Қазақ қол өнері


Кіріспе
І - тарау. Тарихи бөлім.
1. 1. Тарихи мұралар
1. 2. Костюм халықтық сәндік өнерінің бір бөлігі
1. 3. Костюм формасы мен силуэті
ІІ тарау. Композициялық бөлім
2. 1 Шығармашылық жиынтықтағы ізденіс және жасалу негізі
2. 2. Мата фактурасы мен түс гаммасын
таңдау негізі
2. 3. Таңдалған моделдің техникалық эскизі мен сырт көрінісін
суреттеу
ІІІ тарау. Конструкциялық бөлім.
3. 1. 2. сызбаны салуға алғашқы берілгенді таңдау және негіздеу
3. 2. Конструкциялау тәсілін таңдау немесе негіздеу
3. 3. Қосымшаларды таңдау және негіздеу
3. 4. Сызба торының алдын-ала есептеулері
3. 2. Қосымшаларды таңдау және негіздеу
3. 3. 1. Сызба торының жобаланған есебі.
3. 3. 2. Сызба салуға қажетті есептеулер
3. 4. 2 Сызба торына қажетті есептеулер
3. 3. 3. Конструкция сызбасын салу
3. 3. 6. Лекал спецификациясы
ІV тарау. Технологиялық бөлім
4. 1. Құралдар мен өңдеу тәсілін таңдау
4. 2 Өңдеу тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған бұрын Қазақстан жерінде бұрын - соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің Республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы да басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы - кең байтақ Республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің мұрагерлері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Қазақ өнері толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартыс мен ХХ ғасырдың басында Қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.
Қазақ өнерінің ішінде айтарлықтай ерекшелігімен көзге түсетін «Ер тоқымнан» алынған бұл коллекция «Асыл мұра» деп аталады. «Асыл мұра» деп аталған себебі, жас жігіттерге арнап шығарылған. Киюге ыңғайлы, денеге қонымды бұл киімдер қазақ халқының ұлттық ою - өрнектерімен әшекейленген мұнда ою - өрнектер аппликация етіліп жасалынған. Қазақ халқы үшін көлік қызметін атқарған аттың қылы да қосылған. Коллекцияның негізі ер - тұрман жабдықтарында көп қолданылатын былғарыдан тұрады. Былғары Қазақ қол өнерінде көп қолданысқа енген материал болып табылады.
Негізгі өмірі көшіп - қону, мал бағумен өткен халқымыз үшін көліктің негізгі түрі - салт ат болды, ал соған орай, ер - тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше еді. Ер - тұрмансыз атты, ал атсыз ер - тұрманды елестету мүмкін емес. Осыған орай коллекцияда қолданылған түстерге назар аударуға болады. мұндағы қызыл - қоңыр, яғни табиғи аттың түсі және ер - тұрман жабдықтарында қолданылатын түстер.
Қазақы киім көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, оған барынша қамқорлық жасап қалпына келтіру, баламаларын көптеп шығара түсу басты парыз болмақ. Себебі уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбаса керек. Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұру есейгенін, оның өскелең өмірін танытады. Оның қазақтану ішінде де, халқымыздың мәдени - тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім кешегі ұрпақтан - ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке үйлесім бірлігіне көркемдікке ұмтылған жасымпаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
Қыруар өнер түрлерінің бәрін бір өзі меңгерген, ер - тұрмандарын түгелдей өзі жасайтын ершілер қазақ арасында мүлделі болмады деген ұғым шықпаса керек. Өйткені он саусағы өнерге толы шеберлер ел арасында жиі кездеседі. Ер - тұрманды қазақ халқының қол өнерінің ең керемет туындылары деп қарау керек. Осы ғажайып қол өнердің алынған өзіне қаншама еңбек еткен ершілер ер - тұрмандарын әдемі етіп шығару үшін бар күштерін жұмсаған. Оны әсем әшекейлермен толықтырып отырды. Жалпы қазақ халқының қол өнерінің қай - қайсысы болса да, өз ерекшелігімен, сұлулығымен көз тартары анық.
Жас жігіттерге арналып тігілетін бұл коллекцияның негізгі мақсаты ұлттық өнерімізді жаңаша түрде жалыққа шығару. Қазақ арасында он саусағынан өнер тамған қол өнердің сан - саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз болмаған. Әсіресе, ершілер, ер - тұрман жабдықтарын өнер туындысы ретінде қарап, оны өте әдемі етіп жасады.
«Асыл мұра» коллекциясында ер - тұрманда қолданылған былғары, күдері сияқты материалдар алынған. Киімдегі түстер де осыған байланысты болып келеді. Коллекцияға бір қарағанда, оның қандай стильде тігілгенін және кімге аппликация әдісімен қондырылып, шетіне әр түрлі моншақтар қадалған.
Халқымыздың ұлттық киімі - біздің өшпес мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Қазақ халқының әлемге өнерін паш етеді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымызды одан әрі дамытып, әлемге таныту біздің міндетіміз. Киімді ою - өрнектермен, кестелеп әшекейлеп шығара білген ұлттық өнерімізді бағалауға тиіспіз. «Асыл мұра» деп аты айтып тұрғандай-ақ, жас жігіттерге арналған коллекцияның негізгі мақсаты ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ұлттық өнерімізді өшірмей, одан әрі дамыта түсу. Ендеше ұлтымыздың бет - бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді қастерлеу, дамыту бүгінгі ұрпақ еншісінде. Еліміз тәуелсіз ел болғалы бері ұлтымыздың рухы биік бола түсті. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларды артқа тастап, өзінше даму, өзгеру процессі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қол өнерінің қандайлық дәрежеде болғанын аңғартты.
Қазақстан жерінде кең таралған қазақ ер - тұрманының сан алуан түрлерімен бірге, олардың жасалу (жолдары) техникасы да әр түрлі болды. «Асыл мұра» коллекциясынан да осы техника түрлерін көруге болады. бұл коллекцияның басты ерекшелігі деп мыналарға тоқталып кетсек болады: ою - өрнектерге аттың қылы қосылып жасалғаг және жапсырылған жеріне де қосылып отырады.
Ер - тұрманның өзі ерлер және ерлер ері деп бөлінгендіктен коллекцияда жігіттерде, қыздарда бар.
Қазақтың ұлттық киімі болғандықтан оны әшекейсіз немесе ою - өрнексіз көзге елестету мүмкін емес. Халқымыз киімге ою - өрнектің түр - түрін пайдаланған. Мысалы: әуеге, әсемдікке, жануарларға қарап та ою - өрнек шығарған. Бұл коллекцияда кәдімгі ұлттық киімде қолданылатын ою - өрнек алынған. Ол былғарыдан қырқылып алып, жапсырылған, яғни кестемен қондырылған десе де болады.
Ежелден көшіп - қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі - салт ат болды, ал соған орай, ер - тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше еді. Осы халқымыздың керемет бір байлығын пайдалана отырып, коллекция шығарған себебіміз, оны одан әрі дамытып, жаңғырту болды. осы коллекция арқылы ұлттық қол өнеріміздің шыңын шарықтата түсу.
Ата - бабамыздан келе жатқан ұлттық өнерімізді бойымызға дарытып, оны жас ұрпаққа үйрету біздің міндетіміз. Өрісі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түсті. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан біз оларды халық дейміз. Міне сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім.
І - тарау. Тарихи бөлім.
1. 1. Тарихи мұралар
Ежелден көшіп - қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі - салт ат болды, ал соған орай, ер - тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше еді. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларға сай мұның да өзінше даму, өзгеру процессі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қол өнерінің қандайлық дәрежеде болғанын аңғартты.
Ер - тұрман жабдықтарын зерттеудің ғылыми маңызын өнер туындысы ретінде бағалаумен қатар, көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттігіне сай қалыптасқан еңбек құралы есебінде қараған жөн. Сонда ғана оның өмірдегі орны жан - жақты қамтылады.
Ер - тұрман жабдықтарын өндіру тәсілдері мен оны күнделікті өмірде пайдалану жолдары қазақ қауымының ежелден бергі әлеуметтік - экономикалық қарым - қатынас мәселелерімен де тығыз байланысты. Сондықтан, бұл жайларды этнографиялық тұрғыда жан - жақты зерттеудің ғылыми мәні айрықша дәлелдеуді талап етпейді.
Ауқатты қазақ отбасы өз бетімен салт жүруге жараған барлық балаларына түгелдей ер - тұрман дайындаған. Ал, қайсы біреулері баласы туысымен-ақ атақты ершілер қосқан тамаша ер, сәнде тұрмандарын дайындауға қамданатын. Сондықтан, қазақ даласының қай жерінде болмасын ер қосу ісі кең өріс алған. Сонымен бірге, олардың өнері жоғары бағаланды, тәрбиелі ерлілерді қысы - жазы бірдей қолдан - қолға тигізбей ер қостырып отырды.
Қалаға жақын жердегі ершілер, әдетте, ер - тұрмандарын үйінде өз заттарынан жасап, базарға шығарып сатады. Ал қаладан жырақ, көшпелі халық арасындағы ершілер өз үйінде де, кісі үйінде де істей берді өз үйінде, көбінесе, ердің соқа басын ғана қосты, ал басқа жабдықтарын тек ер істеушілердің барлығы ер қосумен бірге, оның басқа жабдықтарын да түгелдей жасай береді екен деген ұғым тумайды. Өйткені, ер - тұрманды толығымен, кеңілдегідей сәнді етіп жасау тек ағаш ісімен қоса былғары, қайыс, күміс, темір заттарын өңдей білетін халық шеберлерінің ғана қолынан келетін. Мұндай қымбат ер - тұрмандарды шамасы келмеген кедейлер мен орта шаруалар ердің соқа басын ғана алып, қалған жабдықтарын өздері жасады.
Базарға шығарған Ер - тұрман жабдықтары, көбінесе, ақшаға сатылды. Ал, үйден қосылатын ердің өз басы бір бойдақ (қой) деп бағаланды. Басқа жабдықтарын күмістетіп жасатқан уақытта ершінің еңбегіне құлынды биеге дейін береді. Дегенімен, зергерлік өнермен безендіріліп жасалатын ер - тұрманға сіңірілетін еңбек қазақ даласында жете бағаланбады. Олай дейтініміз 5 - 6 ай бойына табжылмай көз майын тамызып, шынайы өнер үлгісі боларлықтай етіп жасалған ер - тұрманға төленген бір жылқы мен шебердің ішіп - жегені немесе базарға шығарып сатқанда алатын 20 - 30 сом ақшасын оның өнерлі еңбегінің нақтылы бағасы деуге, тіпті болмайды.
Ер - тұрман жасаушы шеберлердің құрал - саймандарын, негізінен үш топқа бөлуге болады. ердің соқа басын ғана әшекейсіз қосу үшін ара, балта, шот, ойыс жүзді шот, қуысқұлақ, үскі ынғыру, пышақ, түрпі, қашау, балға, тістеуік сияқты құралдар қолданылса; оның жұмсақ жабдықтарын жасау үшін пышақ, біз, мүйіз сызғыш; былғары бетіне өрнек түсіру үшін темір талшықтары мен өрнекті ағаш қалыптары пайдаланылады. Ал ердің темір және күміс әшекейлерін жасау үшін темір ұсталары мен зергердің саймандары жеткілікті болды.
Қазақ ершілерінің құрал - саймандарының бұлайша жетілуі олардың арасындағы еңбек бөлісу мәселесінің болғандығын көрсетеді. Шынында да көпшілік жағдайда біреуі ердің ағашын тауып жатса, екінші біреу қайыс, былғарыдан, істелетін жабдықтарын жасады. Ал, ұста - зергерлер күміс әшекейлерін жасап берді. Олай болса, мұның өзі үш түрлі мамандықты керек етеді. Халық арасында осы үш мамандықты бірдей меңгеріп, Ер - тұрман жабдықтарын түгелдей өз қолынан шығаратын шеберлер аз болған жоқ. Қазақ ершілерінің шеберлік өрісінің соншалықты кеңдігіне дәлел болатын тағы бір жағдай, жалпы ер - тұрманын жасауға: ағаш, темір, жез, алтын, күміс, түрлі асыл тастар мен түсті шынылар, сүйек, былғары, қайыс, көн, шұға, бархыт, киіз, қыл, тарамыс, желім, бояу және тоз сияқты заттардың жұмсалатындығы даусыз. Өйткені осы заттардың әрқайсысы ертеден-ақ әр түрлі шеберлікті, сан қилы тәжірибе мен білімді талап етті.
Қазақ халқының қол өнерінің ғажайып үлгісі және ұлттық талғамның туындылары ретінде қарайтын ер - тоқымнан алынған бұл коллекция «Жас дәурен» деп аталады.
Жас жігіттерге арналып тігілген бұл коллекцияның негізгі мақсаты ұлттық өнерімізді жаңаша түрде жарыққа шығару. Қазақ арасында он саусағынан өнер тамған қол өнердің сан - саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз болмаған. Әсіресе, ершілер, ер - тұрман жабдықтарын өнер туындысы ретінде қарап, оны өте әдемі етіп жасады.
«Жас дәурен» коллекциясында ер - тұрманда қолданылған былғары, күдері сияқты материалдар алынған. Киімдегі түстерде осыған байланысты болып келеді. Коллекцияға бір қарағанда, оның қандай стильде тігілгенін және кімге арнап шығарылғанын білуге болады. Ұлттық ою - өрнегіміз киімге аппликация әдісімен қондырылып, шетіне біз кесте жүргізілген.
Халқымыздың ұлттық киімі біздің өшпес мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Қазақ халқының әлемге өнерін паш етеді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымызды одан әрі дамтып, әлемге таныту біздің міндетіміз. Киімді ою - өрнектермен, кестемен әшекейлеп шығара білген ұлттық өнерімізді бағалауға тиіспіз.
«Асыл мұра» деп аты айтып тұрғандай-ақ, жас жігіттерге арналған коллекцияның негізгі мақсаты ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ұлттық өнерімізді өшірмей, одан әрі дамыта түсу. Ендеше ұлтымыздың бет - бейнесі болып саналатын ұлттық киіміімізді қастерлеу, дамыту бүгінгі ұрпақ еншісінде. Еліміз тәуелсіз ел болғалы бері ұлтымыздың рухы биік бола түсті. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларды артқа тастап, өзінше даму, өзгеру процессі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қол өнерінің қандайлық дәрежеде болғанын аңғартты.
Қазақстан жерінде кең таралған қазақ ер - тұрманының сан алуан түрлерімен бірге, олардың жасалу (жолдары) техникасы да әр түрлі болды. «Жас дәурен» коллекциясынан да осы техника түрлерін көруге болады. бұл коллекцияның басты ерекшелігі деп мыналарға тоқталып кетсек болады: ою - өрнектерге аттың қылы қосылып жасалған және жапсырылған жеріне де қосылып отырады.
«Ер қанаты ат» деп білген халық, мініс көлігі ішінде салт ат мінуді әрі сән, әрі өнер тұтқан. «жүйрік ат, түзу мылтық ер қайрағы» дей отырыпғ адам астындағы атты сенімді серік, айнымас досқа балаған.
Атты - қанат, келістіріп мінуді - өнер санаған қазақ оның ер - тұрман, жүген - құйысқанын сәндеп әбзелдеуді салт еткен. Ал ат - тұрмандарын әсемдеуді халық зергерлері абыройлы да ардақты іс санаған.
Ат - тұрман әбзелдерінің ең бастысы күміс ер. Оны жаппай күміс, ойма күміс, құранды күміс ерлер деп бөледі. Ондай сәнді ерлердің тұрмандары - тартпа, таралғы, үзеңгі, құйысқан, өмілдірік те күмістеліп әшекейленеді. әдетте күміс ер - тоқым мінгендер астын күміс жүгенмен жүгендеген күміс ердің басы және оны жасау туралы осы бөлімнің алдыңғы беттерінде айтып өткенбіз. Сондықтан енді тек Ат - тұрмандардың түрлері мен оларды күмістеу әдістеріне тоқталайық.
Ең алдымен ер - тұрмандар сап күмістің өзінен жасалмайтынын, оны тек түрпілеп шапқан қара темірдің бетіне қақтап өрнектейтінін еске салу керек. Тұрмандарды қара темірлердің өзін оюлап әр түрлі мүйіз, айшық, доға, үшкіл, дөңгелек, жапырақ бейнесіне келтіріп кеседі де егеп әдемелейді. Мұндай әдістер арқылы істелетін жабдықты қалаған қалпына келтіріп, олардың кейбіреулері екі жақ бетінен (үзеңгі), кейбіреулері тек оң жақ бетінен ғана күмістеледі (тарпа, таралғы, жүген, құйысқан) . Осындай әдіспен оюланған өрнектердің қылдай жіңішке күміс жіптері не ақ болып, не қарала болып түседі және жапқан күміс әдістерінің ара - арасынан көрініп тұратын темірдей жолақ - жолақ болып өрнек секілденіп әр беріп тұрады.
Таралғы, тарпа, құйысқан, өшілдірек сияқты көрнекті тұрмандардың бетіне қарала (кавказ) өрнегі жүргізіледі. Тұрмандарға қақталған күміс өрнектердің су сызықтарына сары жез, қызыл мыс жіптіктерде пайдаланылады. Қақталған, жабылған күмістерді жалтырату үшін оны егеп алған соң майда құм сіңген киізбен, одан кейін бет жағын сыртына қаратып тақтайға бекітіп алған былғарымен, ең соңында бархытпен ысқылайды. Қазақ зергерлеріне ат - тұрмандары әбзелдеу өнері талай заманнан бері келе жатқан көне дәстүр және ол өзінің әсемде қарапайымдылығымен талай жандарды таңдандырған.
Қазақ халқы ер - тоқымын, үзеңгі - айылын, жүгенін әсемдеп өріп, күмістеп нақыштап безендірумен айналысты. Ер - тоқым құрайтын шеберсіз ауыл, ері жоқ қазақ шаңырағы болмаған. Әр ауылдың ер - тұрман жасап халықтың бағасы мен алғысына бөленген шебер ұсталары, зергерлері болған.
Көшпенді халықтар сонау ерте замандардан бастып ер - тұрман жабдықтарын өздерінің күнделікті өмірлерінде салт - дәстүрлерінде атқа мініп мал бағып жүруге, аң аулауға, қыдыруға, сән - салтанат, тойларға, бәйгеге шабу, көкпар тартуда және өз атамекен жайларын сыртқы шапқыншылықтардан қорғауға қолайлы болу үшін әр түрлі етіп жасаған.
Қазақстан жерінде халыққа кең тараған ерлердің бірнеше түрлері бар ер - тұрмандардың түрлері мен аттары олардың сыртқы түр сипатына, жасалу әдістеріне, күнделікті тұрмыста қолдануларына байланысты болады. ер - тұрманның қасының түріне, оларға қолданған ою - өрнекке, сүйек пен күміс, алтынмен безендіріліп әшекейлеулеріне қарап және халықтың әлеуметтік, экономикалық тұрмыс дәрежесіне қарай балалар, әйелдер, еркектер және белгілі тайпа, рулар ерлері деп бірнеше топқа бөлінеді. Сонымен қатар ер - тұрманның ауырлығына, күнделікті тұрмыста жұмысқа мінуге, батырларға, байларға арналған ерлердің түрлері жасалады. Әдемі жеңіл, көрнекті көркем ерлер бәйгелер мен қыз қууға қолайлы болып шеберлер қолынан шығып отырды.
Қазақ ері - көшпенді халықтар арасында ең көп тараған ерлердің бірі, ол бірнеше бөліктен құралады. Қайыңның безінен, түбірінен екі қас алынса, ал қалған қапталы мен бел ағаштары әбден кептірілген қойыңнан жасалады. Әр бөлік өзара ағаш немесе мыс түтікше тәрізді шегелер арқылы бір - бірімен шегеленіп бекітіледі. Алдыңғы қасы мен артқы қасы ойылып, нақыштап әшекейленеді.
Ер - тұрманның халық игілігіне қаққан үлесі көп. Атадан - балаға мирас болып әр салада қолданылады. Әлеуметтік жағдайларына қарай көшпенді халық ерді сәнділікке, шаруашылыққа, шапқыншы - жорыққа байланысты әр түрлі формада жасады. Ер - тұрманның өзіне тән халық игілігіне ұштасып жатқан шығу, даму тарихы бар.
1. 2. Костюм халықтық сәндік өнерінің бір бөлігі
Киім - кешек ұғымы адамның денесін толық немесе жеке бөліктерін жауып тұратын, жамылғылар жиынтығы. Ол уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымды бейнелейтін модамен тығыз байланысты болады. адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгеріп мода ағымы да үнемі жаңарып отырады. Әр дәуірге, тарихи кезеңдерге сай киімнің өзіндік ерекше формасы мен пішімі, сәнделулері мен киім матасы, түсі, суреті және костюмді үйлестіріп тұратын бұйымдар жиынтығы бәрі қосылып арнайы бір стиль құрайды.
Киім стилі - дәуірінің айнасы, яғни сол дәуірдің мәдениетін адамның тұрмыстағы жағдайын, мемлекетті, кластық тобын айқындайды. Белгілі кезеңдегі өнер түрлерін, яғни архитектура мен мүсіндеу, сұңғат және киім пішімдерінің стильдері өзара ұқсастықта болады. олардың масштабына, шешіміне, жасалынған материалына қарамастан, жекелей бір мәдени символға бағынышты болады. алғашында дейін киімнің жеңі алдыңғы және артқы боймен тұтас пішімді, тек ХІІІ ғасырдан бастап қондырша жеңді жең ойындыға қосып тігетін болса, ХVІІІ ғасырдан кейін ер костюмдерінің шалбарлары 2 бөліктен тұрып, белін баумен баумен байлап жүрген, тек ХVІІІ ғасырдан бастап шалбар 4 бөліктен тігілетін болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz