INTERNET желісін сипаттау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (казіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society - Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.
Internet (бас әріппен жазылса) - кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен, ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/IP хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCP/IP - Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін, мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) - мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
TCP (Transmisson Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса) - TCP/IP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің ARРANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен cay желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен, INTERNET тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады) . INTERNET-ке қосылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.
INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек бipey емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ipi телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.
Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалыктар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар.
Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.
INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады. Ендi бұл ғажайып желiмен жақынырақ танысайық.
Internet-ке шығу
1. 1 Internet-ке қосылу үшін қажетті жабдықтар
Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер дегеніміз - қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар, т. с. с. мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес (ІР-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (IBM, Macintoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Windows 98, Windows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т. с. с. мекемелер жұмыс істейді.
lnternet-me қызмет көрсету провайдері - ISP (Internet Service Provider), Internet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші (минималды) параметрлері мынадай болады:
Windows 95 операциялық жүйесі (желі жұмысына Windows 98 ыңгайлырақ) ;
486/66 МГц DX процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі; компьютердің жедел жады (RAM) келемі 8 Мб немесе одан жоғары;
қатты магниттік диск (HDD) көлемі - 500 Мб немесе одан жоғары;
модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;
SVGА мониторы;
модем (модулятор-демодулятор) ;
тышқан тетігі.
Қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы:
Pentium 2 /350 МГц немесе AMD K6-2 /350 МГц; RAM көлемі - 64 Мб; HDD көлемі - 5000 Мб;
LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы; дыбыстық карта мен акустикалық жүйе; US Robotics модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33, 6 Кбит/сек,
Модем дегеніміз - провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның мәліметтерді қабылдау/жөнелту жылдамдығы (бит/с немесе кбит/с - b/s, kb/s) саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде провайдерлермен ақылдасқан абзал. Бірақ Алматыда көптеген провайдерлер 50 кбит/с-тан жоғары жылдамдықты қамтамасыз ете алмайды, оның үстіне біздегі телефон желілері де әлсіз келеді, сондықтан жылдамдығы 56 кбит/с модем алудың қажеті шамалы. Ақпаратты сақтау - желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге арналған сервердің ішкі функциясы. Бұл кызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына - ақпаратты тасымалдау жатады. Мысалы, Лос-Анджелестегі сервермен Алматыдағы компьютер (клиент) арасында байланыс болуы үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты серверлерден өтуі керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң Хельсинкиге, ары қарай Еуропалық желі түйіндері аркылы трансатлантик кабелімен АҚШ-қа жеткізіледі. Ал, егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден спутникалық арналармен Мәскеуден тура Ныо-Йоркке кетіп қалуы да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын-ала болжауға болмайды, бұл ешкімді қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат дестесін алғаннан кейін, ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты сол бағыттағы «жақындау» орналасқан серверге жібереді. «Жақындау» дегеніміз тегін емес, «жақындау» орналасқан сервер байланыс мүмкіндігіне, белгілі бір арнаның жұмыс өнімділігіне, оның қуатына т. б. факторларға тәуелді болады. Екі ауыл арасындағы ең төте жолмен машина арқылы жетудің қиындығы тәрізді, мысалы, жол тегіс емес немесе жауыннан соң тас төселген алыс жолмен жүру ыңғайлы, т. с. с. шаралар сияқты байланыс арналарында да арасы қашық болса да, ең жылдам орындалатын мүмкіндік тандалып алынады.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында арнайы ақпараттық-программалық жабдықтар жұмыс істейді, оларды бағыттауыштар (маршрутизаторлар) деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс керекті сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа компьютерге жіберіледі Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки арасында байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш программалар көмегімен Лос-Анджелеске жылдам жетеді.
1. 2 Байланыс түрлері
INTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары) ;
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары) ;
- почталық байланыстар.
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol - жеткізуді басқару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET-ке кызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс - көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Protocol - тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip - тығыздалған Slip, Point-to-Point Proprotocol - "нүкте-нүкте" хаттамасы) . Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.
Почталық байланыс. Internet-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Internet-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі алдына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.
1. 3 Internet-пен қатынас құру
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol - FTP) . Практикада FTP не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұқсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (nameid) және/немесе паролін (password) білу қажет болады.
FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұқбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
open ftp. relcom. su nameid password - FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
open FTP-сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp. relcom. rsu - FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;
nameid - пайдаланушының кіру аты немесе anonimus;
password - сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (E-mail) адресі;
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
help - сервер командалары бойынша анықтама беру;
quit - сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
cd каталог_аты - каталогты ауыстыру;
cd. . - жоғарғы деңгейден каталогқа қайту;
get файл_аты - FTP-серверден файл алу;
binary - екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, com, arj), гаг, tar, zip және т. б. )
dir - ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын HELP командасы арқылы алуға болады.
FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.
cd pub/ - барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық РUВ каталогын (директориін) пайдалану;
dir - сол каталог файлдар тізімін беру;
get 03ndex. txt - FTP-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;
binary - екілік файлдарды өңдеуге өту;
get far 140. zip - FTP-серверден екілік файл алу;
quit - FTP-серверден ажырау (байланысты үзу) .
Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әртүрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінін онша болмайтынына көз жеткіземіз. Netscape Navigator және Internet Explorer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.
Мысал ретінде Microsoft Internet Explorer 3. 01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp://ftp. relcom. ru қатынас құру сеансын талқылап шығайық.
Браузерлер және оның түрлері
Түрлі браузерлердің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айта кетсек. Не десек те, ең жақсы браузер мынау деп анық айту мүмкін емес нәрсе. Неге деп ойлайсыздар?
Бәрі тым қарапайым. Әрбір қолданушы үшін өзіне ыңғайлы браузер болады. Белгілі бір браузерді ең жақсы деп айтатын адам оны тек өзінің қажеттіліктерінің тұрғысынан қарайды. Ал адамның қажеттіліктері әр қилы. Сол себепті, ең мықты браузерді де анықтау өте қиынға соғады.
Айта кетелік, әлемдегі ең көп таралған 5 браузердің де (Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome, Opera и Apple Safari) өзіндік ерекшеліктері бар. Әр адам өз қажеттіліктеріне байланысты осы браузерлердің бірін таңдап жұмыс істейді.
Әдетте қолданушылар өз сүйікті браузерлерін мақтап-мадақтағанда мына нәрселерге көңіл бөледі:
- Веб-стандарттарға сай
- Пайдалы функциялардың көптігі
- Қауіпсіздік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz