ХІІІ-ХV ғасырлардағы Византия


- Феодалдыќ ќатынастардыњ дамуы.
- жылы Вмзантияныњ ќайта ќалпына келуі.
- Фессалоникадаѓы зилоттардыњ ќозѓалысы.
- Константиноплдіњ ќ±лауы жєне оныњ тарихи мањызы.
ХII ғ. қарай Византия шаруаларының көпшiлiк бөлiгi жеке басы мен жерi бойынша тәуелдi болды. Дегенмен осы кезеңде басы бос шаруалар тобы сақталды. Олар мемлекеттiк салық төлемдерiн төлеп тұрды. Басы бос шаруалар феодалдардың жерлерiнде тұрды. Сонымен қатар жер иесiнiң сот билiгiнде болды. Осы жер иелерi уақыт өткен сайын сот - әкiмшiлiк билiгi мен әскери күштiң иесi бола бастады. Король өзiн қолдап әскери және әкiмшiлiк қызметтер жасағаны үшiн жер иелiктерiн шаруаларымен қоса берiп отырды. Бұндай иелiктердi прония деп атады. Иелiктер алғашқы кезде мәңгiлiкке берiлсе, кейiннен феодалдары императорға тәуелдiлiгiн жою үшiн мұрагерлiкке берiле бастады.
ХII ғ. Византия қалалары дамыды. Әсiресе провинциядағы қалаларда ярмаркалар өткiзiлдi. Осылайша елде товар-ақша қатынасы дами бастады. Бiрақ бұл қалалар Батыс Европа басқа мемлекеттерi сияқты өзiн-өзi басқаруға қолы жетпедi. Византияда қалаларлда стратигтер басқарды. Олардың қолында өте күштi жалдамалы әскер болды. Қалаларда феодалдар ерекше правоға ие болды. Император билiгiнiң әлсiреуi нәтижесiнде феодалдар қаланың толық праволы билеушiлерiне айналды. Бұл процестер Венеция мен Генуя қала мемлекетiнiң бәсекесiне әлсiз екендiгiн дәлелдедi. Мысалы iшкi және сыртқы сауда да Византия товарлары арзан, сапасыз болып, қалалардың әлсiреуiне алып келдi.
Бiрақ ХII ғ. Византия Кiшi Азияда өз жағдайын жақсартты. Мысалы сырттан келетiн қауiп феодалдарды император жанына топтастырды. Бұл жағдай Византияның комниндер династиясының нгiзiн қалаушы Алексей I-ң (1081-1180) Балканнан оңтүстiк итальяндықтар мен печенегтердi қуып жiберуге мүмкiндiк жасады. I-крест жорығындағы жетiстiктердi пайдалана отырып Византиялықтар Кiшi Азияның өңтүстiгiн жаулап алды.
1143-1185 жылдар император болған Мануил I Византияға Долмацияны өз қарамағына қаратты. Мануил I өлгеннен үш жылдан кейiн Константинопольде халық қозғалысы басталды. Осы көтерiлiстi пайдаланып Компен династиясының өкiлi Андроннин I өкiмет басына келдi. ´зiнiң билiгiн нығайту үшiн Андонның I бiржола реформалар жүргiздi. Мысалы: ол салық жинаудың жаңа формасын енгiздi. ´зiне қарсы шыққан ақсүйектердi қуғынға ұшыратты. Ол ақсүйектер Андронникке қарсы заговор ұйымдастырды. Сөйтiп бiршама территорияны өздерiне бағындырды. Константинополде үлкен халықтың қозғалысы болды. Андронник дарға асылды. Оның орнына аристократия өкiлi Ангел Исаак I таққа отырды. Ал 1185 жылы Константинополда жаңа сарай төңкерiсi болып оның орнына Исаакты тақтан тайдырып оның орнына ағасы Алексей таққа отырды.
1204 ж. Констинополь крестiлердiң қолына көштi. Сөйтiп Византия империясы құлады. Оның орнына латин империясы мен бiрнеше Византия мемлекеттерi құрылды. Кiшi Азияда Никей империясы құрылды. 1205 жылы Болгарияның Латын империясын жаулап алуы Никей империясының жағдайын жақсартты. Бұл процестер Балканды Никейлiктердiң жаулап алу саясатын күшейтегу мүмкiндiк бердi. 1246 жылы Констинопольдi азат еттi. Осылайша Византия империясы қалпына келтiрiлдi. бiрақ бұл империя бұрынғыдай қуатты бола алмады.
Осындай жағдайға қарамай Византия экономикасы ХII-ХҮ ғ. прогресс байқалды. Мысалы: ақша-товар қатынасы күшейдi. Ауыл шаруашылығында, сауда да алға баслар бiлiндi. Сонымен бiрге қалалар өсе бастады. Әсiресе бұл қалалар д. ж. сауда да транзиттiк роль атқара бастады. Византия бұл кезеңдерде феодалдық-бытыраңқылық мемлекет болып қалды. Мысалы: феодалдық ақсүйектердi өздерiнiң әлеуметтiк тiрегiне айналдыру үшiн оларға жер иелiктерiн бердi. Елдегi феодалдың нығаюы халықты қанқуды күшейттi. Бұған қарсы халықтық көтерiлiстер болды. Ең iрi көтерiлiс Фессалониде болды. Бүл қозғалыстың басшысы зилот партиясы болды. Негiзгi қозғаушы күшi қолөнершiлер мен халықтың ең төменгi тобы болды. Бiрақ бұл көтерiлiс жеңiлдi.
Түрiктiң пайы деген тайпасы Орталық Азиядан Шыңғысхан шабуылынан Кiшi Азияға келген болатын. Осман деген термин «Османң деген тайпа атынан шыққан. 1299 жылы Османдар никейлiктерге тәуелсiз өз алдына мемлекет болды. 1326 жылы Орхан-бей Бруссу қаласын жаулап алып Осман мемлекетiнiң орталығына айналдырды. Бiршама уақыт өткеннен кейiн түрiк османдары Кiшi Азияның барлық территориясын жаулап алды. Әрi қарай ХIҮ ғ. қарай Балкан түбегiне шабуыл бастады. 1382 жылы Андриопольды (Эдирне) жаулап алып мемлекеттiң астанасына айналдырды. Одан кейiн Констинопольдi қоршап алып өздерiне бағындырды.
Осман әскерлерi әрi қарай Сербияға жылжыды. Сөйтiп 1389 жылы үлкен шайқастан кейiн сербтер жеңiлiп, Осман мемлекетiнiң құрамына ендi. 1393 ж. қарай Болгарияны жаулап алып Астанасы Тырновты құлатты. Ал 1396 жылы Болгарияның ең соңғы қаласы Видин жаулап алынды. Осылайша палкан түбей толық жаулап алынып Кiшi Азияның түрiктерi орналастырыла бастады. Сербия мен Болгария жаулап алынғаннан кейiн Венгрияға қауiп төндiрдi. Әскерiнiң көпшiлiгiне қарамай 1396 ж. Никонол қаласының түбiнде түрiктер жеңiске жеттi. Венгерлердiң кресшiлер әскерiн король Жигмонд басқарған едi. Осы кезеңде Баязид сұлтан Констинопольдi жаулап алуға дайындық жасады. Бiрақ осы кезеңде Әмiр-Темiр әскерлерi Кiшi Азияға шабуыл бастады. Көптеген Анадолы билерi Темiр отрядына өтiп кеттi. Анкара түбiндегi 1401 жылғы соғыста түрiк отряды үлкен жеңiлiске ұшырап Паязид Темурдiң қолына түсiп, содан қайтiп оралмады. Темiр Осман империясын бiрнеше бөлiкке бөлiп Баязидтiң балаларына бердi. Осылайша бiрнеше ғасырлар бойы феодалдық қырқысу соғыстары басталды. Бамок Анадолыда 1416 жылы Бахреддиннiң басшылығымен шаруалар көтерiлiсi басталды. бiрқанша уақыт өткеннен кейiн 1421-1451 жылдары билiк еткен Мүрат I сұлтан. Кiшi Азияда өз билiгiн нығайтып Дунай жағалауын жаулап алу соғыстарын бастады.
ХҮ ғ. екiншi жартысында Түркия Кiшi Азияның және Балкан түбегiнде өте көп территорияны басып алды. Осы кезеңнен бастап бiр түркi халқы ұлт болып қалыптаса бастады. 1475 жылы Түркия Кырымды жаулап алды. Нәтижеде Қара теңiзде түрiк билiгi күшейдi. Түрiктердiң қара теңiзге үстемдiгi Европалықтардың саудасына әсiресе Шығыспен саудасына нұқсан келтiрдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz