Сананың бұзылуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

жоспар

I. Кіріспе

Сананың бұзылуы

II. Негізгі бөлім

1. Сана бұзылуының түрлері

2. Сана бұзылуының формалары

3. Паранойя

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Сана - болмыстың категориялық - құндылықты бейнесі және жалпы адамзаттық тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекет- қылығын өзіндік реттеу білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей.

Сана дегеніміз - объективтік дуниенің субъективтік бейнесі. Біз субъективтік бейне жайында әңгіме еткенде, оны шындықтың бұрмаланған бейнесі деп түсінбейміз, қайта қандай да бір идеалдық, яғни К. Марке атап көрсеткендей, адам басында өңделген, езгертілген материялық деп қараймыз. Адам санасындағы зат - бейне, ал реалды зат - оның бастапқы нұсқасы. Сананың пайда болуы, жұмысы және дамуы белгілі бір заттар, құбылыстар туралы адамның білім алуына өте тығыз байланысты. «Сана емір сүретін тәсіл, - деп жазды К. Маркс, - және ол үшін бірдеңенің өмір сүру тәсілі, ол - білім … Сана бірдеңені қаншалық білсе, бірдеңе де сана үшін соншалық пайда болады» . Демек, адамның объективтік дүниеге деген танымдық қатынасынсыз сананың болуы мүмкін емес. Сонымен бірге біз сана туралы айтқанда, ең алдымен оның рухани қызмет ретіндегі, сапа жағынан материалдық заттан өзгеше идеалдық құбылыс ретіндегі сипатын ескеріп айтамыз.

Науқастың психикалық қалпын сипаттағанда санасының жағдайына міндетті түрде көңіл аударылады. Науқастың санасының бұзылуы онымен контактіге түсуді қиындатуы, бұрмалауы немесе жоққа шығаруы мүмкін, бірақ бұл ауытқуларды талдау науқастың жалпы жағдайын бағалауға, себептерін анықтауға және динамикасын болжауға мүмкіндік береді.

Тұлғаның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері оның әрекеттері мен қылықтарын анықтап, басқа адамдармен қатынастарын реттеп отырады. Пациенттің психикалық ерекшеліктері мен өзгешеліктерін анықтаған жалпы практика дәрігері олардың табиғатын (психологиялық немесе патологиялық) сипаттап, емдеу-диагностикалық процесіне тигізетін әсерін, науқастың өз басы және айналасындағыларға қауіп төндіру деңгейін, көмек көрсету тактикасын таңдап алуы қажет. Сондықтан студентердің сана бұзылуларынан хабардар болуы, түсінуі, критерийлерін, синдромдарын ажырата алу басты мақсат.

Сана мен өзіндік сананың ауытқулары. Клиникалық парактикада науқастың санасын бағалауға көп көңіл бөлінеді. Психикалық қалпын сипаттағанда санасының жағдайына міндетті түрде көңіл аударылады. Науқастың санасының бұзылуы онымен контактіге түсуді қиындатуы, бұрмалауы немесе жоққа шығаруы мүмкін, бірақ бұл ауытқуларды талдау науқастың жалпы жағдайын бағалауға, себептерін анықтауға және динамикасынболжауға мүмкіндік береді.

Ясперс бойынша, сана бұзылуының белгілері мынандай:

1. ортадағы қоршаған шындықтан алыстау;

2. өз тұлғасын, уақытты, жағдайды, орынды бағалаулардың бұзылуы;

3. ойлаудың процестерінің бұзылуы;

4. сана бұзылуындағы толық немесе жартылай амнезия.

Сана бұзылуының екі типі болады: сананың есеңгіреуі және қарауытуы. Есеңгіреу толық (кома) және жартылай болады (есеңгіреудің жеңіл деңгейі, обнубиляция - “үзік сана”) . Психикалық іс-әрекеттің уақытша жалпы тозуынан (есеңгіреудің жеңіл түрі) оның толық жоғалуына дейінгі диапазонда сана өшеді (сопор мен кома) . Сананың қарауытуы. Есеңгіреуден психопатологиялық симптоматикамен ерекшеленеді (галлюционациялар, жалған галлюционациялар, иллюзиялар, сандырақ идеялар, қорқыныш, ыза, козу немесе мелшию сияқты аффектілік бұзылулар) . Сананың ымырттық (сумеречное) қарауытуы, оған кездейсоқ басталуы, қысқа мерзімге созылу және одан тез шығуы тән, сана ауқымының тарылуымен және бағдарлауды жоғалтумен сипатталады, көбнесе күрделі, бірақ адекватты емес әрекеттер жасауға қабілетті болады. . Сананың делириоздық қарауытуы, әдетте, интоксикациялық фонда (маскүнемдік, инфекция, психоактивті дәрілерді ішу) пайда болды. негізгі көріністері - көптеген көру галлюционациялары, иллюзиялар, науқастың қөзуы мен қате қылығын анықтайтын орын мен уақытты қате бағдарлау. Сананың онейродтық қарауытуы, әдетте, психикалық аурулар кезінде кездеседі. Клиникалық көрінісінде түс көру сияқты, фантастикалық елестер, жалған галлюционациялық ауытқулар басым болады. Сананың аментивті қарауытуы - сананың шұғыл шатасуы. Клиникалық көрінісі: қоршаған орта мен өз тұлғасында бағдарлаудың бөлшектілігі, ойлаудың байланыссыздығы, сасқалақтау, қорқу. Өзіндік сананың ауытқулары дербессіздік (деперсонализация латын тілінде de - жоққа шығару, persona- тұлға) дегеніміз қоршаған орта мен өзіндік “Менің” патологиялық өзгертіп қабылдау. Дербессіздікті аллопсихикалық, соматопсихикалық және аутопсихикалық деп бөледі. Аллопсихикалық дербессіздік (дерализация) - қоршаған ортаны бейнелеудің, соның ішінде уақытты, бұзылуы. Соматопсихикалық дербессіздік - өз тәнін қабылдаудың бұзылуы. Денесі жансыз, өмірсіз, екіге бөлінген, өзіне жатпайтын болып қабылданады. Аутопсихикалық дербессіздік - өзінің психикалық актілерінің бөтендігін сезіну (ойлар, сезімдер, естеліктер), жанының, психикалық “Меннің” екіге бөлінгенін сезіну.

Сана бұзылуы клиникалық практикада сананың айқын патологиялық жағдайының 2 үлкен тобын айырады.

1. Есеңгіреу

2. Қарауыту

Сананың есеңгіреу түріне өшу, сопор, кома жатады. Ал қарауытқан түріне делирий, онейроид, көлеңкелі бұзылу жатады. Сана өшуінің 3 сатысы бар: сомнолентті- өшудің әлсіз сатысы, ауру ұйқышыл, бағдары толық емес. Сопор- өшуден комаға дейінгі өтпелі жағдай, қоршаған орта өзгерістеріне жауап бермейді, ауру тітіркендіргішке қысқа мерзімде жауап қайтарады (қолын дірілдету, бетін тыжырайту) Кома- сананың толық өшуі: физологиялық рефлекс жоқ, тек қана өмірлік маңызды орталық дем алу және жүрек-қан тамыры қызмет атқарады.

Сананың қарауыту формасы(бұзылу, өзгеру)

Делирий - әдетте кешке қарай және бірнеше сағаттарға немесе тәулік бойына созвлады. Тән сипат: көзге қозғалмалы және красочный жалған галлюцинация, иллюзия, есту және тактильді галлюцинация да байқалады. өзіне бағдары бар.

Онеироид - делирийға қарағанда сана бұзылуының ауыр формасы. Аурудың бағдары жоқ немесе жалған бағдар. Аурумен байланыс орнату мүмкін болмайды. Онеироидтың ұзақтығы аптаға созылуы мүмкін. Онеироид кезінде ауру өз күйзелістеріне еніп кеткен, қабылдаудың бұзылуын тек аурудың бет әлпетіндегі эмоциясы арқылы ажыратуға болады.

Сумерочное( көлеңкелі) сананың көлеңкелі бұзылуы кенеттен басталуымен және бірден аяқталуымен сипатталады. Сананың бұзылу кезінде бағдар және еске түсіру жоқ болады.

Аменция - (сананың шиеленісуі) . Сана көлеңкеленуінің ағымы бойынша терең және ауыр бұзылу. Аменция бұзылу кезінде толық бағдар жоқ. Галлюцинация, сандырақ, күйзелістер жүйесіз, ойлауы байланыспаған, көңіл күйі ауытқымалы хаотикалық қимылдың қозуы тән. Аурумен байланыс орната алмайды, болып жатқан өзгерістерді сезінбейді, ұзақтығы бірнеше күн, көбінесе апта.

Паранойяның бірнеше түрлері бар. Мысалы, сандырақтаудың ағымына қарай: жедел паранойя (аяқ астынан адамда ұлылық қасиеттің пайда болуынан маңызды бола қалуы) ; мерзімді паранойя, созылмалы паранойя болады. Ал сандырақтаудың мазмұнына қарай: діни паранойя, ипохондриялық паранойя, сүйіспеншілік паранойясы, қызғаныш паранойясы, т. б. болып бөлінеді. Кейде паранойя терминін әр түрлі этиологилық жағдайлардың әсерінен болатын сандырақтау психозын көрсету үшін де қолданады. Мысалы, маскүнемдік паранойя (ұзақ уақыт алкоголь қабылдаудан ерлі-зайыпты адамдардың арасында бір-біріне деген сенімінің жойылып, әр түрлі қияли ойларға берілуі) ; инволюциялық паранойя (45 - 60 жастағы адамдарда болатын қартаю алдындағы депрессиялық күй) ; сондай-ақ, елестік (галлюцинация) паранойя (көзге әр нәрсенің елестеуінен сандырақтау) . Паранойяға әйелдерден гөрі ер адамдар жиі шалдығады. Паранойяны өз алдына жеке ауру ретінде ғылыми түрде дәлелдеген неміс психиаторы Э. Крепелин (1856 - 1926) болды

Сананың ирритативті бұзылуы - сандырақ. Сандырақ - ойлаудың бұзылуы, мағынасыздық, шынайылыққа және ойша пайымдауға сәйкес келмейтін, сонымен бірге субъектіге қате пікір екенін түсіндіруге мүмкін болмайтынын білдіретін түсінік. Сандырақ көптеген психикалық аурулардың белгісі, яғни оның мазмұны әр түрлі болуы мүмкін: қуғынға ұшырау, улану, қызғаншақтық, маңыздылық т. с. с.

Сандырақтың екі түрі бар: біріншісі, когнитивтік (танымдық) сфераның бұзылғанында - ауру өзінің ауытқыған сандырақтарын субъективті дәлелдеулерін "логикалық" жолмен бекітеді, екіншісі, сенсорлық сфераның бұзылғанында - аурудың кейбір сипаты, қиял мен фантазия басым болуымен өтеді. Кейбір жағдайларда сандырақ қорқудың аффективті көрінісімен, яғни ылғи қауіп төніп тұрғандай болуымен де сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сананың психологиялық концепциясы
Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары туралы
Сананың бұзылыстары
Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы туралы
Жасөспірімдер психопотологиясының негізгі бөлімдері
Сана бұзылуының критерийлері
Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы
Патопсихология және психопатия түрлері
Сана туралы
Дағдарыстық күйлер мен посттравмалық бұзылыстар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz