Компьютердің құрылымын және оның даму тарихын, принциптерін зерттеу



КІРІСПЕ 2
1. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 4
1.1 Дербес компьютердің құрылысы 4
1.2 Есептеуші техника даму кезеңдері 12
2. ЭЛЕКТРОНДЫ ЕСЕПТЕУІШ МАШИНАНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ 14
2.1 ЭЕМ.нің буындары 14
2.2 Компьютерлерді жіктеу тәсілдері 15
3. КОМПЬЮТЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ 18
3.1 Компьютердің архитектурасы және компьютер жұмыспринциптері 18
3.2 Джон фон Нейман принциптері 19
3.3 Есептуіш машинаның архитектурасы 22
3.4 Дербес компьютердің ашық архитектурасы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатнастардың өркендеуі, жоғарғы оқу орнында білім беру жүйесінің жетілдіруді оның мақсатын, мазмұнын оқыту тәсілдерін және компьютерлік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру шаралары түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Қазіргі жастар қай мамандықты, қай кәсіпті таңдасада компьютермен кездесері ақиқат, сондықтан олар компьютерлік білімін келешек қоғамдағы ролін, ғылымдағы алар орынын айқын түсінуге тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты компьютердің құрылымын және оның даму тарихын, принциптерін зерттеу болып табылады.
Және осы мақсаттарға сәйкес міндеттер туындайды:
• Компьютер құрылымымен және қысқаша даму тарихымен танысу;
• Компьютер түрлеріне және олардың сипаттамаларына шолу;
• Дербес копьютердің архитектурасы және жұмыс принциптеріне жіті тоқталу.
Қазірде компьютерлер түрлері сан алуан,оларды жұмысына қарай, қуаттылығына байланысты, элементтік базасының түрлеріне сәйкес топтарға жіктеу қалыптасқан. Кез келген жіктеу тәсілі шартты түрде ғана жасалады. Өйткені бүгінгі ДК кешегі үлкен ЭЕМ-дерден қуаттырақ болып келеді.
Оның үстіне компьютерді бір нақты топқа жатқызу да қиын, себебі көптеген компьютерлер өз тапсырушының талабы бойынша жеке нұсқада жасалады. Әйтсе де техникада компьютерлерді жіктеудің қалыптасқан бірнеше тәсілдерін курстық жұмыста қарастырып өтемін.
Архитектура сөзі әдетте ғимараттаға байланысты айтылады да, оның сыртқы пішінін, ішкі бөлмелерінің орналасуын көрсетеді. Әйтсе да архитектура тек ғимарат жоспары ғана емес, соның барлық бөліктерінің бір – біріне сәйкес келуі. ЭЕМ – ге қатысты ғылымда да «архитектура» сөзі осы соңғы мағынада қолданылады.Архитектура ұғымының мағынасын ашатын, оған жақын термин «функциналдық схема» сөзі. Құрылғылардың функциналдық схемасы бір бірімен байланысқан көптеген төртбұрышты блоктардан тұрады, әр төртбұрыш белгілі бір әрекетті орындайтын тәуелсіз бөлік болып табылады. ЭЕМ жұмысын сипаттау кезінде «программа» және «мәлімет» (данные) терминдері жиі қолданылды.
Архитектура компьютердің әрекеттік принциптерін, ақпараттық байланыстарын және негізгі логикалық түйіндерінің: процессордың, жедел сақтау құрылғысының, сыртқы сақтау құрылғысының және сырттағы құрылғылардың өзара қосылыстарын анықтайды.
Компьютерлердің жұмыс істеу негіздері олардың барлығына ортақ бірнеше қағидаларға (принциптерге) негізделген. ЭЕМ құрылысының негізгі принциптерін 1945 жылы венгер текті көрнекті американ математигі Джон фон Нейман ұсынған болатын. Нейман бойынша негізгі бөліктер басқару құрылғысы (БҚ) және арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ) (әдетте олар орталық процессорға біріктірілген), жады, сырқы жады, енгізу және шығару құрылғылары болып табылады. Курстық жұмыс барысында осы және басқа да мәселелерді қарастырамын. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Информатика. Задачник-практикум в 2т./Залогова Л.А.,
Плаксин М.А., Русаков С.В. и др. Под ред. И.Г. Семакина, Е.К.
Хеннера: Том 1. – 2-е изд. – М: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2010. –
304 бет.: ил.
2. Информатика. Задачник-практикум в 2т./Залогова Л.А.,
Плаксин М.А., Русаков С.В. и др. Под ред. И.Г. Семакина, Е.К.
Хеннера: Том 2. – 2-е изд. – М: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2012. –
278 бет.: ил.
3. Нұрсұлтанов Қ. Дискретті математикалық логика. Шәкәрім
атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей, 2002. – 328 бет.
4. Семененко В.А., Скуратович Э.К. Информатика и
вычислительная техника: Учебное пособие. – М.: МГИУ, 2003. –272 бет.
5. Шауцукова Л.З. Интернет-версия издания: Информатика.
Теория (с задачами и решениями). — М.: Просвещение, 2000 г.
6. Қойбағарова Т.Қ. Информатика, Оқу-әдістемелік құралы. –
Павлодар, 2006. – 246 бет.
7. Соломенчук В.Г., Соломенчук П.В. «Железо» ПК 2004. –
СПб.: БХБ-Петербург, 2004.–368 бет.: ил.
8. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики:
Учеб. пособие для студ. пед. вузов / М.П.Лапчик, И.Г.Семакин,
Е.К.Хеннер; Под общей ред. М.П. Лапчика. – М.: Издательский центр
«Академия», 2001. – 624 бет.
9. Семакин И.Г., Шеина Т.Ю. Преподавание базового курса
информатики в средней школе. Методическое пособие. – М.:
Лаборатория Базовых Знаний, 2001. – 496 бет.: ил.
10. Инчин А.С. Работа на персональном компьютере / Учебное
пособие. Часть 1. – Алматы: Издательство LEM, 2003. – 188 с.
11. Инчин А.С. Работа на персональном компьютере / Учебное
пособие. Часть 2. – Алматы: Издательство LEM, 2003. – 188 с.
12. Энциклопедия для детей. Т. 22. Информатика / Глав. Ред. Е.
Хлебалина; вед. науч. ред. А.Леонов. – М.: Аванта, 2005. – 624 с.:ил.
13. Информатика: Задачник практикум: В 2 т. / Под ред.
И.Г.Семакина, Е.К.Хеннера. – М.: Лаборатория базовых знаний, 1999.
14. Топорков С.С. Wibdows XP для продвинутых пользователей.
–М.: ДМК Пресс, 2005. – 160 с.:ил.
15. Николь Наташа, Альбехт Ральф. Электронные таблицы Excel
5.0 для квалифицированных пользователей: Практ. пособ. / Пер.с нем.
– М.: ЭКОМ, 1995. – 304 с.: ил.
16. Симонович С.В. Информатика. Базовый курс: Учебник для
вузов. – Издательство «Питер», 1999. – 640 с.
323
17. Касаткин В.Н. Ақпарат, алгоритмы ЭВМ: Пособие для
учителя. – М.: Просвещение, 1991. – 192 с.: ил.
18. Рудикова Л.В. Microsoft Excel для студента. – СПб.: БХБ-
Петербург, 2005. – 368 с.: ил.
19. Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.Қ. Информатика және мате-
матикалық статистика бастамалары. – Алматы: Абай атындағы АлМУ,
1999. – 67 бет.
20. Еңсебаев Т.А. Қанжығалы шежіресі. – Павлодар: “ЭКО”
ҒӨФ, 2004. – 494 бет.
21. Сыдықов М.Қ. Бура щежіресі – Павлодар: “ЭКО” ҒӨФ, 2007.
– 584 бет.
22. Информатика терминдерінің қазақша-ағылшынша-орысша
сөздігі/*Е.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқулов, Л.Спанқұлова–
Алматы:Сөздік-Словарь, 1998. – 176 бет.
23. Алдашев С.А., Ахметов Н.Р. Информатика мен есептеуіш
техника терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.– Алматы: Рауан,
1993.– 176 бет.
24. Бектаев Қ.Б. Орысша-қазақша математикалық сөздік. –
Алматы: Мектеп, 1986. – 295 бет.
25. Бекітілген терминдер сөздігі. Қазақша-орысша, орысша-
қазақша (15 мыңға жуық термин). – Алматы: Дайк-Пресс, 2009.–328 б.
26. http://www.sozdik.kz/

МаЗМҰНЫ

Кіріспе 2
1. Дербес компьютердің құрылысы және негізгі даму кезеңдері 4
1.1 Дербес компьютердің құрылысы 4
1.2 Есептеуші техника даму кезеңдері 12
2. Электронды есептеуіш машинаның жіктелуі және сипаттамалары 14
2.1 ЭЕМ-нің буындары 14
2.2 Компьютерлерді жіктеу тәсілдері 15
3. Компьютердің архитектурасы және жұмыс принциптері 18
3.1 Компьютердің архитектурасы және компьютер жұмыс принциптері 18
3.2 Джон фон Нейман принциптері 19
3.3 Есептуіш машинаның архитектурасы 22
3.4 Дербес компьютердің ашық архитектурасы 23
Қорытынды 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатнастардың өркендеуі, жоғарғы оқу орнында білім беру жүйесінің жетілдіруді оның мақсатын, мазмұнын оқыту тәсілдерін және компьютерлік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру шаралары түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Қазіргі жастар қай мамандықты, қай кәсіпті таңдасада компьютермен кездесері ақиқат, сондықтан олар компьютерлік білімін келешек қоғамдағы ролін, ғылымдағы алар орынын айқын түсінуге тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты компьютердің құрылымын және оның даму тарихын, принциптерін зерттеу болып табылады.
Және осы мақсаттарға сәйкес міндеттер туындайды:
* Компьютер құрылымымен және қысқаша даму тарихымен танысу;
* Компьютер түрлеріне және олардың сипаттамаларына шолу;
* Дербес копьютердің архитектурасы және жұмыс принциптеріне жіті тоқталу.
Қазірде компьютерлер түрлері сан алуан,оларды жұмысына қарай, қуаттылығына байланысты, элементтік базасының түрлеріне сәйкес топтарға жіктеу қалыптасқан. Кез келген жіктеу тәсілі шартты түрде ғана жасалады. Өйткені бүгінгі ДК кешегі үлкен ЭЕМ-дерден қуаттырақ болып келеді.
Оның үстіне компьютерді бір нақты топқа жатқызу да қиын, себебі көптеген компьютерлер өз тапсырушының талабы бойынша жеке нұсқада жасалады. Әйтсе де техникада компьютерлерді жіктеудің қалыптасқан бірнеше тәсілдерін курстық жұмыста қарастырып өтемін.
Архитектура сөзі әдетте ғимараттаға байланысты айтылады да, оның сыртқы пішінін, ішкі бөлмелерінің орналасуын көрсетеді. Әйтсе да архитектура тек ғимарат жоспары ғана емес, соның барлық бөліктерінің бір - біріне сәйкес келуі. ЭЕМ - ге қатысты ғылымда да архитектура сөзі осы соңғы мағынада қолданылады.Архитектура ұғымының мағынасын ашатын, оған жақын термин функциналдық схема сөзі. Құрылғылардың функциналдық схемасы бір бірімен байланысқан көптеген төртбұрышты блоктардан тұрады, әр төртбұрыш белгілі бір әрекетті орындайтын тәуелсіз бөлік болып табылады. ЭЕМ жұмысын сипаттау кезінде программа және мәлімет (данные) терминдері жиі қолданылды.
Архитектура компьютердің әрекеттік принциптерін, ақпараттық байланыстарын және негізгі логикалық түйіндерінің: процессордың, жедел сақтау құрылғысының, сыртқы сақтау құрылғысының және сырттағы құрылғылардың өзара қосылыстарын анықтайды.
Компьютерлердің жұмыс істеу негіздері олардың барлығына ортақ бірнеше қағидаларға (принциптерге) негізделген. ЭЕМ құрылысының негізгі принциптерін 1945 жылы венгер текті көрнекті американ математигі Джон фон Нейман ұсынған болатын. Нейман бойынша негізгі бөліктер басқару құрылғысы (БҚ) және арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ) (әдетте олар орталық процессорға біріктірілген), жады, сырқы жады, енгізу және шығару құрылғылары болып табылады. Курстық жұмыс барысында осы және басқа да мәселелерді қарастырамын. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дербес компьютердің құрылысы және негізгі даму кезеңдері

0.1 Дербес компьютердің құрылысы

Дербес компьютерлердің (ДК) барлық құрылғылары екі топқа бөлінеді, олар: негізгі құрылғылар - бұларсыз компьютерлер жұмысы жүргізіле алмайды және қосалқы құрылғылар - бұлар компьютерлердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңітеді.
Негізгі құрылғыларға (блоктарға) жүйелік блок, монитор және пернетақта жатады.
Монитор экранда графикалық және мәтіндік ақпараттарды бейнелеп көрсету (шығару) үшін қажет. Пернетақта - мәліметтер мен командаларды машинаға енгізуге арналған негізгі құрылғы. Жүйелік блокқа барлық құрылғылар - монитор, пернетақта, тышқан, принтер, модем, және т.б. сымдар арқылы бір-бірімен тікелей қосылып тұрады.
Жүйелік блокта мыналар орналасады:
* аналық тақшада мына элементтер орналасқан: микропроцессор, жедел жады, сыртқы құрылғылар (дыбыстық, бейнелік тақшалар, т.б. жалғанатын қосқыш тарақшалар);
* микропроцессор - арифметикалық-логикалық амалдарды орындап, барлық құрылғыларды басқарып отырады;
* компьютер жады - ішкі (жедел немесе оперативті жады мен тұрақты жады) жәнесыртқы жады (дискіжетектер, винчестер, CD-ROM).
IBM (International Business Machines) фирмасы - соңғы біраз жылдардан бері дербескомпьютерлер шығарудан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан АҚШкомпаниясы.
Микропроцессор - компьютердің ең маңызды элементі, өйткені ол
программалардың орындалу жылдамдығын анықтайды. Дербес компьютерлер пайдаболғаннан бері бірнеше процессорлар буындары ауысты, оларды жұмыс өнімділігі бойынша мынадай тізбекпен көрсетуге болады: 8088, 286, 386, 486, Pentium, Pentium Pro және т.с.с. Осы процессорлардың параметрлік көрсеткіштеріне, яғни сипаттамаларына мыналар жатады:
* разрядтылығы - компьютерлік информацияның 8, 16, 32 немесе 64 бит болып қатар тасымалдануын анықтайтын оның "тактылық" ені;
* тактылық жиілігі - бір секундта процессор орындай алатын командалар санының көрсеткіші (мегагерцпен - МГц өлшенеді). Әдетте процессордың тактылық жиілігі 1000 - 3000 МГц айналасында болады.
Микропроцессор құрамы:
* арифметикалық-логикалық құрылғы - микропроцессор командаларын орындауды іске асыратын ішкі операцияларды (микрооперацияларды) атқарады;
* басқару құрылғысы - программалық басқару принципі негізінде компьютердің барлық құрылғыларын басқарады;
* микропроцессорлық жады - микропроцессордың регистр деп аталатын бірсыпыра сандарды есте сақтай алатын ішкі жады. Олардың бірнешеуі операцияның орындалуына қажет шамаларды - операндаларды сақтау үшін керек, осыларды жалпы мақсаттағы регистрлар деп атайды (RON).
Командалар регистрі (RK) орындалуға дайындалған ағымдағы командаларды есте сақтау үшін қажет. Командалар санауышы регистрінде орындалып жатқан команда адресі сақталады. Программа орындалуы алдында оның бастапқы адресін командалар санауышына жазып қою керек.
Дербес компьютердің жүйелік шиналары (сымдары) негізін құрайтын интерфейстік жүйе болып табылады, ол микропроцессорды компьютердің негізгі және сыртқы жадыларымен байланыстырып тұрады.
Компьютердің негізгі жады:
* жұмыс істеп тұрған программа мен оған қажет мәліметтерді осы сәтте есте сақтап тұратын жедел (оперативті) жадынан;
* жұмыс істеуге тұрақты керек болатын компьютердің тұрақты жадынан тұрады.
Бұл екеуінде де мәліметтер жеке ұяларда сақталады, олардың әрқайсысының өзіндік адрестері (нөмірлері) болады.
Компьютердің сыртқы жады орнынан алынбайтын мәлімет жинақтауыштан - қатты магниттік дискілерден (винчестерден) тұрады. Қатты дискілер компьютерде программалар мен мәліметтерді тұрақты түрде ұзақ уақыт сақтау үшін керек. Қазіргі кездегі көптеген программаларды дискілерсіз орындау мүмкін емес. Көлемдері шағын алмалы-салмалы дискеттерге қарағанда, қатты дискілер орнынан алынбайды, сондықтан олар стационарлық дискілер деп те аталады. Қазіргі қатты дискілер көлемі 80-100 Гбайт аймағында болады.
Көлеміне және жұмыс істеу сенімділігіне қарай оптикалық лазерлік дискілер кеңінен таралуда. Мәлімет жазылатын, әрі оқылатын оптикалық дискілерді компакт-дискілер деп атайды (Compact Disk - CD-диск). Олардың көлемі 700-750 Мбайтқа дейін жетеді, ал одан мәлімет оқылу жылдамдығы - 30-дан 300 миллисекундқа дейінгі аралықта болып отыр.
Әрбір компьютерде алмалы-салмалы иілгіш магниттік дискідегі мәлімет жинақтауыштар бар. Олар үшін дискеттер (флоппи-дискілер) қолданылады, көлемі - 1,44 Мбайт.
Микропроцессор жүйелік шиналар арқылы компьютер жадынан басқа да оның төмендегідей компоненттерімен байланысады:
* электр импульстарының үздіксіз тізбегін қалыптастыратын тактылық импульстар генераторымен қосылады, оның жиілігі машинаның тактылық жиілігін (жылдамдығын) анықтайды;
* ішкі электрондық сағат рөлін атқаратын өзіндік қоректену блогы (аккумуляторы) бар таймермен қосылады, ол машинаны өшіріп қойғаннан кейін де жұмыс істей береді;
* желілік адаптер арқылы байланыс арналарымен қосылады. Желілік адаптер компьютерді басқа компьютерлердегі мәліметтермен қатынас жасата алатын жергілікті желіге қосу мүмкіндігін береді;
* арнайы қосқыш тарақша (разъем) арқылы пернетақта қосылады;
* бейнелік адаптер көмегімен монитор қосылады;
* принтер адаптері арқылы принтер қосылады;
* қоректену блогы қосылады.
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары ретінде компьютерге жоғарыдағыдай түрде қосылатын әр түрлі перифериялық, шеткері құрылғылардың жұмыс кезінде атқаратын рөлі мен маңызы зор. Олар компьютерлердің пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтіп, техникалық сипаттамаларын да анықтайды. Шығарылатын перифериялық құрылғылардың көп түрлілігі олардың ішінен компьютерлерді тиімді пайдалануға септігін тигізетіндерін таңдауға көмек береді.
Компьютерлік жүйенің атқаратын қызметтеріне қарай перифериялық құрылғылар екіге бөлінеді. Бірінші топқа компьютердің өз жұмысын атқаруына өте керекті құрылғылар жатады. Оларды әдетте жүйелік перифериялық құрылғылар деп атайды. Бұл топқа бейнелік монитор, пернетақта, қатты диск мен иілгіш дискідегі мәлімет жинақтауыштар және баспа құрылғысы (принтер) жатады.
Екінші топқа магниттік таспадағы мәлімет жинақтауыштар, графикалық ақпаратты енгізу құрылғылары (дигитайзерлер), графикалық ақпаратты шығару құрылғылары (плоттерлер), модем, сканер, аудиотақша, тышқан немесе трекбол, коммуникациялық адаптерлер және т.с.с. жатады. Олар мамандандырылған компьютерлерге қосымша мүмкіндіктер береді. Бірақ олардың пайдаланылуы арнайы жұмыс түріне байланысты анықталады. Сол себепті бұл топтағы құрылғылар қосымша перифериялық құрылғылар деп аталады.
Перифериялық құрылғылар компьютерге жүйелік блоктың сырт жағындағы арнайы тарақша ұялар (разъемдар) арқылы қосылады. Бұл топқа монитор мен пернетақтадан басқа мына құрылғылар жатады:
* принтер - мәтіндік және графикалық мәліметті баспаға шығару құрылғысы;
* тышқан - компьютерге мәлімет енгізуді жеңілдететін құрылғы;
* джойстик - жеңіл қозғалатын тұтқасы бар ұршық тәріздес қолтетік, негізінен компьютерлік ойындар үшін қолданылады, т.б. құрылғылар.
Кейбір құрылғылар, мысалы, әр түрлі сканерлер (компьютерге сурет пен мәтін енгізуге арналған құрал), жүйелік блокқа байланысудың аралас тәсілдерін пайдаланады: жүйелік блокқа сканер жұмысын басқаратын электрондық тақша (контроллер) орнатылады да, ал құрылғының өзі сол тақшаға шоқсым - кабель арқылы қосылады.
Қазіргі кезде жаңадан жасалған, бұрынғыдан гөрі жетілдірілген перифериялық құрылғылар шығарылып жатыр.
Процессор жадымен бірігіп жұмыс атқарады. Компьютерде екі ішкі жад болады: тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) және жедел сақтау құрылғысы (ЖСҚ).
Компьютерді алғаш қосқанда, ТЕСҚ-дан ақпарат алынады да, одан соң компьютерге орналастырылған операциялық жүйе іске қосылады. Компьютерді сөндіргенде ТЕСҚ-дағы ақпараттар өшпейді.
Тұрақты жады яғни тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM, Read Only Memory) -- өзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтауға пайдаланатын жады. Жадының мазмұнын арнайы қондырғыны жасаған кезде тұрақты сақтау үшін орнатылады. ТЕСҚ-нан тек оқуға болады.
Оперативті жады (RAM, Random Access Memory) -- бұл шағын көлемді,
процессормен тікелей байланысқан, программалар мен мәліметтерді жазу, оқу және сақтау, ол программалары өңдеу үшін қолданылатын жылдам есте сақтау құрылғысы.
Оперативті жады мәліметтер мен программаларды уақытша сақтау үшін пайдаланылады, машинаны өшірген кезде оперативті жадыдағының барлығы өшеді.
Кэш немесе аса жоғары оперативтік жады -- микропроцессор мен оперативті жады арасында мәліметтер алмасуда ақпаратты өңдейтін процессормен оперативтік жадының жылдамдық айырмашылығын реттеу үшін пайдаланылатын шағын көлемді, аса шапшаң есте сақтау құрылғысы.
Кэш-жадыны орындалып жатқан программаға талдау жасай отырып, жақын уақытта процессорға қандай командалар мен мәліметтер қажеттігін алдын-ала болжап, қосуға әрекет ететін контроллер деп аталатын арнайы қондырғы басқарады. Бұндай жағдайда дәл түсу мен ауытқулар болуы мүмкін. Егер кэшке қажетті мәлімет берілген жағдайда оны жадыдан шығару тежелусіз орындалады. Егер кэшке қажетті ақпарат берілмей қалса, онда процессор оны тікелей оперативтік жадыдан оқиды. Дәл түсу мен ауытқулар сандарының
қатынасы кэштеу тиімділігін анықтайды.
Кэш-жады DRAM-мен (SDRAM) салыстырғанда шапшаң әрекет ететін, сыйымдылығы аз SRAM статикалық жады микросхемасында жүзеге асады. Қазіргі кездегі микропроцессорларда бірге орнатылған өлшемі 8, 16 немесе 32 Кбайттық бірінші деңгейлі кэш-жадылары бар. Сонымен қатар, компьютердің жүйелік платасына сыйымдылығы 256, 512 Кбайт және одан жоғары екінші деңгейлі кэш-жадылар орналастырылған.
Енгізу-шығару құрылғылары: енгізу құрылғысы арқылы өңделетін ақпараттар, бағдарламалар компьютердің жедел жадысына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады. Енгізу құрылғыларына пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер жатады.
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпараттарды енгізуге болады. Тышқан - экран бетінде курсорды тезірек қозғалтуға арналған құрылғы.
Шығару құрылғысына принтер, монитор және график тұрғызушылар жатады.
Монитор - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Принтер - ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің үш түрі болады:
матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Сыртқы жады ретінде магниттік дискілер, яғни көбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискеттер пайдаланылады.
Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін CD-ROM қолданылады. Жаңа ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы қондырғы - CDRITTER
қолданылады.
Компьютердің қосымша құрылғыларына: модем, стриммер, сканер, плоттер және т.б. жатады.
Стриммер - мәліметтерді магниттік таспада жазып сақтауға арналған құрылғы (компьютерлік магнитофон). Стримерлер шағын магниттік таспалы касетаға үлкен көлемдегі ақпараттарды жазады. Стример қондырғысы ақпаратты жазған кезде автоматты түрде оның көлемін сығып тығыздайды да, оқыған кезде сақталған ақпаратты қалпына келтіріп көлемін ұлғайтады. Стримерлердің кемшілігі ақпараттарды жазу, іздеу және оқу кезіндегі жылдамдығының салыстырмалы түрде төмендігі болып табылады.
Плоттер (графопостроитель) -- компьютердің басқаруымен графиктер, суреттер және диограммалар сызатын құрылғы. Плоттерлер күрделі конструкторлық сызбалар, архитекторлық жоспарлар, географиялық және метеорологиялық карталар іскерлік схемалар алу үшін пайдаланылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен бейнелерді сызады.
Роликті плоттерлер қағазды қаламұштың астына орап алып келсе, планшетті плоттерлер қаламұшты горизонталь жатқан қағаздың бетінде жылжыта отырып сызады.
Плоттерге де принтердегі сияқты арнайы программа драйвер қажет. Ол программа қаламұштың жоғары, төмен қозғалысын реттеп, берілген қалыңдықта сызық сызуды орындатады.
Сканер -- графикалық бейнелерді, құжаттарды компьютердің жадысына енгізетін құрылғы. Егер принтер компьютердегі ақпаратты қағазға шығарса, сканер керісінше қағаздағы құжаттарды компьютердің жадысына ауыстырады. Сканерлердің құжат бетінде қолмен жылжыта отырып істейтін және көшіретін машинаға ұқсас планшетті түрлері бар.
Мәтінді сканер арқылы өткізгенде компьютер оны символдар тізбегі түрінде емес, сурет ретінде қабылдайды. Графикалық мәтінді кәдімгі символдық форматқа түрлендіру үшін образды оптикалық түрде танитын программалар пайдаланылады.
Модем -- компьютердегі мәліметтерді алыс қашықтықтарға телефон желісінің байланысы арқылы тарату құрылғысы. Модем компьютердегі сандық сигналдарды дыбыс жиілігі диапазонындағы айнымалы токқа түрлендіруді қамтамасыз етеді -- бұл процесс модуляция деп аталады, ал оны кері түрлендіру демодуляция деп аталады. Осыдан қондырғы модем атауы шыққан. Байланыс орнату үшін бір модем телефон номері арқылы
келесісін шақырады, ал ол шақыруға жауап береді. Сонан соң модемдер өздеріне тиімді байланыс режимінде бір-біріне сигналдар жібереді. Бұдан кейін таратушы модем модуляцияланған мәліметтерді келісілген жылдамдықпен(өлшемі битсекунд) және келісілген форматта жібереді. Байланыстың екінші жағындағы модем қабылдап алған ақпаратты сандық түрге түрлендіреді және оны өзі қосылған компьютерге береді.
Байланыс сеансын аяқтағаннан кейін модем ізбектен ажыратылады.
Модемді басқару арнайы коммутациялық программалық қамтамасыз арқылы жүзеге асырылады. Модемдер конструктивті түрде сыртқы (шағын қорап) және ішкі (компьютерлік плата) құрылғылар түрінде жасалынады. Екі түрінің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Сыртқы модемдер компьютерге кабель арқылы жалғанады. Олар жұмысы орнықты, жағдайын көрсетіп тұратын индикаторлары бар. Бірақ сыртқы модемдер электр тогы көзіне жеке жалғанады, белгілі бір көлемдегі орын алады.
Ішкі модемдер компьютердің ішінде жүйелік платаға орнатылады, қорек көзін компьютерден алады, олар сыртқы модемге қарағанда арзан. Бірақ помех ықплына сезімтал, модемнің жұмысын бақылап отратын мүмкіндігі жоқ. Модемдердің көпшілігі факстің функциясын атқара алады.
Компьютердің пернетақтасы. ДК пернетақтасы немесе пернелігі бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Бұл күнде ІВМ компьютерлері пернелігінің екі түрлі стандарты бар: 84 және 101 пернелік (ЭЕМ шығаратын фирмалардың ерекшелігіне қарай бұдан аздап өзгешелік болуы ықтимал). Бірақ екі стандарттың да пернелерінің қызметі бірдей, тек олардың орналасауында және кейбір пернелерінің екі-екіден болуында ғана аздап айырма бар.
ДК пернетақтасы мынадай топтарға жіктеледі:
* алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, "бос орын" (space) таңбасы;
* функционалдық пернелер: F1 - F12;
* әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter,Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shift, Num Lock, CapsLock, ScrollLock, Pause (Break), PrintScseen және "*", "+"," - " тәрізді пернелер;
* түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, PgUp,
PgDn, ВасkSрасе және бағыттауыш тілсызық пернелер - , , , .
Терілген символдар экранның " " таңбасы, яғни курсор (меңзер) тұрған екпінді нүктесіне енгізіледі. Курсор (сілтеме белгі) - жыпылықтап тұратын тік сызықша тәрізді бір символдың орнын көрсетіп тұратын таңба.
Алфавиттік әрбір перне латынның немесе қазақтың (орыстың) бір әрпін енгізе алады. Цифрлық пернелер қазақ әріптерімен бірге жоғарғы жолда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған.
Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны орындалай алады. Мысалы, тек бір функционалдық пернені басу арқылы файлды (мәліметті) дискіге жазуға не оқуға, программа мәтінін экранда көруге, қаталог ашуға, т.б. амалдар орындауға болады. Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрған программаға байланысты болады. Ғ1 пернесі көбінесе компьютердің өзінен жылдам көмек сұрау үшін қолданылады.
Компьютер іске қосылған соң, оң жақта орналасқан NumLock пернесін басу керек, сонда қосымша басқару пернелері цифрлық пернелер рөлін атқарады.
Бағыттауыш ( , , , ) тілсызық пернелер мен Home, End, PgUp, PgDn
пернелерін курсорды басқару пернелері деп атайды. Олардың қызметі:
, , , - пернелері курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту;
Нome - курсорды жолдың басына жылжыту;
PgUp - курсорды мәтін бойынша бір бет жоғары көтеру;
РgDn - курсорды мәтін бойынша бір бет төмен түсіру.
ВасkSрасе пен Delete пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, ВасkSpace - сол жақтағы символды өшіреді, Delete - курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді.
Бір сөзбен екінші сөз "бос орын" пернесін басу арқылы бөлініп жазылады, Таb пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына немесе мәтін ішінде курсорды оңға қарай 8 орынға жылжытады.
Insert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді, олар: "Кірістіру" - символдардың арасына оларды ығыстыра отырып жаңа символ енгізу режимі және "Алмастыру" - бұрынғы енгізілген символдарды теріліп отырған жаңа символдармен ауыстырады.
Еnter пернесін басу кез келген команданың енгізіліп біткенін көрсетеді немесе келесі жолға көшуді жүзеге асырады.
Көптеген қолданбалы программаларда теңбіл түсті ені бір немесе бірнеше сөзге тең болатын тіктөртбұрыш тәрізді белгі (кестелік курсор, маркер, курсор, сілтеме) командалық менюдің жеке позициясын (орнын) анықтау үшін пайдаланылады.
Командалық меню - жұмыс кезінде экранға шақырылатын, одан кейін орындалатын қолданбалы программа командаларының іс-әрекеттерінің және ішкі жүйелерінің тізімі.
Тізімнің әрбір позициясын шақырып орындау кестелік курсорды соның атына қойып, Еnter пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Егер ол команданы орындағыңыз келмесе, Еsc пернесін басу қажет. Командалық менюдің кейбір позициясын шақыру кезінде экранға басқа меню шығуы мүмкін. Мұндай сатылы командалар иерархиялық (көп сатылы) деп аталады.
Caps Lock, Scroll Lock, Num Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда, мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды:
негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге көшкенде, пернеліктегі кішкене шам жанып белгі береді.
Caps Lock пернесінің негізгі режимі - кіші әріптерді енгізу, қосалқысы - бас әріптер енгізу. Num Lock пернесінің негізгі режимі - қосымша цифрлық пернелердің курсорды басқару тәртібін орнату болса, қосалқысы - цифрларды теру тәртібін орнату.
Ctrl, Alt, Shift пернелері тіркелу пернелері болып саналады да, басқа пернелермен бірге пайдаланылып, әртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады. Олардың атқаратын қызметтері әрбір программада өзгеріп отырады, сол себепті атқаратын жұмысын программалар сипаттамаларынан білу керек.
Ctrl, Alt пернелері басқа пернелер қызметін түрлендіру үшін пайдаланылады. Мысалы, Аlt және 0-9 цифрлық пернелер (оң жақтағы) компьютерге кез келген символды енгізуге мүмкіндік береді. Ол үшін Alt пернесін басып тұрып терілетін символға сәйкес кодты енгізіп барып, Аlt-ты босату керек.
Пернелер комбинациясын пайдаланғанда, алдымен регистр пернесі, сонан соң қосымша екінші перне басылады. Қосымша перне рөлін кез келген символдық, цифрлық немесе функционалдық перне атқара алады. Комбинация 3 пернеден де тұруы мүмкін.
Бұдан былай пернелер комбинациясын былай белгілейміз: регистрлік перне +қосымша перне ("+" таңбасы енгізілмейді). Мысалы, Ctrl+y, Alt+F2, Shift+6.
Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі комбинация бар:
Сtrl+Аlt+Dеl - компьютерді өшіру немесе операциялық жүйені қайта жүктеу мақсатында қолданылады, яғни операциялық жүйе жұмысын жаңалау ісін атқарады.
Көптеген компьютерлердің жүйелік блогында RESET батырмасы бар, соны басу арқылы да жоғарыдағы әрекетті орындауға болады. Бұл әрекет - "жылы күйде іске қосу" (горячий перезапуск) деп те аталады.
Сtrl+Вrеаk - орындалып жатқан программаны кілт тоқтату немесе команда орындауды доғару, кейде бұл комбинация орнына Ctrl+С пернесін де басуға болады.
Сtrl+S - орындалып жатқан әрекетті уақытша тоқтата тұру, мұның да орнына Рause пернесін басуға болады.
PrintScreen - экрандағы бейнені буферге көшіріп алу;
немесе Win пернесі бас менюді шығару ісін атқарады.
Мәтіндерді түзету кезінде регистрлік пернелер ішінен тек Shift пернесінің тікелей атқаратын қызметі бар, ол - бас әріп енгізуді немесе жоғары регистр символын теруді іске асыру.
Сонымен, перненің бетінде жазылған екі символдың жоғары жағында көрсетілгенін енгізу үшін Shift пернесін басу қажет. Бас әріптерді тұрақты күйде теру үшін Caps Lock пернесін қолданамыз.
Еsс пернесі (шығу, көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
Таb - мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына өтуді орындайды. Кейбір программаларда оның атқаратын қызметі басқаша да болуы ықтимал: экрандағы келесі терезеге өту немесе менюдің басқа командасына ауысу және т.с.с.
Пернелікте бір алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер токқа жалғанғанда іске қосылып, тұрақты күйде жұмыс жасап отырады. Кейбір драйверлер алфавитті ауыстыру үшін Shift+Alt пернелерін қатар басуды талап етсе, кейбірі Shift+Сtrl пернелерін немесе одан да басқа комбинацияларды пайдалануды қажет етеді.
ЕТ даму кезеңдері
ЭЕМ-нің буындары
Қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері
Компьютерлерді жіктеу тәсілдері

0.2 Есептеуші техника даму кезеңдері

ЕТ даму тарихын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Қолмен есептеу - б.э. дейінгі елуінші мыңжылдықтан бастап;
2. Механикалық - ХVІІ ғасырдың ортасынан бастап;
3. Электромеханикалық - ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап;
4. Электрондық - ХХ ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап.
Механикалық құралдардың даму кезеңі:
1. Механикалық есептеу принциптерін қолданатын құрылғылары мен аспаптарын жасау. 1623 жыл - 6 разрядты сандар мен арифметикалық амалдар орындауға арналған Шикардтың алғашқы машинасы. Ол көбейтетін, қосатын, сандарды жадтың тәуелсіз құрылғылардан тұратын.
2. 1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан он разрядты сандармен арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын машина.
3. 1673 ж. Г.В. Лейбниц алғашқы арифмометрді құрастырды. Арифмометрлер кең тарады және бірнеше рет жетілдірілді. Оған мысал: Томас арифмометрі (томас-машина), Болле машинасы, Орднер арифмометрі т.б. арифмометр пайда болуымен байланысты есепші мамандығы пайда болды. 1969 ж ССРО-да арифмометрді шығару ең жоғары деңгейге жетті (300 мың арифмометр). ХХ ғасырдың 70-ші жылдары арифмометрді элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.
4. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш
(аналитикалық) машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаны қолдануы керек еді. Бэббидж бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.
Электромеханикалық құралдарының даму кезеңі:
1. 1887 жылы Г.Холлерит Ч.Бэббидж бен Г.Джоккардтың идеяларын қолданып, алғашқы есептеуіш-аналитикалық кешен құрды. Бұл құрал АҚШ-та (1890), Ресейде (1897), Канадада (1897) халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.
2. 1941 жылы Конрад Цузе бағдарламалық басқаруы мен жадтайтын құрылғысы бар алдыңғыларға ұқсас машина жасап шығарды.
3. 1944 жылы Айкен ІВМ фирмасының кәсіпорнында Бэббидж жұмыстарының көмегімен электромеханикалық реледегі МАРК-1 аналитикалық машинасын құрастырды. Бұл машинаның есептеу жылдамдығы электр жетегі бар арифмометрден 100 есе тез болды. Бұл машинаның бірнеше жетілдірілген түрлері шығарылды.
4. 1957 жылы ССРО-да (РВМ-1) релелік есептеуіш машина жасалды. Бұл релелік ЕТ-тің ең ірі және соңғы жобасы болды. Осы кезеңде механикаландырылған санау кәсіпорны болып табылатын есептеуіш-машина стансалары құрыла бастады.
Электрондық құралдардың дамуы кезеңі.
1. 1943-45жылдар аралығында АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ
электрондық шамдардың негізіндегі ең алғашқы ENIAC ЭЕМ-ін құрастырды. Бұл әр түрлі мәселелерді шешетін әмбебап машина еді. Бұл ЭЕМ МАРК-1 машинасынан өнімділігі бойынша 1000 есе артық және одан екі есе үлкен (салмағы 30т) болды.
ENIAC машинасында 18000 электрондық шамдар, 150 реле, 70000 резистор, 10000 конденсатор болды. Ол 140 квт қуат пайдаланды. Бірақ оның жад құрылғысы жоқ, және бағдарламаларды беру үшін сымдары нақты бір түрде жалғастырып отыру керек болды.
2. 1945 жылы Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинаның жалпы
принциптерін ойлап тапты. Ол қазіргі кезге дейін ДК-де қолданылады. Осы принциптер бойынша компьютерде мыналар болуы керек:
- арифметикалы-логикалық құрылғы, арифметикалық және логикалық
операцияларды орындайды;
- жадтайтын құрылғы немесе бағдарламалар мен деректерді сақтайтын жады;
- басқару құрылғысы, ол бағдарламалардың орындалу процесін ұйымдастырады.
- Ақпаратты енгізу-шығару сыртқы құрылғысы.
Алдымен белгілі бір сыртқы құрылғының көмегімен компьютердің жадына бағдарлама енгізіледі. Басқару құрылғысы жадтан бағдарламаның бірінші командасын тауып оқиды және оның орындалуын ұйымдастырады. Бірінші команданы орындағаннан кейін, басқару құрылғысы келесі командаларды оқиды және т.с.с.
Электронды есептеуіш машинаның жіктелуі және сипаттамалары

0.3 ЭЕМ-нің буындары

ЭЕМ-нің бірінші буыны (1949-1958жж.).
1. 1949ж. Морис Уилкс (Англия) алғашқы EDVAC компьютерін жасады. Бұл
жадында сақталған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ цифрлық электрондық есептеуіш әмбебап машиналарының алғашқы буындарына жол салды.
2. ХХ-ғасырдың 40-50 жылдары ЭЕМ өте үлкен және қарапайым болды.
Элементтік база ретінде электрондық шамдар мен реле қолданылды: жедел (оперативтік) жад триггерлерде, кейін ферриттік жүрекшелерде; шапшаңдығы - секундына 5-30 мың арифметикалық амалдар болды. Мұндай ЭЕМ-дер үшін бағдарламалар машиналық кодтарда жүргізілді, кейінірек автокодтар мен ассемблер пайда болды. Бұл ЭЕМ ғылыми-техникалық есептеулер жүргізу үшін қолданылады. Осы типті машиналарға EDSAC,
ENIAC, UNIVAC, БЭСМ, Урал жатады.
ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1963жж.).
1. 1948 жылы транзистор ойлап табылды және 50-ші жылдардың екінші
жартысында транзисторлы ЭЕМ-дер пайда болды.
2. 1959 жылы - АҚШ-та екінші буынның RCA-501 ЭЕМ-і құрылды.
3. 1960 жылы - IBM 7090 LARC
4. 1961жылы - Stretsh
5. 1962 жылы - ATLAS
6. Ал ССРО-да 2-ші буынның ЭЕМ-дері: РАЗДАН, НАИРИ, МИР, МИНСК,
Урал-11, М-220, БЭСМ-4, М-4000 сияқты машиналар шығарылады.
2-ші буынның ЭЕМ-і транзисторлы (жартылай өткізгіштер) элементтік базасымен, өте кішкене ферриттік жүзекшелері бар жедел жадымен 512 Кбайт көлемімен секундына 3000000 амал өнімділігімен сипатталады. Олар функционал операциялар (бөлінген уақыт режимі) мен мульти-бағдарламалар режімін біріктіруді, яғни орталық процессор мен енгізу-шығару арналарының қатар жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өлшемі бойынша ЭЕМ-дер кіші, орта, үлкен және арнайы түрлерге бөлінеді.
ЭЕМ-нің жетілдіруімен қатар бағдарламалық жабдықтамалар дамыды, алгоритмдік бағдарламалау тілдері, АБЖ, диспечерлер пайда болды.
ЭЕМ-нің Үшінші буыны (1964-1976жж.).
1.1958ж. - Джек Килби бірнеше транзисторларды бір пластинаға қалай орналастыру керек екенін ойлап тапты.
2.1959ж. - Роберт Нойд ең алғашқы чиптерді (интегралдық схемаларды)
құрастырды.
3.Үшінші буынның алғашқы ЭЕМ-і деп ІВМ360 модельдерінің сериясын (1964ж. АҚШ) санауға болады.
4.ЭЕМ-нің үшінші буынында РДР-8 (бірінші мини-компьютер, ол 1965ж. құрылды және құны 20 мың доллар болды). РДР-11, В-3500, ЕС-ЭЕМ сериясы жатқызуға болады,
ЭЕМ-нің үшінші буыны интегралдық схемалы (ИС) және жартылай үлкен схемалы (ҮС) жартылай өткізгіш интегралдық схемадағы жедел жад құрылғысымен, 16 Мб көлемімен, секундына 30 млн. Операция өнімділікпен сипатталады. Өлшемі бойынша ЭЕМ үлкен, орташа, мини ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәніне кіріспе. ЭЕМ жұмысының математикалық негіздері.
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Мектеп информатика курсын оқыту мазмұны
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Информация, информатика
Эмперикалық әдістер
Дәріхананы автоматтандыру бағдарламасын құру
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Бастауыш сыныптарда ақпараттық оқыту технологиясының-ғылыми теориялық негіздері
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Пәндер