пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының
мүддесі көзделген.
Осы тараудағы қылмыстардың субъектісі — мемлекеттік қызметші немесе
мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдары болады. Тек қана ҚК-тің 312, 313-
баптарының субъектісі жай адам болады. Олардың түсінігіне ҚК-тің 307-бабына
талдау жасағанда толық тоқталамыз.

1.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі
Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән
негізгі сипаттарды теориялық жағынан белгілеген жөн секілді.
Олар: Кейбір қылмыс құрамдарының міндетті белгісі — қылмыс заты
болады: материалдық сыйақы 311,312,313-баптарды қарастырады.
Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары жергілікті өзін-өзі басқару
және мемлекеттік билік органдары болып табылады. Кейбір авторлар бұл салаға
коммерциялық және басқа да ұйымдарды қосып, аясын кеңітеді. Ал бұған толық
негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол - мұндай қоғамға қауіпті
іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының беделіне зор нұқсан келтіріліп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне
әкеліп соғады.
Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың
қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда мемлекеттік органдар
мүддесіне ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды.
Әрине, осындай өкілеттіктерді теріс пайдаланушылық көп материалдық шығынға
ұшыратады және басқа да ауыр жағдайға душар етуі мүмкін, ал ол үшін сол
коммерциялық және өзге ұйымдардағы кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке
тартылуы тиіс[6]. Жергілікті мемлекеттік басқару және басқару органдарына
келетін болсақ, оларды сыбайлас жемқорлықтың орын алған саласына қосу
принципті түрде маңызды болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері мемлекеттік қызметті атқаруға
уәкілетті адамдар, не оған тексерілген адамдар, лауазымды адамдар, лауазым
иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер танылады. Егер лауазым
иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысты әдебиетте бірыңғай
пікір қалыптасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік
қызметкерлердің осы санатқа жату мәселесі даулы болып табылады.
Алайда, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына
қарсы кез келген қызметкер (нұсқаушы, референт, хатшы, көмекші) белгілі
дәрежеде қауіп төндіре алады. Оларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың
міндетті шарты — заң қорғайтын мүддені елеулі түрде бұзу, зиян келтіру
болып табылады, ал мұндай әрекетті олар әдетте өздерінің қызмет бабына
байланысты жүзеге асырады. Егер мемлекеттік қызметкер өзінің қызмет бабын
жеке мақсатта пайдаланып, құқық қорғау мүддесіне орасан зор нұқсан
келтірсе, онда оны жауапқа тарту керек.
Іс-әрекеті жеке адам, мемлекет, қоғам мүддесіне қарсы келіп және ол
пайдакүнемдік басқа да мүддені көздеу сипатына ие болады. Осылайша,
сыбайлас жемқорлық тек пайдакүнемдікпен ғана баиланысты емес, сонымен қатар
ол басқада жеке мүддеге байланысты (басшыға жағымпаздану, туыстық қамқорлық
жасау, рулық қатынасты қоздыру және т.б.) көрініс табады.
Сыбайлас жемқорлық әрекеті нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғам мен
мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесін елеулі түрде бұзу орын алады. Тек осы
белгі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын әкімшілік, тәртіптік, азаматтық-
құқықтық жауапкершілік түрінен айырып алуға болады.
Осылайша, біз, сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс
нысандарына:
а) мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі
басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы;
е) лауазым иелерінің, соларға теңестірілген адамдардың, сонымен қатар,
лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің;
б) қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін
пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресте қылмыстық заңдылықты дамытудың маңызы ерекше.
1.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы
Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас
жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа
байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және
ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы
мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және
басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді
қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты
құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын
белгілейді[7].
Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ
соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған
байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін
олардың өз өкілеттіктерін езгеше пайдалануы, жеке езі немесе делдалдар
арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол
сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен
артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас
жемқорлық деп ұғынылады. Осы Занда, сондай-ақ өзге заңдарда кезделген,
заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке
әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық
үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық
бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.
Мемлекеттік міндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және
зандарымен мемлекеттің, оның органдары мен мемлекеттік қызмет атқаратын
адамдардың өкілеттігіне жатқызылған іс-жүргізу мәндері.
Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдармен
уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң
актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу
себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың
бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл
әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының
орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.
Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік
бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің
міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық – билік етушілік немесе
әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар.
Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар мемлекеттік міндеттерді мен
мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей атқару үшін Қазақстан
Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық
және өзгеде заңдарында белгіленген қызметтерді атқаратын адамдар.
Заңның қолдану аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының күллі аумағында барлық жеке және
заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан республикасынан тыс
жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан
Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды
тұлғаларға қатысты қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:
барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;
мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуде, мұндай
қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық
бақылауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар
құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін
жетілдіру;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық басқада
жүйелерін қорғаудың басымдығы;
Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес
лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген
басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын шектеуге жол берілуін тану;
жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына
келтіру, сыбайлас жемқорлықпен Құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою
және олардың алдын алу.
сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын
азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға
теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы
аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз
ету жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;
осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік
қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған
бақылау жасау;
сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және
олардың алдын алу мақсатында жедел іздестіру қызметі мен өзгеде қызметтерді
жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан
ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы
қаржылық бақылау шараларын қолдану.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік
кепілдіктері
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам
мемлекеттің қорғауында болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адам туралы ақпарат
мемлекеттік құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-
тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда
белгіленген тәртіппен ғана табыс етіледі. Бұл ақпаратты жария ету заңда
белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Жақын туыстардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу
1. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген лауазымды және
өзге де адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың (осы Заңның 3-бабы 3-
тармағының 4) тармақ-шасында аталған адамдарды қоспағанда) өздерінің жақын
туыстары(ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған
балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері,
аталары, әжелері, немерелері) немесеері (зайыбы) атқаратын қызметтерге
тікелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда,
атқаруына болмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін
жауапкершілік
1. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе
соларға теңестірілген адамдардың мынадай:
басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;
аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық
мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің
қызметтік өкілеттігін пайдалану;
мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда
жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық,
отбасылық жақындық);
шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде занды және жеке тұлғаларға заңсыз
артықшылық көрсету;
кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті
жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
мемлекеттік міндеттерін атқару кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми
жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
берілу заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден
негізсіз бастарту, оны кешіктіру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл
тұлғалардан талап ету;
мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген
кандидаттардың немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорына беру;
жеке және занды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзыретіне
кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет
бұзу;
жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып
мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға
сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске
асыруда қөрінеу кедергі жасау;
кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау
өкілеттігін сондай қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға
беру;
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою
Заңсыз алынған мүлікті немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құнын өндіріп
алу
1. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдар немесе
соларға теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық
нәтижесінде негізсіз байыған жағдайлардың бәрінде заңсыз алынған мүлік
мемлекет кірісіпе жатқызылуға ал заңсыз көрсетілген қызмет құны мемлекет
кірісіне өндіріліп алынуға тиіс.

ІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас
жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері.
2.1. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі қылмыс құрамдары.
Қызметтік өкілетті теріс пайдалану (307-бап).
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану қызметтік қылмыстардың
неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның
қылмыстық әрекетінің бастамасы, баска ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де
болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзіне берілген
қызметтік өкілетті пайдалана отырып, мемлекеттік аппарат жүйесіндегі құқық
пен өкілетті зұлымдық жолына қолданады.
Оның қауіптілігі сол, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік
мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып азаматтардың немесе
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол сұғу осы қылмыстың
объектісі болып табылады. Осыған байланысты, егер қызметтік өкілетті теріс
пайдалануды мемлекеттік органда, жергілікті өзін-өзі басқару органында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қазақстан
Республикасының басқа да әскер құрамадарына және әскери құрамдарда
лауазымға ие адамдар жасаған жағдайларда ғана аталған қылмыс және 13-
тараудан көзделген өзге де қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік
туындайды. Мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында
болып табылмайтын коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызметтік өкілетті
теріс пайдаланған тұлғалар ҚК-тің 228-бабы бойынша осындай іс - әрекеттері
үшін қылмыстық қудалау тәртібі туралы осы бапқа ескертпелерді ескере отырып
жауап беруге жатады[8]. Қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың объективті
жақтарының міндетті белгілері мыналар болып табылады: лауазымды адамның
өзінің қызметтік өкілетін пайдалануы; лауазымды адамның қызмет мүдделеріне
қайшы келетін белгілі бір іс-әрекет жасауы; егер осы іс-әрекет азаматтардың
немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, не қоғамдық немесе
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе.
Мынадай іс-әрекеттер лауазымды адамның өзінің қызметтік өкілеттігін
пайдалануы деп түсініледі, егер ол іс-әрекет оның қызметтік өкілетінен
туындайтын болса және осы лауазымды адам атқарып отырған қызметінің
арқасында берілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға байланысты
болса.
Лауазымды адамның әрекеті деп лауазымды адам оның атқарып отырған қызмет
жағдайының арқасында ғана жасай алатын әрекетін айтуға болады. Әрекетсіздік
дегеніміз лауазымды адамның қызметтік парызы бойынша орындауға міндетті
қызметтік міндеттерін орындамауын айтамыз. Қызметтік жағдайын пайдаланумен
байланысты емес жасалған әрекет немесе әрекетсіздік қызметтік өкілетті
теріс пайдалану ретінде қаралуы мүмкін емес.
Лауазымды адамның іс-әрекеті егер ол қызметтік парызын бұзса, яғни
лауазымды адам өзінің қызмет жағдайын қызметтік мүддеге қайшы келетіндей
пайдаланған жағдайда ғана ҚК-тін 307-бабы бойьшша қылмыс ретіңде қаралады
Егер іс-әрекет мемлекеттік аппаратқа қойылатын жалпы міндеттер мен
талаптарға тұтастай алғанда, сол сияқты жекелеген билік құрылымдары немесе
басқару буындары орындайтын міндеттерге объективті түрде қайшы келетін
болса, аппараттың белгіленген принциптері мен жұмыс тәртібін, ең алдымен
заңдылық принциптерін бұзған болса, қызметтік мүдделерге қарсы жасалған деп
танылады.
Қызметтік мүдде деп, сондай-ақ нақты бір мекеменің кәсіпорынның қалыпты
жұмыс барысын, тәртіптің, жеке және заңды тұлғалардың заңды құкықтары мен
мүдделерінің сақталуын түсіну керек. Қызмет мүддесі талаптарының бұзылуы
қай уақытта болса да лауазымды адамның іс-әрекетінің заңсыздық сипатымен
көрінеді.
Егер лауазымды адамның қызметтік өкілетін заңсыз пайдалануының салдарынан
заңда көзделген белгілі бір зиянды зардаптар туындаған болса, осындай
жағдайда ғана ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қызметтік өкілетті теріс пайдалану, билікті және кызметтік өкілетті
шамадан тыс асыру, қызметтегі әрекетсіздік, салақтық Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде азаматтардың құқықтары мен заңмен
қорғалатын мүдделеріне немесе қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүддесін елеулі түрде бұзудан тұрады, яғни 1959 жылғы Қазак ССР Қылмыстық
кодексіндегі зиян шектірудің нұсқалығынан айырмашылығы Казақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі — "елеулі түрде бұзу" деген басқа
терминді қолданады. Мүдделерді бұзудың "елеулілігі" деген белгі — бірнеше
жағдайға байланысты болатын баға беру түріндегі түсінік[9].
Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін не
қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға, ең
алдымен заңмен қорғалатын объектілерге елеулі түрде материалдық және
моральдық зиян келтіру жатқызылуы тиіс.Материалдық зиян мүліктік, жеке
бастық және ұйымдық зиян болып бөлінеді.Мүліктік зиян қылмыс жасалған
сәттегі республиканың зандарында белгіленген ең төменгі есептік
көрсеткіштің еселенген мөлшеріндегі ақшаға сәйкес айқындалады. Жеке басқа
келтірлген зиян егер ел жәбірленушінің денсаулығына жеке орта ауырлықтағы
зиян келтірілсе, елеулі түрде деп санауға болады.Мүліктік, жеке бастық және
ұйымдық зияндар бағытау сипатында болады, ал моральдық зиянның дәрежесі
ақшалай бағалауға келмейді. Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңмен
қорғалатын мүдделерін не қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін
жоғарыда келтірілген бұзудың жиынтығы — істің нақты жағдайы бойынша
лауазымды адамдардың аталған қылмыс түрлерінің қоғамға қауіпті зардаптарын
құрайды.
Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттері мен пайда болған зардаптарының
арасында келтірілген себептік байланыс болуы керек. КСРО Жоғарғы сотының
Пленумы атаған санаттағы істерді қарау кезінде — соттарға өзінің 1990 жылғы
30 наурыздағы Билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану, билікті
немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық және лауазымдық
жалғандық туралы істер бойынша сот практикасы туралы қаулысында
келтірілген зиянның сипаттамасын, сондай-ақ сотталушының әрекеті
(әрекетсіздігі) мен зиянның арасындағы себептік байланыстың бар екендігі
анықталуы және үкімде көрсетілуі тиіс деп атап көрсетті.
Өзге де жеке мүдделілік, мүліктік емес сипаттағы, мансапқорлық пайда
күнемдік, ықпалды қамқорлық көрсету, отбасылық кек, қызғаныш, көре
алмаушылық, нәрсенің шын тұрпатын боямалап көрсету, өзара қызмет көрсету,
өзінің атқаратын қызметіне сәйкес еместігін бүркемелеу сияқты себептерді
басшылыққа ала отырып пайда табуға ұмтылушылықтан көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшісі түсінігі Мемлекеттік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңының1 –
бабында берілген. Соған сәйкес ақы төленетін мемлекеттік
қызметте істейтін және мемлекеттік міндеттер мен фукцияларын
іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар атынан заңға
сәйкес өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Репсуликасының
азаматы мемлекеттік қызметші болып табылады[10]. Барлық мемлекеттік
қызметшілердің ішінен Қазақстан Республикасының жаңа ҚК бойынша қаралып
отырған қылмыстардың субъектісі болып танылуы мүмкін жекелеген лауазымды
тұлғалардың санаттары ерекшеленеді: 1) өкімет өкілі функциясын тұрақты,
уақытша немесе арнайы екілеттік бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік
қызметшілер; 2) мемлекеттік органда не Қарулы Күштерде немесе Қазақстан
Республикасы басқа да әскер құрамында және әскери құрамаларда ұйымдастыру-
реттеу немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды тұрақты, уақытша немесе
арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер.
Өз қызметінің түріне қарай оларға бағынышты қызметкерлерге қатысты ғана
емес, сонымен бірге олардың әкімшілік бағынысында, оларға қызметтік
бағыныстағы емес азаматтарға қатысты да өкіметтік функцияларды жүзеге асыру
өкілеттігі берілген адамдар өкімет екілі деп танылады.
Өкімет екілдерінің функциялары өкіметтің барлық салаларында жүзеге
асырылады — заң шығару; республикалық деңгейдегі, сол сияқты жергілікті
өзін-өзі басқару деңгейіндегі атқарушылық және сотта. Парламент Мәжілісінің
депутаттары мен Сенаттың сенаторлары, сондай-ақ мәслихаттардың депутаттары
заң шығару өкілеті саласындағы өкімет өкілдері болып табылады. Казақстан
Республикасы үкіметінің мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары
қызметкерлері; құқық қорғау және бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары,
Ішкі істер министрлігінің Ұлттық кауіпсіздік комитегінің, прокуратураның,
кеден, салық қызметінің кызметкерлері мен шекарашылар және соған ұқсас
тұлғалар. Сот өкілеті саласында барлық деңгейдегі соттардың судьялары
өкімет өкілдері болып табылады. Арнайы өкілдік бойынша өкімет өкілінің
функцияларын жүзеге асырушы тұлғалар белгілі бір кезеңге заңдық маңызы
бар, өкімет өкілдігін жүзеге асыруға тартылған түрлі қоғамды инспекторлар,
ревизорлар, бақылаушылар.
Арнаулы өкілеттік деген штаттық қызмет орнында есептелмейтін адамға
белгілі бір ұйымдық-әкімдік реттеу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді
не өкімет өкілі функциясын орындау тапсырылған деп түсініледі. Бұл арнаулы
құқықтық актімен (бұйрықпен, еңбек келісімімен, сенімхатпен немесе еңбек
ұжымының, қоғамдық ұйымның шешімімен) немесе ауызша өкім ету негізінде
ресімделуі мүмкін.
Мұндай жағдайда өкілеттік белгілі бір уақытқа немесе нақты тапсырманы
орындау үшін беріледі.
Мемлекеттік органдарда біржакты кәсіби немесе қосалқы техникалық
міндеттерді орындайтын мемлекеттік қызметшілер лауазымды тұлға болып
табылмайды. Мемлекеттік қызмет туралы заңмен бекітілген мемлекеттік
қызметшілердің саяси қызмет атқаратын санатына жататын қызмет орнындағылар
соларға тең. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттік лауазымдарын
атқаратындарға Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Терағасы, Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар,
министрлер, Жоғарғы Соттың төрағасы, Бас Прокурор, Конституциялық кеңестің
төрағасы және мүшелері, судьялар және Қазақстан Республикасының басқа да
жоғары лауазымды адамдары жатады.
Талданып отырған баптың 3-тармағы жағдайға айрықша баға беру ретінде ауыр
зардаптардың болуын атайды. КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1990 жылғы 30
наурыздағы "Билікті немесе қызмет жағдайың теріс пайдалану, билікті немесе
қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық және лауазымдық жалғандық
туралы істер бойынша сот практикасы туралы" қаулысының 10-тармағына сәйкес
ауыр зардаптарға тиісті мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі
басқару органының жұмысында берекесіздік жасау, аса ірі материалдык шығын
келтіру, денсаулығына ауыр зиян келтіру, егер осы зардаптар оны лауазымды
адамдардың қызметтік екілетті теріс пайдалануымен жасаған жағдайда орын
алады. Ауыр зардаптар баға беру санаты болып табылады. Осы айрыкша бағалау
белгісін тану нақты іс жағдайына байланысты болады және факті мәселесі
болып табылады[11].
Қызметтік өкілетігін асыра пайдалану (308 – бап)
Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану қызметтік өкілетті
теріс пайдаланудың айрықша түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың бұл
түрінің қызметі теріс пайдалану құрамынан (ҚК-тің 307-бап) айырмашылығы
мынада: қызметті теріс пайдалану кезінде заңсыз әрекет лауазымды тұлғаның
әдеттегі қызмет шеңберінде жасалады, ал асыра пайдалануда, керісінше,
әрекет құқық пен өкілеттің осы шеңберінен ашықтан ашық асып кетеді.
Талданып отырған қылмыс белгілерін анықтау үшін осы лауазымды тұлғаға
берілген өкілеттік көлемін нақты айқындап алу керек.
Кінәлы лауазымды тұлға қаралып отырған қылмысты жасай отырып, солардың
шегінен асып кететін құқықтар мен өкілеттер заңдармен және мынадай заңдық
актілермен айқындалады: қаулылармен, өкімдермен, бұйрықтармен,
нұсқаулықтармен, жарлықтармен, нұсқамалармен және т.б.
Билікті немесе лауазымдық өкілетті шамадан тыс асырудың және өзге
қызметтік қылмыстардың да объектісі болып — мемлекеттік аппараттың қалыпты
қызметі табылады.
Объективті жағынан алғанда бұл қылмыс міндетті түрде болуы керек деп
саналатын 3 белгімен сипатталады: лауазымды тұлғаның оған заңмен берілген
құқығы мен өкілетінің шегінен ашықтан-ашық асып кететін іс-әрекеттер
жасауы; осы бапта келтірілген заң бұзушылық түріндегі қоғамға қауіпті
зардаптар; тұлғаның өкілеттік шегінен асуы мен жасалған зардаптар арасында
себептік байланыстың болуы.
КСРО Жоғарғы Сотының 1990 жылғы 30 наурыздағы жоғарыда аталған
Пленумының қаулысындағы түсіндірме бойынша лауазымды тұлғаның өкілеттік
шегінен ашықтан - шығып кету әрекеттері мыналар болуы мүмкін аталған
ведмоствоның жоғары лауазымды тұлғасы ғана жасауға құқы бар әрекеттер
(мысалы, университет факультетінің, деканы факультетінің қызметкерлерін
жұмысқа және жұмыстан шығару функиияларын, осы функциялар заң
бойынша жоғары оқу орнының ректорына ғана тән бола тұрса
да, өзіне иемденеді басқа ведомствоның лауазымды тұлғасының құзыретіне
кіретін іс-әрекеттер (мысалы, тінтуді жүргізу құқығы анықтама, тергеу,
прокуратура және сот органдарына берілген, сондықтан ауыл әкімінің тінту
жүргізу туралы өкім беруі билікті асыра пайдалану ретінде бағалануы тиіс);
алқалы органның құзыретіне кіретін іс-әрекеттер (мысалы, заң бойынша
мүгедектік туралы анықтаманы тек қана дәрігерлік-енбек сараптама комиссиясы
бере алатындығы айқын бола тұра емдеуші дәрігердің осындай анықтаманы өзі
беруі);
осы лауазымды тұлғаның құзыретіне кіре тұрса да, бірақ заңда және өзге де
нормативтік актіде көрсетілген жағдайлар болғанда ғана жол берілетін іс-
әрекеттер (қылмыскер шабуыл жасаған сәтте қару қолдану);
бірде бір лауазымды тұлға немесе орган жасауға құқылы емес іс-әрекеттер
(көбінесе, қарамағындағыларға қатысты жәбірленушінің жеке басын кемсітетін
күш көрсету)[12].
Билікті немесе қызметтік өкілетті қылмыстық асыра пайдалану кұрамы болу
үшін мемлекеттік не қоғамдық мүдделерге немесе жекелеген азаматтардың
құқықтары мен заңмен корғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу түріндегі және
тұлғаның әрекеті мен зардаптардың арасында себептік байланыстар болуы
қажет. Билікті немесе кызметтік өкілетті асыра пайдаланудың объективті
жақтарының осы міндетті белгілерінің сипаты мен мазмұны қызметті теріс
пайдалану кезіндегімен бірдей. Билікті немесе кызметтік өкілетті асыра
пайдалану құрамының қажетті белгілерін елеулі түрде бұзудың болмауы
Қылмыстық кодекстің 308 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті жокқа
шығарады.
Ашықтан-ашық заң бұзушылықтың белгілері жасалған іс-әрекеттердің берілген
өкілеттіктердің шегінен асып кеткендігінің айқындығын, сөзсіздігін
білдіреді.
Заңда көрсетілген зардаптар басталған сәттен бастап қылмыс, атап айтқанда
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның
немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу аяқталған
болып есептеледі. Тергеу-сот тәжлрибесінде бұл зардаптар көбіне дене күшін
жұмсау және психикалық зорлық көрсету түрінде, көрінеді.
Билікті асыра қолдану кезіндегі зорлық дене күшін жұмсау және
психологиялық болуы мүмкін. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра
пайдалану кезінде дене күшін жұмсау жәбірленушінің денесіне зақым келтіру,
ұрып соғу, азаптау, бостандығынан заңсыз айыру түрінде көрінуі мүмкін.
Билікті асыра қолдану кезінде психикалық зорлық, дене күшін жұмсаумен
қорқыту және денеге жарақат салумен, өліммен қорқыту жәбірленушінің белгілі
бір әрекет немесе әрекетсіздікті істеуге және басқадай нысандарды мәжбүрлеп
қорқытуы арқылы көрініс табады. Мұндай қорқытулар субъект тарапынан сөзбен,
жазбаша, дене қозғалысы, ым көрсету арқылы жүзеге асырылады және де осы
қорқытулар жәбірленушінің жеке басына ғана емес, оның туыстары, жақындары
жөнінде де болуы мүмкін.
Талданып отырған қылмыс субъективтік жағынан тек қана қасақаналықпен
жасалады. Кінәлы адам билікті немесе қызметтік өкілеттікті көріне асыра
пайдаланғанын және оның азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін
елеулі түрде бұзуға әкеп соғатынын сезеді және өз екілеттігін асыра
пайдалану арқылы құқық қорғау объектілеріне зиян келтіруді тілейді немесе
осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол береді.
Қылмыстық ниеттің іс-әрекетті саралау үшін ешқандай әсері болмайды.
Қылмыстын субъектісі болып өкімет өкілі немесе басқадай лауазымды адамдар
танылады. Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуінде
берілген. Талданып отырған баптың 2-тармағында бұрынғы занда болмаған осы
қылмыстың ауырлататын түрі — жауапты мемлекеттік лауазымда істейтін адам
жасаған билікті кемесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланган әрекеттер
үшін жауаптылық көзделген. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың
да түсінігі қылмыстық кодекстің 307 -бабының 2-есі ертуінде көрсетілген.
Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену (309-бап)
Мемлекет мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтік өкілетін теріс
пайдаланатын лауазымды тұлғаларымен қалай күрессе, лауазымды тұлғаның
атағын өз бетінше иемденуге тырысатын өзге қызметкерлермен де солай
күреседі. Шындығында осындай әрекеттер мемлекеттік апараттың қалыпты дұрыс
жұмысын бұзады және сонымен азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің
мүддесіне елеулі түрде зиян келтіреді. Осы жағдайды ескере отырып,
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 309-бабы лауазымды
тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметшіге лауазымды тұлғаның өкілетін
иемденгені үшін жауапкершілік белгілейді.
Мемлекеттік аппараттың жекелеген буындарының қалыпты дұрыс қызметі
түсілдіріліп отырған құрамның объектісі болып табылады.
Аталған құрамның объективтік жағы лауазымды тұлға болып табылмайтын
мемлекеттік қызметші өздігінен, алдау жолымен лауазымды тұлғаның өкілетін
иемденеді және оны азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін елеулі түрде бұзатын қоғамға кауіпті әрекеттер жасау үшін
пайдаланады
Қылмыс белсенді әрекеттер жолымен жасалады. Қылмыс-жасаушы кінәлы адам
мемлекеттік қызметші — өзі белгілі бір лауазымды тұлға ретінде көрсетеді
және іс жүзінде елгі тұлғаның өкілетін заңсыз орындайды. Лауазымды тұлғаны
иемдену нысандары заңда көрсетілмеген, бірақ олар барынша әр түрлі болуы
мүмкін. Мысалы: қатардан қызметкер — аудандық өкімнің референті келушілерді
қабылдайды да солардың арыздары бойынша шешім қабылдайды; қандай да
болмасын құжаттарға өз бастығының атынан қол кояды немесе қатардағы полиция
өзін аудандық ішкі істер басқармасының (АІІБ) жедел қызметінің қызметкері
ретінде таныстырады және азаматтарды тұтқынға алу қаупін төндіріп, өзіне
керекті заттарды алады және т.б.
Талданып отырған құрам өзінің құрылымы бойынша материалдық құрамға
жатқызылатындықтан, осы құрамның объективтік жағының тағы бір міндетті
белгісі болып — кінәлының заңсыз әрекеттері мен орын алған зардаптар
арасындағы себептік байланыстың болуы болып табылады. Азаматтардың немесе
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері елеулі түрде бұзылған сәттен
бастап қылмыс аяқталған деп есептеледі.
Лауазымды тұлғаның өкілетін иемденудің субъективтік жағы тікелей
қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қаралып отырған қылмыс субъектісі лауазымды тұлға болып табылмайтын
мемлекеттік қызметші болады. Егер осындай әрекеттерді мемлекеттік қызметші
болып табылмайтын басқа жат тұлғалар жасаған болса, онда олар бұл бап
бойынша жауапкершілік атқармайды, бірақ олардың әрекеті істің нақты
жағдайына байланысты ҚК-тің басқа баптары бойынша саралануы мүмкін, мысалы:
тұрғын-жайдың қол сұғылмаушылығы бұзу, денеге жарақат салу, денеге жарақат
беруге мәжбүр ету, қорқытып талап етушілік немесе алаяқтық және т.б. Осы
қылмыс қызметтік өкілетті теріс пайдалану құрамынан мынадай адамдар
бойынша ажыратылады.

Кәсіпкерлік кызметке заңсыз қатысу (310-бап)
"Казақ КСР-інде шаруашылық қызметтің бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту
туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсаңдағы Қазақ КСР Заңына сәйкес кәсіпкерлік
қызмет деп өзара тиімді нәтижелер мен табыс алу мақсатындағы кез келген
қызмет түсініледі (1-бап), мұңда кез келген меншік түріндегі кәсіпорын және
солар құрған бірлестіктер құрыла алады және жұмыс істей алады. Кәсіпкерлік
қызметтің саласында, егер оған заңмен тыйым салынбаған болса, шектеу
қойылмайды.
Түсіндіріліп отырған қылмыстың объективті жағы — субъектінің әрекеті осы
ұйымға жеңілдік және артықшылық берумен немесе оған басқа нысанда қамқоршы
болумен байланысты жағдайда, не лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын ұйым құруымен, не осыған қатысты тыйым салынғандығына
қарамастан осындай ұйымды басқаруға қатысуымен түйінделеді.
Кінәлы лауазымды тұлға өзінің атқарып отырған қызметтік өкілеттігінің
арқасында оны өз мүддесіне теріс пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын ұйым құрады, не осындай ұйымға өзі немесе өз адамы арқылы
басшылық етуге қатысады. Әрекеттің кайсы нысаны болмасын, кінәлы адамның
оған заңмен берілген лауазымдық өкілетті пайдалануы арқылы жасалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999
жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметшіге басқа қызметпен, соның
ішіңде педагогтік, ғылыми және жеке творчестволық қызметті қоспағанда,
кәсіпкерлікпен айналысуға тікелей тыйым салынатындықтан, кінәли адамдардың
аталған ирекет кысандары заңсыз болып табылады. Осы қылмыс үшін қылмыстың
жауапкершілікті қажетті шарты болып кінәлы адамның іс-әрекетінің ұйымын
құру немесе оны басқаруға қатысу (осы кәсіпкерлік ұйымға жеңілдіктер мен
артықшылықтар берумен), мысалы, салықтық, сараптамалық, кезектен тыс тіркеу
және құжат беру, тауарларды, шикізаттарды немесе өзге де материалдарды
кезектен тыс алу, аукциондарға қатысу (немесе өзге де қамқорлықтар
жасаумен), тексерулерден, ревизиядан босату, олардың қызметі үшін, қолайлы
жағдайлар жасау және т.б.) арадағы тікелей байланыстар болып табылады.
Осы құрамның ауырлататын түріне — мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдарының лицензия беру жөніндегі өкілеттіктерді мемлекеттік емес
ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге беруге әкеп соқтырған
әрекеттер жасағаны жатады. (Қылмыстық кодекстің 310-бабының 2-тармағы) яғни
лицензия туралы заң шартын бұза отырып мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдары лицензияға байланысты өздері жүзеге асыратын өкілдікті мемлекеттік
емес, қоғамдық бірлестіктердің жүзеге асыруына жол береді. Бұл құрам
формальдық санатқа жатқызылады, сол себепті 310-бапта көрсетілген әрекеттер
жасалған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп саналады.
Түсіндіріліп отырған қылмыстың субъективтік жағы тек тікелей
қасақаналықпен ғана сипатталады.
Қылмыстың осы құрамының субъектісі қызмет жағдайы бойынша Қылмыстық
кодекстің 310-бабында (1,2 тармақтарда: көзделген әрекеттерді (лауазымды
тұлға туралы түсінікті ҚК-тің 307-бабына түсіндірмеден қараңыз) жасауға
мүмкіндігі бар лауазымды тұлғалар болуы мүмкін.

2.2.Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары
Пара алу (311 – бап).
Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл
лауазымды қылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі
пайдақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында
(көбіне ұрлықпен). Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс
істеуіне бөгет жайды және олардын беделін кетіруге, өкімет және атқару,
органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады.
Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып,
масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке,
конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық
қағидаларының бұрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық
реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді.
Паракорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (311-
бап); пара беру (312-бап); парақорлыққа делдал болу.
Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның
өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін
акша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік
сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік)
лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік
жағдайына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі
Әлеуметтік құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әртүрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп, нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланған қылмыс құрамының ұғымы
Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері
Пәндер